9 января, 2020 23:18
Мазмұны
КІРІСПЕ
- АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 Қазақстандағы сақтандыру қызмет нарығының қалыптасуы
1.1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
1.1.2 Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру
1.2 Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
1.3 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен тағайындалуы
1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және деректерден алудан қорғау
1.5 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы
- АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1 Ақпараттық жүйе есептер кешенінің орны
2.2 Есептерді орнату
- АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ
3.1 Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.
Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құралуларға төтеп берді. Осыған орай мүліктік сақтандыру нарығын демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әр түрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болды, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған кемшіліктер ескерілген. Бұл процес біршама өтіп жатыр. Сақтандыру туралы қабылданған заңда бірқатар кемшіліктер мен істеліп бітпеген жайлар бар, әрине бұларды таяу уақыттарда жөнге келтіру керек.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу және автокөлікті сақтандыру туралы қажетті ақпараттарды алу.
- АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 Қазақстандағы сақтандырудың қызмет нарығының қалыптасуы
Сақтандыру объектісі бойынша сақтандыру қатынастарының барлық жиынтығын екі үлкен салаға бөлуге болады: автокөлікті сақтандыру мен жеке тұлғаны сақтандыру.
Автокөлікті сақтандырудағы сақтандырушылық қатынастардың объектісі — оның барлық түрлеріндегі автокөлік болып табылады. Автокөлікті сақтандырудың экономикалық бағыты – сақтандырушылық жағдай салдарынан пайда болған зиянның орнын толтыруда қорытындылады.
Сақтанған болып сақтанушының меншігіндегі, сондай-ақ оның сеніміндегі, қолдануындағы және өкілеттігіндегі автокөлік бола алады. Сақтандырушылар болып – тек қана автокөлік меншіктері ғана емес, сонымен қатар автокөліктің сақталуына жауап беретін басқа да заңды және жеке тұлғалар бола алады
2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 7 бабына сәйкес автокөлікті сақтандыруға сонымен қатар кәсіпкерлік тәуекелдерді және азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру да жатады
Кәсіпкерлік қызметте кәсіпкер контрагенттерімен өздерінің міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерге тәуелді емес жағдайлардан осы қызмет шараларының өзгеруінен күтілетін табыстарды алмаумен тәуекел сақтанады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде сақтандыру объектісі болып басқа адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіру салдарынан пайда болатын, сонымен қатар келісімдерден немесе басқа да негіздерден пайда болатын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі болып табылады.
Сақтандыру түрлерінің саны тәжірибеде шектелмеген және әлеуетті сақтанушылардың мүдделерінің шексіз әртүрлігіне адекватты болып табылады
Мысалға, бізде ең көп таралған сақтандырудың кейбірін келтірейік.
Заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруда бұл көлік құралдарын, материалдарды сақтандыру болып табылады. Жауапкершілікті сақтандыру бойынша – автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, тасымалдаушылардың жауапкершілігін сақтандыру, жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру, үшінші жақтарға зиян үшін кәсіпорындардың азаматтық жауапкершілігін сақтандыру (экологиялық сақтандыру), кәсіби жауапкершілікті сақтандыру, зейнеткерлік қорлардың жауапкершілігін сақтандыру болып табылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандырудың түрлері өндіріс үрдісінде немесе қызметтерді ұсынудағы нақты тәуекелдерге байланысты. Олар: жаңа техниканы иемдену, валюта бағамдарының ауытқуы, өндірістегі үзіліс және т.б.
Қауіптер сипаттары бойынша сыныптау тек қана автокөлікті сақтандыруды қамтиды және бір-бірімен иерархиялық байланыста емес бес негізгі буындарды бөледі. Олар:
- Оттан және стихиялық жағдайлардан сақтандыру.
- Зиянкестердің және тиімді емес табиғат жағдайларынан сақтандыру.
- Көліктің барлық түрлерін апаттардан, айдап кетулерден және басқа да қатерлерден сақтандыру.
- Техногендік апаттар мен катастрофалардан сақтандыру.
- Қаржылық тәуекелдерден сақтандыру.
Қауіптер сипаттамасы бойынша сыныптау зиянды анықтау мен сақтанушылық орны толтыру әдістерін дамыту үшін қолданылады. Келтірілген буындардың әрқайсысының өзі берілген сыныптама шеңберіндегі сақтандырудың жеке түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасында сақтандыру бизнесін реттеудің заңдық жүйесін дамыту үрдісі созылып кетті. “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы” алғашқы Заңы тек 2002ж. 3 шілдесінде ғана қабылданды және іске 1 қыркүйекте енгізілді. Жалпы заң сәтті болмады. Басқа да кемшіліктермен қатар онда бастысы – сақтандырушылық ұйымдарды тіркеу, сақтандырушылық қызметті лицензиялау механизмдері мен мемлекет тарапынан бақылау болмады. Негізінен осы себептен заң жұмыс істемеді. Ол адал бәсекелік күресті қамтамасыз еткен жоқ. Көбінесе, сақтандыру компаниялары бір-бірімен бәсекелесіп, сақтандырушылар мүдделері зиян кескен жағдайларға алып келді.
Істе болған “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы” Заңындағы кемшіліктер мен есептемеулер белгілі бір мөлшерде 2004ж. 16 сәуірінен №1658 “Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен түзетілді.
Осы Жарғыға сәйкес сақтандырудағы лицензиялау мен бақылау органының өкілеттіктерімен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіндегі сақтандыру Департаменті дамытылды /1/.
Сақтандырудың құқықтық негізін қалыптастыру үшін тығыз фундаментті қалаған заң актісі болып 2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болды. Ол мемлекеттік, сондай-ақ жеке сақтандырушылық ұйымдардың еркін адалдық бәсекелестігі үшін нақты жағдайлар дамытты, шетел инвесторлары үшін ішкі сақтандырушылық нарықты ашты.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы сақтандырушылық туралы заңы Азаматтық кодекстің сәйкес баптарынан (ерекше бөлігі), 2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығынан (әрі қарай – “Сақтандыру туралы” Жарлық немесе Жарлық), Қазақстан Республикасы Президентінің және үкіметінің, сондай-ақ өкілеттік мемлекеттік органның заң актілері мен оларға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерден тұрады
Сақтандырушылық қатынастарды реттейтін негізгі заң акітелрі болып табылатын “Сақтандыру туралы” Жарлықтың сипаттамасы.
Сақтандыру келісімінің нысаны мен мазмұнына Жарлықпен белгілі бір талаптар қойылады. Келісімге сақтандыру қатынастары жүйесінде негізгі орын беріледі, өйткені нақ келісім нысанында сақтандыру тәжірибелі жүзеге асады.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлегеннен кейін, ал оны төлеу кейінге қалдырылған кезде – бірінші сақтандырушылық салым мерзімінен бастап сақтандыру келісімі күшіне енеді және жақтар үшін міндетті болып табылады және бірінші болған сақтандырушылық жағдайдан сақтандырушылық орнын толтыруды төлеу мерзімінен бастап, егер міндетті сақтандыру туралы келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса, өзінің қызметін тоқтатады.
Сақтандырушылық қорғаудың қызмет ету кезеңі, егер міндетті сақтандыру туралы келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса келісім қызметі мерзімімен сәйкес келеді.
Сақтандыру территориясы Қазақстан Республикасының территориясымен, егер сақтандыру объектісі сипатынан басқадай шықпаса немесе келісімде қарастырылмаса сәйкес келеді
Жарлықпен келісімді мерзіміне дейін тоқтату және оны жарамсыз деп тану тәртібі бекітілген.
Азаматтық кодекспен қарастырылған міндеттері тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа сақтандыру келісімі келесі жағдайларда тоқтатылады:
- сақтандыру объектісі жойылған кезде;
- оны ауыстыру болмаған жағдайдағы сақтандырушы болып табылмайтын сақтанушының өлімі;
- егер сақтандырушы сақтанушының ауысуына қарсы болып, ал келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса, сақтандырушының мүліктік сақтандыру объектісінен бас тартуы жағдайында;
- егер басқа жағдайлар қарастырылмаса, сақтанушымен кезекті сақтандыру салымдарын бекітілген мерзімге дейін төлемеуі;
- сақтандырушы мен сақтанушының талаптары, егер бұл сақтандыру шарттарымен, сондай-ақ жақтардың келісімі бойынша қарастырылса.
Келісімнің қызмет ету кезеңінде сақтандырушының сақтандыру сомасын көбейту талабына сәйкес, онымен негізгі келісімнің аяқталу мерзіміне дейінгі кезеңге қосымша келісімге қол коюға болады. Бұл кезде негізгі және қосымша келісім бойынша сақтандырушылық сома берілген автокөлікті сақтандыру нұсқасы үшін бекітілген мөлшерден жоғары бола алмайды.
Бір жылға келісілген келісімдер бойынша сақтандырушылық төлемдер сақтанушымен бекітілген ставкалар бойынша төленеді.
Бір жылдан аз мерзімге қол қойылған келісімдер бойынша сақтандырушылық төлемдер жылдық төлем сомасынан келесі мөлшерлерден төленеді:
2 айға – 30%,
3 айға – 40%
4 айға – 50%
5 айға – 60%
6 айға – 70%
7 айға – 75%
8 айға – 80%
9 айға – 85%
10 айға – 90%
11 айға – 95% мерзімдеріне сақтану кезінде.
Жоғарыда көрсетілген мөлшерлерде және сақтандырушылық сомалардың жоғарылауына сәйкес келісілген қосымша келісімдер бойынша сақтандырушылық төлемдер төленеді. Осы кезде толық емес ай үшін төлем толық ретінде төленеді /19/.
Тәжірибеде сақтандырушылар 2 немесе 3 жылға келісілген мерзімімен автокөлікті сақтандырудың жалпы келісімдері бойынша төленген соманың 10%-ке дейін, ал 4 немесе 5 жылға – 15%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады.
Бес және одан да көп өткен жылдар бойы үздіксіз автокөлікті сақтандырудың келісімдеріне қол қойған және осы уақыт ішінде сақтандырушылық орнын толтыруды алмаған тұрақты сақтандырушыларға жаңа келісімге келу кезінде төленген соманың 20%-не дейін жеңілдік беріледі.
- Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
Өз сақтанушыларына кездейсоқ оқиға басталған жағдайда жоғалған, бүлінген көліктер үшін материалдық өтем беруге кепілдік бере отырып, сақтандыру ұйымдары олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асырады әрі мұны барынша толық көлемінде істеуге күш салады. Осы тұрғыдан алғанда азаматтар мен барлық жүйелердегі кәсіпорындардың автокөліктерін ерікті сақтандыру қызметінің кейбір жеке түрін кіргізу жөніндегі ұсынысқа назар аударуға болады.
Міне осылайша, жер сілкінісі – адамдардың кездейсоқ оқиғадан қорғана білуінің бір тәсілі болып табылад. Осы себепті Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының басқармасы Қазақстанда жер сілкіну жағдайындағы ерікті сақтандыруды енгізді.
Осыған байланысты жер сілкінісінің зардабын жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың тәртібі, зардаптарды анықтау мен құрылыстарға, үй мүліктеріне, малдарға, көлік құралдарына жеке сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеу жолдары жан – жақты түсіндіріледі.
Жер сілкінуден автокөліктерді сақтандыру жекеменшік иесін, жалгерлерді өрттен, ұрлық пен өзге де осындай қауіп түрлерінен сақтандырумен айналысатындар арқылы, сол секілді сақтандыру үшін жеткілікті капиталы бар адам арқылы жүргізуге болады.
Жер сілкінуден сақтандыру, шын мәнінде үлкен зияннан емес, орасан зор апатты оқиғадан сақтандыру болып табылады, сондықтан да сақтандыру куәлігі франшизбен берілуге тиіс, яғни оны сақтандыру сомасының белгілі проценті немесе сақтандырушыға төленетін белгілі сома құрайды.
Жер сілкіну қатерінің сақтандыру шарттарының барлық түрлері бойынша шығындарды өтейтін ақша бар. Жер сілкінуден сақтандыру объектісі болып — өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылығы-ның, көліктің, өзге кәсіпорындар мен ұйымдардың, көлік құралдарының мүліктері, кооперативтік, акционерлік, жекеменшік, ұжымдық қоғамдардың және т.б. ұйымдардың мүліктері табылады. Бұдан басқаны айтқанда, сақтандырудың объектісі болып құрылыс пен автокөлік, азаматтар, олардың өмірі мен денсаулықтары табылады.
Біздің алдымызда жер сілкінуден болған зардаптардың мөлшерін анықтап және де зиян шеккендерге ақшалай қаржы төлеуді жүргізу міндеті тұр, бұл орайда мемлекет пен халыққа тиесілі құрылыстар мен автокөліктер бағаланады.
Жер сілкінудің салдарынан болған нақты зиянды анықтау орасан зор көлемді жұмыстарды орындауды талап етеді. Біздің ойымызша бірінші кезекте құрылыстар, көлік құралдары мен үй мүліктері бойынша зиянды анықтау үшін әкімшіліктердің басшыларында арнайы комиссиялар құрылуға тиіс, олардың құрамына сақтандыру ұйымдар-ының, техникалық инвентаризация бюросының қызметкерлері, депутаттар, қоғамдық өкілдер кіргізілер еді.
Әрине, мүмкін – қадірінше бұл комиссияларды мейлінше тәжірибелі, білікті мамандардың басқарғаны жөн, өйткені зиянды анықтау мен сақтандыру өтемін төлеу жұмыстарының негізгі ауыртпашылығы сақтандыру ұйымдарының өздеріне түседі. Бұл жұмыстарға кіріспес бұрын, сақтандыру өтемі мен зиян сомасы есебінің актілері мен есептерін жасауға шақырылған қызметкерлерге жан – жақты нұсқау беріп, оларды осы жұмысқа сай келетін нормативтік құжаттармен, актілердің бланкаларымен және оларды толтыру тәртібімен, есептеуді құрып, бағалау нормаларының жинақтарын пайдаланумен, сақтандырудың бағалық парақшасымен, жеке үй құрылыстарының техникалық инвентаризациясының паспорттарымен таныстырады. Әсіресе, жергілікті елді мекендердің қызметкерлер еңбек етуге тиіс жердегі ерекше жағдайлармен танысуға айрықша көңіл бөлу қажет.
Сақтандыру өтемін уақтылы әрі толық төлеу сақтанушыға бүлінген автокөлікті қысқа мерзімде жөндеп немесе жойылғанның орнына жаңасын сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан жер сілкінудің салдарынан болған зиянды анықтау сақтандыру ұйымдарының өте күрделі әрі жауапты жұмыстары болып табылады.
Жер сілкінудің нәтижесінде зардап шеккен азаматтардың жекеменшігінде құрылыстарға сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеуді анықтау мен беру бірінші қатер жүйесі бойынша жүргізіледі, яғни сақтанушыға нақты зиянның толық көлеміндегі құн өтемақыландырылады, бірақ шартта келісілген сақтандыру сомала-рынан жоғары емес. Жер сілкіну нәтижесінде бір мезгілде құрылыстың үлкен бір бөлігі құрып кетеді немесе бүлінеді, міне осыны есепке ала отырып, ұйымдастыру жұмысында тәртіп орнату үшін зиянды анықтаудың тәртібін өзгерту керек, сөйтіп барлық құрылыстың аулаларын аралап, көріп, әр үйдің рет нөмірлерін, әр көшені, әр кварталды қарап, оқыс оқиғадан бүлінгеннің бәрін есепке алып, құрылыс пен автокөліктің жойылғаны туралі акті жасайды.
Жұмыстың мынадай тәртібін, яғни үй құрылыстарының өзге де объектілердің көзге түспей, есепке кірмей қалғанын болдырмайтын жағдайын қарастыру керек, яғни бүлінген немесе жойылған құрылыстарды қайыра тексеріп, бір құрылыстың өзіне бірнеше қайтара актілер жасауға тура келеді
Зиянды анықтау мен сақтандыру өтемін төлеу әдеттегідей Қазақстан Республикасы Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының басқармасы ойластырған немесе бекіткен Ережелер бойынша жүргізіледі. Жер сілкіну кезінде бұл ережеден әртүрлі ауытқулардың болуы даусыз. Осы орайда жұртшылыққа, кәсіпорын-дар мен шаруашылықтың әртүрлі нысанымен айналысатын ұйымдарға ұғымды пайдалануға оңтайлы түрде жеткізуге күш салады. Бұған байланысты төменде келтіріліп отырған жер сілкіну кезінде болған зардаптың салдарын жою жөніндегі ережеден ауытқу, сөз жоқ осы жұмыстарды жүргізу кезінде басшылыққа алу тұрарлық.
Мұның негізі етіп техникалық инвентаризация бюросының бағасын алу керек. Бұл жерде зиянды анықтау мен сақтандыру төлемін төлеуге мынадай кезеңдер алынады:
— сақтандыру оқиғасының қолда барын түгендеуді және автокөліктің жойылуы мен зақымданып бүлінуінің себебін анықтау;
— зиянның сомасын анықтау;
— сақтандыру өтемінің сомасын есептеу;
— сақтанушының есептелген өтемінің толық немесе жартылай сомасын алуға деген құқын белгілеу;
— сақтанушыға сақтандыру өтемін төлеу.
Келтірілген зияндар мен сақтандыру өтемін бөлек – бөлек қараудың қажеттілігі мынадан келіп шығады, көптеген жағдайларда сақтандырудың жекелеген түрлерінің белгіленген келісімдеріне орай немесе сақтандыру қамтуының мынадай жүйесін қолдануға байланысты олардың мөлшері сәйкес келмеуі мүмкін. Бірақ сақтанды-ру өтемінің сомасын есептеу үшін бастапқы көрсеткіш болып табылады.
Құрылыстың бүлінгені немесе жойылғаны жөніндегі акті белгіленген нысандағы бланкіде бір дана болып жасалады. Актіні жасаушылар бланкіде көрсетілген барлық сұрақтарға нақты жауаптар беруі керек, сол үшін де жеке бөлімдерді толтыру кезінде мыналарды назарға алған жөн.
Сақтанушының жойылған немесе бүлінген құрылыс және сол құрылыстың оған жекеменшік, құқ ретінде жататыны анықталады:
— ауылдық, селолық жерлерде – сақтандырудың бағалау парақша-сы мен ауыл – село әкімшілігі басшысының шаруашылық жөніндегі кітапта көрсетілген деректер бойынша;
— қалада – техникалық инвентаризацияның паспорты, техникалық инвентаризация бюросының инвентаризациялық бағалау құжаттарындағы жазбалар бойынша, аудандық немесе қалалық әкімшілік басшыларының жеке құрылыс салуға жер бөлгендігі туралы шешім, сондай-ақ салық салынғаны жөніндегі аудандық және қалалық салық инспекциясының құжаттары бойынша.
Автокөлікті ерікті сақтандыру өтемін сақтандыру оқиғасы сақтанушыға тигізген нақты зиян құрайды, бірақ шартта көрсетілген сақтандыру сомасынан артық бола алмайды. Қазіргі уақытта автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша анықтау мен сақтандыру өтемін төлеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік коммерциялық сақтанды-ру компаниясы басқармасы ойластырып әрі бекіткен ережелермен, шартта көрсетілген жағдайларға сай жүргізіледі. Осы ережелермен келісе отырып акт жасалады, оған міндетті түрде сақтанушы немесе оның отбасынан кәмелетке толған біреу және де екі куә қатысады. Акті бүлінген мүлікті немесе одан қалғанды қарап, көру негізінде жасалады. Жекелеген жағдайларда оған білікті органдардың сақтандырылған автокөліктің орны, уақыты мен жойылу жағдайы мен бүлінуі туралы қажетті құжаттары қоса тіркеледі. Мұның сыртында мынадай топшылау – пайымдауларды басшылыққа алуға болады.
Мынадай жағдайда, яғни автокөліктің жойылғаны анықталғанда немесе келтірілген зиян мөлшерін анықтау мүмкін болмаса онда ерікті нысан құжаты жасалады. Ерекше жағдайларда, сондай-ақ жер сілкінуден болған зиянды анықтау бойынша қажетті шұғыл жұмыстар үшін анықтама – есептеудің қарапайым нысанын қолдануға да болады.
Жер сілкінудің зардабын жою кезінде, егер сақтандыру оқиғасы болған сәтке дейін автокөлік тұрғын үйде немесе қосалқы жайларда, үй жанындағы учаске адресі бойынша сақталған болса, сақтанушы көрсеткен тұрақты тұратын жері – жаңа адрес бойынша бір ай ішінде сақтанушы жаңа тұратын жеріне көшкен күннен бастап сақтандыру өтемі есептеліп әрі төленеді, сақтанушының тұрған жерін өзгертуіне байланысты автомобиль, темір жол, әуе болмаса тағы басқа көлік түрімен тасылған автокөлік де ескеріледі.
Бұл орайда қосымша жай болып ас үй, астыңғы үй, кіре беріс балкондар, өзге де жайлар мен шаруашылық – тұрмыстық мақсаттағы сақтанушы тұрған пәтерге тиесілі қосымша құрылыстар есептеледі немесе сол орналасқан адрес бойынша және де сақтанушыға түгелдей болмаса жарым – жартылай жекеменшігі үшін бөлінген. Сақтанушыға жекеменшігі үшін пайдалануға тұрғын жай салуға немесе қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген үй жайлық, үй жанындағы учаске – жер учаскесі.
Сақтандыру өтемі мынадай жағдайда төленеді, егер автокөлік сақтанушының немесе оның отбасы мүшелерінің жекеменшігіне жататын болса және де щаруашылықта тұрмыстық әрі мәдени сұралымды қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін ұсталса.
Сақтанушының отбасы мүшелері болып, онымен бірге тұратын әрі шаруашылықты, бірге жүргізетін, яғни отбасылық бюджеті бір, тамағы бір, үй затын, тұрмыс құралын бірге пайдаланып, оларды сатып алуға бірге қатысатын адамдар мойындалады.
Автокөлік болып көліктің өзі және көлікке пайдаланылатын заттар есептеледі, тек мыналардан басқалары: құжаттар, антикварлық заттар, аса құнды металдардан жасалған бұйымдар, аса бағалы, жартылай аса бағалы және өңделген тастар, слайдтар мен фотосуреттер, дінге табыну заттары, көлік құралдарына қосалқы бөлшектер, ара ұялары, құстар терісі бағалы аңдар, тұрғын үйлер мен қосалқы жайлардың конструктивтік бөлшектері мен жекелеген элементтері. Осы санамалап айтылған бағалы қазыналардың бәрін дерлік Қазақстан Республикасы Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының басқармасы сақтандырудың ережелерін ойластырып жасап әрі бекітіп берген. Сондықтан кез келген сақтанушы бұл бағалы байлықтарды, тек ақша белгілері мен бағалы қағаздар, құнды қағаздар коллекциясынан басқаларын сақтандыра алады.
Мынадай болуы да ықтимал, мысалы, сақтанушылар сақтандыру өтемінің мөлшерін ұлғайту үшін жойылған автокөліктің тізіміне іс жүзінде бүлінбеген көліктерді де әдейілеп қосып жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда сақтандыру өтемінің есептелген сомасы жартысына дейін төмендетілуі ықтимал. Болашақта осындай сақтандыру оқиғасы бола қалғанда, сақтандыру ұйымдары мұндай жұмыстарға қатысып, осылар бойынша шығынды анықтап әрі сақтандыру өтемін төлеу кезінде мынаны ескеруге тиіс, мәселен көптеген тұрғындар жер сілкінуден соң өз үйлерін сыпырып, тәртіпке келтірген сәтте сынғандарды лақтырып, қираған жиһаздар мен заттарды қайда жіберерін білмейді, тіпті бұл заттарды бағалау үшін ұсыну қажет екенін де естен шығарады және алда тұрған жұмысты қиындатады.
Мынадай да фактілер кездеседі, яғни сақтанушының шығынын бағалау жөніндегі сақтандыру ұйымдары сақтандыру өтемін жоғары мөлшерде алуға тырысады, яғни туыстары мен көршілері бағалаудан бұрын өткен бүлінген жиһаздарды немесе олардың қалдықтарын үйден, пәтерден басқа жайларға шығарып тастаулары мүмкін.
Келтірілген шығынның мөлшері актіде немесе анықтама есептеу-де көрсетілген үй мүліктерінің жойылуы мен бүлінгені туралы деректер негізінде анықталады. Автокөлікке тигізілген шығынның мөлшері әр зат бойынша бөлек жүргізіледі. Зат мынадай жағдайда жойылды деп мойындалады, егер жер сілкінудің салдарынан ол өзінің сипаты мен құнын жоғалтса, сөйтіп өзінің тиісті орнына пайдаланылмаса, сол секілді жөндеу арқылы да бұрынғыдай пайдалануға жарамаған жағдайда.
Зат мынадай жағдайда бүлінген деп есептеледі, егер жер сілкінудің салдарынан оның сапасы төмендесе, бірақ жөндеу арқылы бұрынғыша өз орнында пайдалануға келтірілген жағдайда. Мұндайда заттың өзінің сапасы мен құндылығын қаншалықты дәрежеде жоғалтқаны оның құнының процентіне шағып көрсетіледі, ал бүлінген зат жөнделген жағдайда тек сол затты жөндеудің құны ғана есепке алынады.
Заттың қаншалықты тозғанының процентін анықтау кезінде мүмкіншілігі бойынша мыналар ескеріледі: сатып алынған, пайдаланылу дәрежесі мен сақтандыру оқиғасы болған күнге дейінгі нақты жағдайы және де аталмыш заттың ұтымды қызмет мерзімі.
Автокөліктің жер сілкіну кезіндегі шығынын анықтау мен оларды сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеу, мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан басқалары сақтандыру ұйымдары арқылы жүргізіледі. Бұлар ерікті сақтандырудың ережелеріне әрі ақыл – кеңестерге сай сақтандырылады.
Сақтандырылған автокөліктің жер сілкіну салдарынан жойылуы мен бүлінгені туралы акт кәсіпорын мен ұйым өкілдерінің міндетті түрде қатыстырылуы кезінде жасалады. Аталмыш жағдайда актіні жасауға қатысу үшін жоғарыда тұрған сақтандыру ұйымдарының өкілдері, сол секілді республиканың өзге аймақтарынан келген көмек беруші мамандар тартылады.
Жер сілкіну салдарынан объектілер мен автокөлік түрлерінің орасан көп санының – жабдықтардың, инвентарлардың, тауар – материалдық құндылықтардың жойылуы мен бүлінуі туралы мәліметтерді бланкіде көрсетіп жазудың мүмкін болмауы себепті, бұл автокөліктердің тізімі актінің тарауларына сай нысан бойынша жеке параққа толтырылады. Бұдан тысқары сондай-ақ анықтама – есептеудің қарапайым нысаны да жасалуы керек.
Сақтанушының меншігіне жататын автокөліктердің жойылуы кезінде шығын толық баланстық құн тұрғысынан, ал бүлінгенде – қалпына келтіру мен жөндеу құны тұрғысынан анықталады. Шығынның сомасына сондай-ақ автокөлікті құтқару үшін жасалған шара салдарынан оған келтірілген зақым да қосылады. Жазатайым оқиға сәтіне дейін болған автокөліктердің саны мен құны бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтері бойынша және де бастапқы кіріс пен шығыс құжаттары негізінде анықталады. Алайда мынадай жағдай болғанда яғни жер сілкінудің салдарынан бухгалтерлік кітаптар, карточкалар, бастапқы құжаттар жойылып кеткенде қажетті құжаттарды көріп – танысу мүмкіндігі болмайды. Автокөліктердің саны мен құнын қалпына келтіруге қажетті құжаттарды банктерде көрсете алмайды. Мұндай жағдайда автокөліктің құны оқыс оқиға сәтінде материалдық жауапты адамның жер сілкінуге байланысты белгіленген тәртіпке сай тауар – материалдық есебінің негізінде анықталады. Жекелеген жағдайда автокөліктің жер сілкіну сәтіндегі саны мен құны есептесу жолымен, яғни автокөлік сақталған тұрғысынан шыға отырып қалдық саны бойынша анықталады.
Шығынның құнына сақтандыру оқиғасы сәтінде бар – жоғы құжат-тармен немесе сақтандыру оқиғасы болған жер мен қалдықтарды қарау кезінде дәлелденбеген автокөліктердің құны қосылмайды. Сақтанушыға жататын автокөліктің жойылуы мен бүлінуі үшін сақтандыру өтемі автокөлік сақтандырылған шығын сомасының мынадай процентінде яғни ерікті сақтандыру туралы өтініште көрсетілген сақтандыру сомасынан аспауға тиіс.
Негізгі құралдардың қатарына жататын автокөліктердің тозуы бойынша жеңілдік беру амортизациялық жарна нормасы үстіндегі заңдар бойынша белгіленген негізінде негізгі қор бойынша есептеледі. Кооперативтік ұйымдардың сақтандырылған автокөліктері үшін сақтандыру өтемі, сақтандыру дәрежесінің мөлшеріне қарамай-ақ толық көлемде төленуге тиіс /19/.
Шығынның жалпы формуласы мына т‰рде болады:
мұндағы,
СП – страховая премия;
БНП – базовая нетто – премия;
АP – аквизициялық шығындардың коэффициенті (әр регионға жарлықпен қойылады);
0,96 – 4% салықты есептейтін коэффициент /21/.
- Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру
Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру шарты сақтандыру ұйымдарымен 1мерзімге жасалады. Мұндай шарт бойынша сақтандыруға азаматтардың жеке меншігіне жататын автокөліктер мен Қазақстан Республикасы аумағына уақытша болатын кезінде (жұмыста, іссапарда, демалыста, жол үстінде, көшеде) пайдаланатын көліктер жатады.
Сақтандыру екі нұсқада жүзеге асады:
- 0,5 мың теңгеден 1,0 мың теңгеге дейінгі сақтандыру сомасы-на, яғни тариф бойынша 1 процент төлем төлеумен сақтандыру.
- 0,1 мың теңгеден 3,0 мың теңгеге дейінгі сақтандыру сомасына, яғни тариф бойынша 2 процент төлем төлеумен сақтандыру.
Жеке автокөлікті сақтандыру ол ұрланған жағдайда, сол секілді жойылып кеткенде (немесе өзінің орнына одан әрі пайдалануға жарамсыз болғанда), сондай-ақ үшінші бір адамның әдейі істеген жөнсіз қылығының салдарынан қорғау үшін немесе мынадай жазтайым оқиғалардан: өрттен, жарылыстан, көлік құралдарының соғып, басып кетуінен, жылу жүйесінің, су құбырларының, көрші үйден су аққанда, құрылыстың негізгі конструкциясы күтпеген жерден бұзылғанда өткізіледі.
Шарт сақтандыру куәлігінің бланкісіне хатталады. Жеке автокөлікті сақтандыру шарты мынадай жағдайларда күшіне енеді:
- төлемдік қолма-қол ақшамен төлеген кезде;
- ақшасыз есеп айырысқан кезде – еңбекақыны беретін күн белгіленген күннен сақтандыру төлемі аударылғанда;
- салымнан алып ақша аударған кезде – сақтандыру орган-дарының есеп-шотына төлем келіп түскен күннің ертеңінен.
Шарттың іс-әрекеті бір жылдан соң, яғни шарт күшіне енген күннен бір күн бұрын аяқталады. Бұдан бұрынғы үш немесе одан да көп жылдар бойы үзіліссіз сақтандыру шартына отырып келсе, ондай адамға жаңа мерзімді шартқа отыру кезінде (осы шарт жағдайларын бұлжытпай орындағанда, үш жыл ішінде – 10%, төрт жылда — 15%, бес және одан көп жылда — 20%) төлемнің 20 проценті мөлшерінде жеңілдік алуға құқылы.
Сақтандыру оқиғасы басталған кездегі сақтанушының міндеті:
— көлік ұрланған жағдайда, адамның әдейі істеген жөнсіз әрекеті салдарынан ол жойылғанда бұл туралы милиция органына, ал өрт шықса — өртті қадағалау органдарына, жарылыс немесе апат болғанда – тиісті авария қызметтерінің органына және т.б. хабарлау қажет;
— бір тәулік мерзімде сақтандыру оқиғасы болған аумаққа қарайтын ауданның сақтандыру органдарына хабарлау керек. Жазбаша өтініште мына жайлар толық көрсетіледі: қашан, қайда, және де қандай жағдайда сақтандырылған көлік құрып кетті немесе ұрланды, қандай білікті органдарға бұл жөнінде хабарланып, өзінің тұратын жері айтылады;
— жойылған немесе ұрланған автокөліктердің сақтандыру ұйымдарынан алған нысан бойынша тізімдері жасалады;
— актіні жасау кезінде сақтандыру ұйымының өкіліне бүлінген заттардың қалдығын көру үшін мүмкіндік жасалады.
Актіні жасауды сақтандыру ұйымы сақтанушы мен екі куәнің міндетті қатысуымен жүргізеді. Бұған қоса, актіні жасауға қоғамдық өкіл де шақырылуға тиісті. Сақтандыру өтемін төлеуді сақтандыру шартын жасаған сақтандыру ұйымы тиісті құжаттар мен жасалған актіні алысымен жүргізеді. Зардаптың мөлшері олар жасаған акті мен білікті органдардың құжаттарының негізінде анықталады. Сақтандыру өтемі жойылған автокөліктің нақты құны немесе сақтандыру шарты бойынша белгіленген мөлшерде төленеді
Сақтандыру өтемі төленбейді, егер:
- Сақтандыру оқиғасы сақтанушының әдейі істеген әрекеті салдарынан зиянға ұрынса, әдейі жасалған бұл қылмысты тергеу органдары анықтайтын болса;
- Үшінші бір адам автокөлікті ұрласа, жойғысы келсе, бірақ сақтанушы бұл жайындағы мүмкіншілігі бола тұрып милиция органына айтпаса, сондай-ақ бұл фактіні милиция органы растамайтын болса;
- Тек қана заттар қалдықсыз құрып кеткеннен басқа кездегі бүлінген заттардың қалдықтары көрсетілмейді.
Егер сақтанушы құрып кеткен заттардың ішіне жойылмаған нәрсені әдейі қосып жіберсе, онда жоғарыда тұрған сақтандыру ұйымы мәселенің мәнісін байыптап қарап алып, төленуге тиісті сақтандыру өтемінің мөлшерін 50 процентке дейінгі шекте төмендету туралы шешім қабылдай алады.
Егер де келтірілген зақым орнына келтірілсе, онда сақтанушы сақтандыру өтемін алу құқығын жоғалтады. Егер сақтанушыға ұрланған зат қайтарылса, онда ол сол зат үшін алған сақтандыру өтемін сақтандыру мекемесіне қайтарып беруге міндетті, бірақ бұдан ұрлануға байланысты жөндеуге немесе қайтарылған затты ретке келтіруге кеткен шығындар ұсталып қалады.
1.2 Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
“Тұран Әлем” банкінің ”Сақтандыру компаниясы” нарықта 6 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде компания үлкен жетістіктерге жеткен. Компанияның жұмыс істеу ережесі, ол клиентке керекті сақтандырудан сапалы қорғау және максималды шапшаңдылықты қамтамасыз ету болып табылады және де клиенттің барлық қажеттілктерін толық қанағаттандыру.
Компанияның имиджіне және қызмет ету стандартының құрылуына компанияның акционерлері үлкен ықпал жасайды. Бұл акционер Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі – АҚ “Тұран Әлем” банкісі /24/.
Компанияның жарғылық капиталы 1 364,0 млн. теңгені құрайды және 100% ақша құралдарымен қамтамасыз етілген. Компанияның үлкен көлемдегі сақтандыру сыйлықтары жеткілікті резервтерді жинауға мүмкіндік береді. Компания капиталының тұрақты ұлғаю көлемі, профессионалдық менеджмент және инвестициялық саясат компанияға Қазақстан Республикасында ірі институционалды инвестор болуға мүмкіндік береді.
Компания өзінің белсенділігін дара қызмет ету сферасында дамытады, бөлшек секторындағы сақтандыру продуктілерін жаңартуға және құруға үлкен назар аударады, сақтандыру бизнесінде жаңа технологияларды қолданылады және керекті қызметтердің тізімін тұрақты кеңейтеді.
Қазіргі уақытта біз сақтандырудың барлық түрлерін ұсынамыз. Клиенттердің ыңғайлылығына қарай сақтандырудың 40-тан жоғары программалар жасалған. Көлік жүйесін сақтандыруға отандық және шетелдік көліктер мен джиптар (внедорожники) қабылданады.
Сурет 1
“Тұран Әлем” банкінің “Сақтандыру компаниясының” ұйымдық құрылымы
“Тұран Әлем” банкінің ”Сақтандыру компаниясы” өздерінің клиенттеріне кең және әр түрлі спектр бойынша сақтандыру өнімдерін ұсынады, барлық мүмкін болатын тәуекелдердің сферасын күнделікті өмірде іс жүзінде қамтиды /24/.
Құрамы жағынан компания портфелі 4 топқа бөлінеді:
Сақтандыру топтары | Сыйақы 2004 | |
Мың тг. | Үлес | |
Көлік жүйесін сақтандыру | 353 002 | 25% |
Жауапкершілікті және мүлікті сақтандыру | 506 480 | 36% |
Жеке сақтандыру | 369 813 | 26% |
Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру | 172 363 | 12% |
Барлығы: | 1 401 658 | 100% |
Көлік жүйесін сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
— көлікті өз еркімен сақтандыру;
— БАНК – КӨЛІК сақтандыруы;
— көлік иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыруы;
— көлік иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруы;
— тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
Мүлікті ерікті сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
— кәсіпорын мүліктерін сақтандыру;
— мұнай операцияларын сақтандыру;
— құрылысты сақтандыру;
— ұшақтар мен қайықтарды сақтандыру;
— жүктерді сақтандыру және т.б.
Ерікті сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
— медициналық ерікті сақтандыру;
— аурулардан сақтандыру;
— шетелге кететін және ҚР келетін азаматтарды сақтандыру;
— жұмысшының денсаулығына және өміріне зақым келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
— келісім – шарт бойынша азаматтық – құқықтық жаупкершілікті сақтандыру;
— кәсіпкердің тәуекелділігін сақтандыру.
КӨЛІК ЖҮЙЕЛЕРІН ерікті түрде сақтандыру ережелері:
Осы ережелердің шарттары негізінде «БТА Сақтандыру Компаниясы» АҚ жеке тұлғалармен – көлік құралдарының иелерімен автомобиль көлігін ерікті түрде сақтандыру шарттарын жасасады.
Осы ережелерде келесі ұғымдар мен терминдер қолданады:
- көлік құралының иесі – көлік құралын жекеменшік құқығында немесе кез-келген өзгедей заңды негізде иеленетін жеке тұлға.
- пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтық өтемді алушы болып табылатын тұлға.
- сақтандырылған адам – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылып отырған көлік құралын жүргізуге рұқсат етілген тұлға;
- сақтандырылған көлік құралы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылып отырған көлік құралы (жеңіл автомобиль).
- сақтандыру объектісі – сақтанушының (пайда алушының) сақтандырылған көлік құралын иелену және пайдаланумен байланысты мүліктік мүдделері. Сақтанушының (пайда алушының) құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.
- сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан жеке тұлға.
- сақтаудырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын «БТА» Сақтандыру Компаниясы» АҚ, яғни сақтандыру жағдайы болған кезде жасалған сақтандыру шартына қатысты тұлғаға (пайда алушыға) шартпен анықталған сома (сақтандыру сомасының) мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы тиіс тұлға
- сақтандыру жағдайы – басталған бойда сақтандыру шартында ескерілген тәртіп бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.
- сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарналары) – сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру шартында анықталған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.
- сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы болған жағдайдағы сақтандырушының жауаптылығының шекті мөлшерін білдіретін ақша сомасы.
- сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы болған жағдайдағы сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шектерінде төлеуі тиіс ақша сомасы;
- шартсыз франшиза – әр сақтандыру жағдайында сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау барысында шығын сомасынан шартсыз түрде шегеруге жататын ақша сомасы, таңдалған сақтандыру Бағдарламасы бойынша немесе мөлшері сақтандыру шартында/полисінде көрсетілген сақтандыру сомасының пайызы түрінде анықталады.
Көлік құралдарын ерікті сақтандыру ережелерінің бөліміне келесі ұғымдар мен терминдер қолданады:
- жол-көліктік оқиға – жол үстімен көлік құралының жүру барысында және оның қатысуымен болған, барысында адамдар қаза тапқан немесе жараланған, көлік құралдары, құрылғылар, жүктер зақымдалған немесе өзгедей материалды зиян келтірілген оқиға;
- жол – ыңғайластырған немесе икемделген және көлік құралдарының жүруі үшін қолданылатын жур үсті сызықты бөлігі немесе қолдан жасалған құрылым беті. Жол құрамына бір немесе бірнеше жүру бөліктері және болған жағдайда трамвай жолдары, тротуарлар, жол жиектері мен бөлу сызықтары кіреді;
- техникалық қызмет бекеті (ТҚБ) – көлік құралдарын сондай мақсатта жабдықталған орындарда жөндеу (қалпына келтіру) қызметтерін жүзеге асыратын заңды тұлға (жеке кәсіпкер);
- авторизацияланған қызмет орталығы — өндіруші фирманың өзі шығарған көлік құралдарының моделдеріне техникалық қызмет көрсетуге өкілеттендірген (авторизацияланған) техникалық қызмет бекеті;
- толық жойылу – қалпына келтіру шығындары оның нақты құнынан 70% асқан, сақтандыру объектісін күйі.
Көлік құралын тексеру:
- Сақтандыру шартын жасасу барысында сақтандырушы сондай әрекетке арнайы өкілеттендірілген сақтандырушы арқылы сақтандырылып отырған көлік құралын іс жүзіндегі техникалық жағдайы мен сыртқы көрінісін анықтау мақсатымен тексеруге құқылы, бірақ міндетті емес. Сақтандыру шартын жасасқысы келген тұлға ондай тексеруге қарсылық білдірген жағдайда сақтандырушы сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы /24/.
- Көлік құралын тексеру бойынша кез-келген ықтимал шығандарды сақтандыру шартын жасасқысы келген тұлға көтереді.
- Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен тағайындалуы
Қазіргі уақытта көптеген банктерде жаңа автоматтандырылған есеп – қисап технологиялардың көшуіне қажеттілік жасайды. Бұл банктік қызмет нарығында бәсекелестікті лайықты жүргізуіне және ұнамды пайданы алуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологиялардың архитектурасын таңдау стратегиясы, программалық жабдықтау және телекоммуникация құралдары келесі факторлерден құралу қажет:
- банк мөлшерінде (активтер, есептер саны, филиалдар мен бөлімшелер саны);
- банк қызметінің басты бағыты;
- банк салымшыларының сипаттамасы;
- жарнама стратегиясы;
- мамандануы: коммерциялық / инвестициялық / әмбебаб;
- ішкі және халықаралық нарыққа бейімделу;
- банктегі ақпараттық технологиялардың бар мүмкіндіктерінде;
- жоғары басқарушы қызметкерлерінің аса үлкен тәуекелдерін қабылдауға дайындық көрсеткіштері.
Ақпараттық жүйе – бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, өңдеуге және қолданушылардың сұрауларына байланысты ақпаратты көрсетуге арналған. АЖ өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін есептерін қосады.
Кез – келген АЖ мақсаты, қолдану аймағына қатысты емес әдістерді құру, техникалық базаларды, байланысты үзбеу аппараты, уақтылы, нақты және толық ақпараттарды көрсету болып табылады.
АЖ құрудың басты мақсаты автоматтандыруды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және банк салымшыларына финанстік ақпараттарды беру болып табылады, нәтижесінде, банк клиенттерінің қызмет ету деңгейін жоғарлату.
ЭАЖ құрудың басты мақсатымен қатысты АЖ есептері мыналар болып табылады:
- қызметкерлердің іскерлігі мен еңбек өнімділігі;
- берілген мәліметтердің ақиқаттығы;
- салымшылардың ақшасы туралы мәліметтерді тез арада алу;
- құжат айналымдарының азаюы, банк шығындарының азаюына әкеліп соғады;
- әртүрлі критериялар бойынша салымшы туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндігі бар;
- берілген ақпараттың сенімділігі мен қорғануы бойынша барлық комплексті талаптардың орындалуы;
- тез арада ақпараттарды жинау, бақылау, өңдеу және беру жұмыстарын жақсарту.
Қосымша есептер комплексін қосуына және әрі қарай дамуына, функционалдық және ақпараттық құрылым жүйесі ашық болу қажет.
Достық интерфейс компьютермен жұмыс істеген кезде жұмысшылар өз жұмысының өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етеді /9/.
1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, қайта өңдеуге және сұраныстарға қатысты ақпараттарды қолданушылармен таныстыруға арналған. АЖ өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін есептерін қосады.
Қолданушыларға жүйе өте ыңғайлы және ұнамды болатын интерфейс және рұқсат етілмеген қимылдардан қорғау.
Осы АЖ ақпарат құпия болмайды және ішкі қолданушылар қолдана алады. Бірақ жүйенің жұмыс істеу кезінде кедергілерден қорғауды қарастыру қажет, қолданушылардың дұрыс емес қимылдарын, сондай – ақ істен шығуды қалпына келтіру мүмкіншілігі бар.
Фактілерді ескеріп, компьютерлік жүйенің архитектурасына әсер етеді, оған мынандай басты талаптар құрастырады:
— АЖ архитектурасы барлық жүйенің жұмыс тәртібінің бұзылу ықтималдығын азайту қажет (жүйенің істен шығуы, ақпараттық базаның бұзылуы, ақпараттардың жоғалуы немесе өзгеруі) қолданушылардың кездейсоқ және әдейі жасалған қимылдары;
— ақпараттар легінің қатысуымен элементтер жүйесі арасындағы ақпараттардың байланысы мен алмасуын іске асыру қажет;
— берілген тапсырмаларды қарастыру және ақпараттардың жаңартуын жабдықтау;
— қарым – қатынас тәртібінде қолданушылардың сұраныстарының тапсырмаларын іздеу;
— ақпараттарды ыңғайлы енгізу;
— ерте енгізілген ақпараттарға тез арада қол жеткізу;
— нормативтік – анықтама ақпараттарын қайта – қайта қарап отыру қажет;
— ақпараттық жеткілікті жылдамдық, ақпараттың ауысу көлемі және жиілігі ағымдағы процестердің үдейі қозғалысына сәйкес келу керек /9/.
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе – бұл қиын жүйелер және элементтерді бөлек бөлімдерге бөлуін талап етеді. Барлық жүйелерге бірден жасау мүмкін болмаса, олардың бөлек бөлімдеріне жасау мүмкін болады. Бөлімдердің белгіленуі толығырақ және нақтырырақ болса, жүйе элементтері, бөлімдердің ара – қатынасы және тұрған жері анықталса, онда жүйенің қызмет істеуі және құру процесі тиімдірірек болады.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық – уақыттық байланыстарының тұрақты тәртібі және элементтер мен жүйеасты бөлімдерінің арасындағы қатынасы, жүйеастының атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе жүйеастыларының жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды /9/.
Есептер комплексі – бұл есеп жиынтығы, белгілі бір қасиетіне қарай топталған.
Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе ортааралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.)
Экономикалық есептердің келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
— жоғары алгоритмдеу;
— иерархиялық, яғни жүйеастыларына, блоктарға, есептер комплексіне кіруі;
— шешімнің бір қалыптылығы;
— шешімге белгілі бір уақыттың болуы;
— типтік алгоритм шешімінің мүмкіндігі және жалпыламалығы;
— жүйенің шығу – кіру тапсырмаларының құрылымы және үлкен көлемі /5/.
Автокөлікті сақтандырудың АЖ қойылатын талаптар кесте түрінде бейнеленген, бұл кестеде есептер комплексі және мүлікті сақтандырудың есептері көрсетілген, сондай – ақ кіріс және шығыс көрсеткіштері берілген есептерге келтірілген.
Кесте 1
АЖ құрылымына қойылатын талаптар
Есеп кешені | Есеп атауы | Кіріс ақпараттары | Шығыс ақпараттары | Қолданушылар |
Сақтандыру көліктерін есепке алуды және сақтандырушы-лармен есептесуді автоматтандыру | Көлік жүйесінің мәлімдемесі | Тіркелу куәлігі, мемлекеттік номері, двигателінің номері, көліктің түсі және т.б. | АНКЕТА және ПОЛИС | Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері |
Зиян келтіруден сақтандыру | Сақтандырушының жасы, жүргізушінің стажы және соңғы 3жыл ішіндегі жол апатының саны | АНКЕТА және ПОЛИС | Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері | |
Ұрлықтан және айдап кетуден сақтандыру | Түнгі уақытта көлік қай жерде тұрады, айдап қашуға қарсы құрылғылардың бар болуы | АНКЕТА және ПОЛИС | Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері | |
Азаматтық – құқықтық жауапкер-шілікті ерікті сақтандыру | Бұған дейін қандай сақтандыру түрімен қолданғаны | АНКЕТА және ПОЛИС | Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері | |
Қосымша материалдар | Менеджердің арызды қабылдауы | АНКЕТА және ПОЛИС | Сақтандыру компаниясының қызметкерлері |
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамасыз ету бөлігі қажет, мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық, ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.
Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар жиынтығын, алгоритмдерді, экономика– математикалық әдістерді және моделдерді қосады.
Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.
Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ қалыптастыру және құруын жабдықтауға арналған. АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы жабдықтауға кіреді.
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады /5/.
1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандық-тан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект /5/.
Кесте 2
Ақпараттық жабдықтау
Элементтер | Сипаттамалар |
Ақпараттық технология |
Мәліметтер базасында негізделген |
Мәліметтер базасы типі |
Реляциондық |
Кодтау жүйесі | Фасеттік жүйе |
Ақпараттық қорғау | АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады. |
1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен можернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру — әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі /5/.
1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
- Ақпаратты алу.
- Ақпаратты түрлендіру.
- Ақпаратты тұтыну.
Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.
Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.
Үшінші саты – операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.
Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:
- Ақпаратты жинау және тіркеу;
- Ақпаратты өткізу;
- Машиналық тасығыштарды дайындау;
- Ақпаратты өңдеу;
- Ұйымдастыру техникасы.
Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.
Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.
Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады /5/.
Кесте 3
Техникалық жабдықтау
Техникалық құралдар атауы |
Физикалық модуль |
Сипаттамалары |
ДЭЕМ Intel Pentium 4 |
ПроцессорЗерделік сақтаушы құрылғы МҚДЖ Монитор Батырмалар тақтасы Тышқан |
Intel, 2.4MHz
512Mb 40Gb 17 дюймдік 102 батырмалы 2 баспалы |
Принтер |
Принтер |
HP LaserJet |
Фкас – модем |
Факс – модем |
Sony – 42S |
Телефон |
Телефон | Panasonik |
1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.
Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе ” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.
Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.
Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакентін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.
Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.
Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:
- Мәліметтерді басқаруда ;
- Мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;
- Деректі программалық әдістерін;
- Дискретті программалар әдістерін;
- Үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды
орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады /5/.
Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП – ң жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.
Кесте 4
Программалық жабдықтау
Тип |
Атауы |
Мүмкіндіктері |
Жалпы программалық жабдықтау |
||
ОЖ | Microsoft Windows NT Server 4.0 | Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау. |
Microsoft Windows NT Workstation 4.0
MS Office XP |
Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы. | |
Microsoft Windows 2000 | Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау. | |
Арнаулы программалық жабдықтау | ||
ҚПП | Visual Basic | Программа құру. |
МББЖ | Paradox | |
Қорғау |
||
ОЖ паролі | Желіге енуді бақылайды. | |
МББЖ паролі | МБ кестелеріне ену құқын анықтайды. |
1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. Мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
- типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;
- мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар кіреді:
- математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;
- ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модель-дерді және мүмкіндіктерді максималды қолдану;
- қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;
- алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы, сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.
Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:
- ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;
- ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;
- өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;
- есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;
- қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;
- программаның орындауы жолына бақылау енгізу;
математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі қажет /9/.
1.4.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және деректерден алудан қорғау
Ақпаратты қорғау дегеніміз – мәліметтер жүйесінде сақталатын орындалған программаларға енуді басқаруға мүмкіндік беретін әдістер мен амалдар жиынтығы.
Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау мақсаты – көп программалы есептеу жүйелеріндегі ақпаратты ойланбай пайдалануды жою, мәліметтерді пайдалануды қажетсіз орындарды анықтау және оларды жою, сондай-ақ қателіктердің салдарын жоюда құралдарды таңдау.
Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесі сипаттарға ие болу керек:
- қауіпсіздік – кездейсоқ және әдейіге емес бұзудан мәліметтердің қорғанысын қамтамасыз ету, жүйе немесе сонда сақталынатын мәліметтермен жұмыс істеуге пайдаланушының құқығын анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді ашу модификациясы немесе жиынтығы;
- ұқсастыру – пайдаланушыларға, техникалық құралдарға және қорғалатын (мәліметтер элементіне, есептерге, программаларға, мәліметтер базасына) идентификаторларды иемдету (код атауы);
- конфиденциялылық мәліметтерге берілген және олардың қорғаныс дәрежесін анықтайтын статус;
- құпиялылық – ақпаратты жабық және қорғалуға жататын деп жариялайтын құқығы;
- өкілеттілік – қорғалған мәліметтермен сол немесе басқа процедураларды жүзеге асыруда пайдаланушының, терминалдың немесе басқа объектінің құқығы;
- түпнұсқалық – қойылған идентификатордың объектіге қатысты-ғын тексеру.
Кездейсоқ бұзылулардан ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесілерді қарастырады:
- вирустарға қарсы программалардың болуы;
- пайдаланушылар үшін сапалы құжаттаманың болуы;
- жабдықтарды жетілдірудің амалдарын пайдалану.
Ақпаратқа және программалық құралдарға санкцияланбаған енуден сақтандыру үшін келесі бақылау шаралары қолданады:
- парольді пайдалану. Пакетте бекітілетіндер: пакетті ашу паролі, әкімгер паролі. Бұл пакетті ашуға және нормативті – анықтамалық ақпараттың өзгерісіне шектеу қоюды қамтамасыз ету;
- белгілі бір директорияларға енуді шектеу;
- пайдаланғаннан кейін ақпаратты есте сақтау құрылғысынан жою;
- техникалық құралдарды және пайдаланушыларды бақылау;
- техникалық құралдардың құқықтарын анықтау (есептерді және ақпараттық файлдарды пайдалануға келісім берілген жұмыс күндері және сағаттары);
- техниклық құралдарды, есептерді және ақпараттық файлдардың пайдаланушыларынан ұқсастыру;
- шектеуі пайдаланудағы ақпараттарды өңдеу кезінде техникалық құралдардың және пайдаланушылардың жұмысын тіркеу;
- санкцияланбаған әрекеттер кезіндегі сигнализация;
- әр түрлі бағыттағы көмекші программалар (бақылау және қорғаныс механизмі, берілетін құжаттар және т.б. құпиялық графигін ұсыну)
1.5 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы
Аќпараттыќ жүйе – бұл жүйе жинау, саќтау, жаңарту, өңдеу және ақпараттарды беру, экономикалыќ объектіні басқаруға қажетті.
ҚР ақпараттандыру туралы заңында ақпараттық жүйенің келесідей анықтамасы көрсетілген: ақпараттық жүйе – бұл ақпараттық технологиялардың жиынтығы, ақпараттық желілер және құралдар олардың бағдарламалық – техникалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық процестердің орындалуына арналған.
Концептуалды схема бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.
Өзара байланысқан құрылым схемалардың жиынтығын көрсетеді, бұлардың құрамына иерархиялық және ұзындық тәуелді жүйеастылары кіреді.
Автоматтандырылѓан аќпараттыќ жүйелердіњ жобалы ќұжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әртүрлі элементтерініњ графикалыќ суреттелуі маңызды орынѓа ие болады, мысалы, аќпараттыќ үлгілердіњ, блок – схемалық алгоритмдердің, ақпараттарды өңдеудегі технологиялыќ процестердіњ, айналым құжаттарының, аќпараттардың көптігі және т.б.
Тұтас аќпараттыќ жүйенің негізгі концептуалды схемасы бүтіндей жүйені ќұрудың методологиялыќ аспектілерін көрсетеді жєне негізгі аспаптыќ ќұралдарды аныќтайды, сонымен ќатар функционалдық жүйе астыларына кіретін пәндік облыстар. Ал функционалдық жүйе астыларының ролінде ЛЕЖ қолданылуы мүмкін.
Автокөлікті сақтандырудағы ақпараттық жүйенің концептуалдық схемасы төмендегі суретте көрсетілген. Ол жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі программалық, техникалық және ақпаратты жабдықтаушы түрінде көрсетілген, ал мінездемелері бөлек кестелерде келтірілген.
Аќпараттыќ жүйенің функционалдық бµлімінде ақпарат қалай, мәліметтер базасынан алынғанын, басқа қайнарлардан өңделгенін және шығу кезінде қандай құжаттар алынғанын көрсетеді.
Осы есепте қолданылатын талдау жүйесі иерархиялық. Ал бухгалтерлік баланстың кодтау жүйесі сериялы – реттік.
- АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1 Ақпараттық жүйе есептер кешенінің орны
Бұл АЖ есептер кешенінен тұрады:
“Көлік жүйесінің мәлімдемесі” есебі – бұл жерде көліктің түрі, двигателінің номері, түсі, кузовының номері туралы көрсетілген. Сонымен қатар көлікті қандай сомаға бағаланғаны, оның маркасы, моделі, қай жылы шығарылғаны және т.б. көрсетіледі. Бұл есептің ең маңыздысы үш түрлі бағдарламаның біреуін таңдау болып табылады, олар: “эконом”, “стандарт” және “люкс”.
“Эконом” бағдарламасы бойынша – сақтандыру жағдайы болып сақтандырылған көлік құралына жол-көліктік оқиға нәтижесінде зиян келу табылады.
“Стандарт” бағдарламасы бойынша – сақтандыру жағдайы болып сақтандырылған көлік құралына төмендегілердің нәтижесінде зиян келу табылады:
- жол-көліктік оқиғасы;
- жолдан тыс жерде жүру барысында өзге көлік құралдарымен немесе объектілермен соқтығысу;
- объектілердің құлауы, жануарлармен немесе құстармен жанасу;
- өрт, су астына қалу, табиғи апаттар (бұршақтан өзге);
- үшінші тұлғалардың бұзақылығы, вандализмі және өзгедей құқыққа қарсы әрекеттері: тонау, қарақшылық, көлік құралын қасақану жою немесе зақымдау (қосымша шарттар бойынша сақтандырылған болмаса, айдап кету, ұрлаудан өзге).
“Люкс” бағдарламасы бойынша – сақтандыру жағдайы болып сақтандырылған көлік құралын айдап кету, ұрлаудан өзге кез-келген оқиға нәтижесінде зиян келтіру болып табылады.
“Азаматтық – құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру” есебі – көлік құралының иесінің азаматтық құқықтық жауапкершілігінің ерікті түрде сақтандыру шарты бойынша сақтандырылу объектісі (әрі қарай — жауапкершіліктің ерікті түрде сақтандырылуы) болып сақтанушының (сақтандырылған жүргізушінің) Қазақстан Республикасының Көлік құралының иесінің азаматтық құқықтық жауапкершілігінің міндетті түрде сақтандырылуы жөніндегі заңдармен анықталған сақтандыру төлемдері жетіспеген жағдайдағы Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарымен анықталған оның аса жоғары қауіп көзі болып табылатын көлік құралын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеудің Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен анықталған міндетімен байланысты мүліктік мүддесі табылады.
Жауапкершілікті ерікті түрде сақтандыру бөлігіндегі сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып сақтанушының (сақтандырылған жүргізушінің) сақтандырылған көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегуші деп танылған үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеудің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі саналады.
“Ұрлықтан және айдап кетуден сақтандыру” есебі — көлік құралын айдап әкетуден, ұрлаудан ерікті түрде сақтандыру бөлігіндегі сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып сақтандырылған көлік құралын айдап әкету, ұрлау табылады.
Пайда алушы болып көлік құралын айдап әкетуден, ұрлаудан ерікті түрде сақтандыру бөлігіндегі сақтандыру шарты бойынша өзгедейі Полистің «Пайда алушы» немесе «Ерекше шарттар» ұясында көрсетілген болмаса, сақтанушы табылады.
Сақтандырылған көлік құралын сақтанушының пайда алушының сақтап қалуда мүліктік қызығушылығы жоқ тұлға Пайда алушы бола алмайды.
“Зиян келтіруден сақтандыру” есебі – бұл жерде сақтандырушы-ның аты – жөні, жасы, қанша жыл көлікті айдағаны туралы және Қазақстан ішінде жүргені үшін немесе Қазақстанда да, шетелде де жүргені үшін сақтандыру көрсетіледі.
2.2. Есептерді орнату
2.2.1 Есептер кешенінің сипаттамасы
Есептер кешені сақтандыру компаниясының клиенттерімен мәліметтерді өңдеу үшін, сонымен қатар шығыс құжаттарының формасын алуға және құру үшін арналған. Есептер кешені келесі функцияларды орындайды:
- көлік жүйесінің мәлімдемесі;
- зиян келтіруден сақтандыру;
- ұрлықтан және айдап кетуден сақтандыру;
- азаматтық – құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру;
- қосымша материалдар.
Есептің мақсаты – сақтандыру компаниясындағы ақша құралдарының қозғалысы бойынша және клиенттері бойынша ақпаратты жинау және сақтау, яғни шоттағы бар ақша, кіріс, шығыс ақша құралдары және алынған сома нәтижесінде жүргізілген операция. Сонымен қатар шығару формасын беру және мемориал ескерткіш ордерін алу мақсаты болып табылады.
Осы есептердің шешуі тек сбой кезінде және техникалық құралдардың жұмысында олқылық жағдай болған кезде тоқтатылады, бұл жағдайда ақпараттың сақталуына бағдарламалық жүйе ортасы кепілдік береді. Олқылық жағдай кезінде есептердің шешуі және жауаптылығы толығымен бағдарламашыға жүктеледі. Егер есептеуіш құралдарының жұмысы тоқтаусыз істесе, онда есептердің шешуін оператор жүзеге асырады.
2.2.2 Кіріс ақпараттары
Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.
Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визиалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет /5/.
Кесте 5
Құжат |
Түсу мерзімділігі | Ақпараттың қайнар көзі | ||
Иденти-фикаторі | Аты | Ұсыну түрі | ||
TK | Тіркелу куәлігі | құжат | Келісім-шартты тіркеу уақытынан кейін | Клиент |
SZ | Сақтандырушының куәлігі | құжат | Әрбір операцияға | Клиент |
KSZ | Көліктің сақталынатын жері | құжат | Кассаға ақшаны салу операциясымен байланысқанда | Клиент |
KSK | Сақтандыру түрлері | құжат | Келісім-шартты тіркеу уақытынан кейін | Клиент |
AK | Сақтандыру арызы
|
құжат | Кассадан ақшаны алу операциясымен байланысқанда | Клиент |
“Тіркелу куәлігі” кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің бейнесі мен тізімі
Кесте 6
Құжат атауы | Идентификатор | |
Тіркелу куәлігі | TK | |
Реквизит атауы | Есептер кешенінде белгіленуі | Реквизит ұзындығы |
Келісім – шарт номері | Kel.shart_nom | 5 |
Құру мерзімі | Kuru_date | 8 |
Жеке тұлғаның атауы | NAME | 60 |
“Сақтандырушының жасы” кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің бейнесі мен тізімі
Кесте 7
Құжат атауы | Идентификатор | |
Сақтандырушының жасы | SZ | |
Реквизит атауы | Есептер кешенінде белгіленуі | Реквизит ұзындығы |
РНН | RNN | 12 |
Жеке куәлігінің номері | Kual_nom | 9 |
Мекен – жайы | Adr | 70 |
Телефон | Tel | 6 |
Кәсіпорын түрі | Type | 3 |
“Түн уақытында көліктің сақталынатын жері” кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің бейнесі мен тізімі
Кесте 8
Құжат атауы | Идентификатор | |
Түн уақытында көліктің сақталынатын жері | KSZ | |
Реквизит атауы | Есептер кешенінде белгіленуі | Реквизит ұзындығы |
Гараж | Gar | 20 |
Стоянка | Sta | 20 |
“Қандай сақтандыруды қолданған” кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің бейнесі мен тізімі
Кесте 9
Құжат атауы | Идентификатор | |
Қандай сақтандыруды қолданған | KSK | |
Реквизит атауы | Есептер кешенінде белгіленуі | Реквизит ұзындығы |
БТА | BTA | 10 |
НСК | NSK | 10 |
ТСО | TSO | 10 |
ЦАСО | ZASO | 10 |
АТФ | ATV | 10 |
Коммеск — өмір | Kom_om | 15 |
Казкоммерцполис | Kaz_kom | 15 |
Казахинстрах | Kaz_in | 15 |
“Арызды қабылдау” кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің бейнесі мен тізімі
Кесте 10
Құжат атауы | Идентификатор | |
Арызды қабылдау | ||
Реквизит атауы | Есептер кешенінде белгіленуі | Реквизит ұзындығы |
Аты – жөні | Name | 20 |
Коды | Kod | 12 |
Мерзімі | Date | 8 |
2.2.3 Шығыс ақпараттары
Шығыс ақпараты – бұл берілетін басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне құжаттар, бейнелеулер, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат /5/.
Кесте 11
Құжат |
Жіберу мерзімділігі | Ақпараттың қайнар көзі | ||
Иденти-фикаторі | Аты | Ұсыну түрі | ||
ANK |
АНКЕТА |
Құжат | Клиенттің сұрау мерзімінен кейін | Клиент |
POL | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ | Құжат | Клиенттің сұрау мерзімінен кейін | Клиент |
“АНКЕТА және САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ” кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің бейнесі мен тізімі
Кесте 12
Құжат атауы | Идентификатор | |
АНКЕТА және ПОЛИС | ANK_POL | |
Реквизит атауы | Есептер кешенінде белгіленуі | Реквизит ұзындығы |
Арызданушының аты-жөні | Name | 20 |
Куәлігінің номері | Ku_nom | 15 |
Телефон | Tel | 6 |
РНН | RNN | 12 |
Көліктің маркасы | Mar | 20 |
Моделі | Mod | 20 |
Шығарылған жылы | Year | 8 |
2.3 Ақпараттық база
Ақпараттық база – бұл АЖ-ні жұмыс істетуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Ақпараттық база машинадан тыс ақпараттық база және машинада ішіндегі ақпараттық база бөлімдерінен тұрады.
Машинадан тыс ақпараттық база – АЖ-ні жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпараттық базаның бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базаға жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік – анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік – анықтама құжаттар (МАҚ) – шартты- тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.
Жедел ақпарат дегеніміз – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпараттық база – бұл АЖ-ні жұмыс істетуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – ДЭЕМ-ға ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Оған қатты магниттік табақшалар, иілгіш магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромды тасығыштар, микрофильмдер және басқа да тасығыш түрі жатады.
Сурет 2
Ақпараттық жүйенің концептуалдық схемасы
Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі. |
Жүйе |
Сипаттама |
Тип |
ЭАЖ |
ЭАЖ | Желі |
Желі | Локальді |
Желі топологиясы | Жұлдыз |
Жалпыжүйелік технолотия | МБ қолдану |
Кодтау жүйесі | Фасеттік |
|
|
- АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ
3.1 Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау
Кесте 19
Есепке берілген мәліметтер
№
|
Көрсеткіштердің атауы | Белгі-ленуі | Өлшем бірлігі | Көрсеткіш-тердің мағынасы | Ескертілуі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Өндіріс алдындағы шығындар | Кп | мың. Тг. | 29,6 | |
Проектіні енгізуге және байланыстыруға кеткен шығындар | Кп1 | мың. Тг. | 7,0 | ||
Проектіні алуға кеткен шығындар | Кп2 | мың. Тг. | 22,6 | ||
2 | ПК бағасы | Кэем | мың. Тг. | 58,5 | |
3 | Жылдық эксплуатациялық шығындар | Зэ | Мың. тг. | 11,4075 | |
4 | Бөлімдегі ұйымдастырушылық-пен айналысатын жұмысшылар саны | Ч | Адам | 4 | |
5 | Жұмыстың бір сағаттық тарифтік ставкасы | З | Тг | 80 | |
6 | Қосымша жалақы коэффициенті | G | 0,70 | ||
7 | Зейнеткерлік қорға бөлінетін коэффициенті | C | 0,15 | ||
8 | Үстемелі шығындар коэффициенті | H | 0,33 | ||
9 | ПК қолдану коэффициенті | V | 0,875 | ||
10 | Пайыз коэффициенті | Р | % | 9,0 | |
11 | ПК жұмысы уақытының жылдық қоры | Тэем | Сағ | 1728 | Есептік мәліметтер |
12 | Есепті шешу уақыты | Тшеш | Сағ | 54 | Алдын-ала есептеу |
13 | Енгізу ақпаратының көлемі | Кенг | Мың.
симв |
130,0 | Есептік мәліметтер |
14 | Өңделген ақпараттың көлемі | Көңд | Кбайт | 97,5 | Есептік мәліметтер |
15 | Шығу ақпаратының көлемі | Кшығ | Мың.
симв |
520,5 | Есептік мәліметтер |
16 | Уақыттың нақты жылдық қоры | Қуақ | Сағ | 1721 | Кесте мәліметтер |
- Сатып алуға кеткен шығындарды орындаушы есептейді және олар техникалық тапсырмаларды, техникалық және жұмыс проекттерін жасауға кеткен шығындар болып есептеледі. Жобаны ендіруге кеткен шығындарды жобаны жасаушылардың еңбек ақыларының сомасын ескере отырып есептейді, бірақ ол ендіру кезінде ғана.
Байланыстыруға кеткен шығындар ендіруге кеткен шығындарға ұқсас есептеледі.
- Дербес компьютердің бағасы “Прайс лист” құжатынан алынады.
- Жылдық эксплуатациялық шығындарды 22-кестеден қараңыз.
- Берілген есептеулер жүргізетін жұмысшылар саны.
- Осы жұмысшылардың орташа сағаттық еңбек ақысы.
6,7,8. Кәсіпорын бухгалтериясында, қай жерде проект енгізіліп жатқаны есептеледі.
- Жасалып жатқан есептер (есептер кешені) үшін ДК-дің қолдану коэффициенті 1-ден аспауы керек және жұмыс уақытын жалпы қолданудың бөлігін көрсетеді.
- ДК-ге берілетін алғашқы көлемнен жұмыс пайызын ескеретін коэффициент, қолмен шығарылатын, есептер көлеміне автоматтандырылған әдіспен шығарылатын, есептер көлемінің пайыздық қатынасын құрайды.
- ДК-дің жұмыс уақытының жылдық қоры 20-кестеде есептеледі.
Кесте 20
ДК жұмысы уақытының жылдық қоры
ДК түрі |
Бір ауысымдағы жұмыс сағатының саны | Ауысым саны | Бір жылдағы жұмыс ауысымының саны | ПК жұмысының жылдық қоры |
Pentium |
8 | 1 | 216 | 1728 |
- Есепті шешу уақыты эмпирикалық жолмен есептеледі, онда өңделетін формалардың саны ескеріледі.
- Ендірілетін ақпараттардың көлемі әр енгізу формасының ақпарат көлемінің қосындысындай есептеледі. Бір енгізу формасының ақпарат көлемі былай анықталады: бір жолдағы максималды белгілер саны бір құжаттағы жолдар санына көбейтіледі, ол бір жылдағы құжаттар санына көбейтіледі.
- Белгілермен өңделетін ақпарат көлемі енгізілетін ақпарат көлемі мен есептер кешенін шешу үшін қолданылатын мәліметтер базасында сақталатын ақпараттардың қосындысын береді. Өндірілетін ақпараттар көлемін Кбайттарға аудару үшін алынған қосындыны 6-ға көбейтіп, 8-ге бөлу керек.
- Шығарылатын ақпарат көлемі әр шығу формасының ақпарат көлемінің қосындысындай есептеледі. Бір шығу формасының ақпарат көлемі былай анықталады: бір жылдағы белгілердің максималды саны бір құжаттағы жолдар санына көбейтіледі /10/.
Кесте 21
Бір жұмысшының жұмыс уақытының жылдық қорының есебі
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Саны |
Календарлық уақыт |
Күн |
365 |
Демалыс күндер | Күн | 104 |
Мереке күндер | Күн | 8 |
Номиналдық уақыт | Күн | 253 |
Жұмысқы шықпаған күндер | Күн | 37 |
Кезекті демалыс | Күн | 24 |
Ауырған күндер | Күн | 11 |
Мемлекеттік міндеттемелер | Күн | 2 |
Бір жылдағы жұмыс күнінің нақты саны | Күн | 216 |
Мереке алдындағы күндердің саны | Күн | 7 |
Уақыттың нақты жылдық қоры | Сағ | 1721 |
Фвр = (бір жылдағы жұмыс күндер саны – мейрамдардың алдындағы күндер)*8+мейрамдардың алдындағы күндер*7
Осыдан: (216-7)*8+7+7=1721сағат
Жобаны ендіру алдындағы жұмысшылардың орындайтын жұмысын (Do) былай есептейді:
Do= ч*Фвр (1)
мұндағы
ч – жұмысшылар саны, адам;
Фвр – бір жұмысшының жұмыс уақытының жылдық қоры, сағат;
Do= 4*1721= 6884сағат
Жобаны ендіруге дейінгі жұмысшылардың орындайтын жұмыстарының құны
(Со) мына формула бойынша есептеледі:
Со= Dо*з*[(1+g)*(1+C)+H] (2)
мұндағы
Dо – жобаны ендіруге дейінгі жұмысшылардың еңбектерінің көлемі;
з – бір жұмысшының орташа сағаттық тарифтік еңбек ақысы;
g – қосымша еңбек ақыны ескеретін коэффициент;
С – зейнет ақы қорларына аударымдарды ескеретін коэффициент;
H – шығындарды ескеретін коэффициент.
Со= 6884*80*[(1+0,7)*(1+0,15)+0,33]=1258395,2тг=1258,395мың.тг
Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жағдайында (жобаны енгізгеннен кейін) еңбек көлемі қызметшілерден қалған жұмыстардан құралады, сонымен қатар ДЭЕМ-ді қолдану.
APM жобасын енгізгеннен кейін жұмысты ұйымдастырумен айналысатын қызметшілерде қалған жұмыстың жылдық көлемі мына формуламен анықталады:
Dост= Do*(1-p/100) (3)
мұндағы
Do – APM-ді енгізуге дейінгі қызметкерлер орындайтын жұмыстың жылдық көлемі, сағат;
p – алғашқы көлемнен ДЭЕМ-ға берілетін жұмыс пайызын ескеретін коэффициент.
Dост= 6884*(1-9/100)=6264,44сағат
Жобаны ендіру жағдайында қызметкерлерде қалған жұмыстар құны мына формуламен есептеледі:
Сост= Dост*3*[(1+g)*(1+C)+H] (4)
Cост=6264,44*80*[(1+0,7)*(1+0,15)+0,33]= 1145139,6тг=1145мың. тг
ДЭЕМ (ДК) қолданудың жылдық шығындары 22-кестеде көрсетілген /9/.
Кесте 22
ЭЕМ қолдануына кеткен жылдық шығындар
№ | Шығын баптарының атауы | Бағасы (мың.тг) |
1 | Күнделікті және алдын-ала жөндеуге кеткен шығындар (ЭЕМ бағасынан 5%) | 2,925 |
2 | ЭЕМ амортизациясы (ЭЕМ бағасынан 12%) | 7,02 |
3 | Заттарға кеткен шығындар (ЭЕМ бағасынан 2%) | 1,17 |
4 | Басқа шығындар (ЭЕМ бағасынан 0,5%) | 0,2925 |
Барлық қолдануға кеткен шығындар | 11,4075 |
APM жобасының жұмысымен байланысты жылдық эксплуатациялық шығындардың бөлігі былай есептеледі:
Свц= (5)
мұндағы
Рреш – бір жыл бойы есепті шешудің периодтылығы;
Зэ – жылдық эксплуатациялық шығындар, мың. тг;
Тэвм – ДК-дің жұмыс уақытының жылдық қоры, сағат;
Треш – есепті шығару уақыты.
Егер жобада есепті шешу периодтылығы әр түрлі болса, онда ол екі қосындының қосындысы түрінде көрсетіледі:
Свц=Свц1+Свц2+Свц3
Свц1= (3240*2*11,4075)/1728=42,778
Свц2= (216*2*11,4075)/1728=2,851
Свц3= (12*2*11,4075)/1728=0,1584
Кешеннің барлық есептері үшін:
Свц= 42,778+2,851+0,1584=45,7874
Жобаны ендіру жағдайында ақпаратты өңдеудің жылдық шығындары мынаны құрайды (Савт):
Савт= Свц+Сост (6)
мұндағы
Свц – жобаны ендіру жағдайында ақпаратты өңдеудің эксплуатациялық шығындары, мың. тг;
Сост – APM жобасын жүзеге асыру жағдайында қызметшілерде қалған жұмыс құны, мың. тг.
Савт= 45,7874+1145139,6тг= 114518563тг= 1145,1853мың. тг
APM (есептер кешенін) енгізуден жылдық экономия (Сapm) мынаған тең:
Сapm= Co-Cавт (7)
мұндағы
Со – APM-ді енгізгенге дейінгі ақпаратты өңдеуге кеткен шығындар мөлшері, мың. тг;
Савт – APM-ді енгізген жағдайда ақпаратты өңдеуге кеткен шығындар мөлшері, мың. тг.
Сapm= 1258395,2-1145185,3= 113209,9= 113,209мың. тг
- Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
Тестілеу нәтижесінде жүйе дұрыс нәтижені көрсетті деп айтуға болады. ЭЕМ құжаттары негізінде ақпаратты енгізудің басты талаптары, онымен жұмыс істеуі, керекті мәліметтер базаларының құрылымын өңдеуі, құжаттарды экранда көру, ақпаратты ЭЕМ енгізу және оны редактрлеу анықталған. Функционалды немесе қамтамасыз етуші бөлімдерде жетіспеушіліктер анықталмаған.
Бірақ тап осы деңгейде тоқтауға болмайды, себебі жүйе толық жетілдірілуі тиіс. Жүйені жетілдіру үшін Қазақстан басқа мемлекеттермен қарым – қатынаста болу қажет, жүйе шетелдік валютада операциялар жасауы тиіс, сонымен қатар конвертация жасау қажет /12/.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыста автокөлікті сақтандыру объектісін талдау, жұмыстың мінез – құлқы және басқару жүйесі көрсетілген. Олардың иерархиясы анықталған, басќару ж‰йелері элементтердіњ ж±мыс жасау моделі µњделген, мына элементтерге өнімділіктің, сенімділіктің, қайта құрудың, жұмысқа қабілеттіліктің және құнның ‰йлесімді талаптары негізделген.
Дипломдыќ жұмыс µњделген, автоматтандырылѓан аќпараттыќ ж‰йесін ±сынады, бұл банктік қызметтердің нарығында бәсеке қабілеттілігінің жоғарлауы негізгі қызмет болып табылады.
Экономикалыќ ж‰йеде есептер орны анықталған, ќамтамасыз етуші бµлімдердің барлық талаптары ќарастырылѓан, Есеп комплексінің шешіміне арналѓан лайыќты баѓдарламалыќ ќамтамасыз ету бµлінген.
Есептер комплексін коммерциялық жалға беру рекомендациялары берілген және оның әмбебаптылығы, үнемділігі, барынша көп сервисті, пайдаланушыға арналған түсініктіліктің және қол жетерліктің, сонымен қатар есеп комплексінің ақпараттық технологияларын әрі қарай жетілдіруі көрсетілген. Ақпараттық жүйені енгізуге және құруға кеткен шығындардың барлығы есептелген.
Есеп комплексін өңдеу нәтижесінде пайдаланушыға қажетті құжаттарды ешқандай қиыншылықсыз алу мүмкіншілігі берілген.
Есеп комплексін өңдеуде приоритет мынандай есептерге берілген, шешім нәтижесінде тұтынушылардың үлкен сандарына ақпарат пайда болуы мүмкін, сонымен қатар шешім нєтижесі басќа есептердіњ кењ шењбер шешімі ‰шін ќолданылѓанда.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Назарбаев Н.А. Казахстан — 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана. — Казахстанская Правда, 11 октября 1997г
- Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Алматы, 2003
- Карминский А.М., Нестеров П.В. “Информатизация бизнеса”.
- “Автоматизированные информационные технологии в экономике”. Учебник под общей ред. И.Т. Трубилина.
- Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикада-ғы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001
- Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000
- Е.Г.Неверова “Исследование проблем баз данных для информационных систем”. Сборник статей “Информационные системы в экономике”. Алматы: Экономика, 1997
- Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994
- Қ.С.Байшоланова “Ақпараттық жүйелер теориясы”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2002
- Н.Л.Гагарина “Анализ данных на компьютере”. Алматы: Экономика, 2002
- Е.Т.Тулегенов, Н.Б.Бралиева, Л.А.Стороженко, И.А.Матвеева “Бухгалтерские информационные системы”. Алматы: Экономика, 2000
- А.Ө.Биярова “Экономикалық кибернетика”. Оқу құралы. Алматы, 2001
- К.Ильясов, В.Саткалиева, А.Зейнельгабдин, Б.Сапарбаев, П.Исахова “Государственный бюджет”. Алматы: Республиканский издательский кабинет, 1994
- Н.Г.Семенова “Автомотизированные информационные технологий в экономике”. Москва, 2000
- Г.А.Титоренко “Автомотизированные информационные технологий в экономике”. Москва, 2000
- “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999
- Қазақстан Республикасының Президентінің №359 14 маусым-нан 2000 жыл. “2000-2003 жылға Қазақстан Республикасы мемлекетінің ақпараттық қауіпсіздігінің программалық жабдықтауы”.
- К.Қ.Жүйріков “Қазақстандағы сақтандыру: күрделі мәселелер мен дамудың болашағы”. Алматы, 1994
- Тимошенко В.Ф. “Информационные системы менеджмента”
- Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”
- “Автоматизированные информационные технологии в банковской деятельности”. Учеб. пособие для ВУЗ-ов. Под ред. Г.А.Титаренко, В.И. Суворова
- “Банковское дело” Учебник для ВУЗ-ов. Под ред. В.И.Колесникова и Кроливецкой Л. П.
- “Страхование: принципы и практика” Дэвид Б.
- « Азаматтық құқық». Жайлин А.С 2008
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994. 27 желтоқсан