Грамматикалық форма

27 марта, 2018 19:40

Грамматикалық мағьіна әр түрлі тәсілдер аркылы беріледі. Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалык тэсілдің бір типі — грамматикалык Фоомадар. Яғни грамматикалык мағынаның белгілі бір түрі, атап аитканда, категориялық грамматикалык мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі.

Грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің косымшалар, грамматикалық тұлғалар (жалғау, жұрнақ) аркылы белгілі жүйе парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы эр тұлғаға саи катйЩриялық грамматикалық мағына беріледі. Осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектерде, зерттеулерде грамматикалық форманы анықтағанда грамматикалық мағынаны білдірудің сыртқы жағы, грамматикалык тәсілі деп, грамматикалық мағынаны түр-түрге бөлмей, грамматикалык форманың ішкі мазмұны ретінде қаралып келді.

Сөйтіп, грамматикалық мағынамен грамматикалық форма деген үғымдар біреуі эрдайым бір нәрсенің ішкі жағы, мазмұны, екіншісі оның сыртқы жағы, тұлғасы немесе сол мазмұнның іске асу, көріну тәсілі деп анықтап келдік. Бұл екі ұғымды осындай балама мәнде, бір нэрсенің екі жағы (біреуі — ішкі мазмұны, екіншісі — сыртқы түрі) деп түсіну тіпті де дұрыс емес, өйткені олар (грамматикалық мағына мен грамматикалық форма) эр уақытты бір-бірімен балама, сай бола бермейді.

Лексикалық мағынаның абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болатын жалпы грамматикалық мағына, сондай-ақ аналитикалық тәсіл арқылы берілетін катыстық грамматикалық мағына ешбір грамматикалық формасыз берілетінін жоғарыдан байқадық.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля