11 марта, 2018 18:16
Сабақ оқытудың негізгі үйымдастырушылық формасы бо- лып қала береді. Осыған 300 жыл бүрын Я.А.Коменский өзінің “үлы дидактика” кітабында оқытудың классикалық-сабақтық жүйесін сипаттап берді. Бірнеше ғасыр бойында сабақтың түрлері өзгергенімен (лекция, лабораториялық жүмыс, семинар жөне т.б.) ол оқу процесін үйымдастырудың қолайлы формасы бо- лып қала береді. Сабақта оқу процесінің құрылымының бар- лық компоненттері өзара әрекет етеді (79-кесте).
| Мақсат Принциптер | Оку мәтериалы- | 1 Әдістер | |
ның мазмүны |
Оқу-танымдык
өрекетті ұйымдастыру
- кесте. Оқыту процесінің қүрылымы
Бүл қүрылымдық компоненттердің өзара байланысы оқушылар мен оқытушы әрекетінің арқасында іске асады. Сабақ оқыту- дың шығармашылық түрде дамитын формасы болып қала береді. Мысалы, 1960 жылдары липецкілік мүғалімдер жалпы білім беру пөндері бойынша өтілетін сабақтарда оқушылардың оқу-
танымдық әрекетінің формаларын жетілдіру жөнінде зерттеу- лер өткізді; 1907 жылдары мөселелік сабақтың құрылымын қолдану бойынша Татарстан мұғалімдерінің жобалары белгілі болды; 1980 жылдары сабақтың уақыттық шеңберлерін оңтай- ландыру туралы М.Щетининнің жұмысы жарияланды.
Соңғы жылдары кәсіптік техникалық мектептердегі өндірістік оқу шеберлері мен зерттеушілердің ізденістері арқасында арна- улы технология мен өндірістік оқытудың біріктірілген (бинар- лық) сабағы туралы идея дүниеге келді. Сонымен бір мезгілде кәсіптік техникалық училищелердің оқытушыларға арналған өртүрлі өдістемелік кеңестер мен оқу қүралдарында техника- лық пәндердің сабақтарының теориясы оқытушы мен оқушы- лардың әрекеттерінің негізгі құрылымдық элементтерінің және мазмұнының ерекшеліктерін қарастырмайтынын мойындаған абзал.
Сабақтың негізгі компоненттеріне тоқталайық. Оқыту тео- риясында сабақтың дөстүрлі құрылымы анағұрлым толық зер- ттелген (80-кесте).
Сауалнама | Жаңа материал- | Материалды | Үй | ||
ды түсіндіру | бекіту | тапсырмасы |
- кесте. Дәстүрлі сабақтың қүрылымы
Сабақтың бірінші кезеңінде өдетте, оқытушы оқушылардан үй тапсырмасын сүрайды. Оқушылар сүрақтарға жауап береді, азғантай бақылау жүмысын орындайды, тақтаға шығып есеп- тер шығарады, бағдарламалық бақылаудың сүрақтарына жауап береді жөне т.б.
Сабақтың келесі кезеңіне оқытушы оқу материалын жүйелі түрде баяндайды, теорияның негізгі қағидаларын демонстраци- ялық эксперименттер, көрнекілік қүралдары арқылы бейнелеп түсіндіреді. Бүл кезде оқушылар тыңдап отырады, қадағалай- ды, конспекті жазады және т.б.
Үшінші кезеңде типтік есептерді шығару жөніндегі дағды- лар қалыптастырылады, өтілген материал бекітіледі, оқушылар өдебиетпен жүмыс істейді. Және ақырында, үй тапсырмасын орындау процесінде үйретілетін ғылымның негізгі үғымдары мен теориялық қағидалары тағы да орнықтырыла түседі. Бүл айтылғандарға сүйене отырып, сабақтың дәстүрлі қүрлымында негізгі дидактикалық еңбектер жүйелі түрде шешімін табады деген түжырым жасауға болады.
Сабақтың мүндай қүрылымында оқыту процесіндегі негізгі өрекетті оқытуға деген түсіндірмелік-көрсетілімдік төсілді іске асыратын оқытушы атқарады. Оқушылардың өрекеті репродуктивтік сипатта болады. Өртүрлі әдістемелік өдебиетте сабақтың бүл сипаттаған қүрылымы нормативті деп беріледі.
1960 жылдардан соң мөселелік-дамытушылық оқыту жағдай- ындағы сабақтың құрылымын сыннан өткізу жүзеге асты. Са- бақтың бұл типінің негізгі компонентттеріне мыналар жатады:
- Оқушылардың өрекетінің тәсілдері мен тіреу білімдерін өзектілендіру. Өзектілендіру дегенде оқушылардың жадында жаңа электротехникалық ұғымдардың, зандардың, электр тізбектерін есептеу өдістерінің жөне т.б. қалыптасуы үшін іргетасты қамтамасыз ететін тіреу ұғымдарын қайта калпына келтіру ұғынылады. Біз атап өткендей, қарастырылатын тақы- рыптың тіреу ұғымдарына өткен сабақтан алынған ұғымдар, сондай-ақ физикалық, математикалық ұғымдар жатуы мүмкін.
- Жаңа ұғымдар мен өрекет тәсілдерін қалыптастыру. “Қалып- тастыру” — терминінің өзі оқытушыны оқушылардың әрекетін белсендіретін, мысалы техникалық зерттеуді оқушы өз жұмыс орнында жүргізуі үшін материалдық-техникалық база қажет болатын оқу-экспериментінің тәсілдерін қолдану жөнінде олар- дың белсенділігін арттыратын оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдауға бағыттайды. Осылайша, оқытудағы түсіндірмелік- көрсетілімдік тәсіл мәселелік тәсілмен алмастырылады.
- Қалыптасқан білімдер мен дағдыларды қолдану. Бекітумен салыстырғанда сабақтың бүл кезеңі өртүрлі типтегі оқу-таным- дық міндеттерді шешумен сипатталады. Бүл кезеңдегі кәсіптік оқытудың әдістемесінде көсіптік бағыттағы міндеттерді қолда- ну маңызды. Оқушылар өздерінің үйренген заңдарын немесе электр өлшеуіш приборлары жүйесін практикалық (кәсіптік) өрекетте қолдана білуін үғынуы да маңызды.
Мәселелік сабақтың қүрылымын қарастыра отырып, оқыту өдістемесінде оқытушы дидактикалық міндеттерді (өзектілендіру, қалыптастыру, қолдану) шешпейтінін, оқытушы өрекетті үлгілейтінін (жоспарлайтынын) айта кету керек. Демек, оқыту- шы мақсаттық қондырғыдан, мазмүнды іріктеу жөне қүрылым- даудан шыға отырып, нақты сабақтың өдістемелік қүрылымын конструкциялайды, сондай-ақ оқушылардың белсенді оқу-та- нымдық әрекетін басқарады.