6 ноября, 2017 10:38
Сарбас ақынның есімі көпшілікке Жамбылмен айты- сы арқылы, Қенен Әзірбаевтың «Аңыздар сыры» кітабы арқылы таныс. Ол — Қененнің ұстазы, аталас ағасы, жақын туысы.
Әдебиетшілердің еңбектерінде де Жам- былға қатысты аталып отырады. Нағашысы — Қабан, өлеңді қолын аспанға көтеріп, құлағын бұрап айтады екен. Қабан жыраудың бұл әдеті Жетісудың көп ақын- дарына жұққан. Сүйінбай да солай айтқан. Қөзіміз көр- ді, Қенен де дәл осылай айтатын.
Қуандықты (1831—1919) жалпы көпшілік біле бер- мейді. Шу өңірінде тұратын қарт ақын Смайыл Қали- панов: Мен Қуандық ақынды 1917 жылы көрдім, өле- ңін тьщдадым, толғаумен айтады екен, жасы сексен- нің шамасында, қартайған кезі екен, дейді. Қуандық |
ыстыдан шыккан. Жетісу өңіріндегі қырғыз-қазаққа тегіс мәлім. Қырғыз ақыны Тоғалақ молданың «Қазақ ақындары» деген өлеңінде Қуандық ерекше аталады. Жамбыл да оны жоғары бағалаған. Қуандық — әлі зерт- телмеген, тілді, шешен ақындардың бірі. Біздің қолы- мызда ақынның біраз өлеңдері және Сарбаспен айты- сы бар.
Қуандық көсе болса керек. Сондықтан да, Шөжемен айтысқан ақын біткеннің бәрі Шөженің соқырлығынан бастайтыны сияқты, Қуандықпен айтысқан ақындар- дың бәрі де сөзін Қуандықтың көселігінен бастайды екен. Бірақ Шөже сияқты Қуандық та ешкімге дес бер- меген. Қуандықтың Тұрлыбай деген ызақор, ұрда-жық кө- сені ел қатарына қалай қосқаны жайында ұзақ өлеңі бар. Тұрлыбай деген бай көселігіне намыстанып, ызақор- лықпен жиын-тойда бетіне келгенді жатып сабайды екен. Ауылына барған екі-үш ақынды да сабап жіберіпті деген дақпыртты естіп, қасына екі жарамды жігіт ер- тіп, Қуандық күн бата Тұрлыбайдың аулына келіпті. Қелсе көсе үйінде екен, атын байлап ішке кіреді. Тұр- лыбайдың шешесі ақынды көріп қуанып қалады: — Дарынды дауыл едің, бір емі сенен болар, жал- ғыз бала жайсыз болды, ағайын-туыс, ел-жұрттан кетіп болдық,— депті. Қуандық өлеңді ағытып қоя береді: «Екі мыкты көсеміз Әйел жақсы көрсін деп, Көсе ғып тапты шешеміз. Суға сакал шықпайды, Лаж жоқ, оған не етеміз, Көсе десе ұялып, Елден кайда кетеміз, Не қылсан, да Тұрлыбай, Көсе деген бір ел жок, Байғұс-ау, қайда көшеміз, Көмгенде де көп жаксы, Көппен жүрсек өсеміз». Ызақор Тұрлыбай баяғы үйреншікті әдетіне басқысы келген екен, ақынның жанындағы еңгезердей екеуден қаймығып, орнынан бір тұрып қайта отырыпты. Қуан- дық зуылдата береді: «Көсе келді Ыстыдан, Көрейін деп көсені, |
Өтірік пе, рас па,
Елдін айтқан өсегі? Көсе десе бір адам Сабайды бас сап деседі. Қуандық ақын белгілі, Көпті көрген көшелі Көсеге тәуіп мен едім, Жазамын болса кеселің, Кесірлі болсаң жакында, Өлеңім қылыш — кеседі. Әкең тәуір кісі емес, Кұлағына кұм құйган, Көкірек еді кешегі. Шашубайдай ақынның Домбырамен бір ұрып, Басын жарган деседі». Әрі қарай Қуандық: басыңды таз қылып, ақылыңды аз қылып, әйеліңді біреу азғырып, өзің қаңғырып жүр- сең не етер ең, шүкіршілік қыл — дегенде, Тұрлыбай жылап жіберіп, кешірім сұрапты. Сөйтіп көселігіне на- мыстанбайтын болыпты. Қуандықтың содырды, тентекті жөнге салған ақыл-нақыл өлеңдері көп болган. Қуандық пен Сарбастың айтысы 1855 жылдың жа- зында өтеді. Сол жылы Шу бойында Қаржау деген бай- ға ас беріліп, асқа ыстыдан — Мажыра би, шапыраш- тыдан —Шалтабай, қасқараудан — атақты Қебекбай мен Ноғайбай шешендер, Қарғалыдан Сәт бастап келеді. Ежелден Байғараны қыстайтын екейлерден Сүйінбай шақырылады, бұл асқа атасы Ыстыбайға ілесіп тоғыз жасар Жамбыл да келеді. Қуандық пен Сарбас екеуі екі үйде игі жақсылардың құрметіне таң атқанша өлең айтады. Қуандық Сарбасты бұрыннан-ақ әр жерде меңдетіп, сүріндіріп жүреді екен. Қуандық таң ата шаршап, киімімен жантайып, көзі жұ- мулы, ұйқылы-ояу жатыпты. Жаныстың жігіттері Сар- басқа: — Ұйқылы-ояу жатқан Қуандықты қапыда басып жық, өшіңді ал деп қайрайды. Сарбас осы сөзді мақұл көріп, таң қылаң бере Қуандық жатқан үйге кіріп ке- ліп, өлеңді қоя береді: «Ұйыктап жатырмысың ысты көсе, Тілім қышып кетеді көсе көрсе. Кездеспей кең далада жүруші едің, Құмар боп іздеп едім әлде неше. Бәйгеге косылуға жарар ма еді, Шобырды жабу жауып жетелесе, Қуандық асқа келмей қойын жайып, Түйемен жараспай ма көше берсе, |
Қуандық, өлімісің, тірімісің,
Каңғырған көп акынның бірімісің, Жиынды жөндегелі келгенің жоқ, Әзіңнің келіп жүрсің күнің үшін, Түрегел, тірі болсаң, алғын кезек, Жайыңды келіп едім білу үшін»,— сияқты сө^дерді айтып, тынығып жатқан Қуандықтын, мазасын алып, намысына, қытығына тиеді. Булығып жатқан Қуандық: «Ыстыны көсе деме, мен көсемін, Сакалды көп ақынмен кездесемін, Менімен айтысуға дәтің болса, Ел тұрсын, көп алдында белдесемін, Менің ақын екенімді жұрт біледі, Сенің акындығыңды катын мен ит біледі, Сені барып менімен айтыскын деп, Көтіңнен кандай шайтан түрткіледі. Тиістің өзің келіп жатқан жерде, Шыдасаң мен айтайын күткін енді. Өлеңім қасқыр алған канды кақпан, Қарсақтай қаңғалақтап түстің енді»,— деп борандата жөнеледі. Әрі қарай Қуандық: ыстыдай бейбіт жатқан жалпақ елге тіл тигіздің, әруақ аттаған оңбайды, есті ақын ел намысына тимейді, беталды ба- қырып өз абыройыңды өзің төктің дегенді айтады: «Атыңды катын қойған Сарыбассың, Мен айтсам орнын тауып тарынбассың. Бағытсыз әрпіл-тәрпіл сөз сөйлейсің, Тіліне көшелі сөз дарымассың, Ыстыға ауыз салдың мені койып, Кеміген ақыл-есі жарым бассың Атаға ауыз салма айтыс үшін, Сыйласаң әруақты налымассың, Ыстыдан Майкөт деген ақын шыкқан, Орныңнан жайын айтсам табылмассың»,’— дей бергенде, даладан даяшылар келіп, атшабыс бастал- ғанын хабарлайды. Ақындар айтысты тоқтатып, елмен бірге ат жарысты, ойын-тамашаны көруге шығады. Қешке Сүйінбай, Қебекбай, Ноғайбай, Ыстыбай, Шалтабай, Мажыра би тәрізді ел жақсылары жиналып, Қуандық пен Сарбасты айтыстырмақ болып шақыра- ды. Алдымен Қуандық келеді. Жайғасқан соң Қуандық бұл өңірден Өтеген, Райымбек, Сұраншы, Сыпатай, Бұ- ғыбайдай батыр; Қабандай жырау; Сүйінбай, Бақтыбай, Майкөттей ақын; Бөлтірік, Қебекбай, Малдыбай, Ноғай- |
бай тәрізді көшелі шешендер шыққанын, елдің берекелі ынтымағын жарастыра жырлап, осында қатысып отыр- ған Қебекбайға, Ноғайбайға, Мажыра биге ұзақ^зақ қошемет сөздер арнайды, әсіресе Қебекбай мен Иоғай- бай шешендерді көп мақтайды.
«Шалқып жатқан дарияның Лайы жоқ, тұнығы. Сары алтынның сынығы Сұңкардай құстың ұлығы. Сыпырасы Жаныстың, Қариясы Кебекем, Алдымызда ағамыз Айдын шалқар көл екен. Батагөйі халықтың Маңдайдағы берекем. Қалмақ, қазақ жау кезде, Ағалық еткен қазаққа Халықтан шыққан төл екен, Қоныс іздеп халыққа Он сегіз жыл қыдырған Өтеген батыр ер екен. Малдыбай би ағамыз Алысқа жақын бұрмайтын. Айтқаны көпке жөн екен, Айналайын дулаттан, Қесірлі мінез бітпеген Етек пен жеңі кең екен»,— деген сөздерді Қебекбайға, Өтеген батырға, Малдыбай биге, берекелі қалың дулатқа арнайды. Ноғайбайдың басына бақ орнатып, қызыр дарығанын, отыз жасында орда бұзып, жеті жарғы атанып, талай елді бітімге келтірген шешендігін, қарақалпақ Байсейіт батырдың теңдесі жоқ сұлу қызы Әселді құшқанын, қа- ра қылды қақ жарған әділдігін, қазақ-қырғызға бірдей танылғанын, Малдыбайдың әділ де атақты бидің тұқы- мы екенін кең сыпаттап, Ноғайбайдың басындағы құн- дызға, маңдайындағы жұлдызға теңейді. Іздеушілер Сарбасты тауып келген соң Сүйінбай: — Екеуің құлқынсәріден айтысып, ақынның әдетінде жоқты істепсіңдер, ұры мен баланың ісін істемей, топ- тың алдында айтысыңдар түге, таңертеңгі айтыстан сөз кезегі кімдікі?— депті. Қуандық: — Қезек Сарбастыкі,— дейді. Қезек алған Сарбас Дулаттың салқын шыңда жат- қанын, тының шөлейт құмда жатқанын, талайлардың айтысам деп жеңіліп тыраң қаққанын, елінің ылғи жор- ға мінген байлығын айта келіп: |
«Басыңа кұламастан кетсең олжа,
Өзіңді байғұс көсе өзің болжа, Мінгені өгіз, түйе Ыстылардың Еліңнен көрінбейді мінген жорға. Өлеңді жіберейін төгілдіріп, Айтысқа қайтіп келдің көріп жүріп. Менімен неңді айтып айтысасық Топарда билерің жүр өгіз мініп»,— деп Ыстынын кедейлігін мін ете сөйлейді. Сонда Қуандық: «Не пайда кұрғак сөзден жалаулатқан, Елімде ‘^атыр бар, шешен де бар коңыраулатқан. Өлеңім — бойға біткен ірі бағым, Сендейге бой бермейді омыраулаткан, Қонысың — Құлжабасы, Мәтібұлак. Берейін көргенді айтып, тұрғын шыдап, Сарбас, өлең-жырың мәлім болды, Кедейдің шапанындай құрақ-сұрак»,— деп болымсыз ақындығыңмен өтірік айтып өрге шаба алмайсың, ат төбеліндей аз гана байларыңды мақтай берме, сенің де еліңнің жарымы бес ешкілі кедей, одан да байтақ өлкеде жарасып, сыйласып жатқан Дулат — Ыстының бірлігін, батырдың ерлігін, жақсылардың нұс- қалы сөзін айт, байлықты айтып өрекпи берме, білсең байлық түбі — бақыл, қазына түбі — ақыл,— дейді. Қуандықтың осы сөзінен кейін Қебекбай би тұрып: — Жеңілдің, Сарбас,— депті. Сарбастың сөзінің тө- мен болганына ашуланып отырган Ногайбай: — Енді айтысты тоқтат, Сарбас, бұдан былай көп ішінде айтысушы болма,— деп үкім айтыпты. Ел жақсы- ларының өтінуі бойынша Қуандық сол жерде қорытын- ды сөз айтады. Онда ақын Ысты, Дулат, Шапырашты- ның бір атадан, бір анадан тараганы, түбінің бір туыс екендігін таратып, елдігінің де, ерлігінің де кемдігі жоқ екенін, Ыстыдан шыққан Бұгыбай батырдың қалмаққа қарсы ерлігін, Бөлтіріктің өрттен де, судан да, жаудан да қайтпаган батырлыгын, шешілмеген ел дауын, кесіл- меген жер дауын бітістіретін билігі мен шешендігін дә- ріптейді. Ұзақ айтыс осылай Қуандықтың жеңісімен аяқтала- ды. Қедейден шыққан Қуандық топ алдында байшыл, рушыл Сарбастан ақындық өрісінің биік екендігін бай- қатып, әділеттің, бірлік-ынтымақтың туын көтеруші; батырдың ерлігін, шешеннің өнерін қадірлеуші ретінде танылады. |
Бұл айтысты қарт акын Смайыл Қалипанов 1920 жы- лы Шоқпар тауындағы Қуандықпен аталас Бақб/рген молданың кітабынан жазып алады. Біздің қольДіызға сол Смекеңнің қолжазбаларымен бірге келіп түсті.
Жогарыда келтірілген көсе жайындагы өлеңиен, Сар- баспен айтысынан Қуандықтың өткір, тапқьш, айтулы ақын екендігін аңғарамыз. «Сол кезде бала болсам да Қуандықтың Сарбастан көш ілгері ақын екендігіне көзім жетіп еді. Шынында да, Қуандық — арқальгақын»—де- генді Жамбыл Қененге талай айтыпты. «Сарбас ұстазым әрі туысым болса да, мен бұл сөзге намыстанған емес- пін. Өйткені, Қуандық сөзге ұстатпайтың қашаған ақын еді» дегенді біз Қенекемнің өз аузынан ^апяй естідік. |