12 февраля, 2015 21:05
ЖАБЫНДЫҚ ҰЛПАЛАР
- Тапсырма. Қосжарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасынан препараттар даярлау және қарау.
- Тапсырма..Даражарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасынан препараттар даярлау және қарау.
Тапсырмаға түсініктеме. Өсімдіктер мүшелерінің беткейі жабындық ұлпамен қапталған Ол өсімдік мүшелерін кеуіп кетуден, механикалық зақымданудан және әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайды.
Жабындық ұлпаның үш түрі бар:
- Эпидермис және эпиблема.
- Перидерма.
- Қыртыс (ритидом).
Жапырақ, жасыл өркен, гүл және жемістерде- эпидермис, жас тамыршаларда ризодерма немесе эпиблема; бұта және ағаштар сабақтарында, тамырда, және түйнекте — перидерма; ағаш діңінде қыртыс дамиды.
Барлық жабындық ұлпаларға тән ортақ ерекшеліктер: клетка қабықшаларының су буларын өткізбеуі, клетканың тығыз орналасуы және клетка аралықтарының болмауы.
Эпидермис- алғашқы жабындық ұлпа. Күрделі ұлпа, құрамына морфологиялық тұрғыдан әртүрлі клеткалар кіреді:
- Эпидерманың негізгі клеткалары.
- Устьиценің түйістіргіш клеткалары.
- Трихомалар, эпидерма клеткаларының өсінділері.
Устьице екі немесе барлық жағынан қосымша клеткалармен қоршалған.
Түйістіргіш және жанама клеткалардың орналасуына байланысты устьице типтері:
- Аномоцитті (ретсіз)- устьиценің жанама клеткалары болмайды.
- Диацитті— устьиценің екі жанама клеткалары бар, олардың бір-біріне ортақ қабырғасы өзінің ұзындық осіне перпендикулярлы орналасады.
- Парацитті – бір немесе көп жанама клеткалар устьиценің ұзындық осіне параллель орналасады.
- Анизоцитті – устьице үш жанама, оның екеуі бірдей, біреуі кішілеу клеткалармен қоршалған.
- Актиноцитті – устьице бірнеше жанама клеткамен қоршалған, олардың ұзындық осі түйістіргіш клеткаға радиальды (сәулелі) орналасады.
Қосжарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасы.
Кәдімгі қызыл бояу, подмаренник настоящий, Calium verum L..
Жапырақтың эпидермис клеткаларының қабықшасы әлсіз және орташа иректелген. Жоғары және төменгі эпидермис клеткаларының пішіні мен мөлшерінде айырмашылықтар бар. 1 мм (8х10) жоғарғы эпидермис клеткаларының саны орташа мөлшермен –201 3; төменгі эпидермис клеткаларының орташа саны- 280 7. Жоғарғы эпидермис клеткаларының санына қарағанда төменгі эпидермис клеткаларының саны артық. Устьица клеткаларының пішіні бүйрек тәріздес, 1 мм жоғарғы эпидермисте устьицалар саны- 55 2; төменгі эпидермисте-51 –1, устьицалар аппаратының типі- парацитті. Төменгі эпидермисте жай қарапайым түкшелер кездеседі. Олар бір клеткалы, түзу болып келген және ұшы өсіндімен аяқталады.
Түйнекті фломис, зопник клубненосный, Phlomus tuberosa L Жапырақтың эпидермис клеткаларының қабықшасы иректелген. Төменгі эпидермис клеткаларына қарағанда жоғарғы эпидермис клеткалары кеңейген.1 мм жоғарғы эпидермис клеткаларының орташа саны – 465 2; төменгі эпидермис клеткаларының орташа саны- 546 23. Жапырағы гипостоматикалық, яғни устьицалар төменгі эпидермисте кездеседі. Устьицалар 3-6 клеткалармен қоршалған, аномоцитті. Жоғарғы эпидермисте 3-4 клеткалы қарапайым түкшелер шашыранды орналасқан. Сонымен қатар, эфир майлы бездер кездеседі. Төменгі эпидермисте жүйкенің маңайында жай түкшелерде бар. Ұзын, бұтақтанған және безді түкшелердің түрлері де кездеседі.
2- тапсырма. Даражарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасы.
Жаздық бидай (Казахстанская раннеспелая сорты)
Жабындық ұлпа — эпидермис клеткаларының пішіні 2 типке біріккен. Ұзын және салыстырмалы түрде қысыңқы келген клеткалар жапырақтың ұзын осіне параллель орналасқан. Қысқа клеткалардың ұзындығы мен ені бірдей. Эпидермисте бір клеткалы трихомалар саны көп және жиі орналасқан.
Жапырақ тақтасының адаксиальды беткейінде абаксиальды беткейіне қарағанда устьицалар саны көп кездеседі.
Жұмыс барысы.
- тапсырма.
А). Қосжарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасы.
Кәдімгі қызылбояу өсімдігі жапырағының эпидермасын сыдырып алып, заттық шыныға тамызылған глицерин тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабады. Микроскопты кіші ұлғайтқышқа, одан соң үлкен ұлғайтқышқа қою арқылы эпидермисті қарайды. Эпидермистің негізгі клеткаларына, устьице типі, трихомалар түрлеріне назар аудару және суретін салу.
Түйнекті фломис өсімдігі жапырағы эпидермисінен препарат даярлау және суретін салу.
2- тапсырма. Даражарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасы.
Жаздық бидай өсімдігі жапырағының эпидермасын сыдырып алып, заттық шыныға тамызылған глицерин тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабады. Микроскопты кіші ұлғайтқышқа, одан соң үлкен ұлғайтқышқа қою арқылы эпидермисті қарайды. Эпидермистің негізгі клеткаларына, устьица типі, трихомалар түрлеріне назар аудару және суретін салу.
Ұлпалар тарауы бойынша коллоквиум сұрақтары
- Ұлпа деген не?
- Ұлпаның жіктелуі. Кез келген клеткалардың жиынтығын ұлпа деп атауға бола ма?Мысал келтіріңдер.
- Түзуші ұлпа немесе меристема деген не?
- Меристема клеткаларының гистологиялық ерекшеліктері қандай?
- Күрделі және қарапайым ұлпа деген не?
- Меристема пайда болуына және өсімдік мүшелерінде орналасуына қарай қалай бөлінеді?
- Алғашқы түзуші ұлпалар және олардың атқаратын қызметтері қандай?
- Жабындық ұлпа деген не?
- Жабындық ұлпа пайда болуына және құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?
- Алғашқы жабындық ұлпа қандай өсімдіктерге тән?
- Эпидермада клетка қабырғаларының қалыңдауы бірдей ме?
- Эпидерма өсімдіктердің қай мүшелерін қаптап жатады?
- Устьиценің құрылысы қандай?
- Эпидерманың қорғаушы қабілетін арттыратын қандай құрамдары бар?
- Түрлер қалай орналасады, олар қандай қызмет атқарады?
- Соңғы жабындық ұлпа деген не?Оның қандай түрлері бар?
- Сүректі өсімдіктер де эпидерма немен алмастырылады ?
- Тоз өсімдіктерінің қандай мүшелерінің сыртын қаптап жатады?
- Тоз арқылы газ алмасу және булану(транспирация) қалай жүреді?
- Жасымықшаның клеткалық құрылымы қандай?
21.Тоз бен эпидерма клеткаларының айырмасы неде?
22.Қыртыс дегеніміз не, олар қалай пайда болады және қандай түрлері бар ?
- Механикалық ұлпа деген не, оның қандай түрлері бар?
- Механикалық ұлпаға тән белгілер қандай?
- Колленхима ,склеренхима клетканың құрылымдық айырмасы неде?
- Колленхима түрлері , олардың қабырғаларының қалыңдау ерекшеліктері қандай?
- Неге колленхима жас өсімдіктер мүшелеріне тән?
- Склеренхима клеткаларының негізгі белгілері қандай?
- Склереида клеткаларының ерекшелігі неде?
- Өткізгіш ұлпа деген не?
31.Флоэма қандай гистологиялық бөліктерден тұрады?
- Ксилеманың гистологиялық бөліктері қандай?
33.Түтікшелер қалай пайда болады?
34.Түтікшелердің клетка қабырғаларының мүсінденіп қалындауының қандай түрлері бар?
- Өткізгіш ұлпаның жоғарғы ағыс жолымен (ксилема) қандай заттар жылжиды ?
- Өткізгіш ұлпаның жоғарғы ағыс жолымен қандай заттар жылжиды?
- Қоректік ұлпа деген не, оның қандай түрлері бар?
- Қабылдаушы қоректік ұлпа және оның түрлері?
- Ассимиляциялаушы қоректік ұлпа және оның қызметі?
- Қор жинаушы қоректік ұлпа және оның түрлері?
- Су қорын жинаушы қоректік ұлпа және оның түрлері?
- Органикалық заттар қорын жинайтын қоректік ұлпаның қандай түрлері бар?
- Бөліп шығарушы ұлпа дегеніміз не?
- Бөліп шығарушы ұлпа пайда болуы, орналасуына, физиологиялық мәніне қарай қандай түрлері бар?
- Лизигендік, схизогендік, бездеуіт, гидатод клеткаларының негізгі ерекшкеліктері қандай?
46 .Бездеуіт клеткаларының түрлері және атқаратын қызметі?
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
- Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.
- Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.
- Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.
- Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.
5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
- Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
- Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
- Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.
- Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.
- Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982
- Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964
- Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980