Тамыр аймақтары: бөліну, созылу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы- тамыр оймақшасы.

12 апреля, 2017 9:51

Сабақ №___

Сабақ тақырыбы: Тамыр аймақтары: бөліну, созылу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы- тамыр оймақшасы.

Сабақ мақсаты: Тамыр аймақтары: бөліну, созылу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы- тамыр оймақшасы туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

  1. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру.

-Сәлеметсіздер ме?

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сұрақ-жауап әдісімен.

Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады? Неліктен вегетативті мүшелер дейді? Вегетативті мүшелерді атаңдар. Вегетативті мүшелер өсімдіктерге не үшін қажет?

Тамырдың қызметін атаңдар. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді, олар қайдан пайда болады? Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? Олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тамыр бөлімдері ұзындығы мен қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш аймақтары деп бөлінеді.

Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабығындағы жасушалары сыртқы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп, ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды қажалудан жеңілдетеді. Осылайша тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап тұрады.

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабытындаға клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалаптасуына себеп болады.

Өсу аймағының жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы аймақта түзіле бастайды.

Сору аймағыөсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қыптап жатқан жұқа өң қабықшысының жасушаларының созылуынан пайда болады.

Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады.

Өткізу аймағы суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар көп болады.

Тамырдың сору механизмі

Сору күші – бұл осмостық және тургорлық қысымдардың арасындағы айырмашылық.

Осмостық қысым – цитоплазмадаға және клетка қабырғасына әсер ететін клетка шырыны ерітіндісінің қысымы.

Тургорлық қысым – жасуша қабырғасының клетка шырынының ерітіндісіне әсер ететін қысым. Топырақтағы ерітіндінің тамыр қабығының жасушалары арқылы қозғалысы олардың сору күші айырмашылығына байланысты, яғни соруы аз жасушалардан соруы күшті клеткаларға жүреді.

 

ІV. Бекіту. Сұрақ –жауап.

  1. Тамыр қандай аймақтардан тұрады?
  2. Өсу аймағы қайда орналасқн
  3. Сору аймағы қандай қызмет атқарады?
  4. Өткізу аймағы қандай қызмет атқарады?

Үй тапсырмасы. Оқып,тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

Бағалау:

 

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 8 лет

Jado

0
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 27-02-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля