25 февраля, 2022 22:19
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болдаы. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді.
Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу – тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогереске ие. Бір кезеңдерде педагогика үстірт философиялық — әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді.
І ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
үшін ішінара Педагогикалық бақылау әдісі. Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің қай – қайсысында да қолданыс табады. Себебі, педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мысалға, ғылым сабаққа қатысы отырып, оқушылардың егер мұғалім сабақ материалын қызықты түрде баяндаса, жым – жырт отырып, зейінді тыңдайтынын аңғарады. Одан әрі зерттеушіге аян болатыны: бір оқушылар өзін сабақта белсенділікпен көрсетіп, мұғалімнің сұрақтарына ықласпен жауап беруге тырысады; жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгізеді, өздері сұрақ қоя отырып, сабақ мазмұнын тереңдете ұққысы келеді және т.б. Ал кейбіреулер сабаққа деген енжарлығы мен зейінсіздігін байқатады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжамдарын қорытындылауға мүмкіндік береді. Оның мән – мағынасы келесідей болуы ықтимал: 1) оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты, 2) сабақта зейінділік және белсенділік танытқан оқушылардың білімі біршама жоғары дәрежеде. Бақылау әдісі, осылайша нақты теориялық ой – пікірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете зерттеліп, тексеріледі.
Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу – тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс — әрекеті, оқушылар зейін жандандыру, балалар ұжымының іс — әрекеті және т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез – құлқын бақылау) зерттеу бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, магнитофонға жазу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдарды арнайы күнделікке, хатнамаға жазылады.
Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалдама мәліметтерімен толықтырады. Оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің, ата – аналардың сұрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға қорытынды жасау үшін зор тірек.
Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез – құлқын, түрлі іс — әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен ұштастырылып жүргізіледі.
Бағалау әдісі – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу – таным әрекетінде қарастырсақ, оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Баға – оқушы білімінің басты көрсеткіші.
Бағалау дегеніміз — өлшем.
Өлшемді дұрыс қолдану – шәкірт білімін әділ анықтайтын қазылық жол. Оны ойластырмай, үстірт жүргізуге болмайды.
Бағалау бес баллдық жүйемен де ұстаздың ауызша мадақтауымен де жүзеге асырылады.
Баға жазба жұмыстарынан, ауызша жауаптарға, түрлі тексеру жұмыстарына, дәптер тазалығына, каллиграфия көркемдігіне қойылады. Соның ішінде екі баға қою реті бастауыш сыныптарда да кездеседі.
Екі баға қою мынадай жағдайларда да болуы мүмкін. Мысалы, сабақ үстінде оқушының тапсырманы орындағаны, дұрыс жауабы үшін тиісті бағасын алғаннан кейін де кейбір жұмыстар атқарып, өзінің біліктілігін көрсетсе, журнал мазмұнына қарап, жауап сәйкес келетін тақырып тұсына екінші рет баға қойылдаы. Сонымен қатар мұғалім бақылау диктанттарын да жүргізеді және онда грамматикалық тапсырмалар беріледі. Осы жұмыстарға екі баға қойылады.
Бағалаудың бірнеше тәсілдері бар. Солардың бірі- тест және рейтинг.
Тест. Профессор Ш.А. Амоношвили бағалау-баға берудің ісмерлік нәтижесі, үрдіс,іскерліктің қорытындысы , шарттық формальдық түрі екендігін айтқан.
«Тест»- ағылшын сөзі-«сынау»,»тексеру» дегени мағынаны береді. Тесттердің біздің өмірімізде қолданыла бастағанына көп болған жоқ.
Тесттік ббақылау жүйесі-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіретеді. Оған қоса оқушылардың алған білімдеріндегі олқылықтарын анықтайды, уақытты тйімды пайдалануға мүмкіндік береді.
Тест ең алғаш рет 1864 жылы Англияда жеке тұлғаның даму деңгейін өлшеу әдісі ретінде енгізіліп әуілі психология саласында дамыған. Ол 19 ғасырдан бастап психология және педагогикалық тест болып бөлінді.
Тест мақсатына қарай мынадай түрлері бар:
а) жеке-дара топтық обьектіні таңдщап алу.
ә) іс-әрәкетінің сипатына жазбаша, ауызща, әрекет орындалу формасы.
б) табиғи(сынып) зертханалық жағдайда жүргізу орнына
в) кинотест, телетест.
г) сөздік-сандық,кеңістік-графикалық көрсету формасына қатысты.
Формасы мен құрылымына байланысты тест сұрақтары мына талаптар бойынша құрастырылады, олар:
-логикалық байланыстарға берілген есептер;
— ситуациялық есептерді берілген үрдістегі модельді , нақты жағдайға қатысты шешу;
-бірнеше ұсынылған жауаптың ең жақсысын таңдап алу.
-берілген тапсырмадан «дұрыс», «дұрыс емес» жауапты белгілеу;
-бір жолда бірнеше жауаппен берілген тапсырмалар арқылы негізінде жазылған тест, әр тапсырмаға байланысты дщұрыс жауапты таңдап алуы керек;
Тесттік тапсырманы құрастырудың әдістемесі, олар:
1.Тексеруге алынған ауқымның тапсырмалары көп болса, соғұрлым оның сенімділігі жоғары.
2.Әр тапсырманы жан-жақты өңдеу,оған енетін сұрақтарды тиянақты және бірнеше қайтара тексеру, бұл тесттің сенімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
- Тәжірибеге сйене отырып әрбір тапсырманың қиындық дәрежесін анықтау.
- Нәтижесін есептеуді жеңілдету, берілген әрбір үлгі және трафарет арқылы есептеу.
Рейтинг – ағылшын тілінде torat – «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.
Рейтинг жүиесінің артықшылықтары:
- Оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді;
- Пәндерді оқытуды ізгілендіру ұстандымына жәрдемдеседі;
- Оқу жұмысында мұғаліммен оқушының ынтымақтастығын қалыптастырады;
- Рейтингтік бақылау қызметі диагностикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы рол»н де атқара алад;.
- Рейтингтік жүие оқушылардың танымдық іс-әрәкетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл-ой әрекетінің сипаттамаларын көрсететін жүйелі байланыс сапасын арттырады;
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдіс те ғалым – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс берген құбылыстардың мәні мен септері жөнінде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтірілген оқушылардың сабаққа деген әртүрлі мінез – құлықтық қатынасын алар болсақ, зерттеуші бұл құбылыстың себептері жөніндегі өзінің пікірін мұғалімнің ойымен салыстырғанда жөн табады. Бұл үшін ол мұғаліммен әңгімелесудің бірден – бір жол деп, сабаққа кезіккен құбылыстардың себебін түсіндіріп беруге ұмтылады.
Бақылау ммәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдер мен сынып жетекшілер, мектеп басшылары мен ата – аналар және басқа да қажетті адамдармен дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушы шәкірттер зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті талап етеді.
Әңгіменің барысы хаптнамаға жазылады. Кейде зерттеушілерге елеусіз жағдайда әңгімені магнитофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана нәтиже береді.
Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, эксперимент процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық экспериментерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеудің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі – экспериментті, екіншісі – бақылау объектісі деп аталады. Эксперименттік объектіде, мысалы, эксперимент зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша, ал бақылау объектісінде — әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкес жүргізіледі. Мектеп жағдайында бір топ оқушыларды немесе толық сынып ұжымын, мектептен тыс жағдайда өндірістік звено немесе бригаданы эксперимент объектісі етіп, ал екіншісі бір топ оқушылардың, немесе толық сынып ұжымын сол сияқты өндірістік звеноны немес бригаданы объектісі етіп алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспериментті және бақылау топтарындағы, сыныптарындағы, бригадалардағы оқушылардың сан және сапа жағынан теңдестіріліп алынған жөн. сонымен бірге мұғалімдердің қабілетінің, білімі мен стажының да шамалас болғаны шарт.
Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы эксперимент деп атайды.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі – табиғи эксперимент – бұл сыныпты, бүкіл ұжымда оқу – тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми – зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді.
Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын ұйымдастыру формалардың принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. Мұны жасампаз эксперименті деп атайды.
Экспериментті жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдісетрі мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымының бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін лабараториялық эксперимент деп атайды.
Әрбір эксперименттің мақсаты зерттелетін тақырыптың сипаты мен мазмұнына, ал мерзімі – мақсатына байланысты.
Эксперимент басқа ғылыми – зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже береді. Бірақ, эксперименттің барысында ғылыми материалдарды толықтырып жинақтау үшін бақылау, әңгіме, құжаттаремн танысу, сияқты зерттеу әдістері де қолданылады. Сонымен бірге, зерттеу барысында техникалық құралдардың да кеңінен пайдаланылғаны жөн.
Бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын – ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс — әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттер әр түрлі жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері.
Жетіскен білім деңгейін анықтау экспериментті – зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға негіз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы барысындағы шәкірттердің өзін бақылауы зерттелінуі қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа әдістерді (әңгімелесу, анкета) қолдана отырып, ғалым – оқушылардың өзіндік бақылау әдістерін қаншалықты білетінін анықтайды. Нәтижеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзіндік бақылауының мүмкіндіктері жөнінде қорытынды жасайды.
Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие болғанын анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту – қайта жасау экспериментіне кіріседі, яғни алдын – ала түзілген жоспар бойынша оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді тәсілдерін ендіреді. Егер нәтиже намды болып шықса, алынған көрсеткіштер теориялық талдаудан өтіп, бұл әдістің мектеп жұмысында қолданылуы, жөнінде қажетті қорытындылар жасалады.
Бұл проблема жөнінде зерттеу барысының келесі кезеңі аталған эксперимент бойынша жетіскен көрсеткіштер мен қорытындыларды жалпы көпшілік мектеп тәжірибесінде тексеру. Бұл міндет бақылау экспериментінің жәрдемімен шешіледі. Бұл мектепте сыналған әдіс басқа мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесінде пайдалануға ұсынылады. Егер ол да бұрынғы қорытындылардың дрыстығын негіздесе, зерттеуші ең соңғы деректерді бір ғылыми тұжырымға жеткізіп, қорына өз жаңалығы етіп қосады.