КАРА БИДАЙ

7 марта, 2019 18:31

 

КАРА БИДАЙ

 

Көрнекті құралдар мен материалдар. Кара бидай өсімдігінің гербарийлері мен баулары. Дақыл масақтары, масақшалары және гүлдері, тұқымдануы, суреттері, плакаттары, слаидтар, түрлі түсті фотолар, талдау тақтайшасы, зертханалық таразы.

Әдістемелік нұсқаулар. Туыстығы  12 түрді біріктіреді, олардың ішінде көп тарағаны  түрі. Қара бидайдың тамыр жүйесі шашақты, 1,5-2,0 м тереңдікке бойлайды. Сабағы 5-7 түйін аралықтарымен, куыс, биіктігі 1,5-2,0 м. Жапырақтары болады, бидайға қарағанда енді. Кейде жапырақ тақтасы түктермсн көмкерілген, тілшесі мен құлақшасы ерте кеуіп, түсіп қалады. Гүл шоғыры- масақ. Масақ білігі қыска мүшелерден тұрады. Мүшелердің кертпешінде бір-бірден масақша орналасқан. Масақша ею масақша қабығынан (қауызынан) және 2-3 гүлден тұрады Масақша қабықшалары ланцетті-біз пішінді, қысқа килі бар. Гүл екі қабықшалы. Сыртқы гүл қабықшасы қылтықты, ланцет тәрізді, жалаңаш, бес жүйкелі және кірпікті килі бар. Ішкі қабықша қоскилді, жоғары жағында кірпікті, аталығы үшеу, түйінінде қауырсынды аналык аузы бар.

Қара бидай айқас тозанданатын өсімдік. Дәні ұзыншна келген, бүйірлерінен қысыңқы, ұзына бойынан терең ойық өтеді. Дәннің түсі жасыл, сары, сүр немесе қоңыр. 1000 дәннің массасы 18-35 г.

 

 

Қара бидаи масақтары мен дәндері

БИДАЙ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Халық шаруашылығындағы маңызы. Бидай — негізгі азық-түліктік дәнді дақыл. Бидай наны ақуыз бен көмірсулардың көптігімен және жақсы сіңімділігімен ерекшеленеді. Бидай дәні сонымен қатар жарма, макарон және кондитер өнеркәсібінде де қолданылады. Бидай сапасының маңызды көрсеткіші — дәніндегі ақуыздың мөлшері мен оның сапасы болып табылады. Халықаралық стандарт бойынша, бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері 13,5 %.

Дәндегі ақуыздың мөлшеріне климат пен топырақ жағдайлары және енгізетін тыңайтқыштарда көп әсеретеді.Оңтүстік пен шығыста өсірілетін бидайда, солтүстік пен батыстағыға қарағанда ақуыз көп. Бірақ, көң мен минералдық тыңайтқыштар беріп солтүстік пен батыста да ақуыз мөлшерін көбейтуге болады.

Бидай нанындағы ақуыздардың сапасы өте жоғары және олар жақсы сіңіріледі. Бидай ұнының нандық қасиетін бағалағанда, оның маңызының (клейковинасы) мөлшері мен сапасының рөлі зор. Маңыз құрамына негізінен ақуыздық заттар — глиадин мен глютеин кіреді. Оның сапасы және мөлшерімен нанның көлемдік шығымы мен жұмсағының қуыстылығы анықталады. Нанның жоғары көлемдік шығымы, маңыздың иленгіштігі (созылмалы, иілгіш, майысқақ) мен қамырдың газұстағыш қабілетіне байланысты. Маңыздың созылғыштығы 30 см-ден жоғары және 20 см-ден төмен болмауы керек. Нанның жайылу бағасы, оның биіктігінің диаметріне қатынасымен анықталады; осындай қатынас жартысынан төмен болмағанда өте жақсы бағаланады. Жұмсағының жоғары бағалануы біркелкі, жұқақабырғалы, ұсақдәнді қуыстылықта анықталады.

Үн дайындайтын жөненан пісіретін өнеркәсіптерге «мықты» және «қатты» бидай деп аталатын бидайлар ерекше құнды болып саналады. «Мықты бидай» — деген атау, тек қана бидайдың жұмсақ түрлеріне (жаздық және күздік) ғана тән. Олардың дәндері жоғары сапалы. Жалпы әйнектілігі қызыл дәнді бидайларда 70 %, ал ақдәнділерде — 60 % жөне де дән ақуызы 14 %, 1-ші сортты үн шикі маңызы 28 % кем емес.

Мықты бидайды, онша құнды емес бидай сорттары ұнының нандық сапасын жақсартатын қабілетіне байланысты, «жақсартушы-бидай» — деп атайды.

Мықты бидайдың дәні әлемдік нарықтажоғары бағаланады. Сондықтан, олардың күздік — Безостая 1, Мироновская 808 сияқты сорттары мен жаздық бидайдың Саратовская 29, Саратовская 38, Саратовская 210, Безенчукская 98 жәнет.с.с. сорттары қүнды болғандықтан, кең таралған.

Бидай жершарында өте ертеден келе жатқан дақылға жатады. Оны 6500 жыл бүрын, қазіргі Ирак территориясында өсірген, б.з.д. 6000 жылдан әріректе Мысырда және б.з.д. 3000 бүрын Қытайда егілген. Тарих санағына дейінгі кезеңде бүл дақыл Азия, Африка және Еуропада таралған. Бұрынғы КСРО территориясына бидайдың егілгені тас ғасыр дәуірінен (б.э.д. шамамен 3-4 мың жыл бұрын) белгілі.

Бидай түрлері. Бидайдың. Таралуы  мен пайдалану мақсатында бір-бірінен айырмашылықтары көп 22 түрі бар.

Шаруашылық-құнды және морфологиялық белгілері бойынша бидайдың барлық түрлерін екі топқа бөлген:

1) жалаңашдөнді бидайлар (бүрынғы атауы – нағыз бидайлар);

2)   қауызды, немесе полбалық бидайлар (бүрынғы атауы — нағыз бидай еместер, немесе полбалар).

Жалаңашдәнді топқа бидайдың 11 түрі кіреді: жұмсақ, қатты, карталиндік, полоникум, тургидум, тұрандық, вандық, карликті, домалакдонді, кеңжапырақты және саңырауқүлаққатөзімді. Қауызды топқа — бидайдың қалған 11 түрі жатады.

Бидайдың біздің елімізде және жершарының барлық аймақтарында көп егілетіні — жүмсақ жөне қатты түрлері (3-сурет).

Жұмсақ және қатты бидай түршелері. Әр түр түршелерге бөлінеді Түрлердің түршеге бөлінуіне масақ пен тұқымның тек морфологиялық түрақты белгілері негіз болады. Бұл классификация біржақты және жасанды болып шықты: ол форманың биологиялық сипаты туралы түсінік бермейді, оларды экология және географиямен байланыстыраалмайды. Бірақ ол сорттарды морфологиялық жүйелеуге негіз болуымен тәжірибелік мақсатта құнды және сыртқы белплері бойынша олардың сан-алуан түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Түр кеңірек таралған сайын, оның түршелері де көбейе түседі. Бидай түршелерінің негізгі белгілері:

  • қылтықтылық, яғни, масақта қылтықтардың болуы немесе болмауы;
  • масақ қабықшасының түктілігі (сондай-ақ олар жалаңаш болуы да мүмкін);
  • масақ түсі (ақ, қызыл және қара болуы мүмкін);
  • қылтықтар түсі (масақтың түсімен бірдей, немесе ақ және қызыл масақтарда қара болуы мүмкін);

5) дәннің түсі (негізінен ақ және қызыл; ақ түске түқымның таза ақ, сарылау және ашық-қызылы жатса, қызыл денге — қою-қызыл, қызыл және қызыл-қоңырлары жатады) Әр түршенің өзіне морфологиялық белгілері, бірақ бастысы биологиялық және өндірістік ерекшеліктері бойынша, өзара айырмашылығы (ылғый емес) болатын бірқатар сорттар кіреді. Бір түршенің өзінде күздік және жаздық, ерте- жөне кешпісетін сортгар болуы мүмкін; олардың өзара қысқа, қүрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге, үгітіліп- шашылып қалуға төзімділіп және т.с.с. қасиеттері бойынша айырмашылығы болуы мүмкін.

Жүмсақ бидай сорттарының көп бөлігі эритроспермум, ферригенеум, лютесценс және мильтурум, ал қатты бидайдікі -гордеиформе мен мелянопус түршелеріне жатады.

КҮЗДІК БИДАЙ

Халық шаруашылығындағы маңызы. Дәнді астықтар ішінде күздік бидай өте құнды тағамдық дақылдардың бірі. Дәнінің сапасы бойынша ол барлық күздіктерден асып түседі. Бидай наны ақуыз (14 %) бен көмірсулардың (80 %) көптігімен ерекшеленеді. Дәнінде ақуыздың көп болуына ауа райы мен топырақтың, сондай-ақ берілетін тыңайтқыштардыңәсері мол. Күздік бидай күздік және кектемдік ылғалдарды жақсы пайдаланады. Ол топыраққа терең енетін мықты тамыр жүйесін түзу арқасында қоректік заттарды жақсы сіңіреді және құрғақшылықтан аз зардап шегеді. Құрғақшылық пен аңызақтан оның өте ерте пісуі де сақтап қалады. Күздік бидай өнімі жоғары агротехникада және аймақта дұрыс орналасса жаздық бидайдан жоғары, ал күздік қарабидайдан үнемі көп боладьг.

Күздік бидайдың жаздықпен азық-түліктік маңызы бірдей болатүра, ұйымдастыру-шаруашылық құндылығы одан жоғары. Күздегі егіс және жаздық бидаймен салыстырғанда өте ерте жинау (7-10 күндей), өндіріс құралдары мен адам еңбегін толық жөне біркелкі пайдалануға мүмкіндік береді.

Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Күздік бидай аязға және қысқа өте төзімді дақыл болғанымен, бүл қасиеті бойынша күздік қарабидайға орын береді Тұқымы өну үшін қажетті ең төменгі температура 1-2°С, қолайлы температура 10-12°С. Күзде жөне көктемде де түптейді, бірақ күздегі түптенуі өте өнімді болады. Түптеуге қолайлы температура 8-10°С, ал 5°С-та өсімдікте түптену процесі тоқтап қалады. Қарсыз қыста күздік бидай 16-18°С үсіп кетеді, ал қалыңдығы 20 см қар жамылғысында 30°С дейінгі аяздарға шыдайды. Жаздағы жоғары температураларды жақсы көтереді, өсіресе ылғал жеткілікті болғанда. Күздік бидай ең жоғары өнімді топырақтың далалық ылғал сыйымдылығы 70-74% болғанда береді. Ауа райы жағдайы мен сорттық ерекшеліктерге байланысты, оның транспирациялық коэффициенті 250-350.

Күздік бидай үшін қүнарлы, ылғал жеткілікті, арам шөптерден таза, реакциясы бейтарап (рН 6-7,5) қара жөне қара-қоңыр топырақтар өте қолайлы. Қүмдауыт топырақтарда ол өнімді өте аз береді. Азот пен фосфорды түптену-гүлдеу, калийді масақтану және гүлдеу кезеңдерінде көп қажет етеді.

Күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (қысқы тыныштық кезеңін қосып есептегенде) 180-310 күн аралығында.

Елімізде 2007 жылға дейін күздік жұмсақ бидайдың 27 сорты өсіріліп келеді. Көп таралғандары — Безостая 1, Миронов-ская 808, Карлығаш, Комсомольская 56, Богарная 56, Жетісу, Южная 12, Стекловидная 24, Красноводопадская және т.б.

Соңғы жылдары күздік бидайдың Алия, Егемен және Саратовская 90 атты жаңа сорттары аудандастырылды.

Қазақстан бойынша (Жамбыл жөне Оңтүстік Қазақстан облыстарында) осы өзге дейін күздік қатты бидайдың бір ғана Айсберг одесский сорты өсіріліп келеді.

КҮЗДІК  ҚАРА БИДАЙ

Халық шаруашылығындағы маңызы. Қарабидай — бидайдан кейінгі маңызды астық дақылы болып есептелінеді. Ұндық-нандық сапасы бойынша, ол тек бидайға ғана орын бергенімен, нанының калориялығы одан кем емес, тіпті кейбір дөрумендер (рибофлавин) мөлшері артық. Қарабидай дәнін крахмал мен спирт алуға, ұнын нан дайындауға, ұн қалдықтарын малға концентратталған жем ретінде пайдаланады. Дәнінің құрғақ затында орташа 12,8 % ақуыз, 80,9 % көмірсулар болса, қалған заттар мөлшері бойынша бидайдан айырмашылығы шамалы. Қарабидай дөнінің қоректік қүндылығы мен химиялық құрамы бойынша арпадан айырмасы жоқ, бірақ оның органикалық заттары жақсы қорытылады.

Әдетте малазықтық мақсаттарға стандартты емес, ұсақ, семік дәндері пайдаланылады. Онда протеин (орташа 11-13%-дың орнына 15 % дейін) және жасунық (орташа 2 %-дың орнына 4 % жуық) біршама көбірек; азотсыз экстракталы заттар аз. Қарабидай дәніндегі азотты заттар көбіне ақуыздық сипатта, ал азотсыз экстрактивтілер негізінен крахмалдан тұрады. Дәні басқа азықтармен қоспаланып пайдаланылады. Малдардың барлық түрлері үшін дәндерді ұнтақталған, немесе түйіртпектелген түрде беру керек. Қарабидайдың көк балаусасы өсіп-жетілуінің тек қана ерте фазаларында жақсы жем, кейін ол қатайып кетеді. Тіпті онда ақуыздың мөлшері мен азықтың желінуі 2 есеге төмендейді. Өсімдіктің өсіп-жетілу фазалары бойынша, көк балаусаның химиялық қүрамы (құрғақзатқа): түтіктену фазасында протеин 16,2%, жасунық 28,6 %; масақтануда — сәйкес 11,6; 6,3; 29,2. Қарабидайдың 100 кг шөбінде 17 малазықтық өлшем және 4,5 кг қорытылатын протеин болады.

Қарабидай сабаны малғақатты азық пен төсеніш, сондай-ақ ол жоғары сапалы қағаз, себет, бас киім және құрылыс материалдарын жасау үшін қолданылады.

Күздік қарабидай көп түптенуі мен тез өсуінің арқасында арам шөптерді жақсы тұншықтырып басып тастайтындықтан, көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін ең жақсы алғы дақылдардың бірі.

Масақтануға дейін орылған қарабидай гектарына орташа 80-150 ц көк балауса өнімін береді. Дән өнімі — 18-20 ц.

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Қарабидай біршаматүрлерімен (12 түрі бар) — туысына жатады. Оның өндірісте жалғыз түрі —мәдени қарабидай ғана таралған. Осы түрдің 13 түр тармақтары бар.Тамыр жүйесі көбіне топырақтың беткі қабаттарында орналасатын шашақты. Жеке тамырлары 100-150 см және одан да тереңге енеді.

Сабағы — іші қуыс, 5-6 буынаралықты, биіктігі 1,5-2 м жетеді.

Жапырағы — таспалы, бидайдікіне қарағанда жалпақтау. Қынап пен жапырақ тақтасының арасында қысқа жарғақты тілше мен ерте кеуіп кететін құлақшалар болады. Жапырақтың үстіңгі жағы көбіне тікенекшелер жене түктермен көмкерілген.

Гүлшоғыры — күрделі масақ. Масақшалары екігүлді.

Жемісі — ұзынша, немесе сопақтау дөнек, бүйірінен шамалы қысыңқы, терең ойықты, үшында айдаршасымен. Дәнінің түсі жасыл, сары, сүр, қоңыр, сондай-ақ аралас — сары-жасыл. 1000 дәннің салмағы 18-ден 35 г аралығында (4-сурет).

Қарабидай дәні 1-2°С температурадаөніп шыға бастайды, бірақ дәнінің өнуіне қолайлы температура 6-12°С. Қарабидай өскіні бастапқы кезде қызыл-күлгін түсті болғандықтан, басқа астық дақылдары өскінінен тез ажыратылады. Күзде түптенеді, бірақ салқын ауа райында (4-5°С) оның түптенуі мен өсуі тоқтап қалады. Қарабидай қыстың суығын жақсы

көтереді, тіпті қарсыз қыстарда 25-30°С, түптену буынында 18-20°С дейінгі аязға шыдайды.

Күздік қара бидай-құрғақшылыққа салыстырмалы төзімді дақыл, бірақ күздік бидайға қарағанда ылғалды көптеу қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті — 340-420. Қарабидайға ылғал күздегі түптену кезеңінде, әсіресе сабақтану мен масақтану фазаларында өте қажет. Тамыр жүйесінін, күшті жетілу мен өте мықты сіңіру қабілетінің арқасында күздік қарабидай қүнары аз қүмдақтопырақтар-дың қоректік заттарымен және ылғалымен өзін жақсы қамтамасыз етеді. Ол қышқыл-дылығы жоғары топырақтардада (рН5,3)өсе береді. Бірақ сонысына қарамастан, қараби-дайға топырақ қүнары мен жоғары агротех-никақажет.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля