Жұмыс. МИКРОСКОП ҚҰРЫЛЫСЫ. УАҚЫТША ПРЕПАРАТТАР ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ МИКРОСКОППЕН КӨРІП ЖАТТЫҒУ.

12 февраля, 2015 22:47

Жұмыс. МИКРОСКОП ҚҰРЫЛЫСЫ. УАҚЫТША ПРЕПАРАТТАР ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ МИКРОСКОППЕН КӨРІП ЖАТТЫҒУ.

Жұмыс мақсаты: Микроскоптың негізгі бөлімдері, құрылымы және қолданылуын білу. Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін меңгеру. Уақытша препарат даярлау, паренхималық және прозенхималық клеткаларды қарау, оларды салыстыру.

Тапсырмаға түсініктеме. Жарық (немее оптикалық) микроскоп – зерттелетін заттың кері бейнесін ұлғайтып көрсететін құрал.

Оқу лабораториясында биологиялық микроскоптар М-9, МБИ – 1 жиі қолданылады. Мккроскоптың негізгі бөлімі болып оптикалық жүйесі, қосымша болып жарық беру және механикалық құрылымы табылады.

Оптикалық бөлімге обьектив және окуляр жатады. Обьектив ұлғайтылуы 8, 20, 40 және 90. Бұл сандар обьектив цилиндрінде көрсетілген. “90” обьективті қолдану кезінде линза мен зерттелетін обьект арасына иммерсионды сұйықтық қажет (кедр майы, синтетикалық алмастырушылар және т.б.).

Окуляр цилиндрге орналастырылған екі линзадан тұрады, онда 7х, 10х, 15х және т.б. ұлғайтулар көрсетілген.

Окуляр арқылы обьектив көмегімен бірге ұлғайтылған зат бейнесін көреміз. Жалпы ұлғайтылуды анықтау үшін окуляр көрсеткішін обьектив көрсеткішіне көбейтіледі.

Жарық бергіш құрылым жарықтың обьектіге бағытталуы үшін және жарық күшін реттеу үшін қажет. Оған айна, иристі диафрагма және конденсор жатады.

Айна қозғалмалы орналасқан және ойыс және дөңес беткейі бар. Жарықтың әлсіз көзінде айнаның дөңес, ашық жарықта ойыс беткейін қолдану қажет. Жасанды жарық кезінде жарық фильтрі қолданылады.

Иристі диафрагма қозғалмалы металл пластинкасынан тұрады және жарық интенсивтілігін реттеу үшін қажет. Конденсор көмегімен арнайы бұранда арқылы айнадан өтетін жарық сәулелері концентрленеді. Конденсор 2-3 линзадан тұрады. Жарық құрылымын дұрыс пайдалану зерттелетін обьектінің нақты және жақсы жарықталған кескінін береді.

Механикалық бөлім штатив, заттық үстелше және препаратты бекітушіден тұрады.

Штатив негізден және тубус ұстағыштан тұрады. Негіз микроскопқа беріктік қасиет береді. Тубус ұстағышқа окуляр бекітілген. Микроскопты тасымалдағанда тубус ұстағыш ручка ретінде қолданылады. Окулярға қарама- қарсы тубус бөлімінде обьектив цилиндрі бекітілетін ұяшықтары бар айналмалы револьвер орналасады. Егер микроскопта тубус вертикальды орналасса, жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін студент өзіне қарай бұра алады.

Револьвер астындағы үстелшеге препарат қойылатындықтан, ол заттық үстелше деп аталады. Оның ортасында жарық сәулелері өтетін саңылау болады. Заттық шыны заттық үстелшеге қойылып, арнайы бекіткіш- клемм арқылы бекітіледі. Үстелшені айналмалы қозғау оның бүйір жанында орналасқан екі бұранда арқылы жүзеге асады.

Микроскопты дұрыс қоюда макробұранда- кремальера және микробұранда- қолданылады.

Микроскоп дұрыс және қарауды талап ететін құрал. Оны құрғақ, таза ұстау қажет және оған реактив тамуына жол бермеу керек. Үстелге қою кезінде және тасымалдауда абай болуы керек. Микроскопты арнайы жәшікте немесе тығыз матамен немесе полиэтиленді пленкамен жауып қою қажет.

Жұмыс істеу тәртібі:

  1. Микроскоп құрылымын сипаттауды көңіл қойып оқып, бөлімдеріне назар аудару қажет.
  2. Микроскопты үстелге оның шетінен 7-10 см қашықтықта қойылуы тиіс. Студенттің сол жақ иық бөліміне микроскоп қарама- қарсы қойылып, оның оң жағына альбом, түрлі- түсті қарындаштар, өшіргіш орналасады.
  3. Көру алаңына жарықты дұрыс бағыттау.

Уақытша препарат даярлау. Өсімдіктердің анатомиялық құрылысын қарастыру үшін уақытша препараттар даярланады.

Препарат жасауға қажет құралдар: заттық және жабын әйнектер, пипетка, зерттелетін зат, сорғыш қағаз, сапты ине, глицерин, су, ұстара немесе, скальпель, пинцет және бритва.

Заттық шыныға пипеткамен бір тамшы су тамызады. Өсімдік мүшесінен жұқа көлденең немесе ұзынынан кесінді даярлап, тамшы суға орналастырылады да, сапты инемен түзейді. Жабын әйнекпен ауа қалмайтындай , ақырындап жабады. Жабу үшін сапты инені сол қолымен ұстап, оның ұшын тамшы судың сол жақ жиегіне қарай қисайта тіреу қажет. Онан соң оң қолмен жабын әйнектің бір жиегін суға тіреулі тұрған инеге тақап барып, жабу керек. Мұқият жабу арқылы зерттелетін зат пен судың арасында ауа көпіршіктері қалмайды.

ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Микроскоп қандай құрал, оның көрсету мүмкіндігі қандай ?
  2. Микроскоп қандай бөліктерден тұрады?
  3. Микроскоптың оптикалық бөлігінің құрылысы мен қызметін түсіндіріңіз?
  4. Механикалық бөлігінің құрамы мен қызметін атаңыз?
  5. Микроскопты жұмысқа қосу үшін қандай дайындық жұмыстарын атқару қажет?
  6. Окулярға дұрыс қарау дегенді қалай түсінесіз, оның мәні неде?
  7. Окулярмен қарап, макрометрендік бұранда арқылы (сағат тілінің бағына бұрап) тубусты неге төмен түсіруге болмайды?
  8. Препараттағы объектіні кіші объективпен қарауды қалай жүзеге асырасыз?
  9. Кіші объективтегі препаратты үлкен объективпен қарау үшін оны қалай ауыстыруға болады?
  10. Микрометрендік бұранданы қай уақытта, қандай тәртіппен пайдалану қажет?
  11. Зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандалар не үшін керек?
  12. Жұмыс аяқталғаннан кейін микроскопты қандай қалыпта қою қажет?
  13. Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?
  14. Жабын және зат әйнектері және т.б. микроскоппен жұмыс жасауға қажетті жабдықтардың әрқайсысы не үшін керек?

 

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Anuar

0
Комментарии: 0Публикации: 17Регистрация: 15-05-2014

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля