28 декабря, 2019 23:00
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………2
І тарау
1.1 Абай – көркем сөз өнерінің шебері………………………………………………………3
1.2 Абай шығармаларындағы көнерген сөздерді қолдану тәсілі………………..6
ІІ тарау
2.1 Абай тіліндегі көне сөздер………………………………………………………………….. 8
2.2 Абай шығармаларындағы араб‑парсы тілінен енген көнерген сөздер…..11
2.3 Абай тілінің сөздігі…………………………………………………………………………….12
2.4 Абай өлеңдеріндегі көнерген сөздердің ауқымы…………………………………14
ІІI Қорытынды………………………………………………………………………………………….19
IV Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………………………21
Кіріспе
Абай ‑ тілін сөз өрнегін зерттеу бүгінде қазақ филологиясы ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған Абайтанудың өз алдына маңызы зор бір тармағы.
Абай сөз өрнегін танып – білу саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін сондай – ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, әлі де арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз.
Солардың бірі – ұлы суреткердің сөз өрнегін тіл білімі тұрғысынан тану, яғни ғылымның «лингвистикалық стилистика» деп аталатын саласы бойынша талдау.
Көркем әдебиетте оның ішінде поэзияда сөз әрдайым өзінің тура мағнасында жұмсалмай, әр алуан мақсатта құбылып, өзгеріп қосымша рең үстеп, негізгі тілдің мағынасын ауыстырып немесе жойылып, не кеңейтіп қолданылып жатады.
Ұлы суреткер тілін танудың біз тармаған қырлары әлі де аз емес екнін айтамыз. Ұсынылып отырған жұмыста сөз болатын тақырыптар едуір. Поэзия ғимаратының негізгі кірпіші – сөз. Ақын сөзінің айтпақ болған ойына тілінің әрі сай, әрі әсем, әсерлі болып шығуы үшін көрнекті тәсілдермен сөздерді соның ішінде көнерген сөздерді таңдайды.
Абай ақын ғана емес, прозамен де қалам тартқан суреткер. «Өлең тіліндегі сөз» ‑ тақырыбын қозғағанда келесі назар аударатын жәйт сол ақын тіліндегі сирек қолданатын этнографизмдер мен бірді – екілі сөздер. Бұлардың көркемдік бейнеуіш қызметі жәйінде өз алдына ерекшеліктері бар. Бұл жерде айтпағымыз – Абайдың сөздік қатынасында, сөз таңдауында, кездескен, бұл күнде екінің бірі тап басып мағынасын тани бермейтін этнографиялық атаулар сияқты пассив қордағы сөздер.
Абай мағынасы күңгірт сөздерге аса үйір болмаған. Абай көне сөздерді ақын образ үшін емес, өз заманынан көп бұрын өткендегі қазақтардың тарихын оқырманның көз алдына елестету, үшін олардың тура өз мағнасында жұмсаған.
Біз ұсынып отырған курстық жұмыста «Абай өлеңдеріндегі көнерген сөздерге тоқталып солар бірнешеуіне тоқталып өтеміз.
- Абай ‑ көркем сөз өнерінің шебері.
Абай қазақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалаушылардың бір дегенде, ең алдымен Абай қолданған әдеби тіл, бір жағынан, өзіне дейінгі поэзиялық түрде дамып келген әдеби тілдің жалғасы болғанын, екіншіден, ақын ол тілдің сапалық қасиеттерін ұштап, дамыта түсіп, қоғамдық қызметін арттырғанын еске аламыз, сонымен бірге үшіншіден, ол тіл бүгінгі жемісіне келген, даму шыңына жеткен ұлттық жазба әдеби тіліміздің басы болып табылатынын негізге аламыз. Сондықтан да Абай шығармаларының шоқтығы бүгінгі поэзия деңгейінен қарағанда да өз қадірін жаймай, сапалық қасиеті айқындала даралана түсіп, соның арқасында оның поэзиясы көркем сөз шеберлерін өрекі өнеге, ұлағатты үлгі болып үнемі көріне дермек.
Білімді адамнан ғана білікті сөз шығады. Ұлағатты ұлы адам ғана елінің өткеніне көз жіберіп, келешегіне қам жеп, болашағын болжай алады. Табиғат берген даналық пен дарындылық ақыл мен білім, көрегендік пен сезімділік Абайды халқының данышпан ұлы етті, көркем сөз шеберінің алыбы етті.
Абай ең алдымен, көркем әдебиеттің, өлең сөздің қоғамдық ‑ әлеуметтік мәні мен қызметінің жан – жақты терең сырын, қолдану жүйесі мен шеңберін, жеке адам өмірінде алатын орнын дұрыс түсініп, оның қоғамдық даму кешіндегі көріністерін қайшылық жарасымдықтарымен көрсетіп, соның бәрін өз творчествосында рухани азық ете біледі . Сөз кестесіндегі әр тілдің элементтің жалпыға таныс ортақ мәндерімен бірге ішкі мүмкіндіктерін мағыналық, стильдік жүк көтере алуын терең сезінді, сол арқылы әдеби көркемдеу тәсілдерін жаңа үлгілері пайда болып, көнерген (жаңа) сөздердің түрлері пайда болып, жаңа сөздердің, тіркестердің әдеби айналымға түсу қабілеті мен оясы кеңіді. Сондықтан да ол «Өлең ермек үшін, жоқ барды (термек үшін ) ертегіні термек үшін жазбайтынын» оның да айқын баса көрсетіп, көркем сөз, әдеби тіл арқылы «тіл ұстартып өнер шашуды, надандық көзін емес, көңілін ашуды мақсат тұтатынын айтады.
Абай шығармаларының тілін арнайы зерттеп, оның сөз кестесіндегі тігілген өзіндік ерекшеліктерін, ұлы ақынның жаңа саладағы қазақ әдеби тілінің ұлттық негізін қалап, оның ілгері дамытудағы рөлін анықтап Абай тіліне тән көркемдік әдеби тәсілдерге, өлеңдерінің мазмұнымен мәніне, әлеуметтік, қоғамдық философиялық ой жүйесіне талдау жасап жүрген ғалым Рабиға Сыздауованың көрсетуінше, Абай аса игілікті істі атқарып, ХІХ ғасырдың соңындағы қазақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалап, өз творчествасына, жалпы халықтың сөйлеу тілін әрдайым
негіз етіп ұстанып отырса, екінші жағынан, оған бір қарағанда қарама – қарсы келетін жалғастылық принципті де берік, орынды ұстанды.
Абай «Өлеңнің іші поэтикалық ойға» ‑ идеяға толы болуына күш салып, соған лайық амал ‑ тәсілдер іздестірді, сол арқылы, бірінші, творчествалық контекст жасады, сөздің метофоралық қызметінің айшықталуы нәтижесінде олпрдың тіркесу мүмкіншілігі кеңейеді, сол арқылы қаламгерлік даралық айқын көрінеді, екінші ақын творчествасының тематикасы мен жанырлық құрылысы және жаңа образдар іздеу негізінде «қазақ көркем сөзінің лексикалық құрылымына өзгеріс енді. Үшінші, «поэзиялық терең мәнді, аз сөзді болу принципін ұстану нәтижесінде ойдың айқын дәл образ арқылы берілуі артты, төртінші фразоло ‑ саласында революция жасады, өлең құрылысына сан алуан жаңалық әкелді.
Абай өлеңді құдірет жұтып: «Өмірде ойға түсіп кем кетігің, тулағыш мінезің бар, жүрек сенің. Сонда сенің отыңды басатұғын. Осы өлең ‑ оқитұғын дұғам менің – деп бағалайды. Өлеңді Абай өзі жақсы көретіндіктен ғана емес, өз ұғымы, өзпарсаты, арқылы ел көңіліне, халық арман ойына қалай медеу болатынын, қоғамдық өмірден алатын орнын ашық беріп отыр.
Абай көркем сөзге, поэзия тіліне қатал да қажетті талаптар қойғаны баршамызға аян. Оның ең бастысы ‑ «Өлеңнің іші алтын, сырты күміс, теп ‑ тегіс айналасы жұмыр келеді» яғни сөз сұрыпталып, ой қажетін толық өтеп, ішкі мазмұны одан да бай болып ол екеуі жылдамдасып толық сәйкестікте болуы шарт. Сол арқылы өлең білдірмек ой нақтылы да түсінікті, образды да көрікті, қарапайым да көркем болкға тиіс» Сөз арасы бөтен сөзбен былғанбай ойға уатысы жоқ сөздер, қияли дүниелер өлеңнен аластатылуы қажет.
Абай өлеңдерінің бас артыө бір сөзді, шамуы шығып арқауы бос тұрған бір тіркесті, қиюсыз бір ұйқасты таба алмайсың. Сондай ‑ ақ Абай бұрынғы жазба тілде,ауыз әдебиетінде, ақын жыраулар шығармаларында қолданылған сөздер мен сөз тізбектерін , қиылысында образдарды сәтті пайдаланады.
Абай кейде мақал‑мәтелді дайын сөз өрнегі ретінде өзі қолданған сөз кестесіне сол күшінде кірістіріп жіберсе енді бірде ол халық даналығы екенің, оның мәні өмір тәжірибесі арқылы айқындалғанын көрсетіп отырады. Халықтың рухани қазынасы болып табылатынын мақал‑мәтелдерге Абайдың үлкен мән бергендігін қара сөздермен 5,29, 37‑сөздерден байқаймыз. Кейде халық даналығына сай өзі де ад‑‑‑‑‑‑ қанатты сөздер жасайды. «Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей» «Тамағы жоқтың, Жұмысы жоқтың». «Малдының беті – жарық, малсыздың беті – шарық». « Қалауын тапса‑ қар жанады».
Абай байырғы мол сөздердің сан түрлі сырын ашып, соны мағынада қолдану арқылы ұшқыр‑ой, образ берумен бірге тілімізге шығыс халықтарының тілінен енген сөздердің көнерген жұбын әр мәнде қатар қолданыпта жұмсау арқылы, Абай тілі сөздігінде берілетіндей екеуін бір мағынада емес, олардың мәнін ажыратып, әділеті дегенді‑ ақ, турашыл мәнінде, әділет дегенді адал, шындық мәнінде қолданған:
Осыншама ақымақ болғаным:
көрінгенге қызықтым,
ғаттілеті жүректің,
әділетін бұзыппын.
Абай көне түркі, шығыс араб, парсы, орыс тілдері материалдарын реті жерінде пайдланып отырған.
Абайдың поэзияға мән, мазмұндық жағынан ғана емес, түр құрылыстық жағынан да қосқан көп жаңалығы бар екені белгілі. Қазақ поэзиясын түр жағынан байыту әдуби тілдің жаңа мүмкіндіктерін тауып, оны іске асыру ‑ Абайдың қазақ әдебиетіне зор қосқан үлесі.
- Абай шығармаларындағы көнерген сөздерді қолдану
тәсілі
Абай лексикасындағы көне сөздерді архаизммен историзмдерді әңгіме еткенде, объектің екі шамадан керек . Бірі Абайдың өз тұсындағы көнерген немесе көнере бастаған сөздер тобы, екіншісі – қазіргі нормадан қарағанда көнерген болып есептелетін сөздер.
Халықтың ауыз екі сөйлеу тілін, ғасырлар бойы шыңдалған ауыз әдебиетін, сондай‑ақ өзіне дейінгі және қзіне тұстас қаламгерлер үлгілерін жақсы біліп, солардың тлін пайдаланған ұлы жазушы өз лексиконына қазақ тілінде бұрынырақ қолданылып өз заманында көнерген немесе көнере бастаған сөздерді де шебер енгізген.
Архаизм, историзмдердің бір тобын Абай уақытың өткен тарихын баяндауда әдейі келтіреді. Мысалы, жүз жыл бұрынғы қазақтың киімі туралы этнографиялық суреттеме өлеңінде:
Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен.
Тон қабаттап кигенім – жидем шекпен.
Жейде дамбал ақ сандал, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдемі еткен.
Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісе белімде жез салдырған,
Шақпағын, дәндәкуім, жарқ –жұрқ етіп.
Құлағымды бастырған пұшпақ тымақ,
Ішкі буын өткізген тесік құлақ.
Қолтығымда байлаулы жіптен шідер,
Жарғақ жастық көпшегім, жезді пыстан.
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан « жыға» қисайғанда-тәрізді қазірде де көптеген, ал бір қатары тіпті Абай заманында қолданудан шыға бастаған бір топ киім‑ кешек түрлері, жейде, жарғақ шалбар, жарғақ жастық, кісе шақпақ, дәндәку, күләпара, пыстан, жыға сияқты өзге аксессуарлардың аттарын береді. « Жейде» сөзі диалектизм ретінде қазірде де көп деген аудандарда еркектің көйлегі деген мағынада қолданылғанымен, өткен ғасырдың өзінде ‑ ақ бұл вариантты «көйлек» сөзін ығыстыра бастағанға ұқсайды.
Мысалы, Ильминский жейдені сол кезде тек қаттар киетін ескі үлгідегі тігілген көйлек деп көрсетеді. Жейде ‑ рубаха: старинного киргизкого покроя. Соған қарағанда, жейде бір кезде бүкіл қазақ даласында түгел түсінікті болып, белгілі бір үлгіде тігілген ерлер көйлегін білдіріп, жалпы халықтың тілде тегіс қолданылған сөз болу керек.
Архайзм, историзмдердің бір тобын қазақтың өткен тарихын баяндауда Абай әдеі келтіреді өз шығармаларында. Мысалы, жүз жылғы бұрыңғы қазақтың киімі туралы этнографиялық суреттеме өлеңінде жейде, жарғақ шалбар, жарғақ жастық, кісе шақпақ, дөңдеку күләпара – тәрізді, қазірде, ал бір қатары тіпті Абай заманынан да қолданудан шыға бастаған бір топ киім‑ кешек пен өзге аксессуарлардың аттарын береді. Жейде сөзі диалектизм ретінде де қазірде көптеген аудандарда еркектің көйлегі деген мағынада қолданылғанымен, өткен ғасырдың өзінде ‑ ақ бұл вариантты көйлек сөзін ығыстыра бастағанға ұқсайды. Өйткені Абай шығармасындағы шалдардың өзі көйлекті болып келеді.
2.1. Абай шығармалары тіліндегі көне сөздердің қолданылуы
Сондай ‑ ақ Абай қазақтың өткен ғасырдағы заң системасын әңгіме еткен үшінші сөзінде жарғы терминін Лерментовтан аударған «Тұтқындағы батыр» деген өлеңінде:
Тас тулыға, тас сауыт киінгенім,
Денемді қысып жатыр бүгін менің
Тас дулыға болмай ма жатқан үйім,
Абайдың үшінші сөзінде қолданған «Жеті жарғы» сөзі. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күл төбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің, қайсысы заман өзгергеніменен ескіріп бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды билік шығарып, соларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яғни тіпті жоқ.
Дулыға, сауыт шарайна сөздердің архаизмдік сипаты өткен ғасырдан басталады, өйткені ХХ ғасырдың екінші жартысында фиодалдық дәуірдегі қару‑жарақ, құрал‑саймандардың ұрыс‑соғыста қолданудан шыға бастағаны мәлім.
Архаиздердің бұл тәрізді, өткен өмірден елес беру үшін қолданылған дарынан басқа тобы Абай творчествасының өн бойында кездеседі. Олардың қолданылуының әр алуан себептері бар. Ең алдымен, Абай тілінде қазірде актив қолданудан шығып қалған немесе сол кездегі мағынасы өзгерген бірсыпыра лексемалар мен тұлғалар бар. Олар: абыз, алаш, қол, дүр, қарындас, ұлық, шөншік т. б.
Абыз сөзінің о бастағы мағынасын Абайдың өзі түсіндіріп береді. Қазақтың арғы ата‑бабалары бұрыннан бақсы‑балгерге иланып, отқа табынатын әдеттермен исламғат тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала‑пұла хат танитын кісі болса, оны «абыз» дейді екен. Ол «абыз» деген әуелде шаман дініндегілердің өз молдасына қойатын аты екен.
Алаш сөзі де:
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек- әріден келе жатқан көне сөздердің бірі. Өзге түркі тілдерінде жоқ бұл түбір
қазақ тілінде Абай тұсына дейін қазақ елі, қазақ халқы, қазақ жұрты мағынасында қолданылып келген. Сондықтан да болу керек , өткен ғасырдағы қазақ сөздіктерінің кейбіреулері бұл атау‑қазақ этнонимнің синонимі деп көрсетеді.
Алаш сөзі «бүкіл қазақ халқы» деген ұғыммен барабар тұжырымды Абай да айтады.
Көне алаш Абай қолданады. Оны екі, үш жерде «ел халық, көпшілік» деген екінші мағынасынан шығарып, «жақын, туыс» ұғымында жұмсалады
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып қалтаң қағып
Тойғаннан қалғанын берсе алашқа.
Дегенінде де алаш «жақыны» днген ұғымды беретін тәрізді. Қарындас сөзінің о бастағы «ағайын, туысқан» мағынасы өткен ғасырда қазақ тілінде жоғала бастаған құбылыс, оның орнын соңғы сөздер ығыстыра бастайды да, қарындас варианты осы күнгі ер адамның жасы кіші әйел жынысты туысқаны деген ұғымды жиірек білдіреді.
Қарындас қара жерге тыға алмай жүр
Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.
Бұл сөздің көнерген мағынасы тек ауыз әдебиеті үлгілерінде емес, XVIII-XIX ғ. қазақ ақындарында да кездеседі. Мысалы, Махамбеттің: « Қаумаған қарындас Қазақта бар да менде жоқ» дегенінде әңгіме әйел жынысты бірге туған‑туыстар емес,өйткені Махамбет өзі бастаған көтеріліс ісі үшін әйел туыстарын емес, өзін қостайтын қалың ағайын туыстарын жоқтап отыр.
Абай қарындас сөзінің көнерген мағнасын екі үш жерде қолданып, бұл атауды туысқан, ағайын сөздерінің синонимі ретінде келтіреді.
Жалбару сөзі де қазірде де, Абай тұсында да сирек қолданылатын тіл тәжірибесінен шығып қалған тұлға. Абай оны: Өңкей жынды байқамай айтыппыз деп, құлды ұрып бқларға көп жалбарынды деген сөйлемімен келтіреді.
Абайды бірді‑екілі ғана жерде қолданылған ашау, қышқыру деген сөз бар. Кейбір зерттеушілер бұларда татар тілінің элементтері, Абай стильдік мақсатпен қолданған дегенді айтады.
Ашау етістігін Абай екі жерде келтіреді: бірі аударма мысалда: Ең семізін ілейін қызық қылып ашарға.
Ұшпа бұлт деген сөзді «Қыс» деген өлеңінде
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, деп келтіреді.
Аршопке сөзі аршын деген сөзден алынған. Мысалы, аркөшке шопаны сондай шапшаң. Мүшесінен буыным босады алшаұһқ.
Абай бірнеше сөздің көне тұлғасын қолданады .Олар, ұлық, жүзік,арық, тұғры, ұғыл. Бұл архаистік формалар Абайда өзге түркі тілдерінің немесе кітаби тілдің әсері емес, үлы қаламгердің тілдік реликтерді қолдануы деп
қараймыз. Абай бұлардың ішінде ұлық тұлғасын жиі қолданған: силасаң елің ұлықтан.
2.2. Абай өлеңдерінде қолданылған араб‑парсы тілдерінен енген көнерген сөздер
Қазірде архаизм тобына кеткен бірқатар шығыс сөздері Абай тұсындағы халық тілінде актив элементтер болды. Олардың діні ислам дініне қатысты аят, ахірет, пәни, құбыла, тағзым, сопы, имам, қазірет т. б.Солардың бірнешеуі құдайдың атауы:
Парсының құдайындағы, арабтың алласындағы, құдіреттісіндегі жаббарлары, расуллары барлығы да бұл кездегі пассив сөздер. Абайда оларды жатсынбай синонимдік қатар түзеп пайдаланады. Бір жерінде: тәңірі қосқан едің сен, халық тіліндегі құдай қосқан қосағын деп келсе, екінші жерде: оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп дейді.
Сөйтіп Абай лексикасындағы шығыс сөздеріндегі елеулі топ тілде шеттегі үзілместей болып ертеректе еніп сіңіскен, тасып орныққан лексемалар.
Абай оларды шет көрмей жалпы халықтық қордан алып падаланған. Сан жағынан бұлар Абайда жиі қолданылған сөздер. Абай алуан шығыс сөздерін жиі пайдаланған. Мысалы: «Хикмет» днген сөзді Абай 22‑рет қолданған. Дастан, қиса, жамал, ділдә, лағып т. б. бұлардың біразы қазіргі әдеби нормамызда көнерген пассив элементтер болғанмен өткен ғасырдың екінші жартысында, әсіресе жазба нұсқалар түрінде едәуір актив сөздер болған.
«Ұлық болсаң, кішік бол.» Дәл осылайша түзік сөзі Абайда тілдік қалдықтар қатарынан орын алған: «Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол» деп жарлық шашып. Түзу сөзінің архаистік тұлғасын Абай тұлғалық паралелизм жасау үшін қолданған. Сөйтіп, Абай сыртқы тұлғасы жағынан көне сөздердің бәрін белгілі бір мативпен қолданады: Олар не марфолгиялық, не симантикалық парализм, не ұйқас құрау үшін қолданған.
2.3.Абай тілінің сөздігі
Белгі бір ақын жазушының шығармаларынның тіліне арналған сөздікті арнаулы сөздік деп атайды.
Әрбір ұлы жазушы өз заманының куәсі айнасы. Олар өздері өмір сүрген дәуірінің саяси ‑ әлеуметтік және қоғамдық өміріне қалай болса солай, немғұрайлы қарап отыра алмайды. Жақсысына сүйініп, жаманшылығы мен кемістігіне күйініп, өзінің әділ сын – бағасын айтып отырады. Ұлы ақын – жазушылар әртүрлі көркем образдар арқылы бүкіл бір заманның тарихи картинасын суреттеп, кійінгі ұрпақтың өмір – бақи есінен кетпейтін етіп көз алдына елестетеді. Олардың қалдырып кеткен асыл мұралары ешқашан ескірмейді, тозбайды, әрі мұқалмайды да. Қайта жаңа заман идеясымен әрқашан жаңғыртып, құндылығы мен бағасы бұрынғыдан да арта береді. Дәл осындай үзгі қасиет Пушкин мен Абай тәрізді ұлы жазушылардың шығармаларына тән нәрсе. Орыстың ұлттық әдеби тілінің негізін салуда А. С. Пушкин қандай зор қызмет атқарған болса қазақтың жаңа классикалық жазба әдеби тілінің ірге тасын қалауда кеменгер Абай да сондай ұлы еңбек сіңірді. Орыс халқы өзінің сүйікті перзенті данышпан ақыны А.С. Пушкин шығармаларының төрт томдық сөздігін жасап жарыққа шығарған болатын. Бұл сөздік орыстың ұлттық әдебиетінің тарихы жөнінде, әсіресе оның тарихи лексикасының өткені бойынша рухани құрал деп есептеледі. Біз де өнегелі орыс халқының ізгі бастамасынан тәжірибе алып, оқып үйрене отырып, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаев шығармаларының сөздігін жасауға бір топ ғалымдар кіріскен еді.
Жеке ақын – жазушылар шығармаларының сөздігін жасау тәжірбесі жалғыз қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тілдерінің бұрын – соңды даму тарихында ешбір жасалып көрмеген нәрсе. Мұның бір қиындығы мен өзінше жаңалығы да осында деп түсінуімізге болады.
«Абай сөздігін жасаудың мақсаты мен маңызы неде?» ‑ деп жалпы сұрау қоюға болады. Ұлы ақын қаранғылық пен зорлық зомбылық үстемдік еткен рушылдықпен жікшілдікке негізделген феодалдық дәуірде тіршілік еткендігіне қарамастан, ол өз ортасынан үздік шығып, халқына, кейінгі ұрпаққа «өлмейтұғын өнегелі сөз қалдырды». Абай надандықпен күрестің ең өткір құралы – тіл деп түсінді. Сондықтан ол «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, наданның көзін жойып көңілін ашпақ» деген болатын.
Ұлы ақынның саяси әлеуметтік көз қарасы, демократтық идеясымен абзал мақсаты шығармасының бүтін өн бойынан, тіл ұстартуынан айқын сезініп тұрады. Кеменгер ақын адамзат қоғамындағы тілдің атқаратын қызметімен мәнін, оның халыққа тигізетің ықпалының өте күшті екндігін жақсы түсінген. Сондықтан да Абай қазақ тіліндегі мәнсіз, басы артық қосалқы сөздерден поэзияны тазарта отырып, «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» жағымды сөздердің неше алуан үлгісін тапты, өнегесін көрсетті.
Ол үшін ұлы ақын қазақтың байырғы тума төл сөздерін өңдеп түзеп, ұқсатып, жаңа мазмұн беріп, әртүрлі кәдесіне жаңарта білді. Мәселен, талаптың тұлпары, көңіл құсы, тентек өмір жабырқанқы сөз, тіл ұстарту тағы басқа теңеу сөздерді Абайдың қазақтың төл сөздерін жаңартып, жаңадан сөз жасағандығының айғағы деп қарау керек. Ұлы ақын қазақтың ауызекі сөйлеу, тілін, ауыз әдебиеті тіл мен жазба әдебиет тілін сарқа пайдалана отырып, қазақтың ұлттық әдеби тіліне жөн‑бағыт сілтеп, сара жол салды. Қазақ тілінің барлық сөздік қорын, лексика‑фразеологиялық байлығын , мақал‑мәтелдерді мейлінше емін‑еркін, керегінше, әрі шебер түрде пайдалана отырып, жетпегенін араб, парсы және орыс тілдерінен алып толықтырды да кәдесіне жарата білді. Абай шығармаларында кездескен сөз байлығының барлығы да түгелдей сөздікке ендірілді. Мұнымен қоса ақының өзі қолданған жалқы есімдер, кісі аттары мен жер – су атаулары халық пен ру аттары қоса қамтылды. Шығарманың текстінде кездеспеген тек белгілі бір өлеңнің тақырыбына алынған кісі аттары, мәселен, Әсет, Көжекбай, Баймағанбет, Күленбай сиқты есімдер сөздікке жеке реестр болып алынбады.
Абай шығармасында қолданылған араб, парсы және орыс сөздері негізінен екі салаға бөлініп қолданады. Оның бірінші түрі қазақ тілінің лексикасына біржола еніп, ана тіліміздегі төл сөздердей етене болып кеткен жалпы халыққа таныс сөздер.
Садақа жоқ-жітік адамдарға, қайыршыға құдайы қылып беретін азын-аулақ тиын, немесе болмашы құнсыз зат. Ал садаға құдай жолына, я болмаса адам үшін арнайы берілетін үлкен шығын, мал-мүлік. «Мал – жанымның садағасы» дегенде барлық жиған мал жан үшін құрбан етіліп отырғандығын аңғару қиын емес.
2.4. Абай өлеңдеріндегі көнерген сөздердің ауқымы
Шеттен келген кірме сөздердің кейбіреулері басқа тілге ауысқанда бір сөз екі не одан да көп вариантта айтылады да сол варианттардың әрқайсысы кейіннен жеке-жеке дербес мағаналы сөз болып бөлініп кететін жағдайаттары болады. Бір кезде қазақ тіліне араб-парсы тілдерінен ауысып келген көптеген сөздер бірнеше вариантта айтылып жүріп, соңынан дербес мағыналы бөлек сөздер ретінде қалыптасып отыр. Мысалы: мағлұмат-мәлімет, әл-хал, қисап-есеп, қарекет-әрекет, ғылым-ілім, ғаділ-әділ, ғазиз-әзиз, ғалам-әлем, азар-әзер, хүкәмет-үкімет-өкімет, сағат-сәт, қазір-, махина- машина, конференция- конферанс, кристалл-хрусталь, павильон-павлин, флигель- флюгер, крона- корона, чердак- чертог, сераль- сарай, радиус- радий, казак- казах, штемпель- шомпол, металл- медаль, орган- орган, муштабель- масштаб, магистраль- мистраль, цифра- шифр, клобук- колпак, фон-фонд, атаман- гетман, балаган-балкон.
Кірме сөздердің сыртқы тұлғасындағы ұқсастық пен бірлестік мағына жағынан да тепе-тең болып үнемі сәйкесіп тұра бермейді.Формасы мен ішкі мәні бірдей келіп әрдайым дублет болып жұмсалатын сөздер бар да, сөздің сыртқы тұлғасы үйлескенімен, бір бірінен өзгешеленетін мағыналық реңктері бар түбірлес синоним сөздер де кездеседі. Мысалы: үлгіру‑ үлгеру, суару‑ суғару, түгендеу‑ түгелдеу, жұбану‑ жуану‑ уану, ұқсау‑ұсау, тырнақтау‑тірнектеу, жайнаңдау‑ жайрандау‑ жайтаңдау, сыпырғыш‑сыпыртқы‑сыпырғы, жазғытұры‑жазғытұрым, бешпет‑ пешпент, сілімтік‑сілімтір‑ сімтік, қабырға‑қабыртқа, емізік‑езімдік, тамызық‑ тамыздық, әткеншек‑әлпеншек, жұдырық‑ жұмырық, әні‑әне, мүлде‑мүлдем, гөрі‑көрі, осынан‑осыдан т. б. Бұл тәрізді сөздердің қазіргі кездегі білдіретін мағынасы да, тұлғасы да, тұпа‑тура сәйкесіп, әдеби тілдің өз ішінде алма –кезек талғаусыз қолданылып жүр. Сондықтан бұларды синонимдік көнерген сөздер деп тануымыз керек.
Сонымен қатар тұлғалық жанынан ұқсас, түбірлес сөздер бола тұрып, аз да болса да мағыналық реңктері бар мәндес сөздерде көп ұшырасады. Қазіргі әдеби тілдің барлық саласында жарыса қолданып, мағыналары сараланып бөлінбей жүрген күзеу‑ күзек, қыстау‑қыстақ, жаңқа‑жоңқа, шұңқыр‑шұқыр, сияқты тұлғалас сөздерді алып қарайық. Сырт формасына қарағанда алдыңғы келтірілген кірме сөздердің еш айырмасы жоқ, солардың тізіміне ендіре салатын сөздер сияқты. Ал сөздердің мағыналарын терең тексеріп, ел арасындағы қарттардан сұрастырып байқасақ, бәрі бірдей емес екендігін аңғарамыз.
Мәселен, күзеу мен күзек сөздерін салыстырып көрейік. Бұл екі сөздің екеуі де мал баққан ауылдың күзгі қонысын білдіретін сөздер екендігіне ешкім дау айтпаса керек. Осы жағынан алғанда бұлардың ешқандай өзгешелігі жоқ сияқты. Жыл маусымына қарай жыл он екі айды төртке бөлсек, күз мезгіліне де үш ай (сентябрь, октябрь, ноябрь) бір маусым болып есептеледі. Бұрынғы жеке меншік мал баққан қазақтармен қатар қазіргі колхоз‑ совхоз иелігіндегі малдарды күтіп жаюшылар күзгі үш ай бойына бір ғана қонысты жайлап қоймайды, олар кемінде екі , не үш жерге көшіп‑ қонып, өзіне қарасты жайылымды үнемдеп, бөліп ‑ бөліп пайдаланады. Әуелі қыста мал аяғы жете алмайтын алыстағы жатқан жайылымнан бастап қысқы қонысқа қарай, үш ай бойына біртіндеп жақындап жылжи береді.Абайдың «Күз» деген өлеңін еске түсірейік: Қараша жел тоқсан мен сол бір‑екі ай, Қыстың басы‑бірі ерте, ‑ біреуі жәй. Ерте барсам, жерді жеп қоям деп, Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Осы өлеңде ұлы ақын күзек деген сөзді алмай, күзеу деген сөзді қолданған. Оның себебі күзеу мен күзек нақ бір емес, бір‑бірінен сәл өзгешелігі бар. Күзекте салынған жаман – жұман мал паналайтын қора болады. Күзек күз айының ең суық соңғы айында ғана пайдаланылатын қоныс. Абай «Күз» деген өлеңінде байлар қыстан қорқып, әлі күзекке бара алмай, күзеуден ықтырмалап отырғандығын көрсетеді. Күзекке барса, онда олар қораның ішіне кірер еді де, ықтырма жасамаған болар еді. Демек, күзеу дегеніміз күзекке қонғанға дейінгі желінетін жайылым болған. Мұны кейде жерде күздеу деп те атайды. Сөздердің осындай мағыналық реңктерін біреулер ажырата алмайды да – бірінің орнына екіншісін қалай болса солай жауапсыз алмастырып қолдана береді. Соның нәтижесінде бара‑бара сыртқы тұлғасы бір келкі сөз мағына жағынан да қосылып, кірігіп сөздік вариантқа айланып кете баратынын аңғарамыз.
Қыстау мен қыстақ сөздерінен де осындай мағыналық ерекшеліктер байқалады. Қазақ тіліндегі бұл екі сөз қыс маусымында мал паналатып , малды асырап шығатын мекен, орын дегенді білдіреді.
Октябрь революциясына дейін қазақ тілінде бір ғана қыстау деген сөз айтылып келді. Бұрынғы қазақтардың бірден бір күн көрісі, негізгі кәсібі мал болды да, өмір‑ бақи сол малдың ырқымен, асырап ‑ сақтау қамымен шұғылданды. Сондықтан қазақтар жаз жайлаула, күз күзетке, қыс қыстауда отырды. Қазақтың қыстауы әр сайдың басына салынған бірді‑екілі семья ғана паналап, қыста мал бағатын орын еді. Жаз шыға қыстаудағы жаман үйдің есік терезесін бұзып алып, қоймаға қойып, үйдің аңғал‑саңғал қаңқиған қара басын аңырайтып тастап, жайлауға қарай көшіп кете баратын. Өйткені оның біреу алып кете қоятын, қызығарлық ештеңесі болмайтын. Қыстау деген сөз жеке меншік үстемдік еткен замандағы жеке адамдарға тән қысқы мекенді білдіреді. Қазіргі кезде ескі әдет бойынша ғана ауылды жерде Әмірхан қыстауы деп жеке адамның атымен байланыстырып айтылады.
Әмірхан қыстауы деп жеке адамның атымен байланыстырып айтылады. Шыңғыс тауының бойында Құнанбай қ ы с т а у ы бар . Қыстақ деген сөз қазақ тіліне колхоз, совхоз орнағаннан кейін, бұрынғыдай бірді‑екілі жеке меншік малы ғана бағылмай қазыналық табын‑табын сиыр, қора‑ қора қой, қос‑қос жылқы әр түлікті малдар болатын елді пунктке айналған кезде пайда болды. Жолаушылар бірнеше мал қ ы с т а қ т а р ы н басып өтті. Осындағы мал қыстағы деген тіркес сөзді қыстау деген сөзбен ауыстырып қолдануға келмейді. Олай болса, қыстау деген тар мағынадағы көне сөз (мұны «жағасы жайлау төбесі қыстау», «қиын‑қыстау заманда» деген тұрақты тіркестерден де байқауға болады), ал қыстақ кең мағыналы жаңа сөз. Бұл екеуі белгілі контеске бірін‑бірі алмастырып, стильдік синоним ретінде қолданбаса, мағыналық синоним бола алмайды.Мысалы: Жайлауға шығатын мезгіл болған жоқ, қой енді қоздайды. Қоздайтын қойлардың бірқатары қ ы с т а у д а н қайтқан жоқ .
Кейбір түбірден шыққан екі сөздің мағынасы біреуі кең ұғымда, екіншісі одан гөрі сәл тарлау (кішірек) ұғымда қолданылатын сияқты . Мәселен, жаңқа мен жоңқа деген сөздердің мағыналарына тереңірек үңіле қарасақ, жаңқа деген сөз шауып түсірген ағаштың кесек түрін ( орысша щепка) білдіреді де, ал жоңқа дегеннен жонып түсірілген немесе сүргіден шыққан ұсақ ағаш бөлшектерін (орысша стружка) ұғынатын тәріздіміз.
Көнерген сөздердің кей түрлері әдеби баламасы әлі анықталып сараланып жетпеген немесе екеуі де әдеби тілдік сипат алып, қатар, жарыса жұмсалып, қазірге дейін қолданылып жүрген сөздер. Мысалы: қораз‑әтеш, қақпа‑дарбаза, қонақ‑мейман, құлақшын‑малақай, доғабас‑айылбас, насыбай келі‑насыбай шелек‑насыбай тостаған; иінағаш‑мойынағаш, қамыр‑еттің наны, қаңғу‑қаңғыру, дәнеме‑дәнеңе, ештеме‑ештеңе, бірдеме‑бірдеңе, заман‑замана, ертек‑ертегі, ғажап‑ғажайып, әйеншек‑әйенкес, әзірше‑әзірге, мына‑мынау, қадам‑адым, қаржы‑қаражат, жию‑жинау, әлгіде‑әлгінде, даяшы‑даяршы, қыдыр‑қызыр, залал‑зарар, разы‑риза‑ырза, қайта‑қайыра т. б. Осы сөздер әдеби тілде әрі көнерген сөз, әрі синоним қатарлары болып табылады.
Қорытынды
Қазақ лексигогрфиясы соңғы жарты ғасыр ішіңде тек сан жағынан ғана көбейіп өсіп қойған жоқ, сөздікдің түр түрі де молайды. Қырқыншы елуінші жылдары шыққан сөздіктер мен соңғы жылдары жарық көрген сөздіктер тек көлем жағынан ғана емес, сапасы жағынан да ана ғұрлым ілгеріледі.
Өңделіп қайыра шығып жатқан терминологиялық, орфографиялық түсіндірме синоним сөздіктерінің қай қайсысы болса да соңғы басылымдары алғашқыларынан көшілгері екендігі ешқандай күмән келтірмесе керек. Совет тіл мамандары лексикология мен лекскография теориясын, стилистика мен грамматиканы, сөз тудыру тәсілдерін тынбастан зерттеп, осы ғылымдарды үнемі жетілдірумен келеді. Сөйтіп біз бұл жолдауларымызда зертеуімізде Абай лексикасында ұшырасатын күллі архаизмдерді түгендеп шығуды мақсат етпей, ұлы қаламгердің тіл қазынасының бір бұлағы ретінде көнерген сөздерді де өз өлеңдерінде пайдаланғанын көрсетеміз.
Абай архаизмдерінің бір тобын синонимика қатарын түзу болса, Абюайдағы көне сөздердің көпшілігі осы ретте келтірілген ескі киім‑кешек, құрал‑сайман, салт‑мейрам т. б.
Сонымен XIX ғасырдың екінші жартысында жаңа жазба әдебиетінде, оның ішінде Абай тілінде көнерген сөздердің қолданылуына байланысты мынадай қысқаша қортындылар жасауға болады:
- Қазақ даласына келген жаңалықтардың өзгерісі күшті болып ескілікті тез ығыстырып тез ұмыттыра бастады.
- XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тілді бір қатар көнерген сөздердің сақталуы, біздіңше көркем әдебиеттің басым жаныры поэзия, проза болғандығында.
- Бірқатар көнерген сөздер XIX ғасыр әдеби тілінде ауыз әдебиеті үлгілерінің әсерімен сақталған. Қазақтың жазба әдеби тілінің, оның ішінде көркем әдебиет стильінің қайнар бұлағының бастысы ауыз әдебиеті екені сөздіктің архаизмдер тобынан да байқалады. Солар Абай тілінде молдау қолданылған. Мысалы: қарындас, ағайын, туысқан үшін қолданса, енді бірсыпырасын образ үшін келтірген мысалы қышқыру – қатты айғайлау, мінсіз айғайлау образын баса көрсетеді.
Сондай‑ақ жазушы қаламына архаизмдердің ілінуінің басты бір мақсаты‑ өткендегі өмірді дәл суреттеу үшін қолданылған.
Әдебиеттер тізімі
- Абай шығармаларының екі томдық жинағы Алматы; жазушы, Т.2, 2005, 336б.
- Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы; Ана тілі, 1996, 364б.
- Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы,2004
- Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993
- Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1995
- Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы,1996
- Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі.Алматы, 2004
- Абай. Энциклопедия. Алматы, 1996
- Болғанбаев Ә., Мұсабаев Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1983