28 марта, 2018 19:40
Тілімізді белгілі бір грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына белгілі бір грамматикалық форма — тұлға арқылы берілетіні белгілі. Яғни, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма (тұлға) бір-бірімен тығыз байланыетьн
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі сөз болғанда, әдетте, категориялық грамматикалық мағына негізге алынады, өйткені жоғарыда көрсетілгендей, грамматикалық мағынаның осы түрі ғана арңайы грамматикалық форма арқылы беріледі.
Әрине, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-біріне сай келеді дегенде, сөздің кұрамында ол екеуінің саны да эрдайым бірдей болады деген корытынды тумайды. Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативтік) тіл болып саналғанмен, онда аз да болса флексиялык сипат та кездесіп отырады. Кейде бір тұлғаның өзі бірнеше грамматикалык мағынаны жэне керісінше, бірнеше грамматикалык форма бір мағынаны білдіріп те тұрады.
Грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайды жэне грамматикалық формасыз грамматикалық мағына да берілмейді дегенді бұлардың жаңағы касиетінің негізінде жэне категориялық грамматикалық мағына шеңберінде ғана тек шартты түрде айта аламыз. Өйткені, кейбір жағдайларда қазіргі тілімізде ешбір арнайы грамматикалық тұлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалык мағына беріліп тұрады. Кейде сөз құрамында белгілі бір грамматикалык форма болғанмен, ол өз бетінше грамматикалық мағына білдіре алмай, факультативті түрде ғана колданылады, яғни сөз ол формасыз жұмсалмайтын болғанмен, сол сөз трғалары білдіретін мағынаға ол форма бейтарап болып тұрады.