Ренген сәулесі

12 марта, 2015 0:57

Бекітемін:

Күні: 25.02.15

Пәні: физика

Сыныбы: 10 «Ә»

         Сабақ тақырыбы:  Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары

Сабақ мақсаты:

  1. Рентген сәулелері, олардың қасиеттері, қолданылуы, рентген түтікшесі туралы оқушыларға түсінік береді.
  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелейді.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулиды.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар. Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.Фотоэффект дегеніміз не? Огың ашылуына қандай тәжірибе себеп болды?

  1. Фотоэффект құбылысын электромагниттік толқындық теорияға сүйеніп түсіндіруде қандай қиыншылықтар туды?
  2. Эйнштейн фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін қандай жолды таңдап алды?
  3. Электронның шығу жұмысы деген не?
  4. Фотоэффект үшін Эйнштейннің формуласы қалай жазылады?
  5. Фотоэффектінің қызыл шекарасы деген не?
  6. Фотоэффект жарықтың қандай қасиетін сипаттайды?
  7. фотоэффект қайда қолданылады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • 1895 жылы В. Рентген ашқан.
  • Рентген сәулелері — жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа (10-12-10-9) электромагниттік сәулелер.

Рентгендік сәулелердің тууын классикалық электромагниттік теория негізінде түсіндіру

Жылдам электрондар металл атомдарымен соғылғанда, олардың ядроларының кулондық  өрістерімен өзара әрекеттесуі салдарынан тежеледі. Тежелу барысында жылдам электрондар біраз мөлшерде кинетикалық энергияларынан айырылады:

∆Е=Е12

Е12 -электронның әр түрлі күйлеріндегі кинетикалық энергиялары,

∆Е – электронның жоғалтқан энергиясы.

Бұл энергия рентгендік сәулелер фотонының энергиясына түрленеді:

∆Е=hν

Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды.

Рентгендік түтікше

К-катод-термоэлектрондар көзі.

Ц-цилиндрлік электрод.

А-анод (W, Cu, Pt)

А=qU12

A=U=meυ2/2

U-электродтарға түсірілген кернеу

υ –электронның жылдамдығы

mе-электтрон массасы

е – электрон заряды.

Қолданылуы:

  • Медицинада диагноз қою үшін;
  • Өндіріс пен тұрмыста қолданылатын жабдықтар мен бұйымдардың ішкі ақауларын, қуыстар мен жарықшақтарын табу үшін.
  1. Пысықтау.
  2. Рентген сәулесі дегеніміз не?
  3. Құрамы қандай?
  4. Қайда қолданылады?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: 52 оқу

VIII. Бағалау.

Жүктеу: Ренген сәулесі

0

Автор публикации

не в сети 10 лет

kamiaru

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 11-03-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля