ХЛОРОПЛАСТАР, КЛЕТКАНЫҢ ТІРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ. ЦИТОПЛАЗМА ҚОЗҒАЛЫСЫ. ТУРГОР, ПЛАЗМОЛИЗ, ДЕПЛАЗМОЛИЗ.

12 февраля, 2015 22:48

ХЛОРОПЛАСТАР, КЛЕТКАНЫҢ ТІРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ. ЦИТОПЛАЗМА ҚОЗҒАЛЫСЫ. ТУРГОР, ПЛАЗМОЛИЗ, ДЕПЛАЗМОЛИЗ.

Жұмыстың мақсаты. Клеткада хлоропластардың формасы мен орналасуын оқып- үйрену. Цитоплазма қозғалысын бақылау.

  1. Тапсырма. Сужапырақ өсімдігі жапырағындағы хлоропластар ды анықтау.
  2. Тапсырма. Сужапырақ өсімдігі жапырағындағы цитоплазма қозғалысын бақылау.
  3. Тапсырма. Тургор және плазмолиз, деплазмолиз құбылысымен танысу.
  4. Тапсырма. Алынған өсімдік клеткасының суреін салу, хлорпластар, крахмал дәндері, клетка қабықшасы, вакуоль, ядро, цитоплазма және плазмолиздің түрлерін белгілеу.
  5. Қайталау сұрақтарына жауап беру.

Пластидтер (хлоропластар, хромопластар, лейкопластар) — өсімдіктер клеткасының негізгі органелласы. Олар жарық микроскопы арқылы жақсы көрінеді. Пластидтер цитоплазмада орналасқан. Цитоплазма тірі материяның биологиялық қасиеттері бар түссіз сұйықтық. Тірі клеткада цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Қозғалыс жылдамдығы клетканың физиологиялық күйіне және сыртқы орта жағдайларына (жарық, температура) байланысты.

Жұмыстың орындалу барысы.

1- тапсырма. Сужапырақ өсімдігі жапырағындағы хлоропластар.

  • Сужапырақ өсімдігі жас өркенінің ұшынан 1-2 см төмен орналасқан жапырақтың біреуін пинцет арқылы алып, заттық шыныдағы тамшы суға салу, абайлап жабын әйнекпен жабу;
  • Препаратты микроскоп үстелшесіне, жапырақтың шеті көрінетіндей қою. Алдымен кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқыш арқылы қарау;
  • Жапырақ шетінде сопақша, жіңішке, ашық жасыл түсті клеткалар, ал ортасында паренхималық клеткалар және қара жолақтар ретінде клетка аралықтар бар. Жапырақ шетінде клеткалар бір қатар орналасқан, сондықтан оларды оқып- үйренуде жұқа кесінділер жасау қажет емес. Бүйір жағында орналасқан хлоропластар пішіні линза тәріздес;
  • Алынған өсімдік клеткасының суреін салу, хлорпластар, крахмал дәндері, клетка қабықшасы, вакуоль, ядро, цитоплазманы белгілеу.
  1. тапсырма. Цитоплазма қозғалысы.

Тапсырмаға түсініктеме

Өсімдіктер клеткасына тірі организмнің барлық функциялары тән: қоректену, тыныс алу, қозғалу, көбею және т.б.. Тіршілік процестерін толық теориялық курста қарастырады. Студенттер лабораториялық-практикалық сабақтарда цитоплазма қозғалысы, тургор, плазмолиз және деплазмолизді қарастырады.

Клеткада цитоплазманың екі түрлі қозғалысы бар: ротациялық (айналмалы) және циркуляциялық. Цитоплазманың ротациялық қозғалысы клетка ортасында ірі орталық вакуольдің болуы кезінде, ал циркуляциялық қозғалыс клеткада бірнеше вакуоль болғанда байқалады.

Жұмыстың орындалу барысы.

