10 января, 2020 22:21
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар және
Қазақстан Республикасының
сыртқы саясаты кафедрасы
Инкарбекова Диана
Ағылшын абсолютизмі
(курстық жұмыс)
ғылыми жетекші: с.ғ.к.,доц. Макашева К.Н.
Алматы 2005
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………3-5
- Ағылшын абсолютизмінің орнауы…………………………………………………….6-16
1.1. Тюдорлардың абсолютті монархиясы……………………………………………6-11
1.2. Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі……………11-16
- Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын абсолютизмі………………………….17-24
- Стюарттар абсолютизмінің кризисі……………………………………………..17-20
- Абсолютті монархияның құлауы…………………………………………………20-24
Қорытынды………………………………………………………………………………………….25-28
Деректер мен әдебиеттер тізімі……………………………………………………………..29
Кіріспе
Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік режимнің ыдырауын атап көрсету және білу маңызды. Сонымен қатар, XV ғ. аяғы – XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр түрлі әлеуметтік таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне жағымды немесе жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын абсолютизмінің халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа өзінің сыртқы саясатымен әсер етуін көрсету.
XV ғ. бастап орын алған абсолютизм, Европаның басқа да елдеріне тән болды. Бірақ бұл курс жұмысы ағылшын абсолютизміне арналғандықтан Тюдорлар мен Стюарттардың саясатына, оның ерекшелігіне сипаттама беру маңызды болды.
Негізінен, абсолютті монархтердің сыртқы және ішкі саясатының мазмұны қоғамды бөлшектеп, халықтың абсолютизмнен бас тартуына әкелді. Яғни, абсолютті монархтердің билікті бөлісуде күресі, абсолютизм дәуірі басталуымен осы күрес жолына түскен корольдердің күшіне сәйкес тартысының одан бетер өткірленуі алмастырды. Тюдорлар ағылшын абсолютизмінің шарықтау шегін біраз сақтай тұрып, өз билігін кеңейтуге ұмтылды. Ал, өткір бәсекеге түскен Стюарттар абсолютті монархияны дағдарысқа ұшыратты.
Абсолютизм дәуірінің келуі екі династияның болуымен сипатталынды – Тюдорлар: Генрих-VII, Генрих-VIII, Эдуард-VI, Мария, Элизавета I және Стюарттар: Яков-I, Карл-I.
Қарастырылып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және тәжірибелік маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.
Осы үрдісте тақырыптың зерттеу мақсаты: ағылшын абсолютизмінің орнауының тарихи алғышарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу, Тюдорлармен Стюарттардың абсолютті монархияларының кезіндегі Англия жағдайын анықтау, жалпы ерекшеліктерін саралау.
Мұндай зерттеудің маңыздылығы барысында абсолютті монархтердің экономикалық, әлеуметтік саясатында халыққа, қоғамға тигізетін әсерін күшейтудің нәтижесінде байқауға болады. Курс жұмысының алдына қойған осындай мақсатына жетуде төмендегідей міндеттер орындалу тиіс деп қарастырдым:
— Англияда абсолютизмнің пайда болуының, орнауының, даму барысының ерекшелігін, тарихи табиғатын және жалпы ағылшын абсолютизмнің шетел мемлекеттерінің абсолютизмінен айырмашылығын көрсету
- Тюдорлар абсолютизмінің саясатын жан-жақты зерттеу
- Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютті монархиясының шарықтауының алғышарттарын, барысын, нәтижесін анықтау
- Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясы кезіндегі Англияның ішкі-сыртқы саясатын, парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсету
- Ағылшын абсолютизмінің дағдарысының себебін, нәтижесін саралау
Осындай міндеттердің орындалуы курс жұмысының мақсатынының төмендегідей екі негізгі құрамдас бөлігінің іске асырылуына мүмкіндік береді.
- Ағылшын абсолютизмінің орнауы
- Бірінші Стюарттар кезіндегі абсолютті монархия
Курс жұмысын жазуда мынандай тарихи-талдау методологиялық принциптер басшылыққа алынды.
- абсолютті монархияның орнауының алғышарттары, себептері, салдары болатындығы және оның тарихи дамуының ықпалында болатын тарихи принцип
- қандай да болмасын монархтың экономикалық, әлеуметтік, сыртқы саясатының халықаралық факторларға тікелей тәуелділігі
Сонымен қатар талдау тәсілін, Тюдорлармен Стюарттардың халықаралық қатынастар жүйесіндегі, соның ішіндегі Ұлыбританияның тарихында алған мән маңызы мен қажеттілігін зерттейтін экспликативтік тәсілдерінің ішінде пайдалы болған контенті ретінде алдым.
Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды деректер қатарына сүйендім. Осы деректер тізіміне келесі авторлардың кітаптарын атап кетуге болады: В.М. Лавровский, В.И.Ленин. Лавровский өзінің еңбегінде Ұлыбританияда болып өткен 17ғ. ағылшын буржуазиялық революциясының маңызды этаптарын, негізгі мәселелерін көрсетіп, оның халыққа әсерін талдап, Стюарттар абсолютизмінің дағдарысының өрістеуін баяндаған. Сонымен қатар, онда Карл I-ші кезіндегі парламент пен король арасындағы қақтығыстың пайда болуының, өрістеуінің себебін атап, және оған қарсы шаралардың қолдану мәселесі туралы қарастырған /1/.
Қосымша дерек ретінде, В.И. Лениннің кітабында «патшалық монархияның таптық мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және монархияның жоғарғы таптарды билеуі» деген абсолютизмге берген түсініктемесінің маңыздылығы зор болды /2/.
Жұмысты зерттеу барысында қолданылған әдебиеттерді Ұлыбританияда билік еткен әулиеттердің, яғни Тюдорлар мен Стюарттардың абсолютті монархиясына және олардың саясатының салыстырмалы түрде жазған авторлардың еңбегіне қатысты топтастырдым.
1) Абсолютизмнің орнауына өзінің үлесін қосқан Генрих VII, одан кейін дамытқан Генрих VIII және жалпы Тюдорлардың саясаты Ю.М. Сапрыкиннің, В.В. Штокмардың, Е.Б. Черняктың, Ф.Бэконның еңбектерінде қарастырылған. Ю.М. Сапрыкин өзінің кітабында Англияның Мария Тюдор кезіндегі контрреформациясы, Тюдорлардың 16ғ. анабаптизммен күресі туралы, жалпы Ұлыбританияның абсолютизм кезіндегі және ол дағдарысқа түскендегі жағдайды талдап, осыған байланысты туралы нақты фактілер жинағын берген /3/. Ал, В.В. Штокмар өз еңбектерінде 16ғ. 2-ші жартысындағы ағылшын абсолютизмінің экономикалық саясатының өркендеуінің себептерін атап, Елизавета Тюдордың аграрлы шаралары жайлы мәліметтерді баяндаған /4/.
2) Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясының қоғамның жағдайын анықтап, Англияның ішкі-сыртқы саясатына баға беріп, парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсете алған авторларға С.Д. Сказкинді, Е.Б. Чернякты, А.Н. Савинді жатқызуға болады. Негізінен, С.Д. Сказкин өз еңбегінде Ұлыбританияның 17ғ. революция алдындағы жағдайын сипаттап, сондағы Яков I-ші кезіндегі парламент пен король арасындағы қарама-қайшылықтың пайда болуын анықтап, Карл I-ң «Петиция о праве» деген петициядан бас тартуы туралы нақты мәліметтер ұсынған /5/. Ал, Е.Б. Черняк болса, өз кітабында ағылшын құпия қызметінің «құпия дипломатиясы» болғанын баяндап, Мария Стюарттың саяси тұлға ретінде оған сипаттама берген /6/.
3) Ал, абсолютті монархия кезінде екі әулиеттің билеуін салыстырмалы түрде зерттеп, жалпы ерекшеліктерін саралаған Е.В. Кузнецовтың, А.Л. Мортонның, Тревельян Дж. Маколейдің еңбектерін жатқызуға болады. Мысалы, Е.В. Кузнецов өз еңбегінде Генрих VII-ші кезіндегі саяси режимге қарағанда Стюарттардың саясатын қатты сынға алып, оның халыққа келтірген зардабынының үлесін көп деп тапты /7/. А.Л. Мортон Ұлыбританияның жалпы тарихын баяндап, ағылшын абсолютизмінің орнауының алғышарттарын, Тюдорлармен Стюарттар саясатының гүлденуі және дағдарысының өзара айырмашылықтарын анықтап, Карл I-ң жазаға тартылуы жайлы мәліметтеген /8/. Тревельян Дж. Маколей болса, өз кітабында Ұлыбританияның Тюдорлар, Елизавета кезіндегі және Карл кезіндегі халық, мемлекет жағдайының айырмашылықтарын атап кеткен /9/.
Ағылшын абсолютизмі екі тарау аумағында қарастырылады. Бірінші тарау ағылшын абсолютизмінің орнауын және барысын ашады. Екінші тарауда Стюарттар абсолютизмі және оның дағдарысы қарастырылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден, деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Ағылшын абсолютизмінің орнауы
1.1 Тюдорлардың абсолютті монархиясы
Абсолютизм — шексіз монархия, — бұл басқару формасында императордың, корольдің, патшаның қолында түгелімен жоғарғы билік болады, яғни ол заң шығаруға, шенеуніктерді тағайындауға құқылы және халықтың қатысуынсыз мемлекет ақшасын жарата алады. Абсолютизм сословиелік монархияны алмастырған феодалды мемлекеттің ең соңғы және жоғары дамыған стадиясы. Абсолютті монархия кезінде саяси орталықтану максималды болған.
Абсолютизмнің орнауы және дамуы әр мемлекетте әртүрлі болды. Бірақ барлық елде К.Маркс айтқандай «ескі феодалдық сословиялар ыдырап, ал ортағасырлық қалалық сословиялар жаңа буржуазиялық топқа ауысқанда», яғни өтпелі кезеңде пайда бола бастады. Осы кезде феодалды эксплоатацияға қарсы шаруалар күресі өрістеп, антифеодалдық қозғалыс максималды күшіне жетіп феодализм ыдырай бастайды, ал дворяндар болса өздерінің үстемдігін жалғастыру үшін ашық диктатура жолына түседі.
Жалпы өзінің таптық мәні бойынша абсолютизм дворяндардың, помещик-жериеленушілердің диктатурасы болып табылады /10/. Осы диктатураны жүзеге асыру үшін, үстем етуші тапқа бағынбайтын, олардан тәуелсіз болатын, бірақ оның түпкілікті мүдделерін өздеріне ұқсағандықтан қорғайтын мемлекеттік аппарат құру керек болды. Лениннің айтуынша «патшалық монархияның таптық мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және монархияның жоғарғы таптарды билеуі». В.И. Лениннің бұл сөздері барлық елдегі абсолютизмге қатысты айтылған. Абсолютизм антифеодалдық күштерді жою үшін екі жолды таңдаған. Біріншіден – ол жаппай халық қозғалыстарын аяусыз басып отырды. Оның негізгі қызметі халықты, шаруашылық-плебейлік оппозицияны жүгендеу болған. Ал Сталиннің айтуы бойынша «экслоатацияланатын көпшілікті қатаң ұстау қажет» деген сөздер негізінен құлиеленушілік мемлекетте, феодализм және капитализм кезінде негізгі мақсат болды /11/. Екінші жағынан абсолютизм антифеодалдық лагерьден бөлу саясатын жүргізіп, сол кезде антифеодалдық революцияны басқара алатын жалғыз күшті, яғни буржуазияны өз жағына тартқан.
Сауданың және өнеркәсіптің дамуы, монархқа жаңа табыс көзі бола тұрып, оның сословиелік өкілдік органдардан тәуелсіз етіп, тек оған бағынған күшті басқарушылық-бюрократиялық аппаратты және тұрақты әскерді құруға мүмкіншілік берді. Сонымен қатар абсолютизм кезінде салық көбее бастады. Монарх сословиелік өкілдік органдардан өз тәуелділігін жоя отырып, оларды шақыруды және олармен ақылдасуды тоқтатады. Енді биліктің тірегі бюрократия және тұрақты әскер болады. Абсолютизмге өткен кезде шіркеулердің дербестігі жойылып, олар тікелей монархқа бағына бастайды. Дворяндарға сүйене отырып, дамып келе жатқан буржуазияны эксплоатациялап, феодалдарға күшті соққы береді /12/.
Абсолютизм көптеген батыс-европалық елдерде 15ғ. пайда болды. Ал Англияда 1485 ж. Тюдорлардың билігімен басталды.
16ғ. экспроприацияланған халықтың өрістеп келе жатқан наразылығы жоғарғы таптардың үрейін тудырғандықтан, дворяндар, дамып жатқан буржуазияшылдар халықты тоқтату үшін, король үкіметінің нығаюын қолдай бастады. Король билігінің күшеюі буржуазияшылдарға және дворяндарға өте тиімді бола тұрып, елдің орталықтануына, феодалды анархияның рецидивтерін жоюға және көпке созылған барон соғыстарын тоқтатуға керек болды /13/.
Тек мықты король үкіметі ғана Англияның Европадағы жағдайын нықтап, теңіз жолдарын және басқа жердегі рыноктарды жаулап алып, сонымен қатар, ағылшын сыртқы саудасының мүдделерін қамтамасыз ете алды.
Күшті король билігінің тенденциялары Эдуард IV-ші Йорк кезінен-ақ байқала бастады. Алайда абсолютті монархияның нағыз негізін қалаушысы, яғни Роза соғыстарынан кейінгі таққа отырған Генрих VII-ші Тюдор болған. Тюдорлардың басқару периоды 125 жылдан сәл аз болған. Яғни Генрих VII-шіден (21 тамыз 1485ж.) оның немересі Елизавета (24 наурыз 1603ж.) қайтыс болғанға дейін созылған. Бұл жылдарды негізінен жаңа Англияның өркендеуінің негізі, ал 1485 ж. Тюдорлардың билігі өте маңызды болғандықтан Орта ғасырдан Жаңа ғасырға өту кезеңі деп атайды. Көптеген жылдар бойы Ұлыбритания Европаның шеткерленген жері деп саналып келген, тіпті Батыс Европаның рухани және көркем өнері оған қатысы болмаған. Осылай ғылымның қайта өрлеуі 15ғ. Англияға ешқандай әсер етпегендіктен оның интеллектуалды өмірі 13-14 ғ.ғ. қарағанда төмендеп кеткен болатын. Ағылшын ренессансы Тюдорлар кезінде ғана дами бастады. Жалпы осы Тюдорлар кезінде Англия Уэльспен жақсы қарым-қатынас орнатты. Англияға сол кезде елде бейбітшілік орнататын орталықтанған күшті билік керек болатын /14/.
Генрих VII-ші (1485-1509) жаңа дворяндар, буржуазияның және көптеген орта феодалдық дворяндардың көмегімен таққа отырған соң кәдімгі абсолютистік саясатты жүргізе бастайды. Ал оның алдында болған король узурпатор болған.
Генрихке біріншіден тақта өзінің позициясын нықтау және король билігінің мәнің жоғары дәрежеге көтеру қажет болды. Роза соғыстары кезінде ірі феодалдық барондар әлсіресе де толығымен жойыла қойған жоқ. Осы бағынбайтын барондар бірнеше рет көтеріліс жасап король жағдайын қиындатқысы келген. Сонымен қатар бұндай көтерілістер Ирландияда және Корнуольде де болып отырды /15/.
Сөйтіп, 1487 ж. Дублинде 11 жасар Симнельді йоркистер Кларенс герцогінің қашып кеткен баласы және Йорк династиясының соңғы өкілі деген. Осыдан кейін барондар ереуілдері басталады: осы жалған баланы король деп тағайындап, олар Англияға әскер орнатпақшы болады. Алайда, ирландық және неміс отрядтары қанша күшті болғанымен 1487 ж. Генрих VII-шінің әскерімен толық жойылады. Тіпті өзінің күштілігіне сенген король Симнельді тұтқынға алып, оны жазаға тартпай ас ішетін бөлмеге көмекші ретінде қояды. Ал йоркистерді басыңқырау үшін өзінің әйелін Елизаветаны королева және Йорк династиясының мұрагері деп жариялайды.
1497 ж. Корнуолледе екінші көтеріліс болып өтеді. Бұл көтерілістің басшысы Перкин Варбек болған. Барондардан басқа, бұл көтерліске салықтың жоғарлауына наразы болған шаруалар да қатысады. Перкин Варбек өзін Эдуард IV-ң баласы Йорктік Ричард герцогінің (шынында Тауэрде қайтыс болған) кіші баласы деп санаған. Оның талабын көптеген феодалдар және Шотландияның королі мойындаған. Алайда көтерілісті басып тастағаннан кейін, оны тұтқынға алып, дарға асады /16/.
Буржуазияның, жаңа дворяндардың көмегімен басып тастаған көтерілістер Генрих VII-шінің оппозициясының күшеюіне әкелетін.
Ереуілшіл барондарға қарсы күрес жүргізген Генрих VII-ші 1488 ж. Мемлекеттік опасыздық биллі бойынша 8 мың адамды соттайды. Сонымен қатар, олардың жерлерін, мүлігін конфискілеудің және көптеген штрафтардың арқасында король қазынаны байытады. Генрих VII-ші ақша алу үшін және король қаржысын көбейту үшін әртүрлі жолдарды пайдаланған. Ол тіпті әскери іс жүргізбесе де, парламентті әскери мүдделерге қаржыны бөлуге міндеттеп, ал байлардан төменгі тапты эксплоатациялағаны үшін, субсидия алып отырады. Нәтижесінде Генрих VII-шінің өлімінен кейін қазынада тек 15 жыл бойы жинала алатын 2 млн. фунт стерлинг қалады. Ол сонымен қатар, кеме жасауға қаржыны көптеп бөліп, жаңа кемелердің жасалуы үшін субсидиялар бөліп отырды /17/.
Барондармен күрес жүргізе отырып, король ливрейі бар феодалдық ақсүйектерге тыйым салатын заң шығарады. Ал көптеген лордтарда осындай ливрейлік ақсүйектер өте көп болған. Себебі, господиннің бұйрығы бойынша олар барлығымен күресуге дайын болған. Уорикте — «король дайындаушыда» өзінің сарайында вассалдар және парламентпен ере жүретін 600 әскери отрядтары болатын. Ливрейлік ақсүйектер – феодалдық соғыстарға, өзара қырқыстарға дайын әскерлер деп саналатын. Сол себепті Генрих VII-ші ақсүйектерді ұстауға тыйым салып, ал бұған бағынбайтындарға үлкен Алым-салықтар салатын. Енді корольдің осы заңына байланысты ақсүйектер тарқатылып, барондардың саяси үстемдігі біртіндеп әлсірей бастайды.
Бұдан басқа Генрих VII-ші барондардан артиллерия ұстау құқығын алып тастап, енді артиллерияны тікелей тек өзіне бағындырады. Бірақ корольдің тұрақты әскері болмағандықтан ол тек лейб-гвардиясымен және біршама үлкен арнайы жалданған отрядпен жүретін /18/.
Осы кезде «Жұлдызды палата» — яғни, саяси сатқындық және ереуіл жасағандарға жоғарғы корольдік сот құрылады. Бұл сотқа билль бойынша тіпті жоғарғы шенді адамдар да тартылатын. Сонымен қатар, король администрациясы күшейіп, солтүстік және Уэльс істері бойынша кеңес құрылады. Ал парламент өз жұмысын жалғастырса да, Генрих VII-ші өзінің қаржысын көбейткен сайын одан көмек сұрауды азайтады: соңғы 13 жыл бойы оның басқаруы кезінде парламент тек екі рет жиналады. Жалпы Генрих VII-шінің билігі кезінде қастандық жолмен болса да, саяси және экономикалық прогресс болды және ол өзінің мұрагеріне бай қазынаны және ретке келтірілген мемлекеттік биліктің аппаратын қалдырды.
Сыртқы саясатта ағылшын үкіметі соғыстардан бас тартып, Франция, Испания және Англия арасында «күштердің теңдігін» болуын қалады.
Генрих VIII-ші (1509-1547ж.) таққа отырғаннан кейін өз әкесінің жоспарын жалғастыра отырып, король болып сайланған соң Фердинанд пен Изабелла Испанскийлердің қызына үйленіп Испаниямен одақ құрады да Франциямен әскери күрес жүргізе бастайды. Екі жылдан кейін ол Испания, Венеция және рим престолымен одақ құрғаннан кейін, «Әулие лигасына» бірігеді /19/.
Бұл жағдай 1525 ж. Павиидегі күрестегі испан королінің жеңісінен кейін өзгеріп, оны континенттің үстем етуші жағдайына әкеледі. Осы кезден бастап, Англия және Испания арасында қарама-қайшылық пайда болғандықтан, Генрих VIII-ші Франциямен одақ құруды жөн көреді /20/.
1530 жылға дейін ағылшын үкіметінің ішкі саясатын кардинал Уолси (1515 -1530ж.) басқарып келді. Оның жүргізген саясатының негізгі мақсаты — біршама реорганизациялаудың арқасында корольдің абсолютті билігін нығайту. Ал маңызды рольді король өзі шенеуніктер мен феодалды ақсүйектер арасынан сайлаған король кеңесі атқарады. Бұл кеңестің құрамы тұрақты болатын. Кеңес бірнеше комитеттен құрылатын, және осы комитеттер мемлекетті басқаруды жүзеге асыратын. Генрих VIII-ші кезінде парламент корольге көмектесе отырып, біршама көп жиналатын.
Кардинал Уолсидің салықты көбейту идеясы қауым палатасының наразылығын тудырып, ал оның міндетті алым-салық төлеткіздіру әрекеті жағдайды одан сайын нашарлатады. Халық арасында да осындай әрекетке қарсы қозғалыстар туындайды. Осының барлығы 1523-1524 ж. Кардинал Уолсидің позициясын әлсіретеді. Біраз уақыттан кейін, кардинал Уолсиді қолдап отырған жаңа дворяндар мен буржуазия арасында оған қатысты сенімсіздік туа бастайды /21/. Ол Тюдорлар билігін нығайту үшін және осыған байланысты туған әлеуметтік қарама-қайшылықты басу мақсатымен, қоршау саясатына қарсы шаралар қабылдап, шаруаларды қинап жатқан жаңа дворяндар мен капиталистік фермерлердің құқықтарын біраз шектейді. Тек осы жағдайдан кейін халық арасындағы наразылық біршама тоқтайды.
20ж. Уолсидің жағдайы нашарлайды, ондағы себебі Англия өзінің сыртқы саясатында Франциямен жақындасу үшін Испаниямен, яғни жалпы Габсбургтермен халықаралық қатынастарын үзу керек болды. Ал Испаниямен қарым-қатынасты үзгеннен соң, ол міндетті түрде рим папасының билігіне бағынушылықтан шығу керек болды. Сонымен қатар Габсбургтермен қатынасты үзудін және рим папасына бағынбаушылықтың сылтауы ретінде, ол Екатерина Арагонскаямен некесін заңсыз деп жарияламақшы болады. 1529 ж. Король Екатерина Арагонскаямен некесін заңсыз деп жариялауды талап етеді. Бірақ Уолси басқарған легат комиссиясы некені заңсыз деп жариялау ісін кейінге қалдырған соң, оның саяси жағдайы нашарлай бастайды: біріншіден ол сарайды қалдыруға міндеттеліп, кейін қамауға лондондық Тауэрге алынады. Осы жолда ол қайтыс болады. Ал оның орнына корольдіктің канцлері «Утопияның» авторы Томас Мор келеді. Бірақ ағылшын реформациясының басталуына байланысты өз орнынан босатылып, мемлекеттік опасыздығы үшін жазаға тартылады. Одан кейін 1532ж. Томас Кромвель мемлекеттік басқаруды өз қолына алып, орталық билікті барынша нығайтумен айналысады. Ол барлық қаржылық және корольдің баспасөз ісімен айналысып, оның бас секретарі бола отырып, жоғарғы мемлекеттік орган деп саналатын «Құпия кеңесті» басқарып, оның өзінің үлкен шенеуніктен штаты құрылған. Оның маңызды атқарған ісінің бірі — қаржылық ведомствалармен администрациялық реформалар /22/.
Рим папасымен байланыс үзілген соң, король шіркеулерді жауып, олардың жерлерін тартып алып, өз пайдасын арттыра бастайды. Осындай антикатоликтік саясат арқылы ол Испаниямен байланысты үзіп, Англияда реформация жасап, шіркеу мүлігін толығымен өз қолына алады. 1529 ж. — 1536ж. Жиналыс жасаған парламент бірнеше акт қабылдап, («Акт о верховенстве» 1534ж.) корольді ағылшын шіркеуінің басшысы деп тағайындап, Рим мен Англия арасындағы байланыс үзіледі.
Генрих VIII-ші билеген кезде саяси және конституциялық нәтижелерінің маңыздылығы зор болды. Ол лордтар палатасынан епископтарды алып тастаған соң бұл органды ақсүйектердің органына айналдырады. Сонымен қатар ерте кезден орнатылған мемлекет пен шіркеу байланысын тоқтатып, ұлтшылдықты дамытады. Генрих VIII-ші басқаруы барысында ағылшын абсолютті монархиясының белгілері анық байқала бастады.
Эдуард VI-шы 1547ж. таққа отырған кезде, ол он жасар бала болатын. Ол Генрих VIII-шімен оның үшінші әйелі Джейн Сеймурдің баласы болатын. Эдуард VI-шы өзінің кәмелеттік жасына жетпегенінше оның әкесінің інісі герцог Сомерсет «корольдіктің протекторы» міндетін атқарып, бұл лауазымда 1550ж. дейін отырады. Сомерсеттің Англия мен Шотландияны біріктіру идеясы сәтсіз болып, тіпті шотландықтарды өзіне қарсы қояды. Ол Шотландияға басып кіріп, Пинки-клейде жеңіске жетсе де, бұл істен басын тартуды жөн көреді. Осы кезде Шотландықтарға көмекке француздар келіп, Мария Шотландская мен Франция дофині өзара неке құрады. Сомерсеттің ішкі саясаты да сәтсіздікке толы болған. Әлеуметтік және экономикалық жағдайды жақсарту талпыныстары керісінше оны әлсіретеді. Ал 1550ж. ол кеткен соң Эдуард VI-шы басқаруы кезінде граф Уорвик мемлекеттік істермен айналысады. Бірақ Уорвик жас корольдің өлетінің біле тұра таққа Марияны отырғызбас үшін, 1553ж. өзінің ұлына Генрих VII-нің кіші қызының немересін Джейн Грейнді үйлендіреді. Алайда бұл ойы сәтсіздікке ұшырайды.
Эдуард VI-шы басқарған кезде Англияда Реформация жаңа қарқынмен дамып келе жатқан. Англия тарихында бірінші рет доктриналар мен христиан діні заң жүзінде іске асырылады. 1549ж. жалпы сыйыну туралы кітапты міндетті түрде пайдалану шешімі қабылданады. Бұл кітап католиктік текстен тұрған. 1552ж шыққан сыйыну кітабында континенталдық реформаторлар бағыты туралы жазылған. 1553 ж. Эдуард VI-шы 6 шілдеде 16 жасар король болып қайтыс болады.
Эдуард VI-шы қайтыс болған соң жаңа ақсүйектер католичка Мария Тюдордың таққа отыруын болдырмас үшін, мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырмақшы болады. Алайда ол 1553ж. 19 шілдеде Лондонда королева деп жарияланады. Жаңа королева ескі дінді қабылдай отырып, шығыс графтігтерде реформа жүргізіп олардың көмегін өзіне қамтамасыз етеді. Ол Эдуард VI-шы кезіндегі епископтарды қайтадан приходқа алып, ал олардың орның алып отырғандарды өздерінің орындарынан босатады. Сонымен қатар Мария реформаторларды Англиядан қуады, ал жаңа дінді қайта қабылдағандарға ешқандай зорлық-зомбылық жасамайды. Парламенттік акт бойынша Эдуард VI-шы қабылдаған діни шешімдерді өзгертеді: сыйыну кітабындағы священниктерге неке құру құқығына және епископтерді патент беру арқылы сайлауға тыйым салады. Генрих VIII-шінің соңғы дәстүрлі өмір сүру салтына көшу барлық жерде жүргізіледі. Бұл кезде оппозиция болған, бірақ қоғам ескі тәртіпке өтуге қарсы шықпаған. Алайда кейін папа билігінің орнауы және оларға жерлерді қайтарып беру мәселелері үшін халық арасында толқулар басталады. Жалпы осы Мария Тюдордың ең үлкен қателігі – Филипп Испанскиймен неке құруы. Өйткені, осы неке құру туралы хабарлама, халық көтерілісіне әкелді. Көтерілісшілердің негізгі күші Лондонға жылжып келе жатқанда королева оны тоқтата алған. Осыдан кейін Мария өзінің саясатын қатаң жүргізе бастайды. 1554 ж. оның некесі заң жүзінде қабылданады. Ал папа билігінің рухани юрисдикциясының көтерілісі оның наразылығын одан сайын өрістетеді. Енді осыған байланысты Үшінші парламент еретиктерге қарсы заң қабылдап, (1528ж.) Англияда папа билігінің кеңеюіне тыйым салады. Бұл заңдарды жүзеге асыру үшін бұрын шіркеулерге қатысты болған жерлерді тиіспеуге үәде беру керек болды. Алайда бұл шаралар керісінше оппозицияны күшейткеннен кейін, Мария Тюдор репрессия жолына түседі. Сонымен қатар оның сәтсіз болған некесі Англияны Франциямен соғысқа әкелген: 300 еретик өрттелінеді, королева авторитеті түсіп және экономикалық әлсіздікке әкеледі. Сөйтіп, 1558 ж. 17 қарашада Мария Тюдор қайтыс болады /23/.
1.2 Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі
Мария Тюдор қайтыс болғаннан кейін, Генрих VIII-ші мен Анна Болейннің қызы Елизавета Тюдор (1558-1603ж.) таққа отырады. Елизавета I-нің билігі ағылшын абсолютизмінің дамуында кульминационды пунктке айналған. Осы кезде абсолютті монархиямен жаңа дворяндар және буржуазия арасында келіспеушілік қарқынды түрде дамып жатты /24/.
Елизавета билегенде Англия толығымен аграрлы ел болған. Халықтың көп бөлігі: 4,5 млн. адам деревняларда тұратын. Жалғыз ірі қала Лондон болатын. Оның тұрғындарының саны 1534 – 1660 ж. 8 есе көбееді (60 мыңнан 460 мыңға дейін). Осыған байланысты Англияда шаруашылық өмірдің интенсивті түрде дамуы қарқынды жүреді. Ол негізінен аграрлы облыстарда байқалынды. Сонымен қатар Тюдорлар реформалары «ақшалы адамдардың » қолына, яғни джентрилерге көптеген жерлер бөліп берді. Нәтижесінде кедей шаруалар өздерінің азық-түліктерінен және жерлерінен айырылады. Деревняларда жерлердің ірі капиталистік арендасы таралады, және феодалды тәртіпке бағынбаған фермерлер көбее түседі.
Елизавета I-ші таққа отырғаннан соң, оның үкіметі ағылшын шіркеуінің құрылымын қайта өзгертті. Яғни, ағылшын королі басқарған Римге тәуелсіз ағылшын шіркеуі қайта құрылады. Бұл шіркеуде епископтер корольге бағынатын болды. Өзінің догматтық негізі бойынша католиктік шіркеуден айырмашылғы аз болған. Ал жаңа катехизистің нақты белгіленбегені үшін, оның мән-мағынасы әртүрлі түсіндірілетін /25/.
Королева шіркеу істерін реттеу және республикаландыру тенденцияларын жою мақсатымен, оның үкіметі Кальвиннің ілімі бойынша реформацияның жақтаушыларымен үнемі күрес жүргізіп отырды. Швейцар реформаторы Жан Кальвиннің (1509-1564ж.) европалық буржуазияның мүддесін көздеген протестантизмнің ең радикалды түрі болған. Кальвиннің негізгі идеясы – адамзатты қорғау ілімі. Яғни қорғауға тек құдай таңдаған адамдар алынады деген. Негізгі мәнге кальвинистік шіркеудің республикандық ұйымы иеленіп, оның пасторлар мен старейшиналарын оларға сенетіндермен сайланатын. Жалпы осы кальвинизм бірінші қорлану кезеңіндегі буржуазияның дініне айналады.
XVIғ. 60ж. протестанттар-кальвинистер Англияда «пуритандар» (purus – таза) деп аталына бастайды. Пуритандар қатарына білімді, рухани адамдар жатады. Оларды жаңа дворяндар мен буржуазияшылдар қолдаған. Осы пуритандардың идеологы және басшысы Картрайт старейшиналармен қауым мүшелерінің бай ақсүйектерінен тұратын шіркеулік одақты құрғысы келді. Сол себептен Картрайттың жақтаушыларын пресвитариандар деп атаған. Пуритандардың сол жақ қанатын Браун басқарған. Ол ағылшын шіркеуінен толық тәуелсіздікті, қауымның дінбасыларының дербес іс-әрекет етуін талап етті. Ал оның қол астындағылары индепенденттер деп аталған /26/.
Елизавета кезіндегі пуритандармен күрес XVI ғ. 90 ж. қарқынды дамып, көптеген пуритандықтар сотқа, жазаға тартылынған. 1593 ж. статут бойынша пуритандарды қудалаушылыққа ұшыратып, нағыз пуритандарды өлім жазасына тартады. Пуританизм осы кезге қарай дамып келе жатқан буржуазды оппозицияның туына айналғаннан кейін үкімет бұдан үрейлене бастайды /27/.
Королева өзінің әкесі сияқты компитентті кеңесшілерді таңдауға шебер бола тұра қоғамның позитивті көзқарасына иеленуді жөн көрді. Ал діни сферада өзінің алдындағы корольдердің саясатын қайталамады. Епископ орындарына және Кентерберий архиепископ орындарына вакансияны онымен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүргізгісі келген қалыпты дінбасыларына берді. Сонымен қатар Елизавета парламент заңды өзгертпегенінше латын әдет-ғұрыптарын сақтаған. 1559ж супрематия туралы акт Генрих VIII-ші кезінде қабылдаған актіні бекітеді: Эдуардтың «жалпы сыйыну туралы кітабына» дінге консервативті сенушілерге жағымды болатын бірнеше өзгертулер енгізіп, біркелкі актісін қабылдайды. Алайда көптеген компромистердің себебінен оның саясаты қоғамды толығымен қанағаттандырмаса да кейін халықтың көпшілігі оны қабылдайды. 1570 ж. Папа булласы королеваны және оның қызметкерлерін коронаға сенімділігінен босатады. Королеваны таққа отыруға құқығынан айырған соң, осыған байланысты парламент акт қабылдағанда католиктердің Англияда жағдайы нашарлай бастайды.
Елизаветаның билігінің бірінші жылдарында оның оппозициясы әлсіз болады, бірақ 1569 жылы солтүстікте Ағылшын ақсүйектерінің король билігіне қарсы көтерілісі болады.
Сыртқы саясатта Елизавета Франция және Испания арасында бәсекелестікті қарқынды жүргізді. Ол кейде өзі француз гугеноттарына, голланд кальвинистеріне көметектесті, ал кейде өзінің қызметкерлеріне көмек беруге міндеттеді. Оның бұндағы мақсаты тек протестантизм басына отыру ғана емес, көтерілістерді қолдау арқылы Францияның және Испанияның жағдайын нашарлату.
1568 ж. тақтан бас тартқан Мария Шотландская Англияға келіп Елизаветадан көмек сұрайды. Себебі шотланд лорд-пресвитариандары абсолютизмнен және католицизм дінінің орнауынан қорқып 1567ж. Мария Стюартқа қарсы көтерілісті ұйымдастырады. Филипп II Испанский және рим папасы Англияға соғыс жариялауы үшін көптеген себебі болған. Себебі теңіз ұрлықшылары Елизаветаның атынан испан-американ порттарын, испан коронасынан алтын толған кемелерді тоңаған және ағылшын әскерлері Голландияда Вильгельм Оранскийдің жағында Филиппке қарсы соғысып жатқан. Сонымен қатар Англияның да Испанияға претензиялары болған. өйткені, Филипп агенттері Елизаветаға қарсы қастандықтар ойластырып, Ирландиядағы көтерілісшілерге көмек көрсетіп, антиабсолютистік қозғалыстарды жандандырып отырған.
1587ж. ағылшын-испан соғысы барысында елде феодалды-католиктік топтардың реакционды істері жандана түседі. Олар Мария Стюартты босатып, ағылшын королевасы етіп сайламақшы болады. Бұл идеяны Филипп II Испанский қолдайды. Сөйтіп, католиктік государьларды Англияға қарсы қойып, антиабсолюттік қозғалыстарды қолдап, Мария Стюарттың Англия тағына претензиясын жүзеге асыруды жөн көрді. Бірақ бұны білген Елизавета I-ші осыған қарсы алдын-ала шаралар қолданып, Испаниямен соғысты бастатпас үшін, Елизавета Марияны мемлекетке опасыздық жасады деп, 1587 ж. 8 ақпанда жазаға тартады /28/.
80ж. ағылшын-испан соғысы жаңа фазаға өтеді. Бұл кезде Нидерланды революциясы оның өзіне үлкен азап шектіреді. Ол Испаниямен соғыс барысында өзіне одақтас мемлекетті іздеп, Англиядан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сөйтіп 1585 ж. Нидерландыға ағылшын әскері жіберіледі. Осы кезден бастап, Англия және Испания арасында ашық соғыс басталады. Шынында да Елизавета Нидерландының революциясына көмек бергісі келмегендіктен, Филипп II Испанский Англияға соққы беруге дайындығын жақсы атқарды.
134 транспорттық кемелерден құрылған испан Армадасы 1588ж. Англияға қарсы жорық жасайды. Ал кемеде Англияны басып алуға жіберген 22 мың солдат, 8766 теңізшілер, 2088 құлдар, 300 дінбасылары болған. Ағылшын үкіметі соғысқа нашар дайындалған болатын. Осыған қоса 1587ж. урожай төмен болып, нанның бағасы жоғарылай бастаған. Ағылшын королевасының шетелдерден кредит алу мүмкіндігі болғанымен, 1587-1588ж. банкирлер оған көмектесе алмай, Англия тек өзінің ресурстарын ғана пайдаланды. Ал ағылшын көпестері ол кезде нашар халде болғандықтан, жеткілікті субсидияны бере алмаған /29/.
1588 ж. Англия испан Армадасына тойтарыс беру үшін, өзінің флоттарын, әскери отрядтарын дайындай бастаған. Король флоты тек 34 кемеден, 6 мың адамнан тұрған. Бірақ ағылшын жаңа дворяндары және буржуазияшылдары Англияның қорғанысын ұлттық мәселе деп, өз қаржыларымен мемлекеттік қызметке көптеген кемелерді жібереді.
Шілде айында Армада Англияға жақындап, Ла-Маншқа кіреді. Ал ағылшын теңізшілері адмирал Говардтың бұрығымен Армаданы бұғазға кіргізеді. Ал Елизаветаның әйгілі пираттары және теңізшілері Гоукинс, Дрейк, Фробишер Каледа Армаданы аңдып, маңызды күрестерге шықпай, ұсақ соқтығыстар жасап, тек 28 шілдеде қарсыластар Каледа кездеседі. 140 кемелері болған ағылшындар түнде испан флотына 6 кемені жібереді. Осы кезде испандықтар қатты үрейленіп, бірнеше кемелері жанып, біразы өзара соқтығысқан. Келесі күні болған теңіз қақтығысында испан флоты үлкен зардаптар шегеді. Жолда абайсыз болған теңізшілерге ағылшындар күшті тойтарыс береді. Одан кейін испан кемелері Каледа рейдке тұрған соң басталған боранның себебінен Солтүстік теңізде кемелердің жартысы батып, қалғандары теңізде жоғалып, Шотландия мен Ирландияның тасты жағалауларынан табылады. Негізінен, Испанияға кемелердің тек 1/3 бөлігі оралады. Бұл соғыс Елизавета билігінің соңына дейін созылады, бірақ Армададағы испан жеңілісі Англияны Испанияның қауіп-қатерінен арылтады.
Ағылшын-испан күресінде Армаданың құлауы, Испанияның теңіздегі үстемдігінің әлсіреуіне әкеледі. Испания және Англия арасындағы өзара бақталастық Англияның жеңісімен аяқталады. Алайда Филипп II-шімен теңіз күресі арықарай жалғасады /30/.
70-80 ж.ж. қауым палатасындағы пуритандар конфликтілеріне қарамастан, үкіметпен парламент сыртқы және ішкі саясатты қайтадан біріге отырып, жүргізе бастайды. Елизавета Тюдор жаңа дворяндардың, буржуазияның мүддесін қанағаттандыру үшін, сауда мен өнеркәсіптің жақсы дамуы үшін, халық көтерілісінің болдырмау үшін барынша қызмет еткен. Абсолютизм елдің арықарай дамуы үшін барлық алғышарттарын дайындады. Осыған байланысты абсолютизмнің келесі негізгі белгісі анықталған: абсолютті монархияның шарықтаған кезіндегі парламенттің сақталынуы.
Өкінішке орай, 90ж. бұл жағдай өзгеріске ұшырайды. Жақсы нығайған капиталистік элементтер дербестікті талап ете отырып, олардың коронамен мүддесі қайшы келе бастаған. Дәл осы кезде тұрақты әскері болмаған ағылшын монархиясының позициясы әлсірей бастайды.
Жалпы Тюдорлардың берік және орталықтанған мемлекеттік аппарат құру талпыныстары, әбден жетілген мемлекетке жеткізбеді. Тіпті XVI ғ-да да королевада оған мүлтіксіз бағынатын бюрократиялық аппараты болмады. Парақорлық және қазынаны тоңаушылықпен қатар, графтіктерде шенеуніктердің лауазымын жергілікті жаңа дворяндар атқарған. Сонымен қатар корольдің барлық бұйрықтары шенеуніктердің өзінің мүддесіне сәйкес болғандықтан ғана атқарады. Елизавета өзінің кеңесшілерін жақсы таңдай алғандықтан Берлей, Николай Бэкон, көпес Томас Грешем сияқты абсолютизмнің жақтастары пайда болған. Ал Уолси басқарған шпионаж және информация жүйесі Елизаветаға жақсы көмек болып, ол Европа және Англияда болып жатқан істері туралық керекті мәліметтер жинап отырды. Сонымен қатар Томас Грешемді король қаржысын жақсы басқарғаны үшін, оны «көпестер королі» және королеваның қаржылық кеңесшісі деп атаған.
Бірақ Елизавета билігінің екінші жартысында сановник Роберт Сесиль және атақты философ Фрэнсис Бэкон кезінде мемлекеттік аппарат оның қол астынан шығып, монарх еріктігін орындаудан бас тартады. Енді бұны реттеу үшін королева «фаворитизм» жүйесін қолданады. Егер Елизавета билігінің бірінші жартысында Лейстер сияқты фавориттер оған тек тікелей бағынатын болса, екінші жартысында олар королеваның кеңесшілеріне айналып, маңызды рольді атқарған. Ал сэр Уолтер Рэли, Эссекс кейде королеваға қарсы шығып, сыртқы саясатты өз беттерінше жүргізеді. Елизавета билігінің соңғы периодында сол кездегі абсолютизмге тән болған сипатта фавориттердің королеваға ықпалы күшее түседі /31/.
90ж. ортасынан бастап парламентте буржуазды оппозицияның королеваның монополиялық патенттерді беру саясатына қарсы наразылық туады. Осыдан бұрын да тюдорлық үкімет сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарына практика ретінде монополиялық патенттер берген. Егер XVI ғ. ортасында бұл шара буржуазиялық дамуға көмек ретінде болса, XVI ғ. аяғында керісінше мұндай монополиялар елдің экономикасын тежеп, еркін капиталистік дамуға кедергі болады. Сонымен қатар бұған буржуазия да қарсыласады, өйткені монополиялық патенттер негізінен фавориттерге және сарай қызметкерлеріне берілген. Ал 1601 ж. қауым палатасы монополия мәселесін, талқылауды талап етеді. Королева және парламент арасында осыған байланысты конфликт өрістеп, Елизавета монополиялық патенттерді тарату туралы бұйрығынан бас тартады, бірақ формальді түрде бұл жағдай өзгерген жоқ. Елизаветаның билігінің соңғы периодында парламент тәуелсіздікке ұмтылады, ал Лондон тұрғындарының королеваға деген қатынасы өзгереді. Осылай Елизаветаның әйгілі істері Эссекстің арқасында жоққа шығады.
Сонымен қатар Ирландияны қайта жаулап алу жүзеге асырылады. Бұл жарты ғасырға созылған күрес оларға ауыр тиеді. Осы кезде Англияның сыртқы және ішкі істері көптеген жетістіктерге жеткен. Жалпы осы королеваның билігі ағылшын «Қайта өрлеуінің» шарықтау шегі болып саналады. Бірнеше қателіктерге қарамастан бұл кезең – «ұлы істер дәуірі » деп аталады.
- тарау. Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын абсолютизмі.
2.1. Стюарттар абсолютті монархиясының кризисі
Ағылшын абсолютизмінің кризисі XVI ғ. 90 ж. Елизавета билігінің соңғы жылдарында байқалына бастады. Алайда бірінші Стюарттар кезінде ол ішкі және сыртқы саяси бағыттың анықтаушы факторына айналды. Абсолютизмнің формалары және билік тәсілдері неғұрлым әсерлі болған сайын, соғұрлым ол әлсірей бастады және Стюарттардың өзара бақталастығы өрістей берді. Яғни олардың тек корольдің ғана ешбір парламентсіз, сословиялық өкілдердің қатысуынсыз заң шығару тілегін жүзеге асыру әрекеттері абсолютті монархияның жүйесін реакционды сипатқа әкеліп біраз әлсіретеді. Ал неғұрлым таптық күрес өрістеген сайын, соғұрлым қоғам феодалдық құрылысқа біріге бастады: феодалды лордтар, шіркеулер, сарай қызметкерлері.
Елизавета қайтыс болғаннан кейін корона Яков VI Шотландскийге өтеді. Шотландияда ЯковVI-шы ретінде әйгілі болып, Англияға келгенде өзін Яков I-ші деп атайды.
Екі дінге де сенушілер Елизаветаның компромисстік саясатына қарсы болған: католиктер – себебі королева дінге тым терең араласып кетті, ал пуритандар – себебі королева оларға қатысты ешқандай дұрыс деп саналатын саясат жүргізе алмады. 1604 ж. Хэмптон-корттегі кеңесте пуритандар ағылшын шіркеулерін реформациялауға және шотландық шіркеулермен жақындастыру идеясын ұсынады. Алайда олардың бұл ұсынысы ешкімнен қолдау таба алмайды. Бірақ король арнайы комиссия құрып, бұл комиссия Библияның (Яковтың версиясы бойынша) жаңа аудармасын бастап тек 1611ж. бітіреді. Бұл кеңесте король өзіне пуритандарды жақындату мүмкіндігін жоғалтып алады, ал олар болса оның оппоненттеріне қосылады. Ал рим католиктерінің жағдайы 1605 ж. «Порохтық құпия келісімінен» кейін елизаветалық заңдардан айырылу мақсатына мүлдем жетпейді. Сонымен қатар, король Англия үшін католицизм – ағылшын еркіндігін шектейтін дін деп санаған /32/.
Ол Европаның абсолюттік монархтарына қызыға қарап, Англияда да сондай корольдің абсолютті билігін орнатуды армандаған. Яковтың алдында тұрған екінші мәселе – корона және парламент арасындағы қарым-қатынас. Тюдорлармен парламент арасында конфликт туып отырса да, олар парламентке өз шешімін қабылдата алған. Яғни бұл халық мүддесін қанағаттандырғаннан кейін жүзеге асырылатын. Бірақ Елизавета билігінің соңғы жылдарында парламент королеваға бағынудан бас тартады. Өйткені Елизавета ішкі сыртқы қорғанысты орнатқан соң автократиялық режимді қажет етпеген. Ал Яков болса бұны түсіне алмады. Керісінше ол король билігін құдай жаратқан деген ойға барынша сендіруге тырысып, парламентті қосымша институт ретінде қарастырған.
Ағылшын абсолютизмінің кризисінің ең анық байқалған кезі – осы король мен парламент арасында конфликттің пайда болуы: король субсидияларын қолдамау, парламенттердің сессияларының азаюының нәтижесі корольді қаржылық тапшылыққа әкеледі. Сонымен қатар парламент корольдің жүргізген саясатына қанағаттанбай, оны қатты сынауға алады. Яковтың осындай абсолютистік істеріне буржуазия және буржуазияланып келе жатқан дворяндардың мүддесін көздеген парламент депутаттары оның саясатына толығымен қарсы болады. Себебі ол парламенттің келісімісіз салық жинамақшы болғанда парламент өзінің салықты бекіту құқығын пайдалана отырып, король билігін шектеу мақсатымен оған қысым жасай бастады.
Парламент Яков ұсынған Англияның Шотландияға бірігу және корольдіктер арасында еркін сауда жүргізу идеясына қарсы шығады. Корольдің баж салығын жоғарлату туралы жобасын сот мойындаса да, 1610 ж. парламент оған қарсы болады. Король табыс туралы мәселе бойынша компромисске келмегеннен кейін, парламентті таратып жібереді. Он жыл бойы парламент болмай, тек 1614ж. жиналғанда, екі ай бойы ол ешқандай мәселені шеше алмады. 1612ж. бастап оның кеңесшілері фавориттер болғанда, қауым палатасы оған өзінің сенімсіздігін білдіреді. 1621 ж. парламент және король арасында «Отызжылдық соғысқа» байланысты өзара келісушілік те болмаған. Яковтың Испаниямен достық қарым-қатынас құру жоспары сәтсіздікке ұшырағанда, Франциямен одақтасу идеясы да дәл осындай жағдайға ұшырайды /33/.
Яков жалпы таққа отырғаннан кейін абстрактылы абсолютті монархиясының теориясын түсінді, бірақ оның тарихи шарттық спецификасын жүзеге асыра алмады.
Англияның үстем етуші таптары және парламент католиктік Испанияны теңіз және отарлық қарсыласы ретінде көреді. Осы себептен Яковтың сыртқы саясаттағы бірінші әрекеті халықтың оған күмәндігін туғызды. Ол таққа отыра салып, Испаниямен тез арада одақ құруға асықты. Испанияның Армададағы жеңілісін пайдаланып, ағылшын буржуазиясына қолайлы жағдай туындату идеясы оның ойына келмеді. Сонымен қатар феодалды-католиктік Испаниямен жақындасу саясаты Англияның жаңа қоғамдық қатарының қызығушылығына қайшы келсе де, үкімет пен феодалды дворяндар реакционды абсолютистік Испаниямен одақ құруға әрекет жасаған. 1614ж. Яков өзінің ұлы Карл мен испан инфантасы арасында неке құру туралы келіссөз жүргізе бастайды. Бұл неке оның ойынша корольдің қаржылық жағдайын ретке келтіріп, біраз уақыттай қаржы ісің парламенттен дербес жүргізуге мүмкіндік береді. Осы ағылшын-испан одағын құрудың тағы бір мақсаты – Англияда абсолютистік тәртіптің орнауы.
1618ж. Германияда Протестанттық уния және Католиктік лига арасында Отызжылдық соғыс басталғанда, ағылшын үкіметі Протестанттық унияға басынан көмектесуді ойластырмаған. Себебі, егер Отызжылдық соғыста австриялық және испан Габсбургтері басқарған феодалды-католиктік топтарға қарсы шыққан протестанттардың жағында күрессе, Англияға Испаниямен қарым-қатынасты үзу қаупі төніп тұрған. Бірақ 1623ж. келіссөздер тоқтатылғаннан кейін Англия Испанияға қарсы теңіз соғысын жүргізіп, «Жаңа әлемдегі» отарларын тартып алудың орнына, үкіметтің шешімімен Франция және Голландиямен жақындасу үшін континенттегі соғысқа араласып кетеді. Ал Франциямен одақ жалпы династиялық, яғни Карл және француз принцессасы Генриэтта-Мариямен некесі негізінде құрылатын болған. Франциямен жақындасу және Рейнге 12 мың ағылшындарды жіберу Карлдың сыртқы саясаттағы соңғы әрекеті болды.
Яковтың және Карлдың басқару тарихы – биліктің кризисінің жоғарғы шегімен айқындалады. Жалпы осының барлығы Англияда революцияның алғышарттарына әкелді. Яғни бұл революцияның екі себебі болған : біріншісі – осы кризистің құжат ретінде халық арасында таралуы, екіншісі – төменгі таптың нашар халінің өзінің апогейіне жетуі. Яковтың парламентінде одақтас-таптың бағдарламасы негізінен XVII ғ. буржуазиялық революцияның ортасында дайындалғандықтан, К.Маркс Яковтың билігін «революция прологы» деп атаған. өрістеп келе жатқан революцияның себебінен парламенттің алдында келесі жағдай туындайды: парламенттің ішіндегі өзара қырқыстың сыртқы ортаға қандай әсері болмақ? Парламент негізінен критикаға алынатын болса, парламент критиктерге өзінің қаруын шығарады. Бірақ негізгі айырмашылық бұнда емес. Парламенттегі күрес негізінен капиталистік даму, таптар мүддесі аясында болса, парламенттен тыс күрестер осы мәселелерді жүзеге асырылмағандықтан болады. Тек корольдің агенттерінің заңсыздығына қарсы жек көрушілік ортақ болады. Нақ осы себептен парламенттік оппозицияны «жалпы халықтың мүддесін» білдірушілер деп атаған. /34/
Осындай төрт негізгі мәселе абсолютизмнің әлсіреуінің негізгі себептері болып табылады: 1) елдің дәстүрлі конституциясын талқылаумен байланысты туатын күрес, 2) үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатының сынға алынуы, 3) католиктік қауіпке қарсы реформаларды соңына дейін жүргізу үшін күрес 4) Яковтың сыртқы саясатына байланысты, корольмен парламент арасындағы келіспеушілік.
Яковтың қаржы саясатының да өзіндік ерекшеліктері бар: яғни коронаның бұрынғы феодалдық құқығы бойынша парламенттен дербес қаржыны реттеу істерін жүргізу. Бұл ерте кездегі реакция елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен сай келмей парламент соттарына қатты қауіп төндірген. Енді осыған байланысты «Үлкен келісім туралы парламенттік меморандум» қабылданады. Осы меморандумда революцияның одақтас-таптарының аграрлы бағдарламасы шығады. Парламент корольге біруақыттылық жаппай сатыпалушылықты ұсына отырып, рыцарлық жерлердің және оған жақын жерлерді еркін сокеджге, яғни жериеленушілердің жекеменшігіне айналдыруға талап етеді. Бұл жоба – дворяндардың пайдасына қарай жериеленушіліктің феодалдық тәртібін жою туралы бірінші жоба болған. Жалпы бұл меморандумды революцияның аграрлы заңшығарушылық негізіне жатқызды. /35/.
1621 ж. монополияның 700 түрі болған. Ол кезде тек нанға ғана монополия болмаған. Монополиялар жүз мыңдаған ағылшындардың өмірімен тікелей байланыста болып, тікелей әсер еткен. Монополиялық жүйе әрбір кәсіпорындық және сауда қызметтерін толық бақылауға алып, ұсақ ауытқуларға үлкен штрафтар салып, ағылшын экономикасына ауырлатты. Ал парламенттен тыс қазынаны байыту шаралары қазынаны емес, керісінше монополиялық патенттердің иеленушілерін байытқан. 1630 ж. монополиялар қазынаға жылына 100 мың фунт стерлинг беретін. Ал нақты айтқанда бұл ақша соммасы монополияшылдардың өз қалталарына салған ақшаның аз ғана мөлшері болып табылатын. Әрине осындай жаппай халықты тоңаушылық, елде наразылық туғызды. 1624 ж. парламенттің қабылдаған декларациясында монополиялар корольдіктің «негізгі заңына қайшы» келеді деп жазылғанына қарамастан, Яков та, оның мұрагері де монополиялық патенттерді сатуды жалғастыра берді. Енді осыған байланысты туындаған экономикалық нәтижелер туралы Кокейн өзінің жобасында қабылдайды. Мысалы, «Голландияға боялмаған «маталарды» шығару Англияға қымбат және тиімсіз болады, себебі голландықтар оны бояп толығымен бітірген соң, Прибалтикаға үш есе сатады» — деп, Кокейн Яковқа боялмаған маталарды экспорттауға тыйым салғыздырады. Осыдан кейі Кокейн жыл сайын қазынаға 300 мың фунт стерлинг түсіре аламыз деп ағылшындарды қызықтырып, боялмаған маталарды авантюрист-көпестерге шығарпай, голланд делдалділігісіз тікелей Прибалтика елдеріне экспорттауды бастайды. Бірақ Голландия Англияға дайын маталарды шығаруға тыйым салып Прибалтикаға тасымалдайтын кемелердің санын азайтады. Бұл шешім ауылшаруашылық аймақтарына ауыр тиеді,өйткені өндірілген тауарлар сатылынбай, Кокейннің бұл жобасы оларды банкротқа ұшыратады. Нәтижесінде Англия Голландия арқылы боялмаған маталарды Прибалтикаға шығара бастайды.
Ағылшын абсолютизмі өзінің кризистік фазасына түскеннен кейін, абсолюттің монархтың жақтастарының саны күрт азаяды. Себебі абсолютизмнің өзінің принциптерінен бас тартуы, өзінен бас тартуымен тең болған. Ал келесі фактор – ол «жаңа дворяндардың» позициясының буржуазия позициясына сай келіп олардың бірігуі. Нәтижесінде Стюарттардың ықпал ету диапазоны кішірейіп, екі тапты өзара карсы қою мүмкіншілігі жойылады. Сонымен қатар Тюдорлар дәуіріндегідей объективті шешімдердің болмауы, саяси климатты ауыр халге әкеледі /36/.
Яков монархияны құдай билігі ретінде көріп, біріншіден ол әулие жазбалардан, екіншіден ағылшын корольдігінің ертедегі құқығынан шыққан, ал үшіншіден ол табиғат заңы деп есептеген. Яғни олар таққа құдайдың ұсынысымен отырғызылып, тек оның алдында ғана жауапты болу керек деген көзқарас орнаған. 1625 ж. 27 ақпанда король қайтыс болады.
2.2 Абсолютті монархияның құлауы
Карл I-ші 1625 ж. таққа отырған соң, әкесінің «корольдердің құдай берген құқығы» туралы идеясын арықарай дамытып, Яковтан басқару шеберлігімен ерекшеленеді. Оның билеген периодының бірінші жартысында король және парламент арасында конфликттің өрістеуі анық байқалынды. 1625 ж. маусымынан 1629 ж. наурыз айына дейін парламент үш рет шақырылып, қайта таратылады. Бірінші парламент корольдің Испаниямен соғысқа сұраған қаржының тек 1/7 бөлігін беруге келіседі. Осыған қарамастан ол Кадиске әскер жібергенде үлкен зардап шегеді /37/.
Сонымен қатар пуритандармен де қақтығысады. Бұл ағылшын шіркеуіне қатысты қозғалыстар парламенттен жақсы қолдау тапты, бірақ Карл бұған күмәндана қараған. Өзінің жақын досын және бас министрді соттан сақтап қалу үшін, 1626ж. парламентті қайта таратып жібереді. Енді елдің негізгі бағыты Франциямен соғыс болады. Ал қазынаны көбейту тәсілдері қоғамның жеке бостандығына үлкен қауіп төндіріп отырған. Сөйтіп Карл алым-салықтар алуға міндетті болып: осыған қол қоймаған, келіспеген тұлғаларды қамауға алатын немесе әскерге жіберетін. Корольдің осындай істері парламенттің наразылығын туғызып, 1628ж. наурызда парламент үшінші рет жиналғанда, король қалыптасқан жағдайды талқылап, парламент оған «құқық туралы петицияны» қабылдау талабын қояды. Бұл петиция бойынша король алым-салық тек парламент оны мақұлаған соң және қамауға алу заң жүзінде іске асырылу қажет делінген. Алайда король «петицияға» қол қойғаннан кейін де оны іс жүзінде атқарған жоқ: оның талабынан бас тартқандар қамауға алынып, жаңа салықтар парламенттің рұқсатысыз жинала берді. Ал парламент бұған қарсы шыққанда ол парламентті таратып жібереді. Екінші сессия барысында ол парламентпен қарым-қатынасты реттеуге әрекет жасағанмен, парламент оған қарсы болғандықтан, 1629 ж. наурыз айында оны қайтадан таратып жібереді. Бірақ осыдан кейін король қаржысыз қалады. Оның қарызы жылдан жылға көбейіп отырса да ол парламентті жинамай өзі басқа жолдарды іздей бастады. Нақ осы жолы оның абсолютті монархиясының тез арада құлдырауына әкелді /38/.
Корольдің жақын кеңесшісі граф Стаффорд басында парламенттік оппозицияның жағында болатын, бірақ паламенттің корольден әлсіз екенін түсінген соң корольдің жақтасына айналады. Оның ойынша егер король шешімді болса ол парламентті жеңіп шексіз билік жүргізгенде король оның көмегін қажет етеді. Осы граф Стаффорд ирландықтардың көтерілісін сылтау етіп, Ирландияның наместнигі болып сайланады. Одан кейін Стаффорд корольдің бұйрығымен әскер жинай бастайды. Ал осы графтың көмекшісі Кентерберийлік архиепископ Иод «еретиктерге» қарсы қатаң саясат жүргізеді. Олар ағылшын шіркеуіне және үкіметке қарсы шыққан пуритан-әдебиетшілерді қуғынға ұшыратып, қамауға алған. Сонымен қатар 1635ж. үкімет король қазынасын көбейту мақсатымен ерте кездегі салықты – кеме салығын жинау туралы шешім қабылдайды. Парламент осы кезден болмағандықтан үкімет оны жағалаудағы графтіктерден ғана емес бүкіл халықтан жинай бастайды. Бұдан бас тартқандарды қамауға алатын /39/.
XVII ғ. 20ж. аяғында елдің экономикалық жағдайы тұрақсыз болады. Европадағы соғысқа байланысты сауда қысқарып, жаппай жұмыссыздыққа өнеркәсіптің стагнациясына әкелді. Ал 1629-1631ж. урожайдың нашар болуы, бұл жағдайды одан сайын әлсіретті. Көптеген графтіктердің судьялары өрістеп келе жатқан қатер туралы хабарлағанда, халықтан үкіметке жағымдар келе бастады. Осыған байланысты 1631ж. Эссекс және Суффолк графтіктерінің жұмысшылары былай жазған «Енді олар өте қиын жағдайда, тіпті нан жетпегендіктен өздерінің құрал-саймандарын, төсектерін сатуға тура келді ». Бірақ XVII ғ. 30ж. қарай экономикалық жағдай біршама жақсара бастады.
Жалпы Карлдың сыртқы саясаты ешбір корольден ерекшеленбейтін. Оның француз-католичкасымен неке құру туралы жайт, бүкіл халықтың наразылығын туғызды. Себебі католиктік дворяндарға реакционды ықпалдың күшею қаупі төніп тұрды. Одан кейін 1627 ж. Англия Франциямен одақтасудан бас тартып, Ла-Рошелидің гугеноттарына көмек беру туралы шешім қабылдағанда қайтадан наразылық өрісі бұрқ еткен болатын. 1629 ж. Англияға Франциямен одақ құруға тура келді. Сонымен қатар Европада шведтік ықпалдың кеңеюінен қорыққан Карл Дания, Швеция және Голландиямен «Отызжылдық соғыста біріге әрекет ету туралы келісімін» бұзып, Балтық теңізінен өз флотын қайта шақырып алып, 1630ж. Испаниямен «Мадрид келісіміне» қол қояды. Англияға бұл соғыс бірнеше зардап шеккіздірді. Герман протестанттары ешбір көмексіз қалды, ал Вест-Индияда ағылшын саудасы туралы мәселе сол күйінде шешілінбей қалды. Ал үкімет болса арықарай сауда буржуазиясының мүддесін көздей берді.
Осының барлығы ағылшын флотына кері әсерін тигізді. Егер Елизавета I-ші кезінде Англияның қолында ең үлкен әскери флот болса, XVIIғ. Нидерландыда, Францияда кемелерді қарқынды жасау басталғанда, Англия артқа қарай шегінді. Мысалы 1558ж. Армадаға қарсы 34 кеме қойса, 1641ж. Англияның тек 42 кемесі ғана болған. Ал ағылшын әскери флотын күшейту үшін қаржы керек болды. Бірақ бұл Стюарттар кезінде мүмкін емес болған.
Англияға Тюдорлардан 1534 ж. құрылған ағылшын шіркеуі жетті. Рим папасы ағылшын дінбасыларын басқарудан айырылып қана қоймай, одан келетін табыстардан да айырылады. Ал ағылшын шіркеулерінің діни басшысы король болады. Осы кезде үкімет монастырьлерді жойып, олардың жерлерін, мүліктерін конфискілеген. Католицизмнің кейбір догматтары болса протестанттықтарға ауыстырылды. Бірақ шіркеу аристократиялық, яғни жоғарғы таптың мүддесін көздейтін болып қала берді. Жаңа шіркеуде діни наным-сенімдер ағылшын тілінде болды. Дінге сенушілерге неке құруға рұқсат берілді /40/.
Екінші периодта Карл жалғыз өзі шексіз билік жүргізді. Ең басты мәселе салық жинау болып қала берді. Яғни салық негізінен жоғарғы таптардан жиналғандықтан, король олардың қолдауынан айырылып қалды. Қаржылық және шіркеулік саясаты қоғамның жаппай наразылығына әкелді; бұл периодтың соңы Шотландиядағы оқиғаның себебінен аяқталды. Шотландия шіркеулерінде ағылшын үлгісі бойынша дінге табыну әрекеттері, шотландықтардың ұлттық сезімдеріне және діни наным-сенімдеріне қайшы келді. Осыған байланысты ағылшын парламентті 1640 ж. сәуірде жиналып, 23 күннен кейін ешқандай ортақ шешімге келмегендіктен қайта таратылып жіберіледі. Ал осы кезде шотландықтар Англияға басып кіреді, келесі парламент, яғни «Тұрақты парламент» 1640 ж. 3 қарашада жиналып, корольдің шексіз билігі шектелуге тура келеді.
Енді парламент мүшелері барлығы абсолютистік режимді тоқтатуға келісіп, біріге әрекеттер ойластыра бастайды. Олардың бірінші мақсаты – корольдің министрін, граф Стаффордты лауазымынан босату болатын. Алайда оны жазаға тартатын ешбір дәлелдемелер болмағандықтан, парламенттік билль арқылы оның азаматтық және меншіктік құқықтарынан айырады. Сонымен қатар сол кезде парламенттің қабылдаған акті бойынша ол әр үш жыл сайын шақырылып тұруы қажет болды. Және де парламент тирания инструменті ретінде пайдалана алатын «Жұлдызды палата» секілді төтенше трибуналдарды жойып, қазынаға өзінің бақылауын орнатады. 1641 ж. «Ұлы ремонстрацияны» қарастырғаннан кейін парламент екіге бөлініп, корольді тақтан айырып, мемлекетте және шіркеуде радикалды бағытқа өтуді көздейді. Бұл абсолютизмге қарсы болған роялистер болып қала берген қалыптыларды қанағаттандырмаса да, дінде англикандықты сақтап қалды. Ремонстрацияға парламенттің 11 дауыс айырмашылығымен ғана қол жеткізілді. Сол кезде Карлдың жақтастары азайып, бұл жағдайды жөндеуге талпынғанда керісінше 1642 ж. азаматтық соғысқа әкеледі.
Парламент және роялистер өздерін Англияның конституциялық еркіндігі үшін күресіп жатыр деп санады. Ақсүйектердің және қауым палатасының кейбір мүшелері роялистер болған. Ал корольдің негізгі тірегі ауылдық ұсақ дворяндар болып қала берген. Парламенттің негізгі тірегіне барлық сауда орталықтары жататын. Солтүстік, батыс және оңтүстік-батыс роялистердің үстемінде болатын, ал шығыс және оңтүстік-шығыс парламентарииге бағынатын. Елдің бірде бір бөлігі, қоғамның табы бұл екі топтан тыс болмаған.
XVII ғ. 40 ж. Англия әлі де абсолютисті мемлекет болатын. Король билігіне бағынған парламент сословиелік орган деп аталатын. Ал қауым палатасының көп бөлігін 40 шиллингтік жер цензасы арқылы еркін жериеленушілер сайлады. Шаруалардың, тіпті фригольдердің де сайлауға құқысы болмаған. Төменгі палатаға «құрметті» адамдар, яғни жағдайы жақсы дворяндар, ал корпоративті қалалардан – бай адамдардың өкілдері (көпестер, финансистер, юристер) сайланатын.
Капитализмнің дамуы мемлекеттердің саяси жағдайында да байқалды. Буржуазия және жаңа дворяндар үкіметтен олардың талабын орындауды талап еткен. Абсолютті монархия кезінде буржуазияның наразылығын корольдің өндіріс монополияларына патенттерді сатуы келтірді. Король билігі өте ірі ақша соммасын кәсіпкерлерден алып оларға көптеген жеңілдіктер ұсынды. Алайда король бұндай жолмен сауда-өнеркәсіптік буржуазияның пайдасын азайтты. Ал монополистер болса, ішкі рынокта жоғары бағалар қойғандықтан, ағылшын буржуазиясына бірігіп, олардың лозунгтары «еркін сауда» болды. Абсолютизм стандартты өндірісін статутын, сауда регламентациясын, оқушылар санын және міндетті түрдегі 7 жылдық тәжірибенің болуын талап етті. Карл осындай жолмен, көптеген штрафпен қазынаның пайдасын көбейтті. Абсолютизм саясаты мануфактуристер мен саудагерлердің ұйымдасушылықпен ұстап отырды /41/.
Буржуазияның және буржуазияланған дворяндардың байюы олардын мүдделерін қанағаттандыруға жол ашты. Олардың бұл әрекеттері абсолютизмге қарсы күштердің наразылығын туғызды.
Әлеуметтік-экономикалық дамулармен қоса пуританизмде кеңейе бастаған. Ал король епископтерді және басқа сановниктерді сайлаған: шіркеуді мемлекет қаржыландыратын және шіркеулік десятина халықтан жиналатын. Пуритандар болса осыған қарсы болған.
Корольдің күші әлсіз болғандықтан, әрбір қате істелінген іс оның толығымен жеңілісіне әкелетін еді. 1643 ж. парламент келесі одаққа бірігеді – Салтанатты Лигаға және Шотландиямен Ковенантқа. Осыған қатысты парламент Англияда пресвитариандықты таратуға ұсынады: екі елдің де наным-сенімдері, шіркеулік құрылысы, дәстүрі ортақ болу керек болды. Ал парламенттік әскерді реорганизациялаудың нәтижесінде компитентті болмағандықтан көптеген әскери басшылар өз лауазымдарынан босатылады. 1645ж. роялистер Нейзбидегі жеңілісінен үлкен зардап шегеді. Ал 1646ж. мамырда Карл шотландықтарға қарай жылжып, сол жақтан парламентпен ұзақ келіссөздер жүргізді. 1647ж. король өзінің жауларының қолына беріледі. Компромисске жету әрекеттері жоққа шығады. Корольдің өзін жақтау талпыныстары да сәтсіз болады. 1648ж. әскери істер көктемде және жазда қайта жанданады. Әскер бұйрығын орындағысы келмеген қауым палатасының бірнеше мүшелері өз орындарын босатып, корольге жаза қолданатын «Жоғарғы сотты» тағайындайды. 1649ж. 20 қаңтарда король мемлекеттік опасыздық жасады деген айыппен 30 қаңтарда өлім жазасына кесіледі /42/.
Қорытынды
1485 ж.-1625ж. дейін созылған ағылшын абсолютизмінің негізгі ерекшелігі оның көпжылдық Роза соғыстарының нәтижесінде орнауы. Өйткені, бұл соғыс барлық феодалды ақсүйектерді жойып, рыцарьлар сенген Тюдорлар династиясын алдыңғы қатарға шығарады. Рыцарьлар қазынаны толтырушылар болғандықтан, олардың қатарына барлық байларды үлкен ценза арқылы алатын.
Бірінші абсолютті монарх Генрих VII-ші болады. Ол өзін шіркеудің басшысы деп жариялап, оның бүкіл мүлігін (жерлер, алым-салықтар, артықшылықтар) өз меншігіне айналдырады. Абсолютті монархия негізінен дворяндардың мүддесін көздеген. Алайда бұл буржуазияға да тиімді болған. Ағылшын абсолютизмі аяқталмаған сипатта болды. Себебі парламент те, жергілікті өзін-өзі басқару органы да болған. Сонымен қатар тұрақты әскері болмады. Ал әскери күштермен қатар полициялық жүйе болды. Тюдорлардың қолында үлкен билік болды, олар барлық жердің 1/5 бөлігін иемденді. Ал Генрихтің құпия кеңес құруы үлкен қателік болды себебі, кеңес үлкен күш жинаған сайын Генрихке абсолютті монарх болуға жол бермеді. Тюдорлар кезінде парламент король деспотизмінің қаруына айналды, бірақ король осы кезде тек парламенттің бұйрығын орындағандай болып, парламентке қарсы халықты қоймақшы болады.
Күшті король билігінің тенденциялары Эдуард IV-ші Йорк кезінен-ақ байқала бастады. Алайда абсолютті монархияның нағыз негізін қалаушысы, яғни Роза соғыстарынан кейінгі таққа отырған Генрих VII-ші Тюдор болған. Тюдорлардың басқару периоды 125 жылдан сәл аз болған. Яғни Генрих VII-шіден (21 тамыз 1485ж.) оның немересі Елизавета (24 наурыз 1603ж.) қайтыс болғанға дейін созылған. Бұл жылдарды негізінен жаңа Англияның өркендеуінің негізі, ал 1485 ж. Тюдорлардың билігі өте маңызды болғандықтан Орта ғасырдан Жаңа ғасырға өту кезеңі деп атайды. Көптеген жылдар бойы Ұлыбритания Европаның шеткерленген жері деп саналып келген, тіпті Батыс Европаның рухани және көркем өнері оған қатысы болмаған. Осылай ғылымның қайта өрлеуі 15ғ. Англияға ешқандай әсер етпегендіктен оның интеллектуалды өмірі 13-14 ғ.ғ. қарағанда төмендеп кеткен болатын. Ал Ағылшын ренессансы болса Тюдорлар кезінде ғана дами бастады. Жалпы осы Тюдорлар кезінде Англия Уэльспен жақсы қарым-қатынас орнатты. Англияға сол кезде елде бейбітшілік орнататын орталықтанған күшті билік керек болатын.
XVI ғ. ағылшын государьларының француздармен салыстыра алатын бюрократиялық аппаратының, тұрақты әскерінің болмауы, Францияның XVғ. жағдайындай болды. Тюдорлар сословиялық өкілдерсіз басқара алса да, олар Стюарттар сияқты парламентті таратпай, XVI ғ. аяғына дейін, оның талаптарын орындап, біріге жұмыс істей берді. Монархияның шіркеуді билеуі Англияға типтес болып, дворяндармен буржуазияның прогрессивті топтарының реформацияға деген қызығушылығына байланысты жүзеге асырылды.
Тюдорлар Англиясы өте ауыр кезеңді бастан өткізді. Бірақ ол Франциядағыдай «діни соғыстарға» ұшыраспады, себебі Англияда діни фанатизмге қарағанда, монархия күштірек болған. Алайда Тюдорлар реформациясының да кері әсері болды. Себебі, Генрих VII-ші, Эдуард VI-шы және Марияның кезіндегі шіркеу саясатының өзгеріске ұшырауы, сауданың және ауылшаруашылықтың экономикалық кризисіне ұшыратып, бағалардың жоғарлауына әкелді. Сонда да бағалардың өсуі халыққа әлемдік конъюктура деп түсіндірілген.
Ағылшын абсолютизмінің дағдарысы XVI ғ. 90 ж. Елизавета билігінің соңғы жылдарында байқалына бастады. Алайда бірінші Стюарттар кезінде ол ішкі және сыртқы саяси бағыттың анықтаушы факторына айналды. Абсолютизмнің формалары және билік тәсілдері неғұрлым әсерлі болған сайын, соғұрлым ол әлсірей бастады және Стюарттардың өзара бақталастығы өрістей берді. Яғни олардың тек корольдің ғана ешбір парламентсіз, сословиялық өкілдердің қатысуынсыз заң шығару тілегін жүзеге асыру әрекеттері абсолютті монархияның жүйесін реакционды сипатқа әкеліп біраз әлсіретеді. Ал неғұрлым таптық күрес өрістеген сайын, соғұрлым қоғам феодалдық құрылысқа біріге бастады.
Абсолютті монархия феодалды мемлекет сипатында бірінші орында туыстас феодалды-дворяндардың мүддесін көздеген. Бұл XVI ғ. аяғында анық байқалады, себебі осы кезде абсолютизм саясаты қоғамның алдыңғы қатарлы топтарына өзінің кедергісін тигізе бастаған. Әсіресе бұл жағдай Бірінші Стюарттар кезінде жақсы байқалады. Осы кезде абсолютті монархия елді орталықтандырып, халыққа қатысты полициялық режимді орнатып, сыртқы
саясаты бағыттап, теңіз саудасы және колонизацияның алғышарттары қалыптастырады.
Яков жалпы таққа отырғаннан кейін абстрактылы абсолютті монархиясының теориясын түсінді, бірақ оның тарихи шарттық спецификасын жүзеге асыра алмады. Сол себепті ағылшын абсолютизмінің кризисі байқалып, король мен парламент арасында конфликт пайда болады: король субсидияларын қолдамау, парламенттердің сессияларының азаюының нәтижесі корольді қаржылық тапшылыққа әкеледі. Сонымен қатар парламент корольдің жүргізген саясатына қанағаттанбай, оны қатты сынауға алады. Яковтың осындай абсолютистік істеріне буржуазия және буржуазияланып келе жатқан дворяндардың мүддесін көздеген парламент депутаттары оның саясатына толығымен қарсы болады. Себебі ол парламенттің келісімісіз салық жинамақшы болғанда парламент өзінің салықты бекіту құқығын пайдалана отырып, король билігін шектеу мақсатымен оған қысым жасай бастады.
Яков кезінде абсолютті монархияның әлсіреуінің негізгі себептері келесі болып табылады: 1) елдің дәстүрлі конституциясын талқылаумен байланысты туатын күрес, 2) үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатының сынға алынуы, 3) католиктік қауіпке қарсы реформаларды соңына дейін жүргізу үшін күрес 4) Яковтың сыртқы саясатына байланысты, корольмен парламент арасындағы келіспеушілік.
XVII ғ. бірінші оң жылдығында Англияда буржуазды революцияның алғышарттары қалыптасады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы – капиталды алғаш қорлануы, мануфактуралық өндірістің сәттілігі, буржуазияның көбеюі, жалданатын жұмысшылар санының өсуі, XVI ғ. жақсы қарқынмен дамып, осыған арықарай үлес қосатын абсолютизм жүйесінің қысқы болуы оған ешқалай көмектесе алмады.
Қорытындылай келе, абсолютті монархтердің сыртқы және ішкі саясатының мазмұны қоғамды бөлшектеп, халықтың абсолютизмнен бас тартуына әкелді. Яғни, абсолютті монархтердің билікті бөлісуде күресі, абсолютизм дәуірі басталуымен осы күрес жолына түскен корольдердің күшіне сәйкес тартысының одан бетер өткірленуі алмастырды. Тюдорлар ағылшын абсолютизмінің шарықтау шегін біраз сақтай тұрып, өз билігін кеңейтуге ұмтылды. Ал, өткір бәсекеге түскен Стюарттар абсолютті монархияны дағдарысқа ұшыратты.
XVII ғ. бірінші жартысында парламентпен король арасындағы осындай жеке конфликттер революциялық жағдайға өрістеп, Англияның әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайын тұрақсыздандырып, Ағылшын Буржуазиялық Революцияның негізін салады.
Өнеркәсіптің, сауданың, ұлттық мәдениеттің, қарқынды дамуы елді революциялық жарылысқа әкеліп соқтырды.
- Лавровский В.М. Сборник документов по истории АБР 17в. –М.,1973. –Б.342.
- Ленин В.И. Государство и революция// Полное собрание сочинений.Сочин., т.7. –322б.
- Сапрыкин. Англия в эпоху абсолютизма. –М.,1984. –Б.200.
- Штокмар В.В. Экономическая политика Английского абсолютизма в эпоху его расцвета. –Л.,1962. –Б.154.
- Сказкин С.Д. Буржуазная революция 17в. в Англии. Страны континентальной Европы в 17-18 веках. –М.,1952. –Б.51.
- Черняк Е.Б. Секретная дипломатия Великобритании. –М.,1975. –Б.367.
- Кузнецов Е.В. Англия 15-17 в.в. Проблема генезиса капитализма. –Г.,1974. –Б.92.
- Мортон А.Л. История Англии. –М.,1950. –Б.445.
- Тревельян Дж. Маколей. Социальная история Англии. –М.,1959. –Б.582.
- Большая Советская энциклопедия –М.,1949. –Б. 31.
- Ленин В.И. Соч., — т.VII. –Б.322.
- Большая Советская энциклопедия –М.,1949. –Б. 32.
- Мортон А.Л. История Англии. -1950. –Б.154.
- Англия при Тюдорах// http.://www.google.kz
- Англия и Уэльс// http.:// www.krugosvet.ru
- Черняк Е.Б. Тайны Англии: заговоры, интриги, мистификации. -1996. –Б.20.
- Тревельян Дж. Маколей. Социальная история Англии. -1959. –Б113.
- Англия и Уэльс// http.:// www.krugosvet.ru
- Англия при Тюдорах// http.://www.google.kz
- Штокмар В.В. История Англии в средние века. -2003. –Б.159.
- Мортон А.Л. История Англии. – 1950. –Б.15
- Матвеев В.А. Страсть власти и власть страсти: История повествования о нравах королевского двора Англии 16-20 в.в.. -1997. –Б.122.
- Кузнецов Е.Б. Англия 15-17 в.в.: Проблема генезиса капитализма. -1974. –Б.92.
- Сапрыкин. Англия в эпоху абсолютизма. -1984. –Б. 32.
- Матвеев В.А. Страсть власти и власть страсти: История повествования о нравах королевского двора Англии 16-20 в.в.. -1997. –Б.160.
- Тревельян Дж. Маколей. Социальная история Англии. -1959. –Б.12.
- Англия при первых Стюартах// http.:// www.krugosvet.ru
- Мортон А.Л. История Англии. – 1950. –Б.158.
- Тревельян Дж. Маколей. История Англии от Чосера до королевы Виктории. -2002. –Б.102.
- Мортон А.Л. История Англии. – 1950. –Б.159.
- Англия при первых Стюартах// http.:// www.krugosvet.ru
- Кривогуз И.М., Юровская Е.Е. Новая история стран Европы и Америки. -1998. –Б.10.
- Савин А.Н. Лекции по истории АБР. -2000. –Б.58.
- Тревельян Дж. Маколей. Социальная история Англии. -1959. –Б.225.
- Лавровский В.М. Углубление кризиса абсолютизма в правление Карла I. // Сборник документов по истории АБР 17 в. -1973. –Б.63.
- Лавровский В.М. Петиция о праве, 7 июня 1628 г., // Сборник документов по истории АБР 17 в. -1973. –Б.64.
- Матвеев В.А. Страсть власти и власть страсти: История повествования о нравах королевского двора Англии 16-20 в.в.. -1997. –Б.160.
- Сказкин С.Д. Буржуазная революция 17 в. в Англии. Страны континентальной Европы в 17-18 веках. -1952. –Б.31.
- Стюарты и борьба за свободу// http.://www.google.kz
- Сказкин С.Д. Буржуазная революция 17 в. в Англии. Страны континентальной Европы в 17-18 веках. -1952. –Б.34.
- Сказкин С.Д. Буржуазная революция 17 в. в Англии. Страны континентальной Европы в 17-18 веках. -1952. –Б.37.
- Лавровский В.М. Обвинение против короля, 20 января 1649 г. // Сборник документов по истории АБР 17 в. -1973. –Б.229.
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі
Деректер:
- Лавровский В.М.Петиция о праве, 7 июня 1628 г., Обвинение против короля, 20 января 1649 г. // Сборник документов по истории АБР 17в. –М.,1973. -342б.
- Ленин В.И. Государство и революция // Полное собрание сочинений.Сочин., т.7. –322б.
Әдебиеттер:
- Савин.А.Н. Лекции по истории АБР. –М.,2000. -536с Адо А.В. Новая история стран Европы и Америки: Первый период. –М.,1986. -623б.
- Большая Советская энциклопедия –М.,1949. –550б.
- Кривогуз И.М., Юровская В.Н. Новая история стран Европы и Америки: Первый период. –М.,1998. -415б.
- Кузнецов Е.В. Англия 15-17 в.в. Проблема генезиса капитализма. –Г.,1974. -92б.
- Мортон А.Л. История Англии. –М.,1950. -445б.
- Сапрыкин. Англия в эпоху абсолютизма. –М.,1984. -200б.
- Сказкин С.Д. Буржуазная революция 17в. в Англии. Страны континентальной Европы в 17-18 веках. –М.,1952. -51б.
- Тревельян Дж. Маколей. История Англии от Чосера до королевы Виктории. –Смоленск,2002. -567б.
- Тревельян Дж. Маколей. Социальная история Англии. –М.,1959. -582б.
- Черняк Е.Б. Тайны Англии: заговоры, интриги, мистификации. –М.,1996. -491б.
- Черняк Е.Б. Секретная дипломатия Великобритании. –М.,1975. -367б.
- Штокмар В.В. История Англии в средние века. -С-П.,2003. -203б.
- Штокмар В.В. Экономическая политика Английского абсолютизма в эпоху его расцвета. –Л.,1962. -154б.
- krugosvet.ru
- google.rz