Ханафи мазһабы

31 июля, 2017 12:34

Әрине бүгінге дейін мазхаб немесе мазхабтар туралы көп айтылып та жазылып жүр. Мұны діни білімі-деңгейінің әртүрлі болуына қарап, аңғаруға болады. Әйтседе бұдан 4–5 жыл бұрын қазақ халқының діни білімінің деңгей-дәрежесін арттыру үшін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы көп ізденіп, халықтың діни-наным сенімі туралы оқулықтардың көптеп жетіспейтіндігі сезілетін. Ал қолдағы бары мен табылғандарының өзін көптеген жерлерінде аударып ашықтау керек болатын. Енді келіп халықтың ілім-білімінің арта бастағандығынан ба? мазхабтар турасында кеңінен талас-тартыстар мен алыпқашпа сұхбаттарға барып жүргендердің санының артып бара жатқандарын құлақтарымызбен естіп, көздерімізбен көріпте жүрміз. Сүттей ұйып, достығы мен татулығының арқасында бірлік-берекесі жарасып отырған елге ойран салып, тыныштығын бұзғысы келетіндердің құйтырқы пыйғылынан басқа не деп түсінуге болады мұны.

Біз қазақтар мазхабымыз ханафи дейміз. Жалпы мазхаб деген не? Мазхабтың дін және ұлт тарихындағы орны не? — деген сияқты сұрақтарды жауаптандырмастан, ақыл-ой таразысына салып, мәніне үңілместен қабылдай саламыз. Қазіргі таңда күн санап дамып жатқан заманда дәстүрлі емес діни, ағымдар мен таным өкілдері, қоғамның діни сауатының төмендігін әсіре пайдаланып, өздерінің сенімі мен діндерін насихаттап жатыр.

0

Автор публикации

не в сети 8 лет

Асель Бесимбаева

0
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 02-05-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля