Салқындату сұйықтығының температура сезгісі мен температурасын көрсеткішке техникалық қызмет көрсету

21 ноября, 2017 18:29

Салқындату сұйықтығының температура сезгісін температураға бай- ланысты кедергінің өзгеруін өлшеу арқылы тексереді. Өйткені сезгінің жұмыс элементтері теріс коэффициентті кедергілі материалдан жасалады.

 

Егер салқындату сұйықтығының температурасы жоғарыласа, кедергі төмендейді, желіде ток күші артып жэне салқындату сұйықтығының тем- пературасын көрсеткіш тілі көбірек шалқаяды.

 

Сезгіні тексеру кезінде оны козғалтқыштан шешіп, омметрді шығынына жэне тұркысына жалғап, су кұйылған ыдысқа енгізеді. Суды біртіндеп қыздырып, сезгі кедергісін жэне судың температурасын алынған мағынасын номиналдымен салыстырып өлшейді.

Автомобильдерді жөндеу бойынша нұсқау немесе салқындату сұйық- тығының температура сезгілерінің техникалық сипаттама тізімдемесінде кей жағдайда температураны анықтау үшін, сезгі типі мен белгілі температурадағы кедергісі туралы анықтама беріледі.

Егер салқындату сұйықтығы температурасын көрсеткіш жұмыс істемесе, тиісті сақтандырғышты тексеру керек. Егер сақтандырғыш сау болса, температура сезгісінен сымын ажыратып, оталдыру қосылып тұрған кезде сымды қысқа уақытқа автомобиль шанағына «массаға» тұйықтандырады. Бұл кезде көрсеткіш тілі толық шалқаюы керек. Егер көрсеткіш тілі толық шалқайса, температура сезгісі істен шыққан. Ал егер көрсеткіш тілі шалқаймаса, сымға аккумулятордан 12 В кернеу беру ке- рек. Бұл жағдайда да көрсеткіш тілі шалқаймаса, онда көрсеткішті ауы- стыру қажет. Әртүрлі тіркеуіштерді ажыратып тексерген кезде сымдарды тартуға болмайды. Сымдардың түйіспелі жерлері тарту салдарынан үзіліп кетіп жэне қайта жалғағанда өз функциясын толық орындамауы мүмкін.

Шетелдік автомобильдерді жөндеу кезінде сезгілердің, реле, электрон- ды болктардың жэне тағы басқа бөлшектердің еденге құлауына жол бе- руге болмайды. Еіұсқаулық бойынша, жапон автомобильдерінде еденге құлаған электронды бөлшектер қайта пайдаланылмайды.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля