Жас тамырдың ұшындағы аймақтары

12 февраля, 2015 22:53

Жас тамырдың ұшындағы аймақтары

Сабақ мақсаты: Жас тамырдың ұшындағы аймақтармен танысу және тамырдың алғашқы, соңғы құрылысына тән анатомиялық ерекшеліктерін анықтау, олардың элементтерінің орналасу тәртібін білу.

Қажетті материалдар: бидай өскіндерінің тамыр ұшы.

1-Тапсырма. Жас тамырдың ұшындағы аймақтары

Тамыр ұшының препаратынан, тамыр аймақтарының құрылысын суретке салу. Тірі тамырдың ұшын “басылған”, уақытша препаратты көріп сурет салу.

 

ӨРКЕН. ӨРКЕНДЕР ЖҮЙЕСІ

9-жұмыс. Қосжарнақты, даражарнақты және сүректі өсімдіктер сабағының құрылысы

  1. Тапсырма. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.
  2. Тапсырма. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.
  3. Тапсырма. Сүректі өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.

 

1- тапсырма. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысын қарау және суретін салу.

Кәдімгі қызыл бояу, подмаренник настоящий, Calium verum L..

Сабағының көлденең кесіндісі : эпидермис, алғашқы қабық және орталық шеңберден тұрады. Алғашқы қабықта бір- екі қатар хлоренхиманың жұқа қабықшалы паренхималық клеткалары бар. Колленхима клеткаларының жиынтығы сабақ өсінділерінде орналасқан. Алғашқы қабық эндодермамен аяқталған. Орталық шеңберде перицикл болмайды. Орталық шеңбер бөлігі шоқсыз құрылысты. Өзектің ортасы ауалы қуыс.

Түйнекті фломис, зопник клубненосный, Phlomus tuberosa L Сабағының көлденең кесіндісінде эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберді ажыратуға болады. Эпидермис беткейі кутикуланың жұқа қабатымен жабылған. Онда жай және бұтақтанған түкшелердің түрлері кездеседі, саны аз. Эпидермис клеткалары қабатының астыңғы жағында 4-5 қатар арқаулық ұлпа- колленхима клеткалары орналасқан. Алғашқы қабық эндодермамен шектелген. Өткізгіш шоқ ашық коллатеральды. Өзек ірі паренхималық клеткалардан құралған, ортасы ауалы қуыс.

Күздік жусан, Полынь осенняя, Artemisia serotina Bunge Сабағының көлденең кесіндісі: эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады. Эпидермистің астыңғы жағында колленхима клеткаларының жиынтығы орналасқан. Алғашқы қабықты 4-5 қатар паренхима клеткалары түзеді. Сабақтың ортаңғы бөлігі болғандықтан, арқаулық талшықтар шоғының үстіңгі жағында эндодерма анық байқалады. Арқаулық талшық флоэманың үстіңгі жағында дискретті шоқ ретінде дамыған. Өткізгіш шоқ флоэма, камбий және ксилемадан тұрады, яғни ашық коллатеральды. Өзек паренхималары жұқа қабықшалы, ірі.

Жалаң мия, Солодка голая, Glycyrrhiza glabra L

Сабағының көлденең кесіндісі: эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады.

Эпидермис сыртқы жағынан кутин қабатымен жабылған. Эпидермис астында 3 қатар табақшалы колленхима орналасқан. Алғашқы қабықты 6-7 қатар паренхималар түзеді. Өткізгіш шоқтардың үстіңгі жағында арқаулық ұлпаның клеткалары дамыған. Сабағы шоқтық құрылысты, алайда шоқтардың өзара бірігіп кетуі байқалады. Алғашқы қабықта, өзекте, өткізгіш ұлпада сары, қоңыр түске боялған, мөлшері әртүрлі болып келген фенолды туындылардың гетерогенді топтары- танниндер кездеседі. Өзек жұқа қабықшалы паренхима клеткаларынан құралған. Сабақта жай түкшелер орналасқан.

Сібір сораңша, Петросимония сибирская, Petrosimonia sibirica Pall Bunge Сабағының көлденең кесіндісі: эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады. Эпидермис сыртқы жағынан кутин қабатымен жабылған. Эпидермис бір- біріне жанаса орналасқан бір қатар клеткалардан құралған. Оның астыңғы жағында бір қатар арқаулық ұлпа клеткалары колленхима орналасқан. Алғашқы қабықты паренхималық клеткалардың 4-5 қатары түзеді. Алғашқы қабық айқын көрінген эндодермамен аяқталады. Өткізгіш шоқтар бірігіп, сабақтың шоқсыз немесе ауыспалы құрылысын түзеді. Өзек ірі, жұқа қабықшалы паренхимадан тұрады.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ. Жоғарыда аталған өсімдіктердің сабағынан уақытша препараттар даярлап, қарау, суреттерін салу.

  1. тапсырма. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.

Казахстанская раннеспелая сорты. Буынаралығының көлденең кесіндісі: жабындық, арқаулық және өткізгіш ұлпалар жүйесінен тұрады. Жабындық ұлпаны клетка қабықшалары қалыңдаған бір қатар эпидерма клеткалары түзеді. Эпидерма клеткалары қабатының астыңғы жағында арқаулық ұлпа-сүректенген склеренхима талшықтары сақина тәріздес орналасқан. Склеренхима талшықтарында жұқа қабықшалы хлоренхима клеткалары анық байқалады.

Өткізгіш шоқтар- жабық коллатеральды, яғни ксилема және флоэмадан тұрады, камбий болмайды. Өткізгіш шоқтардың орналасуы ерекше орын алады, ауданы бойынша кіші өткізгіш шоқтар склеренхима талшықтары сақинасында орналасқан және шоқ склеренхима қынапшасымен аяқталады. Екінші қатарда, ірі өткізгіш шоқтар паренхима клеткалары арасында орналасқан. Клетка қабықшалары жұқа, паренхима клеткалары 4-5 қатарды құрайды. Сабанның ортаңғы бөлігі –ауалы қуыс (сурет 10 А). Сабақтың ішкі құрылысында арқаулық ұлпаны түзетін клеткалардың қатар саны 4-5, өткізгіш шоқтар саны 26, оның ішінде ірі өткізгіш шоқтар саны 16, кіші өткізгіш шоқтар саны 10, паренхима клеткалары 5-6 қатарды құраған.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ. Жоғарыда аталған өсімдіктердің сабағынан уақытша препараттар даярлап, қарау, суреттерін салу.

Жаздық бидай сабағының анатомиялық құрылысы

Сурет 1

Жаздық бидай сабағының ішкі құрылысы

3- тапсырма. Сүректі өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.

Шәйқурай тобылғы, Таволга зверобоелистая, Spiraea hypericifolia L

Сабағының көлденең кесіндісі: перидерма, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады. Перидерманың сыртқы жағында бір қатар эпидермис клеткалары орналасқан. Алғашқы қабық паренхималық клеткалардан тұрады. Камбийдің ұқызметіне байланысты соңғы ксилема және соңғы флоэма пайда болған. өзекті сәуле аралығында ксилема түтіктері орналасқан. Өзекті сәуле кеңейген. Өзек маңайында перимедулярлы аймақ бар. Өзек паренхималары көп қырлы, клетка қабықшалары қалыңдаған, ішінде қорлық заттар кездеседі.

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Anuar

0
Комментарии: 0Публикации: 17Регистрация: 15-05-2014

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля