Дизельді қозгалтқыштын қыздыру білтесін тексеру тәсілідері

27 ноября, 2017 15:33

Суык козғалтқышты іске қоскан кезде дизельді отынның өздігінен тұтану температурасына тек қысым көмегімен жету киындық тудырады, сондықтан әр жану камерасына стерженьді қыздыру білтелері орнатылады.

 Қыздыру білтесі

 

Қыздыру білтесі тұрқыдан жэне жүрекшеден тұрады. Кернеу көмегімен жүрекше орамы қызады. Қозғалтқышты аспаптар панелінде орналасқан бақылау шамы өшкеннен кейін іске қосуға болады. Егер қозғалтқыш іске қосылмаса, қыздыру білтелеріне берілетін токты жэне білтенің өзін тек- серу керек. Токтың берілуін тексеру үшін төртінші цилиндрдің қыздыру білтесі мен автомобиль «массасы» аралығына бақылау шамын орнату ке- рек. Егер оталдыру қосылып тұрғанда бақылау шамы жанбаса, онда жүйе сымдарын тексеру керек. Оталдыру білтесін 15 секундтан артық уақытқа қосуға болмайды. Қыздыру білтелерін тексеру үшін оларда сымдарын шешіп, бақылау шамының бір ұшын аккумулятор батареясының оң өрісіне қосып жэне екінші ұшын тізбекті эр білтеге жалғайды. Егер шам жана- тын болса, онда білтелер бұзылмаған болып табылады. Егер шам жанбай- тын болса, білтелерді басқасына ауыстыру қажет. Жаңа білтені орнатып жатқанда, тарту сэтін арттыруға болмайды, өйткені білтені бүлдіріп алу- ымыз мүмкін. Білтеге дизель отыны немесе май тимеуі керек. Білтелерді басқару жүйесінің жұмысын жалпы тексеру үшін вольтметрді қолдануға болады. Оны білтенің қоректендіру шинасы мен автомобиль «массасы» аралығына жалғастырады.

Вольтметрді жалғағаннан кейін оталдыруды қосады. Қоршаған ортаның температурасы 20°С болғанда, бастапқы 10 секунд аралығында вольтметр ток көзінің кернеуін көрсету керек, ал содан кейін көрсеткіш жартысына дейін төмендеуі жэне қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін 10 минут көлемінде осы көрсеткіш сақталуы керек. Егер тексеру жұмыстан ауытқу көрсетсе, онда жүйе бөлшектерін толықтай тексеру қажет.

Қыздыру білтелерінің ақауларын олардың тұтынатын ток күші көмегімен анықтау үшін, білтелердің оң түйіспесіне келетін қоректендіру

 

сымын ажыратып және оған амперметр оң полюсті шығынын жалғау қажет. Амперметрдің екінші полюсін білтелердің оң полюсті түйіспесіне жалғайды. Жүйені іске қосып, білтелердің тұтынатын ток күшін анықтайды. Төрт цилиндрлі қозғалтқыштарда орналасқан, алдын ала қыздыру жүйесінің көпшілігі үшін, ол 48 А болуы керек. Әр білте 12 А тұтынады. Егер тұтынылатын ток күші 12 амперге аз болса, бұл жұмыс істемейтін білтелер санын білдіреді. Мысалы, тұтынылатын ток күші 24 амперге төмен болса, онда екі білте жұмыс істемейді.

Білтелерді шешіп алынған күйінде де олардың жұмыс қабілеттілігін анықтауға болады. Бұл үшін шешіліп алынған білтелерді жалпы шинаға орнатады, сонымен қатар олардың соңы жоғары қарап тұруы қажет. Әр білте тұрқысын сым көмегімен «массаға» тұйықтайды. Оталдыруды іске қосқанда білтелер қыза бастайды жэне білтенің қызуын сырттай қарап, олардың жағдайын анықтайды. Ақауы бар білте басқаларына қарағанда әлсізірек жарқырайды.

Егер қыздыру білтелерінің жүрекшелері күйіп кеткен болса, онда бүріккіш дұрыс жұмыс істемейді. Өйткені білтелер ақаудың себепкері бола алмайды. Жүрекшелері күйген білтелерді ауыстырады, ал бүріккіштерді тексереді.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля