Студенттердің зерттеу жұмысының жүйесі және оның кезеңдері

6 февраля, 2017 17:55

  1. Дипломдық жұмыстың құрылымы
  2. Дипломдық жұмысты безендіру

 Дипломдық жұмыс студенттердің зерттеу  қызметінің жаңа деңгейі,  оқыту қызметінің бір түрі, оны курс бойында алған теориялық және практикалық білімдерін тереңдету үшін пайдаланады.

Дипломдық жұмыс – студенттің  дербес шығармашылық зерттеу жұмыстарындағы педагогиканың өзекті сұрақтарына  арналған жұмыс түрі.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы курстық жұмыстың жалғасы деп санауға болады, рефераттың тақырыбы курстық жұмыспен толықтырылады, ал курстық жұмыстың нұсқасы дипломдық жұмыспен жалғастырылады.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ.

Дипломдық  жұмыстың тақырыбы өзекті  болуы керек, ол қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымға  сәйкестендіріліп,   жоғары білімді мамандарды  дайындаудағы тапрсырмалардың мазмұнына жауап бере алатындай болуы тиіс.  Сонымен бірге  студент өзінің бұрын айналысып жүрген  тақырыбында ұсынуы мүмкін.

Дипломдық  жұмыстың тақырыбы студентке практикалық жұмысқа жіберер алдында тіркеліп, бекітіледі.   Сол уақытта дипломдық жұмыстың жетекшісі бекітіледі және студентке дипломдық жұмыстың тапсырмалары беріледі, ол жұмыстарды жетекші құрастырған және кафедра  меңгерушісі бекіткен, сонда жұмыстың аяқталу мерзімі декөрсетілген

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.

Дипломдық жұмыс   шамамен мынадай құрылымдардан  тұрады.

  • Титулдық парағы
  • Мазмұны
  • Кіріспе
  • Негізі бөлім ( 2 тарау-6 бөлімнен)
  • Әдебиеттер тізімінен
  • Қорытынды
  • Қосымша

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС КӨЛЕМІ.

Дипломдық жұмыс көлемі  60 беттен кем болмауы керек, машина жазу текстінде  және 80 беттен аспауы керек.   Осы көлемге суреттер, кестелер, графиктер, қолданылған әдебиеттер тізімі  кіреді.

Титулдық бет дипломдық жұмыстың бірінші беті болып табылады     Титулдық бет  дипломдық жұмыстын беттерін нөмірлеуге қосылады. Титулдық бетте  беттің нөмірі көрсетілмейді.

Жұмыс тақырыбы мүмкіндігі бойынша қысқаша және мазмұнына нақты сәйкес келу керек. Тақырып үшін күрделенген терминологияны қолдану қажет емес, яғни ғылыми бейнелік сипаттағы сөз тіркестері.   Көбіне  қарастырылатын проблеманы қажетті шамада  мәнін көрсетпейтін: » ………… зерттеуге материалдар», «……. …… сұрақтар» және т.б. сөздерден  басталатын дипломдық жұмыс  атауларын  қолданудан бас тарту  ұсынылған Мазмұны: Мазмұны  дипломдық жұмыстың құрылымы болғандықтан, ол оның мағынасы деп аталуы мүмкін. Анықталған талаптарға сай  рәсімделеді.  Рет-ретімен тараулары, параграфтар бет санымен көрсетіледі. Олар логикалық және дәйекті болып құрастырылуы керек;   қысқаша және анық, мазмұнға дәл сәйкес болуы керек. Негізінен мазмұн 2 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің нақты тақырыптары көрсетілуі қажет. Мысалы: 1      Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу  процесіндегі жанұяның  ықпалы Осыдан кейін бірінші параграфтың тақырыбы жазылады. Ол -1.1- болып белгіленеді, әр параграфтың көлемі кемінде он бет болуы қажет. Бірінші параграфтан кейін екінші (1.2) одан кейін үшінші (1.3) жазылады. Соңынан 1-1,5 бет тұжырым жазылады.

Содан кейін екінші бөлім және оның негізгі тақырыбы жазылады. Олда үш бөлімнен тұрады.2.3 параграфы  эксперимент тәжірибе жұмысына арналады. Сол бағытта тақырыбы болуы керек.

Кіріспе. Осы бөлімде мәселелер, тақырыптың өзектілігі, зерттеудің объектісі, зерттеудің мақсаты, зерттеудің тапсырмалары, зерттеудің пәні, қорғалатын мәселе жаңалықтары қарастырылады, яғни кіріспеде дипломдық жұмыстың ғылыми аппараты берілуі керек. Ол 10 беттен кем болмауға тиісті.

Мәселе- ол  ғылыми  білімдегі   белгісізден белгіліге  қатынастың,   практикада және ғылымда кездесетін қарама-қайшылықтардың шешілу дәрежесі, бұл белгісіз ғылыми білімнің көлемі, мәселелерді қарастыру, зерттеуші жетістіктің жетіспеушілігін қазіргі уақыттағы білімнің деңгейіне байланыстырады, жаңа факторларды және байланыстарды ашуда логикалық ізденісті табудағы ғылымда бар немесе қоғамдық практикада пайда болған жаңа  сұраныстар алған білімдерін, жаңа білімге деген қозғалыстарға жетуді міндеттейді

Тақырып — бұл дипломдық жұмыстық аты. Тақырып зерттеудің көлемімен, оның мәселелерімен, зерттелудің объектісі және әдістерімен шектеледі. Онда ғылымда жеткен қатынастар және ескі табыстар мен жаңа табыстардың салыстырулары мазмұндалады.

Өзектілігі — қарастыратын жоғары мінездемелер бір-бірімен өзара байланысты, олар бірін-бірі толықтырады.  Мәселені қарастырғанда және тақырыпты талдағанда зерттеудің өзектілігі дәлелденеді. Зерттеуші  тақырыптың өзектілігін аша отырып, «Қандай мәселелермен жұмыс істеу керек?»-деген сұраққа жауап береді. Зерттеуші тақырыптың өзектілігін дәлелдеп, нақты мысалдар келтіріп жазу керек. Бүгінгі күн тұрғысынан келгенде өзектілігі неде? Соны нақтылау керек.

Зерттеудің объектісі-  ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетін объекті.

Зерттеудің пәні – қарастырылып жатқан  зерттеудің объектідегі жағы. Мысалы, зерттеудің объектісі адам да болуы мүмкін, ал  зерттеу пәні — оның ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты – нақты тақырыптан тууы керек ол қорытындының көрінісі. Зерттеудің мақсатын айқын көрсету,  ол дипломдық жұмыстарды дайындау барысындағы ғылыми-зерттеулердің методологиялық мінездемелерінің бірі.

Зерттеудің міндеті: Міндет мақсаттан туады. Зертеудің міндеттері —  бұл зерттеудің жалпы жолдары.  Бұл анықтама зерттеу жұмыстарындағы мақсатты орындаудағы мәселелерді шешудегі негізгі қадам.

Болжам- ол дәлелденбеген, теориядан алынған ғылыми түсінік.

Қорғауға ұсынылатын сұрақтар — ол ереже бойынша процестің орындалуын, оның бекітілуін және  құрылымды элементтерінің, критерилері, міндеттемелері, функциялары және т.б. Қорғалатын жағдайлар мазмұнды бөлімінің  зерттелуіне жаңалық енгізіп, келесі бөлімді жазуда  жаңашылықпен сәйкес болу керек. Сонымен бірге қорғауға ұсынылатын сұрақтар нақты мақсаттан туындауы керек. Қорғауға кемінде 3-4 сұрақ белгілену керек.

Жаңалығы —  Жаңашылдық туралы сұрақ зерттеу барысының барлық жағдайларын қамтиды. Зерттеушінің  тапсырмасы- жаңалық қайдан алынады, оның мазмұны қандай және қандай нәтижеге жеттің? Осының нәтижесінде ғылымда және практикада осы айтылған жаңалықтың ақиқаты ашылады. Берілген мінездемелер нақты зерттеулерде екі рет қарастырылады басында және аяғында. Бірінші бөлімде ғылымда, практикада зерттеудің жалпы мағынасы анықталады, нәтижесі көрсетіліп, онымен практикалық тапсырмаларды ғылыми мәселелермен тақырыпты және зерттеудің мақсатын анықтаумен шектеледі. Қорытынды бөлімде алынған нәтиженің мағынасы анықталады. Мұндай анықтама мазмұнды және нақты болуы қажет. Алынған нәтиже ғылымда немесе практикада қандай мағына көрсететінін зерттеуші өзінің тапсырмасында көрсетуі тиіс және осы бөлім жаңа білімде қандай қатынаста болуы қажет. Сонымен қатар тақырыптық ғылыми жаңалығы неде, ол несімен жаңа осы жағын ашу керек.

Негізгі бөлім.  Дипломдық жұмыстың негізгі бөліміне жоспардың бірнеше бөліктері кіреді. Ол – бөлімдер. Олар екеу болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бөлімдер мынадай түрде бөлінеді.

Бірінші бөлімде:

  1. Сұрақтың тарихы
  2. Зерттейтін сұрақтың теориясы
  3. Тақырыпты шешуші педагогикалық негіздер.
  4. Практикада және әдебиеттердегі үйренетін заттардың қазіргі уақыттағы көрінісі.
  5. Әдебиеттерге талдау жасау
  6. Авторлардың позициясына талдау жасау.

Екінші бөлімде:

  1. Зерттеу барысында өз бетімен өткізілген жұмыстардың нәтижесі және ұйымдастыру әдістері жүргізілген эксперимент тәжірибелердің әдіс-тәсілдері, мазмұны және тәжірибенің педагогикалық-психологиялық жұмыстардың әдістемесі қарастырылады.
  2. Зерттеудегі біліктілік пен дағды мінездемесі (  зерттеудің материалы бойынша)
  3. Тәжірибедегі пеадагогикалық-психологиялық жұмыстарды суреттеу, тәжірибедегі жұмыстардың Дереклеева Н.И. Сынып жетекшісіне арналған анықтама. М:«ВАКО» 2003ж. 91-102 бет.

Қосымша. Ол зерттеудегі тексерістің  хаттамасы, конспектілер, әр түрлі зерттеу жұмыстарының жоспарлары,  әдеби шығармалардан алынған мәтін, иллюстрациялы материалдар, зерттеудегі  суреттер, мұғалімдердің, ата-аналардың  анкеталары, және т.б. болуы мүмкін.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ  БЕЗЕНДІРУ.

Жұмыс компьютермен келесі талапты сақтай отырып басылады; Дипломдық жұмыс текстінің беттері және  оған қосылған иллюстрациялар, кестелер  формат А4 бетінің бір  жағында орындалады.  Формат  А3 бетінде кестелерді, иллюстрацияларды  жасауға  да жол берілген.  Дипломдық жұмыстың мәтіні және басқа да элементтері  ПК – дың жазатын және графикалық құрылымдарын қолданумен орындалады. Дипломдық жұмыстың тексті  одинарный жол аралық интервал арқылы басылады. Редактор  Microsoft Winword (версия 6.0  және жоғары) қолданылады,  «Times New Roman»  шрифт типімен жазу,  № 14 шрифтімен жазылады.

Дипломдық жұмыстың  мәтіні  беттін келесі көлемдерін сақтау арқылы жазылады:

Сол жағы  –  30 мм,  оң жағы   – 10 мм,  жоғарғы жағы   – 20мм,  төменгі жағы  –  20 мм. Абзац төртінші белгіден кейін басталады (1 см).

Сын  — пікір  (ғылыми жұмыс туралы пікір) —   зерттеулер нәтижелері мен негізгі қағидалар сын тұрғыдан бағаланады. Ерекше назарды теориялық қағидаларының өзектілігіне, зерттеу әдістерінің ұқсамайтындығына, алынған нәтижелердің дәлдігі мен жаңалығына, тәжірибелк пайдалылығына аударады.

Сын-пікірді құруда келесі жүйелікті сақтайды:

  • зерттеу тақырыбының өзектілігін негіздеу қажеттілігін;
  • идеялық және ғылыми мазмұнды, тілді, стильді бағалау сын-пікірдің негізгі бөлігі.
  • Зерттеу нәтижесін баяндау дәйектігі;
  • Иллюстритивтік материалды, зерттеу көлемін және баяндау қолжазбасын бағалау (толықтыру немесе қысқарту ұсынысы);
  • жалпы түйін; жұмыстың қорытынды бағасы.

Рецензенттің сыны түбегейлі, ғылыми негізделген, талғағыш, бірақ сонымен қатар  зерттеуді жақсартуға ықпал ететін тілектес болу керек.

Баяндама немесе хабарлау     автордың негізгі ғылыми қағидаларың, олардың практикалық мағынасын, түйіндеме мен ұсыныстар бар қысқа баяндама. Баяндама уақыты 10-20 минут, дәлел қысқа және айқын болу керек. Баяндаманың негізгі идеясын анықтап, майда-шүйде жақтарын айтып керегі жоқ.

Баяндаманы аудитория алдында оқымайды тек цитаталарын оқып, қалғаның өз сөзімен жеткізу қажет. Баяндамшының эмоциялығы, нанымдығы, пікір таласы тындаушының назарын аудартып, аудиториямен қатынас жасауға мүмкінік береді. Ғылыми баяндамада негізгі болып мазмұн және ғылыми дәлел жатады. Баяндау кезінде тілдің айқындығы, мәнерлігі дауыс ырғағына, қаттылығына және шапшандығына байланысты келеді. Байыпты, асықпай баяндай тыңдаушыларды баурап алады. Баяндамашыға сөздерді мағынасымен қолданып әдеби тілде дұрыс айтуын қадағалау керек. Сұрақтарға қысқа, мәнді жауап беп ғылыми нәтиженді бағалауа ибадаттылық білдіріп, оппоненттердің қатты айту жағдайында ұстамды пен әдептілік сақтау керек.  Өзіндік сынау және іскер достық сынға сыйластық қатынас білдіру  зерттеудегі кемшіліктерді жоюдың маңызды жағдайы.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

roman

1
Комментарии: 0Публикации: 10Регистрация: 07-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля