“Дерсеханүлы Бұқаш туралы жыр“

6 декабря, 2017 19:16

„Қорқыт ата кітабында» сюжеті жағынан қазақ эпосымен үндес болып келетін сарындар көп кездеседі. Әсіресе, бір балаға зар болған әке-шешенің мүшкіл хәлі жөніндегі хикаялар жиі үшырайды. Әрине, мүның өзіндік сыр-себептері бар. Патриархал-ру қауымының үғымы бой- ынша, тек еркек кіндікті бала ғана отбасының, ру-тайпа- ның жалғасы, қауымның болашақ тірегі саналған. Сол себепті той-жиындарда ер баласы бар аталар ең сыйлы орынға отырып, оған зор қошамет көрсетілетін болған.

Міне, „Қорқыт ата кітабының» бірінші хикаясы — «Дерсеханүлы Бүқаш туралы жыр» осындай сюжетке қүрылған.

„Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша, Баяндыр хан жылына бір той жасап, оғыз бектерін қонаққа шақыратын еді. Бүл жолы да солай істеді. Тойға түйеден — бура, жылқыдан — айғыр, қойдан — қошқар сойылсын деп жарлық берді. Сол күні бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау, енді бір жерге қара отау тіктіріп қойды. Тойға жиылған бектерден үл баласы барларын ақ отауға, үлы жоқ, бірақ қызы бар кісілерді қызыл отауға, үлы да жоқ, қызы да жоқ қонақтарды қара отауға кіргізді. Қара отауға кірген қонақтарға қара қойдың етін беріп, қара киізге отырғызды. «Не үлы, не қызы жоқ жандарды тәңірінің өзі қарғаған, бізде солай етеміз» деді Баяндыр хан.

Дерсе ханның үлы да, қызы да жоқ еді. Ол бүл қорлыққа шыдай алмай, қара отаудан шығып кетті. „Қайғымен қан жүтып жылады».

Бүл жырда Дерсе ханның қатты ашуы келіп, үйіне оралғанда өз әйеліне баласының жоқтығы туралы зарлап айтатын үзақ монолог-өлеңі бар. „Қорқыт ата кітабының» түпнұсқасында, сондай-ақ түрік және әзербайжан тіліндегі аудармаларында осы монолог поэзия тілімен, жыр күйінде берілген. Алайда академик В. В. Бартольд кезінде оны неміс және орыс тілдеріне қара сөзбен аударып бер- ген. Сол себепті бүл монолог орыс тілінен қазақшаға про- за күйінде берілген.

Сөйтіп, тойдан намысқа шыдамай қатты ашуланып қайтқан Дерсе хан үйіне келген соң әйеліне былай дейді: „Уа, сүйген жарым, басыма қонған бақ, отбасымның тірегі едің, бойың кипарис ағашындай сүңғақ, тілерсегіңе түскен қолаң қара шашың бар, иілген жақтай имек қара қасың бар…

…Хан қызы! Отырған жерінде қарулы қолдарымның уысына алып, бетіңді тіліп, кеңірдегіңнен қысып өлтірсем не болар еді? Қайыспас қара болат семсерді қолға алып, басыңды алсам не дерсің? Өмірдің қызығынан мені неге қүр еттің? Қызыл қаныңды судай төксем қайтер едің? Уа, хан қызы, осының себебін айт! Айтпасаң жазаңды бе- ремін!»

Ақыры әйелінің кеңесі бойынша Дерсе хан аш-жа- лаңаштарға қыруар көп қайыр-садақа беріп, ата-бабасы- ның аруағына сиынып, тәңірден бала тілейді. Күндердің күнінде әйелі босанып, бір бала туады. Бала он бес жасқа толады. Бір күні достарымен асық ойнап жүргенде ханның семіздіктен қүтырған бүқасы босанып кетіп, балаларға тап береді. Барлық балалар қашып кеткенде Дерсе ханның ұлы қорықпай, дәу бүқаны жүдырықпен үрып жығады. Содан бала Бүқаш аталып кетеді.

Бүған риза болған әкесі үлына енші беріп, оны бектер қатарына қосады.

Бірақ Дерсе ханның күншіл нөкерлері әкесін баласына қарсы айдап салады. Бір күні Дерсе хан аң аулап жүріп, өз баласын өзі атып кетеді. Бір сүмдықтың болғанын жүрегі сезген анасы өзінің қырық нөкер қызымен баласын іздеп жолға шығады. Айдалада өлім аузында жатқан үлының жарақатын анасы ақ сүтімен емдеп, аман алып қалады. Сол кезде опасыз нөкерлері Дерсе ханның өзін өлтірмек болады. Батыр Бүқаш әкесінің жауларын қырып салып, Дерсе ханды түтқыннан босатады.

Бүл секілді сарын қазақ эпосында көп қолданылады. Қазақ дастандарында алып батырлар осылайша „әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып” ата-бабалар қабіріне түнеп, айтылған көп тілектерден кейін барып қана туыла- ды. Осылайша өмірге келген болашақ батырлар өсе келе ел-жүртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады. Қазақ халық эпосында көптеген батырлардың бәрінің ту- ылуы осы дәстүрге қүрылған.

Бүл туралы қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші көрнекті ғалым Р. Бердібаев мынадай пікір айтады: „Көшпенді ел жағдайында әкеден қалған мүраға ие болатын үлдың тууы ерекше оқиға саналған. Перзентсіздік ең ауыр қасірет бо- лып танылған. Мүның көрінісі эпикалық жырларымызда мейлінше мол орын алғаны белгілі. Алпамыс та, Қобыланды да, Шора да, Сайын да ата-аналарының көп ар- ман етіп, жаратқаннан медет тілеп алған балалары болып сипатталады».

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля