Ақпарат жүйесін құруды.

27 февраля, 2020 19:18

Жоспар

 

Кіріспе………………………………………………………….3-4

 

Негізгі бөлім………………………………………………….5-13

I Ақпарат жүйесін құруды негіздеу

1.1 Қолдану саласын сипаттау

1.2 Техникалық тапсырма

1.3 Концептуалдық сызба

 

II Ақпарат жүйесін жобалау

2.1 Мәселенің қойылымы

2.2 Кіріс ақпараты

2.3 Шығыс ақпараты

2.4 Программаны жабдықтау

 

Қорытынды………………………………………………………………………..14

 

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………….15

 

Кіріспе

 

         Қазіргі  кезеннің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелінетін “ақпараттық экономикаға” ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика парламентінің “Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Заңын ”  қабылданғанын жатқызуға болады.

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу  барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрі себеп болады. Мысалы, біз ақпараттық жүйе ұғымын былай айта аламыз: Ақпарат- латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай – күйі немесе біреудің  іс- әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.

Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды. Ақпарат жүйесі (АЖ)- қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әр бір ақпарат жүйесі (АЖ) ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпаратты кеңістікке бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.

Кез- келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізінде өзара бір бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Жүйе және оның элементтері туралы ой қозғағанда: орта, объект, өзара байланыс пен  қасиеттер ұғымы қоса жүреді. Осы ұғымдар бірігіп, зерттеудегі жүйелік ыңғайдың мән мағынасын береді.

Жүйенің күйі- оның даму барысындағы құбылыс мезетін білдіріді. Оны көбінесе жүйеге енуші әселер мен шығушы нәтижелер арқылы анықтауға болады. Егер жүйе бір күйден басқа күйге өтетін болса,осы үрдіс жүйенің өзгеріс барысын білдіреді.

Ақпараттандыру- жеке және заңды тұлғалардың ақпараттың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпарттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік- экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді- ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болады.Осы орайда мекемені басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық база сапасымен және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады.

Нарықтық жағдайда мекеменің өмір сүргіштігінің және тұрақтылығының кепілдігін, қызметін оның қаржылық тұрақтылығын атқарады, ол ақша қаражаттарымен еркін маневрлеу, оларды тиымды қолдану арқылы үздіксіз өндіріс және өнімді өткізу процессін қамтамассыздандыратын қаржылық ресурстардың жағдайын бейнелейді. Мекеменің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, объективті, ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық, өндірістік және әсіресе қаржылық шешімдерді қабылдау үшін мекеменің қаржылық жағдайын талдау қажет.

Қазіргі кезде барлық мекемелер нарыққа өтуге, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиымділігін кешенді бағалаумен, жедел басқарушылық шешімдерді жасаумен байланысты талдау жұмыстарының ауқымының кеңейтілуінде қажеттілік сезінуде.Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол шаруашылық қызметті басқару процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ- нің техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады.

Әрине бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелерін есептеу техникасыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.

Ақпараттық жүйе (АЖ)- экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.

АЖ- ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп- ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпараттық есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық ешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты – Коммерциялық банктің физикалық клиенттермен операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

I Ақпарат жүйесін құруды негіздеу

1.1Коммерциялық банктың физикалық клиенттермен операцияларын жүргізуді талдау

 

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық  субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын  тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындармен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

“ Банк ресурстары ” термині “ несиелік ресурсы” терминіне қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқада активтік немесе комисиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

   Депозит- бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың ) банктегі алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттер бұл банк үшін бірден- бір арзан ресурс көзі болып табылады.  

  Депозиттік операциялар  активті және болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар- банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент- банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялат. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.

Пассивті депозиттік операциялар- бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі бір уақытқа және пайиз төлеу шарты бойынша тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстар шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттарымен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

     Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрініс.

Несие берушілер мен  қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.

I.Қарыз алушы категорияларына қарай:

1.Қаржылық институттрға берілнтін несиелер:

-м0ақсатты қорларға;

-банктерге;

-қаржы-несиелік мекемелеріне.

2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

-өнеркәсіп салаларына;

-ауыл шаруашылығына;

-саудаға;

-дайындау ұйымдарына;

-жабдықтау-сату ұйымдарына;

-кооперативтерге;

-жеке кәсіпкерлерге.

Несиелеу қағидалары (принциптері) несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті  экономикалық зандардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу қағидалары негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.

Несиелеу қағидаларына байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерізімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидалары екі топқа бөлінеді:

1 топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі қағидалар:

— несиенің мақсаттылығы;

— несиенің дифференциялдығы;

2 топқа- несиенің мәнін бейнелейтін қағидалар:

— несиенің мерзімділігі;

— несиенің қайтарымдылығы;

— несиенің төлемділігі;

— несиенің қамтамассыз етілуі.

Қазіргі несиенің дифференциялдық қағидаларының мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімдік қағидалармен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі.Екіншіден, бұл қағида несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурсқа деген сұраныссын оқып- үйрену барысында әлуетті қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай — ақ  қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетікшілекке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциялануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

Несиенің төлемділігі- бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы депте атайды.

       Кассалық операциялар— ҚР-ғы екінші дейгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын  1999- жылы 15- қарашада Ұлттық банктің Басқармасының  қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу” Ережесіне сәйкес жұзеге асырылады.

Осы ережеге сәйкес кассалық операция  — бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.

Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма- қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлемшелер болуға тиыс:

  • кіріс – шығыс кассалары;
  • қайта санау кассасы;
  • кешкі касса;
  • сыртқа шығатын касса;

Банк кассасына клиенттерден қолма- қол ақшаларды қабылдау мен оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:

  • қолма- қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
  • кіріс кассалық ордер бойынша.

Басқада құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді.

Кассадағы қолма- қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.

Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғандығын тексереді де құжаттарды  бақылаушы – бухгалтерге тапсырады. Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады.

Бақылаушы- бухгалтер, кассалық құжатты алғаннан соң, ондағы операциондық жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма- қол ақшаны салу туралы  хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады.

Бақылаушы-бухгалтер болмай қалған жағдайда,банктегі бұйрыққа байланысты,оның міндеті кассирге жүктеледі.

Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексеріп болғаннан соң клиентті шақырып,одан банкноталар мен монеталарды санап қабылдап алады.

Қабылдау барысында кассирдің үстелінде тек қана қолма-қол ақшаның тапсырушының ақшалары болуға тиіс.

Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейін,кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық құжатындағы сомамен салыстырып,сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып,түбіртекке «Кіріс кассасы»деген мөр басып,оны ақшаны тапсырушыға береді.

Валюта-мемлекеттердің заңды төлем құрал ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноталар,қазыналық билеттер мен тиындар соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын,бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда)түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары,сондай-ақ шоттардағы,соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары.

Осы занда «валюталық операцияларға» төмендегідей түсінік берілген:

  • меншік құқығының және өзгеде құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар,соның ішінде төлем құрал ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзгеде төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;
  • Валюталық құндылықтарды кез-келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту,сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

1)Шетел валютасы;

2)Номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

3)Тазартылған құйма алтын;

4)Ұлттық валюта,резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Мұндағы резиденттерге жататындар:

  • ҚР-ның тұрақты тұрғыны,соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
  • ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар,олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттілігі;
  • ҚР-дан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық,сауда және өзгеде өкілеттіктер жатады.

Ал,бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Валюталық реттеу-нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау,валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

Валюталық операцияларды тіркеуге алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • тіркеуі үшін өтініш;
  • валюталық келісім шарт көшірмесі (тігілген және мөрі басылған);
  • заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
  • ҚР Статистика ұйымының тарапынан заңды тұлғаға жеке

идентификациялық кодының берілгендігін растайтын құжаттың

көшірмесі.

1.2 Техникалық тапсырма

 

Техникалық тапсырма-бұл автоматтандырылған ақпарат жүйелерін құрудағы талаптарды бекітетін құжат.

 

Бұл  құжатты қалыптастыруда келесі мәселелерді шешу қажет:

  • ақпараттық жүйелерді тұрғызудағы жалпы мақсатты бекіту және ішкі жүйенің құрамын анықтау;
  • ішкі жүйелерге қойылатын талаптарды анықтау және негіздеу;
  • ақпараттық базаға, математикалық және программалық жабдықтарға, құралдар кешеніне талаптарды анықтау және негіздеу;
  • ақпараттық жүйелерді тұрғызудағы кезеңдерді анықтау және орындалу мерзімін бекіту;
  • ақпараттық жүйелерді тұрғызуға кететін шығындарды есептеу және оны объектілерге қолдануға енгізгеннен кейін экономикалық тиімділігін есептеу.

Ақпарат жүйесіне қойылатын талаптар:  ішкі жүйе қызметтеріне деңгейлеріне басқаруды орталықтандыру дәрежесіне, ақпараттық алмасу әдісіне, қосымша жүйелермен өзара әрекеттесуіне және жүйенің даму перспективаларына, персоналға қойылатын талаптар, яғни жүйені қолданушылар саны олардың жалпы біліктілігі және оларды дайындау тәртібі: жүйенің сенімділігіне эргономикасына қауыпсыздікті қамтамасыз ету деңгейіне, стандартизациясына патенттік қорғалуына қойылатын талаптар.

         Жабдықтау түрлеріне талаптар: математикалық жабдықтарға, яғни математикалық модельдер және әдістерінің құрамы және алгоритмдерінің қолданылуының сапасы ақпараттық жабдықтардағы, яғни мәселелердің құрамына, құрылымына, жалпы ұйымдасуына талаптар; жүйе компонентерінің арасындағы мәліметтердің алмасуына талаптар; қолданылатын классификатор және кодтарға талаптар; ақпараттық массивтерді бақылау, ақпараттық платформаға талаптар; шығыс құжаттарына, заң  күшін беру процедураларына талаптар; лингвистикалық жабдықтауға; программалар құру тілдеріне жүйе және қолданішы арасындағы тілдесу әдісіне, кодтау жүйелеріне  талаптар; программалық жабдықтауға; программа құрал – жабдықтарының платформадан тәуелсіздігі олардың сапасы, программалық құрал  — жабдықтарды бақылау әдістері, алгоритм қорларын қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Ақпарат жүйесінің концептуалды сызбасы

 

Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.

Ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок схемалық алгоритмдердің ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжатының, ақпараттарының көптігі және т.б.

Коммерциялық банктің физикалық клиенттермен операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесінің концептуалды сызбасы суретте көрсетілген.

 

 

 

 

-Аты-жөні

— Сома

-Валюта

-Пайыз

-Ашылу уақыты

-Жабылу уақыты

— Аты жөні

— Сома

-Валюта

-Пайыз

-Депозит түрі

-Барлығы, қорытынды

 

-Жалпы сома

-Депозит түрі

-Жалпы сома

-Депозит түрі

-Уақыт

-Аты-жөні

— Сома

-Валюта

-Пайыз

-Уақыт

-Аты-жөні

— Сома

-Валюта

-Пайыз

-Ашылу уақыты

-Жабылу уақыты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Ақпарат жүйесін жобалау

2.1 Мәселенің қойылымы

 

Ақпарат жүйесін құрудағы негізгі мәселе – коммерциялық банктегі  физикалық клиенттермен операцияларды жүргізуді автоматтандыру.

 

2.2 Кіріс ақпараты

 

Клиенттерді тіркеу және оларға жеке шот тағайындау есеп кешенінің кіріс құжаттарына:

Жеке тұлғалар үшін:

  • СТТН көшірмесі;
  • Банктік шот ашу туралы өтініш;
  • Жеке куәлігі.

 

2.3 Шығу ақпараты

 

Шығу ақпараты – бұл берілетін басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне құжаттар, бейнелеулер, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат

 

Қатынас атауы

Идентификатор

   
Валюта және мерзім бойынша есепберу OVT  
Реквизит атауы Есеп қойылымы Реквизит ұзындығы
ФИО

Тарту мерзімі

Қайтару мерзімі

Сома валюта

Сыйақы мөлшерлемесі

Депозит түрі

FIO

DATAPR

DATAVOZ

SUMMA

VALUT

NACH VOZN        VID DEP

A(25)

9(10)

9(10)

9(6)

3

9(6)

A(15)

 

 

 

2.4 Программалық жабдықтау

 

Қолданбалы программаларды өңдеу үшін программалау тілдері және программалау жүйесі қажет. Осы мақсаттарға байланысты  Delphi – Borland, C++ және т.б. тілдер кеңінен тараған, осы аталған тілдердің өздерінің ерекшеліктері бар, осыған байланысты олар негізгі программалау құралы ретінде саналады. Құралдар жабдығының категориясына жоғарғы деңгейдегі тілдер трансляторы ғана емес сонымен қатар Ассемблер, компоновщиктер және т.б. жүйелік программалар жатады. Құралдар жабдығының көмегімен қолданбалы программалар, жаңа құрал жабдықтары да операциялық жүйелер де қарастырылады.  Бұл программалық қамтамасыз ету түрі қолданушыны компьютер ресурстарын басқарудан босатып, аппаратура ортасымен  басқаруды қамтамассыз етеді,  яғни ДЭЕМ – де нақты жұмыс істетуге дайындайды. Жүйелік қамтамасыз ету операциялық жүйелерден , МББЖ- дан МБ- ның дистанциондық өңдеунен  тұрады.

Есептеуіш техника мен  программалау технологияларының дамуы Delphi өнімін алып келді. Delphi – бұл  Windows –та жұмыс істейтін программаларды, қосымшаларды тез өңдейтін интегрирленген орта болып табылады. Delphi негізінде визуалды жобалау технологиясы және программалаудың объектілі- бағытталған әдісі бар.

Delphi ортасында программалау үшін копьютерге Windows 98, Windows NT немесе толығымен сәйкес келетін операциондық жүйе қажет. Delphi Client-Server Suit -8 Мб кем емес жедел жады, ал Delphi –ді толығымен орнату үшін 170 Мб қажет. Кез- келген дербес компьютер процессоры Pentium, жедел жады көлемі 8-16 Мб, дисплей VGA  болса, Delphi-дің жұмысын тиімді етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктің физикалық клиенттермен операциясының ақпараттық жүйесін тұрғыздым. Егер де біз экономика салаларының барлығында автоматтандырылған жұмыс орнын құратын болсақ, біз тек қана жылдам қызметке қол жеткізіп қоймаймыз, сондай- ақ электронды үкіметтің құрулуы да тез іске асатын болады.

Дүниежүзіндегі  саясатта болсын, нарықта болсын дамыған елдер маңызды орын алады, сондай-ақ нарық жағдайы, нарық ауа райы сол елдерге қарап өзгеріп отырады.

Коммерциялық банктің физикалық клиеттермен операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесін  тұрғыздым. Егер де біз экономика салаларының барлығында автоматтандырылған жұмыс орнын құратын болсақ біз тек қана жылдам қызметке қол жеткізіп қана қоймаймыз, сондай- ақ электронды үкіметтің құрылуы да тез іске асатын болады.

Негізгі бөлімде коммерциялық банктің физикалық клиенттермен операцияларды жүргізудің  ақпараттық жүйесіне кеңірек тоқталып,  оны құрдым. Ақпарат жүйесі негізінен ақпарат көздеріне сүйенетіндіктен онда кіріс және шығыс ақпараттарын атап көрсетіп, оларға жеке- жеке кестелер құрып, анықтап көрсеттім. Кіріс ақпараттары өңделіп, шығыс ақпараттарына негіз болады.

Осы курстық жұмысымдағы ақпарат жүйесін тұрғызғандағы физикалық клиеттер мен операцияларды талдайтын әдістер мен әдістемелер іске асатын болса, банктердің корпоративті клиеттер мен ғана емес сонымен қатар жай клиеттер де келешекте несие алу және басқада қызмет алу үшін үлкен жеңілдіктер алады деген үміттемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Қолданылған әдебиеттер

 

  1. “Ақпарат жүйелері негіздері” Кайнарбаева Г.Б. Алматы “Альянс” 2008ж

 

  1. “Ақпараттық жүйелер теориясы” Байшоланова Қ.С Алматы “Экономика”2002ж

 

  1. “Банк ісі” Мақыш Қ. Алматы 2007ж

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля