22 ноября, 2017 15:23
Үнемді дизельді қозғалтқыштардың көбінде жұмыс істелген газдан же- тек алатын турбокомпрессорлар орнатылған. Турбокомпрессор білігінде екі турбиналы дөңгелектер бекітілген, олар жеке екі тұрқыда орналасқан.
Турбокомпрессор ңұрылысы:
1 — бұрама (шыгару коллекторы / турбокомпрессор); 2 — шыгару коллекторы; 3 — экранирующий щиток; 4 — тірек; 5 — қозгалтқыш кронштейні; 6 — бұрама (тірек / турбокомпрессор); 7 — май құбыры; 8 — аралық құбырша; 9 — турбокомпрессор |
Турбиналы дөңгелектер дизельді козғалтқыштан шыккан жұмыс істелген газдардан қозғалысқа түседі. Компрессор білігі шыққан газдан қозғалысқа түседі, шыққан газ роторы мен таза ауа роторы бір білікте орналасқандықтан, екеуі де бір қалыпта айналады. Сондықтан цилин- дрден қанша көлемде газ шықса, сонша көлемде цилиндр ішіне таза ауа енгізіледі. Турбокомпрессорды қолданғандықтан, қозғалтқыш қуаты мен айналу жиілігі жоғарылайды.
Компрессор білігінің нақты айналу жиілігі цилиндрдің таза ауамен толық толуына, қозғалтқыш жұмысының тиімді болуына әсерін тигізеді. Турбиналы компрессор жоғарғы нақты құрал болып саналады. Оның жұмысында ақау пайда болса, көп жағдайда оны толықтай ауыстырады. Жоғарғы қысымды отын сорғысы күтімді талап етпейді, өйткені сорғының барлық жылжымалы бөлшектері дизель отынымен майланады. Отын сорғысы таратқыш білігі сияқты тісті белдікпен қозғалысқа түседі және онда ақаулық пайда болғанда ауыстырылады. |