Су.Судың қасиеті.Дүниетану.

30 марта, 2015 12:15

Жүктеу: Су.Судың қасиеті.Дүниетану.

 №9 жалпы орта білім беретін мектеп.

Ашық сабақ.Дүниетану.

Тақырыбы: Су.Судың қасиеті.

қазақ сыныбы.

Өткізген бастауыш сынып мұғалімі:Есенова Ляиля Байтоллаевна.

Мақсаты:

Судың пайдасы мен тіршілік үшін маңызын түсіндіру.Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың басты қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың  байқағыштығын, білімқұмарлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Суды таза сақтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Табиғатты қорғап оны сүйе білуге баулу.Туған жердің экологиясын жақсартуға үлес қосу.

Көрнекілігі:слайдтар,постер,стикер.

Әдіс-тәсілдер:ой қозғау, миға шабуыл,Ыстық орындық

Тапсырмалар:сарамандық жұмыс,деңгейлік тапсырмалар.

 

Сабақтың жүру барысы

1Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал.
а)“Жүректен жүрекке”
ә)Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылықты ояту:

  • Жұмбақ шешу:
  • Жылт-жылт етеді,
  • Жылғадан өтеді.
  • Сылқ-сылқ етеді,
  • Аяғы жоқ жүреді.

Жаңа сабақ:
Мұғалімнің түсіндірмесі.

  • Су сұйық.Аспаннан жауын түрінде түседі.Қыста қатып мұзға айналады.
  • Тәжірибелер арқылы көз жеткізу:
  • 1-тәжірибе.
  • Суды әр түрлі ыдыстарға құю.Нәтижесін бақылау.
  • 2-тәжірибе.
  • Екі стаканның біреуіне сүт, екіншісіне су құй.Олардың ішіне қасық сал.Қайсысы анық көрінеді ? Неге?
  • 3-тәжірибе.
  • Екі стаканның біреуіне шырын, екіншісіне су құй.Дәмін тату арқылы не байқадың?
  • 4-тәжірибе.
  • Стакандағы суға топырақ сал.Не байқадың?
  • 5-тәжірибе.
  • Шырын мен су құйылған стаканды иіскеп көр.
  • 6-тәжірибе.
  • Суды тегіс нәрсеге құй. Нені байқадың?
  • 7-тәжірибе.
  • Суға кез-келген затты малып алсаң, затың қандай күйде болады?Дәлелде?

Сарамандық жұмысты қорытындылау.

 

  • Судың нақты пішіні болмайды.
  • Су-мөлдір,түссіз, түсі болмайды.
  • Судың дәмі болмайды.(дәмсіз)
  • Кейде су лайланады.
  • Судың иісі болмайды.( иіссіз)
  • Су- сұйық, ағады.
  • Су жабысқақ.

Венн диаграммасы

Табиғат     СУ            Адам

не

үшін

қажет?

Ой толғаныс.
Логикалық тапсырма

  • Жүк артқан 2 түйе  жолға  шықты. Біреуінде тұз, екінші түйеге мақта артылған. Алдарынан өзен ағып жатты. Сол өзеннен түйелердің біреуі әрең шықты. Ол қай түйе? Неліктен олай ойлайсың?

Жүктеу: Су.Судың қасиеті.Дүниетану.

0

Автор публикации

не в сети 10 лет

Ляиля Есенова

1
Комментарии: 2Публикации: 2Регистрация: 29-03-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля