2 марта, 2019 18:16
Интернет Түсінігі
Интернет – кез келген компьтерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы (коммуникациялық жабдық пен серверлері бар).
Топология – компьютерлерді желіге біріктіру тәртібі. Internet желісінде «шиналық» және «жұлдызша» топологиялары қолданылады.
Әрбір торапта көбіне UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер – сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.
Тораптың оның иесі – провайдер деп аталатын (ағылшынның «provide» — қамтамасыз ету деген сөзінен) ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді.
Шлюз – басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі ақпараттық плотформаларда, әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер (хаттамалар) қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.
Хаттама – ақпаратты желіде беру ережелері (келісімдер, стандарт).
Интернет хаттамаларының екі типін айырған жөн:
- базалық хаттамалар, Интернет (IP және TCP) компьютерлерінің кез келген типтері арасындағы электронды хабарларды заттай жолдау үшін жауап береді. Бұл хаттамалар өзара тығыз байланыстылығы соншалықты оларды көбіне «ТСР/ІР хаттамасы» атты бірыңғай терминмен белгілейді;
- өте жоғары деңгейдегі қолданбалы хаттамалар, мамандандырылған Интернет қызметі жұмыс істеуі үшін жауап береді: http хаттамасы (гипермәтіндік хабарларды беру), ftp хаттамасы (файлдарды беру), telnet хаттамасы (қол жетудің қашықтауы), электронды почтаның хаттамалары және т.б.
ТСР (Transmission Control Protocol – хабарларды басқару хаттамасы) көліктік деңгейдегі хаттама. Ол ақпарат берудің қалай өтетіндігін басқарады.
Бұл хаттама бастапқы хабарды бірнеше шағын фрагменттерге – пакеттерге бөледі. әрбір пакетке тақырып қойылады, әрбірінде қызметтік ақпарат бар (жіберуші мен алушының адрестері, хабардың идентификациясы, хабардығы пакет нөмірі және т.б.)
Тапсырылған адрес бойынша жеке пакетті жеткізу үшін ІР-хаттама (Internet protokol) жауапкершілік танытады.
Бүкіләлемдік желінің әрбір қатысушысының өзінің бірегей адресі (ІР-адрес) болуы тиіс. Мұнсыз ТСР-пакеттердің қажетті жұмыс орнына нақты жеткізілуі жайлы айтуға болмайды. Бұл адрес төрт байтпен бейнеленеді, мысалы: 195.38.46.11.
ІР-адресінің құрылымы қайсібір ТСР-пакет өтетін әрбір компьютер осы төрт сандар бойынша алушыға «жақын» болып шығатын пакетті жуықтағы көршіге жолдау керектігін белгілей алады.
Интернет қызметі. Электронды почта.
Интернет қызметі. Электронды почта. Электронды почта немесе e-mail (electronic mail – электрондық почта), адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы – планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында «электронды хаттармен – мәтіндік хабарламамен оперативті өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабарды, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейне материалдарды беру, ғылыми журналдарға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету және әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету, мекемелер мен ұйымдарда құжат айналымын қолдау, ұжымдық ұжымдық жұмыстарды жоспарлау.
EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer – ақшалай қаражатты электронды аудару) және
EDI (Electronic Data Interchange – мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қас-қағым сәтте «электронды қойылған қолмен» қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аударады.
Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық.
Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік,радиоарналық, спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелер мен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.
Коммутаторлық байланыс – уақытша байланыс түрі. Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.
Интернетке қосылу үшін арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп, модуляцияланып торапқа түседі.
Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер аналық тақшаға орнатылады.
Басқа құрылғылар сияқты модемдер депрограммалық орнатуды қажет етеді. Windows операциялық жүйесінде оны Іске қосу→Баптау→Басқару панелі→Құрылғыны орнату командасының көмегімен орнатады.
Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін: Менің компьютерім→Желіге қашықтан қатынау→Жаңа байланыс программасын орнату қажет.
Программаны орнату кезінде Интернет қызметін қоюшы мынадай мәліметтерді алдын-ала енгізіп қою керек:
1)байланыс жүргізілетін телефонның нөмірі;
2)қолданушының аты (login)
3)паролі (password)
4)сераердің адресі.
Бүкіл әлемдік масштабта әрбір файлдың адресі – URL адреспен (Uniform Resouree Locaror – унифицированный указатель ресурса – ресурстардың ерекшеленген нұсқағышымен) анықталады. URL – адрес үш бөліктен тұрады:
1)берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету. Мысалы, WWW – қызметі үшін қолданбалы хаттама НТТР болып табылады. НТТР – Hyper Text Transter Protocol (гипермәтінді жіберу хаттамасы): http://;
Хаттаманың атынан кейін : және // белгілері міндетті түрде қойылады.
2)компьютердің (сервердің) домендік атын көрсету – мысалы:
http://www.khabar.kz – адрес соңындағы екі символдан тұратын кеңейтілме – сервердің географиялық аймағын білдіреді (ru – Ресейлік іздеу сервері; kz – Қазақстандық іздеу сервері; tr – Түркиялық іздеу сервері және т.б.);
3)берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына “⁄”символын қою арқылы), мысалы:
http://www.Microsoft.com/games — Microsoft компаниясының ойындары.
Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP атты қызметші хаттама пайдаланылады.
FTP (File Transler Protocol) – файлды тасымалдау хаттамасы.
Файлдар барлық компьютер серверлерінің ішінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды.
FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесенің Адрес өрісіне файл серверінің адресін енгізу керек. Мысалы: FTP:// ftp.relcom.ru командасынан кейін экранға дербес компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Шыққан каталогтан ішкі каталогқа өтуге, файлды белгілеп, мазмұнын экранға шығаруға болады. кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.
Интернетте атау беріліп, түрлі компьютерлерден тартылатын жаңалықтар тобы телеконференция (Usenet) деп аталады. Usenet – бір – бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық анархиялық жүйелер тобы.
Usenet-тегі жаңалықтар тобы – дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас топтары. Мұндай жаңалық топтарында белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауға болады. Бұлар құрама сөздер арқылы белгілі бір тақырыптарға топтастырылады, мысалы: rec.sport.basketball.college тобы, мұндағы rec – тақырып атауының – recreation сөзінің қысқартылған түрі, sport – аталмыш тақырыптың спортқа арналған бөлігін көрсетіп тұр.
World Wide Web (WWW) қызметі
World Wide Web – қазіргі заманғы Интернеттің ең танымал қызметі. Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ шын мәнінде бұл оның көптеген қызметтерінің бірі.
World Wide Web – Web-серверде сақталатын жүздеген миллион өзара байланысқан электронды құжаттардан тұратын біртұтас ақпараттық кеңістік. Web – парақтар деп аталатын Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттар. Бұл құжаттарда мәтіндік және (немесе) графикалық ақпарат, сонымен қатар Интернеттің басқа құжаттарына сілтеме болады.
Тақырып жағынан біріктірілген Web-парақтық топтарын Web-тораптар деп аталады (жаргондық термин-сайт). Бір Web-серверде бірнеше сайттар болуы мүмкін. Электронды Web құжаттар принтерде басу үшін емес, компьютер экранында қарап шығуға арналған және сонымен бірге оның қайсысында екені алдын ала белгісіз. Экран мөлшері де, түсті және графикалық шешілу параметрлері де, клиент компьютері жұмыс істейтін операциялық жүйе де белгісіз. Сондықтан Web-құжаттардың қатаң пішімделуі болмайды. Безендіру оларды клиенттің компьютеріне шығарған кезде тікелей атқарылады және қарап шығуды орындайтын программаның қондырмаларына сәйкес жүреді.
Web-парақтарды қарап шығуға арналған программалар броузерлер деп аталады.
World Wide Web түп-түгел гипермәтіндерден тұрады. Гипермәтін – мәтіннің дара блоктарымен байланысты ассоциациялық (мағына бойынша) түрде ұсынылған мәтін. Гипермәтінді қолдану мәтінді сызық бойынша (сөзбе-сөз, сөйлемнен соң сөйлем, парақтан соң парақ) оқуға емес, қажет болса керекті жерге секіре көшуге мүмкіндік береді. Блоктан блокқа көшу гиперсілтеменің көмегімен іске асырады.
Гиперсілтеме – гипермәтіннің (немесе графикалық объектінің) арнайы ерекшеленген фрагменті, мұнда пайдаланушыға көрінбейтін басқа серверге, сайтқа, құжатқа (Web-параққа) немесе құжат (блок) фрагментіне нұсқаушы (адрес) болады.
Гиперсілтеме жасағанда тышқанның нұсқағышы созылған сұқ саусақты қолдың білезігі түріне ұқсайды. Гиперсілтемеге көшу үшін мұнда шерту жеткілікті. Сонымен бірге шолушы сілтемеде көрсетілген адресте тұрған жаңа Web-парақта жүктейді.
Жаңа Web-парақта сол тақырыпқа қатысты құжаттарды қарап шығуға мүмкіндік беретін жаңа гиперсілтеме болуы мүмкін. Гиперсілтеме механизімі World Wide Web ерекшеліктерінің бірі болып табылады, олар бұл қызметтің танымалдығы өсуіне ең көп дәрежеде мүмкіндік ашты.
Internet Explorer броузерін іске қосу үшін жұмыс үстеліндегі және тез іске қосу панеліндегі Internet Explorer таңбашасын, сондай-ақ Бас мәзірді (Іске қосу→ Программалар→ Internet Explorer) пайдалануға болады.
World Wide Webте ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді пайдаланып, желінің ақпараттық кеңістігінде бір Web-парақтан басқасына көшіп, шексіз ұзақ саяхат жасай беруге болады, бірақ әлемде миллиондаған Web-парақтар жасалғанын ескерсек, оларға қажетті ақпаратты мұндай тәсілмен табудың сәті бола қоймас. Арнайы ізденіс серверлері көмекке келеді. Ізденіс серверлері өте көп, олардың адрестері Интернетте жұмыс істейтіндердің барлығына белгілі. Ізденіс жүйесімен жұмыс істеу ережелері жалпы алғанда MS Word редакторындағы ізденіс ережелеріне ұқсас және бір-бірінен бүге –шегесі айрықшаланады. әдетте бұл ережелер ізденіс пакеттері анықтамалақ бағыныңқы жүйелерде келтірілген. Іс-қимыл принціпі бойынша ізденіс серверлері екі типке бөлінеді: ізденіс каталогтары мен ізденіс индекстері.
Ізденіс каталогтары тақырыптық ізденіс үшін қызмет етеді. Ізденіс серверлерінің үй парақтарының сыртқы түрі, дәлірек айтқанда графикалық безендірілу сан қилы. Дегенмен, кез келген жағдайда терезеде табу кнопкасымен қатар орналасқан, сұраныс деп аталып кеткен, ізденіс үлгісін енгізу өрісі бар.
Титул парақтарындағы ізденіс каталогтарында әрқашан мазмұны, тақырыптық бөліктердің тізімі тұрады, сіз олардан қажетті сайттарды іздеп табасыз. Ең көп таралған ізденіс программалары (мәліметтер базасы) – Yahoo.com, Altavista.com, Rambler.ru, Rax.ru.
Интернет каталогтарының типтік және ең әйгілі өкілі – Yahoo! (WWW.yahoo.com).
Мұндай жүйелердегі ізденісті сұраңысыңызға сәйкесетін рубриканы (категорияны) іріктеуден бастаған дұрыс. Yahoo! Мәліметтер базасының барлығы мынадай категорияларға бөлінген;
Arts&Humanities (өнер және басқа гуманитарлық сабақтар), Business&Economy (бизнес және экономика және т.б.) әрбір категория ретінде ең танымал бағыныңқы категориялар қсақ жазылған. Қажнттісін шерте отырып, керекті парақты таңдауға болады.
Ізденіс индекстері алфавиттік нұсқағыштар сияқты жұмыс істейді. Клиент ізденіс аумағын сипаттайтын сөз немесе сөз тобын береді, мәселен: Қазақстан+білім+информаттандыру және көрсетілген терминдер бар Web-парақтарына арналған сілтемелердің тізімін алады.
AltaVista (AltaVista.digital.com) сервері ізденіс индекстерінің ең әйгілі және қуатты өкілі болып табылады.
AltaVista құралдарымен ізденіс жүргізгіңіз келсе, AltaVista енгізу өрісінде сұраныс мәтінін теріп, Ізденіс кнопкасын басу керек.
Ең қарапайым сұраныс – мысалы, сіз берген «Информатика» сөзі бар Internet парағын алу.
Егер сұраныс бірнеше сөзден тұрса, онда AltaVista-да мынадай келісімдер қарастырылған:
- Бос орын қалдырып, терілген бірнеше сөз OR (немесе) логикалық операциясына сәйкесетін сұранысты белгілейді. Мысалы, Экономикалық информатикасұранысы бойынша не «экономикалық» немесе «информатика» (немесе екі сөз де бірден) бар парақтар таңдалып алынады.
- Тырнақшаға алынған бірнеше сөзді жүйе біртұтас ретінде (символдық жол ретінде) қабылдайды. Мысалы, «Экономикалық информатика» сұранысы бойынша осы символдық жолы бар құжаттар іріктеледі.
- «+» (плюс) белгісімен біріктірілген сөздер And (және) логикалық операциясына сәйкес келеді. Мысалы, сұраныс бойынша осы екі сөзі де бар (бәлкім, бөлек-бөлек) құжаттар таңдалып алынды.
Желідегі ізденістің тиімділігі едәуір дәрежеде пайдаланушының тәжірибесі ой-өрісіне байланысты. Белгілі бір тақырып жөніндегі материалдарды іздегенде, қандай жағдайда да машина зердесіне сенуге болмайды: сіз өзіңіз осы тақырып жөніндегі мамандардың лексикон ерекшеліктерін, терминдердің ықтимал үйлесімін және т.б. ескеруге тиіссіз.
Телеконференция қызметі. Электронды почтаны циркулярлық жолдауға ұқсас, оның барысында бір хабар бір корреспондентке емес, үлкен топқа (мұндай топтар телеконференция немесе жаңалықтар тобы деп аталады) жіберіледі. Жаңалықтар тобын пайдаланудың негізгі әдісі, барлық әлемге қарата, сұрақ қою үшін және осы сауалдың мәнісін білгендерден кеңес немесе жауап алу үшін қолданылады. Сонымен бірте сұрақтың мағынасы осы телеконференция тақырыбына сәйкес келетін қадағалау да маңызды. әлемнің көптеген жоғары білікті мамандары (конструкторлар, инженерлер, ғалымдар, дәрігерлер, педагогтар, заңгерлер, жазушылар, журналистер, программалаушылар және тағы басқалар) өз іс-қызметі саласына қатысты топтарда болытын телеконференция хабарларын жүйелі қарайды. Мұндай қарап шығу ақпараттың мониторингі деп аталады. Жүйелі мониторинг мамандары әлемде олардың мамандықтары бойынша нендей жаңалық болып жатқанын, адамдар қауымын қандай проблемалар мазасыздандыратынын және өз жұмысында неге баса назар аудару керектігін дәл білуге мүмкіндік береді.
Телеконференцияда хабар жолдағанда кері байланыс үшін өзіңіздің электронды почта адресін көрсету табылған. Тікелей өндірістік іс-әрекетке қатысы жоқ, корреспонденцияның электронды «почта жәшігі» артығымен толу қаупі бар жағдайларда қосымша адрес көрсетіледі. әдетте, мұндай адрес тегін почта қызметтері бірінің серверін жолдайды, мысалы www.hotmail.com.
Жаңалықтар тобындағы хабарлардың орасан зор көлемі мақсатқа бағытталған мониторингті едәуір қиындатады, сондықтан кейбір топтарда конференция тақырыбына қатысы жоқ пайдасыз ақпаратты (көбіне, жарнамалық) алдын ала «іріктеу» жүргізіледі. Мұндай конференциялар жаңғырту (модератор) деп аталады. Модератор ретінде адам ғана емес, белгілі бір түйінді сөздер бойынша хабарларды сүзгіден өткізетін программа да шығады. Соңғы жағдайда автоматты модерация туралы айтады.