Абу Бакирдің жаулап алу саясаты.

4 января, 2020 21:01

 

Мазмұны

 

Кіріспе ————————————————————————————— 3

ІІ –тарау.

1.1. Абу  Бакирдің  жаулап  алу  саясаты ——————————————— 7

1.2. Омардың  тұсындағы  шайқастар ———————————————— 9

1.3. Османның   тұсындағы  ішкі  қайшылықтар  ——————————— 14

 

Қорытынды —————————————————————————— 21

Сілтемелер  тізімі ———————————————————————- 22

Пайдаланылған  әдебиеттер ——————————————————— 23

 

Кіріспе

Әбу Бәкір Халиф Мұхаммед пайғамбардың хатшысы болған Зәид ибн Сәбитке Алла тағаланың сөзін жинап, кітап етіп құрастыруды аманаттайды. Үшінші Халиф тұсында Зәид ибн Сәбит көмекшілерімей бірге Құранды төрт дана кітап етіп жазып шығады. Осман Халиф бұл  төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап, Медине, Димашық, Куфа, Басыра қалаларында сақтауға әмір етеді.

Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммед пайғамбар 622 жылы Ясрибке (Медине) қоныс аударуға мәжбүр болды. Осы жыл -622 жыл — мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл»хижра», яғни «көшу» жылы деп аталады. Ясриб сол жылдан бері Медина — «пайғамбар қаласы» деп аталады.

Айша — Мұхаммед пайғамбардың  сүйікті  әйелі, оған тоғыз жасында үйленген. Мұхаммед пайғамбардың төрт қызы болды: Зейнеп, Рүкия (Үркия), Үмму  Күлсім  Фатима (Аллаға сыйынушылар  сүйіктісі). Үш ұлы болды: Ибраһим, Қасым, Абдулла. Мұхаммед пайғамбардың уағыздаған діні ислам деп аталды. Ислам деген сөз құдайға құлшылық дегенді білдіреді. Ол дінді ұстанушылар мү сілімдер, мұсылмандар деп аталады.

750-754 жылға дейін Абул-Аббас тақта отырды. Ол 1055 жылға дейін билік құрған аббаситтер әулетінің негізін қалады. Жаңа  халифаттың астанасы Бағдад қаласы болды. Оны 768 жылдан бастап халиф Мансұр (754-775) тұрғызды.

Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: Мансұр (754-755), Харун-ар-Рашид (786-809), Аль-Мамун (813-833), Мұтадид (892-902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың құлдырауы басталады. Халифаттағы барлық жер әуелде халифтың  меншігі болып есептелді.Ол елді наместниктері арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен әскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілік пен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болатын еді. «Сусыз жер — өлі жер», — дейді араб мақалы. Үлкен суландыру құрылыстары салынды.

Халифатта тұтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Олар кен қазу жұмыстарында істеді. Батпақтарды құрғатты, каналдар салды. Құлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті корғайтын жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі құлдар емес, тәуелді шаруалар еді. Халиф өз әскер басыларымен ерекше енбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. Ол үлес «ихта» деп аталды. Ихта үшін онын иесі салық төлейтін болса, Омар халиф (634-644) ол иелікті игеруді міндеттеді. Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын балды. Бұқара халық ұшыр (құшыр), зекет, харадж (қалан) т.б. салықтар төледі. Ұшыр — жан басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мұсылман болса, бұл салықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жиналған өнімнің үштен бірін құрайтын. Зекет шариғатқа негізделген, мешіт үшін салынатын мал салығы.

Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына кару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен да арабтарға  ұқсамауға тиісті болатын. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бәріне косымша салықтар салды және өз әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді.

ҮІП-ІХ ғасырларда жаулап алынған жерлерде арабтарға қарсы халық кетерілістерінің толқыны етек алды. 776 жылы Орта Азиядағы Мары қаласы маңында Хашим-ибн-Хаким басқарған кетеріліс болды. Оны халық Муканна деп атап кеткен. Ол көтеріліске қатысушылар маздакидтер ықпалында болып, дүние  мүлік  теңдігін талап етті.

815 жылы Әзірбайжанда көтеріліс басталды. Оны Бабек басқарды. Көтерілісшілер халифтің атты армиясын талқандады, көтеріліс азірбайжаннан Армения мен Иранға ауысты. Араб тарихшысының айтуынша, халифат астанасын «қатты үрей мен қорқыныш басты». Бабектің басы үшін орсан зор сыйлық белгіленді, Бабектің өзіне де егер берілетін болса, кешірім жасалады деп уәде етілді. Бұған: «40 жыл бейшара, құл болғанша, бір күнгі бас бостандығым артық» деген тәкаппар жауап қайтарылды. Сөйтіп, кетеріліс 20 жылдан соң әрең  басылды. Бабек өлтірілді.

 

Жұмыстың  мақсаты:

Араб  шапқыншылытарының   мәнін  ашу.

 

Жұмыстың  мақсатына  қай   төмендегі  міндеттер  алға  қойылады:

— Абу Бакирдің  тұсындағы  оқиғаларға  тоқталу.

— Дінге  кішкене  түсініктеме  беру.

— Ирак,  Сирия  шайқастарын  ашу.

— Мемлекеттің   ішіндегі  қрама –қайшылықтар.

 

Жұмыстың  құрылымы:

Кіріспе,  үш  тараудан, қорытынды, сілтеме, пайдаланылған  әдебиеттерден  тұрады.

 

 

Жұмыстың   тарихнамасы.

Профессор   және  доктор  Сабри  Хизметли  осы жылға  деген  көзқарасында жазған  сөзінде: аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: Мансұр (754-755), Харун-ар-Рашид (786-809), Аль-Мамун (813-833), Мұтадид (892-902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың құлдырауы басталады. Халифаттағы барлық жер әуелде халифтың  меншігі болып есептелді.Ол елді наместниктері арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен әскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілік пен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болатын еді. «Сусыз жер — өлі жер», — дейді араб мақалы. Үлкен суландыру құрылыстары салынды.

Халифатта тұтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Олар кен қазу жұмыстарында істеді. Батпақтарды құрғатты, каналдар салды. Құлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті корғайтын жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі құлдар емес, тәуелді шаруалар еді. Халиф өз әскер басыларымен ерекше енбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. Ол үлес «ихта» деп аталды. Ихта үшін онын иесі салық төлейтін болса, Омар халиф (634-644) ол иелікті игеруді міндеттеді. Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын балды. Бұқара халық ұшыр (құшыр), зекет, харадж (қалан) т.б. салықтар төледі. Ұшыр — жан басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мұсылман болса, бұл салықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жиналған өнімнің үштен бірін құрайтын. Зекет шариғатқа негізделген, мешіт үшін салынатын мал салығы.

Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына кару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен да арабтарға  ұқсамауға тиісті болатын. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бәріне косымша салықтар салды және өз әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді.

 

Жұмыстың  өзектілігі:

Мұхаммед пайғамбар арабтарды бір ғана құдайға табынуға, өзара жауласуды тоқтатуға, бірігуге шақырды. 630-шы жыл шамасында араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдады, Мұхаммед өкіметін мойындады. Мекке мұсылман дінінін орталығына, бүкіл мұсылмандардың «қасиетті» қаласына айналды. Мұхаммед мемлекет пен мұсылман мешітінін басқарушысы болды, Мұхаммед өлгеннен (632) кейін көп ұзамай, мұсылмандар бүкіл Аравияны өзіне бағындырып алды.Араб мемлекетін «шифтар» («пайғамбардың орынбасарлары») басқарды. Арабтар Византия мен Иранға шабуыл жасады. Ол елдердің көптеген қалалары жаулаушыларға ұрыссыз берілді. Арабтар 636 жылы Ярмуктегі шайқастан кейін Византияның аса бай провинциялары -Сирия мен Египетті — басып алып, 637 — 651 жылдары Иранды жаулап алды. Араб әскерлері Константинопольді бірнеше рет қоршап, шабуылдағанымен, оны ала алмады.

