12 февраля, 2015 22:51
КЛЕТКАДАҒЫ ҚОРЛЫҚ ЗАТТАР. КРИСТАЛЛДАР.
Жұмыс мақсаты: Әртүрлі өсімдіктердің крахмал дәндері формасы мен құрылысымен танысу. Қымыздық қышқыл кальций кристалдар түрлерімен танысу.
- тапсырма. Крахмал дәндерін қарау.
- Тапсырма. Қымыздық қышқыл кальций кристалдарын қарау.
- Тапсырма. Суреттерін салу.
Тапсырмаға түсініктеме.
Өсімдіктердің қоректік заттар қоры – майлар, белоктар, көмірсулар өсімдіктерге қажет және әртүрлі уақытта пайдаланылады.
Майлар май тамшылары ретінде клетка органелласы – сферосомода жиналады. Әсіресе, майға өсімдіктердің тұқымдары мен жемістері бай.
Белоктар— протеиндер клетка шырынында жиналады. Вакуоль солғанда алейрон дәндері түзіледі. Вакуоль солғанда алейрон дәндері түзіледі. Белоктарға астық және бұршақтұқымдас өсімдіктері бай.
Көмірсулар— өсімдіктерде кең тараған қоректік қор заты. Суда еритін көмірсулар – глюкоза, фруктоза, сахароза, инулин клетка шырынында жиналады.
Крахмал өсімдіктерде кең тараған қоректік қор заты болып саналады. Ассимиляциялық (алғашқы) крахмал хлоропластарда фотосинтез нәтижесінде түзіледі. Қорға жиналған (соңғы) крахмал түссіз пластидтер лейкопластар қатысуымен түзіледі және крахмал дәндері түрінде тамырда, түйнекте, тұқымда, сабақтың ішкі құрылысында жиналады. Крахмал дәндері лейкопластар ішінде түзуші орталық пайда болады да, айналасында крахмал қабаттары түзіледі. Крахмал дәндері түзуші орталық санына байланысты үшке бөлінеді. Жай крахмал дәнінде түзуші орталық саны біреу болады және айналасында крахмал қабаттары орналасады. Күрделі крахмал дәндері түзуші орталық саны бірнешеу болады және айналасында крахмал қабаттары болады. Жартылай күрделі крахмал дәндерінде түзуші орталық саны бірнешеу және әрбір орталықтың өз қабаты бар және барлық дәндерге ортақ крахмал қабаттары да болады.
Крахмал дәндерінің формасы, құрылысы және мөлшері ұнның сапасын, дәрілер дайындауда крахмал тазалығын анықтауда жақсы диагностикалық белгі болып саналады.
Минералды тұздардың кристалдары вакуольдің клетка шырынында кездеседі. Оның ішінде қымыздық қышқыл кальций кристалдары кең тараған. Кристалдар формасы әртүрлі, жекелеген, друздар- кристалдардың жұлдызша тәріздес бірігуі, рафидтер- ине тәріздес клеткалардың шоғыры.
Жұмыстың орындалу барысы:
- тапсырма. Картоптың (Solanum tuferosa L.) крахмал дәндері.
Картоп түйнегін қандауырмен екіге бөліп, сапты ине ұшымен ақшыл сұйықтықты алып, заттық шыныдағы суға салып, бетін жабындық әйнекпен жабады. Препарат микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қаралады. Крахмал дәндері мөлшері және пішіні жағынан әртүрлі. Препараттан ірі ұлғайтқыш арқылы ірі дәндерді табу. Онда кезектесіп орналасқан ашық және қою түсті қабаттар көрінеді. Крахмал дәндердің құрылысын мұқият қарап, суретін салу, онда түзуші орталық және қабаттарды белгілеу. Препаратта бір түзуші орталығы бар жай дәндермен бірге, күрделі дәндерде кездеседі. Дән крахмалдан тұратынын анықтау үшін, жабындық әйнек астына иодты калийлі иод ерітіндісі тамызылады, ерітіндінің енуіне байланысты крахмал дәндері ашық көк түстен қара түске дейін өңін өзгертеді.
Бидайдың крахмал дәндері.
Алдын ала суға салып, бөрткен бидай дәнегін қандауырмен кеседі, сапты ине арқылы эндоспермнен алып, заттық шыныдағы тамызылған суға салып, бетін жабындық әйнекпен жабады. Кіші ұлғайтқыш арқылы крахмал дәндерін тауып, обьективті үлкен ұлғайтқышқа ауыстырады. Бидай дың крахмал дәндерінің формасы жай, домалақ, түзуші орталығы мен қабаттары әлсіз байқалатын ірі және байқалмайтын ұсақ формалары да бар. Үлкен ұлғайтқыш арқылы бірнеше ірі және ұсақ крахмал дәндерінің суреттерін салу.
- тапсырма. Қымыздық қышқыл кальций кристалдары.
Басты пияз (Allium cepa) пиязшығының құрғақ қабыршағында қымыздық қышқыл кальций кристаллдары жиі кездеседі. Олардың пішіні призма тәріздес, жеке немесе біріккен түрде болады.
Басты пияз (Allium cepa) пиязшығының құрғақ қабыршағында қымыздық қышқыл кальций кристаллдарын қарау үшін бірнеше күн спиртте немесе спирт пен глицерин қоспасында салынған қабыршақты заттық шыныдағы тамызылған глицеринге салып, жабын әйнекпен жабады.
Алдымен кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқыш арқылы қаралады.
Барлық клеткаларда сопақша, шыны тәріздес қымыздық қышқыл кристалдары кездеседі. Кейбір клеткаларда біріккен түрде болады.
Кристалдары бар бірнеше клеткалардың суретін салу, түсініктеме белгілерін жазу.
Бегония жапырағы сағағындағы қымыздық қышқыл кальций кристалдары
Бегония жапырағы сағағындағы қымыздық қышқыл кальций кристалдары друздар түрінде кездеседі. Бегония жапырағы сағағынан көлденең жұқа кесінділер даярлап, заттық шыныдағы глицерин тамшысына салады да, бетін жабын әйнекпен жабады. Препараттан клетка вакуольде друздар, яғни клеткалардың жұлдызша тәріздес бірігуі байқалады. Кристалдары бар бірнеше клеткалардың суретін салу, түсініктеме белгілерін жазу. Қайталау сұрақтарына жауап беру.
ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ
- Алғашқы крахмал мен соңғы крахмалдың арасында қандай айырма бар?
- Крахмал дәнінің типтерін атаңыз?
- Жай, күрделі және жартылай күрделі крахмал дәндері қалай пайда болады?
- Клеткадағы қор заттарын – крахмал, белок және майды қандай реактивтермен анықтауға болады?
- Қор заты ретінде майдың крахмал мен белоктан қандай артықшылықтары бар?
- Қарапайым және күрделі алейрон дәндерінің бір- бірінен айырмасы неде?
- Клетка шырыны дегеніміз не, оның құрамы қандай ?
- Клеткада қымыздық қышқыл кальций кристалдарының пайда болуының биологиялық мәні неде?
- Қымыздық қышқыл кальций кристалдарының түрін атаңыз?
- Өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларынан қымыздық қышқыл, кальций кристалдарын кездестіруге болады?