Қазіргі казак әдебиетінің даму кезеңдері (1917-1940 жылдар)

27 февраля, 2018 11:47

1917 жылғы Ресейдегі акпан төңкерісі жеңіп, патшаның тактан кұлауын казак халкы аса зор куаныш сезіммен карсы алды. Патшаның отаршылдык саясатының аскындауы, еңбекші халыктың шектен тыс езгіге ұшырауы, 1916 жылғы казактан майданның кара жұмысына жігіт алу мен оған карсы шыккандарды аяусыз жазалау шаралары қазак халкының патшаға деген өшпенділігін арттырып жіберген еді. XX ғасырдың басында 1905 жылғы орыс төңкерісінің әсерімен Қазакстанда саяси бостандык мэселесі күн тэртібіне койылды да , Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты окыған зиялы азаматтар елді ұйқыдан оятып, оның саяси санасын көтеруге қызмет етті. Олар надандыкты, ескішіл көрсоқырлықты сынай отырып, елді оку-білім үйренуге шакырды. Осындай жағдайда патшаның тақтан түсуі отар елдердің кұлдықтан босанып, азат тэртіпке көшуіне жол ашкандай болды. XX ғасыр басындағы көрнекті казак ақындарының бірі Сэбит осы оқиғаға «Бостандық » атты өлеңін арнап:

Тілекті бүгін хактың берген күні,

Көлдария көздің жасын көрген күні.

…Ғаламға аузын ашкан айдаһардың

Мерт болып, мақсатының өлген күні,-деп жазады. Бүл мазмүндағы өлеңдер М.Дулатов, Ш.Қүдайбердиев, С.Торайғыров, Б.Майлин, С.Сейфуллин т.б. казақ акындарының қаламынан да туды.

А.Байтүрсынов — әдеби шығармашылығындағы ерекшелігі — ¥лы Абай сокпагына, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дэстүріне мойынсүнады. Хайуанаттар өмірінен алынған шығармалар аркылы әлеуметтік ойға ыкпал ету максатымен И.А.Крылов туындыларын аударады. «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарады. Бүларда кызықты форма, үтымды идея, қазак тұрмысына жакын суреттер бар. Әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара түжырым жасайды. Патша отаршыларының зорлык-зомбылығы, жуандардың тепкісі, елдің азып-тозуына байланысты сарындарды жұмбактап, түспалдап жеткізеді. «Қайырымды түлкі», «Ала түлкі», «Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бака», «Қайыршы мен кыдыр», «Ат пен есек» мысалдарында элеуметтік-қоғамдык жағдайларды мегзейді. А.Байтүрсынов аудармаларында сюжет сақталғанымен еркіндік басым. Заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтады. «Маса»(Орынбор, 1911) кітабында астар, емеурінмен берілген ойлар ашық, анық айтылады. Ахметтің өз басынан кешкен киын-кыстау күндер бірталай өлеңге аркау болады. Ел тағдыры, халық камы, бостандық арманы — басты сарын. «Қазақ салты», «Жиган-терген» өлеңдерінде казак халкының мүшкіл халін, патша үкіметінің отаршылдык саясатын шенейді. «Маса» кітабына енген өлеңдерде элеуметтік, коғамдык ойлар, азаматтык идеялар айтылады. «Анама хат», «Жауға түскен

 

жан сөзі» — корлык-зорлыкка мойымаған, бостандык, еркіндік жолында бәріне көнген кайратты ерлер тұлғасын мүсіндейді. «Қырык мысал», «Маса» жинактары — казак әдебиетін жаңа такырыптармен, идеялармен байытты. Абайдың акындық дэстүрі ілгері жалғасты. Байтүрсынов дәуірінен бері талай уакыт өтті. Сонда да оның мысалдары өз мәнін жоймак емес. Балалар тәрбиесіне қосар үлесі айтарлыктай. Тарихи оқиғаларды танып-білуге ыкпалы бар. Реніш пен ашу-ыза да, торығу мен наразылык та байкалады. Дегепмен А.Байтүрсынов поэзиясында оптимистік рух басым. Шығармалары аркылы ағалык акыл айтады. А.Байтүрсыновтың казак мектептеріне арналган окулыктары: «Оку кұралы», «Тіл қүрал», «Тіл жүмсар» т.б. Ахмет окулыктары негізінде талай казак балалары сауаттарын ашты. А.Байтұрсынов — казак әдебиетінде өзіндік орны бар акын. Өз бетін таныткан каламгер. Ол Абай үлгісімен өлеңнің аясын, әлеуметтік тынысын кеңейтті. Ел камын жеке басының камынан жоғары коятын лирикалык кейіпкерді оятты. Қазак әдебиетін дамытуда қазак тілі туралы ғылымның негізін калап орнықтыруда А.Байтүрсынов еңбегі ешкашан өлмейді (М.Дулатов шығармаларындағы ағартушылык бағыт. «Шэкірт ойы», «Оян, казак» өлеңдер жинағынан).

Акынды толғандырған мәселе — халык тағдыры, елдің кайғысы мен мұңы. Халык басындағы ауыр касіретті айқын көріп, дэл басып айта біледі. Содан айықтыру жолдарын іздейді. Азамат ақынның куғын-сүргін көре бастаған кездегі көңіл-күйі де өлең кестесіне өрілген. «Ғазиз басым кұтыла алмай жаладан, жаудың колы босамай түр жағадан» деп «Мұң» өлеңінде ауыр халін аңғартады. Дегенмен налу дегенді білмейді. «Жастарға», «Я, алла», «Айкапқа» өлендерінде казақты ұйкысынан оятудың жаңа соқпағын іздегендей ыңғай танытады. «Айқап» журналының казак даласына қозғау салғанын айтады. «Сырым» деген өлеңінде елім деп туған ер акын «Кім үшін тусам, сол үшін өлу — борышым» дейді. Қазақ поэзиясында алғаш рет мейірбандық, ізгілік такырыбына арнау жасады. «Аяңыздар жетімді» өлеңі окушы көңіліне бауырмалдык сезім егеді. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің балалар үшін тәрбиелік кызметі үлкен. М.Дулатов «Газет-журнал» өлеңі газет-журнал маңызын түсіндіреді. Олардың жазылу бағасын да айтады. Керенауларға «Дүниені жүріп көрмей, естіп білмей, Жатасың ішің пыспай үйде неғып?» деп реніш білдіреді. «Хибстағы үрының мінажаты» өлеңінде өз кәсібінен көрген корлыгын жіпке тізе келе үры тәубесіне келеді. Аталған жинактардан кейін жазылған өлеңдеріне өзгешеліктер енген. Сөз сұлулығына, тіл тазалыгына ерекше мэн беріледі. Ашык айтылатын дидактикалык, үгіттік, насихаттык ойлар азаяды. Поэтикалык образға, ішкі кисынға, астарға, ишаратка айрыкша көңіл бөлінеді. М.Дулатов елін де, оның әдебиетін де алга сүйреді. Қазак әдебиетіндегі роман жанры әлемін түңғыш ашты. Түрмыстык роман жанры түлғасында дүниеге келді. «Бакытсыз Жамал» романында казак кауымы түрмысын, жеке дара адам өмірін, күй-жайын суреттеген мол көрініс бар. жасында «Оян, казак!» деп жар салған М.Дулатов шығармалары ел назарынан ешкашан тыс калмак емес.

Бұл жылдары Сәбит Дөнентаев өз бетімен окып ізденіп, прогресшіл татар әдебиетімен танысады, Абай шығармаларын окиды. «Айкап» журналын үзбей окып тұрады. Орыс әдебиетін, эсіресе, Крылов мысалдарын кызыға окиды. Осы негізде оның ой-санасы есейіп, акындык таланты оянады.

1913 жылы «Айқап» журналында (№ 22) Сәбиттің «Қиялым» деген өлеңі жарияланады. Бұл — акынның баспа бетін көрген тұңғыш шығармасы. Онда Сәбит халық жыршысы болуды армандайды. Өлеңде ақынның бұл ойы жұмбактау, астарлап айту үлгісімен беріледі. Ол түсі әдемі сандуғаш болып, «зарымды жұртқа айтып», «мұңымды шаксам» деп киялдайды. Бірақ ол орманның жырткыш кұсы — каршыға мен тұзакшыдан коркады.

Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселелерінің бэріне үн косқан акын өлеңді үзбей жазады. Оның өлеңдері мен публицистикалық макалалары «Айкап» журналы мен «Қазак» газетінде жарияланып тұрады. «Уак-түйек»

1915 жылы Уфа каласында Сәбиттің «Уақ-түйек» деген атпен алғашқы өлеңдер жинағы басылып шығады. Бұл жинакка кірген өлеңдер акынның сол дәуірдегі казак халқы өмірінің әр алуан күйін, коғамдық шындықты көркем бейнелеуге ұмтылғанын, сөйтіп демократтык, ағартушылык эдебиетке үн косып, оның идеялық-көркемдік арнасын толықтыруға катысқанын көрсетеді. Бұл өлендерде Сэбит, ең алдымен, қоғамның көкейкесті мэселелерін зерттеп, соны көркем бейнелеуге ұмтылады. Қазак халкының отар болып Ресей мемлекетінің карамағына кіргенін, кіріптар боп билеушіге жалтақтап отырған халыктың психологиясын ол жаксы түсінеді. Оньің аяғы немен тынарына күдікпен карайды. «Биіктау» өлеңінде акын:

Біз келдік биік таудың панасына,

Жиһанның симай сахара даласына.

Құйын мен жел, дауылдан аман-есен,

Биік тау, бізді сактап каласың ба?

Тынышты ап, төбемізден тас кұпатып,

Әлде өзің тырнағыңды саласың ба?

Келген тау панасына оны кылса,

От болып есіл жүрек жанасың да! —

деп жазды. Өлең тұспалмен жазылған. Ондағы «биік тау» деп отырғаны — Ресей мемлекеті екенін окырман бірден түсінеді. Оның панасына келіп, пана бола ма, әлде төбесінен тас кұлатып, тынышын кетіре ме деп келешегіне күдікпен карап отырған лирикалык каһарман — қазак халқы. Риторикалық сұрактың жауабы белгілі. Пана бола алмаған биік таудың кылығына налыған акынның жүрегі от боп жанып, күйзеледі.

Лирикалык каһарманның күйін Сәбит «Менің жайым» өлеңінде де жаркын суреттермен жеткізеді.

Кез келіп арыстанның арбауына,

Тап болдым ку түлкінің алдауына.

Бірі ойнап, бірі шындап итермелеп,

Тыксырды жердің биік жарлауына, …Кетуге су түбіне тұрмын таяу,

Қолымнын кай тал жакын кармауына,

…Түншығып элім бітті, есім шыкты,

Бұркылдак жердің кез боп шаңдауына.

От салып біреуі әкеп, бірі үрлеп тұр,

Кім менің су кұймакшы жанбауыма?

Бұл өлең отаршылдыкка душар болған, екі жакты канау езген халыктың көңіл күйін эдемі бейнелейді. Осыдан бастап Сәбит поэзиясында шындыкты тұспалдап, бейнелеп айту стилі калыптасады. Акын әлеуметтік теисіздікке. біреуді біреудің канауына негізделген коғамды жырткыш аңдар дүниесі ретіңде алады. Үстем тап өкілдерін, күштілер мен азулылар, тырнактылар мен тістілер кейпінде суреттейді. Бұл, әсіресе, «Заман кімдікі?» атты өлеңде анык байкалады. Өлең такырыбын сұрак түрінде коя отырып, акын оған өзі жауап береді.

Бұл заман байкағанға күштінікі,

Азулы, тырнакты мең тістінікі.

Дүниенің патшалығы, батырлығы —

Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі- Жуас кой ен жайлаған каскырдікі,

Құл еркі кожайыны — таксырдікі.

…Даулы мал ебін тапкан шешендікі.

Пыш-пышта бағы ашылган «көсемдікі».

Еті мол, кымызы мол, қалтасы ток,

«Мінеки мен — ак кісі»,-дескендікі»,-дейді. Ол аткамінер пысыктар мен дәулеттілердің жарлы-жақыбайларга зорлық-зомбылык етумен бірге, көлгірсіп аярлык жасайтындығын, олардың коркау құлкынын, мал кұмарлығын да коса аңғартады,

Отаршылдык езген халыктың психологиясындағы өзгерісті, жалтактықты, шешімсіздікті Сэбит жақсы байқайды. Қазактың кешегі дұшпанына карсы тұра білген батырлығын, доска дос, каска кас бола білген адамгершілік іздейді. Сол мінез кайда кеткен деп күйінеді («Қайда кеткен?»). Акын халкының караңғылык пен надандыкка шырмалып, алды-артын барлай алмай отырғанын сынайды. Қалың бұкара тұрмысындағы жүдеушілікті, елдің караңғылык пен ескілік шырмауынан шыга алмаған мешеу кұйін суреттей отырып, ол халыкты бұл жолдан өнер-білім үйрену, ағарту аркылы шыгаруға болады деп ойлайды. Сондыктан бұл саладағы өлеңдерін халыкка тікелей үгіт айтуға кұрады.

Қамалған караңғыда, калың казак,

Қайратсыз камсыз тұрып калдың, казақ,

Қарулан, куатсызды куаттандыр,

Құрдан-кұр кампитканша карын, казак, — деп жазды ол «Қазактарға йірап» деген өлеңінде.

Қазак елінің артга калуын, коғамдык дамудың мешеулігін Сэбит тікелей надандықтан, казактардың талапсыз бейкамдығынан көреді. Надандыкты ерке кып, мойнына мінгізіп отырған халыктың мінезіне налиды. Одан туындап жаткан жамандыктарды сынайды. «Соңғы сөз» өлеңіңде ол:

Қазак, біздің түпке жеткен надандык,

Надандыктың шеңгелінде камалдық.

Сол еркенің аркасында болып тұр,

Болса бізде не секілді жамандык, —

дейді.

Акынның ағартушылык көзқарасы, ой-пікірі халық бойыңдағы жақсы мінез-кұлыкты оятуға, оны тіршілік үшін күреске қосуға арналады. Ол ел бірлігін («Бірлік»), талапты болуды («Талап»), «сөз кумай іс тындыруды («Тіл мен көңіл»), акылды («Акыл») және ойлы («Ой») болуды уағыздайды. Осы өлеңдер, негізінен, акын көңілінде қорытылған ойдың түйіні сияқты суретке түсіп, окырманға үлкен ғибрат ұсынады:

Тіл — көңілдің тілмашы,

Көңілдің жок сырласы.

Тілмашыңды оң жұмсап,

Теріске, көңілім, бұрмашы!

Айтканын қып кожаңның,

Тілім карап тұрмашы!

Аңғырттанып беталды,

Маскара мені қылмашы!

Тым кұтыртпай, тыя ұста,

Тілмашыңды, мырзасы! —

деген шағын өлеңде тіл мен көңілдің ара катынасы, тілді теріске емес, оңға пайдалану керектігі, «бір елі ауызға екі елі кақпақ» қою қажеттігін тапқыр, ұтымды, әзіл араластыра отырып, айтқан.

Акын адам өміріндегі талаптың орнын зор бағалайды. Ең жаманы — талапсыздык, талапсыз бак та, дэулет те, білім де келмейді дей отырып, халык ұғымында талапка үлкен мэн берілгенін еске салады:

Әр дәулет саған даяр, етсең талап,

Бак келмес іздеп сені, жатсаң карап,

«Нұр жауар талаптыға -деген карттар,

Жүргенге жөргем бар ғой бұрыннан -ақ,

«Жалгызбын, жарлымын» деп қорғаламай,

Сал кұлаш, бір өзіңді жүзге балап.

Әрбірі талаппенен тауып жатыр,

Дүниеде неше өнерлі көрсең санап…

Бұлайша кетіп кейін тұрғаныңа,

Дос күліп, дұшпандарың жүр табалап.

Көз салып осыларға, ойланатын,

Біздерде жігер — намыс бар ма, қазақ?!

Кейде акын өзінің ағартушылық ойын мысалдап жеткізеді. «Жұмыскердің өкініші» өлеңінде бұрынгы бай баласынын бұлаңдап жүріп алды-артын ойламағанын, білімсіз калып, байлық өткен соң кара жұмыс істеп жүрген

өкінішін жазады. Ол мал жұтайтынын, өнер, білім жұтамайтынын кеш сезінеді. Акын окырмандарына осыны ғибрат етеді.Акын замандастарын караңғыдан жарыкка шығуга, өнер-білім үйреніп, озык елдермен теңелуге шакырады. Жабысайык өнерге,

ЬІнтыкпай карап өлерге,

Өзіміз керек демесек,

Керек кып бізді келер ме?’

…Жұмулы болып көзіміз,

Ізденбесек өзіміз,

Білімінен білгендер,

Бөліп бізге берер ме?!

«Замандастар» атты өлеңінде осылай жар салған ол ел басшыларына, көзі ашык окығандарына халыкка кызмет істеу кажеттігін ескертеді.

Қызмет көрсет халкыңа,

Игі ат калсын артыңа …Пайдалы баска өнерден,

¥лт керегі дегеннен,

Жан киналып, жолыңда,

Бас кетсе де, тартынба! — дейді.

Сәбит ел басқарған адамдардың еңбегін халыкка сіңірген еңбегімен өлшейді. Ол экім болғандардың халыктың мүддесінен гөрі өзінің кара басын, кұлкынын көбірек ойлайтынын сынайды. Олардың кылыгы халыктың алғысы емес, карғысына ғана лайык екенін ескертеді.

Өзің шыккан ұлтыңнан,

Басшы кылған жұртыңнан,

Бұл мінез, бұл кұлкыннан.

Қайтіп карғыс алмайсың, —

дейді ол «Қайтіп карғыс алмайсың» өлеңінде.

«Уак-түйекке» Сәбиттің бірсыпыра мысалдары кірген. Өмір шыңдығын тұспалдап айту тәсілі оның мысал жанрына баруына да себеп болғаны байкалады. Көрші халыктардың мысалшы акындарын (Крылов, Токай т. б.) оку аркылы өз талантын ұштап, ол өз кезінде осы жанрдың дамуына едәуір үлес косты. Сәбит мысалдары окырманга ғибрат боларлык жайларды суреттеп, содан тэлім алуды, үйренуді ұсынады. «¥ры мен баласы» атты мысалда ұры баласын ертіп, біреудің бағына түсіп алма ұрлайды. Баласы: «әке, көріп койды» дейді. Әкесі: «кім?» деп сұраса, «Құдай көріп тұр гой» деп жауап береді. Мысал ұрлыкты біреу көрмейді деп ойлама, бэрі бір белгілі болады, арың алдыңда таза бол деген насихатка кұрылады. ¥ры да баласы сөзінен ұялып, мазасызданады. Білмеді не айтарын жазған ұры,

Ұялып, текке карап тұрды кұры.

Ұрыдан ұрлык кетті мұнан кейін,

Ерігем кар секілді жазгытұры, — дейді акын.

«Ауырған арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке» мысалдары көп халыктарға ортак, кең жайылған сюжетке жазылған. Алайда Сәбит олардың окмғасын казак ұғымына лайыктап жазады. Оларда ел арасындағы өсек-аяң, шағыстыру, канағатсыздык, бәсекекұмарлык сиякты жағымсыз мінездер сыналады. Мысалы «Ауырған арыстанда» ауырып калған аң патшасының көңілін сұрауға барлык аңдар келгенде, түлкінің келе алмай калғаны сөз болады. Мұны пайдаланған касқыр арыстанға түлкіні шағыстырады. Арыстан ашуланып түлкіні шакыртканда, ол патшаның ауырғанын біліп, ем іздеп кеш калғанын айтып акталады. Ол емі каскырдың артқы аяғының сіңірі боп шығады. Сол арада арыстан каскырды ұстап өлтіріп, аяғының сіңірін жейді. Мысал түйінін:

Қазакта каскыр да көп, түлкі де көп,

Алайда жіп такпаймыз ешкімге деп.

Сөз жүгіртіп, шағыстырған касекеңдер,

Түлкіге калып жатыр күлкі де боп, — деп аяктайды.

«Көзі тоймайтын итте» сүйек тістеп, көпір үстінен өтіп бара жаткан судағы өз сәулесін баска ит екен деп, сүйегін тартып алмақ үшін суға секіріп түскен иттің азабын суреттесе, «екі текеде» көпір үстінде кездесіп, біріне-бірі жол бермей, ерегісіп, сүзісіп, суға құлаған екі текенің қылығын жазады. Екеуі де адам бойыңдағы канағатшылдықты, кішіпейілділікті мадақтайды.

Бұп айтылғандар алғашқы беталысынан-ақ Сәбиттің қазақ қоғамы дамуының көкейкесті мәселелерін жырлаған әлеуметтік ойдың ақыны болып калыптаса бастағанын көрсетеді.

«Уак-түйек» шыққаннан кейін жазған өлеңдерінде де Сәбит жоғарыда айтылған мэселелерді жаңгырта көтеріп, көркемдікпен, тереңдей қозғауға тырысты. Ол «заманның желдей есіп бара жатқанын» айтып, оның даму үрдісіне казактардың да ілесуін тіледі. Өз елінің даму дәрежесін балалық шақпен салыстырады. «Балалық» (1915) өлеңінде балалықтың ақ көңіл адалдыгын, сенгіш аңғалдығын, кез келген нэрсеге алданып отыра беретін мінезін суреттей келіп, казак коғамының күйін сонымен салыстырады.

Заман өтіп бара жатыр желдетіл,

Өзге халык өсіп жатыр ер жетіп.

Текке отырған көздің жасын көлдетіп,

Қашан кетер біздің елден балалык, — деп налиды.

Акынның әлеуметтік теңсіздікті суреттейтін өлеңдерінде жаңаша ізденіс, көркемдік шешім бар. Оларда дэуір шындығы, адам бейнесі тереңдей, накты ашылады. «У жеген каскыр» өлеңінде ол парақорлығымен аты шыккан, кейін соның жазасын тартқан озбыр болыстың бейнесін жасайды. Оны қорқау кэрі тарлан бейнесінде алады да, кезіңде елге жасаған озбырлықтарын суреттейді. Жерің кем шарламаған, бармай қалған,

Ісің кем ойға алмаған, болмай калған.

Жалгызды, жарлыны да, кимасты да,

«Ер» едің көмекейге бүктеп салған, —

деген жолдардан өлеңнің сатиралық өткірлігін де, өш керелеушілік күшін де көреміз. Акын оны осы күйге түсірген «ку күлкынның» сырын ашады.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүріп казактың коғамдык, әлеуметтік, рухани, мэдени жэне эдеби өміріне араласкан Ш.Қүдайбердиев еді. Шәкэрімнің бай әдеби мүрасына оның өлеңдері. поэмалары, мысалдары, накыл сөздері, әңгімелері, роман, макалалары, аудармалары жатады. Акыннын бай әдеби мүрасында өзі өмір сүрген дэуірдін коғамдык көріністері із калдырды. Оның 73 жас өмірінің 13 жылы кеңестік дэуірде өтті. XX ғасырдың алғашкы кезеңінде Шэкәрім эдеби өмірге күлшына араласты. ¥лт эдебиетінде Шоқан, Абай, Ыбырай орнықтырған арна- дәстүрлерді жалгастырды. Октябрь төңкерісімен келген дүбірлі өзгерістер түсында да Ш.Қүдайбердиев өзінің демократтық, ағартушылык көзкарасына, прогресс жолына қызмет ету максатына адалдық танытты. Акын жастарды ғылым-білім, өнерге баулуды мұрат түтады. Ағартушылык, адамгершілік идеяларды уағыздады. Шэкэрім жас үрпакка арнап бірнеше өлең жазды. Жастарға сенім артты. Қоғамнын өрге өрлеуі келешек үрпактың колында екеніп айтты. «Қазак айнасы»жинағына енген «Абай марқүм өткен соң өзіме айткан жырларым», «Акылшы торғай», «Қаскыр, түлкі, бөдене», «Талап пен акыл» өлендерінде үстанған бағытының элеуметтік сыншылдык, гуманистік сипаттары аңғарылады. Өмірінін соңғы жылдарын тауда жалғыз өткізіп жүрген 73 жастағы Шәкәрім 1931 жылы дүниеден өтті. Ақынды өлтіруге катыстылар оның атын тарихтан өшіруге бар күштерін салды. Шәкәрімге «Алаш» партиясының кызметіне катысы бар, Кеңес үкіметіне карсы деген кінэ тағылды.

Қазақ халқының отаршылдык езгі мен караңғылықта камалып отырганын кинала суреттеп, елді оку-білім жолына шақырған ағартушылык өлеңдер жазып келген бүл акындар шығармашылығы осы тұста саяси астар алып, коғамдык, әлеуметтік мәселелерді жырлауға ауысты. Заманның өзгеріп, бостандык таңы ататынына олардың сенімі артты.

Жүрт болудын ойланалык амалын,

Қамсыз жатар емес енді заманың,

Надандыктын кираталык камалын,

Мақсатыңа үмтыл, таяу, алашым!* — *(М.Дулатов. Шығармалар. Алматы, 1998, 185-6) деп жазды М.Дулатов.

Ал Ш.Құдайбердиев:

Бостандыктаңы атты, казағым, көріңцер.

Арға ие басшының соңынан еріндер.

Таң артынаН хакикат күн шығады,

Еріниіек, жалкаулык эдеттен безіңдер*, — *(Ш.Қүдайбердиев. Шығармалар. Алматы, 1998, 185-6)

деп жар салды.

Бөлек ел болудың жолын бірліктен, бай-кедей болып бөлінбеуден іздеген

Бейімбет Майлин:

Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма,

Бірлікпенен жұмыс атқар, басыл да,

Азын-аулақ миың болса басында,

Партия, штат, дау-дамайды кой, казак!* — *(Б.Майлин. Шығармалар. 6 томдык. 1-том, 1960, 20-6.)

деп үн тастады.

Бостандыкты «Асығып, тез аттандық» атты өлеңімен қарсы алған Сэкен Сейфуллин оның көктен түсе қалмағанын, тендік үшін күрескен ерлердін еңбегімен келгенін жырлады. Акынның күрескер кейіпкері «тэуекел қылып», «Зенгір таудың басына шығып», шығар күнді карсы алады. Күн шыккан куанышын елге жеткізу үшін, «асығып, тез аттанады».

Бүл өленде Сәкен казактардың да төңкеріске катысканын айтып отыр.

Тәуекел қылып, аттанып,

Атка қамшы бастык біз.

Неше катер жерлерден Аман-есен астық біз*, —

*(С.Сейфуллин.Шығармалар. 6 томдык.Алматы, 1-том, 1960, 88-6.) дейді. Бұл — бүрын ешкім айтпаған сөз. Қазактардың төңкеріске катысын үлт өкілдерінің ешкайсысы мойындамаған. А. Байтүрсыновтың өзі кезінде: «бізге осындай тендік әперіп отырган — рыс халқының ак жүрек, адал ниетті көсемдері, орыс халкының жүмысшылары һәм әскері. Бүлар бостандыкты кан төгіп жеңіп алды. Олардың бұл жаксылығын калай кайтарамыз? Бізді бүл куанышка, бүл бостандыкка жеткізген кім? Біз кімге борыштымыз? Мүны ойлайык!» * («Қазақ» газеті, 1917, 12- сәуір) деп жазған.

1917 жылдың наурыз айының 9-күні жазылған Сәкен өлеңі кейін оның авторы мен баска үлт көсемдерінің төңкеріске көзкарасын айкындаған, екі жактың арасының ашылуының басы болған туынды еді.

Қалай болғанда да, қазак акындарының бостандықты қарсы алған жырлары отаршылық пен үлттық езгінің астында екі жақты каналған еңбекші халыктың бостандықты, азат күнді аңсаған көңіл күйін танытқан еді.

Кейбір ақын-жазушылардың өнер-білімге іздену салары, сол жолдағы көрген киын-кыстау кездері мен табыстары, тіпті олардың өмірбаяны да балаларды катты кызыктырады. Іздену сапарындағы көргені мен білгені көп, тәжірибесі мол жазушылардың шығармалары өмір оқулығындай сипатталатыны бар.

С.Торайғыров та екі дәуір тоғысында, аса күрделі кезеңде тіршілік кешті. Кезең оқиғалары ақынның дүниетаным көзкарасына, шығармаларының такырыптык мазмүны мен түріне, жанрына әсер етті. Іргелі оқу орнынан білім алу, халкының кызметіне жарайтын азамат болу — оның ынта-тілегіне айналады. Акын «Шәкірт ойы» деген өлеңінде «Іздегенім табылды, енді дегеніме жетем, халкыма жұлдыз емес, ай емес, күн болам» деген ойга келеді. Оның лирикалык кейіпкері Қараңғы казак көгіне Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда, кім болам! дейді. Бүл — жаңа заман жасының өр талабы. Отан, халык алдындағы борышын түсінген адамның батыл ойы мен шын ыкыласының көрінісі. Мұндай жырлардың балаларды отаншылдык рухта тәрбиелеудегі маңызы ешқашан кемімек емес.

Көргені мен білгені аз, өмір тәжірибесі жок жастар үшін акын- жазушылардың кызықты шығармалары өмір мектебіндей көрінеді. Акыл-есінің тез жетілуіне жәрдемдеседі. Оларға өмір сүру, білім алу жолдарын танытады. Жаксы өмір сүрудің жаксы жолдарын айтады. Талаптану, үздіксіз іздену,ойлаган максатка жетудің қиын-кыстау кездеріне карсы түрып, төзе білу жолдарын үйретеді.

Балаларды кызыктыратын осындай ерекшеліктер Сұлтанмахмүт Торайғыровтың шығармаларынан да, өзінің өмірбаянынан да көп кездеседі..

Адамның акылдылыгы мен парасаттылығы оның еңбегінен, істеген ісінен танылатыны да сөзсіз. Кім не нәрсені ардактай білсе, сол нэрсенің кадіріне жетіп оны колдай да алады, жаксысын асыра да біледі. Сауат ашу, хат тану барысында Сұлтанмахмұт алдымен өзінін, ана тілін кадірледі, соның барлык ерекше касиеттерін танып білді. Соның асыл мұрасын бойына сіңіріп, жаксылығын мактан етті.

Сүйемін туған тілді, анам тілін.

Бесікте жатканымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сол тілмен шешем мені элдилеген,

Еркелеткен «кұлыным, жаным» деген.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатканым.

Ол өзінің акыл парасатының кандай дэрежеде екенін осындай дана пікірлерімен- ак таныта алган. Ана тілін кұрметтеп, сол тілде сөйлей алу, хат тану, сауат ашу, жазу-сызуды үйренудің бәрі де соган, тек кана соған байланысты екенін бойға сіңіріп айта алу, окушыға түсіндіру акындык касиеттің ен жоғарғы сатысы, дарындылығы деп айтуға болар еді.

Баланы тәрбиелеу, окыту барысында көп сөзділіктің, кұрғак өсиеттің кажеті аз. Баланын санасына жеткізіп, ішкі дүниесіне козғау салатындай, өзіне патриоттык жігер-кайрат, рух беретіндей уытты, әдемі осы сиякты акыл сөздер айтылып отырса, ол саған рухани азык болады. Өзінің сана-сезімінін өсуіне, білімінің тез толығуына әсер ететін осы сиякты мәнді сездерді, өлеңдерді балалар жатка біліп, сахнада, сауык кештерінде мактанышпен серпілте айтады.

Балалар әдебиеті деген балаға рухани азық боларлык, канатына су бүркіп, аспандатып отыратын, өмірді үйрететін, еңбек майданына белсене араласып кетуге жұмылдыратын, болашағын, алдағысын танытатын өмір окулығы дэрежесінде болуға тиісті. Әр акын-жазушылардың шығармаларын зерттегенде осы айтылган ерекшеліктердің эртүрлі элементтері не тұтас күйінде, не соның бір көрінісі ретінде айтылып отырады. Шткені балаға мейірімі түспейтін, өз шығармасы аркылы баланы кызыктырмайтын, балаға арнай айтылган сөзі болмайтын бір де біб жазушы жок десек, кателеспеген

болар ек.

Сүлтанмахмұт Торайгыров 1893 жылы 28 казанда имбы уезінің Шағырай болысында, Қарауыл Шабар аулында, Үлкен Қарой көлінің манында дүниеге келген. (казіргі Солтүстік Қазакстан облысы Акжар ауданы жері) Нағашылары осы елден болса керек. Анасы екі жасында өмірден өткен соң әкесі Шокпыт ата мекені Павлодар облысы, Баянауыл ауданына коныс аударады. Сұлтанмахмүт алты жасар күнінде экесінен окып хат таниды. Бүдан кейін ол ауылдагы молдадан, бертін келе Тройцк, Семей, Томск калаларына білім іздеп сапар шегеді. Ауыр азап пен көп киыншылыктарга төзген, түрмыс өгейлігін көп көрген болашак жас акын ауру-сыркаулы да болады. Бірақ Сүлтанмахмүт мүның бэріне де мойымайды. Түрмыстың жаркын болашағын аңсап, соны көруге үміттенеді. Әрі өжет, әрі зерек, талабы таудай болған Сүлтанмахмүт өзге елдердің тілі мен мәдениетін білуге күштар болады. «Өмірімнің уәдесі» деген өлеңінде:

Оллаһи, ант етемін Алла атымен,

Орыстілін білемін һәм хатымен.

История, география пэнді білмей,

Оллаһи тірі болып жүрмеспін мен.

Келгенше осыларды отыз жаска,

Иншалла бэрін түгел үғам баска.

Отыз жаска келгенше үға алмасам,

Жер жүтсын, мэз болмаймын ішер аска,-

деп ант етеді, білім алу жолына түседі. Талапты жас азамат білім алу жолындағы таланты мен өзінің жаксы үлгісін көрсетеді. Өзін өзі үлкен іске міндеттейді. Өзінің кайратына, күшіне, талантына сенеді. Өмірдің өгейлігін көп көрген акын «Отыз жаска келгенше үға алмасам, жер басып жүрмейін деп өмірімен ант етіп, уәдесін береді. Бүл талапты ердің қажымай, талмай ізденуінің өнегелі үлгісі еді. Кейбір акын-жазушылардың шығармаларымен катар өмірбаяны да балаларга үлкен үлгі, мол тәрбие береді дейтініміз де осындай ерекшеліктерден келіп шығады.

Сүлтанмахмүт білім алу жолындағы іздену сапарында көп киындык көреді.Қанша ізденіп, канша талаптанса да, жокшылык оның колын байлайды, аяғына түсау болып шырмала береді.

Малдылык, маскүнемдік, қарны тоқтық,

Деуші едім неге керек дүние боқтық.

Қазактың каны-жаны сонда екен ғой,

Діңкемді міне кұрттың эттең жоктық,-

дегенді Сүлтанмахмұт өзі де талай айтып, көп кайғырды. «…Жүмасында екі гана обед етем (ет татам); кұр шай мен нан. Киім алғаным жок. Күні-түні айналдырганым ала кағаздың беті: халым осы. Сонда да кайгырмаймын. Бір тиыным калғанша окимын. Осыдан соң тұрмыс кандай жүк салса да көтерем.

Бірак көңілім окуда болмак…» дейді Сұлтанмахмұт бір хатында. Қайғырып касірет шегіп кала берген жок, оған да карсы күресті. «Окыл жүрген жастарға» деген өлеңінде:

Үмітпенен жоқ қуған,

Талабы алда баламыз.

Баскалар жоғын тапқанда,

Біздер кайтып каламыз.

Тәуекелге бел бусак,

Көрдегіні аламыз.

Жеткізбей кетер жүйрік жок,

Қусак бэрін шаламыз!

Іс істейік бір болып Ашылмасын саламыз!—

деп, өзі сиякты жокшылыкты көп көрген жастарға кажырлы кайрат бере жырлап, оларды өнер-білімге шақырды. «Талаптыларға», «Шығармын, тірі болсам адам болып», «Шэкірт ойы» деген өлеңдерінің бэрінде де Сүлтанмахмұт өнер-білім, оқу жайын көп мадактайды. «Актармын окып шыгып адам атын» деп өзіне өзі катты тапаптар кояды. Сүлтанмахмұттың бұп өлеңдері балаларды білім алу, іздену жолында кажырлылыкка, төзімді болуға, киындықты жеңе білуге үйретеді. Сонымен катар оларды халык алдында кызмет етуге міндеттейді. Сұлтанмахмұт өзінің 18 жасында жазған «Оку» деген өлеңінде:

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

Тек кана окуменен өнер білмек.

Өнер-білім, адалдык, ар, намысты,

Жоятын надандык кой емсіз індет.

Окыса баска елдердей катарға енбек.

Бар киынды тек кана ғылым жеңбек.

Білімге ел боп аңсап құмарланса,

Жетілу аз-ак жылда жоғары өрлеп,- дейді.

Өнер-білімді игеру адам бапасын бакытты болуға бастайды, надандыктан арылтады, өмір сүруді жеңілдетеді дегенді жастардың ұғымына жеткізе айтады. Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,

Ала ауыз азғын болсаң коян жүрек,—

деп жастардың намысына тие, арына козғау сала сөйлейді. Өнерлі, білімді болумен катар ынтымақшыл, көпшіл болудың кажеттілігі барын түсіндіреді. Мұнымен катар, өнерлі, білімді болу қара бастың камы үшін емес, ел камы, халықтың камқоршысы болу үшін жұмсалуы керек екенін тағы да катты ескертеді.

Ел үшін еңбек етсең халкың сүймек,

«Біз үшін отка, суға түсіп жүр» деп,

Ер өлсе де енбегін ел өлтірмес,

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,— деп халык үшін кызмет етудің игілігі өшпес даңкка, кұрметке оөлеитінін, тарихтан орын алып, халык аузында айтылатын аңызға айналатындай ететінін ескертеді. Окудың максаты мен халық алдында істейтін адал кызметтің игілігі осындай болмак деп түсіндіреді. Окудың, өнер-білімнің кымбаттылыгын, колға онай түспейтінін, бүл жолда ұзак жылдар кажымай, талмай, қиындығына төзе жүріп, еңбек етудің кажеттігін айтады.

Акын казак халкының өзгелермен катар тұруын армандаған. «Анау- мынау»деген өлеңінде былай дейді:

Анау кырда татар тұр,

Баскалармен катар тұр.

Мынау ойда казактұр,

Қастарында азап тұр,-

дегені сол кезеңдегі казак калпын дэл білдіретін замана шындығы еді.

Тұрмыстың киыншылығын көріп жүрсе де акын ерекше төзімділік таныта білді, алған бетінен еш кайтпады. «Шэкірт ойы» атты өлеңінде:

Қараңғы казак көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылыктың кегіне,

Күн болмағанда кім болам!-

деп аскак идея ұсынады. Алаш туының астына елін сүйген ерлер жиналғанда Сұлтанмахмұт сол топтан табылады. «Алаш» гимнін жазысады.

Абзал ақын меңдеткен ұзак наукастан 1920 жылы 21 мамырда кайтыс

болады.

Патша кұлағаннан кейін Қазақстан Уакытша үкіметтің қарамағана көшті. Оның пәрмені бойынша жер-жерде Қазақ комитеттері құрыла бастады, бірақ Уакытша үкімет пен олардың жергілікті органдары еңбекші қазақ елінің мүддесіне кызмет ете алмады. Ендігі жерде Ресей құрамына автономия болып кіретін бөлек ел болудың жоспарлары туды. Бұл жағдай «Алаш» партиясы (1917, шілде) мен Алашорда үкіметінің (1917, желтоқсан) кұрылуына алып келді. Қазак акындарының біразы оны қолдады. Сұлтанмахмұт Торайғыров:

Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді Алашты ешкімнің Қорлығына бермейміз…

Өлер жерден кеттік біз.

Бұл заманға жеттік біз.

Жасайды Алаш, өлмейміз Жасасын Алаш, жасасын!* —

*(С. Торайғыров. Шығармалары. Алматы, 1-том,1993-1236). деп «Алаш ұранын» жазса, дербес қазақ мемлекетінің болашағын түрік халыктары ынтымағымен байланыстыра караған Жүсіпбек Аймауытов:

Арғы атам — ер турік Біз қазак еліміз.

Самал тау, шалкар көл Сарыарка жеріміз.

…Ат мінсек, жел болып,

Дауылдап шабамыз.

Лап десек ерленіп,

Дауылдап жанамыз.

…Ер түрік ежелден Ок тескен етіміз.

Қаймығып еш жаудан Қайтпаған бетіміз* — *(«Абай» журналы. 1918, №7)

деп жана ұлт мемлекетін корғарлык ерлік дәстүрлерді еске салды.

Алайда 1917 жылдың караша айындағы төңкеріс кезінде үкіметтін большевиктер колына өтуі жағдайды өзгертіп жіберді. Екі жылдай Қеңес өкіметімен катарласа өмір сүргенмен, Алашорда үкіметі кең канат жая жүмыс істей алмады. Оның жүмысына елдегі Азамат соғысы, уакытша билікті колына алған Сібір үкіметі де көп кедергі жасады. Большевиктер Алашорда автономиясын мойындамауға тырысты. Керісінше, казак халкына большевиктердің бағдарламасына сәйкес таптык жіктелуге негізделген автономия беруге дайын екендіктерін білдірді. Акыры Қенес өкіметі орныккан кезде, Алашорданы таратып жіберді.

Ресейдегі акпан төңкерісін шын пейілмен кабылдаған казак каламгерлері казан айындағы жаңа төңкерісті ыкылассыз карсы алды. Олардың көбі саяси жағдайды түсіне алмады және казактың мойнына отаршылдыктың камыты кайта киілуінен қауіптенді. Сэкен Сейфуллин сиякты орыс большевиктерімен байланысы бар бірен- сарандары болмаса, калған бөлігі шыгармашылык дағдарысқа түсті. «Қазактарга акпан төңкерісі каншалыкты түсінікті болса,- деп жазды 1919 жылы Ахмет Байтүрсынов, — Қазан социалистік төңкерісі соншалыкты түсініксіз көрінді.Бірінші төңкерісті кандай куанышпен карсы алса, екінші төңкерісті соншама үреймен карсы алуға тура келді»* *(А. Байтүрсынов. Революция и киргизы. Жизнь национальностей. 1919, 3 августа.№29(37) . Төңкерістің алғашкы кезінде билікке ие болгандар тарапынан жүргізілген күштеу, зорлык, оның үстіне 1920-1921 жылдары халык бастан кешкен аштык, жокшылык жаңа өкімет тарапынан жүргізілген шараларга сенім туғыза коймады. Дегенмен олар күштеу жолымен болса да, билікті мыкты ұстап, жер-жерде өз саясатын жүргізе бастады.

Кеңес өкіметінің орнығуы, коммунистік партияның езілгендер мен каналғандарды жактауы елдің кедей шаруалары тарапынан колдау тапты. Тендіқ,эділдік туралы ұрандары халыкты сендіре бастады. Осындай жағдайда Сәкен Сейфуллиннің маңына^жана каламгерлер тобы калыптасып, кедейдің теңдік алуы, эйелдердің құкын корғау такырыбына өлеңдер жаза бастады. Жаңа өмір жасаушы ретінде Ленин мен коммунистік партиясының атына мадактау жырлар туды. Бұлардың катарында Б. Майлин, I. Жансүгіров, С. Мұканов, Ш. Иманбаева, А. Токмағанбетов сиякты каламгер болды.

1920 жылы Ресей Федерациясының құрамында Қазак Автономиялық Республикасы кұрылды. Оның астанасы болып Орынбор каласы белгіленді. Бұрын бұл калада батыс облыстардың казактарын баскаратын экімшілік болған еді. Орынбор солардың ісін жалғастырды. Астананы казақ ортасына жібермеудің өзінде де сенімсіздіктің салқыны жок емес-ті. Республика аумағынан тыс жерден нұскау беріп, коммунистік партия мен Кеңес өкіметі ел ішінде өз шараларын жүргізді.Алайда автономия алудың ұлттык мәдениетті дамытуға пайдасы болмай калған жоқ Қазак тілінде баспа ашылып, әдебиет кітаптары басыла бастады. Күнделікті газет-журналдар шықгы. Олардың бетінде жаңа өмірге тілектестік білдірген жырлар басылды.

Жаңа кұрылған Қазак автономиясы Қазақстан жерін түгел біріктіріп үлгермеген еді. Сырдария, Жетісу облыстары Түркістан Республикасының карамагында калып койды. Орынбор билігінен пана таппағандар осында Ташкентке жиналды. Түркістан Республикасы басшылығының демократтығын, ұлттык мүддеге тілектестігін пайдаланып, М. Жұмабаев өз өлендерін осында бастырды. X. Досмұхамедов Орта Азия университетінде лекция оқыды. Әуелде саяси-когамдык кызметін Орынборда бастаған А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Әуезов автономия басшыларымен келісе алмай, партиядан куылып, кызметтерінен босаған соң Ташкентке келді. Ташкентте ашылған Қазақ — кырғыз Халык ағарту институты мен Білім комиссиясы қазақ зиялыларының бас коскан орталығына айналды. Осы жылдары жарық көрген әдеби — сын макалалардан, пікір алысулардан Орынбор мен Ташкент арасындағы келіспеушілікті, ұлттық әдебиеттің даму бағыты жайлы түрліше көзкарасты тануғы жылдары жарық көрген әдеби — сын мақалалардан, пікір алысулардан Орынбор мен Ташкент арасындағы келіспеушілікті, ұлттык әдебиеттің даму багыты жайлы түрліше көзкарасты тануға болады. Олардың көпшілігі «Еңбекші Казак», «Қызыл Қазакстан» (Орынбор), «Акжол», «Шолпан» (Ташкент) атты газет — журналдардың бетінде басылды. Орынборда Сәкен Сейфуллиннің «Асау тұлпар», «Бакыт жолында», «Қызыл сұңкар» кітаптары, Ташкентте Абайдың, Мағжан Жұмабаевтың жыр жинақгары басылды. Екі жақтың пікір кайшылыгына сылтау болып, сынға іліккен туындылар Сәкен мен Мағжанның шыгармалары болды. Бұл айтыстың төрелігіне кейін партия араласып, «ұлтшылдык» көзкарастары үшін «Акжол» газетін жауып, оңтүстік облыстарды Қазакстанға косу мэселесін шешті. Екі жақ біріккен соң астана Қызылорда каласына көшті.

1925 жылы 18 маусымда Коммунистік Партияның Орталык Комитеті «Партияның көркем эдебиет саласындағы саясаты туралы» қаулы кабылдады. Бұл каулы саяси билікте пролетарият диктатурасын орнаткан елдің мэдениетін де пролетариат мүддесіне ыңгайлау саясатын ұстанды. Қаулы бойынша жер- жерлерде пролетариат жазушыларының ассоциациялары құрыла бастады. Қазақстанда ҚазАПП кұрылды. Қазакстанда пролетариаттың элі тап есебінде калыптасып үлгермегенін, оның ішінен шыккан жазушылар жоқтығын сылтау етіп, Ташкентте кызмет істеп калып койған акын- жазушылар тобы «Алка» атты ұйымның («Қазактың бұкарашыл жазушыларының ұйымы») жобасын жасады. Бірак ол өтпей қалды. Міне, осыдан бастап, казак әдебиетінде таптык көзкарас үстем болып, казак коғамын бай мен кедейге бөліп, кедейді іш тартып, жана заманның каһармандары, болашақ коғамның иесі ретінде бейнелеп, байларды тап дұшпандары кейпінде суреттеу орын алды.Қазак әдебистінің жас күштері осы бағыта тэрбиеленді.Әдебиет пен мэдениеттің даму беталысын партия кадағалап отырды.Ескішіл деген акын-жазушылар ҚазАПП-тан тыс жұмыс істеді. Бой тасалап М.Жұмабаев Мәскеуге ,М.Әуезов Ленинградка окуга кеггі.Ж.Аймауытов Шымкентте калып, шығармашылык жұмыстарын жалғастырды. А.Байтұрсынов жоғары мектепте сабак беріп, М.Дулатов журналистік кызметпен шұғылданды. 1928 жылы қазак байларын тап есебінде жойып, мал-мүлкін тартып алып, жер аударғаннан кейін олардың «идеологтары» саналып келген «ұлтшыл» жазушылар да камауға алынып, жазаланды.

Коммунистік партияның осындай тэртібіне лайык өмір сүргеніне карамастан, Казақстанда эдебиет ісі бірталай өркендеді. Ең алдымен,ол жаңа заман шындығын көркем суреттеуде ізденістер танытты,жаңа жанрларды игеруге талап жасады. Бұрын ұлттык эдебиетте тек кана поэзия үстем болып келсе, прозаның шағын үлгілері жаңа бой көрсете бастаса,енді көркем проза мен драматургия толығынан туды. Әдеби сын өркендеді. Мәдени мұраны таптык тұрғыда игеру күн тэртібіне койылды.20-жылдар ішінде эдебиетке Ғ.ІУІүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Ө.Тұрманжанов, Ж.Сыздыков жэне баска да жастар келді.

20 — жылдардағы казак поэзиясының дамуын сөз еткенде, ондағы революцияшыл, солшыл багыттың үстем болғандығын атау орынды. Бұп бағыттың топ бастаушысы Сәкен Сейфуллин (1894 — 1938 ) азаттык үшін күрестің от — жалынын кешіп келген болатын. Ол Омбыда окып білім алган, ондағы орыс революционерлерімен карым -катынас жасаған. 1917 жылы Акмолада Кеңес өкіметін орнатуға катысып, 1918 жылғы көтеріліс кезінде ак гвардияшыл атаман Анненковтың колында, Колчактың Омбыдағы концлагерінде азап көрген. 1919 жылы кашып шыгып, оңтүстік Қазакстанға өткен. Орынборда Қазак республикасының басшы кызметтерінде болган.

Бұрын жинағы басылған («Өткен күндер». 1914, Қазан) Сәкен Сейфуллин әдебиетке біраз тэжірибе жинактаган күйінде келді. Ол ұлттык әдебиетімізде тұңғыш рет азаттық сүйгіш, күрескер қаһарманның бейнесін жасады. Оның лириқалык каһарманы — озбырлыкка жаны кас, эділет жолында барын аямайтын тегеурінді жан. Ол революцияны еліне тәуелсіздік, бостандык әкелетін төңкеріс деп түсінеді де, соған араласады. Осы жолдағы киыншылыктың бәріне де төзімділікпен карайді. « Қамаудан» өлеңіндегі: Отырмын күзет, камауда Дұшпанңан тэнім жеңілді.

Жеңе, алмас, бірак, еш пенде Асау, еркін көңілді*,

(С. Сейфуллин. Шығармалар.6 томдык. 1-том,1960, 109-6) деген жолдар каһарман бойындағы осындай жігерді танытады. «Асығып тез аттандык». «Кел,жігіттер !», «Түрмеден кашан шыкканда», «Жас казақ марсельезасы» т.б.өлендерінде акын осы каһарманнын күрес жолындағы өмірін жан-жакты бейнелейді.Ол: «Азамат, жүнжіме,жүрмебос,кол үстас,бірігіп тізе кос»,-деп,тендіктің күні туғанын жария етеді. Патшаның эділ болмағанын, бүкара халыкга кем түтканын,ұлыктардың паракорлығын,ел-жүртты надан ғып караңғылыкта үстағанын суреттейді. Акын ескі ән ырғағы дэстүрін жаңартып, асау, еркін күрескер азаматтың көңіл-күйін танытатын сөйлеу мэнерін элеңге кіргізді.

Шыдамадым капаска,

Кеңшілікке каштым.

Көндікпедім матауға,

Асау атша бастым.

Уһ! Шыркап ,зымырап,

Сүңкардай заулап үшайын !

Ұшайын!

Жер-көкті капсырып,

Әй,бір кұшайын!

Біріктіріп кұшайын.*

*(С.Сейфуллин. Шығармалар. 6 томдық, 1-том, 1960. 112-6)

Бүл жолдардан еркіндікті аңсаған каһарманның өмірге құштарлығы айкын танылады. Сәкен жана заманның екпінді, каркынды жүрісі мен үнін Асау түлпарга теңеп, осы бейнеде суреттеді. Жинаганың атын «Асау тулпар» (1922) койды Кейін «Советстан» (1925) поэмасында жаңа коғамның каркынды дамуын экспресс-пойызбен салыстырады. Қазактын 11 буынды өлең ырғағын жаңартып, оны пойыздың жүріс ырғағына ыңгайлауға тырысты.

Сәкен азаматтық саяси лириканың ғана емес, табиғатың да шебер жыршысы, адам жанымен сырын түсінетін акын болған. «Көкшетау» поэмасы Казакстанның ең бір көрікті өлкесі — Көкше өнірінің табиғатын керемет суреттеумен халык арысына кең тараған. Сәкеннің өлең жолдарын ел әнге косып айтады. Поэма сюжетінің тарихи негіздеріне акын тап көзкарасы түрғысынан бага беріді. Ол көрші екі ел — казақтар мен бірін-бірі жаулаушылығын ел билеушілердың олжа табу жолындағы күресі деп таниды. Қалмактарды шапкан Абылай хан әскерінің тұткынына түскен калмак қызының тағдырына көңіл аударады. Оны хан тұткынан казак батыры Адак босатады. Мұны акын озбырлыкты адамгершіліктің жеңуі деп санайды.

Сәкеннің «Аккудың айырылуы», «Аксак киік» сияқты шығармалары адал махаббатты, өмірдің эсем көріністерін ардақтауга үндейді. Акку мен киікті ол әсемдіктің бейнесі ретінде алған. Алғашкы поэмада суы күміс, жасыл кұракты Айнакөлдің суретіне оның көркі болған кос аккудың сүлулығы қосылып суреттеледі де, соның бірін атып алған аңшының зұлымдығы сыналады.

Сынарынан айырылган аккудың назаланған үні мен биіктен кұлап өлуін, акын үлкен тебіреніспен береді. «Аксак киікте» сұлу аңға кол көтерушіге де наза айтады.

Сәкенмен бірге жаңа пролетарлык эдебиет жасауға катыскан Б.Майлин (1894 — 1938) бүрын демократтык багытта өлеңдер жазған акын елі. 1920 жылдардан бастап ол да өкімет саясатын жактап, казак кедейінің теңдік үшін күресін, өсу, жаңару жолын көрсететін өлендерімен көзге түсті. Мыркымбай атты кедей өмірінің әр кырын суреттейтін өлеңдер циклін жа?пі-‘ Өзі де карапайым казақ отбасынан шыккан акын:

Сенің зарың — зарлайтыным өмірде,

Сенің арың — арлайтыным өмірде.

Сен не көрсең, мен де соны кормекпін,

Белді буғам ауырға да жеңілге.

Сен жыласаң, көзден жасым тамшылар,

Сен қуансаң, қайғы-шерім аршылар.

Айт өлеңді ен даланы жаңғыртып,

Қойшы-колаң кеше жүрген жалшылар,* — *(Б.Майлин.Шығармалар.6 томдық.І-том,1960,112-6) деп өзінің кедейлермен тагдырлас екендігін айтты.

«Маржан» поэмасында кедей өмірінің касіретті жактарын көркем бейнеледі. Қазак эйелінің тендік алуын кұттыктап өлеңдер жазды. Бейімбеттің өлен-поэмалары казақ әдебиетінде жаңа заманның ұнамды типтерін тануға деген ұмтылысты көрсетеді.

Әдеби кызметін осы дәуірде бастаган Сәбит Мұканов та (1900 — 1973) казактың революцияшыл поэзиясының көрнекті өкәлә болды. Өзі жетімдіктің, жокшылыктың зардабын көріп өскен ол алғашкы күннен бастап өзі шыккан таптың жокшысы ретінде танылды. Оның өлеңдері мен «Батырак» поэмасы бұрын өмірден қағажулык көрген казак кедейінің жаңа дэуірде катарға кіріп, коғамдык істерге араласканын бейнеледі. Ал «Сұлушаш» поэмасында бай кызы мен кедей баласының арасындағы махаббатты, олардың косылуына бөгет болган күштерді суреттеді. Акынның тапшылдығы, үстем тапка деген көзкарасы дэуірдің саясаты тұргысынан карағанда түсінікті де.

Жаңа әдебиеттің негізгі идеясын кабылдап, оны жырлауга кұпшыныс білдірген акынның бірі — Ілияс Жансүгіров (1894 — 1938) еді. Төнкерістен бұрын демократтык бағытта өлеңдер жазган акынды Кеңес идеясына тарткан да өкіметтің кедейлерге деген колдауы болды.

Ол «Арыным» атты өлеңінде:

Алкынамын, басылмайды арыным,

Тау селіндей екпін, кайрат, сарыным.

Жарлы-жЗДшы, жакыбайды жарылкау — Жандагы ауру, жүректегі жалыным, *- *(І.Жансүгіров.Шығармалар.6 томдык. 1 -том. 1960,35-6)

деп, өзіміп акындык бағдарламасын жариялай, жалындата келді. Ол «АспандыІ тұманнан, жерді жуаннан арылту» идеясына сенді. Кейінгі шыгармаларымен акын өмірге кіре бастаған жаңалыктарды макұлдай, ескішілдікті сынай, шеней, белсенді үн косып отырды. 20-жылдардың аяғына карай Ілияс эпикалық поэзияға бет бүрды. Оның беташары — «Күй» поэмасы қазак өнерінің күдыретті күшін көркем бейнелеудегі үлттық әдебиетіміздің алғашкы табыстары катарына кіреді.

Әдебиет майданында кұйрыкты жүлдыздайжарк етіп шығып, тез сөнгеңі казак кызы Шолпан Иманбаеваның (1904 — 1926) өлеңдері де осы дәуірде кең тарады. Балалык шағы жетімдікпен өткен Шолпан 14 жаска толар-толмасында бір байга токалдыкка үзатылып, бай үйінің тепкісінде күнін өткізеді. Кейін Кеңес мекемелеріне барып, басына бостандык алады. Сондыктан да болар, Шолпан казак әйелінің коғамдык теңсіздік күйін, калыңмалға сатылуын, жаңа дәуірде азаттыкка жетуін өлеңдерінің негізгі такырыбы етіп алған.

Көп жыл жүрдім бүзау, козы соңында,

Мандайымнан арылмаған сорым да.

Күл шығарып, тезек теріп, су тасып,

Күңі болдым жауыз байдың колында.

Далба-дүлба, шокпыт-шокпыт киімім.

Ауыр түрмыс көрдім талай киынын.

Өмір өтіп зарлау, жылау, кайғыда Шеше алмадым көңілдің тас түйінін.* *(Ш.Иманбаева.Өлеңдер.Алматы, 1950.55-6)

Жалшы әйелдің атынан айтылған акынның осы өлең жолдары теңіне косыла алмай, калың малга сатылып, байға токал болган казак әйелінің сол тұстағы өмірін, көңіл күйін дэл бейнелейтін еді, Акын өлеңдері азат болған казак әйелінің куанышы мен сезімін суреттеуге арналған.

20-жылдардың екінші жартысында Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Ө.Тұрманжанов, Ғ.Орманов, Ж.Сыздыков сиякты акындар алғашкы шығармаларың жариялай бастады.

Жалпы алғанда, казак поэзиясы бүл жылдары халыкты оятып, теңдікке үндеу, оку-білім жолына шакыру сиякты үгіттік міндеттерді жаман аткарған жок. Сонымен бірге онда жаңа заман шындығын жырлаймыз деген үранмен шыгарманың такырыптык жағына көбірек көңіл бөлу, көркемдік ізденістердің аздығы, тап күресін тым жадағай түсіну сияқты жайлар байқалатын еді. Өмір суреттерін бір жакты бейнелеу, оның күнгей жактарын ғана алып, көлеңкелі жактарын калыс калдыру орын алды. Соның нәтижесінде 20-жылдары казак халкы бастан кешкен аштык шаруаларды зорлап үжымдастыру, кашкан елдің басынан өткен куғын-сүргін көркем әдебиет бетінде сөз болған жоқ. Заман жаңалыгын өлеңге кіргіземіз деген максатпен казактың дэстүрлі кара өлеңінің ырғағын бұзу тэжірибелері де ойдағыдай жеміс бермеді. Мұндай олкылыктар здебиетке жаңадан келген жастармен катар тэжірибелі акындар шығармашылығынан да орын алды.

Кеңестік идеядағы акындар шығармашылығының осы олкылығын Мағжан Жұмабаев (1893 — 1938) шығармашылығы толыктырды. Ол жаңа заман тәртібін кабылдамаған, өзінің шығармашылығын демократтык әдебиет дэстүрінде жалғастырған акын еді.

Алғашкы өлендері «Шолпан» деген атпен басылған (1912) Мағжан гасыр басындағы казак халкының отаршылдык пен езгіге карсы күресіне үн коскан, халыкты караңғылыктан шығарып, оку-білім ізденуге шакырған акын болды. Революция жылдары Алашорданы жактаған ол жаңа өмірге икемделе коймады. Қайта жаңа тэртіпті халыктың ескі дәстүрін бүзып кираткан, адам еркін түсаған режим есебінде бейнеледі. «Іс санаулы, сөз аңдулы» дүниеде «өз колымен үнамды тон пішу» мүмкіндігі жоғын айтты.

Қыран кұстың кос канаты кыркылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Аскар Алтай — алтын ана есте жок,

Батыр, зандар, аскан жандар үмытылды *- *(М.Жұмабаев.Шығармалар.Үш томдык.Алматы,1-том, 1995, 78-6.) деген жолдарда коммунистік тэртіптің ұлттык мүддеге қаталдыкпен қарағаны тым кесіп-пішіліп айтылған.

Мағжан өлеңдерінің жоғарыда аталған революцияшыл, солшыл акындардан елеулі айырмасы — оның казак халкы бастан кешкен өмірдің азапты, мұңлы жағына назар аударуы, өкініш пен күйінішке жэне махаббат пен табиғат суреттеріне көбірек көңіл бөлуінде. Оның өлеңдері сезімтал, суретке бай келеді. Онда табиғат пен адамның жан дүниесі бірдей өріліп жатады, табиғат көріністері аркылы адамның көңіл күйі көрінеді. «Жазғы жолда», «Қыскы жолда», «Жел» сиякты өлеңдердегі сурет, сезім байлығы ақынның көрген, сезген дүниесін калт жібермей танитын акындыктың «күпиясырын» (В.Белинский) меңгерген талантын мойындатады. Романтикалык леп, канатты киял мен ой еркіндігі, образ тапкырлыгы Мағжан өлеңдерінде аса шебер таңылады. Оның өлеңдері — «айналасы теп-тегіс жұмыр келген» поэзия.

Өмірден кағажуды көп көрген акынның бір мезгіл орыс символистеріне еліктеп кететіні де бар. Онда Д.Мережковский мен К.Бальмонттың, А.Блок пен

В.Брюсовтың өлендерімен үндестік танылады («Пайғамбар», «От», «Жел», «Толқын»),

Акын өлеңдерінде жалпы түріктік бірлік идеясы, шығысты пір түту, оның келешегінен үміт күту көбірек байқалады. Ол Түранның тарихын, Шығыстың жауынгер колбасшыларын, қазак жерінің батырларын еске алып отырып, халықтың намыскойлығын, ерлік дэстүрін жырлайды.

Күншығыстан таң келеді — мен келем,

Көк күңіренеді. Мен де көктей күңіренем.

Жердің жүзін караңгылык каптаған,

Жер жүзіне нұр беремін, күн берем, *- *(Сонда, 70-6)

дейді Шыгыстыңүлы акыны.

Магжанның махаббат жырлары — казак лирикасының ең бір жаркын беттері. Ол адамның ойын, ішкі сезімін, сагынышы мен күйінішін тэңірдей көтере суреттейді. Оның лирикалык каһарманы — сезім қүшағында, жүрек тербелісінде мас болып, басы айналган азампты жан. Мағжан үғымында, шын сүю — азап жолы, оның өкініші мен куанышы катар жүреді.

Келші, көзім, күн бетінді көрейін,

Сүйші, сәулем, түншығып мен өлейін.

Жет, жүлдызым, жылжып кана жібектей,

Жүлдызды жүзік, Айды алка кып берейін.

… Шашың —толкып, жүрегімнің жарына,

Соғылды да, батты улы зарына,

Айнам, саган арнап жырлар жазамын,

Қаламымды малып жүрек канына, *- *(Сонда, 172-бет)

дейді махаббатка мас акын «Жүлдызды жүзік, айды алка кып берейін» өлеңінде. Оның «Гүлсімге», «Гүлсім ханымға», «Жан жарымды бір сүйейін», «Түсімде», «Шолпы», «Күміс нүрлы ай», «Сүй, жан сәулем» т.б. өлеңдері гашықтык жырының тамаша үлгілері болып табылады.

Магжан поэмалары ішінде «Батыр Баян» ерекше орын алады. Ол романтикалык трагедияға күрылған. Абылайдың калмакты шабуы кезінде колға түскен сұлу кыз Баян батырдың үлесіне тиеді, оны батырдың інісі Ноян сүйіп, кызбен калмакка кашады. Баян куып барын екеуін де өлтіреді. Бірак романтикалык сезімге күрылған поэмада батырлык, махаббат дүниесімен катар, ашу, ыза, содан туатын кайғылы суреттерін куэ ете отырып, ақын өкінішті толганыска беріледі.

Мағжанның соңғы туындыларының бірі — «Токсанның тобы». Оны ақын айдаудан, өмірдің азапты сапарынан оралғаннан кейін, көп ойланыс- толғаныстан соң жазған (1927). Ол шын көңілмен жаңа өмірге іш тартады. Бүкіл халыктың жаңа түрмысқа ден қойганын, кедейлер жиналысына халыктың жүзден токсаны қатысканын, оны гана сыртта калғанын көріп…» анау оннан мен аулак, мен токсанмен біргемін» деген корытынды жасайды. Бірак оған сенім көрсетілмеді. Оның «Қоркыт» туралы поэма жазуы да, Қоркыт пен өлім проблемасын көтеруі де осы шарасыздыктан туған.

Дербес қазак мемлекетінің болашағын түрік халықтары ынтымағымен байланыстыра караған Жүсіпбек Аймауытов:

Арғы атам — ер түрік Біз казак еліміз.

Самал тау, шалқар көл Сарыарка жеріміз.

…Ат мінсек, жел болып,

Дауылдап шабамыз.

Лап десек ерленіп,

Дауылдап жанамыз.

…Ер түрік ежелден Ок тескен етіміз.

Қаймығып еш жаудан Қайтпаған бетіміз* — *(«Абай» журналы. 1918, №7)

деп жаңа үлт мемлекетін корғарлык ерлік дэстүрлерді еске салды.

Алайда 1917 жылдың қараша айындағы төңкеріс кезінде үкіметтің большевиктер колына өтуі жағдайды өзгертіп жіберді. Екі жылдай Кеңес өкіметімен катарласа өмір сүргенмен, Алашорда үкіметі кең қанат жая жүмыс істей алмады. Оның жүмысына елдегі Азамат соғысы, уақытша билікті колына алған Сібір үкіметі де көп кедергі жасады. Большевиктер Алашорда автономиясын мойындамауға тырысты. Керісінше, казак халкына большевиктердің бағдарламасына сәйкес таптык жіктелуге негізделген автономия беруге дайын екендіктерін білдірді. Акыры Қенес өкіметі орныккан кезде, Алашорданы таратып жіберді.

Ресейдегі акпан төңкерісін шын пейілмен кабылдаған казак каламгерлері казан айындағы жаңа төңкерісті ыкылассыз карсы алды. Олардың көбі саяси жағдайды түсіне алмады жэне казактың мойнына отаршылдыктың камыты кайта киілуінен кауіптенді. Сэкен Сейфуллин сияқты орыс большевиктерімен байланысы бар бірен- сарандары болмаса, калған бөлігі шығармашылык дағдарыска түсті. «Қазақтарға акпан төңкерісі каншалыкты түсінікті болса,- деп жазды 1919 жылы Ахмет Байтүрсынов, — Қазан социалистік төңкерісі соншалықты түсініксіз көрінді.Бірінші төңкерісті қандай куанышпен карсы алса, екінші төңкерісті соншама үреймен карсы алуға тура келді»* *(А. Байтұрсынов. Революция и киргизы. Жизнь национальностей. 1919, 3 августа.№29(37). Төңкерістің алғашкы кезінде билікке ие болғандар тарапынан жүргізілген күштеу, зорлык, оның үстіне 1920-1921 жылдары халык бастан кешкен аштык, жокшылык жаңа өкімет тарапынан жүргізілген шараларға сенім туғыза коймады. Дегенмен олар күштеу жолымен болса да, билікті мыкты ұстап, жер-жерде өз саясатын жүргізе бастады.

Кеңес өкіметінің орнығуы, коммунистік партияның езілгендер мен каналғандарды жактауы елдің кедей шаруалары тарапынан колдау тапты. Тендіқ,әділдік туралы үрандары халыкты сендіре

Бүл дэуірде профессионалды эдебиетпен катар халык поэзиясы да жана каркынмен дамыды. Өмірден кажау көріп келген кедей акындар жаңа заманды теңдік заманы деп мадақтаған жыр төкті. Олардың ішінде ең өнімді еңбек еткендер — Иса Байзақов (1900 — 1946) пен Жамбыл Жабаев (1846 — 1945) еді.

Жамбыл Кеңес дэуірін көтеріңкі көңіл күйде, ондағы жаңалыктарды кадағалап, жырлап отырды. Заман туралы ұзак толғауларын шығарды.

Иса Байзаков — өзі әнші, өзі жыршы, төкпе акын болды. Одан калған эпикалык мұраның ішінде «Құралай сұлу», «Акбөпе», «Кавказ», «Алтай аясында» сиякты үлкен поэмалар бар. Бұлардың да такырыбы халыктың әділет жолындағы ізденістері еді.

Міне, осы аталған акындардың күшімен казак поэзиясы 20-жылдардың ішінде бірталай ізденісті бастан кешті. Әдебиет бар күшін бүгінгі заман такырыбын игеруге бағыттап, саяси, азаматтық лириканы едэуір дамытты. Аракідік болса да, махаббат, табиғат лирикасы (Магжан, Сәкен) бой көрсетті. Бұрын Шыгыстың дастандары үлгісін жалғастырған эпикалык поэзия — поэма жанрын туғызды. Сюжетті поэмалармен катар лирикалык-публицистикалық поэмалардың үлгілері жасалды. Поэзия тілінде тарихи такырыпты жырлау талабы да көрінді.

Қазактың көркем прозасы, негізінен, Кеңес дэуірінде дамып, калыптасты. Революциядан бұрын «роман» деген атпен басылған шығармалар («Қалыңмал», «Қамар сұлу», «Бакытсыз Жамал») таза прозалык үлгіде емес, өлеңмен аралас келетін, көркем суреттері аз, белгілі бір сюжетті эңгімелеп шығатын схемалық хикаялар еді. Жазу мәдениетінің кеш тууы шын мағынасындағы көркем прозаның дамуына мүмкіндік бермеді. Ал, Кеңес тұсындагы тарихи окиғалар легінің кабаттасуы, адам өмірі мен тағдырының күрделілігі, өлеңніңаукымына сыймастай өзгерістердің молдығы прозаның дамуын жеделдетті. 1917 жылдың өзінде жазылған М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «С. Сейфуллиннің «Жұмату» атты әңгімелері заман мен адам проблемасын күн тэртібіне қойып, жүгін заманауырлатып отырған адамның азат, жарқын күнге ұмтылысын бейнелеуге деген ізденісті танытты. Мұхтар әңгімесі қорғансыз жандардың басынан кешкен эділетсіз трагедиясын көркем суреттеуге арналса, Сәкен теңіне косыла алмай, калын малға сатылган казак кызына жұбату айтып, бақыт күнінің таяу екенін ескертіп, сол бакыт күнін күтіп алуг шакырады. Мұхтар қорғансыз Ғазизи мен оның өліміне себеп болған Акан болыстың кейпін психологиялык суреттер аркылы ашса, Сәкен лирикалык прозаның әуелден — ақ әр түрлі стильде түрліше жазу өрнектерінің жарысы түрінде дамуға бет алғанын байкатады. Осы дәуірдегі бұл жанрдың бастауында бұл екі жазушыдан баска Ж. Аймауытов пен Б.Майлин сияқты үлкен таланттар тұрды.

Мұхтар Әуезовтің (1897 — 1961) 20-жылдары жазған әңгімелері XX гасыр басындагы көшпелі казак ауылы өмірінің кайшылыктарын психологиялык тұргыда суреттеуге арналды. Ол корғансыз, мүсәпір адамдар тағдырын жоғарғы әңгімеден баска «Қыр суреттері», «Жетім», «Кім кінэлы» сиякты эңгімелерінде жалгастырса, «Есілік көлеңесінде» ескі салттың кұрбаны болган казак кызының өміріне аяушылық білдіреді. Қазак кызының тағдырына катысты оқыған азаматтардың түрліше типіне назар аударады («Үйлену», «Сөніп — жану»). Жазушы адам характерін олардың жан дүниесіне үңіле отырып, калтарыстарын аша суреттейді. «Қаралы сұлуда» жесір эйелдің жалғыздық сезімін терең ашады.

20-жылдардың екінші жартысында Мұхтар қаламынан «Қараш-Қараш окиғасы» (1926), «Қилы заман» (1928) сиякты көлемді шыгармалар туды. Бұл тұста эуелді Ташкентте, кейін Ленинградта окып жүрген автордың әдебиеттегі адам мен оның еңбегі, кылығы проблемасына элеуметтік, қоғамдык мэн бере бастағаны айкын көрінеді. Адамның өмірде біреуге тэуілде болу үшін тумайтынын, оның өмірдегі кактығыстары сол жолдағы бұлкыныстарың, азаттыкты аңсаудың нышандары екенін тануы — осының дәлелі. «Қараш-Қараш окиғасының» кейіпкері Бактығұл күн көріс үшін үрлық жасап, артынан Жарасбай болыстың барымташысы болып жүріп, еркін өмірді ансаиды. Жарасбайға байланып қалғанын кеш сезген ол ақыры болысты өлтіріп тынады. Оның әрекетінде эділетсіздікке карсы күрескен каисар, намыскай, жігерлі жігіттің өмір кұрығынан босанғысы келген бүлкынысы жатыр. Қамауға түскен Бактығұлдың күн көріс үшін ұрлық жасап, артынын Жарасбай болыстын барымташысы болып жүріп, еркін өмірді аңсайды. Жарасбайға байланып калғанын кеш сезген ол акыры болысты өлтіріп тынады. Оңын әрекетінде әділетсіздікке карсы күрескен қайсар, намыской, жігерлі жігіттің өмір күрығынан босанғысы келген бүлкынысы жатыр. Қамауға түскен Бакытғүлдін баласы Сейітті касына алып, оның орысша окуына зер салуынан, оны білім жолына бағыттауынан заманның бет алысын аңғарған адамның ойлы ісі танылады.

«Қилы заман» 1916 жылгы ұлт-азаттык козғалыының материалдары негізінде жазылған. Онда патшаның отарлау саясатының кара жүмысына жігіт алу кезіндегі соракы көріністері, оның сойылын соккан ел басшыларының эрекеті, карапайым халықтың куғынсүргіндегі өмірі суреттеледі. Оз басын коргай бас көтерген, бостандык аңсаган халыкка патшашылдыктың өшіге зорлық жасауы психологиялык түргыда жан-жақты ашылады. 1916 жыл окигасын қазақ қоғамын ашындыра қозгаған, елдің бас көтерер азаматтарын катерлі жолға бастаған ірі қозғалыс есебінде бағалайды. Заман мен адам карым- катынасын, кақгығысын ол осы тұрғыда бейнелейді. Ондағы елдің есті жігіттері — Ұзақ, Жэменке, Серікбай, Әубэкір, тағ баскалары ел намысын аркалаған, үпт жанды бейнелер ретінде дараланған. Сонымен бірге жазушы килы заманга тап болган казак елі ішіндегі әлеуметтік топтардың ішкі жіктерін де терең талдап көрсетеді.

«Қилы заманды» кезенде коммунистік идеология орыска карсы жазылған зиянды кітап есебінде бағалап, оны окуга тыйым салды. Повестің кайта басылып, ел игілігіне асқанын жазушының өзі көре алмай кетті. Ал, «Қилы заман» шын маынасында отаршылдықгың казақ халқына көрсеткен әділетсіздігін, әдіс-айласын эшкерелеген, халыктың боскындыкка ұшырап, жан- жакка бытыраған (Қытайға ауып көшуі) азапты өмірін батыл суреттеген шығарма болды. Осы жағдайды ескере отырып, Шыңғыс Айтматов: «Патшаның отаршылдық саяодтының безбүйрек каталдығы мен айуандығын соншалықты ашына әшкерелеген, көшпелі елдің өзіне шет патшалық әкімшілік жүйесін қабылдамауының табиғатын мол мысалмен соншалык терең ашып берген, кан жоса қырғынға үшырап, туып өскен жерінен қуылған карапайым халыктың халыктың касіретін ет-жүрегі езіле айтып берген мұндай шығарманы мен шығыс әдебиеттерінен сирек кездестірдім»* (М.Әуезов.Шығармалар.20- томдык.2-том.Алматы,1979,428-6), — деп жазды.

«Қилы заманның» кайта шығуы — казак халкының бодандыктан кұтылып,

егемендікке жетуінің аркасы.

20-жылдары Сәкен Сейфуллин әңгімелерімен катар екі повесть жазды. Бірі — «Айша» (1922), екіншісі — «Жер казғандар» (1928). «Айша» казақ әйелінің өз тендігін өзі корғау жолындағы күресін бейнелейді. Ол экесінің калыңмалга сатып, әйелі өлген шалға беруіне наразылық айтып, жол үстінде кашып кетеді. Нілді руднигіндегі ағасына барады. Айшаны бүкіл жүмысшылар боп панасына алады. Бұл аркылы жазушы қазақ даласына өндіріс орындары ашылып, жұмысшы табы туа бастағанын, олар кырдағы әдетзаңына тоскауыл болғанын көрсетуді ойлаған. Повестегі характерлер эрқайсысы өз бояуымен жаркын жасалған. Айша — өзі тектес қазақ кыздары Қамар, Шұға, Жамал, Ғайша сиякты емес, өз бақытын өзі корғауға шыккан, батыл, жаңа кыздың типі. Шығармада казак ауылы тұрмысының шындығы әдемі көрініс табады. «Айша»

  • XX ғасыр басындағы әдебиетте кең көтерілген әйел теңсіздігі мэселесін жалғастыру дәстүрінде жазылғанымен, оның шешімін жаңаша табуымен, көркемдік ерекшеліктерімен өз кезінін елеулі шығармалары катарына кіреді. Ал «Жер казғандар» — казақ даласында туа бастаған жұмысшы табының жаңа өкілі
  • темір жол салушылар туралы шығарма. Онда ауылдан көшіп келіп, біртіндеп жұмысшылык кәсіпке төселе бастаған адамдардың өміріндегі өзгерістер, карым-катынастар, жаңалыктар суреттелген. Кейіпкерлер бойындағы кайшылык, тартыс — бэрі де осындай ескілік пен жаңа көзкарастың кақтығысынан туады. Бұл Гүлия мен Бұзаубак арасындағы тартыстан көрінеді. Жаңара бастаған заман, жаңа орта бұрын ескі ауыл жағдайында мал беріп алған дөкірмінезді, надан Бұзаубакка Гүлия сұлудың тең емес екенін байқатада. Жазушы кең далада жер қазып, жол табанын төсеген еңбек адамының көңіл күйін Көкшенің әдемі табиғатымен астастыра бейнелейді. Одан халықтың еңбектің бағасын түсіне білуі, олардың келешегіне деген сенімі көрінеді.

Сэкеннің бұл дэуірде жазылған прозалык туындыларының көлемдісі — «Тар жол, тайғак кешу» (1927). Ол — мемуарлык сыпаттағы, тарихи деректерге сүйеніп жазылған шығарма. Жазушы 1916 — 1919 жылдар аралығында Казакстанда өткен тарихи козғалыстың өзі көрген, басынан кешкен окиғаларын суреттейді. Онда революциялык козғалыска Сәкен өз көзкарасы тұрғысынан баға береді. Қазакстанда Қенес өкіметі үшін күрескен, олардың ішінде өзімен бірге Акмолада революция жауларының колына түсіп, азап шеккен біркатар адамдардың (Ә.Әйтиев, Ә.Жангелдин, С.Шәріпов, А.Иманов, Ә.Майкөтов, К.Сүтюшев, А.Асылбеков, Б.Серикбаев, Ж.Нұркин, З.П.Катченко т.б.) ұнамды бейнелері жасалады. Әсіресе, акмолалык достарының бостандық жолындағы күресі мен контрревалюция кезіндегі колға түсіп көрген азабын, «азап вагонындағы» өмірін жанжақты суреттейді. Сондай азапты ерлікпен. төзімділікпен көтерген азаматтардың бейнесі риза етеді.

Сәкен әлеуметтік мәселерді талдауға тап тартысы тұрғысынан карайды. Патша отаршылдары мен ел билеушілерді, үстем тап адамдарын бір топпен карастырып, оларды еңбекші халыкты канаушы, озбырлык иелі ретінде бағалайды. Социалистік ревалюция мен оны жүзеге асырушы коммунистерді каналушы халыктың досы санайді. Оларды колдаушыларды ревалюция дүшпандарына қосаны. Алашорда өкілдерінің іс-әрекеттерін суреттеуде осындай біржақтылық бар.

«Тар жол, тайғак кешу» — таза мемуар емес, көркем туынды. Онда дэуірдін деректі материалдарына коса, окиға мен адамның іс-әрекетін, күйінішін, психологилык жай-күйін суреттеу, лирикалык шегініс жиі беріледі. Соңдыктан кітапты тарихы-мемуарлык роман деп тану калыптаскан.

Осы дәуірдегі казак прозасын дамытуға алғашкы күннен бастап кызмет еткен, оның шағын жанрларын жетілдіруге үлкен еңбек сіңірген жазушы Бейімбет Майлин болды. Ол — казактың көркем эңгімесінің әңгімесінің шебері саналады. М.Әуезов: «казак әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбеттің өзгеше мүрасынан танылатын»*(М.Әуезов.Әр жылдар ойлары.Алматы, 1959.384-6), — деп оған аса зор бага берген.

Бейімбеттің 20-жылдардағы әңгімелерінің көбі казактың кедей шаруалары мен әйелдерінің басындағы киын өмір сабактарын, олардың сілкінісін суреттеуге қүрылады. Мысалы: «Айранбай», «Түйебай», «Кедей теңдігі» эңгімелерінен ауылдагы әлеуметтік теңсіздік кедей шаруаның басына түскенін, Кеңестік шаралардың сөз жүзінде калып, әлі жетпегенін көрсек, «Күлтай болыс», «Кеңес агасы Қамила», «Зейнептің серті» сиякты әңгімелерден казақ әйелінің когамдағы орны мен олардың жаңа өмірге кадам басуға үмтылысын танимыз. Сонымен бірге Бейімбет қазак ауылын жайлаган надандыкты, ескі үгым түсініктер мен кертартпа салтты («Талак», «Шаригат бүйрығы», «Қадыр түнгі керемет» т.б.) катты шенеп жазады.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля