Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдары.

10 января, 2020 21:42

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                  

 

I-тарау

      Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы

сипаттама.

II-тарау

                            Егін шаруашылығының түрлері және оның агро өнеркәсіп

кешенінде  алатын орны.

               III-тарау

      Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп

кешенінде алатын орны.

IV-тарау

      Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының даму жолдары

мен проблемалары.

 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.

 

Кіріспе

 

Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік бағдарламасын бүкіл еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және өнеркәсіптің салаларын шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе, агроөнеркәсіптік кешеннің әр  түрлі  салаларының дамуымен анықталады. Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы»,  «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», «дәнді дақыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығы кәсіпорындары», ұғымдары төңірегінде қалыптасады. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы салаларымен таныс  боласыздар. ХХ ғасырда дүние жүзілік шаруашылықтың дамуындағы маңызды кезең ғылыми техникалық прогреске (ҒТП) байланысты өнеркәсіптік кешендердің кіріктірілуі (АӨКК). Бұл  процесс Қазақстан шаруашылығына да әсерін тигізеді. АӨКК – тің басты факторлары, негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған және қайта өңдеуден өткізілген тағам өнімдері мен халық тұынатын тауарларға деген сұраныстың артуы. ХХ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзілік агроөенркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі мен өзара байланыс формалары саяси және әлеуметтік  – экономикалық ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әр түрлі болады. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың ас маңызды бағыты болып отыр. Ал, ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары — өсімдік және мал шаруашылығы бір – бірімен тығыз байланысты және іс жүзінде бірін – бірі толықтырып отырады. Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісінің салалық құрылымында өсімдік шаруашылығы басым, оның үлесіне ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің 56,9 % — ы, тиесілі. Өсімдік шаруашылығы мәдени дақылдар түріне қарай; дәнді техникалық, жемшөптік, бау – бақша дақылдары болып бөлінеді.

Республикамыздың ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығының маңызы зор. Ауыл   шаруашылығы өнімдерінің 43,1 % — ы осы мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығының басты саласына қой мен ешкі, ірі – қара мал (етті –сүтті ірі қара), жылқы және түйе шаруашылығы жатады. Агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларына; тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп жатады. Тамақ  өнеркәсібі – халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Тамақ өнеркәсібінің ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері, балық, кондитер, шарап жасау т.б. салалары дамыған. Тамақ өнімдері еліміздегі азық – түлік өнімдерінің 90 % — ын құрайды. Жеңіл өнеркәсіп Республика аумағында әркелкі тараған. Оның түрлі салалары мен кәсіпорындары шикізат көзіне, маман жұмысшы күші мен тұтынушы аудандарға жақын орналасады. Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі – тоқыма өнеркәсібі.

 

I — тарау                           

        Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама.

 

«Аграрлық» сөзі ( латын тілінде agrarius) – «жер, жерді игеру, жерді пайдалану» деген ұғымды білдіреді. ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниежүзілік агроөнеркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі мен дара байланыс формалары саяси және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әртүрлі болады. Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің құрылу кезеңі 1985-1990 жылдарға сәйкес келеді. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса    маңызды  бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті – елімізді азық – түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету.

Аграрлық өнеркәсіптік кешенге – ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға жеткізу жатады. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің дамуын қамтамасыз ететін (ауыл шаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібі, минералдық тыңайтқыштар өндіру кәсіпорындары) басқа да салалары бар.

Аграрлық  өнеркәсіптік кешен – республика шаруашылығының жетекші саласының бірі.

Агроөнеркәсіптік интеграция процесінің дамуы Қазақстанда бірнеше кезеңде жүргізіледі. Ол тарихи сатылардың қарапайым түрінен барынша күрделі түріне дейін қамтыды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу, азық –түлік салғыртын, азық – түлік салығымен алмастыру мемлекет пен шаруалар арасындағы экономикалық байланыстар сипатын түбірінен өзгертті. Басқарудың экономикалық тәсілдерін қолдану ауыл шаруашылығын қайта құру мен кооперативтік жоспарды ойдағыдай жүзеге асыруда шешуші маңызға ие болды. Ауыл шаруашылығы өндірген шикізатты қайта өңдеу тек ауыл шаруашылығы кооперациялары мен тұтыну жүйесінде ғана жүзеге асырылды.   Ал бұл салалардың күш –қуаты әлсіз болатын.Агроөнеркәсіптің кешенінің дамуындағы көптеген өзгерістер коллективтендіруді аяқтау, маши-на – трактор станцияларын құру, ірі – ірі егін және мал шаруашылығын ұйымдастыру кезеңімен байланысты.Ауыл шаруашылығының кейбір салаларын дамытуды жеделдету үшін арнайы мамандандырылған мал өсіретін, сүт өндіретін, егін шаруашылығымен айналысатын, сөйтіп осының негізінде мал өсіруші, қой өсіруші деген сияқты және басқа да көптеген мамандандырылған мемлекеттік бірлестіктер ұйымдастыруға бағыт алынды.  Агроөнеркәсіптік кешеннің қалыптасуының осы кезеңіне ауылшаруашылығының басқа да салаларға тәуелділігінің аздығы, берік байланысты дамытуға ұмтылудың жетімсіздігі тән еді. Агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастырудыңформасы  мен  мазмұны  жағынан  бүтіндей  ерекше  түрі  басқару  трестік жүйесінен территориялық — өндірістік құрылымына көшу болып табылады.

Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік комплекстің барлық салаларының материалдық – экономикалық базасындағы саналы өзгерістер мен ілгерілеушілік болды.Аграрлық өндіріс жоспарлы түрде машиналы ірі индустрияға көшіріле бастады, шаруашылық  аралық кооперация  мен  агроөнеркәсіптік интеграция дамыды. Республикалар мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеттері мен өлкелік, облыстық комитеттері, сондай-ақ аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктері құрылды. Енді еліміздің әртүрлі аудандарында ғылыми  өндірістік  бірлестіктер, өндірістік жүйелер құрыла бастады.Олардың бір – бірінен  айтарлықтай ерекшеліктері болғанмен, бәрінің де мүдделері ортақ. Біріншіден, ғылым мен тәжірибе тығыз байланысты болып, ғылыми жаңалықтардың өндіріске барар жолын қысқартса,екінші жағынан серіктестер арасындағы кооперативтік келісім – шарт негізіндегі байланыстар өзара шаруашылық есепке қызығушылық пен жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Агроөнеркәсіптік комбинаттар; бірлестіктер, фирмалар ғылыми өндірістік

және өндірістік жүйелер, шаруашылық есеп пен мердігерлік әдіске көшкен әр түрлі фирмалар біздің аграрлық экономикамыздағы шын мәніндегі жаңа құбылыстар болып отыр.Егін шаруашылығы мен өнеркәсіпті ұштастыру және агроөнеркәсіптік өндірісті басқарудың жаңа түрлерінің артықшылық-тары  былай  сипатталады:  біріншіден  бұл жаңалықтарды  дұрыс  пайдалану

нәтижесінде шынайы интеграция, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сатып алудың; сақтаудың, қайта өңдеудің және тағамдық дайын азық–түліктерді сақтаудың бірыңғай процесі қамтамасыз етіледі.Бірлестіктердің және оның құрамына енетін шаруашылықтар мен кәсіпорындардың экономикалық жағдайы, оған қоса агроөнеркісіптік кешеннің қызметкерлерінің материалдық жағдайының жақсы дамуы өндірілген өнімнің айтарлықтай бөлігін тұтынушыларға тікелей, дүкендер арқылы сатуға байланысты болғандықтан, шикізатты қайта өңдеу мен тағамдық азық – түліктердің сапасына деген көзқарас пен қамқорлық артады.Агроөнеркәсіптік құрамалардың еңбек коллективтерінің материалдық жағдайларының жақсаруы мен әлеуметтік мәселелерінің шешілуі түпкі өнімдерді сатуға түгелдей байланысты болып отырған жағдайда өндірісті ұйымдастыруды шын мәніндегі шаруашылық есеп пен өзін — өзі  қаржыландыру принципінде жүргізуге итермелейді және мәжбүр етеді.

2002-2003 жылдары Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін негіз бола алатын екі құжат қабылданды. Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылға арналған мемелекеттік аграрлық азық – түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін салалық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Оларда агробизнесті оңтайлы құрылымы қалыптасуымен агротехнология деңгейінің өсуімен ауыл  шаруашылық өндірісінің маркетингтік стратегияға көшуімен, ішкі рынокте импорт алмастырумен, алыс және жақын шетелдерге экспорттың артуымен селоның әлеуметтік дамуының шапшаңдауымен байланысты қаралған. Ал бұған ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге түсуіндегі (конкуренция) қабілеттілігін арттыру және өндірісті диверсификациялау жолымен ғана қол жету мүмкін еді.

Ауыл шаруашылығы – агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Ауыл  шаруашылығында экономикалық белсенді халықтың жартысы еңбек етеді. Экономикалық белсенді халық (ЭБХ) дегеніміз —  қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін  (қызмет көрсету саласы мен жеке шаруашылық иелерін қоса есептегенде) халықтың бір бөлігі. Қазақстандағы жер реформасына байланыс ты  ауыл шаруашылығы үш санатқа бөлінеді. Олар: ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, шаруа шаруашылығы және халықтың жеке шаруашылығы.

1) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыл  шаруашылығы  салаларының негізгі қызметін атқаратын заңды түрде жұмыс жасайтын ұйым.

2) Ал шаруа шаруашылығына ауыл шаруашылығына жарамды жерлер пайдаланып, отбасылық еңбек бірлестіктерін құру, ол жерлерге ауыл шаруашылығы өнімдерін егіп, одан өнім алу жатады.

3) Халықтың жеке шаруашылығына олардың жеке бау – бақшалары, саяжайға бөлінген жері және олардан алын-ған өнімдері жатады.

Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен ерекшелігі – ол табиғатқа, топырақ пен ауа райы жағдайына тәуелді. Ауыл шаруашылығы өндірісі жер ресурс-тарына  негізделген. Ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жер деп атала-ды. Оның құрамына жайылым, егістікке жарамды жер мен пішендемелік жер кіреді.

Жайылым жер дегеніміз – мал жайылымы үшін пайдаланылатын ірі қара мал жаюға қолайлы ауыл шаруашылығына жарамды жердің бір бөлігі.

Егістік жер – дегеніміз көп жылғы шөптесін және ауыспалы мәдени дақылдарды егуге жарамды жер.

Пішендемелік жер – пішендеме шабу үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары — өсімдік және мал шаруашылығы бір–бірімен тығыз байланысты және іс жүзінде бірін –бірі толықтырып отырады. Қазақстанда ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келеді. Қазақ жерінде біздің заманымыздан бұрын 2- жылдық-тан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой, ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел – археологиялық қазбалардан табылған қыш құмыралардағы арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерлер өңделді. ХХ ғасырдың 50 жылдарынан 90 жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылық құрылымының негізін кеңестік шаруашылықтар мен ұжымдық шаруашылықтар құрады.  1990 жылдан бастап республиканың өнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік – экономикалық өзгерістер болды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағында 149,1 млн га жер бар. Оның  25,7 млн га егістік, 3,6 млн га шабындық, 103,5 млн га-ы жайылымдық (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымдар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. 1997ж. Қазақстанда жалпы саны 42335 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 701-і акционерлік қоғамдар, 3714- і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-і мемлекеттік кәсіпорындар.  Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріс-ке ұшыратып қоюға ғана жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға,өндірісті  қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылық салалары бойынша жалпы өнім құны 705,4 млрд теңгеге жетті (1997ж.). Оның 41,5% -ы мал  шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21,5 млн га оның ішінде дәнді дақылдар 15,7 млн га болды. Бидай 11,5 млн га, күріш 65,2 мың ,  жүгері 69 мың га қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал азық дақылдары  5,4 млн га жерге егілді. Дәнді  дақылдарының жалпы түсімі – 12,4 млн т құрайды. Оның ішінде бидай 8,9 млн т, күріш 255,0 мың т, қант қызылшасы  139 мың т,  жүгері ұны 111,2 мың т, мақта 198мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1,5 млн т, көкеніс 880 мың теңге болады. Ауыл шаруашылық дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкеністен 100.6 ц болады. 1997  аяғында ірі қара малдың саны 4,4 млн, оның ішінде сиыр 2,2 млн, қой мен ешкі  10,9 млн, жылқы 7,7 млн, құс 15,9 млн болды. Ет 1,3 млн т, сиыр сүті 3,2 млн т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндіріледі. (Қазақстан энциклопедиясы бойынша).

Нарықтық саясат кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы елеулі өзгерістерді бастан кешті. Мал шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны төмен болғанымен  бірақ, олардың өскіні, ал өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны жыл сайын елеулі өзгеріп отыратынын, өйткені, ол табиғи – климаттық жағдайлардың қандай болуына бағынышты екенін байқауға болады.

Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы өндірістік – шаруашылық  ара қатынасының тұрақсыздығы, ауылға мемлекеттік қолдаудың – тоқтатылуы, инфляцияның шарықтап кетуі, несие ресурстарының қымбаттауы, сондықтан оларға өнім иелерінің қол жетпеуі, төлемеушіліктің өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдері оған қажетті ресурстардың бағалары арасындағы теңсіздіктің аса үлкен болғаны себепкер болды. Сала өніміне деген сұраныстың шектелуі – ауыл шарушылығының негізгі проблемасына айналды. Нарықтық реформалар кезіндегі Қазақстанның аграрлық азық – түлік кешеніне тән ерекшелік халықтың жеке қосалқы шаруашылықтырының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі үлес салмағының айтарлықтай өскендігі болып табылады. Қазақстандағы жеке қосалқы шаруашылық аграрлық сектордың тиімді құрылымына айналады да оның дамуы бірнеше бағытта жүзеге асуы мүмкін.

— Тұтынушы шаруашылығы түрінде , егер ол, тек қана жеке қажетті                  қанағаттандыруға жұмыс істейтін болса;

— Егер ол өнімді өзі үшін өндіріп, ал артығын рыноктық құрылымдар арқылы сатса, онда аралас түрде.

— Егер өнім сату үшін өндірілетін болса, онда тауарлы шаруашылық түрінде;

— Жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) кооперативке бөлінсе бірлестіктер түрінде. Бұлардың әр тобы үшін әрқайсысының өзіне тән міндеттері шешілуге тиіс, бірақ, түбінде олардың бәрі де елдің ауыл шаруашылығының әлуметтік және экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау қажет.

Қазақстанда шаруашылық жүргізудің шағын түрлерін дамытуды      өңірлік бағдарламаларын әзірлеген жөн. Онда мыналар қаралғаны дұрыс:

—  халыққа малдың төлі мен құстың балапанын сату;

— Ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан бордақылап; кейін кәсіпорын арқылы сату үшін, малдың төлі мен құстың балапанын бөліп беру;

— Халықтан көкөністі; жеміс пен жидекті; сүт пен етті сатып алуды ұйымдастыру өңдеуші кәсіпорындардың сүт қабылдайтын пунктерін ашу;

—   Картоптың және басқа дақылдардың тұқымын сату;

— Құрама жемге; минералдық тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау құралдарына, мал дәрігерлік препараттарға жеңілдігі бар баға тағайындау;

—   Мал мен құс ұстайтын халыққа мал азығын аванспен беру;

— ЖҚШ мал тұқымын асылдандырудың, малдәрігерлік, фитосанитарлық және агротехникалық қызмет көрсетудің мемлекеттік жүйесіне қосу;     2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік азық – түлік бағдарламасының негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін қалыптастыру және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде Қазақстанның азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:

елдің азық – түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;

ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін ішкі және      сыртқы рыноктарда сату көлемін ұлғайту;

ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету;

Аграрлық азық – түлік бағдарламасының тиімділігін бағалау үшін агроөнеркәсіптік кешеннің сапалық жай – күйін анықтауға мүмкіндігін беретін өлшемдер жүйесі қайталанылатын болады. Ағымдағы жай – күй мен күтілетін нәтижелер мынадай өлшемдер топтары бойынша бағаланатын болады:

1) Халықты азық – түлікпен қамтамасыз етуді және қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық деңгейін сипаттаушылар,

а)   азық – түліктің нақты және экономикалық қол жетімділік деңгейі;

ә)   ішкі тұтыну саудасындағы тамақ өнімдері импортының үлес салмағы;

б)  мемлекеттің материалдық резервтер жүйесінде азық – түлік запастарының болуы;

в)   ел халқының тұтыну нормаларының стандарттарын қамтамасыз ету үшін тамақ өнімдерін өндірудің қажетті көлемін сипаттайтын шекті мәндер;

г)  тамақ өнімдерінің сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік деңгейі;

2) Ауыл шаруашылығы өндірісін және қайта өңдеудің дамытудың тиімділігінсипаттаушылар: а)  аграрлық бизнес пен қайта өңдеу кәсіпорындары кірістерінің деңгейі;                                                        ә) ғылыми негізделген аграрлық  технологиялар мен қайта өңдеу тех         нологияларын қолдану деңгейі:

б)   ішкі азық – түлік саудасындағы негізгі тамақ өнімдерінің бәсекеге

қабілеттілігі;

в)   сырқы сауда айналымы;

г) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің көлемі мен өткізу рыноктары сыйымдылығының теңдестірілуі;

ғ)   халықты жұмыспен қамтудың өсуі.

3)  Аграрлық азық-түлік кешенін мемлекеттік реттеу деңгейін сипаттау-

шылар;

а)  заңнамалық базаның агроөнеркәсіптік нарықтық өндірістің қажеттілік-

теріне сәйкестігі;

ә)   ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлар мен қызметтер көрсетуге

кедендік –тарифтік және салық режимі;

б)  тамақ өнімділігіне баға белгілеуді реттеу деңгейі;

в)   ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік

бақылау және қадағалау жүйесі.

г)   ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік

қолдау мөлшерлері және тиімділігі.

Республикалық  бюджеттен  ауыл  шаруашылығы   өндірісін  мемлекеттік

қолдау деңгейі бүгінде 22 млрд теңгеге тең, ал жанама жеңілдіктер  беруді (салықтар жеңілдіктері, борышты өтеу мерзімін қысқарту, сыртқы заемдар бойынша кепілдіктер) қоса есептегенде, ол 81 млрд теңге болады. Бұл 1996 -1998  жылдармен салыстырғанда, абсалютті көрсеткіштерді 14,5 пайызға жоғары, алайда  теңгеге  есептегенде,  ауыл  шаруашылығының  жалпы  өнімі 1996 – 1998  жылдардағы 0,18 теңгеден  2001 жылы  0,16 теңгеге төмендеген. Ауыл шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен жасалатын шығыстар Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда 0,7 %, Ресейде -1%, Европаның қалған елдерінде – 25-тен 30%-ға дейін болады. Бір ауыл шаруашылығы құрылымына шаққанда Республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдау сомасы Қазақстанда – 1200$, АҚШ-та 45000$. Салыстырмалы талдау Қазақ-станда 10га егістік жерге шаққанда мемлекеттік көмек деңгейі 7,5 $ болатынын көрсетеді. Бұл Канадамен салыстырғанда (83$) 11есе, АҚШ-пен  салыстырғанда (107,5$) 15 есе, Финляндиямен (500$) салыстырғанда 65 еседен астам. ЕҚ-мен салыстырғанда (855$) 115 есе, Швейцариямен (4214$) салыстырғанда 570 есе төмен екенін көрсетіп отыр.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің АҚШ-та 70%-ына, Германияда 50%-ына, Жапонияда 75%-ына дотация беріледі. Егер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша мемлекеттік қолдаудың қандайда бір жүйесі болса, өнімдерді ұқсатуға қатысты ол осы уақытқа дейін қалыптастырылмаған. Мәселен, бүкіл 1996-2001 жылдар кезеңінде салаға едәуір дәрежеде Азия Даму Банкі заемдарының есебінен жеңілдікті кредит беру арқылы ғана қолдау жасалып келді. Импорт алмастыру бағдарламасында тамақ өнімдерін өндіруге тиісінше назар аударылмаған.

Аграрлық өнеркәсіптік кешенді (АӨК) ғылыми қамтамасыз ету жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер  орталығына (бұдан әрі – ҰААЗО) жүктелген.Республиканың аграрлық ғылыми саласында 29 ғылыми-зерттеу иституты, 18 тәжірибелік ауыл шаруашылығы, орман және ветеринарлық станциялар және 31 тәжірибелік шаруашылық бар, олар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар нысанында жұмыс істейді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҰААЗО қарамағына енеді. Білім және ғылым министрлігі ҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілген және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аграрлық — өнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалардың әкімшісі болып табылады.  Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарлардың және микроорганизмдердің 2001-2005 жылдарға арналған гендік қорын сақтау, дамыту және пайдалану республикалық нысаналы бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 2001 жылы – 230 млн т, 2002 жылы – 406   млн теңге, ал 2001 – 2005  жылдарға арналған Қазақстан аймақтары бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруді, «ұқсату мен сақтауды ғылыми қамтамасыз ету» салалық ғылыми – техникалық бағдарламасы бойынша 2001 жылы — 404,3   млн теңге, 2002 жылы — 404,43  млн теңге болады. Соңғы 2 жылда ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыру көлемі 2001ж. — 28,6  млн теңге, 2002ж. — 36,8  млн теңге болған «Ауыл шаруашылығындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер мен жануарлардың элиталық тұқымдарының  гендік қорын сақтау тұқымдарды және асыл тұқымды жануарларды   өсіру   мен сату үшін элиталық  тұқым  өсіру мен мал тұқымын асылдандыру шаруашылықтарына субсидия беруді «гендік қор» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырып келеді және гендік қорды шаруашылықты пайдалануды қамтамасыз ету және өндірілген тұқым шарушылығы мен асыл тұқымды өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін жауап болып отыр.

 

 

                         

 

 

                                   

 

 

 

                                                   

 

 

ІІ — ТАРАУ.

Өсімдік шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде    алатын орны

 

Ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы,  мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Қазақстанда егіншіліктің өзіндік көне тарихы бар. Ежелгі арийлердің (бзб 1-2 мыңжылдықтар) сақтардың (бзб 9-12 ғасырлар) үйсін қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығы мен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде  суармалы егіншілік, диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. Бірақ , ол замандардағы егіншіліктің нақтылы ауылы белгісіз. 20-ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі көбейіп, күріш өсіру  41 млн га-ға жетті. Егістің басым көпшілігі дәнді –дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей, өңірінде егілді.Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. 1913 ж. дәнді дақылдардың өнімділігі орта есеппен әр гектарына 5,6 ц-ге жетті. Өнім мөлшері әр жердің топырағының табиғи құнарлылығына, ауа райының құбылмалылығына байланысты әр жерде, әр жылы өзгеріп тұрды. Дегенмен егістік жер көлемі, одан алынатын өнім мөлшері 1917 жылға дейін бір қалыпты сақталып келді. Қазан төңкерісінен кейінгі 4-5 жыл ішінде егістік жер аумағы 1,8 млн га-ға дейін азайып, оның өнімділігі де күрт төмендеді. Тек 1923 жылдан бастап бұл көрсеткіштер бұрынғы қалпына келе бастады. 1953 ж. егістік жер аумағы 11,8 млн га-ға жетті. Оның ішінде дәнді дақыл егісі 7 млн га құрады. Қазақстанда егіс шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор станциялары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің  86,5 % сепкішпен себіліп, 97%-і комбайнмен жиналды. Өндіріске ауыспалы егіс жүйесі өндіріліп, тұқым шаруашылығына, тұқымның сапасына тиісті көңіл бөлінді. Егістік жердің 73,5 %-на жоғарғы сапалы тұқым сорттары егілді. 1953ж. егістік жерден республика бойынша орта есеппен гектарынан 7,7 ц өнім жиналды. Басқа дақылдардан да мол өнім алуға қол жетті. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. 1954ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы 5-6 жыл ішінде-ақ Республика бойынша 25 млн га тың жер игерілді. Оның 17 млн га – ға жуығы еліміздің солтүстігінде орналасқан. Көп көлемде жаңа жер игеруге байланысты, дәнді дақылдардың егістік көлемі айтарлықтай ұлғайды. Жүгері, тары, қарақұмық дақылдарының да егістік көлемі барынша ұлғайды. Органикалық және минералдық тыңайтқышқа, өсімдікті түрлі зиянкестер мен аурулардан, арамшөптен қорғаудың химиялық, биологиялық, агротехникалық шараларына көңіл бөлінді. 1960-90 ж. орта есеппен дәнді дақыл жыл сайын 24,5 млн ға егіліп, әр га-нан 8,9 ц өнім жиналды. Алайда тың игеру науқаны мен егістікке қолайсыз жерлердің де жаппай жыртылуы жер қыртысының бүлінуіне, жайылымдық жерлердің тарылуына алып келді. 20-ғасырдың соңғы онжылдығында ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаларға байланысты, егістік жер көлемі біршама азайды. Мысалға 1998 ж. 18,6 млн га болса, 1999 ж.15,2 млн га болды. Топырақ, ландшафт және климат жағдайларының әр түрлілігіне байланысты дақылдарды іріктеу, топыраққа әдістері мен тәсілдері белдемдік және нақты жағдайларға сәйкес жүргізіле бастады. Осыған байланысты әр белдем үшін егіншілік жүйесі жасалды. Егіншіліктің экстентивті және интенсивті түрлері бар. Экстентивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша күш көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы көбінесе топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты. Егіншіліктер экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру т.б) жұмсап, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырды.Қазақстанда егіншіліктің құрғау, суармалы тәлімі мен таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғау егіншілігі жауыны аз, желді, құрғау далалы аймақтарда орналасқан.бұл жерлерде құрғаушылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғалды сақтандыру агротехникалық шаралар жүйесі қолданылады. Суармалы егіншілікте көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылда, көп жылдық жем шөптер, күріш өсіріледі. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Ауыл шаруашылық дақылдарын, егін өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жаңа тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің және топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып, жоғары әрі тұрақты өнім алу егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан қорғау мәселелерін зерттейді.

Еліміздің нарықтық экономикаға көшуіне байланысты 1990 жылдары жер реформасының алғашқы кезеңі басталды. Жер реформасының алғашқы жылдарында республика парламенті «шаруа шаруашылығы», «жер кодексі», «жер реформасы», және «жер салығы» жайлы төрт түрлі заң қабылдады. Осы заңдарды жүзеге асыру нәтижесінде жер реформасының бірінші кезеңі жүрді (1990-1993 жылдар). Бұрынғы жерге және өндіріс құралдарына иеліктері бар, акционерлік қоғам, жолдастық шаруашылық, кооператив, кәсіпорын, шаруа шаруашылығы және олардың қауымдастықтары болып қайта құрылды.

Жер реформасының екінші кезеңінде ( 1994-1995 жылдары) жер туралы заңды нарықтық экономика жағдайына қарай ыңғайлау, яғни жерді мемлекет меншігінде сақтай отырып,жерді пайдалануға сатып алу, сату заңдарын белгілеу енгізілді.

Жер реформасының үшінші кезеңінде (1995 жылдан бері қарай) жерге жеке меншіктік заңдарды белгілеу енгізілді. Республикада 3,5 млн жеке меншік иелері 350 мың га жерге ие болды. Жекешелендірудің және аграрлық секторды реформалаудың барысында республика жаңа әлеуметтік – экономикалық  құрылым қалыптасты. Жер реформасының негізгі мақсаты – жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушы өндірістерді көбейту және халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсарту. Жалпы жер мәселесі өте күрделі процесс, оны әр ел өзінің даму кезеңдеріне сәйкес әр түрлі шешеді. Жер мәселесі жалпы қоғамның экономикалық, саяси және ұлттық дамуын қамтиды. Сондықтан жер мәселесі жан-жақты ойластырылып шешілді. Өнім алу үшін пайдаланылып отырған ауыл шаруашылық жер егістік жер, егін егілген жер көлемдерінің қаншалықты азайып кеткенін жоғарыда нақты деректермен көрсеттік. Егін егілген жердің көлемі ғана емес сондай-ақ дақылдардың әр гектардан алынатын түсімі де кеміп кетті. Өндіріс екі жағынан да күйзеліске ұшырап отыр.

Суармалы жерлердің жай-күйі:

Суармалы жер қоры 2364,8 мың га құрап, бұл жерлер ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30% — нан астамын өндіруді қамтамасыз етеді. 1991 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде 2284 мың га суармалы жер пайдаланылды, ал 2001 жылы нақты 1317 мың гектар жер суарылды қалған 1047 мың га сортаң жерлердің айналымынан шығарылуына, суару жүйелерінің ақауларына, судың болмауына немесе жетіспеуіне, топырақты суландыру жағдайларының ұйымдастыру іс-шараларының нашарлауына, ең алдымен қаржылық және материалдық – техникалық ресурстардың болмауына байланысты пайдаланылмады.

Ауыл шаруашылығында су пайдалану проблемалары.

Ауыл шаруашылығында суды пайдалануды, жер суландыру құрылыстарына меншік қатынасын реттейтін заңнамалық базаның жоқтығы.

Суды жеткізіп беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құны қымбат болғандықтан республиканың оңтүстік облыстарындағы шаруашылықтарды 408 млн теңге көлемінде дебиторлық берешек қалыптасты, бұл ауыл шаруашылығында суды пайдаланушыларға қызмет көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің залалды болуына себепші болады.

Жер суландыру құрылыстарының әбден тозығы жетуі салдарынан жер суландыру жүйелерінің ПӘК-і нормативтік көрсеткіштен екі есе төмен;

Оңтүстік облыстардың сумен жабдықталуынан трансшекаралық өзендердің суларын бөілісу жөніндегі мемлекетаралық қатынастардың реттелуіне тәуелділігі.

Химияландыру

1987 жылға дейін ауыл шаруашылығына минералдық тыңайтқыштар берудің және қолданудың көлемі бірте-бірте ұлғайғаны байқалды. 1987 жылдан бастап республикада тыңайтқыштарды қолдану төмендей бастады. Әсіресе 1991 жылдан бастап күрт төмендегені байқалады.бастапқы кезеңмен салыстырғанда осы кезеңде 30%-ға азайды. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі азаюымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімдігі кемиді. Топырақтағы минералдық коректің  жылжымалы нысандары азаяды. Отандық минералдық тыңайтқыштар өндірісі 1990жылғы 1484,9 мың тоннадан, 2000 жылы 6,7 мың тоннаға кеміді.соңғы екі жылда химиялық жолмен отау көлемі 15-20 % -ға ұлғайғанына қарамастан олар қажетті деңгейдің тек әлі де 50-55% -ын құрайды. Тамыр өркені және тамыр сабақ арамшөптерінің басып кетуі 6-10 %-ға азайғаны байқалады. Біржылдық қосжапырақты және біржылдық астық тұқымдас арамшөптердің басып кетуі 12%-ға, ал қара сұлы бойынша 17%-ға ұлғайды.

1991 жылдан бастап дәнді дақылдардың тұқымын және одан кейінгі жылдарда себілген тұқымның 40-50 %-на дейінін дәрілеу көлемінің азайюына байланысты топырақта және тұқымдық материалда фитопатогендердің шоғырлануы үдеп бара жатыр. Егістіктердің дәнді дақылдар ауруларының барлық түрімен зақымдануы жоғары күйде қалып отыр – тамыр шірігі жыл сайын 40-50%-да байқалады, бидай мен арпаның тозаңды қаракүйемен залалдануы – 13%, арпа егістіктерінің қатты қаракүйемен залалдануы -6 %-ға дейін, жаздық және күздік бидай егістіктерінің – 8 %,  дәнді дақылдар егістіктерінің ақ дақпен және өсімдік татымен залалдануы 1 млн гектардан артық алқапта байқалды, залалдану 30-40% — ға  жетеді, ал фунгицидтер қолданудың көлемі 5% дан 20% -ға дейін жетті.

Топырақ құнарлылығын сақтау және ұдайы молықтыру жөніндегі шаралар:

Облыстарда агрохимиялық қызмет станциялары жүйесі бір мемлекеттік мекеме нысанындағы ғылыми — әдістемелік агрохимиялық қызмет орталығын ұйымдастыру арқылы ауыл шаруашылығының агрохимиялық қызметін қалпына келтіру, әртүрлі нысандағы тіркелген агрохимиялық қызмет станцияларының және ғылыми мекемелер мен МемҒӨӨ — жер    зертханаларының бәсекелестік ортада агрохимиялық зерттеу жүргізу, минералдық және агрохимиялық тыңайтқыштарды тиімді қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемін еліміз бойынша тұтас алғанда 2003 жылы -380,1 мың тоннаға, 2004 жылы — 439,0 мың т – ға  және 2005 жылы – 599,5 мың тоннаға жеткізу.

2003 жылы 1333 мың га алқаптағы жерге агрохимиялық зерттеу жүргізу.

Отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштар сатып алуына субсидия беру.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен дәрілеуіштер мен гербицидтер  арзандату жолымен оларды қолдануға субсидия беру.

Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылғын төмендетпеуі үшін жауапкершілік тетегін әзірлеу.

Бұрын минералдық тыңайтқыштар өндірген «Казфосфат», ЖШС, «Қазақстан ЖАҚ, және « Аутал ЛТД» ЖШС кәсіпорындарында оларды қолданылып жүрген құрамдағы заттарымен өндіруді 600 мың тоннаға жеткізу және олардың түр-түрін ұлғайту.

Минералдық тыңайтқыштар енгізетін арнаулы техника өндірісін қалпына келтіру үшін қаржы лизинг тетігін қолдану арқылы жағдай жасау.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жыл сайын 25-30 адам шамасында агрохимик және топырақтанушы мамандар даярлауды көздеу.

Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың негізгі бағыттары;

Ауыл шарушылығы тауарын өндірушілердің төлем қабілетінің жоқтығына орай және осыған байланысты сұраныстың болмауынан ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындар өндірілетін өнімнің номенклатурасын әртараптандыратын және соның нәтижесінде қазіргі уақытта тек ауылшаруашылығы техникасын шығаруға ғана маманданған кәсіпорындар іс жүзінде жоқ.

«Қазақстантрактор» ААҚ (Павлодар қаласы) 4 класты Т- 95,4 шынжыр табанды тракторын шығаруды игерді;

Кейбір машина жасайтын кәсіпорындар техниканың әлеуметтігін сақтау мақсатында одан әрі дамытуды қажет ететін ауыл шаруашылығы техникасын шығару жөніндегі жекелеген жобаларды іске асыруда. Мәселен 2001 жылғы шілдеден бастап «Шағын литражды двигательдер зауыты» ЖШС Петропавл зауытынан Украиналық машина жасаушылармен бірлесе отырып өнімділік қабілеті 7-8 кг/сек және 9-11 кг/сек эксперименттік 9 «Нан» комбайны құрастырылып шығарылды.

Тіркемелі кең ауқымды ЖВП-9, 1 дестемелегішін Қазақстандық кәсіпорындардың 48 %-дық үлестік қатысуымен құрастырып шығару игерілді; «ЗИНСТО» ААҚ-да трактор тіркемелерін, сыдыра жыртқыш және шөп шабатын, агрегаттар шығару жолға қойылды. «Агромаш» АҚ (Астана) тұқым сепкіштер, топырақ эрозиясына қарсы қолданылатын құралдар шығаруды қайта қалпына келтірді.      Бүгінгі күнде республикамызда ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер шығаруға бағдарланған 129 зауыт бар. Бұл зауыттар ауыл шаруашылығы мақсатындағы өнімнің 391 түрін шығарады. Зауыттардың 2002 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы кредиторлық және дебиторлық берешектері 5,8 млрд теңгені құрайды, оның ішінде кредиторлық берешек – 2,7 млрд теңге болады.1994 жылдан 1999 жылға дейін ауыл шаруашылығы іс жүзінде жаңа техника алған жоқ. Бюджеттік бағдарламаларды қоса алғанда соңғы үш жылда барлығы 7279 бірлік техника сатып алынды, оның 1193-і трактор және 2388-і комбайн. Бұл республикадағы осы саланы техникалық жарақтандырылуына тұтас алғанда айтарлықтай ықпал етпейді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру агрономиялық тәсілдерді жетілдіруді әрқашан талап етіп келеді және талап ете бермек. Осы уақытқа дейін өндірісте кең тараған технология белгілі бір ауыспалы егіс топырақты негізгі және егу алдындағы өңдеу жүйесімен, ылғал жинау, аурулармен, зиянкестермен күресу жүйесімен сипатталады. Топырақ құнарының арту жағдайы егін шаруашылығы өндірісінде жақсы агротехникалық ортада барынша жоғары өнім беретіндігімен ерекшеленетін сапалы  жаңа  сорттарды пайдалануды қажет етеді. Селекцияда мұндай сорттар интенсивті жеке типтегі сорттар, ал бұл сорттарды өсіру технологиясы интенсивті технология  деп  аталады.

Бүгінгі күнгі егін шаруашылығы жағдайында интенсивті  технология —   ның мәнісі:

1) Егістікті ауыспалы егіс жүйесіндегі ең жақсы дақыл бойынша,ең алдымен таза қара парлар бойынша орналастыруда;

2) Дәннің сапасы жоғары, жақсы өнімді интенсивті типке жататын сорттарды өсіруде;

3) Өсімдіктерді минералдық корек элементтерімен және олардың                    топырақтың мөлшерін есепке ала отырып үйлесімді түрде қамтамасыз ету, вегетация кезінде оларды бөлшектеп қолдануда;4)Өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан қорғаудың  интеграцияланған жүйесін құруда;

5) Топырақты эрозиядан қорғауға, ылғал жинау мен сақтауға ауыл шаруашылығы дақылдарының дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған технологиялық тәсілдердің уақтылы және сапалы орындалуында интенсивті технологияның түпкі мақсаты дақыл өнімінің өсуі мен тұрақтылығын арттыруды және дәннің жақсартуды қамтамасыз ету.

Интенсивті технологияны енгізу шараларын жүргізгенде ;

1) Белгілі бір дақылды күтіп-баптаудың интенсивті технологиясы жөніндегі ұсыныстарды, зерттей үйреніп, оның негізгі элементтерінің мазмұндарын қорыту керек;

2)  Интенсивті  технологияны енгізген озат шаруашылықтарды таңдап алып, солардың ұқсас мәліметтерін қорыту қажет.

3)  Пайдаланып отырған шаруашылық бойынша белгілі бір дақыл үшін негізге алатын мәліметтер қолда болуы тиіс.

4)  Ауытқуларды анықтап, тұжырымдар мен ұсыныстарды қисынға келтіріп мазмұндау керек.

Астықты интенсивті технология бойынша өндіруді ұйымдастыру мен оның тиімділігін талдай отырып, сондай-ақ қосымша шығынның көзін табу қажет. Ол үшін интенсивті технология бойынша өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылының барлық егіс көлеміне есептегенде шығынның жалпы арту мөлшерін есептеп шығару керек.

Астық – елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің негізгі компоненті. Соңғы үш жылда (1999-2001ж) дәнді дақылдар егіс алаңдарының тұрақтанғандығына орай олардың түсімділігі өткен үш жылмен салыстырғанда 4,8 ц / га –ға немесе 67% -ға өсіп, 11,5 ц / га –ға жетті. Астық өндіру 3,9 млн тоннаға немесе 39 % — ға ұлғайды және орташа жылдамдық деңгейі шамамен 13,9 млн тоннаға жетті. Негізгі экспорттық дақыл – бидай өндірудің көлемі 1996-1998 жылдардағы 7,1 млн тоннадан 1999-2001 жылдарда 11,0 млн тоннаға дейін өсті. Қазақстан астық экспорттаудан әлемде алтыншы орынды иеленеді. Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін жақсартушы ретінде әлемдік рынокта сұранысқа ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протейн мол астықтың қалыптасуына ықпал етеді. Астықты ішкі рыногын тұрақтандыру және реттеу, нан және тоқаш нан тағамдарының бағасы негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында, көктем, жаз кезеңінде астықтың сату резервтеріне интервенция жүргізуінен тұрады. Соңғы үш жылда (199-2001ж)  күрішті өндіруден орташа түсімділігі 28,8 ц /га болып , жыл сайынғы түсімі 204,1 мың тонна көлемінде тұрақтанды, майлы дақылдардың егістік алаңының азаю үрдісі байқалуда. Сонымен қатар түсімділігінің 4-6 ц /га деңгейінде тұрақтануы майлы дақылдардың жалпы өнімін 18-20 % -ға арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның астық саласының техникамен орташа қамтамасыз етілуі, техникалық дақылдың коэффициентін қоса есептегенде 55 % — дан аспайды. Астық өндірісі құрылымының жетілмегендігі, астық өндірісіндегі бидайдың үлес салмағы жемдік, дәнді бұршақ, жарма дақылдары есебінен 1999-2001 жылдары орта есеппен 79 %-ды құрады, егістік алаңдары құрылымындағы шаусыр, қыша және рапс сияқты майлы дақылдардың үлесі 4-%-ды құрайды.

Өсімдік шаруашылығы егістіктен, бау-бақша және жүзім шаруашылықтарынан құралған. Егістік дақыл түрлеріне дәнді дақыл, техникалық дақыл, мал азықтық дақылдар жатады. Қазақстанның өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының негізгі мамандану бағытын айқындайды. Сондықтан өсімдік шаруашылығы жетекші рөл атқарады. Өсімдік шаруашылығының алдына қойған негізгі міндеттері – мәдени дақылдарды жан-жақты зерттеп, мол өнім алудың тәсілдерін ойластыру. Өсімдік шаруашылығында жарық пен жылудың, ылғал мен минералды қоректердің, топырақ құрамының бір-біріне қатынасы ауылшаруашылық дақылдарының түсіміне мол әсер етеді. Республикамызда егістік жер солтүстік, солтүстік –батыс, шығыс және оңтүстіктегі тау етектеріндегі игерілген аумақты алып жатыр. Жалпы егістіктің көлемі 1990ж. 36 млн гектарды құрады. Кейінгі жылдары елімізде жүргізіліп жатқан жекешелендіруге және құнарлығын арттыруға байланысты егістік көлемі 12-13 млн га жерге артты. Бұл бұрынғы көлемге қарағанда 1,5-2 есе азайған. Себебі: егіс танаптарының құнарлығы кемігендіктен ол жер шабындыққа, мал жайылымына берілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алқабындағы дәнді дақылдардың үлесі 48%-дан, 65 %-ға дейін, ал дәнді дақылдардың құрылымында тиісінше 71%-дан 82 %- ға дейін ұлғайды.

Дәнді дақыл шаруашылығы – егіншілігінің басты саласы. Еліміз қоңыржай белдеуде орналасқандықтан, дәнді дақылдардың барлығы дерлік егіледі. Дәнді дақыл  шаруашылығы  халықты нан өнімдерімен, ал мал шаруашылығы жем-шөппен қамтамасыз етеді. Дәнді дақылдаран  біздің елімізде негізінен мыналар өсіріледі; күздік бидай, арпа , сұлы, жүгері, тары, күріш, қарақұмық. Қарақұмықтан басқасы астық тұқымдастарына жатады.

Елімізде негізгі астық дақылы – бидай, барлық егіс көлемінің 1/2-ін алады. Бидайдың өсіп-өнуі үшін топырақ пен жылудың маңызы зор. Құнарлы қара топырақ зонасы республикамыздың солтүстік, солтүстік – батыс және солтүстік –шығыс бөлігін алып жатыр. Біздің елімізде бидайдың екі түрі бар. Жаздық бидай және күздік бидай өсіріледі. Жаздық бидай ылғалды көп қажет етеді, ол қара және қызыл – қоңыр топырақта жақсы өседі. Оны көктемде себеді. Жаздық бидайдың коректік сапасы жоғары, белокқа, крахмалға, майға бай. Өсірілетін негізгі аудандар – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары. Күздік дақылдарға бір жылдық астық тұқымдас өсімдіктер жатады.

Республикамыздың шығыс, орталық, солтүстігінің  қары қалың, топырағы құнарлы, күзгі және көктемгі жауын – шашыны жеткілікті аймақта өсіріледі. Күздік бидайдың шаруашылықта маңызы зор, оның дәнінен жоғарғы сортты ұн, макарон және жарма, сонымен қатар кондитерлік тағамдар жасалынады.

Қазақстан Кеңес Одағы кезінде бидай өнімін беруші ірі аймақ болды.1986-90 жылдары орташа жылдық өнім 24,4 млн тоннаны, ал сыртқа шығар көлемі 4,6 млн тоннаны құрады. 1990 жылдан кейін Қазақстанның бидай өнімдері  егістік көлемінің қысқаруына байланысты өтпелі дағдарыс кезеңін бастан өткізді.

Тары – құрғаққа төзімді жарма дақылы. Тарының шаруашылықтағы маңызы жоғары, азық-түлікке және май азықтық мақсатта өсіріледі. Тары үй құстары үшін бағалы азық. Республикамыздың қара топырақты, тың және тыңайған жерлерінде, яғни Ақтөбе, Ақмола, Павлодар облыстарында жақсы өсіріледі.

Арпа – шаруашылықтағы маңызды азық-түліктік, мал азықтық және техникалық мақсатта өсіріледі. Бидай ұнымен қосып нан пісіруге болады. Арпаның негізгі бір ерекшелігі – климат жағдайына байланысты дәніндегі химиялық құрамының өзгергіштігі. Оңтүстік аудандарда өскен арпаның дәні белокқа бай, ал солтүстікте өскен арпаның дәнінде крахмал көп мөлшерде кездеседі.

Сұлы жемшөптік дақылдарға жатады. Ол жылқы және жас төлдер үшін аса бағалы концентратты жем болып табылады. Сұлы ұнынан кисель жасалады. Сұлы ылғалды өте көп қажет етеді, бірақ топырақ талғамайды.

Жүгері – жылу сүйгіш дақыл, құрғақшылыққа төзімді. Сазды қара және қоңыр топырақта жақсы өседі, сондықтан да еліміздің барлық аудандарында өсіріледі. Оның дәнінен крахмал, сірке, спирт, май қағаз, консервілер дайындалады. Коректік сапасы жоғары, құрамы белок, крахмал, майға бай. Ауыл шаруашылығы үшін құнарлы азық, сабағы мен жапырақтарынан қоректілігі жоғары сүрлем дайындалады.

Қарақұмық – суды аз қажет ететін жарма дақылы. Сондықтан ол Павлодар облысы мен Алтайдағы тәлімі егіншілік алқаптарында өсіріліеді. Қарақұмық негізіенен организмге сіңімді, жарма алу мақсатында өсіріледі, дәнінде белок, май, крахмал, мөлшері көп.

Қазақстанның суармалы аймақтарын күріш алқабы алып жатыр. Күріш – негізгі   астық  дақылдарының бірі. Күріш   жармасының   тамақтық   сапасы өте  жоғары  әрі  сіңімді.  Күріш   ұнында  белок,  май,    органикалық фофорлы қосылыстар мен  көп. Күріш сабанынан сапалы қағаздар, жұқа және берік темекі орау қағаздары жасалынады. Ол Қызылорда облысының Сырдария өзенінің  аңғарында,  Оңтүстік  Қазақстан  облысында   Шардара   өзенінің   бойында,   Алматы  облысында  Қаратал,  Іле өзендері аңғарында өсіріледі. Техникалық дақылдарға шитті мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, темекі, зығыр жатады.

Шитті мақта – бағалы талшықтық дақыл, вегетация мерзімі ұзаққа созылады. Мақта өсіру үшін күн сәулесі және ылғал қажет. Сондықтан ол Қазақстанның оңтүстік аудандарында өсіріледі. Онда жаз 6-7 айға созылады, жаз айларындағы ауаның температурасы +46 ºС –ға дейін көтеріледі. Соңғы жылдарда мақтаның егістік алаңдарына жүргізілген талдау 1996 жылмен салыстырғанда, 2001 жылы егістіктің жалпы көлемі 74 % — ға ұлғайғанын көрсетеді. Мақта түсімділігінің өсу тенденциясы бар, 1996 салыстырғанда 2001 жылы ол тиісінше гектарынан 22,7 және 17,2 центнер болды., бұл 1,3 есе көп.1996 жылмен салыстырғанда шитті мақтаның жалпы өсімі 2 есе өсті. Негізгі егістік алқаптары Мырзашөлдегі Мақтаарал ауданы, Келес,Арыс өзендерінің аңғары және Түркістан мен Шымкент қалалары маңындағы жерлерді алып жатыр.

Қант  қызылшасы – ылғал мен жылу сүйгіш, құнарлы топырақты қажет ететін дақыл. Сапалы қант қылызшасы өнімдерін алуда климат жағдайының жазда ылғал мен жылудың мол болуына, ал күздің құрғақ әрі шуақты болып келуінің маңызы зор. Қант қызылшасының жалпы түсімі 1990 жылы 8044 мың тоннадан, 2000 жылы 273 мың тоннаға дейін яғни, 4 есе азайып кетті.Бұл біріншіден оның егілетін жер көлемінен осы жылдары 43,6 мың га-дан, 22,5 мың га-ға, яғни екі еседей кеміп кетуінен болса, екіншіден оның әр гектардан алынатын түсімі 239 центнерден 154 центнерге дейін төмендеуінен болып отыр. Қант қызылшасының жағдайы 1994 жылдан бері оңбай тұр, сол жылы оның жалпы түсімі 400 мың тоннаға дейін азайған еді, ал 1997 жылы тіпті 100мың тоннаға дейін кеміп кетті. Негізгі егістік алқаптары Аса, Талас, Шу, Қаратал, өзендерінің аңғарларын және Ырғыз, Іле, Жоңғар Алатауы бөктерін алып жатыр.

Күнбағыс – бағалы майлы дақыл. Ол Қазақстанның құрғақ әрі шуақты аудандарында өсіріледі. Егіс көлемі 1990 жылғы 136,9 мың гектардан 2000 жылы 313,9 мың гектарға, яғни 2,3 есеге дейін ұлғайғанымен, әр гектардан алынған түсім осы жылдары 9,2 центнерден 4,0 центнерге дейін, жалпы түсімі 126 мың тоннадан 105 мың тоннаға дейін төмендеді. Негізгі егістік алқаптары Ертіс өзенінің аңғарындағы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын алып жатыр.

Бау-бақша және жүзім шаруашылығы – еліміздегі егін шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Бау – бақша  шаруашылығының негізгі аудандары республикамыздың оңтүстігінде кеңінен таралған. Жүзім шаруашылығы Шымкент, Арыс, жамбыл, Сырдарияның төменгі сағасындағы, Іле және Жоңғар Алатауы бөктерлерінде орналасқан. Бау – бақша дақылдарының тез пісетін және суыққа төзімді түрлері Орталық және Солтүстік Қазақстанда, Алтайда, Зайсан Қазан шұңқырларында, Жайықтың төменгі сағасында өсіріледі. Елімізде бақша дақылдары қауын, қарбыз, асқабақ және көкеністер – пияз, орам жапырақ, сәбіз, алжұмыр, қияр тб өсірілетін мамандандырылған шаруашылықтар бар.

Республикамыздағы бұрынғы тұқым шаруашылығы жүйесі ыдырады. Қазіргі кезде тұқым шаруашылығының үш буынынан (бастапқы, элиталық, жалпы) екеуі сақталды. Олар бастапқы және элиталық.

Бастапқы  тұқым  шаруашылығы   ғылыми – зерттеу   мекемелеріне (ҒЗМ), элиталық тәжірибе шаруашылықтарын қоса, белгіленген тәртіппен атестатталған элиталық тұқым шаруашылықтарына жүктелді. Республикада барлығы 74 элиталық тұқым шаруашылығы есепте тұр.

Бастапқы және элиталық тұқым шаруашылығы бидай, арпа, күріш, сияқты дақылдар бойынша жұмыс істеуін жалғастырып отырған болса, дәнді бұршақ жарма, жемшөп, қант қызылшасы, қоза картоп, көкөністер бойынша тұқым шаруашылығы жұмысы іс жүзінде тоқтаған.

Соңғы жылдарда себілетін тұқымның сапасы барған сайын нашарлай түсіп, тексерілмеген тұқым көлемі арта түседі. Егер 1991 жылы 3,1 млн тонна дәнді және дәнді бұршақ дақылдары тұқымы себіліп, оның 99 % -ның себілу сапасының  96 % -ның сапасы тексерілген болса, 2001 жылы себілген 1,7 млн тонна тұқымның тексерілу және сұрыпталу көлемі, тиісінше тек 53 және 64 %-ға ғана болып отырды. Дәнді дақылдардың сорты егістік алқаптары 70 %-н аспайды, қалған бөлігіне шыққан тегі мен сапасы белгісіз тұқымдық материал себілді.

Қазақстандық селекция сорттары өндіріске баяу енгізілуде, мәселен, жергілікті селекцияның сорттары бидайдың жалпы егіс алқаптарының 24 %-на ғана себіледі, бұл орайда алқаптардың көп бөлігіне Ресейлік сорттар егіледі. Негізінен сорт сынағы өтпеген, сырттан әкелінген сорттар себілетіндіктен аудандастырылмаған сорттарды пайдалану пайызы соңғы 5 жылда орташа есеппен 32 % -ға жетті.

 

 

 

 

 

 

                                                 

 

 

 

 

III – тарау

Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны.

Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық –түлікпе   (сүт,  май,  ет,  т. б.)   жеңіл  және  тамақ өнеркәсіптерін  шикізатпен

( жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары т.б.)  ауыл шаруашылық  өндірісін күш – көлік  ( ат, өгіз, түйе, т.б.)  және   тыңайтқышпен  қамтамасыз  етеді. Мал шаруашылық   өнімдері   мен   оның   қалдықтарынан мал азықтары ( майы алынған  сүт,  ет –сүйек,  және  сүйек  ұндары,  т. б. ),  дәрі –дәрмектер мен биологиялық   белсенді   ( активті )   заттар   ( емдік   сарысулар,  гормонды қосылыстар, т.б.) алынды. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруа-шылығы табиғи сипатта  дамығандықтан  малдардың  өнімділік  бағыттары мен  тұқымдары  санын  ұлғайтуға  жеткілікті  жағдайлар   болмады.    Мал тұқымдарын   шығарудың қарқын алуы мал шаруашылық өнімдерін өндіру тауарлары  сипат  алған  капиталистік  қатынастардың өркендеуімен тығыз баыланысты жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік  және  мәдени  дамуындағы орны ерекше  болды.  20-ғасырдың   басына  дейін   адамдардың  әл – ауқаты мен тұрмыс  тіршілік  деңгейі  түгелге  жуық  мал  шаруашылығының өркендеу деңгейімен  анықталды.  Қазақстан   жерінде    мал    шаруашылығы   ежелден жайылым   ауыстырып   отыруды   талап   ететін   көшпелі  жүйе   бойынша дамығандықтан    негізінен    қой,    ешкі,   жылқы   және   түйе өсірілді. Салыстыр —   малы  түрде  күтімді  және  құнарлы  азықтарды  көп қажет ететін сиырдың кең таралуы, сондай – ақ, қазақ төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің  қолға  алынуы  19 – 20 ғасырларда  Ресейден  орыс шаруалары –  ның  қоныс  аударып   келе  бастауымен  тығыз   байланысты. Сол  кездерде    Орталық Қазақстан аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті.

Қазақстанда 19 – гасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар. Жер аумағының  70 % — ға жуығын (182 млн га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты, айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп — өнді ,  сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн теріден киім – кешек, көшпелі баспана – киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал шаруашылығының дамуы мен тұқым түрлерінің үлес салмағына қатысты аудандардың жер, су, ауа райы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру ежелден – ақ  топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80 % -дан аса) уақ малдар ( қой, ешкі) құрады. Қазақстанда 1916 ж. 18,4 млн бас қой мен ешкі, 4,3 млн жылқы, 733 мың түйе, 5,0 млн бас сиыр өсірілді. 1918 – 21 ж. Азамат соғысы мен бірнеше рет қайталанған жұт нәтижесінде мал саны 1916 жылмен салыстырғанда 3 еседен аса төмендеді. 1923 – 29 ж. аралығында ауыл шаруашылығын игеруге қолданылған жан – жақты шаралар барысында мал саны қайтадан 1916 жылғы деңгейіне жеткізілді. Алайда, 1930 – 33 ж. ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқанында  жіберілген қателіктер салдарынан мал басы 10 еседен аса қысқарды. Республика мал шаруашылығын қалпына келтіруде 1932 ж. Орталық комитет қабылдаған «Қазақстан мал шаруашылығы туралы» шешімінің маңызы зор болды. Әрбір отбасына 100–ге қой – ешкі, 8–10    сиыр, 3–5 түйе мен 8 – 10 жылқы ұстауға рұқсат берді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен өндірісті жоспарлы түрде дамыту, жаңа жерлерді игеру және отыршылық өмір салтының орнығуы мал шаруашылығының жаңа бағыттары – сүтті  және етті ірі қара шаруашылығын, биязы және биязылау жүнді қой шаруашылықтарын, қаракөл қойы шаруашылығын өркендетуге кең жол ашты. 1934–90 ж. аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы мал шаруашылығының барлық салаларын  айтарлықтай жоғары қарқында  дамытуға мүмкіндік берді. 1990 – 92 ж.   Қазақстанда малдың 51, оның ішінде 18 қой, 11 мүйізді ірі қара, 13 жылқы, 3 түйе тұқымары мен тұқымдық топтары өсірілді. Олардың жартысына жуығы 12 қой, 4 сиыр және 3 жылқы тұқымы Қазақстан ғалымдары мен мал шаруашылығы саласы мамандарының бірлескен жемісті еңбегі нәтижесінде шығарылды. Осы мал тұқымдарының теңдік қорын  тиімді пайдалану, зоотехникалық талаптарға сай азықтандыру мен бағуға негізделген технологиялардың кеңінен қолданылуы жыл сайын 1,5 млн т. ет ( сойыс   салмағымен ), 5,5 млн. т. сүт, 100 мың  т. (табиғи) жүн және 1700 мың данаға жуық қаракөл елітірісін өндіруді қамтамасыз етіп келді. 1990–2000 ж. ауыл  шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер салдарынан мал саны күрт кеміді, оның ішінде  сиыр 2,4, қой мен ешкі 3,7,  жылқы  1,7 түйе 1,5 есе азайды. Нәтижесінде  негізгі  мал шаруашылық  өнімдерін  өндіру  көлемі  2,5 – 3,0  есеге  дейін  қысқарды. Бұл   ауыл   халқының  әлеуметтік  жағдайының  күрт  нашарлауына   алып келді,   республика  бойынша  жан  басына  шаққанда  ет  және  ет  өнімдерін тұыну   мөлшерінің  73 кг – нан   40 кг – ға  , сүт   және  сүт   өнімдерінің 311 кг – нан 208 – ға дейін  төмендеуіне  әкеліп  соқты  (ғылыми  негізделген мөлшерден    2 еседей аз).  Ел   экономикасының   тұрақталуына  байланысты,   2000 жылдан    бастап  мал  шаруашылығында  оңды  өзгерістер     орын  ала    бастады. 1999 – 2000   жылдармен     салыстырғанда,   2004 ж.   сиыр     24,0 – 22,7 % — ға ,   оның   ішінде   аналық   сиырлар   16 – 15,4  % — ға,    жылқы    5,4 – 7,2 % — ға,   түйе   18,0 – 17,6 % — ға  көбейді.   Бұл  ретте  ірі   қарамен   (сиыр,    жылқы,  түйе)    салыстырғанда,   уақ   малдар   саны   (қой,   ешкі)  20 ғасырдың   90 – жылдарының  басында  тез  кеміген  болса, ал   қазір қарқындырақ артып отырғандығы байқалады.  Бірінші  жағдай реформаның   алғашқы   жылдарында  уақ   малдың   баспа – бас есеп айыру құралы ретінде қолдануға тиімді  болғандығымен, ал   екінші жағдай олардың  өсімталдық  қасиеттерінің  жоғарылығымен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта  барлық  сиырдың  87,3 % — ы   жеке   меншікте,   6,2 % — ы шаруа қожалықтарында, 6,5 % — ы мемлекеттік ауыл шаруашылық мекемелерінде жиналталған. Бұл көрсеткіштер қой мен ешкі түліктері бойынша   80,2;  12,3   және   7,5 % — ға, жылқы  түлігі  бойынша  83,8; 10,6  және 5,6 % — ға, түйе түлігі бойынша 75,7; 11,3 және 13,0 % — ға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына  бөлінуінің  артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол бермеу   нәтижесінде   соңғы 3 – 4  жылда  түлік   түлектері   бойынша   мал санының   орташа   өсімі 3 – 10 % — ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 – 6,5 % -ға тұрақты артып келеді.

Мал шаруашылығы – қазақ халқының ата – бабаларынан   қалған дәстүрлі кәсібі. Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші салалары – қой, ешкі, мүйізді ірі қара, жылқы, түйе шаруашылықтары. Шошқа, марал, құс, ара және жібек құртын өсіру – мал шаруашылығының қосымша салалары. Орасан мол табиғи жайылым мен шабындық жердің Қазақстанның мал шаруашлығын  өркендетудегі маңызы зор.

Қазақстанның табиғи жайылымыды дала, шөлейт, шөл зоналарында және биік таулы  аудандарында қой шаруашылығы дамыған.

Еліміздің табиғи жағдайы қой шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы.

Республикамыздағы қой шаруашлығы көп таралған өңірлер Оңтүстік, Батыс, және  Шығыс Қазақстан аудандары.     Қой шаруашылығы бірнеше бағытта дамыған. Қазақстанда биязы және жартылай биязы жүнді, жүнінің технологиялық сапасы жоғары арқар – меринос, ет – май бағытындағы еділбай тұқымды, елтірі беретін қаракөл тұқымды қойлар өсіріледі.

Биязы және жартылай биязы жүнді қой шаруашылығы еліміздің оңтүстігіндегі астықты аймақтары мен биік тау шалғындарында өркендеген.

Арқар – меринос тұқымды қой шаруашылығы биік таулы альпілік және субальпілік шалғындарда өсіріледі.

Ет – май бағытындағы еділбай тұқымды қой шаруашылығы шөлейт және шөл зоналарындағы аудандарда кеңінен таралған.

Елтірі беретін қаракөл тұқымды қой шаруашылығы шөл арқылы өтетін өзен бойларында, Маңғыстау түбегінде және Оңтүстік Қазақстан облысында мамандандырылған.

Еліміздің солтүстігіндегі орманды дала және дала зоналарында, сонымен бірге биік таулы аймақтарда етті – сүтті мүйізді ірі қара малы өсіріледі. Себебі бұл жерлер малды шырынды азықпен қамтамасыз етуге қолайлы.

Етті – сүтті ірі қара өсіру – республиканың егіншілікке маманданған бөлігі – Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанның  тау бөктерлеріндегі аудандарға тән. Ондағы жазық өзендердің аңғарларындағы мен көлдердің қазан шұңқырларындағы шүйгін шабындық жер және тау бөктерлері етті – сүтті мүйізді ірі қара мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы. Мүйізді ірі мал  басының өнімділік дәрежесі әр түрлі. Шырынды азықпен қамтамасыз етуге қолайлы солтүстік аудандарда сүтті – етті, ал қала халқы тығыз орналасқан аудандарда сүт бағытындағы ірі қара өсіруге маманданған.

Мүйізді ірі қара малын жайылымда немесе қолда ұстап бағады. Қазақстандағы асыл тұқымды мүйізді ірі қарадан  ерекше көзге түсетіндері сүтті – етті ірі қырдың қызыл сиыры, алатау сиыры, талас сиыры және қазақтың етті – сүтті ақбас сиыры.

Республикамыздың барлық аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысады. Жалпы көшпелі тұрмыс кешкен  халықтардың көне заманнан бергі ең көп өсірген малы және төрт түліктің ішіндегі қастерлеп пір тұтаты – ны – жылқы. Тарихи деректер бойынша жылқының ең алғашқы қолға үйретілген негізгі отаны Шығыс Еуропаның далалық аймағы, Орталық Азия және Қазақстан деп саналады, Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда  1,3 млн  жылқы  болса, қазір  оның  саны  950 мыңдай.

Қазіргі кезде Қазақстанның арнайы жылқы өсіретін заводтары мен шаруашылықтарында жылқының 17 қолтұқымы өсіріледі. Қазақстанда ерте кезден бастап  өсіріліп келе жатқан қолтұқымның бірі – қазақы жылқы. Ол жергілікті  халық көлік ретінде әрі еті мен сүтін пайдалану үшін өсіріледі.

Қазақы жылқының өзін жабы жылқысы, адай жылқысы, көшім жылқысы, қостанай жылқысы деп бөледі.

Жабы жылқысын күш көлігі ретінде пайдаланады. Қалың қарда тебіндеп  жайылады  әрі  қысқы  аязға  шыдамды  келеді.  Биелері тәулігіне 18 – 20 литр сүт береді. Жабы жылқылары Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір  шаруашылықтарында  өсіріледі.  Мысалы, Ақтөбе облысындағы «Мұғалжар», Қызылорда облысындағы «Құланды», Алматы облысындағы «Басши» жылқы заводтарында бар.

Адай жылқысы салт мініске қолайлы, жүріске жеңіл әрі жүйрік. Қазақстанның  батыс аймағының табиғат жағдайларына бейімделген. Биелері  тәулігінде 12 – 15 литр сүт береді. Бұл  жылқы   негізінен   Атырау мен Маңғыстау облыстарының шаруашылықтарында өсіріледі. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Құланды» және «Түнқараған» шаруашылықтарында адай жылқысының негізгі тобы таралған.

Көшім жылқысы қара жұмысқа әрі ұзақ жүріске шыдамды. Бұл жылқының негізгі топтары Батыс Қазақстан облысындағы «Красногор», «Пятимар», Ақтөбе облысындағы «Мұғалжар», Алматы облысындағы «Дегерес»,  «Алғабас», «Қызылағаш» және Жамбыл облысындағы «Құлан»  жылқы   заводтарында   өсіріледі.

Қостанай жылқысы салт мінуге, көлік ретінде жегуге қолайлы әрі жүрдек келеді. Олар қыста қорада ұсталып, жазда жайылымға шығарылады. Қостанай облысының жылқы шаруашылығы жақсы дамыған.

Түйе  шаруашылығы  еліміздің  неғұрлым шөлді аудандарында Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Шөл, шөлейт және дала зоналарындағы аудандарда түйе өсірумен   айналысады.   Өйткені   олар жыл бойы жайылымда болады. Түйе  шөлге  төзімді,  тікенекті,  сораңды   шөптермен коректенеді. Бірнеше күн су ішпей, ауыр жүк тарта алады. Қазақстанда 92 мыңнан астам түйе бар.

Халқымыз түйенің етін, сүтін және жүнін күнделікті тұрмыс қажеттіктеріне пайдаланады. Түйе сүтінен шұбат дайындалады, оның емдік қасиеті жоғары.

Марал  шаруашылығы – мал  шаруашылығының  ерекше  және   шағын саласы. Марал шаруашылығымен Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданы айналысады. Маралдың еті мен терісін азық  және киім  ретінде  пайдаланады.  Мүйізінен   құнды   дәрі – дәрмек   жасалады.

Құс өсіру шаруашылығы ірі өнеркәсіп орталықтарында, қалаларға, астық өндіретін кәсіпорындарға таяу аудандарда шоғырланған. Құс шаруашылығы толығымен өнеркәсіптік технологиямен жұмыс істейді. Онда жұмыртқа  мен құс еті өндіріледі. Құс шаруашылығымен республикамыздың Солтүстік, Орталық , Оңтүстік Қазақстан облыстары айналысады.

Омарта    шаруашылығы  Алтайдың,  Жоңғар  Алатауының   және   Тянь –Шаньның   шырынды   өсімдіктер   көп өсетін биік тау бөктерлерінде орналасқан. Еліміз Алтайдың тау балын мақтан етеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Путинцево шаруашылығы ерекше көзге түседі.

Жібек құрты Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаға қосымша шаруашылық   ретінде өсіріледі. Ол   тұт   ағашы жапырағымен коректенеді де, талшық   береді.

Қой шаруашылығы – қой өсіру  мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Жеңіл  өнеркәсіптер  үшін  (жүн, тері, елтірі) , бағалы азық – түлік  (ет,  май,  сүт)  өнімдерін береді. Қой  өсіру  адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары  қылшық  жүнді  қой   өсірген.  Биязы  және биязылау жүнді қой  тұқымдары   осы   кезеңде   Кіші Азияда шығып, дүние  жүзіне тараған.

Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік   малдың   ішінде   жылқы   мен   қойға  ерекше  мән  берген  қазақ халқы  қой  жаюдың,  оны  көбейту  мен  тұқымын асылдандырудың өзіндік  әдіс – тәсілдерін   қалыптастырған.  Мал шаруашылығына қолайлы  табиғи  ортаның   мол   болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрі Қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы.    Қазақстанда   негізінен  қылшық  жүнді  қазақы  қой    өсірілді. 19  ғасырдың   соңына   қарай  Ақмола, Семей,  кейінірек  торғай   және Жетісу   өңіріне   орыс   шаруалары   меринос   тұқымдарын   ала келді. 1913 ж. қазіргі Қазақстан жерінде 19,6 млн. уақ   мал  болды.  Азамат соғысы    жылдары   өзге   түліктермен   бірге  қой   саны  да   азайып,   (1929 ж. – 8,8 млн.),   елдегі   мал   шарушылығына   үлкен   нұсқан келтірді. Кеңес  өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928  жылға   дейін   дәстүрлі  мал  шаруашылығының   ерекшеліктері ішінара    сақталып   қалды.  Сол   жылғы   үкімет   қаулысынан кейін елдегі   ірі   байларды   жаппай   кәмпескелеудің  соңы мал шаруашылығын,  оның  ішінде   Қой шаруашылығын   да   қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 – 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді.1936 ж. республикада небәрі 4,3 млн. қой қалды. Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрі  Қой шаруашылығының   қарқынды   дамуына    тежеу салынып, 1928 – 85 жылға дейінгі аралықта Қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды.   Қой   тұқымдарының  санымен   қатар   сапасын   да   көтеру   шараларының   нәтижесінде  1960 ж.   республикадағы  барлық   қойдың    84,6 % — ы,  1974  ж.  99,99 %  — ы, 1980 ж. 100% -ы   асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 – 70 ж.уақ малдан     алынатын   ет    өнімдері     орта     есеппен  – 471,3   мың т,    1981 – 83 ж. – 493.3 мың  тоннаға   жетті.  Қойдың  мол  өнімді   жаңа тұқымдары – қазақтың   биязы   жүнді   қойы,   қазақтың арқар – мериносы,  солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы,  т. б. шығарылды. 1984 жылдың  басында  Қазақстанда 36567,8   мың    (барлық  шаруашылық  түрлерінде)   қой  болды.  Қой   саны   жағынан  Қазақстан  КСРО  бойынша  2-орын   (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қазақстан шаруашылығы ,  әсіресе,  Оңтүстік   Қазақстан, Шығыс Қазақстан  (Семей),   Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым   шығару   мақсатында   Қазақстандағы   таңдаулы   қой    тұқымдары  мен  шетелдік  тұқымдар;  австралия   мериносы,   австралия корриделі,  линкольн  қойы,   ромни – марш   қойлары,  т. б. пайдаланылды.  Қазақстанда   Қой   шаруашылығының  дамуында негізгі үш  бағыт  айқындалады. Олар елдің табиғи климаты, жем – шөп, жайылым  жағдайы,  қойдың   биологиялық  ерекшеліктері, т. б. байланысты  төмендегіше  3  аймаққа  бөлінді: 1) далалық,   қуаң – шөлейт, аймақтар   мен   оңтүстік   таулы  өңір.   Мұнда  биязы  және  биязылау жүнді  қой  тұқымдары  (барлық  қойдың  65 %-ы )   өсірілді.  2)  шөл   және  шөлейт   аймақ.   Бұл    жерлерде     негізінен    етті – майлы,  ұяң    не қылшық    жүнді   қойлар    (барлық   қойдың  16 %-ы )      шоғырланды. 3) Қаракөл   қойлары   өсірілетін   оңтүстік   және   батыс   аймақтар.    1990  жылдың   басында  1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған   ірі   қой   шаруашылықтары   болды.

Алайда     экономиканың    өзге   салалары   секілді   Қой   шаруашылығы     да     кеңестік     науқаншылдыққа    ұрынып,   қой   санын  50 млн – ға  жеткізу    туралы   елдің   нақтылы   мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды  орындау мақсатында   қойды   қолдан   жасанды  ұрықтандыру   тәсілі  кең   етек жайып,   асыл  тұқымды  қойлардың  азып – тозуы   мен   миллиондаған елтірінің  шын  мәнінде  жарамсыз   қалуына,   кеңестік   жалған   ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды   игеру, т.б. мәселелер кенже қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар    мен   формалар   нәтижесінде   Қой шаруашылығы    елеулі түрде   құлдырады.  Қазіргі    уақытта   Қазақстанда   12,3   млн. уақ мал бар   (2004).   Мұның   негізгі   бөлігі   жеке – меншік   иелікте   өсіріледі.

Жылқы   шаруашылығы – мал   шаруашылығының   негізгі   бір   саласы.   Бұған   жылқы   санын   көбейту,   сапасы   мен   өнімін    арттыру, әр түрлі  мақсаттарда (ет және  қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық   жарыстарға    қосуға,   шет елдерге сатуға, т. б.)  тиімді пайдалану жатады.  Жылқы   өнеркәсібі   және бие сауу  қазақ   халқының ата  кәсібі  болып  табылады.  Қазақ  халқы   жылқыны   үйірге  (25 – 30 бие)  бөліп,   жақсы   тұқымынан   айғыр  салатын  болған.  Мұндай айғырлар   үйірін  шашау  шығармай,   ит – құсқа   жегізбей,   қысы – жазы қорғайды.  Бірнеше   үйір   қосылып   қос   құраған.   Бір қоста 500 – ден 1000 – ға  дейін   жылқы   болады.  Айғырдан   шыққан   биелер   10 айдан кейін   (сәуір-мамыр  айларында)  құлындайды. Құлындар отығып, жетілген   кезінде   байланып,   бие  сауылады.  Алғашқы  кезде   бие тәулігіне   3  немесе  4  рет   сауылады,  ал  одан   кейін   саууды   көбейте береді  (5 – 6  ретке  дейін).

Ағытылған   бие   құлынымен   бірге  жайылымда   бағылады.   Қазақ халқы   биені   6  ай   бойы   сауады.   Бие   қымызының   химиялық   құрамы   үнемі   тұрақты   бола   бермейді,   ол   малдың    физиологиялық күшіне,   азықтандырылуына,   күтіп – бағылуына   және   тұқымына   қарай   өзгеріп   отырады.   Қымызда  1,8 – 2,2 % — дай  белок   болады, сондай – ақ  адам  денсаулығына  қажетті  витаминдердің   барлығы  кездеседі.  Әсіресе  қымыз  А  және  С  витаминдеріне  бай.   Жылқы   етінің  сапасы  өте   жоғары,   сіңімді.  Сондай – ақ,  жылқыдан   көптеген мал   ауруларын   емдеу   үшін   қолданылатын   қан   сарысуы   алынады. Қазір   Қазақстанда  1 млн – нан   астам  жылқы   өсіріледі  (2002).   Жылына   олардан   40  мың   тоннадан   астам   ет,  35  мың   тоннаға   жуық  қымыз  өндіріледі.  Жылқы  өндірудің  жалпы   мамандандырылу бағыты республикамыздың табиғи – шаруашылық аймақтарына байланысты айқындалған. Жылқының асыл тұқымдарын көбейту мақсатында  Қазақстанда 13 асыл тұқымды жылқы заводттары (Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, т.б. облыстарда), жылқы тұқымын асылдандыратын 39 мемлекеттік шаруашылықтар  (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, т.б.) ат  жарыстыратын  алаңдар  және  асыл тұқымды жылқы фермалары ұйымдастырылған. Қазақстанда асыл тұқымды жылқы саны 9 мыңнан асты (2000). Республикада жылқының міністік, сыдыра желісті тұқымдары және қазақ жылқысы өсіріледі. Дала және құрғақ дала аймақтарында  жылқы негізінен жұмыс көлігі ретінде пайдаланылады. Қуаң, қуаңшылық және тау бөктеріндегі аймақтарда ауа райы жылы, жылқыны жыл бойы  жайылымда бағудың мүмкіншілігі бар. Бұл жерлерде жылқы шаруашылығы ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстанның кең байтақ жайылымы бар орталық, оңтүстік, шығыс және батыс аймақтарының көптеген аудандарында жылқы үйірлеп бағылады. Жықыны үйірлеп бағудың бірнеше әдісі бар. Бос бағуда жылқы жыл бойы жайылымда болады, қатты боран не көк тайғақ болғанда ғана пішен, жем беріледі. Табындап баққанда жылқы жынысына және жасына қарай табынға бөлінеді. Шаруашылықтағы жылқының санына байланысты табынды 150 – 180 бие, 180 – 200 бойдақ жылқы, ал жазық далада 350 жылқыға дейін болады. Боран және аяздан қорғау үшін жайылымда жеңіл – желпі жылқы қора, қалқа, ықтасын лапас салынады, құдық қазылады, суаттар жасалады. Жайылым орталығына әр жылқыға 3 – 5 центнер пішен, 0.5 – 1 ц. жем қорын дайындайды. Құлынды 10 – 12 айлығында енесінен айырады. Қорада не қоршалған шарбақта 1 айғырға 20 – 25 биеден үйірлеп шағылыстырады. Қолда ұстап баққан жылқыны қыста ашық, жылы күндері шығарады, қатты боран, аязды күндері қорада ұстап, пішен және жем береді. Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 – 8 ц жем дайындайды. Қолда ұстап баққанда бие мен айғырды сұрыптап таңдап алып шағылыстырады және қолдан ұрықтандырады. Жылқыларды 1,5 жасында мінуге, жегуге үйретеді, үйірдегі жылқыны таңбалайды. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы пішен мен жем береді. Құлынды 6 – 8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңтүстік, орталық және батыс аймақтарында бие сәуір – мамырда құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейін өсіп жетіледі де қыста бағуға көнбісті келеді. Ет өндіру бағытында жылқы өсіру кезінде жыл басында табын құрамында 35 % бие, 6 % байтал, 14 % ұрғашы тай, 14 % ұрғашы жабағы, 2 % айғыр, 5 % құнан, 10 % еркек тай, 14 % еркек жабағы, ет – сүт бағытында өсіргенде 45 % бие, 5 % байтал, 5 % ұрғашы тай, 18 % ұрғашы жабағы, 2 % айғыр, 4 % еркек тай, 18 % еркек жабағы болуы қажет. Қазақстанның әрбір аймақтарының табиғи экономикалық жағдайларына байланысты асыл тұқымды фермада ат қора – жайылым (көбінесе, қолда ұсталады) әдісін қолданғанда ат қорада әр жылқыға 10 – 14 м2 орын болады; ат қораның ауласын екіге бөледі: ат биенің күйтін байқайтын және шағылыстыратын алаң; ә) Тай мен құлындарды үйрету және баптау алаңы.Ат қораларда тайлар мен құнандарды жаттықтыратын  және айғырларды серуендететін тапталған жол жасайды. Асыл тұқымды жылқы өсіретін фермасы жанынан мал емханасы салынады. Асыл тұқымды фермада жайылым – ат қора (көбінесе  жайылымда бағылады) әдісін қолданғанда бие, айғыр және жас жылқылар тұратын жылқы қораларын салады, бас үйрететін және жаттықтыратын алаң жасайды. Жаттықтыруға және сатуға бөлінген жылқыны жеке қорада ұстайды.  Ат қора жанына мал емханасын салады.

1998 жылдан бері мал мен құстың барлық түрі санының тұрақтану үрдісі байқалады, 1998 жылмен салыстырғанда 2001жылы өсім мынадай болды: мүйізді ірі қара мал-8,5%, қой-9,7, түйе-8,3 және құс-24,4, ал жылқы 1998 жылғы деңгейде қалды.

Мал шаруашылығы өнімін өндірудің қазіргі көлемі ішкі рыноктың төлем қабілетті сұранысының деңгейімен сәйкес келеді. Ішкі рыноктың сыйымдылығы шектеулі және өзінің табиғи өсу қарқыны болғанымен халықтың төлем қабілетіне тәуелді. Сондықтан мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрі ішкі рынокқа — сүт өндірісіне, сондай-ақ құс, жылқы шаруашылықтары өнімдерін өндіруге бағдарланған.

1990 жылдары сүт өндірісінің жалпы көлемінің 61% және ет өндірісінің жалпы көлемінің 71% қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы өңделді. Бүгінгі таңда өңдеу деңгейінің төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ішкі рынокта шикізатты: сүттің — 92% және еттің — 85% дейін бастапқы өңдеусіз сатуға мәжбүр.

1990 жылмен салыстырғанда барлығы 209 асыл тұқымды шаруашылық қана қалды. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы: ірі қара мал-15%- дан 2,9%-ға дейін, қой -19-дан-3,8%-ға дейін, жылқы-9-дан-1%-ға дейін, құс-20-дан 01,8%-ға дейін қысқарды, бұл республикамыздың асыл тұқымды төлге мұқтаждығын тек 5-8%-ға ғана өтей алады

Мал шаруашылығындағы мал тұқымын асылдандыру ісін қаржылай қолдаудың көлемі аз болуы малдың жасы мен жынысы бойынша топтарын есепке ала отырып, асылдандыру ісін қаражаттандырудың анық тетіктерінің болмауы малдардың гендік қорын сақтау және молайту саласындағы қиын жағдайды түзете алмайды.

 

 

 

 

 

 

IV — тарау

Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының даму жолдары мен проблемалары.

Ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салалары үшін негізгі шикізат көзі болып табылады, сондықтан олардың арасында тығыз байланыс қалыптасқан. Агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларына: тамақ өнеркәсібі (тамақ, ет, сүт,балық, ұн, жарма) мен жеңіл өнеркәсіп (былғары, аяқкиім, киім) жатады. Аталған салалар  республика өнеркәсібінің маңызды секторлары болып табылады.

Тамақ өнеркәсібі — халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Біздің елімізде тамақ өнеркәсібінің ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері,балық, кондитер, шарап жасау т.б.салалары дамыған. Ауыл шаруашылығы тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі болып табылады. Тамақ өнеркәсібі өнімдері еліміздегі азық-түлік қорының 90%-ын құрайды. Қазіргі кезде тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар заман талабына сай жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған. Ауыл шаруашылығы шикізаттарынан ұзақ мерзімге сақталатын өнім дайындалады. Ал тез бұзылатын тамақ өнімдері тамақ өндірісі кәсіпорындарындағы қуаты жоғары тоңазытқыштарда сақталады. Тамақ өнімдерінің қалдықтары қайтадан ауыл шаруашылығында пайдаланылады.

Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай үш топқа бөлінеді: өсімдік шаруашылығының шикізаттары, мал шаруашылығының шикізаттары, өндіріс шикізаттары (тұз өндіру, минералды сулар, балық аулау, теңіз өнімдері). Тамақ өнеркәсібі салаларын орналастырушыға әсер етуші негізгі факторлар — шикізат көздері және тұтынушылар. Осы факторлардың әсер ету дәрежесіне қарай тамақ өнеркәсібін үш салаға бөлуге болады:

  1. Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар (қант, спирт, май шайқау, сүт, консерві, крахмал, сірне т.б.);
  2. Тұтынушыға жақын орналасқан салалар (наубайхана, сыра қайнату, сүт, макарон, кондитер өнімдері т.б.);
  3. Шикізат көзіне де тұтынушыға да жақын орналасқан салалар (ет, ұн тарту, шарап жасау, темекі өңдеу т.б.).

Елімізде тамақ индустриясын шикізат көздеріне және тұтынушыға жақын орналастыру өндірісті мамандандыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу салалары шикізат көздеріне жақын, ал дайын өнімдер шығаратын өндіріс тұтыну орталықтарына жақын орналастырылады. Технологиялық процестердің аумақ бойынша бөлінуіне шай өнеркәсібі мысал бола алады.

Ет өнеркәсібі — тамақ өнеркәсібінің ірі саласы, ол тамақ өнімдерінің 14-ін құрайды. Мал өнімдерінің сапасы құрамында жоғары сапалы нәруыз бен басқа да құрауыштардың болуымен анықталады. Еліміздегі ет тағамдарына деген сұраныстың өсуі — халықтың тұрмыстық деңгейінің жоғарылауын көрсетеді. 2002 жылғы көрсеткіш бойынша ет және ет тағамдарын тұтыну жан басына шаққанда 45 кг-ды көрсетті. Қазіргі таңда ет өнімдері жоғары техникамен жабдықталған ет комбинаттарында дайындалады.

Алысқа тасымалдауға жарамды өнімдер (ет консервілері, кептірілген және жартылай кептірілген шұжықтар т.б.) шикізат көздеріне жақын орналастырылған ет комбинаттарында шығарылады. Осындай өнімді шығаратын негізгі ет комбинаттары Семей, Петропавл, Орал, Алматы, Қызылорда қалаларында орналасқан. Ал тез бұзылатын өнімдер (тоңазытылған ет, құс өнімдері қайнатылған шұжық т.б.) шығаратын комбинаттар тұтыну көзіне жақын орналастырылады.

Қазақстанның барлық экономикалық аудандарында ет өнеркәсібінің дамуы мал шаруашылығының аумақ бойынша біркелкі таралуымен түсіндіріледі. Әсіресе Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары ет өнімдерін шығаратын негізгі аудандар болып есептеледі. Мысалы Семей ет комбинаты еліміздегі ірі өнеркәсіп орталығы. Бұл комбинат малдың тірідей салмағының 98%- ын пайдалана отырып, дайын және жартылай дайын өнімнің 100-ден астам түрін шығарады.

Ұн тарту – жарма  өнеркәсібі – тамақ өнеркәсібінің екінші саласы. Оған: ұннан жасалатын  нан  және макарон өнімдері, ұн, жарма жатады. Жан басына шаққандағы нан тағамдарын тұтынудың орташа көрсеткіші 120 кг-ды құрайды. Бидайды тасымалдау ұнды тасымалдаудан анағұрлым тиімді. Сондықтан ұн тарту және жарма өнеркәсіптері аумақ бойынша тұтыну көздеріне жақын орналастырылады. Ұн тарту еліміздің астықты және индустриялы экономикалық аудандарында, яғни Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жақсы дамыған. Мысалы, қазіргі кезде Астана, Тараз, Қапшағай, Қостанай ұн тарту комбинаттары елімізде жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етуде. Нан кәсіпорындары еліміздің барлық елді мекендерінде бар. Нан зауыттары жоғары сапалы технологиямен жабдықталған. Қазіргі шағын нан жабу кәсіпорындары ірі елді мекендердің бәрінде ұйымдастырылған. Макарон зауыттары Алматы, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Семей қалаларында орналасқан. Қазіргі кезде тамақ өнеркәсібі салаларын дамыту үшін  жетілдірілген технологиялар, шағын зауыттар және басқа құрал-жабдықтар сатып алу жөнінде Қазақстан Республикасы бірқатар мемлекеттермен келісімшарт жасады. Мысалы Ақтөбе макарон фабрикасы Италияның   макарон   жасайтын   технологиясымен   жабдықталған.

Қант өнеркәсібі. Қант-маңызды  тағам түрлерінің бірі, оны өндіру үлесі 2003 жылғы есеп бойынша 481419 т – ны  құраса, жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші 21,7кг – ға  жетті.

Қант өнеркәсібі құмшекер және шақпақ қант шығарады. Қант өнеркәсібін салуда шикізат көздеріне жақын орналастыру факторы маңызды рөл атқарады. Қант қызылшасын ұзақ уақыт сақтауға шыдамайды және алыс қашықтыққа тасымалдау оның сапасын төмендетеді.  1т құмшекер алу  үшін 6 – 9  т қант қызылшасы керек.

Республикамызда бірнеше қант зауыттары жұмыс істейді.  Қант зауыттары қызылша егу шаруашылығымен айналысатын Жамбыл, Алматы облыстарында орналасқан. Боралдай, Тараз, Шу, Мерке, Қарабұлақ қант зауыттары құмшекермен қатар шақпақ қант шығарады. Құмшекер өнеркәсіптері өз елімізде өсірілген қызылшаны өңдеп қана қоймай, сонымен қатар шетелдерден келген қант шикізаттарын да пайдаланып, қант өнімдерін шығаруда. Қазақстанға қант құрағы Бразилия, Аргентина, Ау стралия т.б. елдерден әкелінеді. Өйіткені елімізде өндірілетін қант өнімдері халықты қантпен толық қамтамасыз ете алмайды.

Сүт өнімдері өнеркәсібі – тамақ өнеркәсібі салаларының ішінде үшінші орында, 2002 жылғы статистикалық мәлімет бойынша шаруашылықтың барлық түрінде сүт өндіру  4,1 млн т – ны құраса, әрбір сиырдан сауылатын сүттің орташа көрсеткіші – 2044 кг – ға жетті. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран, ашытқы шығаратын сүт зауыттары мен сүт комбинаттары еліміздің әрбір экономикалық аудандары мен   өнеркәсіп орталықтарында шоғырланған. Өйткені сүт өнімдерін алысқа тасымалдау тиімсіз. Қала халқын дер кезінде сүт өнімдерінмен қамтамасыз ету үшін сүт зауыттары әрбір қалада салынған. Ірі сүт зауыттары Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан.

Май шайқау, сыр қайнату, сияқты сүт өнімдері өнеркәсібі, негізінен, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарында, сүтті ірі қара мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда шоғырланған. Көкшетау, Қостанай, Алматы сүт комбинаттары сүт өнімдерінің 75 % — ын шығарады.

Сонымен қатар елімізде өсімдік майы мен маргарин майын шығаратын өнеркәсіп орындары жақсы дамып келеді. Өсімдік майы күнбағыс және шитті мақта дақылдарынан алынады. Күнбағыс майын Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары шығарады. Өскемен қаласында өсімдік майын айыру комбинаты жұмыс істейді. Шитті мақта майын шығаратын зауыт Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасқан.

Қазір көптеген елді мекендерде өсімдік майын шығаратын шағын кәсіпорындар кездеседі. Бірақ онда шикізаттан май алу сапасы мемлекеттік кәсіпорындардан әлдеқайда төмен.

  Маргарин майын алу үшін – шикізат ретінде өсімдік майын және сүтті пайдаланады. Мұндай кәсіпорындар тұтынушы көзіне жақын орналастырылады, себебі маргарин майы тез бұзылатын өнімдер қатарына жатады. Алматы қаласындағы маргарин зауыты халықтың тұтыну қажетін өтеп келеді.

Балық өнеркәсібі – балық аулау және балықты өңдеуден тұрады. Қазақстандағы балық өнеркәсібі Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан Атырау облысында шоғырланған. Каспий теңізінің солтүстігінен қара уылдырық беретін бекіре, қызыл балық және итбалық ауланады. Балық өңдейтін ірі кәсіпорындарға Атырау, Баутион, Балықшы, Зайсан, Призорный, Балқаш балық зауыттары жатады. Балық өнімдерін дайындайтын Арал мен Мойнақ кәсіпорындары Арал теңізінің су деңгейінің төмендеуіне байланысты уақытша тоқтап тұр. Атырау мен Балқаш зауыттары елімізді балық консервілерімен қамтамасыз етуде.

Республикамызда азық – түлік молшылығын жасау бағдарламасына және балық етінің құндылығына орай теңіз өнімдерін өндіруді ұлғайтуға үлкен бетбұрыс жасалып отыр. Осыған байланысты теңізден, өзен – көлдерден ауланатын балық өнімдерімен, олардан жасалатын тағам түрлері де молаюда.

Қазақстанда тамақ индустриясының қосымша салалары кондитер тағамдары, шарап жасау, темекі өндірісі де қарқынды дамып келеді. Автоматты қондырғылармен жабдықталған Алматыдағы «Рахат», Қостанайдағы  «Баян сұлу»  және  Қарағанды кондитер комбинаттары халықты кондитер тағамдарымен  қамтамасыз етуде.

Жүзім көп өсірілетін Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шарап жасайтын зауыттар жұмыс істейді. Сонымен қатар елімізде минералды және таза бұлақ суларын, түрлі шырындар мен шөл қандыратын сусындар шығаратын өндірістердің ұлғайып келе жатқаны байқалады.

Алматы облысында егілетін темекіні пайдаланып жұмыс Алматы темекі комбинаты – Қазақстандағы тмемекі өндіретін негізгі кәсіпорын. Оны 1993 жылдан бастап Американың «Филип Моррис» фирмасы басқарып келеді. Компания Алматы облысының Шелек ауданында темекі өсіру бағдарламасын жасады.

Жеңіл өнеркәсіп халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын әр түрлі өнім түолерін шығарады. Бұл – индустрияның ең қарқынды саласы. Бұым дайындауда дәстүрлі кәсіпті меңгерген,көркемдік мәдениеті мен талғамы жоғары жұмысшы күшіне деген сұраныс жеңіл өнеркәсіп саласының негізгі ерекшелігін айқындайды.

Ғылыми – техникалық прогресс жеңіл өнеркәсіптің дамуына күшті әсер етуде. Бұл шикізат базалары саласының өзгеруінен және жаңа техника мен технологияны пайдалануынан байқалады. Жеңіл өнерңәсіп құрамындағы жартылай дайын және дайын өнімдердің сапасына, оларды безендіруге байланысты талап күн сайын артуда. Киім үлгілерінің жылдам ауысып отыруы жеңіл өнеркәсіп құрал – жабдықтары  мен  өндірістің ұйымдастырылуына да жаңалықтар енгізуге мәжбүр етуде.

Жеңіл өнеркәсіп құрылымының біршама күрделі екенін байқауға болады. Ол табиғи немесе химиялық шикізаттарды қайта өңдеудің технологиялық кезеңдерінен тұрады.

Жеңіл өнеркәсіп құрамына кіретін салалар орналасу принциптеріне байланысты республика аумағында әр түрлі тараған. Мысалы, шикізат өндірістері (мақта тазалау зауыттары, жүн жуатын фабрикалар, жүнді өңдейтін кәсіпорындар) ауыл шаруашылығы шикізат базалары бар жерге шоғырланады. Шикізат өндірістері АӨК – тің құрамына кіреді. Тоқыма, былғары, тері т.б. кәсіпорындар кәсіби жұмыс күші және тұтынушылары бар қалаларда орналасады.

Соңғы   жылдары   тұтынушыға   қажетті   дайын өнімнің (тігін, тоқыма,  кілем   және   тері   бұйымдары,  бас киімдер,  былғарыдан  тігілген   бұйымдар – аяқкиім т. б.)  үлесі   артып келеді.  Дайын  өнімнің бағасы   жартылай   дайын   өніммен   (мақта, былғары, тері) салыстырғанда жоғары. Дайын бұйымдарды  сыртқа шығару  жеңіл өнеркәсіп   өндірісі   үшін   де   тиімді.

Жеңіл  өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі – тоқыма өнеркәсібі.

Ол – шаруашылықтың     ежелгі    саласы.   Қазақстандағы    тоқыма өнеркәсібі  қазіргі заманғы техникамен жабдықталған, машиналы өндіріске   айналып   отыр.

2003   жылғы   есеп  бойынша   Қазақстан   экономикасындағы   тоқыма және   тігін   өнеркәсібінің   үлес   салмағы   1,8 % — көрсетті.

Мақта   мен   жүн   тоқыма  өнеркәсібінің  шикізаттарына   жатады.  Мақта   дайындау   процесі   бірнеше саыдан тұрады.  Мақтаны   тазарту және   жүн   жуу   кәсіпорындары   шикізат көзіне жақын орналастырылады.

Мақта   тазалау   зауыттары   Оңтүстік   Қазақстан облысының Шымкент,   Түркістан   қалалары мен Мақтаарал елді мекенінде орналасқан.

Жүн   жуу  комбинаттары   Семей   мен  Тараз   қалаларында   салынған. Алдын   ала   өңдеуден   өткен   мақта   мен   жүннен   жіп   иіріліп,   боялып,   мақта   мата   комбинаттарына   жіберіледі.

Мақта  мата   өнеркәсібі   мақтадан   әр   түрлі   (шыт,  бөз,  түкті  мата, дәке  т. б.)  маталар   шығарады.   Мақтадан   жасалған   маталардан іш киім,  сырт киім, көйлек, киімнің ішкі астары, сәндік бұйымдар  т. б. тігіледі. Маталарды   жасап   шығару   процесі,  мысалы    матаны бояу, оған   әртүрлі  түсті   суреттер   түсіру   т.  б.,  кәсіпорынның   арнайы  мамандануын   талап   етеді.

Тоқыма өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорны – Алматы мақта мата комбинаты.  Жүннен  тоқыма бұым жасап шығаратын өнеркәсіп.  Мақтадан   жасалған   матамен   салыстырғанда,  жүннен   тоқылған матаның    құрылымы    мен    пайдаланылуы    күделірек.   Мұндай    матаға   машинамен   тоқылған   жартылай   жұқа   мауыты маталар жатады.    Жүннен   тоқылған   маталар   тоқыма    өнеркәсібінде    ең   қымбат  маталар   қатарында.  Қарғалы  мен Қостанай  комбинаттарында  дайындалған  жоғары  сапалы  жүннен тоқылған   маталардан   пальто,   костюм   тігіледі.

Сонымен   қатар  елімізде тігін, трикотаж,  галантерея,  шұлық шығаратын т. б.   кәсіпорындар    бар.   Тігін   комбинаттары    қалаларда және   аудан   орталықтарында   жиі   кездеседі.

Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Жезқазған қалаларында трикотаж   бұйымдарын   шығаратын   фабрикалар   орналасқан.

Шұлық шығаратын фабрикалар Семей, Қарағанды, Шымкент қалаларында   орналасқан.  Астана   қаласында   жүн   иіретін   комбинат, ал   Өскеменде   жібек   маталарын   шығаратын   комбинат   жұмыс істейді.

Халықтың   жеңіл   өнеркәсіп  бұйымдарына сұранысын қанағаттандыру  мақсатында  елімізде  ұсақ   және   орташа    кәсіпорындар   құрылып,   олар   тері мен былғары бұйымдарын шығарады.  Былғары    және   былғарыдан   жасалған   бұйымдар   мен аяқкиім  өндірісінің   Қазақстан   экономикасындағы   үлес   салмағы    2003 жылғы   есеп   бойынша   0,1 % — ды   құрады.

Орал,  Қызылорда,  Тараз,  Қостанай  қалаларында  орналасқан былғары, тері   илеу  зауыттарының  елімізде  маңызы  зор.   Тері   илеу  зауытттарында  қой  терісі  және  құндыз,  түлкі,  қасқыр,  ақ тышқан,  қоян  терілері  де  өңделеді.

Аяқкиім   өнеркәсібі. Аяқкиім  тігу  үшін  қажетті  шикізат  түрлері  әр түрлі болғандықтан (былғарыдан, мақтадан тігілген,  резеңке  мен  пластмассадан жасалған), аяқкиім түрлері де көп.  Аяқкиім  өнеркәсібін  тұтынушыға және шикізат көздеріне жақын орналастыру тиімді. Негізгі кәсіпорындары Алматы, Семей, Тараз, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Талдықорған қалаларында орналасқан.  Бұл   кәсіпорындарда  аяқкиім шығару халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмайды, сол себебті елімізге аяқкиім түрлері сырттан  әкелінеді.  Ал  былғары   шикізаттары   жеткілікті     болғандықтан – еліміз сыртқа шығарады. Халықтың тұрмыс қажетін өтейтін жеңіл өнеркәсіптің   тағы  бір  саласы – фосфор – фаянс бұымдары.  Ол,  негізінен, Астана   және   Қапшағай   қалаларында   орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

2003 – 2005   жылдары   ауылды   түлетуге арнау үшін көптеген себептер бар.  Агроөнеркәсіптік  кешенді  дамыту  нарыққа    бағдарланған экономиканың   заңдылықтарына   сәйкес   жүргізілетін болады,  сондықтан өндіріс  тиімділігінің, отандық  тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің,  олардың сапасының халықаралық талаптарға сәйкестігінің көрсеткіштері басым болуы керек.  Агроөнеркәсіптік   кешеннің  жұмыс  істеу ерекшелігі, азық – түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз   ету   экономиканың басқа салаларына қарағанда, мемелекеттік  реттеу  және  мемелекеттік   қолдау  үлкен рөл атқаруы тиісм   осындай   аграрлық   азық – түлік  саясатын  жүргізуді  талап   етеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер мен жануарлардың элиталық  тұқымдарының гендік қорын сақтау, тұқымдарды және асыл тұқымды    жануарларды   өсіру   мен   сату  үшін   элиталық  тұқым  өсіру мен мал тұқымын асылдандыру шаруашылықтарына, «гендік қор» бағдарламасына   сәйкес  республикалық  бюджеттен жүзеге асырып келеді  және  гендік қорды  шаруашылықта  пайдалануды    қамтамасыз  ету  және  өнідірілген  тұқым   шаруашылығы  мен  асыл тұқымдық өнімнің   сапасын   бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  үлкен  жауап  болып отыр.  Сонымен қатар жерді тиімді пайдалануды, мамандандыру аймақтары бойынша  өндіріс пен еңбек ресурстарын тиімді орналастыруды,  ауыл шаруашылығы  өсімдіктерінің  сорттары мен тұқымдарының   жоғары  өнімді түрлерін шығаруды, олардың гендік қорын сақтауды, ауыл шаруашылығы аймақтарының жағдайына бейімделген,  өнім  өндіруге  жұмсалған шығынды азайту мен қоршаған ортаны  қорғауды  қамтамасыз  ететін технологиялар мен механикаландыру құралдарын  жасауды, ауыл шаруашылығы өнімін барынша   ұқсататын   жаңа   технологиялар әзірлеуді ауыл шаруашылығын  ғылыми қамтамасыз етудің басым бағыттары деп белгілеу.

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. М.Ш. Ярмухамедов Экономическая география Казахской ССР. А. Мектеп 1975
  2. Э.А. Туркебаев, Б. Двоскин, К. Исентаев. Проблемы региональной эконо —

мики Казахстана. Изд. «Қазақстан» 1977

  1. Э.А. Туркебаев, Б. Двоскин. Экономические проблемы развития террито –

риально – производственных комплексов. Изд. Наука 1982

  1. Б. Двоскин. Экономика – географическое районирование Казахстана. Изд. Наука 1986
  2. Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Алматы 1983
  3. У. Есназарова. Қазақстанның физикалық және экономикалық география –

сын оқыту. Алматы Рауан, 1994

  1. Маңғыстау энциклопедиясы. Алматы 1997
  2. Ақмола энциклопедиясы. Алматы 1995
  3. Е.Р. Ердаулетов. Экономическая социальная география Казахстана.

Алматы 1997

  1. Н.Н. Карменова. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік геогра –

фиясының  лабороториялық сабаққа арналған оқу құралы.

  1. Қарағанды энциклопедиясы. Алматы 1985
  2. Қазақстан Республикасының 2003 – 2005 жылдарға арналған мемелекет –

тік аграрлық азық – түлік бағдарламасы. Алматы 2003

  1. Қазақстан агроөнеркәсібі. Рауан 1990
  2. «Ақиқат» 2004 № 2
  3. «Ақиқат» 2002 № 3
  4. Қазақстан энциклопедиясы.

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля