Казак халкының отаршылдыкка карсы күресін, тагдырын суреттеуге байланысты туган тарихи романдар

27 февраля, 2018 16:45

XX ғасырдың басында окыған казак жастары ұйымдастырып өткізген эр жердегі ойын-сауык кештері сахналык өнердің дамуы мен драмалык шығармалардың тууына түрткі болды. Олар сахна аркылы ескіні сынап, жаңаға колдау көрсетті. Төңкеріс жылдары алгашкы пьесаларымен көрінген Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин казак драматургиясының негізгі салушылар катарында аталуға лайык. Еуропалык үлгідегі реалистік драма осылардың ізденістері аркылы пайда болды. Бұдардың ішінде 1916 — 1917 жылдары жазылған Ж.Аймаутовтың «Рабиға», «Мансапкорлар», «Қанапия — Шэрбану», М.Әуезовтің «Еңлік — Кебек», (1917). Сейфуллиннің «Бакыт жолына» (1917) атты пьесалары бар.

Ж.Аймауытов — өзі талай спектакль койған режиссер, актер, көркем сөз окудың шебері, энші, домбырашы, сазгер — жан-жакты талант иесі болған. Қазак топырагында туған театр мен драматургияға да өзі жетекшілік еткен адам. Аймауытов пьесалары сол дэуірдің маңызды әлеуметтік мэселелерін көтеруге, оларды сахна арқылы бейнелеуге арналған. Ол ескі салттың кертартпа жактарын, надандыкты сынап, елді өнер, білім жолына үндейді, адамның бас бостандығын корғайды. «Рабиға» пьесасында ескі салт бойынша калыңмал алып ұзатылған Рабиға шалының ожар мінезіне шыдай алмай кеткені суреттелсе, «Қанапия мен Шәрбануда» жаңа заманның шапағаты тиіп косылған, сүйіскен жастардың тағдыры сөз болады. Олар көп қиындыктармен бакытына жетеді.

Жүсіпбек драматургияда да психолог жазушы ретінде танылған. «Мансапкорлар» пьесасында атак пен дәрежеге кұмарткан адамдардың тартысын ол осы үлгіде дамытады. Шығарма туыс адамдардың арасын ашып жаткан таптык жіктелушілік пен жеке адамның мансапкұмарлығының коғамдық зұлымдықка ұласып жатқанын шебер суреттейді. Қаскырбай болыс пен оның тілмашы, жақын інісі Мүсілім арасындағы тартыста олардын характері, мансапқорлығы, зұлымдығы ашылады. Мүсілім болыстың токалын өз жағына алдап шығарып пайдалануында жауыздыктың шегі жоғы анғарылады.

Аймауытов пьесаларының ең озык үлгісі — «Шернияз». Ол 1925 жылы жазылып, 1926 жылы пьесалар бэйгесінде екінші орын алған. Пьесада автор өз дәуірінің окыған, саналы азаматтарының заманның кат-кабат киындыктарың түсіп, киналуын суреттейді. Ол каланың беймаза тіршілігінен кырға ауылға кетеді. Жан тыныштығын, даланың даркандығын, ағайынның сыйластығын ауылдан іздейді. Бірак ел ішіндегі алауыздык, рулык тартыс, дау-дамай Шернияздың мазасын кетіреді. Ол бәрінен түңіліп, азап шегеді. Пьесаның ақ өлең үлгісімен дэстүрлі өлең араласа жазылған тілі өте тартымды. Ол дала мен| кала өмірін салыстыра суреттеп, лирикалык диалогтар жасайды.

Жүсіпбектің «Ел корганы», «Сылаң кыз…» пьесалары да көп койылған.

Ж.Аймауытов пьесалары жазушы позициясының айкындығымен де, көркемдік ізденістерімен де 20-жылдардағы казак эдебиетінде жаңа күбылыс болды. Ол ескілік пен жаңалыктың тартысын бейнелей отырып, жаңа адамдарды ашты, казак ауылындағы элеуметтік өзгерістердің шындығын байсалды суреттеді.

Қазак драматургиясының осы дэуірде туып, калыптасуына М.Әуезов үлкен еңбек сіңірді. Оның «Еңлік — Кебек», «Бэйбіше — Тоқал», «Қаракөз» пьесалары сол кездің өзінде-ак сахнаға шықкан. «Еңлік — Кебек» пен «Қаракөз» осы күнге шейін театр сахнасынан түскен жоқ. Бүл екі пьесада да жастардың бас бостандығы мен махаббаты жолындағы күрес, ескішіл салттың әділетсіз эрекеттері, сүйіскен жастардың кайгылы тағдыры сөз болады. «Еңлік — Кебекте» сүйіскен екі жасты кейінгіге теріс үлгі болады деп, ру басылары мен билері аттың күйрығына байлап өлтірсе, Қарасөз жынданып өледі. Екеуіне ортак идея — жастардың бас бостандығына, маххабатына ерік бері, ескіншіл салттың тоскауылын коймау. Автор жас кейіпкерлерін бірн батыр (Кебек), енді бірін ер мінезді кыз (Еңлік), бірін акын (Сырым), енді бірін тағдырдың талкысынана шыға алмаған, анасының әйел мінезі жөніндегі ескі үғымы басын шырмаған акын жанды сезімтал (Қаракөз) етіп суреттейді. Алғашқы пьеса жастың кылығы талкыға түскен рулардың тартысынан шиелініс тапса, екіншісінде сүйіскен жастардың косылуына эдет заңы бөгет жасайды. Екі пьеса да адам бейнелерінің кесектігімен, шешен де тапқыр сөз үлгілерімен, характерлер аркылы дэуірдің үғым-түсінігін таныта алуымен багалы. Олар халыктың ертеңін аңсаған даналық болжамдарымен драмадағы эпос сиякты көрінеді. Автор «Қаракөздің» идеясын: «Жалпы, пьеса такырыбы беймезгіл заманда өмір кешіп, ерте таткан кайғыруынан каза тапкан өнерлі жастар жайлы, асыктык пен акындык күмарлығына елтіген уыз жас жайы» * (М.Әуезов. Қараш-Қараш. Алматы. 1960. 239-6),-деп түжырымдаған. Мұндағы акындық- кұмарлык пен азаптан туады, өлімге кайғы себеп болады. Жеке бастың күйінен басталған мүң мен зар заман трагедиясына ауысып, кайғы-касіретпен аякталады. «Бэйбіше — Токалда» Мүхтар, «Екі катынның баласы екі рулы ел» деген казак макалында айтылған сияқты, Есендік байдың екі әйелінен тараған үрпактың арасындағы тартысты суреттеу аркылы қазак салтындағы көп эйел алушылыктың зардаптарын ашады. Үй ішіндегі тартыс ел арасындагы дау- шарларға араласып, канды окиғаға үласады. Пьеса сыншылдык рухта жазылғандықтан, оның үнамсыз типтері күшті шыккан.

Әуезов пьесалары қазақ театрынын ашылуынан Оастап, күні бүгінгі шейін кызмет етіп келеді. Қазақ драматургиясы да, театры да Әуезов сабағымен өсіп жетілді. Әсіресе, оның пьесаларының тілінен казактың шешендік өнерінің де, тапкырлыктың да, бейнелі, астарлы сөздердің алуан түрін де кездестіруге болады.

1917 жылы «Бакыт жолына» атты пьеса жазған Сәкен Сейфуллин 1920 жылы «Қызыл сүңкарлар» пьесасын жарыкка шығарды. Бүлар Қазакстандағы азаттык жолындағы күрестің окиғасына кұрылған пьесалар. Алғашкы пьесаның окиғасы 1916 жылы ұлт-азаттык көтерілісі карсаңында өтеді. Терлікбай деген шал кіші баласы Телжанды солдаттан алып калу үшін болыска токалдыкка кызы Мұслиманы бермек болады. Оған үлкен баласы Ермек (окыған, мүғалім) карсы шығады. Ол карындасының сүйген жігітімен кашып кетуіне көмектеседі. Осы тұста патшаның қүлауы туралы хабар жетеді. Ермек карындасы мен күйеу баласы Біржанды «Бақыт, азаттық жолына» шығарып салганын айтады.

Ал «Қызыл сұңкарлар» — Қазакстандағы азаттық күреске катыскан ерлер туралы шығарма. Оның окиғасы совдеп орнаған калада оны ак гвардияшылардың күлатуы мен совдеп мүшелерінің түткынға алынуы материалдарына кұрылады. Қызыл сұңкарлар түрменің кыспакты жағдайында сырттағы жаулармен күресіп, өздерінің азаттық, бостандык жолындағы түрактылығын, ерлігін танытады. Сәкен пьесаларының екеуі де революция мен Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары ойын-сауык үйірмелерінің сахнасында көп койылған. Кейін (1936) оны М.Әуезов атындағы драма театры койған. Идеялык, жанрлык жағынан да Сәкен пьесалары — өз дәуірінің тарихи міндетін абыройлы аткарған шыгармалар.

Қазактың белгілі режиссері, театр кайраткері Жүмат Шанин (1892 — 1938) де осы дэуірде туған біркатар пьесалардың авторы. Оның «Аркалык батыры» (1925) казак фолъклорын театр сахнасында игеруге жасалған алғашкы талап деі. Онда халык батыры Аркалыктың елін, оның мүддесін қорғаймын деген ниетпен сырткы жауларға карсы күресі суреттеледі. Бірак хан Әжі оны өз максатына пайдаланады. Батырды артынан куып келген жауына ұстап береді. Қолы-аяғы кісендеулі Арқалык хан кызының көмегімен күтылады. Пьеса әділдік пен зүлымдықтың күресінде халык батырының үстем көрінуімен аяқталады. Бүдан кейін жазған «Шахта» (1929) пьесасында ол казак жүмысшыларының өмірі мен олардың саяси күреске араласуын көрсетеді. Пьеса сол тұста казақ даласында колдан жасап, шиеленістірген тап тартысы негізінде дамиды. Екі таптың тартысына Кеңес өкіметінің өкілі араласып, мәселені кедейлердің пайдасына шешеді. Бүлардан баска Ж.Шанин «Торсықбай», «Алдар көсе» атты шағын пьесалар жазған.

20-жылдары казақ драматургиясында көрініп, шағын пьесаларды көп жазған жазушы Бейімбет Майлин еді. Кезінде оның «Шаншар молда», «Ел мектебі», «Неке кияр», «Көзілдірік» сиякты пьесалары сахнаға шыккан. Олардың мазмұны қазақ ауылы вмірінің келеңсіз көріністерін, ауылдағы білім алу ісінің кемшіліктерін, дін адамдарының алдамшы қылыктарын сынауға күрылады. Оларда комедиялык сипат басым. Барлыгында да окиғаға әжуамыскыл, әзіл-оспақ араласып, тосын кұбылыстар мен тапкыр, диалогтар катар келіп, шығарманы халыкка тартымды көрсетеді. Бұлар Бейімбеттің] драмаға барар жолындағы тэжірибесі сыкылды.

Бұл дәуірдегі казак пьесалары катарында Қошке Кемеңгеровтің шағын сюжет негізінде адамдар арасында үлкен тартыс тудыра білген «Алтын сакина», сүйіскен жастардың бостандык жолындағы күресін суреттейтің Ж.Тілепбергеновтің «Перизат — Рамазан», теңдікке ұмтылған казак кедейі өмірін көрсететін Ө.Оспанов пен Е.Өтеулиннің «Зарлык» пьесаларын атауға болады. Бұп жағдайлар 20-жылдар ішінде-ақ казак драматургиясының сэтті кадамдар жасай бастағанын, жанрдың ерекшеліктерін игеру жолындағы| ізденісін танытады.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля