12 февраля, 2015 22:52
ХРОМОПЛАСТАР. ЛЕЙКОПЛАСТАР.
Жұмыс мақсаты. Піскен жеміс клеткаларында хромопластар құрылысымен танысу. Лейкопластар формасы мен клеткада орналасуымен танысу.
- тапсырма. Итмұрын, томат піскен жемістер құрамындағы хромопластарды қарау.
- Тапсырма. Бөлме өсімдігі Виргин традесканциясы () жапырағы эпидермасындағы лейкопластарды қарау.
Жұмыстың орындалу барысы.
- тапсырма. Итмұрын, томат піскен жемістер құрамындағы хромопластарды қарау.
Заттық шыныға глицерин ерітіндісін тамызады. Ол хромопластардың анық көрінуі үшін жағдай жасайды. Итмұрын жемісінің жұмсақ бөлігінен сапты ине арқылы алып, заттық шыныдағы глицерин тамшысына салады да, бетін жабын әйнекпен жабады. Клеткалар тез ыдырау үшін, жабын әйнектің үстін сапты ине ұшымен ақырын соғып, мацерация құбылысын жүргізу. Алдымен микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы, одан кейін үлкен ұлғайтқышқа ауыстырады. Клеткалар пішіні дөңгелек, сопақша, онда хромопластар пішіні дөңгелек және бұрышты болып келеді. Клеткадағы хромопластар суретін салу.
Томат жемісіне де препарат даярлап, қарау. Томат клеткасында хромопластар дөңгелек, ине тәріздес.
2-Тапсырма. Бөлме өсімдігі Виргин традесканциясы () жапырағы эпидермасындағы лейкопластарды қарау.
Бөлме өсімдігі Виргин традесканциясы () жапырағының төменгі жағынан сапты ине арқылы эпидерманы сыдырып алады. Эпидерманы таза су орнына қант ерітіндісі тамызылған заттық шыныға салып, беті жабын әйнекпен жабылады. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы ақшыл клеткалар көрінеді. Клетка шырыны антоцианға боялған. Микроскоптың үлкен ұлғайтқышы арқылы дір клетканы қарау, онда ядро клетка ортасында немесе шетінде орналасады. Цитоплазмада ядроны қоршай ұсақ денешіктер лейкопластар орналасқан. Бірнеше клетканың суретін салу, клетка шырынын бояу. Қайталау сұрақтарына жауап беру.
ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ
- Өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларынан хромопласты жиі кездестіреміз?
- Хромопластың пигменттік құрамын атаңыз?
- Хромопластар пішінінің алуан түрлілігі неліктен?
- Хромопластың биологиялық маңызы неде?
- Лейкопласт өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларында кездеседі және оның қандай реңі болады?
- Атқаратын қызметіне байланысты лейкопластар қандай топтарға бөлінеді?
Клетканың бөлiнуi.
Тiрi организмдердің негiзi клетканың биологиялық қасиеттерiнiң бірі — бөлiнуге қабiлеттiлiгi. Клетка бөлiнуiнің үш әдісі бар.
1.Амитоз, 2.Митоз. 3.Мейоз.
Митоз жануарлар мен өсімдіктер клеткасының негізгі бөліну жолы. Эукариотты клеткалардың бөлінуі 2 сатыдан тұрады митоз және цитокинез. Митоз- ересек ядродан морфологиялық және генетикалық жағынан ұқсас екі жас ядроның пайда болуы.
Цитокинез – клетканың цитоплазмалық құрамының екіге бөлінуі нәтижесінде екі жас клетканың пайда болуы. Митоз және цитокинез езеңдері міндетті түрде қатар жүреді. Митоз 4 фазадан тұрады.
Клетка тақырыбы бойынша коллоквиум сұрақтары:
- Микроскоп қандай құрал, оның көрсету мүмкіндігі қандай ?
- Микроскоп қандай бөліктерден тұрады?
- Микроскоптың оптикалық бөлігінің құрылысы мен қызметін түсіндіріңіз?
- Механикалық бөлігінің құрамы мен қызметін атаңыз?
- Микроскопты жұмысқа қосу үшін қандай дайындық жұмыстарын атқару қажет?
- Окулярға дұрыс қарау дегенді қалай түсінесіз, оның мәні неде?
- Окулярмен қарап, макрометрендік бұранда арқылы (сағат тілінің бағына бұрап) тубусты неге төмен түсіруге болмайды?
- Препараттағы объектіні кіші объективпен қарауды қалай жүзеге асырасыз?
- Кіші объективтегі препаратты үлкен объективпен қарау үшін оны қалай ауыстыруға болады?
- Микрометрендік бұранданы қай уақытта, қандай тәртіппен пайдалану қажет?
- Зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандалар не үшін керек?
- Жұмыс аяқталғаннан кейін микроскопты қандай қалыпта қою қажет?
- Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?
- Жабын және зат әйнектері және т.б. микроскоппен жұмыс жасауға қажетті жабдықтардың әрқайсысы не үшін керек?
- Пішініне қарай клеткаларды қандай екі топқа бөлеміз?
- Өсімдіктер клеткасы қандай екі бөлікке (протопласт және қалған бөлігі) бөліп қарастырамыз? Бұлардың бір-бірінен негізгі айырмасы неде?
- Қандай органеллалар цитоплазманың субмикроскопиялық құрылымын құрайды?
- Ядроны құрылымдық элементтері, химиялық құрамы және атқаратын қызметі қандай?
- Мацерацияланған клеткалар деп қандай клеткаларды атаймыз? Оның себебі неде?
- Жарық микроскопымен қарағанда клетка құрылысының қандай бөліктерін көреміз?
- Хлоропласттың пигменттік құрамы , атқаратын қызметі қандай?
- Жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлоропласты мен төменгі сатыдағылар хроматофорларының пішіндері қандай?
- Хлоропластың мембраналық құрылысы ( строма , тилакоидттар немесе ламеллалар, грандар) неден тұрады?
- Алғашқы крахмал қандай процестің нәтижесінен пайда болады?
- Цитоплазма органеллалар және олардың атқаратын қызметі қандай?
- Цитоплазма мембраналары және олардың маңызы.
- Цитоплазма, оның негізгі плазмасы (гиалоплазма немесе матрикс ) туралы түсінік.
- Цитоплазмада қимылдың қандай түрлерін байқауға болады?
- Цитолплазмада плазмолиз құбылысының байқалуы неден?
- Цитоплазма деплазмолиз қалпына қалай келтіріледі?
- Пластидтердің қандай типтері бар?
- Пластидтердің шығу тегін, дамуын және бір түрінен екіншісіне ауысуын қалай түсіндіруге болады?
- Лейкопласт өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларында кездеседі және оның қандай реңі болады?
- Атқаратын қызметіне байланысты лейкопластар қандай топтарға бөлінеді?
- Өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларынан хромопласты жиі кездестіреміз?
- Хромопластың пигменттік құрамын атаңыз?
- Хромопластар пішінінің алуан түрлілігі неліктен?
- Хромопластың биологиялық маңызы неде?
- Алғашқы крахмал мен соңғы крахмалдың арасында қандай айырма бар?
- Крахмал дәнінің типтерін атаңыз?
- Жай, күрделі және жартылай күрделі крахмал дәндері қалай пайда болады?
- Клеткадағы қор заттарын – крахмал, белок және майды қандай реактивтермен анықтауға болады?
- Қор заты ретінде майдың крахмал мен белоктан қандай артықшылықтары бар?
- Қарапайым және күрделі алейрон дәндерінің бір- бірінен айырмасы неде?
- Клетка шырыны дегеніміз не, оның құрамы қандай ?
- Клеткада қымыздық қышқыл кальций кристалдарының пайда болуының биологиялық мәні неде?
- Қымыздық қышқыл кальций кристалдарының түрін атаңыз?
- Өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларынан қымыздық қышқыл, кальций кристалдарын кездестіруге болады?
- Клетка қабықшасы қандай негізгі қызметтер атқарады?
- Клетка қабықшасының пайда болуына клетканың қандай органеллалары қатынасады?
- Клетка қабықшасы мен плазмалемманың бір- бірінен айырмашылығы неде?
- Алғашқы және соңғы клетка қабықшасының арасында құрылымы және химиялық құрамы жағынан қандай айырмасы бар?
- Қарапайым және жиекті саңылаулардың бір- бірінен айырмалары неде?
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
- Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.
- Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.
- Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.
- Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.
5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
- Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
- Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
- Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.
- Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.
- Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982
- Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964
- Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980