Психологиялық кәсіби дайындық жүйесіндегі ғылыми шығармашылықтың орны

1 февраля, 2017 17:02

1.​ Психологиялық білім және оның маңызы

2.​ Психологиялық кәсіби дайындық жүйесіндегі ғылыми шығармашылықтың орны

3.​ Психологтың әдіснамалық мәдениеті

Психологиялық білім және оның маңызы

19 ғ. ортасында О. Конт, позитивизмнің негізін қалаушы, адамның білімінің даму тұжырымдамаларын ұсынды. Ол бірізгілікті бірін-бірі ауыстырып отыратын білім формасын қарастырды:

1) діни- салт-дәстүр және жеке сенімге негізделген;

2) философиялық-рациональды және өз мәні мен ақылға сыйымды автордың интуициясындағы тұжырымдамаға негізделген;

3) позитивті-мақсатты бағытталған байқау немесе эксперимент барысында тіркелген деректер негізіндегі ғылыми білім.

Конттың пікірінше адамзат білім формасын өзгертіп отырады, жеткіншек жетіліп киімін ауыстырған сияқты, бірақ ол басқаша модалық пікірде емес. Адамзат білімінің ескі формасы (діни және философиялық) түбінде солады да мәдениет тарихын зерттеушілер пәні болуы тиісті деген.

Бірақ, позитивті білімнің женістеріне қарамастан 20 ғ. философиялық және діни білімдерді жоққа шығармаған.

Әртүрлі білім формасы, тірі табиғаттағы бір уақытта өмір сүріп, әр деңгейде орын алатын мысалы, өсімдіктер және сүтқоректілер, құрт және жәндіктер т.б. сияқты, өмірде білім де қатар дамып жүріп отырады.

«Психология» термині адамдардың әр түрлі практика және білімдерінде қолданылып отырады.

Біріншіден, психика жайлы, басқа адамдардың мінез-құлқысы, өзінің және басқа адамдардың жан дүниесінің даму ерекшеліктері және заңдылықтары туралы адамдардың тұрмыстық білімдері жүйесіндегі психология бар. Осы «тұрмыстық психология» ғылыми психология саласының зерттеу пәні болды.

Дәстүрлі, тұрмыстық білім табиғи тілде «natural language» деген мағнада адам психиқасының қасиетін, мінез-құлқын, жеке қасиеттерін түрткілерін сөзбен жазып жеткізу.

Жан туралы діни пікір де табиғат туралы дәстүрлі «тұрмыстық» білім негізінде пайда қалыптасады.

Екіншіден, «философиялық білім» деген де түсінік бар. Психикалық шындықтың табиғаты туралы сауал негізгі болып келеді. Не алғашқы, не соңғы (материя немесе идея ма ) деген сұраққа жауап беретіндей философтар псхика туралы тұжырымдар туғызған.

Үшіншіден, «психология» терминін 19 ғ. пайда болған ғылым деп түсінген, оның өзі дербес және материалды негізі болғандықтан әдістер қолданылып зерттеуге болатын ғылым. Психология ғылым ретінде әдіснама қабылдауы 19ғ. аяғы-20ғ. басы еді.

Осы уақытта неміс философы В.Дильтей де «рух туралы ғылымды» сыртқы әлем туралы ғылымнан бөлек қарастыру керек деп ұсынған. Сөйтіп бірінші қатарға — философия, этика, эстетика, лингвистика, құқық т.б., екінші қатарға — физика, химия, геология, биология т.б. табиғи таным ғылымдарды жатқызса, психологияны іргелі ғылым деп анықтаған, яғни осы ғылым рух туралы ғылымдардын бастапқысы деген.

Психологиялық кәсіби дайындық жүйесіндегі ғылыми шығармашылықтың орны

Қоғам өмірінің жаңарып жаңғыруы, демократиялық өзгерістерге бет бұруы психолог кадрлар даярлау ісіне назар аударуды талап етеді. Қазіргі жеделдету, демократияландыру, жариялылық жағдайында қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін маман қажет. Қазіргі кездегі білім беру жүйесін ары қарай жетілдіру болашақ мамандарды даярлау жұмысына жаңа талаптар қояды.

Бүгінгі күні ғылымның, техниканың, мәдениеттің жедел дамуымен байланысты әрбір маман зерттеуші бола білуі, яғни болашақ маманда зерттеу жұмысының даярлығы болуы керек. Тек сонда ғана маманның жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейіне қол жеткізуге болады.

Психолог маманның кәсіби деңгейінің үнемі жетілдірілуі, психолог маман еңбегінің жоғарылауы, оның психология ғылымдарының қазіргі жетістіктерін қаншалықты меңгергеніне байланысты болмақ.

Оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми негіздерін және оны жетілдірудің шараларын қазіргі заман талаптарына сай белгілеп беру қызмет етіп жүрген ғалымдардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Арнаулы оқу орнында оқитын білім алушылардың міндеті оның мүддесіне орай белгіленген:

-​ тандаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын ұдайы және терең меңгеру;

-​  өзінің ғылыми және мәдени деңгейін үнемі арттыру;

-​  зерттеу жұмысын ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру;

-​  міндетті оқу сабақтарына қатысу, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарында берілген оқу тапсырмаларын уақытында орындау;

-​ оқу орнындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

Оқу орындарының педагогикалық міндеттері оқытушылар мен студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық бірлескен іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады.

Арнаулы оқу орындары студенттерге осы заманға сай білім береді және оларды практикалық жұмысқа даярлайды. Ал практикалық жұмыстың нәтижелі болуы, студенттің өз жұмысын ғылыми түсіне, ұғына білгенде ғана мүмкін болады.

Қазіргі студенттің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге толық мүмкіндігі бар деп айтуға болады. Оларды орын​дау ғылыми білімді қолдана білу іскерлігін қажет етеді. Мұндай іскерлік психологтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнын құрайды.

Әдіснамалық мәдениет — психологтың нақты әдіснама​лық нормалар немесе ғылыми таным ережелері туралы білімі, яғни психологиялық міндеттерді шешу үдерісінде оларды қолдана білу іскерлігін көрсетеді.

Психологтың әдіснамалық мәдениеті оқыту-тәрбиелеу үдерісін құру және жобалауда психолого-педагогикалық міндетті түсініп, қалыптастыру және шығармашылық шешу іскерлігінде байқалады. Болашақ психологтың әдіснамалық мәдениетінде осы компоненттердің бар болуы, онын психологиялық қызметті шығармашыл, өздігінен жүзеге асыруға даярлығының деңгейін білуге көмектеседі. Бұдан басқа психологтың әдіснамалық мәдениеті онын психологиядағы ғылыми-зерттеу әдістерін жақсы біліп, негізгі зерттеу әдістерін қаншалықты меңгергендігінен көрінеді.

Студенттер жоғары оқу орындарында осы бағыттағы жұмыстың алғашқы қадамдарын бастайды. Міне, сондықтан оқу орындарының оқу жоспарларында курстык және дипломдық жұмыстарды орындау қарастырылған. Зерттеу жұмысының қажетті іскерліктерін меңгеру психологтың кәсіби даярлығының бір бөлігі екендігін әсте естен шығармау керек.

Демек, студенттерге бірқатар практикалық және зерттеу міндеттерін шешу үшін қажетті іскерліктерді меңгеру керек, мәселен:

-​ педагогика және психология саласы бойынша бүгінгі күн үшін көкейкесті тақырыпты өздігінше таңдай білу іскерлігі;

-​ зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтай білу іскерлігі;

-​ зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинастыру және оған талдау жасау іскерлігі;

-​ зерттеу әдістері мен әдістемелерін таңдау, меңгеру және қолдану іскерлігі;

-​ мәселені көре білу іскерлігі;

-​ өз болжамын ұсына білу іскерлігі;

-​  жоспарлаған тәжірибесін жүзеге асыра білу іскерлігі;

-​ зерттеу нәтижесінен алынған мәліметті өңдеу және талдау іскерлігі;

-​ алынған мәліметтерді негізге алып өз тұжырымын қалыптастыру іскерлігі.

Осы аталған іскерліктердің барлығы әдіснамалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар неғұрлым жақсы қалыптасса, соғұрлым студенттердің зерт​теу жұмыстарының сапасы да жоғары болмақ.

Сонымен, болашақ маманды даярлау жұмысының сапасын жақсарту жолы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін шығармашылықпен қолдану мүмкін болатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Ерек

3
Комментарии: 0Публикации: 26Регистрация: 25-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля