6 декабря, 2017 19:21
Алматы қаласында жэне Қазақстанның көпшілік аудандарында қысқы орташа температура -10°С. Автопарктерде ауысым арасында авто- мобильдерді ашық жэне жабық алаңдарда сақтайды. Қыс кезінде автомобильдерді ашық тұрақтарда сақтағанда, оларды іске қосу қиындайды, жанармай шығыны артып, ТҚ жэне АЖ жүргізу қүрделенеді.
Суық кезде қозғалтқышты іске қосқанда, аккумулятордың қуаты 75% болғанда бензинді қозғалтқыштың иінді білігі 10 сек, дизельді қозғалтқыштың иінді білігін 15 сек. айналдырғанда тез іске қосылуға тиіс.
Қозғалтқыштың іске қосылуының нашарлауы жанармай қоспасының дұрыс дайындалмауынан болады. Егер қозғалтқыштың иінді білігі төменде көрсетілген айналыспен айналатын болса, онда қозғалтқыш ақаусыз, жанармай қоспасы дұрыс дайындалған болып есептеледі. |
Қозғалтқыштың түрі | Ауаның температурасы, °С | |
-5 | -30 | |
Бензинді | 40…60 | 70…80 |
Дизельді | 100…150 | 200…250 |
Айналу жиілігі, мин1 |
Стартердің қозғалтқышты іске қосу айналу жиілігін қамтамасыз ету үшін, айналу моментінің МС кедергісін жеңуге тиіс. |
мг = мт + ми + мк + мв
мұндағы Мт — қозғалтқыштың кедергі күшін жеңу моменті; Ми — қозғалыстағы массаның инерциясын жеңу моменті; Мк — қозғалтқыштың компрессиясын жеңу моменті; Мв — жанармай қоспасының кедергісін жеңу моменті. Мт — қозғалтқыштың литражына, ыргағына, түріне және майдың сұйықтығына байланысты. Ауаның температурасы төмендегенде майдың тұтқырлығы өзгереді, оның ағу қасиеті төмендейді, бұл иінді біліктің айналуына кедергі туғызады. Ауа температурасының төмендеуінен майдың қозғалыстағы бөлшектеріне берілуінің нашарлауын төменгі кестеден көруге болады. |
Қозгалтқышты іске қосқанда температураның әсерінен майдың бөлшектерге берілу уақытының өзгеруі |
Одан басқа, бензинді қозғалтқышта жұтаңдалған қоспа пайда болады, өйткені жанармайдың тұтқырлығы артып, ауаның тығыздығы көбейеді, ал дизельді қозғалтқыштарда жанармайдың тұтқырлығы артқандықтан, олардың бүркілу сапасы нашарлайды. Мысалы, ауаның температу- расы +20°С-тан -20°С-қа дейін өзгергенде, дизельді жанармайдың тұтқырлығы 5…7 есе өседі. Ауаның температурасы 1°С-қа төмендегенде, аккумулятордың қуаты 1% төмендейді. Ауаның температурасы -30°С-қа төмендесе, электролит мұз болып қатып қалуы мүмкін.
Ауаның температурасы төмен болған сайын, қозғалтқыштың жұмыс істеудегі көрсеткіші нашарлайды, қозгалтқышты іске қосу жэне қыздыру үшін жанармай шығыны 5…20%-ға дейін артады. Осының бэрі көлік құралдарына кері әсер ететінін ескеріп, оны жақсарту шаралары қолға алынуда. |