28 января, 2020 20:43
Кіріспе
Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату – сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру – осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік – аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
1 тарау. Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері
1.1 Азаматтық құқық туралы ұғым
Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері өте кең.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін бару үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынанерекшіліктерін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-бабының 1- тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны- мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынасар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субьектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әртүрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік иеліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналасушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысының пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы “азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын” атай келе, “азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады” десе, осы баптың келесі тармағында “тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы” атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субьектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодекстің ерекшілігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
- Азаматтық заңдарда 1994 –жылғы 24 желтоқсанда он үшініш сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады. Азаматтық кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі, 1997 жылғы 5 наурыэдағы, 1997 жылғы 2 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы заңдармен өзгерістер енгізілгенін ескеру қажет.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған.ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1,2 тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан,Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Сонымен, азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік құқықтық актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін. Бұл орайда “Нормативтік құқықтық актілер туралы”1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл нормативтік құқықтық актілердің бәрі олардың заң күшіне қарай белгілі бір қатаң иерархиялық жүйе бойынша орналасады.
- Заң актілері. Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының мейлінше жоғары заң күші бар, оның 4 –бабында Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары деп белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқықтық нормалары бар. Атап айтқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен жеке меншік тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке меншік мәселелері Конституцияның 26-бабында неғұрлым тәптіштеп баяндалған. Азаматтырдың ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатыныстарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-18 баптарында жатыр.
Біз бұған дейін 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған, заң күші жағынан азаматтық құқық қатынастарын реттеуде мейлінше маңызды орын алатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) атап өткенбіз. Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім) 1995 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енгізілді. Ол 405-бапты біріктіретін 24- тараудан тұрады. Оның сипатты белгісі оған нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымға арналған нормативтік базаның негізі етіп алынғаны болып табылады.
Азаматтық құқық нормаларынаң талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталды.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына арыласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан немесе сан жағынан бір кемшілігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқықтық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру- осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрәнің де заң арқылы белгілі салдары болады.
1.2 Азаматтық құқықтық реттеу тәсілдері
Азаматтық құқық сала ретінде толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау қажет. Көптеген ғалымдардың тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар және ол құқық жүйесінің салаларына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық –құқықтық қатынастардың ерекшелігіне байланысты азаматтық құқығының реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың заңды теңдігі, яғни азаматтық құқығының субьектілері азаматтық айналымға түсу процесінде бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқықпен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы.
Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.
Диспозитивтік норма дегеніміз- тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық кодекстің көптеген нормалары көрсетілген ережелерге бағынады. Мәселен, Азаматтық кодекстің 238-бабы,
яғни шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығы пайда болатын кезеңі.
Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келіп, азаматтық құқыққа сала ретінде төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтық құқық Бірақ азаматтық құқық жеке мүліктік емес қатынастарды, сонымен қатар тікелей
Мүліктік қатынастарды да реттейді. Осы уақытқа дейін жеке мүліктік емес қатынастарды бұзу мүліктік сипатта болады деген пікір қалыптасты. Яғни ол үшін жауапкершілік мүліктік сипатта болмауы тиіс. Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құықтарын бұзу, тиімсіз мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соқтыруы мүмкін.
Сонымен, азамат туралы жалған мәлімет жариялау, оған жұмысқа тұруға немес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан жаңа заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет жариялау арқылы келтірілген рухани залалды өтеу құқығына ие болды. Ал азаматтар үшін құқықққа қарсы іс-әрекет арқылы келтірілген физикалық кемісітушілікті өтетуге құқылы.
Азаматтық кодекстің 1-бабында былай деп көрсетілген:
- Азаматтық заңдармен тауар- ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынсатр, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет сондай-ақ әкімшілік аумақтақ бөліністер болып табылады.
- Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық бұзушыға мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соғады.
Ал заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 44-бабында көрсетілгендей.меншік иесі қаржыландыратын мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Меншік иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті мүлікті меншіктенуші жауапты болады.
Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған жағдайда екіншісіне жүктейтін тең құқылы талаптар арасында құрылады. Азаматтық талап жауапкершілікте болу фактісін көрсетеді.
Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.
Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық Кодекстің 7- бабында көрінс тапқан. Азаматтық кодекстің 271- бабы осы кодекстің 7- бабында көрсетілген тұжырымға сүене отырып, міндеттемелердің қалай пайда болатыны айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруде немесе өзге де негіздерден пайда болады.
Азаматтық кодекстің 7- бабы әртүрлі құқықтық қатынастарының мүмкіндік болу негіздерін тізбелеп келтірген.
Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар. Бұл ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада Азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының заңды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімнің жүргізетіңдігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдайда да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында Азаматтық міндеттемені де дүниеген әкеледі.
Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі заңдық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.
Міндеттеменің пайда болу негізіне құқықққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған-біреудің мүлкін қасақан не кездей соқ иелену, зелел келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады. Міндеттеме азаматтық кодекстің 271-бабында қарыстырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.
Міндеттеме өзінің мазмұнына, обьектілерінің салалы ерекшеліктеріне және субьектілерінің сипатына қарай мынанадай түрлерге бөлінеді:
- Жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме.
- Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
- Борышқор әрекетін нақты анықтайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
- Қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (Бұл міндеттеме субьект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе толықталуына әсер етпейді);
- Басты және тәуелді міндеттемелер;
- Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түріндегі міндеттеме.
Міндеттеме жағымды мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен несие берушінің әрекет сипатын айқындай түсу.
Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұның өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міндеттеме жиі кездеседі, мәселен, саянсай тұрғызуды айтуға болады. Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тартуын, несие берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз Мысалы, автор өз шығармасын жасалған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс. Міндеттеме бір жақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме дегеніміз мінджеттемега қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де, екіншісінен тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әр жақтың әрқайсысының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу-сату міндеттемесін мысалға келтірген дұрыс, бұл міндеттемеде сатып алушының да, сатушының бірқатар құқықтары мен міндеттері ескеріледі. Мұндай жағдайда Азаматтық кодекстің 269-бабының 3-тармағына сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасуға міндетті басқа тараптың барышқоры және сонымен бірге оған талап талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болвып есептеледі.
Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай ақшаны беру және т.б. Бірақта мазмұны талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеші әрекет таңдалынады. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұнадай міндеттеме балама деп аталады.
Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады. (мысалы, мүсіншінің міндеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай міндеттеме борышқордың немесе несие берішінің қайтыс болумен байланысты тоқтатылады. (АК –тің 376-бабы).
Міндеттеменің туындауына орай шартты, шарттан тыс деп те, сондай-ақ бір жақры еркін құжатт міндеттемесі депте бөледі. Міндеттеменің шартты тобы өте көп кездеседі(сату-сатып алу тасымалдау, сақтандыру және т.б)
Шарттан тыс міндеттеем әр жақтың келісім бойынша пайда болмайды, керісінше азаматтық құқықтық кез-келген субьектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай-ақ негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкіне жинағандарын заңсыз сатып алу және жинау, мәмлемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайын да да көрінеді. Бұл жайында Е. Баянов былай айтады: “Міндеттеменің пайда болуы заңды тұлғалардың мүлкіне және олардың өздеріне зиян келтіру салдарынан туындауы да мүмкін Азаматтық құқық теориясында мұндай міндеттемелерді шарттсыз міндеттемелер деп те айтады”
Талапкердің пайдасына өндірілетін құқыққ бұзушыға жүктелетін санкциялар қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда құқық бұзушы зиян келтіріп қана қоймай арам ниетпен жасалса және қоғамдық, мемлекттік қызығушылықты тудырса, онда заңда белгіленгендей белгілі мөлшерде немесе толық мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы мүмкін.
Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары эквиваленті өтелетін сипатта болады. Бұдан шығатын қорытынды, талапкерге зиян немесе шығынды эквивалентті түрде өтейді. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның конпенсациялық сипатта болуында. Оның мақсаты –талапкердің мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру.
Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шегін анықтайды. Талапкерге мүліктік сфераны қалпына келтіру тек қана оған келтірген зиянды немесе шығынды толығымен өтеген кезде пайда болады. Сондықтан азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктерінің бірі келтірілген зиян немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік жауапкершілік мөлшерінің сәкес келуі.
Бұл жалпы ереженің кейбір қолданылмайтын кездері бар. Егер де жауапкершілік мөлшері заңмен шектелмеген болса, берілген жағдайды түсіндіре отырып, азаматтық құқық экономикалық қатынастарды реттеумен қоса тәрбиеленуші және контрагентке міндеттемені орындату үшін ықпал етуші сипатқа ие.
Азаматтық құқық қатынастағы тараптардың заң бойынша теңдігі азаматтық айналымдағы юридистикалық жауапкершілікті мойындау қажеттігінен туындайды.
Бұрынғы азаматтық заңдылық бойынша бір-біріне ұқсас теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал қолданыла бермеді. Бұл жерде негізгі қатысушы шаруашылық іс-әрекеттер жеңілділіктермен артықшылықтарды пайдалан білді. Осыған ұқсас жауапкершілік мөлшерінің шектелуі құрылыс, транспорт, кәсіпорындарда және басқа да ұйымдарда етек алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы міндеттемені бұзған кәсіпорындарды және ұйымдарды жеңіл өнеркәсіп саласын мәжбүрлеу шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты осындай жағдайлар заңның кейбір тұстарының өзгертулеріне әкеп соқты.
Жоғарыдағы мысалдан бір шешімге келетін болсақ, азаматтық- құқықтық жауапкершілік мүліктік сипатағы санкция қолданумен байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға қатысыушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда әсер ететінмәселе, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (байланысты емес) мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалар жиынтығы.
2 тарау. Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түсінігі, шектері.
2.1 Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
- Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылар болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарының субьектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік- аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарын қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның обьектісі деп аталады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субьектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және обьектілер (құқықтар мен міндеттердің қатынасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер).
- Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте “құқық” сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды. Оның біріншісін “Азаматтық құқық” “құқық нормалары” дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі “құқық” дегеніміз мемлекетке қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекетткүшіне сүйенеді. Осы мағынада қолданылатын “құқықтың обьективті мағынасындағықұқық” деп немесе “обьективті құқық” деп атайды.
Бұл күнделікті өмірде “менің меншік құқығым бар”, “сіз бұлай істеуге құқығыңыз жоқ”, “оның зейнетақы алуға құқығы бар” тәрізді сөздерді жиі айтамыз, ал бұл орайда кедесетін “құқық” сөзі заң дегенді емес, тұлғаның, нақті адамның белгілі бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл жағдайларда “құқық” туралы субьективтік мағынада немесе басқаша айтқанда, құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктер болып есептелінеді. Құқық қатынастарының элементті ретінде атқанымыз,біз субьективік құқық туралы да айтамыз “құқтық” деген сөзге беретін екінші мағына .
Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субьективтіқұқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екіншісі алдындаы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу- сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті.
- Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматттық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.б. заңдылық фактілер болып табылады.
Азаматтық кодексте сатып алу- сату, жалдау, мұра қалдыру және тағысын тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тәртітейтін баптардың болуы сол жеке тұлғалардың арасында нақтылы құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сатып алу- сату туралы АК- баптарында көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкенмен сатып алу –сату мәмілелеріне кірісуі керек.
Заңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. (АК –тің 7 бабы, 8- тармағы). Адамның қлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері — осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық әрекеттер. Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдылық факті болып табылады ( АК -тің 7-бабы, 7-тармақ). Мысалы, мәміле жасау, ерлі-зайыптылардың айырылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері деп маңыз бермейді; біздің әркеттеріміздің көбі құқық үшін бейтарап әрекеттер, бұл әрекеттер заңдылық қатынастарды тудырмайды да, өзгертпейді де. Кісі біреумен әңгімелесіп отырғанда, кітап оқып отырғанда, жазатын мақласын ойланып отырғанда, кәдуілгі жағдайдағы оның қызметтері құқық шеңберінен тыс жатады.
Заңда, заңдылық салдары бар деп табылатын әрекеттердің мазмұны бірнеше түрде кездеседі және белгілі белсенді бір түрінде-істелген немесе айтылған сөз түрінде, сондай-ақ әрекеттен бой тартқан (өзін-өзі ұстап қалған) түрде- әрекетсіздік түрінде, үн қатпай қалғандық түрінде кездеседі:
Заңды және заңсыз әрекеттер (құқыққа сыйымды және құқыққа сыйымсыз әрекеттер). Көп жағдайларда құқықтар мен міндеттер құқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әректтер заңды әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын,- басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады (АК-тің 4-тарауы)
Мәмілелер мен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс және т.с.с.
Кейбір әрекеттер құқық тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана,, яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тударыды. Мәселен, АК –тің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру (деликт) болып тадылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқа тарту салдарынан тударатын заңсыз әрекет болғандықтанзиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.
Зиян келтірушінің жауаптылық мөлшері.
“Жауапкершілік” термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады.
“Әлеуметттік жауапкершілік” түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілік тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы жауапкершілік түрін юридистикалық жауапкершілік түсігіне ұқсастыруға тырысады. В.А. Тархованың пікірі бойынша: “өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы –юридистикалық жауапкершілік”, -дейді. Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәрбиелік мағынасынан айырады.
Қоғамдық өмірде “рухани жауапкершілік” категориясы үлкен маңызға ие. Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат қылықты қоғамдық айыптау түріаен ерешеленеді.
Әдебиеттерде және заңдылықтарда “экономикалық жауапкершілік” түсінігі жиі кездеседі. Бұл ретте байқағанымыздай, “Экономикалық жауапкершілік” түсінігі екі түрлі мағынада қолданылады. Барлығынан бұрын ол “Мүліктік жауапкершілік” түсінігімен астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық экономикаға өтуімізге және әкімшілік халықтық әдістің экономикалық әдіске өту, осындай түсінікті құқыққа сыйымды етіп көрсетеді. Яғни нарықтық қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпалымен эконмикалық әдістердің заңмен бекітілуі “экономикалық жауапкершілікті” құқық бұзушыға мүліктік ықпал ету шарасы ретінде экономикалық жауапкершілікті юридистикалық жауапкершіліктің бір түріне айналдырады.
Заң әдебиеттерінде “экоеомикалық жаупкершілік” түсінігіне юридистикалық жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретінде қатыстыруға тырысады.
Бұл жағдайда әкімшілік –құқықтық шара туралы сөз болып, ал азаматтық құқықтың жауапкершілік түсінігі қарастырылмайды.
Алайда, нарықтық экономика жағдайында “экономикалық жауапкершілік” түсініг мағынасын жоғалтады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкершілікті құрайтын, өзіне тиісті барлық белгісімен юридистикалық жауапкершіліктің бір түрін құрайды.
Юридистикалық жауапкершілік үшін оған негізгі төрт белгі тән: юридистикалық жауапкершілік құқық нормасын бұзушыға қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеуге ықпал ететін шаралардың тек бір түрі; екіншіден, ол құқықтың бұзылуына жол берген тарапқа ғана қолданылады;үшіншіден, құқық бұзушыға тек қана мемлекеттік немесе басқа құзіретті орган қолданады; төртіншіден,жауапкершілікті қолдану үшін юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға қолданатын санкция заңымен блегіленуі керек.
Юридистикалық жауапкершлік құқық бұзушыға қолданатын мемлекеттік мәжбүрге ықпал ету шараларының ерекше бір түрі ретінде саналады. Сонымен қатар адамдардың іс-әрекетіне әсер ететін басқа да тәсілдермен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші шара ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық жауапкершілік бола алмайтын оперативті ықпал ету шаралары болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті азаматтық құқықта ерекшеліктері бар . Бұл қасиеттер қоғамдық қатынасты реттеуші азаматтық құқықтың пәні және әдісі ретінде, сонымен қатар жалпы құқық жүйесі ретінде азаматтық құқықтың қызметін атқарады.
Азаматтық құқықты реттейтін ерекше қатынастар секілді мүліктік сипатқа ие болып, мүліктік қатынастарды құрайды. Азаматтық құқық бойынша жауапкершілік құқық бұзушыға қолданылатын экономикалық ықпал ету қызметін орындай отырып, қоғамдық қатынастарды реттейтін экономикалық әдістерінің бірі болып табылады.
Бірақ азаматтық құқық жеке мүліктік емес қатынастарды, сонымен қатар тікелей мүліктік қатынастарды да реттейді. Осы уақытқа дейін жеке мүліктік емес қатынастарды бұзу мүліктік сипатта болады деген пікір қалыптасты. Яғни ол үшін жауапкершілік мүліктік сипатта болмауы тиіс. Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын бұзу, тиімсіз мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеліп соқтыруы мүмкін.
Сонымен, азамат туралы жалған мәлімет жариялау, оған жұмысқа тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан жаңа заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет жариялау арқылы келтірілген рухани залалды өтеу құқығына ие болды. Ал азаматтар үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы келтірілген физикалық кемсітушілікті өтетуге құқылы.
Азаматтық кодекстің 1-ші бабында былай деп көрсетілген:
- Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлағалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.
- Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық бұзушыға мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соғады.
Ал заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 44-бабында көрсетілгендей, меншік иесі қаржыландыратын мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Меншік иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті мүлікті меншіктенуші жауапты болады.
Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған жағдайда екіншісіне жүктейтін тең құқылы талаптар арасында құрылады. Азаматтық талап жауапкершілікте болу фактісін көрсетеді.
Талапкердің пайдасына өндірілетін құқық бұзушыға жүктелетін мүліктік санкциялар қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда құқық бұзушы зиян келтіріп қана қоймай арам ниетпен жасалса және қоғамдық, мемлекеттік қызығушылықты тудырса, онда заңда белгіленгендей белгілі мөлшерде немесе толық мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы мүмкін.
Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары эквиваленті өтелетін сипатта болады. Бұдан шығатын қорытынды, талапкерге зиян немесе шығынды эквиваленті түрде өтейді. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның конпенсациялық сипатта болуында. Оның мақсаты талапкердің мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру.
Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтың жауапкершіліктің шегін анықтайды. Талапкерге мүліктік сфераны қалпына келтіру тек қана оған келтірген зиянды немесе шығынды толығымен өтеген кезде пайда болады. Сондықтан азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктерінің бірі келтірілген зиян немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік мөлшерінің сәйкес келуі.
Бұл жалпы ереженің кейбір қолданылмайтын кездері бар. Егерде жауапкершілік мөлшері заңмен шектелмеген болса, берілген жағдайды түсіндіре отырып, азаматтық құқық экономикалық қатынастарды реттеумен қоса тәрбиеленуші және контрагентке міндеттемені орындату үшін ықпал етуші сипатқа ие.
Азаматтық құқық қатынастағы тараптардың заң бойынша теңдігі азаматтық айналымдағы юридистикалық жауапкершілікті мойындау қажеттілігінен туындайды.
Бұрынғы азаматтық заңдылық бойынша бір-біріне теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал қолданыла бермеді. Бұл жерде негізгі қатысушы шаруашылық іс-әректтер жеңілдіктермен артықшылықтарды пайдалана білді. Осыған ұқсас жауапкершілік мөлшерінің шектелуі құрылыс,транспорт, кәсіпорындарда және тағы басқа ұйымдарда етек алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы міндеттемені бұзған кәсіпорындар және ұйымдарды және жеңіл өнеркәсіп саласын мәжбүрлеу шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты осындай жағдайлар заңның кейбір тұстарының өзгертулеріне әкеп соқты.
Жоғарыдағы мысалден бір шешімге келетін болсақ, азаматтық құқықтық жауапкершілік мүліктік сипаттағы санкция қолдануымен байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға қатысушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда әсер ететін мемлекеттік мәжбүрлеу түрлерінің бірі.
Ал зиян келтіргені үшін жауаптылықтың жалпы негіздері Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 917-бабында көрсетілген, яғни:
- Азаматтар мен заңда тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес тгіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттер мен (әрекетсіздік пен) келтірілген (мүліктік және (немесе)мүліктік емес) зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс.
Заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктелуі, сондай-ақ өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін.
- зиян келтурші, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзінің кінәсімен келтірмегендігін дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.
- Заңды іс-әрекеттерінң келтірілген зиян осы Кодексте және өзгеде заң актілерінде көзделген жағдыайларды өтелуге тиіс
Зиян келтірудің алдын алу мәселесі Қазақстан Республикасы Азаматтық
Кодексінің 918-бабында көрсетілген:
- Болашақта зиян келтіру қаупі мұндай қауіпті тудыратын іс-әректтерге тыйым салу туралы талап қоюға негіз болады.
- Егер келтірілген зиян оны келтіруді жалғастыратын немесе жаңаданзиян келтіру қаупін туғңызатын, кәсіпорынды, ғимаратты пайдаланудың не өзге де өндірістік қызметтің салдарынан болса, сот зиянды өтеуден басқа, жауапкерге тиісті қызметін тоқтатуды міндеттеуге құқылы.
Егер тиісті қызметтің тоқталуы қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, сот оны тоқтату туралы талаптан бас тарта алады. Мұндай қызметті тоқтатудан бас тарту жәбірленушілерді осы қызметтен келтірілген зиянды өтеттіру құқығынана айырмайды.
Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 923-бабында айтылған, яғни:
- Заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау
шарасы ретінде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, еңбекпен түзеу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтірілген зиянды анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан, заң актілерінде белгіленген тәртіпте толық көлемде мемлекет өтейді.
- Анықтау, алдан ала тергеу прокуратура органдарының өзге де
заңсыз іс-әрекеттерініңсалдарынан азаматқы немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян осы Кодекстің 922-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша өтеледі.
- Судьялардың және басқа сот қызметкерлерінің заңсыз іс
әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) сот төрелігін жүзеге асыру кезінде келтірілген зиян, осы баптың 1-тармағындакөзделгеннен басқа ретте, осы Кодекс 922-бабының 3- тармағында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша өтеледі.
Өзінің жауаптылығын сақтандырған тұлғаның зиянды өтеуі мәселесі
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 924-бабында қарастырылғандай, ерікті немесе міндетті түрде сақтандыру тәртібімен өзінің жауатылығын сақтандырған заңды тұлға немесе азамат, келтірілген зиянда толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен заладың мөлшерінің арасындағы айырманы өтейді.
14-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 924-бабындабелгіленген негіздер мен тәртіп бойынша қарастырылады. Олар:
- Жасы 14 ке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас
балалар)келтірген зиян үшін, егер зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, оның ата-анасы (асырап алушылары), қорғаншылар жауап береді.
- Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу
мекемесінде, халықты әлекуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса,егер зиян өзінің кінәсімен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті.
- Егер жас бала оқу орнының, тәрбиелеу, емдеу немесе оны қадағалауды
жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің, сондай-ақ шарттың негізінде қадағалауды жүзеге асыруға міндеті адамның бақылауында болған уақытта зиян келтірсе, зиян олардың қадағалауды жүзеге асыраудағы кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, келтірілген зиян үшін осы мекемелер мен адамдар жауап береді.
- Ата-аналардың (асырап алушылардың), қорғаншылардың, оқу
орындарының, тәрбиелеу, емдеу және өзге де мекемелердің зиянды өтеу жөніндегі міндеті жас баланың кәмелетке толуымен немесе оның зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлік алуымен тоқтатылмайды.
Егер ата-аналары (асырап алушылары), қорғаншылары қайтыс болса немесе олардың сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған басқа да азаматтардың жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін жеткілікті қаражат болмаса, ал толық әрекет қабілеттілігі болған зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сондай-ақ басқа да мән жайларды ескере отырып, зиянды зиян келтірушінің өзінің мүлкі есебінен толық немесе ішінара өтеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Қазақстан Респіубликасы Азаматтық Кодекстің 926-бабында он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік мәселесі анықталған:
- он төрт жастан ое сегіз жасқа дейінгі кәмелетке томағандар өздері
келтірген зиян үшін жалпы негіздер бойынша дербес жауап береді.
- он төрт жастан он сегіз жасқа дейін кәмелетке толмағандардың зиянды
өтеу жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері балмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс.
Егер он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адам тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетіспей тұрған бөлігін сол мекемелер өтеуге міндетті.
- Ата –аналардың (асырап алушылардың), қамқоршының және тиісті
мекеменің зиянды өтеу жөніндегі міндеті зиян келтірушінің кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейінгі зиянды өтеуге жеткілікті мүлік немесе кіріс көздері пайда болса не ол кәмелетке толғанға дейін әрекет қабілеттілігіне ие болса тоқтатылады (осы Кодекстің 17-бабының 2- тармағы).
Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке толмағандар
келтірген зиян үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 927-бабында көрсетілгендей ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға, егер баланың зиян келтіруге әкеп соқтарған мінез құлқы ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс жүзеге асырмауының салдары болып табылады деп анықталса, сот ата-ана құқықтарынан айырылғаннан кейін үш жыл бойы оның кәмелетке толмаған балалары келтірген зиян үшін жауаптылқ жүктеуі мүмкін.
Өкіметке қабілетсіз деп танылған азамат келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Кодексінің 928-бабы қарастырады:
- Әрекетке қабілетсіз деп танылаған азамат келтірген зиянды (осы
Кодекстің 26-бабы), егер олар зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды жүзеге асырауға міндетті ұйым өтейді.
- Қорғаншының немесе ұйымның әрекетке қабілетсіз деп
танылғаназамат келтірген зиянды өтеу жөніндегі міндетті оның әрекетке қабілеттілігі қалпына келген жағдайда да тоқтатылмайды.
- Егер қорғаншы қайтыс болса не оның зиянды өтеу үшін жеткілікті
қаражаты болмаса, ал зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жадайын, сондай-ақ басқа да мән жайларды, атап айтқанда, зиян келтірушінің әрекетке қабілеттілігінің қалпына келтірілуін ескере отырып, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды сол зиян келтірушіні мүлкі есебінен толық немесе ішінара өтеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 929-бабында көрсетілгендей, әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылағн азаматтың спиртті ішімдіктерді немесе есірткі заттарды жөнсіз пайдалануы салдарынан келтірілген зиянды (осы Кодекстің 27-бабы) зиян келтірушінің өзі жалпы негіздерде өтейді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кокекстің 930-бабында қарастырылғандай, өз іс-әрекетінің мәнін түсінуге қабілетсіз азамат келтірілген зиян үшін жауапкершілік мәселесі мына тәртіп бойынша анықталады:
- Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіне-өзі ие бола
алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат, сондай-ақ 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді.
Егер жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірсе, сот
жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын, сондай-ақ басқа да мән жайларды ескере отырып, зиянды өтеу жөніндегі міндетті зиян келтірушіге толық немесе ішінара жүктей алады.
- Егер спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарды пайдаланып немесе өзге
әдіспен өзін осындай жағдайға келтірсе, зиян келтіруші жауаптылықтан босатылмайды.
- Егер зиянды жүйке ауруы және ақыл-ойының кемістігі салдарынан өз
іс-әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзіне-өзі ие бола алмайтын адам келтірсе, сот зиянды өтеу міндетін осы адаммен тұратын еңбекке қабілеттілерге; зиян келтірушінің осындай жағдайын білген, бірақ оны әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қорғаншылық жасау туралы мәселе қоймаған жұбайына, ата-анасына, кәмелетке толған балаларына жүктеуі мүмкін.
Айналасындағыларға жоғары қауіп туғызатын қызмет (жоғары қауіптілік көздері) арқылы келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 931- бабында толық көрсетілген:
- Қызметі айналасындағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды тұлғалар мен азматтар (көлік ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, көлік құралдарының иелері және т.б.), егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауіптілік көздерікелтірген зиянды өтеуге міндетті.
Зиянды өтеу міндеті меншік құқығымен, шаруашылық жүргізу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негізбен (мүліктік жлдау шарты, көлік құралын басқару құқығына берілген сенімхат, көздері беру туралы құзіретті органның өкімі арқылы және т.б.) жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледі.
- Жоғары қауіптілік көздерінің иелері қауіптілік көздерінің өзара іс-қимылының (көлік құралдарының соқтығысуы жәнет.б.) салдарынан келтірілген тұлғаларға келтірілген зиян үшін осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша ортақ жауапты болады.
Жоғарыда қауіптілік көздерінің өзара іс-қимылы салдарынан олардың иелеріне келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Бұл орайда:
- бір тараптың кінәсінен келтірілген зиянды осы тарап толық көлемінде өтейді;
- екі немесе бірнеше тараптың кінәсінен келтірілген зиян олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесіне сай өтеледі.
Тарптардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесін белгілеу мүмкін болмаған кезде жауаптылық олардың арасында тең бөлінеді.
Зиян келтіруде тараптардың кінәсі болмаған кезде олардың бірде-біреуінің зиянды өтеуге талап етуге құқығы жоқ. Тараптардың әрқайсысы мұндай жағдайда өзі шеккен шығындар тәуекелін көтереді.
- Жоғары қауіптілік көзінің иесі, егер қауіптілік көзі басқа тұлағалардың заңға қарсы әрекеттері салдарынан иеленушінің иелегенен шыққанын дәлелдесе, осы көз келтірген зиян үшін жауап бермейді. Мұндай жағдайларда жоғары қауіптілік көзі келтірілген зиян үшін ондай көзді заңға қайшы иеленушілер жауап береді. Жоғары қауіптілік көзін оның иелігінен заңға қайшы алуда иеленушінің кінәсі болған жағдайда жауаптылық иеленушіге де, жоғары қауіптілік көзін иеленген тұлғалар да жүктелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 932-бабында бірлесіп келтірілген зиян үшін жауапкершілік анықталған:
Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді.
Сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүдделері үшін бірлесіп зиян келтірген тұлғаларға үлестік жауаптылық жүктеуге құқылы.
- Заттар – азаматтық құқық қатынастарынаң обьектілері. Азаматтық құқық қатынастарының обьектілері деп заттарды (мүлік және мүліктік құқық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен интелектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы обьектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл обьектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі. әдетте, азаматтық құқық обьектілерінің шеңбері айнымалы келеді. Мысалы, күні кешеге дейін ақпарат оның аясына кірмеді. Жалпы алғанда, азаматтық құқық қатынастарынаң обьектілерінің негізгі бөлігін заттар құрайды . Зат деп материалдық әлемнің кез келген обьектісін айтамыз. Заттардың заңдық тағдырына оның сапасы мен құқылық мәртебесі елеулі орын алады. Сондықтан да азаматтық құқықтарда заттарды саралаудың (классификациялау) алуан түрі кездеседі.
Заттар азаматтық айналымдағы қатынасына орай шектеулі айналым қабілеттігіне байланысты азаматтық азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқашан шектеусіз қолдан қолға өте береді. Былайша айтқанда, мұндай заттар азаматтық айналымға емін еркін қатысады. Айналым қабілеттілігі шектелген заттар азаматтық айналымға қатысушылардыңбелгіл бір бөлігіне қатысты, немесе айналымы ерекше тәртіппен жүзеге асады. Осы обьектілердің шеңбері заңмен айқындалады. Оған у, қару-жарақ, оқ-дәрі, қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткіштер, тағы басқалар жатады.
Сонымен, азаматтық заң кейбір заттарды азаматтық айналымнан шығарып тастайды. Өткені, оны өзі мемлекеттің немесе басқа тұлғалардың өзгеге беруге болмайтын жеке дара меншігі болып табылады. Қазіргі кезде оған мысал ретінде орман, су және басқа бірқатар обьектілерді жатқызуға болады.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айырылмайды. Мысалы, бір бөлке нанды алайықшы, оны қанша жерден бөлсеңіз де нан күйінде қалады емес пе. Ал бөлінбейтін заттарды бөлсеңіз пайдаға аспай қалады. Егер отырғышты арамен екіге жарып кесіп тастаңызшы, онда ол тұтыну қасиетінен айырылып қалады ғой. Саралаудың мұндай заттық мәні мүлікті бөлу кезінде айқын көрінеді.
Заттар құқық қатынастарында жекеше белгіленген және тектес қасиеттеріне қасиеттеріне қарай белгіленген заттар деп бөлінеді. Заттар жеке белгілеріне қарап, немесе бүтін бір тобына, басқаларына тектесуіне қарап бөлінеді. Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп, екінші жағдайда тектес қасиеттеріне қарай белгіленген заттар дпе атайды. Жекеше белгіленген тек басқасына емес, тек сол заттың өзіне ғана тән. Мысалы, оған суретшінің суреттегі қолтаңбасы немесе көйлектің өзіндік үлгісі жатады. Зат сол жекеше күйінде ғана бір құқық қатынасында тектес қасиеттерімен анықталады, ал басқа ретте даралық сипатқа ие. Айталық, тігін фабрикасы дүкенге 48 пішімді, 3-тұрақылы (рост) 100 көйлек әкеліп сатуға шарт жасасты делік. Бұл құжат бойынша аталған тауар тектес белгілермен анықталады. Ал сатып алушы әлгі жүз көйлектің өзгесін бере алмайды.
Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Оның қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы, көпжылдық өсімдіктер, ғимарат және құралыстар жатады, олар тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге елеулі залал келтірмей бөліне алмайды. Сондай-ақ азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе және теңіз кемелері мен ғарыш обьектілерін де жатқызады. Себебі, олар халықаралық дәстүр мен халықаралық төрелік жасау арқылы қолданылады. Осындай аса қымбат саналатын обьектілерді пайдалану белгілі бір мемлекет құзырынан шығып та кетеді. Әрине, мұндай обьектілердің қозғалмайтын мүлік жөніндегі жалпы ережемен сыласпайтындығын да мойындауға тура келеді.
Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады. Алайда біз бұл арады ереже талаптарынан шығып кететін жәйттерді де кездестіреміз. Мәселен, автокәсіпорын қазғалатын мүлік болып есептелгенмен тіркеуге жатқызылады.
Кәсіпкерлікке пайдаланылатын кәсіпорын мүліктік кешен ретінде мүліктің (заттың) ерекше түрі болып табылады. Ал кәсіпорын негізінен алғанда қозғалмайтын мүлікке жатады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынға оның қызметіне керекті мүліктің барлық түрі енеді. Ол тек қажетті обьектілерді ғана қамтып қана қоймай, жер учаскесі, ғимарат, құрылыстар тәрізді қозғалмайтын болып көрінетіндерді өзіне қаратып алды, тіпті жеке дара күйінде қозғалмалы мүлік болып табылатын керек жарақ, құрал-жабдық, шикізат, өнім, тіпті талап ету құқы да, қарыз, атауы, туралы және фирмалық белгілер, бәрі-бәрі одан іргесін аулақ сала алмайды. Демек, егер кәсіпорын сатылатын болса, онда оның иесі сатып алушыға өзінің қарамағындағы барлық мүлікті беруге тиіс. Тек сатып алушымен келісім арқылы мүліктің бір бөлігін (мысалы, шикізат немесе кейбір құрал жабдықтар) жекелей түрде сатуына болады.
Қосалқы зат және басты зат. Дербес пайдалануға келмейтін, тек басқа затпен (басты) ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп аталады. Жалпы ережеге сәйкес қосалқа зат басқа заттың заңдық тағдырына әсер етеді. Енді басты зат пен қосалқы заттарға мысалдар келтірейік: құлып пен кілт, есік пен құлып, үй мен есік. Егер сіз үйді сатып алу сату жөнінде шарт жасассаңыз, онда оған үйді есігімен, құлпымен, сондай-ақ кілтімен сатылады деп жатудың қажеті жоқ. Өйткені, ол басты зат пен қосалқы зат ережелеріне бағынады. Сатушы есіктің құлпын алып қойса, онда сатып алушы оны орнына қоюды талап етуге құқылы. Кей жағдайда сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шарт бойынша қосалқы затты басты заттан бөлуге мәмлеге келе алады.
Жаңа азаматтық кодекс азаматтық құқық обьектілерінің тізіміне жануарларды да қосады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, оған мүлік жөніндегі жалпы ереже қолданылады. Құқықты жүзеге асыру кезінде жануарлармен ізгілік принциптеріне қайшы келетін қатал да аямаушылық әрекеттердің орын алуына жол бермейді. Мұндай тұжырымдама қосымша түсіндірме жасауды қажетсінеді. Біріншіден, бұл арада әңгіме жан-жануарлардың бәріне қатысты ма, әлде тек үй жануарлары туралы ғана ма? Қоян мен қасқырды орман мүлкіне жатқыза аламыз ба? Солай болған күнде меншік иесі мұндай мүліктерді басқара алмайды емес пе.
Сондай-ақ жануарға “қатал қарау-аямаушылық” дегенге орай оған әдейі зардап шектіру шегі қалай айқындалады, бұл да оңай сауал емес. Өйткені, ғылыми тәжірібиеге байланысты жануарлады азаптауға, тіпті өлтіруге тура келеді, онда қалай болады? Бұл сауалдарға жауапты тек соттың белгілі бір жағдайларға байланысты шығарған шешім ғана жауап бере алады.
Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ құнды қағаздар жатады. Әдетте ақша тектес белгілермен анықталған зат болып табылады. Тек оның көрініске қойылғандары ғана оған кірмейді. Қазақстанның барлық аумағында теңге заңды төлем құралы болып есептеледі. Ол банкнотта көрсетілген бірлікте-100 теңге, 500 теңге және т.с.с. бағаланады. Шетелдік валютамен есеп айырысу тек заңда көзделген ретте жүзеге асады.
Валюта құндылығына қымбат бағалы металдар, шетелдік, банктік кірістер, акциялар, шетелдік облигациялар жатады. Олармен келісім жасау 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңымен жүзеге асады. Бірақ валюталық құндылыққа меншік құқығы басқа мүліктер тәрізді жалпы негізде қорғалады.
Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаз дегеніміз- белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, қайсібір мүліктік құқықты орнататын, оны куәландыратын, өзін көрсеткендей ғана құқықты іске асыратын құжат болып табылады. Демек құнды қағаз жоғалса, онымен жасалған мүліктік құқық та қоса жойылады. Құнды қағаз осы ерекшеліктерімен қарыз алғанда берілетін қолхат ретінде әрекетке түседі. Оның соңғысы мүліктік талапты куәландыруға қызмет етсе, ал оны жоғалту ондай талапты қоюда басқа куәларды алға тартуға кедергі жасамайды. Құнды қағаз өзінде көрсетілгендей, мүліктік құқықты анықтайтын бірден бір құжат болып есептеледі.
Ол белгіленген және міндетті өлшемдерді (реквизиттерді) сақтай отырып жасалады. Мәселен, жалпы ережеге сәйкес коносамент жарамды болу үшін оның белгіленген өлшемі болуы шарт. Онда коносаменттің атауы, белгілі бір соманы төлеуге деген ұсыныс, оны кімнің төлейтіндігі, атауы, төлемді төлеу мерзімі мен орны, кімге немесе тапсырыс бойынша кімнің төлем жасайтындығы, коносаменттің жасалған уақыты мен орнын көрсету, коносаментті берушінің қолы тәрізді талаптар қамтылады. Осылардың біреуі болмаған жағдайда коносамент жарамсыз болып танылады.
Құнды қағаздарды бір тұлғадан екіншісіне беруге болады. Бұл орайда құнды қағазда қамтылған құқықтардың бәрі соның қарауына өтеді.
Қазіргі кезде құнды қағаздың негізгі түрлері деп кеңінен қолданылып жүрген облигацияны, акцияны жинақ және депозитивті сертификаттарды айтамыз.
Құнды қағаз ретінде облигация оны шығарушы (көбіне көп мемлекет)мен сатып алушының иесі белгілі бір тәртіппен есептелген оның номиналды бағасы мен пайзының сомасын ала алады (мысалы, ұтыс жолымен). Акция оны иеленушінің (акционердің) акционерлік қоғам түсірген пайданың бөлігін девидент ретінде алу құқығын бекітеді, сондай-ақ оған бұл қоғамның басқару ісіне қатысу құқығы беріледі, ал акционерлік қоғам таратылған кезде оның пайдасының бір бөлігін меншіктену құқығына ие болады. Банктың жинақ және депозитивтик сертфикаты банкке ақша салушының белгілі бір мерзім өткен соң оны пайызбен алуына құқық береді.
Құнды қағаздар мынандай үш түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік және ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға беріледі әрі ондағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады. Оған мәселен жинақ және депозитивті сертификаттар жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды басқа біреуге бергенде бергені туралы оған жазады (индосамент). Ал ол өз кезгінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады, т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған облигация және акция жатқызылады.
Құнды қағаздар шығару (эмиссия) тәртібі мен оны ұйымдастырып шығарушылардың (эмитент) жауапкершілігі заңмен реттеледі.
- Субьективтік азаматтық құқықтар. Құқықтарды саралау және қорғау.
Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, субьективті азаматтық құқықтар мен оған тиесілі міндеттер кез келген құқық қатынастарының, оның ішінде азаматтық құқықтың түп қазығы болып табылады. Субьективтік құқытардың сипаты олардың саралауы арқылы көрінеді. Біріншіден, абсолюттік (шек қойылмаған) және арақатынасты құқық болып бөлінеді. Ал олардың айырмашылығы неде? Оларға тән ортақ қасиет аталған құқыққа сәйкес міндет кімнің мойнына жүктелгендігіне байланысты мәселе деуге болады. Кейбір құқықтар азаматтық айналымға басқа қатысушылардың бәрін де бұл құқықтардың жүзеге асуына бөгет жасамайтын етіп міндеттейді. Бұл құқықтар жөнінде үшінші тараптағылардың бәрі де міндетті субьект болып табылады. Мұндай құқықтар абсолюттік (шексіз) құқық деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда-абсолюттік құқықты қандай біреу болмасын бұзуға болмайды, сондықтан бұл құқық қандай біреуден болмасын қорғалып отыруға тиіс. Мұндай құқыққа жататындар: меншік құқығы, авторлық және т.б.
Абсолюттік азаматтық құқық мазмұны жағынан қарама қарсы тұрған арақатынасты құқық: бұл құқық бойынша міндетті болатын бір ғана белгілі жақ немесе бірнеше белгілі жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті болған субьектіге не міндетті субьектілерге ғана күші бар, сондықтан бұл міндетті бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілелерге негізделген құқықтардың бәрі де арақатысты құқытар болып табылады. Бұл құқықтарды орындауды мәмлелер бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау т.с.с. міндеттер.
Екінші саралау азаматтық құқықтық заттық және міндеттемелік деп бөледі. Заттық құқық деп заттар жөнінде туатын құқықты атайды. Бұл құқықтың иесі өзінің осы құқығын басқаның көмегіне мұқтаж болмай ақ, тікелей іске асыра алады. Заттық құқықтардың ішіңдегі бастысы –меншік құқығы. Енді мынандай мысалға жүгінейік, меншік құқығы затқа тән, сондықтан да зат меншік иесінің тікелей иелігінде болады, меншік иесі мен заттың арасында ешқандай делдалдық жоқ. Сатып алушының затқа құқығы міндеттемелік деп бағаланады. Ол затты яғни тек сатушының, яғни міндетті адамның қатысуымен ғана ала алады. Заттық құқықтар абсолюттік құқық, ал міндеттемелік құқық –арақатынасты құқық болып табылады.
Енді саралаудың үшінші түріне келейік: мұнда құқық мүліктік және мүліктік емес дап бөлінеді. Бұл жөнінде біз бірінші тарауда айтқан едік. Сонымен азаматтық айналымға қатысушылар өздерінің құқықтарын емін еркін қолдана алады. Дегенмен де заң азаматтыққұқықтарды жүзеге асыру шектерін айқындайды. Бріншіден, оның азаматтық құқығын басқа біреуге қасақана залал келтіру үшін пайдалануына тыйым салынады, сондай-ақ өзге құқық түрлерін қолдану арқылы әлгіндей мақсатқа жол берілмейді.
Мұндай құқықтарды өзге біреуге залал ету үшін қолданылуын айқындау сот тәжирбесінде мүмкін бе, жоқ па айта қою қиын. Ал құқықты тұлғаның өзінің бас пайдасына жолсыз пайдалануының өзге түрлеріне келетін болсақ, ол азаматтық құқықтарды жүзеге асыруды шектеуде ескертілген. Бәсекелес кезінде комерциялық ұйымдардың азаматтық азаматтық құқығын шектеу олардың бас пайдасы үшін жолсыз әрекеттерге баруына тосқауыл қоюдан туындаған. Бәсекені шектеу белгілі белгілі бір тауар өндірушіден тек бір екі фирманың ғана тауар алу мүмкіндігінен көрінеді. Коммерциялық ұйымдардың өзін жоғары қою деп оның монополистік пиғылмен бағаны асапандатып жіберуін айтады. Бұл өзі кеңінен тараған құбылыс.
Бұзылған немесе дауға түскен азаматтық құқық сотпен қорғалады. Бұл орайда сот әртүрлі тәсілдерді қолданады.
Құқықты тану. Бұл жағдайда сот кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екндігін, кімнің құқығына жөнсіз қиянат жасалғанын анықтайды. Мұрагерлік жөніндегі дауда мұрагердің біреуі өзгесінің құқығын мойндамаса, онда сот мұрагерлікке құқықты тану жөнінде шешім шығарады.
Бастапқы жағдайды қалпына келтіру және құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу. Оған мысал ретінде затты иеленушіден алып беру құқығын, сондай-ақ оны бұрынғы заңды иесін қайтаруды айтуға болады. Егер сіз затыңызды жоғалтып алып, оны біреуден көрсеңіз, сот арқылы әлгі затыңызды қайтара аласыз.
Залалды өтеу. Егер тараптарға оның құқығын бұзу арқылы залат келтірілсе, онда ол құқық бұзушыдан толык түрде өтемін талап етуге құылы. Залал бұл арады келтірілген материалдық зианның ақшалай көрінісі болып есептеледі. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінде залалдың екі түрі қарастырылады. Біріншісі –нақты нұқсан келтірілген залал, яғни мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, немесе бұзылған құқықты қалпына келтіретін шығын. Екіншісі –алынбай қалған табыстар (айырылып қалған пайда) яғни дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстарды егер ол түскен болса, онда құқық бұзылмаған болар еді. Айталық, автокөлік оқиғасының автомашина такси бүлінді делік, ол бір апта жөндеуде тұрады.автопарк бұл арады залалдың екі түріне де ұшырайды: оның бірі нақты залал –яғни жөндеуге кеткен шығын көлемі, екіншісі –есесін жіберіп алуы, яғни автопарктің таксидің жөнедеуде тұруына байланысты босқа кеткен уақыттан түспей қалған кіріс сомасы.
Міндетті заттай орындауға ұйғарым шығару. Жәбірленушінің көбіне көп өз құқығын қалпына келтіруде көңілі көншімейтін сондақтан да ол құқығын бұзушыдан келген залалды сол күйінде қалпына келтіруді талап етеді. Егер сіздің сатып алған теледидарыңыз кепілдік мерзім ішінде істен шығып қалса, онда оны алған жерден ауыстырып беруді талап етесіз, сөйтіп міндетті заттай сол қалпына келтіруге мәжбүр етуге құқығыңыз бар.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жаңа нұсқасы бұрынғы кеңес үкіметінің заңында мүлдем болмаған бұзылған құқықтарды қорғаудың бірнеше тәсілдерін қарастырады. Айталық, оған мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа енмесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлінісі өтеуге тиіс. Азаматтық құқықты қорғауда мұндай тәсілдерді соттар жиі қолданады.
Азаматтық кодекс материалдық емес игілікті, мүліктік емес құқықты қорғаудың екі тәсілін қарастырады.
Моральдық залалды өтеу. Моральдық залал деп азаматтардың материалдық игілігі болып саналмайтын және мүліктік емес құқығын бұзу арқылы оған дене немесе рухани залал келтіруді айтады. Оған мысал ретінде отбасындағы құпияны азаматтың еркінен тыс жария етуді немесе оның атын жамылып жарамсыз қылықтар жасауды және т.с.с. келтіруге болады. Азаматтың талабы бойынша сот құқық бұзушыға келтірген моральдық залалды ақшалай өтеуді міндеттей алады. Мұндай өтемнің көлемін сот қана анықтайды. Бұл бір жағынан алғанда оңай шаруа да емес, өйткені залалдың көлемін анықтауда белгілі бір қойылған шек жоқ. Ол үнемі ақшамен есептеуге келе бермейді.
Ар-намысты, қадір қасиетті және іскерлік беделді қорғау. Азамат пен ұйым өзінің ар-анмысына, қадір қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығару үшін сотқа жүгінеді. Сотқа жүгіну ондай мағлұматтарды таратушы адам әлгі таратқан мағлұматтардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаған жағдайда жүзеге асады. Егер мұндай мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, онда сол бұқаралық ақпарат құралдарына берілген мағлұмат тегін түрде теріске шығарылуға тиіс. Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамдарға міндетті түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері алынуға тиіс. Сонымен тұлға таратылған жалған мағлұматтар арқылы өзіне келген залалды (моральдық зиянды) өтеуді талап етуге хақысы бар.
Егер мұндай мағлұматтарды кім таратқаны белгісіз болған күннің өзінде жәбірленуші оның шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеу жөнінде сотқа шағына алады.моральдық залал жәбірленушіге оны келтірушінің кінәснің дәрежесіне қарамастан өтеледі.
Енді тағы бір тәсіл-өзін өзі қорғауға кетелік. Осы сөз тіркесінің өзінен көрініп тұрғандай, азамат пен ұйым өзінің құқығын өзі қорғайды. Бұл орайда өзін өзі қорғау тек құқық бұзушыға және оның әрекеттерін жоюға ғана бағытталуы тиіс. Тәжірбиеде өзін-өзі қорғау жиі кездеседі. Мысалы, телефон станциясы абоненті көрсетілген қызметке төлемді үнемі уақтылы төлемегені үшін байланыс жүесінен айырып тастайды. Мұндай өзін-өзі қорғау құқығы кепіл, мүлікті қорғау шарасы, қажетті қорғану және т.б. түрлерінде кездеседі.
ТАРАУ 3 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ
Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік қолдануға қажетті жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне тарту үшін шығынның бар болуы сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде азаматтық –құқық бұзушылықтың құрамы басқа элементтерін толығымен қамтиды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар:
- тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекет не әрекетсіздік)
- жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
- құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
- құқық бұзушының кінәсі.
Нақты тұлғаға азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы –азаматтық –құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта-кейбір жағдайларда азаматтық құқықтағы құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен сенеспайды; мысалы: жоғары қаутілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді. (АК –тің 931 бабы). Енді азаматтық құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік.
Құқыққа қарсы мінез.
Құқыққа қарсылық құқық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы екендігін білген немесе білмегеніне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.
Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерде сәйкес тараптық құқыққақарсы мінез ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне немесе заңды тұлғаға келтіректін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқққа қарсы мінез болып табылады.
Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы бақа нормативтік актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілік актімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындас, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққа қарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты міндеттеме болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезі ретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.
Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмікн. Егер заңмен немесе нормативті құқықты актімен тиым салынған немесе заңға немесе басқа құқықтық нормативтік акиіге шартқа бір жақты мәмле немесе міндеттеме талабының негізінде қайшы келетін борышқордың іс-әркекті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273 бабы осының дәлелі . заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
Азаматтық заңдылық негізіне сәйекс бір тараптың басқа бір тараптың есебінен мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады. Шартпен белгіленген сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.
Егер тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы деп танылады.шартпен белгіленген тауарды мерзімінде жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққа қарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындауы мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау оның құқыққа қарсы мінезін көрсетеді. Жағады демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа қарсы сипат алмайды, оларға тек суға батушыны құтқару рухани міндеттеме жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені орындаудағы іс әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 188 бабымен үшінші бөлігінде былай делінген: “Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне біріп, иелігінен шығарып, өзі меншік иесі болып қала отырыап, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік етуге құқылы”. Жоғалған мүлікті тауып алған тарап егесіне қайтару немесе жоғалтушы азаматқа қайтаруы тиіс.
Себепті байланыс.
Азаматтық кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге тек қана борышқордың құқыққа қарсы мінезімен келтірілген шығындар жатады. Бұл борышқардың құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөспірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тиым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етуші қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен медбике нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан ол толығымен көру қабілетінен айырылды. Анықталғандай дәрігердің айтуымен медбике қателесіп кетіп басқа дәріні тамызған. Көрсетілген мысалдардан кімнің іс -әрекеті құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын нақты анықтау қиын.
Осындай жағдайларда себепті байланыстың дамыған ғылыми теорияларын басшылыққа алуымыз керек. Теорияда және практикада себепті байланыс тікелей және жанама теориясын ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық себепті оқытудағы екі негізгі жағдайда сүйенеді. Біріншіден , себептілік құбылыс арқылы обьективті байланысты көрсетеді және ол біздің санымыздан тыс өмір сүреді. Сонымен қатар құқық бұзушының зиянды нәтижені көре білуі себепті байланыс туралы сұрақты шешуге көмектеспейді. Шығынның болатынын алдын ала сезе білу субьективті сипатқа ие және себепті байланысты анықтамайды, ал тек қана құқық бұзушының кінәсі туралы сұрақты анықтауға көмектеседі. Екіншіден, себеп және салдар тек қана белгілі оқиғаларға қолдануда маңызы артады. Себеп және салдар ұқсас болғандықтан әрдайым орын ауыстырып отырады және біз оны материалдық өмірдің қарым қатынас тізбегімен байланыстырамыз. Жоғарыда көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен іселген медбике әрекеті салдар туғызады және сонымен қатар нәресетенің көрі қабілетін жоғалтуға себеп болады. Егер қаралып жатқан іске тереңірек үңілсек, онда дәрігердің себепті әрекеті бөлім басқарушысының бұйрығынан туындайды. Сондықтан жауапкершілік туралы шешу кезінде болған оқиға жағдайларынан алысқа кету дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын қатынастар есепке алынады.
Тараптың құқыққа қарсы мінезі зиянның себебі болып тек қана ол осы зиянмен тікелей байланысқан болса ғана пайда болады. Тараптың құқыққа қарсы мінезі мен зиянының арасындағы жанама себепті байланыс болып, ол нақты оқиғаның шегінен ауытқып және юридистикалық себеп байланыстың маңызына ие бола алмайды. Сонымен қатар іс-әрекеттің жасалуына басқа факторлардың әсері тиюі мүмкін.
Алайда бұл факторлардың қайсысы болсын юридистикалық жауапкершілік мағынасына ие бола алмайды және сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезінің және зиянының арасындағы байланыс жанама болып табылмайды. Ал басқалары -юридистикалық жауапкершілікке әсер етеді сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және болған нәтиженің арасындағы байланысты көрсетеді. Жасөспірімдердің келтірген зияны үшін оларды ата –аналары жауап береді, себебі заң оларға юридистикалық маңыз бермейді және әрекет қабілеттсіз деп таниды. Ал ата-аналар құқыққа сыйымсыз мінезі үшін жауап береді. (тиісті қадағалау жасамағаны немесе тәрбиелемегені) және болған зиянның арасында юридистикалық жауапкершілікке тартуға жеткілікті тікелей себепті байланыс пайда болады. Керісінше балық аулаумен шұғылданатын колхоз мүшесінің броконьерлерге ауды сатуды және броконьерлер заңсыз балық аулау арқылы балық ресурстарына зиян келтірсе, броконьерлердің құқыққа қарсы іс-әрекетін көрсетеді және бұл жерде тек қана жанама себепті байланыс бар.
Сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және зиян арасында азаматтық-құқықтық жауапкершілік маңызы бар жағдайлар болмаса тікелей себепті байланыс орын алады. Егер құқыққа қарсы мінез және зиян арасында жауапкершілік туралы сұрақты шешуде азаматтық заңды маңызы жағдайлар болса, онда жанама себепті байланысты көрсетеді. Жоғарыдағы мысоаға сәйкес жасөспірімнің әрекет қабілеттігінің жоқ болуымен байланысты 13 жасар жасөспірімді азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартудың маңызы жоқ. Сондықтан бұл мысалдар шофердің құқыққа қарсы мінезі мен жол ережесінің бұзылуы тікелей себепті байланысты көрсетеді. Күнделікті өмірде бірнеше тараптық іс-әрекеті (әректсіздігі) зиянның пайда болуы жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда тікелей нәтижемен байланысқан барлық құқыққа қарсы әрекеттері егер оларға құқыққа қарсы әрекеттері құқыққа қарсы нәтижеден көрініс тапқан болса оларджы жеке ерекшеліктеріне байланысты себеп ретінде қарастыру керек. Тікелей және себепті байланысты шектеу қажеттігі тек қана теориялық шарттардан шығып қана қоймай, сонымен бірге тәжірбиенің өзімен тұжырымдалады. Бұл теория тәжірбиеде оңай қолданылады. Ол сот тәжірбиесімен кездейсоқ туындаған жоқ.
Әдебиеттерде сонымен қатар себепті байланысты басқа да теориялары кеңінен таралады. Қажетті шартта теориясына қатысты құқыққа қарсы нәтиженің себебі ретінде нәтиже болмауы мүмкін кез-келген жағдайлар болуы мүмкін. Бұл теорияның өкілдері субьективті белгілердің көмегімен себеп салдар байланысының тізбегін шектеуге тырысады. Қарастырып жатқан теорияның себебінің байланысындағы юридистикалық маңызы кінәға құқыққа қарсылыққа тәуелді. Егер қылмыстық құқықта қылмыстық жауапкершілікке тарту өзінің тәжірбиесінде бұл теория көпшілігінде теоретикалық маңызға ие.
Басқа теорияларда кінәсі және себепті байланыс жабық сипатта болады. Мүмкіндік және шындық теориясына қатысты, бір фактілер құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызса, ал екіншілері -осы мүмкіндіктерді шындыққа айналдырады. Мүмкіндікті шындыққа айналдырушы фактілер, әрқашан да құқыққа қарсы нәтижемен себепті байланыста болады. Құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызушы фактілер көрсетілген нәтижеге қарағанда юридистикалық маңызы болуы немесе болмауы мүмкін. Егер тараптың іс-әрекетінен нақты мүмкіндіктің себепті байланысы болса, онда жауапкершілікке тартуға жеткілікті. Ал егер тараптың іс-әрекетінде құқыққа қарсы нәтиженің абстрактілі маңызы болса, онда себепті байланыстың юридистикалық маңызының аз болуына байланысты жауапкершілікке тартуға болмайды.
Нақты мұмкіндік ретінде жағдайлардың обьективті қайталануын шындыққа айналдырушы мүмкіндік танылады. Абстрактілі мүмкіндікте берілген жағдайлар обьективті қайталанбайды. Егер обьективті қайталанатын жағдайларда сәйкес мүмкіндік шындыққа айналса, онда осындай мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре білуі тиіс. және керісінше егер мүмкіндік обьективті жағдайларынан қайталанбауынан шындыққа айналса, онда осындай жағдайлардың обьективті қайталанбайтындығ себепті мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре алмайды. Бұл сондықтан теорияның себепті байланысының юридистикалық маңызды кінә секілді жауапкершіліктің субьективті жағдайларына тәуелді.
Осындай кемшілік себепті байланыстың қажетті және кездейсоқтық теорияларында бар. Бұл теорияның авторларының пікірінше жауапкершілік болуы үшін құқыққа қарсы мінез және нәтиже арасында қажетті себепті байланыс болуы тиіс. кездейсоқ себепті байланыс нәтиженің туындауымен байланысты жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайды. Осы теориядан себепті байланыстың юридистикалық маңызы құқыққа қарсы нәтижемен кінәсі үшін жауапкершілік шектелгендігін байқауға болады. Егер тараптың әрекеті және пайда болған нәтиже арасында қажетті себепті байланыс болса , онда осы нәтижені алдан ала көруге болады және білуі тиіс. егер тараптың әрекеті және құқыққа сыйымсыз нәтиже арасында кездейсоқтық сипат алса онда осындай нәтижені көре білуі мүмкін емес. Сондықтан көре білуге қол жетпейтін құқыққа қарсы нәтижемен қарастырып отырған теориядағы себепті юайланыстың юридистикалық маңызы бар.
Кінә. Азаматтық құқықтық жауапкершілік шаралары тек қана талапкердің мүліктік қанағаттандыруына бағытталып қоймай, сонымен бірге азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік белгілі бір превентивтік қызметін атқарады. Сондықтан азаматтық айналымның қатысушылары жауапкершілікке тартылмас үшін өзінің іс-әрекетімен басқа тараптың заңмен қорғалатын құқығын бұзбауға тырысады. Алайда жауапкершілікке тартудың артылуы қатардағы азаматтық айналымға қатысушыладың инициативасын төмендетеді. Осындай жағдайлардан арылу үшін азаматтық айналымға қатысушыларға өздерінің іс-әрекетінің нәтижесін алдын ала көре алмауына байланысты жауапкершілікке тартылмайды. Осындай сенімділік егер азматтық құқықтық жауапкершілік кінәлі құқық бұзушылық үшін қолданған кезде пайда болады. Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-ші бөлігі осыны көрсетеді: “борышқор кінәлі болған кезде егер заңдарда немесе шарттарда өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындамаған және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Егер борышқор мігдеттемені тиісті дәрежеде орындпу үшін өзіне байланысьы шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады.” Сондықтан жалпы ережеге сәйкес азаматтық құқықта жауапкершілік кінәсіне баылансыта құрылады.
Құқыққа қарсы мінез және себепті байланысқа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершіліктің субьективті шарты болып табылады. Осы тараптың құқыққа қарсы мінезіндегі психикалық қатынасын анықтайды. Кінәнің осы түсінігі теңдей заңды тұлғаларға және азаматтарға қолданылады. Заңды тұлғалардың кінәсінің көрінбеуі мүмкін, өткені оның қызметін міндеттемеге байланысты қызметкерлері атқарады. Мысалы, жұмыс күшінің немесе құралдың жетіспеуіне орай өнімді жеткізуде мерзімді өткізіп алса, осы кемшіліктерді жоюға тиісті шаралар қолданбағаны үшін шаралар комерциялық ұйымның жетекшісі кінялі болып есептеледі. Заңды тұлғаның кінәсі оның қызметкерінің кінәлі іс-әркетінен көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қызметкердің өнімді дайындаудағы кемшіліктер.
Сонымен қатар әдебиеттерде берілген сұраққа басқа да тұжырымдар айтылады. Заңды тұлғаның кінәсі оның жеке қызметкерлерінің кінәсімен емес,сонымен бірге бүкіл ұжымның бүтіндей кінәсін көрсетеді.
Кінә қасақаналық және абайсыздық түрімен ажыратылады. Өз кезегінде абасыздық ауыр және жеңіл түрінде кездеседі. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің субьективтік шарты ретінде кінә адамның санасында болатын психикалық процестермен байланысқан. Алайда қоғамның өзіндік дамуына орай жауапкершілік туралы сұрақты шешу кезінде құқық бұзылғандвғы адамның санасында болатын психикалық процестерді зерттей аламыз. Осы ішкі процестер тек қана адамның мінезіндегі сыртқы көріністерін талқылай аламыз.
Егер тарап өзінің іс- әрекеті арқылы құық бұзушылыққа саналы түрде жол берсе, онда кінәнің қасақаналық түрі орын алады. Азаматтық айналымдағы пайда болатын кәдімгі құбылыстар ретінде азаматтық құқықта кінәнің қасақаналық түрі жиі кездеседі. Сонымен қатар әдеттегі жағдайларды басқа тараптардың заңмен қорғалатын құқықтарын қасақана бұзады. Мысалы, тәжірбиеде жеткізіп беруші сатып алушының өнімі ұстағаны үшін тиісі дареске өнімді жіберуді тоқтатады. Себебі міндеттеменің қасақана бузушылық сферасын шектейді. Кінәнің абайсыздақ түрімен жасалған азаматтақ құықық бұзушылық жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда адамның іс-әрекетінде көрінеу істердің элементтері болмайды. Ол саналы құқық бұзушылыққа бағытталмаған, алайда адманың іс-әректінде мұқияттылық және байқаушылық болмайды. Қажетті байқаушылықтың және мұхияттылықтың болмауы абайзысдықтың екі түріне де тән. Кінәнің екі фрмасының арасында белгілі ерекшеліктер болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта және жоғарғы сот органдарының түсігіктерінде де жауабын таппайды. Сот тәжірибесі белгілегендей адамның денсаулығына келтірілген залал үшін абайсыздықтың қайсы түрі болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды қажет етеді.
Осы екеуін ажырату үшін одан да тереңірек бағдарлау қажет. Бұл бағдарлар ғылым дауымен жетілген. Абайсыздықтың менмендік түрінде тараптың іс-әрекетіне байқаушылық және мұқияттылық болмайды, алайда құқық бұзушылықтан арылуға жеткіліксіз. Мысалы, азамат светофор жасыл жанған кезде өтсе, онда абайсыздақтың қарапайым түрі, ал трамвай жолында ұйықтап жатқан азамат мұқияттылық және байқаушылық элементтері болғанымен, абайсыздықтың менмендік түріне жол береді.
Жалпы ережеге сәйкес азаматтық заңдылыққа кінә жауапкершілікті шарасы ретінде емес, шарты болып саналады. Егер кінә болған жағдайда құқық бұзушы азамат кінәнің формасына қарамастан келтірілген зиянды толық көлемде өтейді. Алайда заңмен немесе шартпен кінә формасы көзделсе, онда азаматтық жауапкершілік мөлшерінде әсер етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден ауытқиды., бірақ қылмыстық құқықтағыдай кінәні төрт түрге бөлу қажеттігі жоқ. Көп ретте жоғарыда көрсетілгендей кінәнің үш мүшелігі кінәнің жауапкершілік мөлшерінде әсер ететін болса жеткілікті. Азаматтық құқықта ралас кінә кездеседі. Аралас кінә төмендегі белгілермен сипатталады:
А) зиян тек қана несие берушінің мүліктік сферасыеда жинақталады.
В) зиян бүтіндей бірлікті құрап, борышқордың кінйлі әрекетін және несие берушінің кінәлі әрекетін анықтауға мүмкіндік болмайды.
Аралас інде борышқордың зиянды әрекеті қанша ал несие берушінің кінәсінің қанша екендігі анықтау мүмкін болмаған кезде, осылардың арасындағы зиянды анықтау кезінде тек бір белгі ретінде осылардың арасындағы зиянды анықтау кезінде тек бір белгі ретінде борышқордың және несие берушінің кінәсімен дәрежесін (формасын) анықтау қолданады. Бұл кезде міндеттеме қайсы тараптың кінә дәрежесі көбірек болса, зиянның көп бөлігі соның есебінен өтеледі.
Аралас кінәні бірлесіп келтірілген зияннан ажырата білуіміз қажет. Бірлесіп келтірілген зиян төмендегі белгілермен сипатталады.
а) зиян несие берушінің мүліктік сферасына пайда болады.
Б) зиян екі немесе одан да көп тараптардың құқыққа қарсы әректімен келтіріледі
В) тараптардың қайсысының әрекетіне зиян келтіру мөлшерін анықтау болмайды.
Г) бірлесіп зиян келтірушілер несие берушінің алдында солидарлы жауапкершілікте болады.
Кінәнің болмауынан міндеттемені бұзған тарап дәлелдейді.
Қылмыстық құқыққа қарағнада азаматтық құқықта құқық дәлелдегенше кінәлі деп танылады. Міндеттеменің орындалуы үшін тарап барлық тиісті шаралырды қолданса, онда тарап кінәсіз деп танылады. Егер азаматтық айналымға қатысушылардың біреуі құқыққа қарсы әрекетімен азаматтық айналымды бұзатын болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі.
____________________
Варул В. А. «вина как обьективное основание гражданско-правовой ответственности» 1986 г Санкт –Петербург 357 стр.
Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы және құқыққа қарсы әрекетімен құқық бұзушының арасындағы себепті байланысты дәлелдеу фактілері жүктеледі.
Алайда талапкер құқық бұзушының міндеттемені орындауды қандай шаралар қолданғанын және оның санасында қандай психикалық процестер қалыптасқаны, құқық бұзушының байқаушылық дәрежесі қандай боландығын біле алмайды сол уақытта құқық бұзушыға осының барлығы белгілі болады. Талапкерге қарағнада өзінің дәлелдемелерін келтіре отырып, құқық бұзушы кінәсіздігін дәлелдей алады. Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің кінәсіздігін дәлелдей алады. Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің кінәсіздігін дәлелдегенше кінәлі болып есептеледі. Сонымен қатар азаматтық заң бекіткендей құқық бұзушының кінәлік презімпйиясы туралы сотқа талапкерде өзінің дәлелдемелерін келтіре алады.
Азаматтық айналымдағы қатардағы субьектілермен бірге өзінің кәсіпкерлік қызметін тәуекелге бел буып жүргізетін тауар-ақша қатынасындағы кәсіпкерлер де қатыса алады.
Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы азаматтық құқықтық жауапкершілік тәекел кезінде құрылады. Азаматтық кодекстің 359-бабының 2 бөлігі және 360 бабында былай делінген: “кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән жайдың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағанын дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықта болады.” Ондай мән жайларға атап айтқанда, міндеттемені орындау үшін қажетті тауарлардың жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің рынокта болмауы жатпайды.
Егер міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлде бір жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдаланудың мүмкін еместігі немеес оны пайдаланудың тиімсіз болу тәукелі кәсіпкерге жүктеледі.
Кәсіпкерге міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде өзінің кәсіпкерлік қызметін орындамағаны үшін көтеріңкі көтеріңкі жауапкершілікте болады. Ол тіпті міндеттемені кәсіпкерлік қызметін орындамағаны немесе тиісіт дәрежеде кездейсоқ орындалмағаны үшін жауапкершілікте болады.
Алайда, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес міндеттеме кәсіпкер қатысы оның жауапкершілігі тәуекел ету барысында емес, кінәсіне қарай болады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы кәсіпкердің жауапкершілігі шексіз емес. Егер міндеттемені орындауда бой бермейтін күштің әсерінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкін болмағандығын дәлелдей алса, кәсіпкер жауапкершіліктен босатылады.
Бұл ережеде диспозитивті сипатта екендігін естен шығармау керек. Осы сұрақтың басқа шешімі заңда немесе шартта көзделуі мүмкін. Азаматтық заңдылық негіздеріне сәйкес келтірілген зиян үшін жауапкершілік егер оның кінәсінен болмағандығын дәлелдей алса, залады өтеуден босатылады. Тасымалдау шартын бекіту кезінде тараптар егер кінәсі бомаған жағдайда жауапкершіліктен босатуды белгілеуі мүмкін.
Көтеріңкі қауіппен байланысқан ( транспорт ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар, құрылыстар, автотранспорт құралдарының иелері және т.б) азаматтар және заңды тұлғалар, егер бой бермейтін күштің немесе талапкердің қасақана әрекетінен зиянның келгендігін дәлелдей алмаса, көтеріңкі қауіптің қайнар көзімен келген зиян үшін жауап береді. Көтеріңкі қауіптің қайнар көзі ретінде көрсетілген обьектімен толық адам басқара алмайтын, өзінің зиянды қасиеттерімен ерекшеленетін материалдық обьектілер танылады. Мысалы, автомобильді қас қағым сәтте тоқтату мүмкін емес, өйткені қоршаған ортаға көтеріңкі қауіп туғызады. Көтеріңкі қауіптің қайнар көздерінің иелері көтеріңкі жауапкершілікті қолдану (кінәсіне қарамастан) оларды көтеріңкі қауіп қайнар көздеріне әрдайым мұқият бақылап отыруға ықпал етеді.
Сақтау қызметімен байланысты ұйым мүліктің зақымдану немесе кемшілігі бой бермейтін күштің әсерінен болса, жауапкершіліктен босатылады.
Алайда азаматтық заңдылықпен бекітілгендей кінәсіне тәуелсіз жауапкершілікті белгілеу шексіз емес. Кейбір жағдайларда егер талапкердің қасақана әрекетінің салдарынан болғандығын дәлелдей алса, жауапкершілікке тартылмайды. Көп ретте бой бермейтін әрекеті орын алса, жауапкершілік қолданылмайды.
Ережеден тыс СССР-дің әуе кодексінің 101 бабына сәйкес самолетті қондыру, ұшыру кезінде жолаушыға келтірілген зиян үшін бой бермейтін күшке қарамастан әуе транспорт кәсіпорны жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты оқиға және бой бермейтін күшті ажыратып алуымыз керек.
Оқиға бұл алдын ала ешкім көруі мүмкін емес жағдай. Егер оқиға орын алса, онда кінәнің де болуы мүмкін емес. Алдын ала көріп білуге мүмкін болмағандықтан, оқиға субьективті қарсы тұра алмаушылығымен сипатталады. Сонымен қатар тарап бола алатын оқиға туралы білсе, онда оның алдын алуға мүмкіндік болар еді. Мысалы, сауды ұйымы халықтың әкелінген тауарға сұранысының төмендейтінін білген болса, онда өзінің сауда айналымын тоқтатпас ішін басқа тауар әкелетін еді.
Егер оқиға субьективті алдын-ала алмаушылық тән болса, бой бермейтін күшке обьективтік алдын алмаушылық тән. Оны көріп білу ғана емес, сонымен бірге оның алдын алуға мүмкіндік болса, да оған тараптың іс-әрекеті жеткліксіз. Мысалы, кеме жүк таымалдау міндеттемесіне сәйкес жүк иесі тиісті күнде жеткізе алатындығы білсе де, сол күні теңізде дауыл болуына байланысты жеткізе алмауы.
Бой бермейтін күші ретінде табиғат құьылыстарын жатқызамыз ( жер сілкінісі су тасқыны, дауыл т.б ) сонымен қатар қоғамдық құбылыста (әскери әрекет, көтеріліс, міндеттемеде көзделген іс-әрекетке тиым салушы құзіретті билік органдарының бұйрығы және т.б) Алайда міндеттемені орындауда бой бермейтін күш ретінде саналмайды. Жыл мезгілдерінің ауысуына жоя алмаушылық тән, алайда ол төтеншелік белгісі жоқ әдеттегі құбылыс. Сондықтан берілген берілген жағдай бой бермейтін күшінде саналмайды. Бой бермейтін күш ретінде кісі өлімін қарастыруға болмайды, өйткені оның төтенше қасиеті жоқ.
Бой бермейтін күшке берілген мысалдағыдай төтеншелік және жоя алмаушылық қасиеті тән. Ал басқа жағдайларда міндеттемені орындау кезінде тарапқа бой бермейтін күш әсер етуі мүмкін , ал кейбірінде міндеттемені орындауға кедергі болатын әдеттегі құбылыс ретінде қарастырылады. Дауыл туралы хабарлаған кезде кеме теңізге шығып кеткен болса және жақын жердегі портқа келе алмаса, онда дауыл бой бермейтін күш ретінде қарастырмайды.
Ғылыми техникалық прогрестің дамуымен байланысты бой бермейтін күш түсінігі пікірлер көбеюде. Бұрынғы бой бермейтін күш ғылым және техника жетістіктеріне байланысты төтеншелік белгісі болып немесе жоя алмаушылық белгісінің бірі ретінде саналып, бой бермеітін күш маңызын жоғалтып отыр. Қазір техника жетістіктеріне байланысты азаматтық қатынасқа қатысушылар оны бой бермейтін күшке жатқызбайды.
Зиян. Зиян-заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса оны залал деп атайды. Заладың ақшалай баламасы шығын делінеді.
Азаматтық кодекстің 9-бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалдың толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.
Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымда адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген залады Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.
Залалдар мынандай екі түрге бөлінеді:
- құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығындар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
- сол тұлғаның құқығы бұзалмаған болса, дағдылы айналым жағдайнда болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырлып қалған пайда)
Мысалы, тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымданса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді. Ал айырылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзгеде зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс, сондай ақ денсаулыққа зақым келтруден туындайтын шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға т.б) жатады.
Егер құқықты бұзған тұлға кейін кіріс түсіретін болса, онда құқығы бұзылған тұлға өзге де айрылып қалған пайдасымен қоса түсуге тиісті кірістен кем емес мөлшерде орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.
Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдық адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал, біреудің атын пайдаланып оған залал және т.б жатады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар және басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иемдену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иемдену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктік (имущественность) дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұны оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсты бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы. Міне, осы тәрізді белгілері болады.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықтық экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады.
Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар (АК-тің 1- бабының 1- тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1 – бабының 2 – тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі «байланыстылық» деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т.б. қатынастар). Мысалы, бір ұйым басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса, онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп, мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүмкінділігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен тәртіптеледі.
Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.
Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның ІІ тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, міне осындай. Енді әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ
- Алексеев С.С. Проблемы теории права. М. 1972 г.
- Ашеулов А.Т. , Г.А. Жайлин. Гражданско-правовая. Ответственность за вред, причененный преступлением против личности. Алматы, Издательства КазГЮУ 2000 г.
- Басик М.Г. , Сулейменов М.К. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы.
- Братусь С.Н. Юридическая ответственность и законность. Москва, 1976 г.
- Белякова М.А. Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика 1986 г.
- Бризиский. О возмещение ущерба гражданам. 1989 г.
- Васькин В.В, Овчиников И.Н. Гражданско-правовая ответственность.1998 г.
- Варул В.А. Вина как субъективное основание гражданско-правовой ответственности. Учебник 1986 г.
- Грибанов В.П. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанностей. Москва 1973 г.
- Егоров Н.Д. Причинная связь как условие юридической ответственности . Москва 1981 г.
- Комаров А.С. Ответственность в коммерческом обороте. Москва 1991 г.
- Маркова М.Г. Основы гражданского права
- Майлин Н.С. Правонарушение, понятие, причины, ответственность. Москва 1985 г.
- Пугинский Б.И. , Сафиуллин Д.Н. Правовая экономика, проблемы становления. 1991г.
- Сергеева А.П. Гражданское право. Под ред. Доктора профессор юридических наук. Санкт-Петербург. 1996 г.
- Суханов Е.А. Гражданское право
- Сергеева А.П., Толстого Ю.К. Гражданское право. Учебник / Под ред. 1997 г.
- Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. 1995 ж.
- Төлеуғалиев Ғ. І том. ҚР азаматтық құқығы. Алматы 2001 ж.
- Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 – тамыз.
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына «Қазақстан – 2030» жолдауы.
- Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы ІІ жеті жарғы.
- Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, «Әділет-Пресс», 1997 г.
- Гражданское право, часть вторая в вопросах и ответах. Москва юрист 2001 г.
- Гражданский кодекс Р.К толкование и комментирование. Алматы 1997 г.
- ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім 1995ж. 1 — наурыз) (Ерекше бөлім ІІ 1999 ж. 1- шілде)
- Постановление Пленума Верховного Суда от 5 – сентября 1986 г.
- ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 6 – қаулысы «Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау» 18-желтоқсан 1992 ж.
- ҚР тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңы. 1997 ж. 17 — сәуір
- «Кәсіпкерлік қызмет туралы» ҚР Президентінің Жарлығы. 1996 ж. тамыз