27 февраля, 2018 16:14
Жаңгыру кезіндегі сын мен зерттеу енбектер (60-70 жж)
Жиырмасыншы жылдар — казак эдебиетінің сын жанрының калыптасуы, жетілуі жолындағы бірталай ізденістер өткен дәуірі. Әдебиеттің жедел өсуіне байланысты эдебиет сыны да дамуға мүмкіндік алды. Осы дәуірдегі әдебиеттің багыты жайлы әр түрлі көзкарас баспасөз бетінде эр түрлі ой-пікірлерді тудырды. Ол кезде «казақ әдебиет қандай бағытта даму керек, қандай шығармашылык әдіске сүйену керек, мәдени мұраға қалай карау кажет» деген сиякты мәселелер күн тэртібінде тұрды. Бұл әсіресе ҚазАПП-тың кұрылуымен байланысты өткір койылды. Осы жайлы пікір алысуға М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Ғ.Тоғжанов, С.Мұқанов, Ә.Байділдин, Қ.Кемеңгеров сияқты каламгерлер катысып, өз ойларын ортага салды. Негізгі пікір екі жарылып, бірі Қазакстанда пролетариат әдебиеті жок, акын-жазушылардың көбі шаруалар ортасынан шыккан, каламгерлер кара шаруа жазушыларының ұйымына бірігуі керек дегенді ұсынса, жаңа заман тілегіндегі әдебиетшілер Қазақстанда пролетариат жеткіліксіз болғанмен, оған тілектесе әдебиет бар екендігін дэлелдеуге тырысты.
«Қазіргі бұкарашыл әдебиетіміз, көбінесе, шаруа әдебиеті болып отыр, казак жүртшылығына шаруа тұрмысын суреттеп отыр — деп жазды Ғ.Тогжанов. _ Қазіргі казакта пролетариат әдебиеті бар дегенге біз косыла алмаймыз, бізде элі де жұмысшы акыны жок. Жұмысшы акынымыз деп жүрген Сэкен мен Сәбитті алсакта, жұмысшы ақыны емес, элі шаруа акыны. Қаланың аэропланын, экспресін, автомобилін өзге акындардан бұрын жырлаған Сәкен де пролетариат ақыны бола алган жок, Сэкен жырның түп казығы ауылда жатыр»* (Ғ.Тоғжанов. Әдебиет жэне сын мэселелері. Қызылорда. 1929. 45-6).
Ал Сәкен оған «дүниені жаңаша өзгертіп, коммунистік коғамды көздеген пролетариаттың түпкі максатына жұмысшы табының психикасы мен сана- сезімін үйымдастыра білетін әдебиет — пролетарлар әдебиеті болып табылады» * (С.Сейфуллин. «Неонационализм и его наступление на идеологическом фронте». «Советская степь», 1928. 6 июня), — деп жауап берді.
Мұндай талас әдебиеттің даму болашағы, әдебиеттік әдіс мәселесінде де көрінді.
Алдыңғы топ казіргі өтпелі кезеңде казак эдебиеті «реализмді көтере алмайды, оған романтизм мен сентиментализмнен кол үзуге болмайды» деп түсінсе, соңғы топ әдебиеттің негізгі гысанасы — шындық, соны жырлағанда жаңа эдебиет өсіп жетіледі деп ұкты.
Ә.Байділдин «бұрынғы, соңгы бүгінгі өмірдің деректерінен туатын, болашактағы тегістік тұрмысты суреттейтін революциялык романтизм реализмнің «Жан серігі» болуы керек» деген тұжырым айтты. Бұлар әдебиеттіңтапшылдығы туралы маркстік көзкарасты колдап, оны тап күресінің кұралы ету жолындагы ойларын тілге тиек етті.
Бұл пікірлердің бұрысы да, дұрысы да болғанын тарих кейін көрсетті әдебиетті пролетарлық, пролетарлық емес деп бөлу оның кадрларын жіктеп, бірін ішке тартып, бірін сыртка кағу, әдебиеттің болашағы үшін канша зиянды болғандығы бүгін өзінен-өзі түсінікті. Ал әдебйеттің реализм жолымен дамуы каншалыкты өмірлі болганында тарих дәлелдеді.
Әдеби дамуға деген осындай екі түрлі көзкарас жеке акын-жазушылар еңбектері жайлы жазылған сынға да әсерін тигізді. Бұған сол дэуірдің ең көрнекті жазушылары С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Әуезов шыгармашылығы жайындағы сын макалалар дэлел. 1922 жылы Орынборда жаңадан ашылган кітап баспасы С.Сейфуллиннің үш кітабын («Бакыт жолына», «Қызыл сұңқарлар», «Асау тұлпар») басып шығарған еді. Өз кезінің революцияшыл ақыны деп саналған Сәкен бұл еңбектерінде казак коғамдағы жаңаруды, жаңа идеялы колдады. Сондықтан бұл төңкерісті кұптамаған топка кұбыжык боп көрінд. Олар аталған кітаптарды бас салып сынады. Н.Төрекұловтын «Темір казык» журналындағы, «Еңбекші казак» газетіндегі макалалары мен Қонырдың «Шолпан» журналындағы макаласында төңкерісті макұлдаган болып отырып, Сәкен оны дұрыс жырлай алмады дегенді сылтау етті. Аталған макалалардың тенденциялық сипаты, бардың өзін жок кып көрсеткені өзінен-өзі белгілі еді. Мұны оған жауап бергендер атап ккрсетті. Сэкен өзі бас болып жауап макала жазды. Акынды арашалауға казак әдебиетінің жас буын өкілдері С.Мұканов.І М.Дәулетбев, Ж.Сыздыков, Ғ.Мүсірепов т.б. катысты.
Мағжан Төңірегіндегі сын да тектес біржактылыктан тұрады. 1923 жылыі Ташкентте Мағжанның өлеңдері басылды. Оган С.Қожанов кіріспе макала жазды. Магжанның саяси көзкарасын кұптамайтын Қожанов оны сынай отырып, ақын шығармаларының әдебиеттік мәні бар екенін, сол үшін басып отырганын көрсетті. Осы тұста Ж.Аймауытов Ташкентте «Мағжанның акындык туралы» баяндама жасап, бастырды. Ол Мағжанды дұрыс түсіну, оның кайшылыгын акындык әлемімен, шыккан, өскен ортасымен байланысты ұғыну мәселелерін көтерді. Ал Мағжанға карсы топ оны іліп әкетіп, осы манда бірталай сын пікірлер тудырды. Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов жэне акын кітабын талкылаган Мәскеуде окитын казак жастары (1924) Мағжаннан жаулык, саяси кате іздеумен болды. Дегенмен Мағжан туралы тұракты пікір Ж.Аймауытовтікі болғанын өмірдің өзі көрсетті. «Мағжан акын ба, акын емес пе?» деген сұрауды коюға мағына жок. Оны акын емес деп таласуға бола коймас, — деп жазды Жүсіпбек, — жалғыз-ақ акындық күш қандай деген сұрауды кою керек. Бұл сұрауға Мағжанды күшті акын деп жауап береміз. Несімен күшті? Тыңнан тапкан жас пікірімен бе, болмаса терең ой, пәлсапасымен бе, элде казактың өткен-кеткенін, бүгінгі өмірін, айнаға түсіргендей көрсетіп, келешекті болжап, пайғамбарлык еткенімен бе? Жок, бұлардың бірі де емес, Мағжан терең ойдың акыны емес, заманды суреттеуге ол шебер емес. Ол келешекті болжап, жұртты соңына ертетін пайғамбар ақын да емес. Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нэзік үнді күйімен, шерлі, мұңлы зарымен күшті» * (Ж.Аймауытов. Мағжанның ақындығы туралы. Кітапта: М.Жұмабаев шығармалары. Алматы. 1989. 425-6).
М.Әуезов туралы сын макалалар Сәкен мен Мағжанға арналған макалалардан өзгешелеу арнада жазылған. Мұнда саясат жағы сөз болмай, таза көркемдік, шеберлік мәселелері козғалды. Олар реалистік, романтикалык туындылар жайында, оларды түсіну, жаңа бейнелер жасау амалдары жайлы ойларын бөлісті. Мұндай макалалар жазуға Ж.Аймауытов, Д.Ыскақов, Т.Арыстанбеков т.б. катысты.
Бұл жылдары казактың ескі көркем сөз үлгілерін жинау, бастыру, оларды зерттеу жағынан да алғашқы талап жасалды. Ә.Диваев жинаған ауыз әдебиеті туындылары, А.Затаевичтің «Қазактың мың әні», «Абай, Махамбет, Шернияз, Сұлтанмахмұт шығармалары, «Аламан», «Тарту», «Жоктау» атты жинактар, казак тілі мен әдебиетіне арналған алғашкы окулыктар жарык көрді. Қазак әдебиеті тарихына катысты Сейфуллиннің, эуезовтің, Мұкановтың, Досмұхамедовтің макалалары басылды. Ауыз эдебиеті саласындағы ой-пікірлер М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927), Х.Досмұхамедовтің «Қазақтың халык эдебиеті» (1928, орыс тілінде) атты іргелі зерттеулеріне ұласты. Бұл кітаптарда казак халкының ауыз әдебиеті тұңғыш рет жүйеленді, жанрлык жіктелуге түсті. Олардың мазмұны мен көркемдігіне талдаулар берілді. 1926 жылы А.Байтұрсыновтың «Әдебиет таныткыш» атты кітабы жарияланды. Ол казактын эстетикалык ой-пікірін жинактап, дүниежүзілік сөз өнері туралы гылыммен байланыстырды. Бүл еңбектер 20-жылдардың өзінде казактың ядебиеттік ой-пікірінің өресі өсіп жаткандығының айғағы болды.