3 февраля, 2017 9:24
- Контент-анализдің тарихы
- Контент – анализдің қолданылу аймағы
- Мазмұндық және сандық контент-анализ
Контент-анализ әдістемесі кең қолданысты ақпараттық заманда тапты, алайда әдістің тарихы мәтіннің автоматты өңдеу заманынан шектелмейді.
Ең алғаш контент анализ XVIII ғасырда қолданды, Швецияда кітаптағы мәтіннің жиілік өлшемімен қызмет етті.
Бірақ, контент анализ әдісінің нақты пайда болуы XX ғасырдың 30 жылдары.
Контент-анализ — [ағылш. Contents — мазмұны] — халықаралық қатынастарды зерттеудің экспикативті әдістерінің бірі. Саяси ғылымда алғаш рет американдық зерттеуші Г.Лассуел қолданды. Бұл әдіс жазбаша немесе ауызша мәтіннің мазмұнын жүйелі зерттеуге мүмкіндік береді. Ол мәтіндегі өте жиі қайталанатын сөз тіркестері мен сюжеттерді жазып алу арқылы жүргізіледі. Одан әрі осы сөз тіркестері мен сюжеттердің жиілігі басқа жазбаша немесе ауызша хабарлардың жиілігімен салыстырылады. Нәтижесінде зерттеліп отырған мәтін мазмұнының саяси бағыты жайлы қорытынды жасауға болады. Осы әдісті сипаттай келіп М.А. Хрусталев пен К.П.Бришполец оны қолданудың мынадай кезеңдерін атап көрсетеді: ақпараттық материалды алғаш өңдеуге қатысты мәтінді құрылымдау; ақпараттық массивті матрицалық кестенің көмегімен өңдеу; ақпараттық материалдарды квантифкациялау. Әдісті қолданудың тиімділігі тал¬даудың алғашқы бірліктерін (терминдер, сөз тіркестері, мағыналы блоктар) және өлшеу бірліктерін (сөз, фраза, бөлім, бет) дұрыс анықтауға байланыcты. Бұл әдісті тиімді қолдану мақсатында арнайы компьютерлік «Oasis», «Fluent» бағдарламалары жасалған.
Контент-анализдің қолданылу аймағы үлкен. Социология политология қоса аталмыш әдістеме антропологияда, психологияда, ідебиеттануда , тарихта, философия тарихында кеңінен қоланылады. Оле Холсти зерттеулеріне сүйенсек контент анализ төмендегі ғылымдарда кеңінен орын алған. Олар: социология –антропология 27% комуникация қағидасы 25,9%, саяси ғылым 21,5%. Контент анализдің тарихи зерттеулерде кездеседі және қоғаммен байланыста.
Контент-анализ арқылы БАҚ мәтіндерін саралауға болады, саяси қайраткерлердің өтініштерін, партияның хабарламалары мен өтініштерін және насихаттық материалдар, тарихи бастаулар мен әдебиеттік туындылар.
Контент-анализ – бұл құжаттардың сандық-сапалық талдауы, екі талдау бірлігін ажыратудан басталады: мазмұндық және сандық.
Контент–анализ — бұл қалыптасқан, сапалы және есептік құжаттардың талдауы, талдаудың екі бірліктерін көрсетуден басталады: мағыналық, сапалық, және есеп бірліктері.
Мағыналық бірліктер: әлеуметтік идея, әлеуметтік тақырып. Мәтінде олар әр түрлі көрсетіледі: сөзбен, сөз тіркесімен, сипаттаумен. «Стандартты» мағыналық бірліктер:
Түсінік, жеке сөзбен, термин немесе сөз тіркесімен көрсетіледі.
Тақырып, мағыналық абзац, мәтінде көрсетіледі. Тақырып мәтінде ерекше орын алады. Өйткені кез-келген мәтін, мақала болсын тақырыпсыз болмайды.
Адам аттары, географиялық атаулар, кәсіпорын атаулары.
Есеп бірліктері:
1) массалық коммуникацияда есеп бірліктері бет, абзац, белгі, мәтіндегі мөрлер бола алады;
2) мәтіндегі белгінің пайда болуы — оның мазмұндағы тұрақты бір белгімен анықталады;
3) мәтіндегі мазмұнды сипаттау.
Мазмұндық бірлік әлеуметтік ойды, әлеуметтік мазмұнды тақырыптан құра алады. Текст және оның мазмұны контент- анализде ең басты. Зерттеуші текстін фактілермен, оқиғалармен байланысын анықтайды.
Ақпаратты материалды тасымалдау әдістің басты мазмұны болы табылады. Осындай ақпарат болса контент -анализ әдісі қоладнылады.
Оқылатын бастаудың құрамының басталулары.
- Тапсырмалардың бастауының үлгісі (баспасөз, теледидарлама, радио, жарнамалық немесе насихаттық материалдар)
- Бір типті хабарлама (мақала, белгілер, плакаттар)
- Комуникация үдерісіне қатысушылар (жіберуші, хат алушы реципиент)
- Хабарламаның өлшемі (ең төмен көлем немесе ұзын)
- Хабарламаның тазалығы
- Хабарламаның таралуы
- Хабарламаның таралуының жері
- Хабарламаның таралуының уақыты
Басқа да хабарламаларды алуға болады, бірақ осы аталғандар ең жиі қолданылады.
«Архивті әдіс» американдық ғылыми әдебиеттерде «архивті әдіс» зерттеуде психолог өлшемейді және сыналушылар құлқысын бақыламайды, тек күнделікті жазуларды, белгілегендерді, архивті мәліметтерді, еңбек, оқу немесе шығармашылық қызметтін табыстарын талдайды. Біздің елімізде бұл терминнің орнына «қызмет нәтижесін талдау» немесе праксиметриялық әдіс деп атайды. Архивтік әдіс түріне контент –талдау техникасы жатады. Контент-талдау құжатты талдаудың қатан түрі. Бұл әдіс саяси психологияда, коммунмкация және жарнама психологиясында қолданылады. Контен-талдау әдісін қарастыру Г.Лассуэл, Ч.Осгуд, Б.Берельсон аттарымен байланысты. Контент –талдауда тексті талдау стандартты жекесан (единица) болып жататын: 1) сөз (термин, символ), 2) пікір, аяқталған ой, 3) тақырып, 4) персонаж, 5) автор және 6) тұтас хабар. Әр жеке сан жалпы құрылымның контекстінде қарастырылады.