29 апреля, 2018 9:56
Келер шақ кимыл, іс-әрекеттің эрі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді.
Келер шактың түрлері Магыналык ерекшеліктеріне карай келер шак үшке бөлінеді:
- болжалды келер шақ
- максатты келер шақ
- ауыспалы келер шақ
Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р болымсыз етістіктен кейін -с жұрнагы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі аркылы жасалады.
Болжалды келер шақ -с жұрнағы арқылы жасалған болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмэн келтіре айтудан, білдіруден гөрі, жігерлі, үзілді-кесілді мэн беруге бейім болады.
жақ | жекеше | көпше |
і | Бар-ар-мын, бар-ма-с-пын | Бар-ар-мыз, бар-ма-с- |
пыз | ||
н
і |
Бар-ар-сың, бар-ма-с-сыз | Бар-ар-сың-дар, бар- ма-с-сың-дар Бар-ар-сыз-дар, бар-ма- с-сыз-дар |
ііі | Бар-ар, бар-ма-с (нөлдік тұлға) |
Болжалды келер шақтың жіктелуі: |
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-эрекеттің келешекте максат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбірінен -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғанып, одан кейін жіктік жалгауларының үстелуі арқылы жасалады.
Етістіктің -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының үстіне — шы, -ші жұрнағы жалғанып, жіктелуі арқылы да жасалады.
Максатты келер шактың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, — пек -шы, -ші тұлғалы етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады.
Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірімен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі етістіктің ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
келер шақ та ауыспалы осы шак сиякты -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқылы жасалады.
Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мэнді басқа сөздерден де байқалып отырады.