18 ноября, 2017 19:12
Қозғалтқыштың негізгі механизмдері қосиінді-бұлғақты (ҚБМ) жэне газ тарату (ГТМ) болып табылады. Қосиінді-бұлғақты механизм поршеньнің тік сызықтық қозғалысын қозғалтқыштың иінді білігінің айналу қозғалысына айналдырады жэне бұл айналымды трансмиссияға береді.
Қосиінді-булғақты жэне газ тарату механизмінің ақаулары
Ал газ тарату механизмі қозғалтқыш цилиндрлеріне жану қоспасын енгізіп жэне жану барысында пайда болған газдарды цилиндрлерден тазартуға арналған. Бұл механизмдердің қандай да бір бөлшектерінің тозуы мен ақауы қозғалтқыштың қуатын жоғалтуға, экономикалық жэне экологиялық сипаттамаларының өзгеруіне эсерін тигізеді, ал бұл механизмдердің бөлшектерінің сынығы қозғалтқыштың тоқтауына жэне көлік жүрісінің тоқтауына алып келіп соқтырады. Қосиінді-бұлғақты механизмнің негізгі ақауларына: цилиндрдің, поршеньнің, поршеньдік сақиналардың, поршеньдік саусақтардың, бұлғақ басының төлкесінің, бұлғақ жэне түпкі мойынтіректердің, иінді біліктің мойындарының тозуы болып келеді. Қосиінді-бұлғақты механизмнің негізгі ақауларына поршень сақи- наларының сынуы, поршеньдердің сыналануы, ішпектердің бұзылуы, цилиндр бетінде ойықтардың пайда болуы, цилиндр блогы мен блок басының сынуы жатады. Қосиінді-бұлғақты механизм ақауларынан қозғалтқыш жұмыс істеген кезде эртүрлі шу мен тарсылдар байқалады жэне цилиндрлердегі ком- прессия азаяды, поршень үстіндегі кеңістіктен картерге газдар жоғарғы мөлшерде өтеді. Газ тарату механизмдерінің (ГТМ) негізгі кемістіктері клапан итер- гіштері мен бағыттағыш төлкелерінің тозуы, клапан тәрелкесінің то- зуы, таратқыш білігінің жұдырықшалары мен тірек мойындарының тозуы, газ таратудың тістегеріштерінің тозуы, клапан стерженьдері мен итергіштердің арасындағы жылу саңылауларының өзгеруі бо- лып табылады. ГТМ тістегеріштері тістерінің сыңуы, ГТМ шынжыр- лы немесе белбеулі берілісінің үзілуі, клапандардың жанып кетуі, кла- |
пан серіппелерінің сынуы газ тарату фазасы өзгергенде болады жэне жанармайдың шығыны тез көбейеді, қозғалтқыштың қуаты төмендеп жэне қозғалтқыш тоқтауы да мүмкін.
Газ тарату механизмінің кемшіліктерінің сипаттамасы болып тарсыл- дың пайда болуы, енгізу құбылысы мен бәсеңдеткіштегі тарсылдар сана- лады. |