15 апреля, 2018 9:32
Сан есім сөздер заттың сандык мөлшерін түрліше атайтынына карай, бірнеше мағыналык топка жіктеле алады. Ғылыми грамматикаларда көрсетіліп жүргендей, сан есімдердің бір тобы зат есіммен тіркесіп, оны анықтап, есебін, ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинактылык ұгымды, бөлшектік үлесті, шамалык, болжалдык мағыналарды білдіреді. Осындай ерекшеліктеріне карай, сан есім алты топқа бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім және бөлшектік сан есім.
ЕСЕПТІК САН ЕСІМ
Есептік сан есім мағыналық топтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі және бүлар «заттың нактылы санын жэне абстракт сандық ұғымды білдіреді (32, 472).« Мысалы, Токсан бес жыл бұрын аркаға аға сұлтандық тэртіп орнады (X. Есенжанов). Екі жауынгер салт аттылы арбаның артында келеді (сонда).Осы сойлемдердегі токсан бес, екі сан есімдері жыл, жауынгер сөздерін сан жағынан аныктап, есептік сан есім болады.
Есептік сан есімдер үнемі зат есіммен тіркесте колданыла бермейді. Зат есімсіз кодданылғанда абстракт сандык ұғымды білдіреді: Үшке бесті косканда сегіз болады. Бұл сойлемдегі сан есімдер зат есім тіркесінсіз, абстракт мэнде колданылған.
А. Ъісқаков « есептік сандарға сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады,«- дей келіп, ол сандарды дәрежесіне’карай бірлік сандар, ондык сандар, жүздік сандар жэне мыңдык сандар деп, торт топка жіктеген. Осы тбптар кұрамына қарай дара жэне күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдерге бірлік, ондык сан атаулар, жүз, мың создері жатады. Ал жеке сандардың тіркесуі аркылы күрделі есептік сан есімдер жасалады. Мысалы, сексен тоғыз, сегіз жүз тоқсан тоғыз т.б.
Есептік сан есімдер зат есіммен тіркесіп, оны аныктап тұрғанда, морфологиялык жағынан еш өзгеріске түспейді.
Есептік сан есімдер өзге сөз таптарынан жасалмайды. Ал есептік сан есіммен сөзжасамның әртүрлі тәсілдері арқылы жаңа сөздёр жасалатындығы оқулыктарда кыскаша көрсетіліп жүр. Мысалы, А. Ыскаковтың оқулығында бесбармақ (ег), елу басы, алты бақан сиякты зат есім сөздер, сҚі ұшты, екі үдай, екі жүзді сиякты сын есім сөздер, үшеу ара, екі талай сияқты үстеу создердің сан есім арқылы жасалатындыгы’ және бір сөзінің лексика- семантикалык жэне грамматикалык ерекшеліктері жайында айтылған (63, 211). Сондай- ак академиялық грамматикада да есептік сан есімнің тұракты тіркестер кұрамында кездесетіндігі, бір сан есімінің колданылу, стильдік ерекшеліктерІ сөз болған (32, 473). Сан есім сөздердің мағынасының Кеңуі аркылы жасалған туынды сөздер, олардың даму, қалыптасу жолдары, сан есім негізінде баска сөз таптарына жататын туынды сөздердің жасалуы және оның себептері, олардын даму жолдары Г.Шаһарманның зерттеу еңбегінде жан- жакты карастырылған (61).
РЕТТІК САН ЕСІМ
А. Байтұрсынов окулығында реттік сан есімге «нэрселердің ретін корсететін сан есімдер« деген анықтама берілген. Мысалы, Бұдан горі маңыздырак екінші мәселе бар (Н. Ғабдуллин). Ол кезде Әділбек жасырактау еді- жетінші класта оқитын (сонда). Осы мысалдарда екінші, жетінші сан атаулары өздері тіркесетін зат есімдердің алдында келіп, мәселенің, кластың рет санын көрсетіп тұр.
Ә. Хасенов реттік сан есімге «реттік сандар заттың (яғни зат есімнің) ретін, тәртібін білдіреді (55, 24),«- деген .анықтама берген. Кейінгі грамматикаларда да реттік сан есім жайындағы пікірлер осы бағы гта айтылған: «Қазіргі казак тіліндегі реттік сан есімдер белгілі бір заттар мен кұбылыстардың орын тэртібі, реттік жүйесін белгілеу үшін қолданылады (31, 98).« «Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын тэртібін білдіріп, нешінші ? деген сұракка жауап береді де, есептік сан есімдерге дауыссыз дыбыстардан соң -ыншы, -інші, дауысты дыбыстардан соң — ншы/- нші жұрнактарының жалғануы аркылы жасалады (32, 475).« Мысалы, бір- інші, екі- шііі, алты- ншы, тогыз- ыншы т.б.
Реттік сан есімдер де құрамына карай дара, күрделі болып келеді.Мысалы, Серттескен үшінші түн де келіп жетті (X. Есеижанов) Кэдімгі Жолмұкан жуытпай өзіне он бірінші жасакшы етіп алған сарысы (сонда).
Осы мысалдардағы үшінші дара реттік сан есім болса, он бірінші екі санның тіркесуі арқылы жасалган күрделі реттік сан есім жэне оларға косымша соңгусына жалғанган.
Реттік сан есімдер негізінен заттың рет санын, қатар санын білдіретіндіктен, олар үнемі зат есімнің алдынан келіп тіркеседі. Мысалы, бірінші жүлде, бесіниіі қабат, тогызыншы үй, он сегізінші қатар т.б.
Реттік сан есім зат есімдерше түрленіп, заттық мағынада да колданылады. Мысалы, Екіншісі де оның жанынан тізерлей отырып, шокқа қолын созды (X. Есенжанов). Ол екі қойдың бірін қақпадан кіргеннен- ақ көрді, ал екіншіеін көзіне түсіре алмады (сонда).
ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМ
А. Байтұрсыновтың оқулығында, жоғарыда айтылғандай, есептік сан есімді жай және жадағай деп екіге бөліп, жадағай сан есімге- біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу сөздерін жаткызған жэне бұлардың баска есімдерге косарланып айтылмайтынына көңіл бөлінген. Сонда галымның жадагай есептік сан есімдері казіргі жинақтык сан есімге сэйкес келеді.
Сан есімді арнайы зерттеген Ә. Хасенов сан есімнің бұл түрі абстрактілік ұгымды білдіріп, көбіне зат есімнің орнына колданылатындығын айта келіп, оны жинақтық- субстантивтік сан есімдер деп атаган (30, 26), яғни сан есімнің бұл түрі көбіне зат есім орнына қолданылып, зат есім категориясына жақындайды деп есептеген. Алайда ғалымнын бұл атауы кейін қолдау таппады. А. Ыскаков окулығында, академиялык грамматикаларда сан есімнің бүл түрі жппақтық деген терминмен аталады. Бірақ сан есімнің бұл мағыналык тобына беріліп жүрген аныктамаларда айтарлыктай айырмашылык жок. Көбіне оны «белгілі бір заттар мен кұбылыстардың сан мөлшерін жинактап көрсету үшін жэне жинактык абстракт сан ұғымдарын білдіру үшін колданылады (31, 100),« «Мұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіретіндіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады (63, 212),«- «Қазіргі казақ тіліндегі жинзқтық сан есім заттың жинақталған сандық мөлшерін білдіреді (32, 476),«- деп анықтайды. Мысалы, Бүгін Оспан кеш батарда Смағұлға барып, екеуі бір түрлі бола қалып еді (М. Әуезов).’Осы сөйлемдердегі екеуі сөзі Оспан мен Смағұлды жинактап көрсетіп тұр.
Жинақтык сан есімдер есептік сан есімдерге — ау (- еу) жұрнақтары қосылуы аркылы жасалады: біреу, екеу, үіиеу т.б.
Жинақтық сан есімдердің өздеріне тэн мынадай ерекшеліктері бар: —
- жинактык сан есімдер ешкашан да күрделі түрде қолданылмайды;
- жинақтык сан есімдер мағына жағынан субстантивтік касиеті болып келетін создер болғандыктан, сөз түрлендіруші грамматикалык формалардың бәрін де қабылдай береді. Мысалы, Бұл үшеудің қолында тобылгы сапты жалаң дойыр ғана (X. Есенжанов). Бұл екеуі де атақты Сырым батырдың шөбересі (сонда). Біреулер судың алдын бөгеп тас, топырак, шоп- шөлең төгіп жатыр (сонда). Ол қиыр шеттегі екеуден көз жазып қалармын дегендей, жакындай түсті (сонда).
жинақтық сан есімдерден лексика- семантикалық, морфологиялық жэне синтаксистік тэсілдер арқылы біраз жаңа сөздер жасалған. Мысалы, Домбыраны да, энді де біреу үйреткен жоқ маган, өз бетіммен үйрендім (Н. Ғабдуллин). Екеулеп Айбаршаны азғырмак болып еді, одан іс шыкпады (С. Мұканов). Ол екі- екіден тізіп, шокактай жортып келіп калғандарды … танып қалды (X. Есенжанов ).Бірінші сөйлемде біреу сөзі белгісіздік есімдік мэнінде (прономинализацияланып) колданылған, екіншісінде етістік тудыратын — ле жұрнағы аркылы жаңа сөз жасалган, үшінші сөйлемде жинақтық сан есімдердің косарланып айтылуы аркылы үстеуге айналған.
ТОПТЫҚ САН ЕСІМ
Тілімізде заттар мен кұбылыстардың санын топтап көрсететін де сан есімдер бар. Осы ерекшелігіне байланысты топтық сан есіміне окулыктарда «есептік, жинактык, болжалдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық магынадан біржола кол үзген -дан (- ден, — тан, — тен ) аффиксін қосу арқылы жасалып, біркелкі заттар мен кұбылыстардың сан молшерін топтап керсететін создер (63, 213), «- деген аныктама беріліп жүр. Мысалы, Біз әуелі тобымызбен, сосын екі- екіден, үш- үштен косылып, бірнеше эн айттык (Н. Ғабдуллин).
Топтык сан есімдер де морфологиялық кұрамы жағынан дара жэне һсүрделі болады. Мысалы, Сол күні екі жақтан үшеуден алты гана кісі шақыртып алды (М. Әуезов). Әр оқушы бес- алтыдан ағаш егіп, соны өздері күтіп өсіретін болса, қандай жақсы ! (М. Иманжанов). Осы
сөйлемдердің алғашқысындагы топтық сан есімі жинақтык сан есіміне көнеленген шығыс септігінің жалғануы арқылы жасалса, екінші сөйлемде екі есептік сан есімдердің тіркесіп жэне соңғысына көнеленген шығыс септік жалғауы жалғану аркылы жасалған. Сондыктан соңгы сөйлемдегі сан атаулары күрделі топтык сан есімі болады.
Топтык сан есімдердің өздеріне тэн мынадай ерекшеліктері бар:
- топтық сан есім жасалатын негізгі көрсеткіш- шыгыс септік жалғауы. «Шығыс септік жалғауы сөз жасаушы қосымшаға жатпайтыны белгілі, ол- сөздерді байланыстырушы қосымша. Бірак бұл косымша есептік санға қосылғанда, өзінің негізгі синтаксистік кызметін атқармайды, есептік санды сөйлемде баска сөзбен байланыстыру кызметінде емес, есептік санға топтау мэнін косады (41, 88).«
- кейде — дан, — ден косымшасы топтык сан есімдердің анықтайі ын сөздеріне косылып айтылады. Мысалы, Сенбілікте эр студент бес- бес ағаштан отырғызды.
- топтык сан есімдер грамматикалық көрсеткіштермен түрленбейді жэне жаңа сөздер жасай алмайды.
БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМДЕР
Сан есімдер барлық уақытта өздері анықтайтын заттар мен құбылыстардың санын дэл, нақгы көрсетпей, шамамен тұспалдап атайтын кездері де болады. Осымен байланысты тілде болжалдық сан есімдер қалыптаскан. Сондыктан гылыми еңбектерде болжалдык сан есімге мынадай анықтама берілген: «белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін дэл атамай, тұспалдап кана шамамен атайтын сөздер (31, 63, 204, 101). « Мысалы, Аңшылар Қараадырдан бес- алты шакырымдай ұзап шықты (М. Әуезов). Бір жұп кұмырсканың ұрпағы бір жыл ішінде бір жүз жиырма миллиондай жэндік, бір жүз елу мыңдай кұрт жейді («Қызықты зоология« кітабынан).
Бұл сөйлемдердегі бес- алты иісщырымдай, бір жүз жиырма миллиондай жәндік, бір жүз елу мьіңдай қүрт дегенде аңшылардың нақты қанша шақырым ұзап шыкканы немесе құмырсканың қанша жэндік, кұрт жейтіні белгісіз, сан атаулары дэл өзінің сандык мәнінде тұрған жоқ, тек кана осы мөлшерде дегенді білдіреді.Енді осы болжалдық сан есімдердің қалай жасалып тұрғанына коңіл бөлейік. Алдыңғы сөйлемдегі бес- алты болжалды сан есімі есептік сан есімдердің қосарлануы яғни аналитикалық тәсіл арқылы жасалған, ал екінші мысалдағы бір жүз жиырма миллиондай, бір жүз елу мыңдай дегенде де заттың нактылы саны айтылмаган, тек кана атаған санның шамасында деген ұғым бар. Сол ұғым- дай жұрнағы аркылы жасалған, сөйтіп болжалды сан есім синтетикалық тәсіл арқылы жасалган.
Сан есімге арналган зерттеулерде, окулықтарда осы екі тэсіл іштей бірнеше түрге бөлініп тұр.
Сннтетикалық тәсілдің жолдары: — болжалдық сан есімдер дай, — дей, — тай, — тей жұрнактары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Өзен мен бұл үйдің арасы бес жүз қадамдай жер еді (X. Есенжанов). Екі жүздей ат шапты (Ғ. Мұстафин)
Бұл жұрнақтардың ерекшелігі- бірлік саны қосарланған сандарға (елу- алпыстай, жетпіс- сексендей) жэне ондық, жүздік, мыңдық көбейтілмелі сандарга (бес жүздей, жиырма мыңдай) қосылады.
Сонымен бірге бұл косымшалар есептік сан есімдер тікелей тіркесіп анықтайтын мезгілдік, көлемдік мағыналы есімдерге де жалғанып, болжалдьщ мағынаны білдіреді. Мысалы, он тэуліктей, алты аптадай, бес айдай, екі айдай, отыз километрдей т.б.
— ер жұрнағы аркылы болжалдьщ сандар тек бір есептік сан есіммен жасалады. Мысалы, Бірер мыңды місе тұтпай, бес-алты мыңнан алмақ (Ғ. Мүсірепов). Хажыға ол … менің бірер жасар күнімде, өзінің отыз бес жасында кеткен (Ғ.
/ Мұстафин)
есептік сан есімдерге — лаған, — леген, — даған, — деген, — таған, теген жұрңақтарының жалғануы аркылы жасалады. Мысалы, Қалада казір жүздеген машина бар, — деді Мейрам (Ғ. Мұстафин). Техникумда мыңдаған жас кадрлар окып жүр. (сонда).
лап, — леп, — дап, — деп, — тап, — теп жұрнактары сан есімдерге жалғану аркылы болжалдьщ сан есімдер жасалады. Мысалы, олар шығып кетті де, бір жәшікті төртеулеп көтеріп әкеліп, төренің қасына қойды (Ғ. Мұстафин). Соның ішінде партияның, үкіметтің ерекше қаулысы бойынша, бес жүздеп, мыңдап тобымен келетіндер бар (сонда).
есептік сан есімдерге көптік жалғауы, сонан соң жатыс септігінің жалғауы жалғану аркылы болжалдық мағына жасалады. Мысалы, Жиналыс сағат екілерде басталады.
Аналитикалык тәсілдің жолдары:
есептік сан есімдердің косарлануы аркылы жасалады. Мысалы, Тобылғыны түсіріп, үйге кірсек, Есембайдың 13-14 жасар үлкен баласы келген екен (С. Мұратбеков). Айналасы кырык-елу адам (Ғ. Мүстафин).
есептік сан есімдерге иіак,ты, шамалы, қаралы, таман, жуық, астам, асқан, келген, тарта, таяу сөздерінің тіркесуі аркылы жасалады. Мысалы, Ол осы жаздың басында он шақты жігітімен келіп, Жаншаның жасағына жазылғанды (X. Есенжанов). Екі жүзге тарта жігіт кетіп еді (С. Мұканов).
Болжалдьщ сан есімдер де зат есіммен тіркеспей, соның орнына жүргенде ғана көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы, Екіншісі он бес — он алтыда (Ғ. Мүстафин).
БӨЛШЕКТІК САН ЕСІМДЕР
Бөлшектік сан есімдерге қатысты анықтаманы окульщтардың кай- қайсысынан да кездестіруге болады. Сол анықтамалар бойынша бөлшектік сан есімдер «белгілі бір заттар мен кұбылыстардың сандық бөлшегін (65, 215)«, «белгілі бір заттар мен кұбылыстардың бөлшектік үлесін, бөлшегін (31,103)«, «заттар мен кұбылыстардың бөлшектік санын, үлесін (32, 478)« білдіреді. Олай болса, бөлшектік сандық ұғымның тілде бар екендігіне еш күмән жоқ.
Бөлшектік сан есімдер құрамы жағынан күрделі болып келіп, есептік сан есімдердің синтаксистік тәсілмен тіркесе аіітылуы аркылы жасалады: беапің бірі, жүздің оны, төрттен екісі, жүзден бірі т.б. Осы сап атаулары морфологиялык кұрамы жағынан күрделі және олардың бірінші сыңары- ілік септігінде, екінші сыңары- тәуелдік жалгауында (бестің бірі, жүздің оны), бірінші сыңары- шығыс септік жалгауында, екінші сыңары- тәуелдік жалғауында (төрттен екісі, жүзден бірі) тұр. Осы ерекшелікке байланысгы болшектік сан есімдердің есептік сандардың синтаксистік тәсілмен тіркесе айтылып жэне белгілі бір грамматикалық тұлғалардың қосылып айтылуы арқылы жасалатындығы ғылымда дәлелденген жағдай. Атап айтқанда:
бөлшектік сан есімдердің құрамындағы бірінші сыңары ілік немесе шығыс септіктің бірінде екінші сыңары тәуелдік жалғаудың үшінші жағында тұрады: төрттің бірі, жиырманың үіиі, жүздің екісі, торттен бірі, отыздан оны, мыңнан жүзі т.б.
бөлшектік сан есімдердің құрамындағы бірінші сыңары шмгыс септікте, екінші сыңары атау септікте тұрады жэне көбіне «бөлігі« деген соз тіркеседі. Мысалы, бестен бір, қырықтан төрт, мыңнан елу бөлігі, үштен бір болігі т.б.
бөлшектік сандар жарым, жарты, гиирек сөздерінің есептік сандармен тіркесуі аркылы жасалады. Мысалы, бес ширек, мың жарым т.б.