Мұхаммедтің  үшінші  мирасқоры халиф  Осман (644-656) өте  кәрі шал еді. Ол Мекке ақсүйектерінің өкілі болатын. Оны Сирия арабтары да қолдайтын. Сирияның әкімі — Муавия әмір оның жақын туысы болатын. Мединеліктер жек көретін кәрі халиф Османды қастандық  жасаушылар (656) өлтірді. Оның орнына Мұхаммедтің күйеу баласы Әлі халиф болды (Фатиманың күйеуі), 661 жылы ол да қастандықшылар қолынан каза тапты. Енді Муавия өзін халиф деп жариялады. Бірақ ол халифатты Меккеге де, Мединеге де бармай, Дамаскіден басқара берді. Сөйтіп, араб халифатының жаңа тарихи кезеңі басталды. Арабтардың саяси өмірінің орталығы араб қалаларынан Сирия қалаларына ауысты.

Олар бірнеше жылдың ішінде Испанияны түгелдей дерлік жаулап алды. Оның тек Солтүстік  таулы бөлігінің тұрғындары ғана бағынбай, күресе берді, одан соң арабтың атты әскері  Пиреней тауларын басып өтіп, франктер корольдігіне бас салды. Бірақ Пуатье түбінде болған 732 жылғы жойқын соғыста франктер арабтарды жеңіп, оларды  Оңтүстікке  ығыстырып тастады.

 

1.1. Абу  Бакирдің  жаулап  алу  саясаты.

Хз. Абу Бакирдің тұсындағы жаулау саясаты Византия мен Парсы Хз. Абу Бакирдің тұсында дүниежүзінің екі үлкен I мемлекеттері болып табылатын. Алайда, аталмыш бұл екі мемлекет Хз. Пайғамбардың (с. ғ, с.) бір-бірімен соғыса-соғыса әлсіреген еді. Ирандықтар Йеменге кіріп, ол жердегі хабештіктердің үстемдігін жойып, оларды Шаб теңізіне ығыстырған болатын. Хабештіктердің одақтасы болып табылған Византия оқиғаға араласса да Иран шахы Ануширван оларды жеңіп, Евфрат өзенінен өтіп, Антакия жерлеріне дейін жеткен еді.

Ануширванның орнына Иран тағына Хурмуз, ал Византия тағына Юстинианның орнына Тиберий отырған болатын. Хурмуз Иранды ысырап пен қасиетсіздік деңгейіне итермелеген болса, Парвиз де қасиетсіз бір тұлға еді. Византия мен Иранның арасындағы суық қарым-қатынас қалыптасқан-тын. Ыстанбұл қаласының қорғандарының ішіне қамалған Византия императоры Гераклий жыл сайын Иранға көп мөлшерде салық  төлеп отырды.

Кейінірек, Гераклий шіркеудің қолдауымен әрекет жасауға кірісті. Иранның орталығына дейін барды. Мұның барысында Хұсрау жаулап алу саясатынан бас тартып, мемлекетін  қорғау  саясатымен  әлек  болып жатқан тұста Гераклий Сирияда орналасқан еді. Мұсылмандардың бар екендігінен және олардың Бадр шайқасында жеңіске қол жеткізгендігінен хабардар еді.

Жалпы алғанда осындай жағдайда болған Иран мен Византияға қарсы бағытталған жаулау саясатының кейбір жорықтары Хз. Абу Бакирдің тұсында жүзеге асқан болатын. (1)

а) Ирак шайқастары: Діннен безу қозғалыстарын үлкен жігерлілікпен басып тастаған халиф Хз. Абу Бакир бар күшін жинап, Хз. Пайғамбардың (с, ғ. с.) тұсында басталған жаулау саясатына кіріскен еді, Исламның әйгіленіп, тарауы үшін қоңсы араб жерлерін жаулау кезеңі келген болатын. Оның үстіне, Альа ибн аль-Хадрами   Бахрейн шайқасында болса, оған бағынышты Мусенна ибн Харисе   аш-Шейбани болса Иракта ғазауат жолында еді. Хз. Абу Бакир хиджраның 12 жылының соңына таман Халид ибн Велид, Амр ибн Ас, Йезид ибн Абу   Суфьян, Абу Убейда ибн Джеррах пен Шурахбиль ибн Хасене сияқты ұлы сахабаларды Ирак пен Сирияға жіберілген әскерлердің басшылары ретінде тағайындаған болатын.

Халиф  хиджраның   12/  б.  з,  634 жылы  Хз.  Халидті  Иракты  жаулап  алу саясатына жауапты қызметкер ретінде тағайындап, Мусеннаның әскерлерінің оған   қосылуы туралы бұйрық берді. Осылайша, бар-жоғы 18.000 адамдық әскермен Ирак ауылдары Банқия мен Берсумені жаулап алды. Кейін 10.000 алтыннан тұратын конрибуция төлеу шартымен келісім шарт бекітті. Бұл келісім шарт Иран билеушілерін ызаландырып, Иран өміршілерінің бірі Зазавейхтің Хира ауданына әкім болып тағайындалуына себеп болды.

Хз. Халид Хирадан аттанып, Мүсеннаны өзінің алдыңғы шептегі әскерінің (авангардының) қолбасшысы ретінде тағайындады. Ади ибн Хатеми де басқа бір әскери қолды басқарды. Йаз ибн Ганим болса сасанидтерге солтүстіктен шабуыл жасап жатқан болатын. Бұл жерде Иран тарапының әскери қолбасшысы Хүрмүз болатын. Хүрмүз бір жағынан Ислам әскерінің Иранға келгендігі туралы хабар берсе, екінші жағынан өз әскерін қорғанысқа дайындау жұмыстарымен айналысуда еді.

Хз. Халид соғыспастан бұрын Хүрмүзге хат жолдап, соғыспастан беріліп, құтылуын ұсынса да, Хүрмүз ұсынысқа құлақ аспастан шайқас майданын тастап кеткен жоқ. Әскерін үш қолға бөлген Халид ибн Велид Басра қаласының оңтүстігінде орналасқан Хафир өзенінің сағасына ілгеріледі. Сасанидтердің әскерімен Йемаме жолының бойында орналасқан Қазыма жазықтығында кездескен Ислам әскері өздерінің күшіне сенген және саны жағынан өте көп сасанидтердің әскери күштерін жеңіліске ұшыратып, Хз. Халид болса Хүрмүзді өз қолымен өлтірді.

Бұл жеңістен кейін Халид ибн Велид Басра қаласының маңына бет алып, бұл жерлерге жаңадан келген сасанидтердің басқа әскери күштерімен кездесіп, оларды да жеңді. Хира шайқастарында  жеңістерге қол жеткізіп, хиралықтармен бейбіт келісім шарт жасасқаннан кейін Йаз ибн Ганимнің әскеріне көмек көрсету мақсатымен әрекет етті.

Анбар   жеріне   дейін   жеткен   Халид   ибн   Велидтің   әскері   қамалдарды тасаланып, күткен әскери күштерді оқтың астына алып, қамалдарды жаулауда тас ұшыратын   жебелі   құралымдарды   пайдаланып,   жеңіліске   ұшыратты. (2)  Анбарды жаулап алғаннан кейін Айнут-Темрге қарай жылжыды. Ол жерде темр, тағлиб және  йад сияқты  араб руларынан тұратын  әскери күштермен  кездесті.  Хз.  Халидтің  бастаған әскері бұл жерді де жаулап алып, Акканы да өзіне қаратты.

Осы тұста Йаз Думетуль-Джендельде қиыншылыққа ұшырап, қоршауға   алынғаны туралы хабар жіберді. Бұл хабарды ала салысымен Думетуль-Джендельге  бет алған Халид ибн Велидтің араб әскерін күткен дұшпан әскерлері үлкен кедергі жасап, қиян-кескі шайқастан кейін жеңіліске ұшыраған болатын. Йаздың бастаған  әскери бірліктерімен бірге аталмыш бұл шайқаста жеңіске қол жеткізген ол Хираға  қайтты. Өйткені, ол жерден Халид ибы Велидке сасанидтер әскерінің жаңа бір  шабуыл жасауы мүмкін деген хабар жеткен-тін. Ол жерге барып, дұшпан әскерін  жеңіліске ұшыратқан Халид ибн Велид 14 ай бойы (хиджраның 12 жылының  мухаррем айынан бастап) Иракта қалған еді.

ә) Сирия шайқастары: Хз. Абу Бакир сасанидтерге қарсы жүргізген жаулау саясатын жүргізуде басшы етіп Халид, Мүсенна, Йаз сияқты қолбасшыларды тағайындай отырып, Византияға қарсы жаулау саясатын жүргізуде басшы ретінде Амр ибн Ас, Абу Убейде ибн Джеррах, Йезид ибн Абу Суфьян, Шурахбиль ибн Хасенені сайлаған болатын. Олар өз жауынгерлерін емін-еркін таңдау мен өз әскери кеңесшілерін өздері тағайындау құқығына ие болды. Соғыстан қайтып оралған жағдайда қай қолбасшының қай жерде уәли болатындығы да белгіленген еді. Амр ибн Ас Палестинаның, Йезид ибн Абу Суфьян Шамның, Шурахбиль болса Йорданияның уәлие болып тағайындалады деп жоспарланғантын.

Ислам әскерінің Шамға қарай жылжуы туралы хабар Византия империясын тез   арада   әскери  дайындықтар  жүргізуге   итермеледі.   Хымысқа   келіп,   әскери дайындықтар    жүргізіп,    мұсылмандардың    әскери    бірліктері    туралы    мәлімет  жинаумен  айналысқан   король   Геракл   Йермукке   қарай   бет   алды.   Бұл   жерде жиналған    мұсылман    әскері    византиялықтарға    қарсы    соғысқа    дайындалды.

 

1.2. Омардың   тұсындағы  шайқастар.

Иран шайқастарын әуеліде Мүсенна ибн Харисе басқарған еді. Мүсеннаның  әскері Хирада әскери орталықтарын бекіткеннен кейін Шахриярдың басшылығындағы Иран әскерімен Вавилон қаласының маңында кездесті. Қиян-кескі шайқастың нәтижесінде Бехмен басшылығындағы сасанидтердің әскері жеңіліске ұшырады. Ислам әскері Медайн маңына дейін барды. Мүсенна кейін Хираға қайтып оралды. Бұл жерде сасанидтердің жаңа бір әскер жарақтап жатқандықтары туралы хабар алғаннан кейін бұл мәселе жөнінде науқастанып жатқан халиф Хз. Абу Бакирмен сөздесу мақсатымен Мәдинаға аттанды. Осы аралықта Хз. Абу Бакирдің қайтыс болып, орнына Хз. Омардың халиф жарияланғандығынан хабардар болған Мүсенна өз ойындағы мәселелерді жаңа халифке жеткізді. Хз. Омар болса Абу Убейденің басшылығымен Иракка әскер жіберді. Сасанидтер тағына отырған хатун Азер Мидхат мұсылмандарға қарсы дайындаған әскердің басына Рүстемді тағайындады. Болған шайқастарды Абу Убейде жеңіп шықты. Ал Рүстемнің әскерлері жеңіліске ұшырады.

Алайда, Рүстем жеңілуіне қарамастан Бехмен Джазуяның басшылығындағы жаңа әскери бірліктерді өзі орналасқан жерге келуін қамтамасыз етті. Абу Убейде бұл әскерлерге де шабуыл жасады. Сасанидтер әскерін алдына салып қуаласа да, дұшпан әскерінің құрамындағы пілдер Ислам әскерінің жеңіліске ұшырауына негізгі себеп болды. Евфрат өзенінің бойындағы көпірдің бұзылуына байланысты мұсылман әскерлері қайта алмай, Евфрат өзеніне батып өлді. Мүсенна да шейіт болды.

Қадисия шайқасы (14/635): Хидраның 14 жылы болған маңызды оқиғаларының бірі Сағд ибн Абу Ваккастың Иран майданындағы әскерлердің қолбасшысы болып тағайындалуы мен Қадисия шайқасы болып табылады. Сағд қолбасшы бола салысымен Сейраф маңына келгенде Мүсенна көпір оқиғасында өзенге батып өлген болатын.

Сейрафқа жеткен Сағд (р. а.) әскерді шайқасқа дайындап, Куфа қаласынан 30 км ұзақтықта орналасқан Қадисия жерінде өз әскери орталығын құрды. Сөйтіп, Иран әскерінің келуін күтумен айналысты. Бұл тұста Иранның басында Шахриярдың баласы Йездү Джерд еді. 120.000 адамдық әскерді дайындап, Рүстамнің басшылығымен мұсылмандарға қарсы жіберді.

Йезду Джерд халиф Омардың бейбітшілік ұсыну мақсатымен алдына келген елшілерін сыпайысыздықпен кері қайтарып жіберген еді. Соғыспау мүмкін емес еді. Кахка әскерлерімен қосып есептегенде Ислам жауынгерлерінің жалпы саны 45.000 адамды құрады. Сағд шайқастан бұрын Раби ибн Амирді оның өзінің қалауы бойынша елші ретінде Рүстемге жіберді. Раби қарулы және аттың үстінде Рүстемнің шатырына кірді. Оларды Исламға шақырды. Ойланып-толғанулары үшін үш күндік мерзім беретіндігін айтып, қайтты. Рүстемнің қалауы бойынша бір күн өткеннен кейін Муғире ибн Шуғбе елші болып жіберілді.

Дегенмен де жоғарыда аталған мерзім өтіп, шайқас басталды. Денесіне жара шыққан Шағбе төсегінде жатып әскерін басқарды. Иран әскерінің құрамындағы пілдер   мұсылмандарға   көп   зиян   келтірді.    Кахка   ибн   Әмір    ат-Темимидің басшылығындағы 10.000 адамдық резерв көмекке келіп үлгерді. Соғыстың ұстасы болған  Кахка  әр шабуылында ирандықтардың бахадырларын  өлтірумен болды, Шайқас толассыз төрт күнге созылды. Нәтижесінде мұсылмандар жігерлі шабуыл басып, ирандықтардың қолбасшысы Рүстемнің шатырына дейін жетті. Хильаль ибн Алькаме Рүстемді өлтірді.(3) Иран әскері он мыңдаған жауынгерлерінен айырылды. Мұсылмандар үлкен мөлшерде табысқа қол жеткізді. Иранның ең үлкен және ең әйгілі туы болып табылатын «дрефшигавиани»-ді де қолға түсірді.

Хз. Омардың тұсында болған шайқастардың ең маңыздысы Йермук шайқаси болып табылады. Барысында Халид ибн Велидтің үлкен ерлік танытқан Йермук шайқасынан кейін мұсылмандардың әскері Фихль жерлеріне дейін жетті. Византия әскері жеңіліске ұшырап, Шам мен Хымыс жауланды.

Қадисия жеңісіне қол жеткізуде астана Мәдинадан бұйрық үстінен бұйрық жіберіп отырған Хз. Омардың ролі үлкен еді.

Хз. Омар әр уақытта сахабалармен ақылдаса отырып, Сағдқа бұйрықтар жіберуде еді. Пілдерді алдыңғы шепке тізіп, шабуыл жасаған сасанидтердің әскерінің алдында көптеп шейіт болған мұсылмандар беріскен жоқ. Шамның маңында соғыс әрекеттерімен әлек болған Халид ибн Велидтің жауынгерлері түйенің үстінде көмекке келіп, дұшпан пілдерін жүргізуші жауынгерлерді жерге түсірулерінің нәтижесінде шайқастың даму барысы мұсылмандардың пайдасына күрт өзгеріске ұшырады.

Жеңіске жеткеннен кейін Кадисияда жүктерімен және әйелдерімен бірге қалдырған әскерінің бір бөлігімен Сағд ибн Абу Ваккас Вавилонға қарай әрекет етті. Кадисия шайқасында жеңіліске ұшырап, қашқан жауынгерлер мен қолбасшылар осы жерде жиналған-тын. Бұл жерде болып өткен шайқасқа Фирузан, Хүрмүзан. Фахиран, Мехриджан сияқты әйгілі қолбасшылардың қатысуына қарамастан ирандықтар жеңіліске  ұшыраған  еді. Одардың бір бөлігі Эхразға, бір бөлігі Нихавендке қашты. Біраз уақыт Вавилонда кідірген Сағд болса, Медайнді жаулап алу мақсатымен Иранның ішкі аудандарына кірді.

Джелула мен Кадисия шайқастарындағы жеңілістер Медайнның жаулап алынуын жеңілдете(4) түсті. Медайн жауланып алынғаннан кейін аль-Джазира мұсылмандарға қаратылды. Аль-Джазираның жаулануымен қоса Ирак арабтарымен Сирия арабтары бірікті. Иран мәселесі мен Сасанидтер мемлекеті Нихавенд шайқасының нәтижесінде жойылды.

Ахнеф иби Қайстың басшылығындағы Ислам әскері ирандықтарды жеңіп, Хорасанды өздеріне қаратты. Сириядағы жаулау әрекеттерін де жалғастырған болатын.

Нехавенд  шайқасы   (21/642):   Бұл  тұста  ирандықтар   мұсылмандардың жаулап алған жерлерін қайтарып алу мақсатымен үлкен әрекетке көшті.  150.000 адамнан асатын үлкен әскердің басшысы болып Хүрмүздің баласы Мардан Шах тағайындалды.    Әскер    астанадан    шыққан    кезде    Мардан    Шахтың    үстінде «Дрефшигавиани» жалауы желбіреп шыққан еді. Ол тұста Куфа қаласының уәлиі болған Аммар ибн Йасир дұшпанның бұл әрекеті туралы хабар жіберген болатын. Хз.   Омар   Мәдинадағы   мешітте   сахабаларға   бұл   мәселені   баяндап,   олардың пікірлерін тыңдады. Ноғман ибн Мукарринді қолбасшы қылып тағайындады. Оның қасына Муғира ибн Шуғба, Хузайфа ибн аль-Йеман сияқты сахабаларды қосты. Нуғман  әскерді  бастап,  алдынан  еш бір дұшпанды кездестірместен  Исфаханға жетті.   Муғира   ибн   Шуғба   Мардан   Шахпен   бейбіт  келісім   шарт  жасасса  да, нәтижесіз  қалды.   Соңында  соғысу  туралы  шешім  қабылданды.   Нуғман  өзінің қарамағындағы   қолбасшылардыжиып, қалыптасқан  жағдайды  талқыға   салды. Дұшпан   шабуыл   жасаған  тұста   Нуғман   өз   әскерін   кері   шегіндіріп,   дұшпан әскерлеріне   өз  әскерінің  орналасқан  жерлеріне дейін   ілгерілеуіне  мүмкіншілік бергеннен кейін шабуыл әрекеттеріне кешті. Үлкен бір жеңіске қол жетті. Алайда осы шайқастың барысында Нуғман шейіт болды. Оның орнын басқан Хузейфа дұшпан әскерлерін Хамаданға дейін қудалаған болатын. Қолға түскен түрлі асыл тастар мен олжаларды Мәдинаға жөнелдірген еді. Бұл жеңіс «жеңістердің жеңісі» деп аталғандығы белгілі. Византия жеріндегі жаулау әрекеттері- Шам мен Құддыстың жаулануы: Сирияны жаулау барысында бірнеше шайқас жүзеге асты. Византия әскерлеріне қарсы жасалынған бұл шайқастар мен жаулау әрекеттерінің ең негізгілері болып Йермук шайқасы (хиджраның 13 немесе 15 жылы), Шамның (Димашықтың) жаулануы (хиджраның 13 немесе 14 жылы), Фихль шайқасы (хиджраның 13 жылы), Мерджур-Рум шайқасы (хиджраның 14 кылы),    Хаманың    жаулануы    (хиджраның    15    жылы),    Лазкиянын    жаулануы  (хиджраның 15 жылы), Киннесрдің жаулануы (хиджраның 15 жылы), Халеб пен окың маңындағы жерлердің жаулануы (хңцжраның  15 жылы),  аль-Джазираның I жаулануы  (хиджраның  15 жылы),  Эджнадейн шайқасы  (хиджраның  13 жылы), Құддыстың жаулануы (хиджраның 15 немесе 16 жылы) есептелінеді.

Йермук шайқасының нәтижесінде жеңіліске ұшыраған Рум-Византия әскерлерінің негізгі бөлігі Шам ауданындағы Фихль мен Кихль жерлеріне шегініп,  бекінді. Сол себептен Шам ауданының жаулануына үлкен мән берілетін болатын. Хз. Омардың тұсында жүзеге асқан алғашқы жаулау әрекеті де Шамның жаулануы еді, Халид ибн Велид, Абу Убейда, Амр ибн аль-Ас сияқты қолбасшылар Димашықта танытқан қаһармандықтарын Сирия-Палестина аудандарын жаулап алу барысында да көрсетті.

Димашықтың жаулануы қалай    (соғыс арқылы ма, бейбіт жол арқылы ма?) жүзеге  асқандығы туралы  жепе  осыған  байланысты соғыстан кейінгі жағдайда   қалаға қандай статус беріліп, халқымен қандай     қарым-қатынас жүргізу керектігі туралы мәселе үлкен тартыстың тақырыбына айналған болатын.

Палестина өңірін жаулау міндеті Амр ибн аль-Асқа тапсырылған-тын. Керек болған жағдайда Ирак пен Сирия жерлерінде Абу Убейдаға әскери көмек көрсеткен Амр әуелі қаланың әкімі Аробонмен келіссөздер жүргізді. Бейбіт жол арқылы   жаулап алуды жүзеге асыра алмайтындығына көзі жеткен ол Құддысты қоршауға алды. Бір жыл бойы Құддысты қорғаған христиандар нәтижесінде ресми түрде қаланы халиф Омарға тапсырды. 16/637 жылы Ислам мемлекетіне қосылған Құддыс қаласына халифтің кіріп баруы мен қаланы ресми түрде қабылдауы да тарихта маңызды орын алды.

Хз. Омардың екінші мәрте Шамға баруының тұсында, 18/639 жылы Ирак, Сирия мен Египет жерлерінде оба ауруының пайда болуы байқалды. Хз. Омар әскердің қолбасшыларына хабар жіберіп, аурудан сақтану мен аталған жерлерден ұзақ болуларын бұйырды. Алайда, атақты сахабалар мен қолбасшылар: Абу Убейда, Муаз ибн Джебель, Йезид ибн Абу Суфьян, Харис ибн Хишам оба ауруынан қайтыс болды. Мұндай жағдайда әскердің басына Амр ибн аль-Ас келіп, әскерлерін түрлі басқа аудандарға орналастырып, олардың арасында оба ауруының тарамауына   мүмкіншілік жасады.

Осылайша, Шам мен Палестина жерлері Хз. Омардың тұсында аяқталып, Египеттің жаулануына назар аударылды.

Египет пен Александрияның жаулануы: Хз. Омар Египетті жаулау міндетінАмр ибн аль-Асқа тапсырды. Египетгің жаулануы Ирак пен Сирияны жаулап алу  әрекеттерінің жалғасы ретінде бағаланады. Египетті жаулап алу үшін халифтің рұқсатын алған және үлкен әскердің басшысы болған Амр Египетке бағыт алып, Ферема жерінде шайқас бастады. Кыптилер мен румдықтардың арасында қалыптасқан келіспеушілікті өз пайдасына шешкен ол Фереманы тез арада езіне қаратып, артынан Бильбисті жаулап алып, Юнан қаласын қоршауға алды. Халиф Омар Египетке Микдад ибн аль-Есвед пен Үбаде ибн Самиттің басшылығында үлкен бір әскерді тағы жіберді. Мұсылмандардың біріккен әскери күштері қысқа  бір   мерзімнің ішінде (20/640) жаулауды ойдағыдай жүзеге асырды.

Қуатты әскерлерден толассыз жеңіліске ұшыраған Египет билеушісі Амрмен кездесіп, бейбіт келіссөз жүргізу туралы ұсыныс жасаған еді. Белгілі мөлшерде жыл сайын салық төлеу шартымен келісім жасалды. Бұл келісім шарт румдықтар Египетте қалуды қалаған жағдайда қалулары мен қаламаған жағдайда белгіленген мерзімге дейін мемлекетті тәрк етулері туралы мәселе де қарастырылған болатын. Бұл келісім шарттың шешімдеріне риза болмаған Византияның билеушісі Геракл наразылық білдіріп, Александрияны жаулап алу мақсатымен әскер жіберді. Алайда, мұсылмандар одан бұрын Александрия қаласын қоршауға алып, үш айдың ішінде  өздеріне қаратқан болатын. Осылайша, 20-21/641-642 жылдар аралығында Египет толығымен Ислам әлемінің құрамына қосылған еді. (5)

Хз. Омардың өлтірілуі.   Нихавенд шайқасында қолға түскен тұтқындардың арасында Абу Луғлу деген  лақап атымен белгілі Фируз есімді христиан бір құл да болған. Мәдина қаласында  тұрган Фируз Басра қаласының уәлиі Муғира ибн Шуғбаның құлы еді. Бірнеше  мамандықтың иесі болуына байланысты қожайыны оның тапқан табысынан белгілі  мөлшерде салық алып отырған-тын. Алайда, ол алынған салықтын көп екендігін  сылтауратып   халиф   Хз.   Омарға   шағымданды.   Халифтің:   «Сенің   мамандығың  қандай?»   деген   сұрағына.   Фируз:   «ағаш  ұсталығы,  темір  ұсталығы   мен   бояу   ұсталығы» деп жауап бергеннен кейін Хз.   Омар бұл ұсталықтардың барлығын  барлығын  есептеген жағдайда Фируздан алынатын салықтың еш таң қалдыратындай  жағы жоқ екендігін білдірген еді. Бұл шешім Фирузды  ашу-ызаға  толтырып  тұрған  жерінен шапшаң түрде шығып кетуіне себеп болды. Ертесі күні киімінің астына  қанжар тығып, таң намазынан бұрын мешітке кіріп, тасаланды. Намаздың оқылуы  басталған   тұста   Хз.   Омардың  бірнеше  жеріне   қанжар   салып,   қашу   әрекетіне  салынбақ болды. Алайда, мұсылмандардан құтыла алмайтындыған андаған ол басқа  да мұсылмандарға қарсы қанжар қолданып, өзін-өзі өлтірді.

Жараланған  түрде үйіне жеткізілген халиф ең әуелі езіне қанжар салған адамның кім екендігін сұрады. Мұсылман емес бір адам болғандығынан хабардар болып, өзіне бір мұсылманның қанжар жұмсамағандығы үшін Аллаға шүкіршілік етті. Жаралары ауыр болып, өте қатты қиналды. Оның ел басқарғандығына риза болған халық өзінен кейін халиф ретінде кімді ұсынатындығы туралы сұрады. Ол болса, орнын басатын бір адамды атаудың орнына, мемлекеттің басшылығын 6 адамнан тұратын кеңеске тапсыратындығын мәлімдеді. Тең дәрежеде сайлау және сайлану құқығына ие бұл кеңестің мүшелері ең қысқа уақыт ішінде араларынан біреуін мемлекет басшысы ретінде сайласын деген өсиет берді.

Хз. Омар жараланған мезеттен үш күн өткеннен кейін хиджраның 23 жылының  зильхиджа айының 26 күні / б. з. 644 жылының қараша айының 3 жұлдызында қайтыс болды. Хз. Омарға жасалған қастандықтың Мәдинада тұратын ирандық және сириялық шетелдіктердің ұйымдастырған жоспары екендіктері де айтылған еді.

Хз. Османның халифтік кезеңі (23-35/644-656).

Ел басқаруынан риза болған халық Хз. Омардан (қайтыс боларынан біраз бұрын) өзінің орнына халиф ретінде кімді ұсынатындығы туралы пікірін сұрағанда, ол бұл мәселенің шешімін кеңеске тапсырып, мұсылмандардың  мемлекет басшысын сайлауда жаңа бір жүйе ұсынған болатын. Хз. Осман Хз. Омардың ұсынған алты кісілік кеңестің тарапынан халиф болып жарияланды. Хз. Омар жараланып, жарасының асқынуынан кейін мұсылмандардың өтініштеріне қарамастан орнына тағайындайтын адамның есімін атамаса да, Хз. Пайғамбар көзінің тірісінде жаннатқа кіретіндіктері айтылған алты кісіден тұратын кеңестің құрылуын және ең кеш дегенде 3 күннің ішінде араларынан бір адамды халиф дел жария қылуларын тіледі. Кеңес 1)Осман, 2)Али, 3)Талха, 4)3үбейр, 5)Сағд иби Абу Ваккас пен 6)Абдуррахман ибн Аустан құралды. Кеңестің төрағасы Абдуррахман ибн  Аус болды. Сайланбау құқығына ие, тек бақылаушы ретінде баға беру міндетін мойнына алған Абдуллах ибн Омар да кеңестің құрамына кіретін. Талха ибн Үбайдуллахтың бұл тұста Мәдина қаласында болмауына байланысты оның өкілі болу міндетін Сағд ибн Абу Ваккас өз мойнына алды. Миқдат ибн Есвед кеңесті жиналысқа шақыру мәселесімен, Абу Талха сайлау барысындағы әділеттіліктің бұзылмауын қадағалау мәселесімен, Сухейб ар-Руми болса үш күндік мерзім аралығында жамиғатқа намаз барысында имамдық қызметін аткару мәселесімен айналысты.

Бастапқысында хашимилер мен омейядтықтар басшының кім болуы керектігі туралы мәселеде беріспейтіндей бәсекеге салынды. Халифтікке өз араларынан біреуді сайлау ниетіне берілді. Көне саяси бәсеке қайта түлеген-тін. Күмән жоқ, билікті хашимилер де, омейядтықтар да қолдан жіберіп алғысы келмеді.

Кеңестің мәжілісі өзінің сайлануынан (үміткерлігінен) баз кешкен Абдуррахман ибн Ауфтың тарапынан басқарылып, Мисвер ибн Махременің үйінде жиналды. Сухейб ар-Руми мен Микдат хатшы қызметін атқарды, Отырыстың төрағасы болған Абдуррахман ибн Ауф халифтікке ұсынылған Османмен және Алимен жеке-жеке сөйлесті. Осы тұста халықтың ойы зерттеудің астына алынды: мешітте, сауда-саттық жерлер мен базарларда адамдармен сұхбат жүргізілді, яғни халық ойының сараптамасы жүргізілді. Мұсылмандардан дауыстарын Али мен Османның екеуінен қайсысына беретіндіктерін сұрастырды.

Бұл әрекеттердің барлығының нәтижесінде «кеңес мәжілісі» мен халықтың ойы бір жерден шығып, халифтікке Осман ибн Аффан сайланды. Сөйтіп, Хз. Осман хиджраның 24 жылының  мухаррем айында (Б. з. 644 жылының караша айының 3 жұлдызында) кеңес тарапынан бір ауыздан халиф болып сайланды. Сол замат мүшелердің барлығы жаңа халифке қызмет ететіндіктері туралы ант берді.

Хз. Османның он екі жылға созылған халифтік құрған кезеңінде екі маңызды оқиға болды. Оның біріншісі «жаулау әрекеттері» болса, екіншісі «ішкі қарама-қайшылықтар» еді.

 

1.3. Османның   тұсындағы ішкі  қайшылықтар.

Хз. Османның тұсындағы жаулау саясаты  хиджраның 23 жылының соңында, 24 жылының басында халиф болғаннан кейін Иранда Рэй, Хамадан мен Истахыр халықтарының, Әзірбайжан мен Армения халықтарының көтерілістерімен, Византияның Александрияға шабуыл жасауымен бетпе-бет келді. Әзірбайжан мен Арменияның және Иранның жоғарыда  аталмыш жерлерінің халқы салық төлегісі келмеуінің салдарынан көтеріліске шыққан болатын. Хз. Осман мұндай жағдайда византиялықтарға қарсы және көтерілісшілерге қарсы әскер жіберуге мәжбүр болды. Басқа бір жағынан әскери салық мөлшерінің артуына байланысты қарсы шыққан Египет уәлиі Амр ибн аль-Астың қызметінен босатылып, оның орнына халифтің сүт бауыры Абдуллах ибн Сағд ибн Абу Серхтің тағайындалуы Египетте көптеген ішкі қарама-қайшылықтардың туындауына себеп болды.

Осындай  бір  мүмкіншілікті дер  кезінде  пайдаланған  Византияның жаңа билеушісі   Константин   қуатты   бір   әскери   флотымен   шабуыл   жасай   отырып,   Александрияны мұсылмандардан кері қайтарып алды. Қатесін түсінген халиф Амрді орнына қайта тағайындағаннан кейін ол Александрияны қайта жаулап алды.

Ал Ибн Серх болса Африкада маңызды жаулау әрекеттерін жүзеге асырды. Меккені жаулап алу әрекеттері барысында мұсылмандарға істеген зұлымдықтарына байланысты Ибн Абу Серхтің қанының төгіліп, өлтірілуі Хз. Пайғамбардың (с. ғ. с.) тарапынан халал (тыйым салынбаған) істердің бірі екендігі айтылғаннан кейін сүт бауыры Хз. Османның араша түсуінің нәтижесінде кешірімге ие болған еді. Египетті жаулап алушы Амрдің әскеріндегі қарапайым бір жауынгер болатын, Хз. Осман Ибн Абу Серхтің басшылығында бір әскер дайындап, Африкаға жөнелдіруі  туралы Амрге бұйрық берді. Абдуллах ибн Нафи ибн Абдуль-Қайыс пен Абдуллах ибм Нафи ибн Харисті бірнеше әскери бірліктермен бірге оның қарамағына тапсырды. Сонымен қатар олардың арасында Ибн Аббас, Ибн Омар, Хз. Хасан, Хз. Хусейн, Абдуллах ибн Амр ибн Ас, Абдуллах ибн Джафер сияқты атақты сахабалардың болуының арқасында әскердің саны 10.000 адамнан асып жығылды. Әскер Ливия шөлін өтіп, Траблусқа тіке бет алды. Жолай Укбе ибн Нафидің басшылығындағы әскерлер негізгі әскерге қосылды. Траблус қаласыньщ уәлиі Грегериус шамамен 120.000 адамдық әскерімен қарсыласын күтуге дайын тұрған болатын. Қиян-кескі шайқас болды. Ұзақ уақытқа созылған шайқастың нәтижесінен хабар ала алмаған халиф Абдуллах ибн Зүбейрдің басшылығында көмекке жіберді. Жаңадан қосылған әскерлерді көзі шалған Грегериустың жеңістен үміті үзілді. Абдуллах ибн Зүбейртың әскерімен дұшпанға шап беріп, Рим әскерін жеңіліске ұшыратты. Грегериусты өлтіріп, шайқас мұсылмандардың пайдасына аяқталды. Енді Африка қақпаларының мұсылмандардың алдында ашылуына байланысты Ибн Абу Серхтің басшылығындағы Ислам әскері Мерракашқа дейін барды. (Хиджраның 25 жылы) Абдуллах ибн Нафи ибн Абдуқайыс пен Абдуллах ибн Нафи ибн Хусейннің басшылығындағы әскерлер Испанияның ішкі аумақтарына аяқ басты. Абдуллах ибн Нафи ибн Абдуқайыс Африканың уәлиі болып тағайындалды.

Абдуллах ибн Абу Серхтің Африка жорығын аяқтауынан кейін жорықтан түскен олжаның 1/5 бөлігін өзіне алуы наразылыққа негізделген өсек-аян сөздердің тарауына себеп болды.

Шам әмірі Йезид ибн Абу Суфьян мен кейбір қолбасшылардың қайтыс болуына, Үмейр ибн Сағд аль-Ансаридің науқастануы мен Палестина өмірі Абдуррахман ибн Абу Алкаменің қайтыс болуына байланысты бүкіл Шам мен Сирия жерлерінің уәлиі болып тағайындалған Йордания әміршісі Муавия ибн Абу Суфьян хиджраның 29 жылы/ б. з. 648 жылы Кипрді жаулап алу жоспарын ойластырумен болды.

Кипрді теңіз жолы жаулап алу жорығына көп мұсылман қатысты. Муавия құрамы Абу Зер, Абуд-Дерда, Үбаде иби Самит аль-Ансари және т. б. сияқты сахабалардан тұратын әскерді хиджраның 28 жылы Абдуллах ибн Қайыстың басшылығындағы кемелерге отырғызып, Кипрге жолдады. Египет әміршісі болған Абдуллах ибн Сағд та Египеттен шығып, кемелерімен Кипрге жетті. Кипрде бірлескен Египет пен Шам эскадралары алдынан шыққан шайқаста жеңіске қол жеткізіп, көптеп тұтқын мен олжаға кенеліп, кері қайтты. Кипрліктер жыл сайын 7.000 алтын өтеу шартымен бейбіт бітімге келді. (6)

Хиджраның 30 жылы Басра қаласыньщ уәлиі Абдуллах ибн Амр мен Сағд йбн Ас бір-бірінен бөлек жолдар арқылы Хорасан мен Табаристанға әрекет етті. Гүрджан, Хорасан, Табаристан Сағд ибн Астың әскері тарапынан жауланып тынды. Абдуллах ибн Амрдың әскері болса Кабул, Сиджистан мен Нишапурды жаулап алды.

Осылайша, Хз. Османның тұсында Ислам әлемі батыс пен шығыста жаулап алуға мүмкіншілігі жеткен жерлерді өзіне қаратқан болатын. Одан ары жерлерде орналасқан мемлекеттерге бару мүмкін емес еді. Ол мемлекеттерді жаулап алған түнде де өз билігінің астында уақытша мерзім аралығында ғана ұстай алар еді. Ислам мемлекетінің шекарасы Азияда Анадолының, Қытай мен Ресейдің, Африкада Солтүстік және Шығыс (Мағриб) Африканың ішкі аудандарының, Еуропада Португалияның шекараларына дейін кеңейді. Нафидін Абдуллах есімді екі баласы Солтүстік Африка мен Испанияның Ислам әлеміне қосылуында үлкен роль ойнады. Мұндай жетістіктерге қарамастан жаулап алу әрекеттері өзімен бірге әлеуметтік  және  экономикалық  мәселелерді  туындатқызған  болатын.

Хз. Османның өлтірілуі біздің ойымызша жоғарыда аталған оқиғалар, жағдайлар мен атқарылған  істер   Хз.   Османның  өлтірілуін   қажет  ететін  дәрежеде   емес   еді.   Мәселелерді  бажырайтып көрсететін, адамдарды бір-біріне қарсы айдап салатын, жақсы ниетті  жаманшылыққа қолданатын және дұшпандықты өршіте түсетіндер болмағанда ғой,  «мемлекеттің басшысы Хз. Османның өлтірілуі аса қиынға соғар еді,

Хз. Османның тұсындағы қарама-қайшылықгардың арқа жағында басқа бір себеп бар. Халифтың өлтірілуі мен оқиғаның орын алуы жоспарлы сипатқа ие болып, «көрінбейтін бір күш» тарапынан жүзеге асқандығы байқалады. Негізінен бастапқы тарихшылар Хз.  Османның өлтірілуінің арқасында сондай бір күштің болғандығы туралы ортақ пікірге келген болатын.

Абу Михнеф пен Вакиди жөне олардың көзқарасын ұстанатындар Хз. Османның өлтірілуін сахабалар ұйымдастырды деген пікірге келген.

12 жылдық халифтігінің барысында өзіне қарсы көтерілістің туындауы мен қанды бір оқиғамен аяқталатын өлтірілуіне себеп болатын қандай да бір қадам жасамаған Хз. Османды хиджраның 35 жылының зильхиджа айының 18 күні (б. з.  656 жылының шілде айының 17 күні) хиджраның 35 жылынын шавваль айында (б. з. 656 жылының наурыз айында) қажылыққа бару сылтауымен Куфа, Басра мен Египеттен Мәдина қаласына келген, алайда, негізгі мақсаты халифті өлтіру болған террористер Мәдинадағы Хз. Пайғамбардың мешіті мен Дарда ұзақ уақыт қоршауда ұстап, өлтірген болатын, Осылайша анархистер ұзақ уақыт жүргізген төңкерісті жүзеге асыру әрекеттерін аяқтаған еді.

Хз. Алидің халифтік кезеңі (35-40/656-661). Хз. Османның шейіт болуы мұсылмандардың арасында толассыз ішкі қайшылықтардың орын алуына түрткі болып, мазхабтардың арасында күрестің пайда болуына жол ашты, Екі айға созылған анархия халифтің қайтыс болуынан кейін 5 күнге тағы созылды. Хз. Османды өлтірген террористер астанада үстемдік орнатып, Хз. Османның орнына өздері қалаған адамды халиф қылып сайлау мүмкіншілігіне  ие болды.

Алайда, III Рашид халифасын өлтіру мәселесінде бір ойды ұстанған анархистер жаңа халифтің кім болатындығы туралы мәселеде түрлі пікірді жақтаған еді. Талха мен Зүбейр олардың ұсыныстарын қабылдамай тастады. Нәтижесінде, Мәдина қаласының тұрғындарын жиналысқа шақырып, ең қысқа мерзімнің ішінде Хз. Алиді халиф сайлап, оның алдында ант беретіндіктері туралы жоспарларының бар екендігін хабарлап, оларға (тұрғындарға) ойланулары үшін бір күндік мерзім беретіндіктерін айтты. Халық Хз, Алиді халиф сайлап, оның алдында ант берді. Алайда, Мәдина тұрғындары 35/656 жылы халиф болып сайланған Хз. Алиге шартты түрде ант берген болатын. Олар оған Хз, Османды өлтірген адамдарды ең қысқа мерзімнің ішінде тауып алып, жазалануы керектігі туралы шарт қойды. Осылай, Хз. Али Хз. Абу Бакирдің халиф болып сайлануына ұқсас түрде халиф сайланса да ант беру барысында халық оған шарт қойды. Алайда, сахабалардың үлкен бөлігі оған ант бермеуімен қатар, Шам мен соған ұқсас жерлердің халқы да Хз. Алидің халифтігін мойындамады.

Хз, Алидің тұсындағы оқиғалар Хз. Али Ислам дініне сай әрекет істеу мен мемлекетті басқару мақсатымен халиф атанды. Ол Хз. Пайғамбардың тұсында да, одан кейінгі кезеңдердегі үш халифтің тұсында да белсенді түрде Исламға жан-тәнімен қызмет еткен болатын. Хз. Али әр уақытта үш халифтің қасынан айырылмай, олардың кеңесшісі әрі ең  жақын   көмекшісі   қызметін   атқарған   еді.   Хз.   Османның   өлтірілуінен   кейін туындаған мәселелерді шешуге қаншама күш салса да, әлі  жетпеді.

Хз Али халиф бола салысымен Хз. Османның тағайындаған уәлилері ауыстыру ісіне кірісті. Бұл юті жүзеге асыруда халықтың анттарын қабыл алу мерзімін күтпестен, асығыстық танытты. Асығыс қадам жасап жатқандығы туралы Мүғира ибн Шуғба мен Абдуллах ибн Аббас оған ескерту де жасаған болатын. Осының   салдарынан  уәлайаттарда  Хз.   Алиге   қарсы  қарсыластар   шебі   құрыла  бастаған еді.

Халиф болысымен қарсыластыққа тап болған Хз. Али хиджраның 35 жылының 26 зилхиджасынан хиджраның 40 жылының 17 рамазанына дейін 5,5  жылдық кезең бойы халиф қызметін атқарды. Халифтік кезеңінің барлығы дерлік ішкі және сыртқы қайшылықтарға толы болды. Ішкі қақтығыстар, ағайындардың соғысы оның кезеңінің ең маңызды оқиғалары болып табылды. Ішкі қайшылықтардың салдарынан болар, я да Ислам мемлекетінің шекарасы Хз. Османның тұсында жетер нүктесіне   жетіп болғанына байланысты болар, Исламның  территориясы кеңейе алмады. Оның үстіне халифтің бұл мәселеге назар аударарлықтай мүмкіншілігі де болған жоқтын.  (7)

Джемель оқиғасы: Хз. Османның өлтірілуі мұсылмандардың арасың наразылық тудыруымен қатар ағайындардың арасында қақтығыстар мен осыға байланысты бөлінушіліктің орын алуына өте үлкен әсерін тигізді. Оның орны басқан Хз. Али болса мұндай мирасты қабылдау бақытсыздығына ие болатын. Оға шартты түрде ант берген халық одан тез арада Хз, Османды өлтіргендерді тауып жазаландыруын талап еткен еді. Хз. Али болса тыныштық орнап, террористерді Мәдинадан ұзақ жерлерге кетуі мен өзінің халифтігінің басқа да уәлайаттарда мойындалуына үміт артатын. Террористер астана Мәдина қаласында үстемді орнатқан жағдайда еді. Оның үстіне кейбір бұзықтар Хз. Османның өлтірілуінің   кейбір сахабаларды кінәлі деп көрсететіндей жағдайға ие болды.

Міне, осындай себептерге байланысты астана Мәдинада тәртіп жоқ еді. X. Абу Бакирдің қызы әрі Хз. Пайғамбардың жесірі болып табылатын Хз. Айша жән Талха мен Зүбейр мемлекеттік жүйеге қарсы шықты. Халифке қарсы бірігіп өз шептерін құрды. Айналасына әскер жиып, қылыштарын қолға алып IV халиф X: Алиге қарсы көпшілік болып көтеріліске шықты. Мұсылмандар бір-біріне қарсы қылыш қолданып, бір-бірімен соғыса бастаған кезең осы кезең болып табылады. Куфа қаласының тұрғындары оларға қосылды. Басра қаласынан келгендер де болды. Хз. Алидің қарсыластары бұл екі қаладағы мемлекеттік қазынадан күш   қолданып, ақша алды және ол ақшаны күреске жұмсады. (8)

Хз. Османды өлтірген адамдарды да өз әскерінің қатарына қосқан Хз. Али хиджраның 16 жылының 14 джемазильахирінде (б. з. 656 жылының желтоқсанында) қарсыластарына қарсы Хурейбе деп аталатын жерде әскери сап түзеді. Осылайша, Хз. Пайғамбардың ең жақын туыстары әрі ең тандаулы жолдастары болып табылатын екі топ шайқас майданында кездесті. Алайда, екі топ та шайқасу ниетіне берік емес еді. Қарсы тарап Хз. Алидің шайқаспау туралы ұсынысын қабылдап, бір-бірімен соғыспау байламына келді. Хз. Османды өлтіргендерді тұтқындап, жазаландыру шешімі де екі жақты түрде келісілді. Хз. Алидің әскерінің кұрамындағы ұзақ уақыт Мәдина қаласын қоршауда ұстап, Хз Османды өлтірген «сабалықтар» деп аталатын топ аталған келісім шартқа әрине риза болған жоқ. Олар бекітілген бұл келісім шарт пен одақтасуды бұзу мақсатымен  әрекетке көшті. Өйткені, Али мен Айшаның жақтастарының бірігуі бұлардың әлсіз   жағдайға душар болуы деген сөз еді. Абдуллах ибн Саба, Ильба ибн Аль-Хейсем Шурейх ибн Авфа, Ади ибн Хатем сияқты кісілер өз араларында келісіп мұсылмандарды түн ортасында біртіндеп бір-біріне қарсы айдап салу қарарын алды.  Өйткені, егер екі тарап бір-бірімен соғысатын болса, олар әлсіреп, бұлармен соғысуға шамалары жетпес еді. Сөйтіп, бұлар үкіметті өз қолдарына шоғырландырған жағдайда өз болмысын жалғастырған болар еді.

Екі тарапқа кезекті түрде шабуыл жасалынуының салдарынан екі тарап та өз адамдарына: «Йа ағайындар! Бізге шабуыл жасалды» деген сияқты ұранмен бір-біріне қарсы қару ала жөнелген болатын. Бұдан кейін Хз. Алидің қақтығысты тоқтатарга қауқары болмай, Айша болса шайқасқандарға бағыштап қарғыс айтқандығы белгілі. Ислам дұшпандарының мақсаты жүзеге асқан еді. Соңында Хз. Алидің адамдары жеңіске қол жеткізді. Талха мен Зубейр сияқты атақты сахабалардан бастап, екі тараптың көптеген адамы қаза тапты. Басраны (9   )да жаулап алған халиф Хз. Али өзінің әскеріне тонау және соған ұқсас әрекеттерді жасауға тыйым салды. Хз. Айша түйеге мініп, соғысуына байланысты бұл шайқас «Джемел (түйе) шайқасы» деп аталды.

Осы тұста Ислам мемлекетіне бағынышты уәлайаттар мен ейалаттардан: Ирак, Парсы. Хорасан, Йемаме, Хиджаз бен Египеттен Хз. Алиге ант беретіндіктері және оның халифтігін мойындайтындықтары туралы хабарлар жетті. Алайда, Шам мен оның айналасында орналасқан жерлердің уәлиі болып табылатын Муавия ибн Абу Суфьян оның халифтігін мойындамай, ант беруден бас тартты.

Али мен Муавияның күресі және Сыффын шайқасы: Халиф Хз. Али Джемель шайқасынан кейін Шам мәселесін қолға алды. Шам уәлиі Муавия Сирия  халқын Хз. Алиге қарсы күрес жүргізу үшін әу бастан-ақ дайындап қойған болатын. Сөйтіп, мұсылмандар хиджраның 36 жылының соңында саяси мақсатты ұстанып, бір-біріне қарсы қылыш қолдану үшін соғыс майданында кездесті.

Муавия бірінші болып, «Сыффын» атты жерге келіп, шайқасты өз пайдасына шешу мақсатымен әскерін қолайлы деп тапқан жерге орналастырды, Хз. Али болса өз әскерін оның әскеріне жақын бір аумаққа орналастырған еді. Муавияның әскері Алидің әскеріне Евфрат суын қолдануға мүмкіншілік бермеді. Келісім мен бітімге келе алмаған екі әскери күш қиян-кескі шайқаска кірісіп кетті. Муавия әскері жеңіде бастаған тұста Мысырдың жаулап алушысы әрі уәлиі Амр ибн аль-Ас Муавияға көмекке келді. Али әскерінің құрамында бәдәуи (көшпелі) арабтардың, құранды жатқа білетін мұсылмандар мен надан халықтардың саны көп болатын. Амр Муавияға Құранның парақтарын жауынгерлердің найзаларының ұшына қадап, қарсыластарын (10)Құранның үкіміне шақыруын ұсынды. Муавия бұл ұсынысты мақұлдап, жүзеге асырды. Алайда, Хз. Али бұл әрекетті бір қулық ретінде бағалап, олардың шақыруын қабыл алмады. Не десек те, жоғарыда айтып кеткеніміздей бір мәдениеттің деңгейі мен негізінен космополиттік дүниетанымды ұстанған оның әскері сөзін тыңдамады. Хз. Алиге Құранның үкіміне бой ұсынайық деген шақыру келді. Сабалықтар деп аталатын топ, яғни Хз. Османды өлтіргендер Хз. Алиге: «Ей Али, шақырылған Алланың Кітабына бой ұсын. Егер бой ұсынбасаң сені дұшпанның алдында жығып береміз немесе саған да Османға не істесек соны істейміз» деген сөз айтты. Айтылған бұл сөздерімен өздерінің нағыз кім екендіктерін білдіріп, өз ойларын сипаттаған бұл топ күн тәртібінде жеңіс тұрғанда Хз. Алиді «кауқарсыз» жағдайға түсірген еді.

Мемлекеттің саяси тепе-тендігін қамтамасыз ете алмаған, халиф бола салысымен ағайындардың арасындағы соғыстармен айналысуға мәжбүр болған халифті өз дегеніне көндіру және оның басының үстінде Цезарьдің қылышына ұқсап, төніп түру іс-әрекетіне салынған сабалықтар соғыс барысында да, бейбіт өмірде де билікті өз қолдарында ұстаған болатын. Көптеген тарихшылардың айтуы бойынша «құпия күш» (аль-йадуль-хафи) болып табылатын күш міне осы күш еді. Хз. Алидің төрешісі ретінде Абу Муса аль-Ашаридің тағайындалуын да осы күш жүзеге асырған болатын. Нәтижесінде екі әскер тұрғак жерінен кері шегініп, Абу Муса мен Амр ибн Астың айтатын төрелігін күтумен болды.

 

Қорытынды

 

750-754 жылға дейін Абул-Аббас тақта отырды. Ол 1055 жылға дейін билік құрған аббаситтер әулетінің негізін қалады. Жаңа  халифаттың астанасы Бағдад қаласы болды. Оны 768 жылдан бастап халиф Мансұр (754-775) тұрғызды.

Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: Мансұр (754-755), Харун-ар-Рашид (786-809), Аль-Мамун (813-833), Мұтадид (892-902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың құлдырауы басталады. Халифаттағы барлық жер әуелде халифтың  меншігі болып есептелді.Ол елді наместниктері арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен әскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілік пен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болатын еді. «Сусыз жер — өлі жер», — дейді араб мақалы. Үлкен суландыру құрылыстары салынды.

Халифатта тұтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Олар кен қазу жұмыстарында істеді. Батпақтарды құрғатты, каналдар салды. Құлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті корғайтын жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі құлдар емес, тәуелді шаруалар еді. Халиф өз әскер басыларымен ерекше енбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. Ол үлес «ихта» деп аталды. Ихта үшін онын иесі салық төлейтін болса, Омар халиф (634-644) ол биелікті игеруді міндеттеді. Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын балды. Бұқара халық ұшыр (құшыр), зекет, харадж (қалан) т.б. салықтар төледі. Ұшыр — жан басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мұсылман болса, бұл салықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жиналған өнімнің үштен бірін құрайтын. Зекет шариғатқа негізделген, мешіт үшін салынатын мал салығы.

Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына кару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен да арабтарға  ұқсамауға тиісті болатын. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бәріне косымша салықтар салды және өз әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді.

Сілтемелер  тізімі.

  1. Орта ғасырлар  тарихы  Проф. Док. Сабри  Хизметли.  Шымкент  2001 ж.  78 б.
  2. История стран  зарубежного  Востока В  средние   века. М.,  1957 ж.107 б.
  3. История стран  зарубежной  Азии  в средние  века. М., 1970 ж. 156 б.
  4. Орта ғасырлардағы  шығыс  елдерінің   тарихы. С.Ә. Тортаев  А., 2000 ж. 60 б.
  5. История Востока Т. 2. Восток  в  средние  века М.,   1995 ж. 102-130 б.
  6. История Востока  Васильев  Л.С. Т. 2. М., 1998 ж. 206-208 б.
  7. Дінтану С. Хизметли  Шымкент 2000 ж. 28-б.
  8. Всемирная история  М., 1957 ж. ІІІ т. 258 б.
  9. Семенов В.Ф. История средних  веков. М., 1970 ж. 127 б.
  10. Книга для  чтения  по  истории  средних  веков. Под. Ред. С.Д. Сказкина Ч –І  1969 ж. 102 б.

 

Пайдаланылған   әдебиеттер  тізімі

1.Орта  ғасырлар  тарихы  Проф. Док. Сабри  Хизметли.  Шымкент  2001 ж.

2.Семенов В.Ф. История  средних  веков. М., 1970 ж.

3.История  стран  зарубежного  Востока В  средние   века. М.,  1957 ж.

4.История  стран  зарубежной  Азии  в средние  века. М., 1970 ж.

5.Орта  ғасырлардағы  шығыс  елдерінің   тарихы. С.Ә. Тортаев  А., 2000 ж.

6.Книга   для  чтения  по  истории  средних  веков. Под. Ред. С.Д. Сказкина Ч –І  1969 ж.

7.История  Востока Т. 2. Восток  в  средние  века М.,   1995 ж.

8.История  Востока  Васильев  Л.С. Т. 2. М., 1998 ж.

9.Дінтану  С. Хизметли  Шымкент 2000 ж.

10.Всемирная   история  М., 1957 ж. ІІІ т.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля