3 февраля, 2017 7:23
- Социометрия әдісінің пайда болу тарихы
- Қолданылу әдістемесі
«Социометрия» термині латын тіліндегі: socius – дос, серіктес және mеtrum — өлшеу деген екі түбірдің қосындысынан құралған. Аталмыш термин ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет қолданылады.
Социометрия терминін 1934 жылы Я.Л. Морено «Who Shall Survive?» деген еңбегінде енгізіп, әу бастан әлеуметтік құрылымды түсіндіруге «социодрама» көзқарасының бір бөлігі ретінде сараланған ұғым.
Социометрия топ ішіндегі адамдардан алынған, араласуда берілетін артықшылықтарға (немесе көбіне құқықтық параллельдер кімнің кіммен араласатыны) қатысы бар ақпаратты белгілі бір базис пен алға қойылған мақсат аясында жүйеғе келтіреді. Зерттеудің алғашқы сатыларында Мореноның түзеу мекемесіндетілердің арасындағы даудан қашу үшін жатын бөлмедегі орындарды ауыстыруына тура келді. Сөйтіп, алғашқы қолданылуында әлеуметтанушылық тест (мысалы, достарын атап шығу) оның тікелей нәтижесін алуға бағытталса, қазір бұл сирек қолданылады. Тандаудың әлеуметтанушынық баламаларының жол берілетін саны белтіленген («ең жақсы үш досыңызды атаңыз») немесе белгіленбеген («қанша қаласаңыз, сонша есім атаңыз») болуы: сондай-ақ ол күн ілгері айқындалған болуы немесе байланыстың беріктігін білдіруі мүмкін.
Бастапқыда социометриялық мәліметтерді талдау тандаудың алынған нәтижелері мен таңдаудың берілген баламаларының санына және тиісінше көп артықшылықка ие болған немесе ештеңе алмаған «жұлдыздар» мен «жақпайтын адамдар» секілді өзгешелеп тұратын қорытынды ерекшеліктерге шоғырландырылды. Мәліметтер социограмма деп аталатын сызықты диаграммаға нүктелер мен сызықшалар тұрінде бейнеленеді, онда бөрінен көп тандалған адамдар ортаға, ал сыртка тебілген адамдар шетке орналастырынады.
Социометрия топтық құрылымды байыптау үшін білім беруде және баска шағын топтар ортасында қолданынады. «Sociomietry» атты ғылыми журнал шығарылады. Баска бір әдісте ол желілік әдістермен талдауға қатысты болады
Социометрия кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңбектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теориялық қорытындыларды жасауда арқау болады.
«Мәртебе» және «әлеуметтік роль» ұғымдары негізгі социометриялық ұғымдар болып табылады. Бұл ұғымдар тұлғаның топтағы орнын сипаттайды. Мәртебе бұл – индивидтің топ тіршілік әрекетінің жүйесіндегі, топтық үрдістердің дамуындағы орны. Мәртебе топ мүшесінің жетекші қызметімен анықталады. Ол бір уақытта обьективті түрде индивидке тән бітістерді әрі айналадағылардың адамның өз қызметтерін қабылдауын біріктіреді. Индивидтің әлеуметтік өзі мінез-құлықтың: «көсем», «ұжымның беделдісі», «әділ сот» және т.с.с.сияқты ерекше ережелерімен сипатталған қайсібір сызбаға біріктірілген топтың индивидке жүктеген қызметтерінің жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік рөлдер қатаң болмайды: ол орындаушының тұлғасы біршама ықпал ететін динамикалық және көп өлшемді құбылыс.
Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын таңдаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдіс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.
Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен бірге жұмыс жасағың келеді? деген сұрақтарды алуға болады. Таңдаудың – біріккен іс-әрекет бөліміндегі және көңіл-көтеру бөліміндегі екі бағыты ұсынылады. Таңдау қалаулылығының дәрежесін нақтылауға жәнетаңдауға ұснылған адамдардың санын шектеуге болады. Таңдаулар енгізілген матрицадан өзара ұнату мен ұнатпаулардың күрделі шиелінісін, социометриялық «жұлдыздарды» (көпшілікпен таңдалғандар), шеттетілгендерді (ешкіммен таңдалынбағандар) және сол полюстердің арасындағы аралық үзбелілердің тұтастай иерархиясын көруге болады.
Сұрауда көбінде дихотомиялық өлшем қолданылады. Ол кіші топтағы өзара қатынастарды неғұрлым нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, адамға жауапты істі кіммен бірге орындағысы келетіні ұсынылып қана қоймай, ол істі кіммен қосылып жасағысы келмейтінін де анықтау мүмкіндігі ұсынылады. Кейде респондент фамилияларды тізбектеумен шектелмей оларды нақты ретпен орналастырса рангілеу әдісі қолданылады. Мәселен, «Туған күніңізге кімді (бірінші, екінші және үшінші кезекте) шақырғыңыз келеді?».
Социометриялық сауалнамада әрбір сұралушыға социометриялық анкета (немесе социометриялық үлестірме) және топ мүшелерінің тізімі беріледі. Жұмыстың қолайлы болуы үшін, кейінгі өңдеудің қарапайымдылығы үшін топ мүшелерінің фамилиялары шифрленеді немесе топ тізіміндегі нөмірмен белгіленеді. Кез келген социологиялық анкета ретінде социометриялық үлестірме сұраудың мақсаты, оның мәні мен сұрауға қатысу ұсынысы жазылады. Ары қарай үлестірмені қалай толтыруға болатыны жайлы, таңдауға шектеудің бар-жоқтығы, бар болса қандай себеппен екендігі жайлы ақпарат баяндалады.
Социометриялық сұраудың талдамасы ресми және биресми өлшемдер бойынша бөлек жүргізіледі. Сұраудың нәтижелері топтың әрбір мүшесінің жауаптары бар кесте түрінде берілген социоматрицаларға енгізіледі.
Социометриялық әдіс — саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді.
Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы — Джекоб Морено.
Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді.
Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
Социометрия — топтағы тұлғалар арасындағы қатынастардың сандық, графикалық, құрылымын айқындауға мүмкіндік беретін әдіс.
Социограмма — бұл респонденттер қатынасының бір-біріне деген социометриялық талаптарға жауабының графикалық құрылымы.
Социометрияны дайындау және өткізу кезендері
- Оқушыларға парақтар таратылады, өз парақтарын белгілеу және алынған ақпараттың құпиялығына кепілдік береді.
- Оқушылар жауаптары шын жүректен шығулары тиіс. Алынған нәтижелер тек қана жұмысты жақсартуға қолданылады және басқа ешкім, мұғалімдерді қоса, онымен таныс болмайды.
- Өткізу нұсқаулары мынадай компоненттерге ие: жұмыс мақсаты, оны өткізу шарттары, тапсырманы орындау туралы нұсқаунамалар, автордың қол кою қажеттілігі және т.б.
- Әлеуметтік үдеріс негізінен 10-15 минут уақыт алады. Мысалы, «жетекші» және «алшақтанған» оқушыларды анықтау мақсатында оқушыларға ұсынылған парақта «мына балалардың қайсысын:
а) сынып старостасына сайлаушы едіңіз;
б) кезектегі староста, егер алғашқысы кейбір жайттарға орай міндеттерін орындамаса, кімді сайлар едіңіз» деген сияқты сұрақтар болуы мүмкін.
- Зерттеуші оқушылар толтырған парақтарды жаяды да, әлеуметтік өлшем матрицасын дайындайды. Торлардағы әр фамилия (тегі) қарсы таңдап алынған оқушы нөміріне сәйкес, таңдауды көрсететін 1; 2; 3 сандары қойылады.
- Матрица негізінде социограмма құрастырылады, бұл топтағы өзара қатынастарды көрнекті және терең айқындау мүмкіндігін туғызады.