ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БУЫННЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

13 марта, 2018 19:18

 

Сөздер айтылуы жагынан ең кішкене бөлшектер — буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудын нэтижесі деп карау керек.

Буын тікелей дауысты дыбыстарға байланысты. Сөздің құрамындағы дауыстыларды айтканда ауа еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен (леппен) тікелей байланысты болады.

Буыи — осы ауапың кілт үзілуіпің пе кедергіге үшырауыпың пәтижесіпде пайда болатыи жеке (дауысты) дыбыс, пе дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Буынға тэн сипаттар:

  1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуга тиіс жэне оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің кұрамында канша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Балаларга дегенде, дұрысы, бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан (ба-ла- лар-ға) тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.
  1. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің эр бір буыны лексикалық немесе грамматикалык мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларга) тура келіп қалады. Мәселен, ат-ты-лар-га дейтін төрт буынды сөздің 1-буыны (ат) -түбір, 2-буыны (ты) — сын есім тудыратын жұрнак, 3-буыны (-лар) — көптік жалгау, ал 4-буыны (-ға) — септік жалгау. Мұны кездейсок сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болу міндетті емес: ба-ла-ла-ры-на, а-ты-ңа, ке-лі-сі-мі-міз, жар-қы-рай-ды т.б.
  2. Тіліміздегі байырғы сөздер бірынгай не жуан буынды, не жінішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді кызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Буынның жуан, жіңішкелілігі қазак тілінде дауыстыларға байланысты.
  3. Қазақ тілінің төл сөздері де, буындар да қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы. Сондыктан да байырга сөздерді Смаил, Скак, Рза, Реалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел сөзі (стол) осының айғағы. Ал Октябрь революциясынан бергі кезенде орыс тілі аркылы енген сөздер (буындар) екі, тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, студент, процент, транспорт, спринт, стратегия т.б. Бұларды осылай жазу және айту — әдеби норма түрінде танылады.

Соңғы кезде казактың байырғы сөздері де кос (екі) дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Бірак онда ғылыми негіз жоқ.

  1. Бас (бірінші) буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды.
0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля