14 ноября, 2015 12:34
Жеткеншек Меңдіғалиұлы,
Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі,
№148 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Жарқыра, жаса, жас маман» атты жас ұстаздар апталығының жабылу кешінің жобасы
(Фонфар беріледі)
1-жүргізуші:Жеткеншек
–Бойында жігері бар жас мамандар,
Дара жолдан даңғылға бастағандар.
Арманың бар сендердің аласармас,
Алатаудың шыңы емес аспанды алар.
Сендер мына елімнің қырандары,
Сендер – әрбір шәкірттің шырағданы.
Болашаққа апарар…
2-жүргізуші: Рабиға: –Стоп! Жеткеншек ағай.Стоп!
1-жүргізуші:Жеткеншек: –Ау, не болды ,Рабиға апай?
2-жүргізуші: Рабиға: –Сіз қайда тартып барасыз?
1-жүргізуші:Жеткеншек:–Қайдасы несі? Өлең оқып жатырмын ғой!?
2-жүргізуші: Рабиға: –Өлең, өлең ! Маған 2-шумақты бермейсіз бе?
1-жүргізуші:Жеткеншек:–Ойбуй, мына кісілерден ұят болды-ау, шабыт келіп жатыр, мен айтып алайыншы,Рабиға апай?
2-жүргізуші: Рабиға: –Шабыт келіп жатыр дейсіз бе?! Жоқ, Сіз қазір поэма оқып кетесіз. Сонда шығармашылық кеш болады. Мына жас мамандар апталығы жайына қалады!..
1-жүргізуші:Жеткеншек:–Енді жас мамандар туралы өлең ғо. Қызық па е.
2-жүргізуші: Рабиға: Жоқ, ана өлеңіңізді оқыңызшы қайтадан? Мен қазір жалғастырып көрейін?!.
1-жүргізуші: Жеткеншек: –Қайсын?
2-жүргізуші: Рабиға: – Жаңағы екінші шумақты?!
1-жүргізуші:Жеткеншек:Қалай еді екінші шумақ а?..
Сендер мына елімнің қырандары,
Сендер – әрбір шәкірттің шырағданы…
2-жүргізуші: Рабиға: –пауза!
Шалқар шабыт шаптырып жіберген соң
Жеткеншек жыр арнамай тұра алмады,–
дейміз де бүгінгі жас мамандар апталығының жабылу салтанатын ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші:Жеткеншек: –Олай болса, «Жарқыра, жаса, жас маман!» атты жас ұстаздар апталығының жабылу салтанатына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!!!
(Сол кезде бір жігіт бұрыштан шығады да, жүргізушілерге жақындап келіп, микрофонға): –Не болды айқайлап қош келдіңіздер деп? Между прочем, бұл кісілер жиналысқа келген. Шақыру билетін беріп шақыртқан кісіше «Қош келдіңіздер!» деп айқайлайды ғо деп айтасың да қоян боп кетесің ғо!)))) деп қашып кетеді (Сонда қызық болады)
1-жүргізуші: Жеткеншек: Не боп кетті өзі,Рабиға апай?
2-жүргізуші: Рабиға:Жеткеншек ағай, 1-сәуірдің қалдығы ғо))
1-жүргізуші –Жеткеншек :–Ұстаз – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді» – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші.Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.
2-жүргізуші – Рабиға:–Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Ол мына біздер– жас мамандар.
1-жүргізуші–Жеткеншек:
Ән тербесің жүрегіңді, кеудеңді,
Әнмен бірге мұң мен шаттық келді енді.
Кеуіп қалған даладайын жаныңа
Бұлақтайын келді-дағы дем берді.
2-жүргізуші – Рабиға: –Ендеше, мектебіміздің жас маманы, биология мен жол ережесінің білгірі, ән айтудың үздігі– Айдананың орындауында «Қазақстаным алға!»әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші–Жеткеншек:–Кешегі қасіретті де қаһарлы күн оқиғалары уақыт өткен сайын бізден қашықтай түсуде. Десек те, сол оқиғалар – өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстырушы. Міне,биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да – 70 жыл.
2-жүргізуші – Рабиға:–Бұл – сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш еткен, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен майдангерлерге құрмет ешқашан толастамасы анық.
1-жүргізуші–Жеткеншек: –Естен кетпес қиын күндер – соғыстың тарихы, ал соғыстың тарихы – халық ерлігінің шежіресі. Ол ешқашан өшпейді.Оның сондықтан да тарихқа қажет жері – осы. Оған керегі – өткен күннің күлі емес, оның оты.
(Соғыс туралы тарихи драма қойылады және жас мамандар би билейді)
1-жүргізуші–Жеткеншек:
–«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», — деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.
2-жүргізуші – Рабиға:–Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.
1-жүргізуші–Жеткеншек:–Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында»», — дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі.
1-жүргізуші–Жеткеншек: –Мектебімізде жас мамандарымызға бағыт-бағдар көрсетіп жүрген апайларымыз: ҚР Білім беру Ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері, №148 мектеп-гимназиямыздың директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы мен Қазақстан Республикасы Білім беру Ісінің үздігі, «Жыл мұғалімі-2008» республикалық байқауының жүлдегері, бүгінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карменова Аида Нұрсанқызын ортаға шақырып сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші:Рабиға: –Үйретері мен үйренері көп жас мамандардың ұстаздық жолына еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз берік, келешектеріңіз кемел болсын дегіміз келеді.
1-жүргізуші– Жеткеншек: –Жас ұрпақты әлемдік өркениет жетістіктеріне жетелеу және оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде мол табыстарға жете беріңіздер деген тілекпен Жас мамандар апталығын жабық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші–Рабиға:–Қош, сау болыңыздар!!!