  • жұмыста жасалған препараттан кіші ұлғайтқыш арқылы цитоплазма қозғалысын бақылау;
  • Ол үшін орталық ұзарған клеткалар жақсы көріну үшін, препаратты қозғайды;
  • Назарды бір хлоропластқа аударып, цитоплазмада оның қозғалысын бақылайды;
  • Егер клеткада орталық, бір вакуоль болса цитоплазма клетка қабықшасын жағалай қозғалады. Бұл цитоплазманың ротациялық қозғалысы;
  • Егер клеткада бірнеше вакуоль болса, цитоплазма қанша жерге бөлінсе, олардың әрбір бөлігінде цитоплазма ретсіз, әртүрлі бағытта қозғалады. Бұл цитоплазманың циркуляциялық қозғалысы.
  • Бір клетканың суретін салу, стрелка арқылы цитоплазма бағыттарын (ротациялық, циркуляциялық) көрсету.

3-тапсырма. Тургор, плазмолиз және деплазмолиз құбылысы.

Тапсырмаға түсініктеме. Тургор және плазмолиз – цитоплазманың жартылай өткізгіштік қасиетіне, яғни су мен минералды заттарды өткізу, ірі молекулалық ерітіндіні ұстап қалу қасиеттеріне негізделген клетканың физиологиялық қасиеті. Клеткаға жеткілікті мөлшерде су келіп түскенде, клетка шырынына сіңірілген су, қабырғаны керіп, протопластқа қысым түсіреді, клетканы ісінген қалыпқа келтіреді. Клетканың осындай күйін тургор деп атайды.

Тургорға қарама- қарсы құбылыс, протопласт клетка қабықшасынан алшақтап, суды жоғалтуы плазмолиз құбылысы деп аталады. Осы құбылысты жасанды түрде туғызуға болады. Клеткаға гипертониялық ерітіндімен (осмос қысымы клетка ішіндегі осмос қысымынан жоғары, мысалы: сахароза, калий, натрий селитрасы, глицерин) әсер ету қажет.

Ал, клетканы гипотоникалық ерітіндіге салғанда, яғни таза суға батырса су цитоплазмаға еніп, вакуоль көлемі ұлғаяды, клетка тургорлық күйге келеді. Осы құбылыс деплазмолиз деп аталады.

Сужапырақ өсімдігінің жапырағы плазмолиз, деплазмолиз құбылыстарын оқып үйренуде жақсы обьект борлып саналады. Сондықтан 2- жұмыста даярланған препаратты пайдалануға болады.

Жұмыстың орындалу барысы:

  • Препаратты микроскоп үстелшесінен алмай тұрып, үлкен ұлғайтқыш арқылы паренхималық клеткалар құрылысын қарау, ірі паренхималық клетканы таңдап алу, клетканың қалыпты жағдайы, яғни тургорлық күйін анықтау, 2-3 клетканың суретін салу;
  • Плазмолизді туғызу үшін, препаратты заттық үстелшесінен алып, жабын әйнекті ашып, 8 проценттік ас тұзы ерітіндісін тамызып, жабындық әйнекпен жабады да, кіші ұлғайтқыш арқылы қарайды, біраз уақыттан соң протопласт клетка қабықшасынан алшақтайды (бұрыштық плазмолиз), одан соң ішке қарай клетка қабықшасынан әртүрлі көлемде ойыстанып, қашықтайды (ойыс плазмолиз). Одан кейін цитоплазма клетка қабықшасының ішкі бетінен толық ажырап, клетка ортасында домаланады (дөңес плазмолиз);
  • Плазмолиздің әртүрлі сатыларын көрсете отырып, бірнеше клетканың суретін салу;
  • Препаратты микроскоп үстелшесінен алып, жапырақты ыдыстағы суға салады, қайтадан препарат даярлайды;
  • Деплазмолиз құбылысын бақылап, суретін салу;
  • Қайталау сұрақтарына жауап беру.

ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

  1. Хлоропласттың пигменттік құрамы , атқаратын қызметі қандай?
  2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлоропласты мен төменгі сатыдағылар хроматофорларының пішіндері қандай?
  3. Хлоропластың мембраналық құрылысы ( строма, тилакоидттар немесе ламеллалар, грандар) неден тұрады?
  4. Алғашқы крахмал қандай процестің нәтижесінен пайда болады?
  5. Цитоплазманың қозғалысы, түрлері.
  6. Цитоплазманың ротациялық және циркуляциялық қозғалыстары клеткада қай уақытта болады?
  7. Клетканың тургорлық күйі.
  8. Плазмолиз, деплазмолиз құбылыстары және оларды болғызу жолдары қандай?
0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Anuar

0
Комментарии: 0Публикации: 17Регистрация: 15-05-2014

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля