3 февраля, 2017 14:23
- Тест әдісі туралы түсінік
- Тест түрлері
Тест (сынақ) — психологияда адамның жеке басында психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белігілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. «Тест» — ағылшын сөзі, мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады.
Тестілеу — белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру. Зерттеудің басқа әдістеріне қарағанда тестілеудің ерекшелігі — қарапайымдылығы, дәлдігі, автоматтандыруға болатындығы.
Тест — жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетінің салыстырмалы көрсеткіште, сонымен қатар білімін, дағдысы мен шеберлігін өлшеуге арналған қалыптасқан стандартты тапсырмалар. Тест үлгілі түрдегі жағдайларды көрсетеді, олардың көмегімен жеке тұлғаның ерекшеленген белгілері анықталады.
Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдісі. Бір жағынан тест әдісін оқу процессінің радикалды жағдайының оның технолизация сына еңбек әрекетін төмендеуіне апарады десе, екінші жағдайынан педагогтардың ролін төмендеуіне, үшіншіден тесттер кейбір педагогика этикасын бұзуға әкелетініне айтып отыр.
ХХ ғасырдың 30-жылдары тест туралы ғылымды буржуазиялық деп атады, оның мақсаты «реакциялық» деп санады. Қазіргі таңда бұл көзқарасқа қарсылыққа білдірсе де, тестті ғылыми ортадан алуды ұсынады.
Алғашқы рет тест жайлы теориялар ХХ ғасырдың басында психология, социология, педагогика және тағы басқа ғылымдардың даму тоғысында пайда болды. Бүгінгі күнге дейін тест өзінің бүтін орнын таппаса да, «тестология» ұғымын құрып, педагогика, психология, социология ғылымдарында кең қолдануда. Педагогикалық тесттер оқушылардың объективті бақылауына байланысты сұрақтарға жауап береді.
Тест сонымен қатар әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын-ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүрізіледі. Тест арқылы, бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болмайтындай етіп іріктеу қажет. Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептелінеді. Тест тапсырмалары тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу» тесті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейін ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланьң ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тестерді интеллектік тестер дейді. Мұнда әртүрлі ақыл-ой әрекетін қолдануды талап ететін, зерттелінушіге бүрыннан таныс емес тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл-ойға байланысты берілген тапсырманы қандай дәрежеде игергенін байқауға мүмкіндік береді.
Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан қараудың маңызы зор, өйтпеген жағдайда, оның қорытындылары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап көрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін танып-білуде көмек көрсете алады.
Адамның жан дүниесінің сырын жақсырақ түсіну үшін бүл әдісті аталған әдістермен қосарластыра пайдаланған дүрыс. «Біз, әдетте, адамды жүмыста іс-ерекетіне қарай бағалаймыз, дегенмен, адамды жан-жақты бағалаудың өлшеміне оның отбасындағы, тұрмыстағы, ұжымдағы және одан тыс жерлердегі мінез-құлқы да енуге тиіс» (Д. А. Қонаев).
Тесттердің ұғымының пайда болуымен тағы да бір терминнің дамуы болды, ол «психологиялық тестілеу». Психологиялық тестілеудің мағынасы психологияның барлық саласын қамти отырып кең мағынада қолданылды.
Психологиялық тест – сыналушының жеке басының кейбір ерекшеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
«Психодиагностика» терминін алғаш рет 1921 жылы Г.Роршах өзінің әдісімен ғылымға енгізді. Келесіде психодиагностика «психологиялық тестілеу» терминімен синоним ретінде қолданылды.
АҚШ-та ғылыми әдебиетте «психологиялық тестілеу» термині 1970-жылға дейін барлық психологиялық тесттермен пара- пар келеді делінген.
ХХ ғасырдың 70- жылдары Батыс Еуропада және АҚШ-та «психологиялық тестілеу» термині психологиялық баға ұғымымен алмастыра бастады.
Ресей территориясында Б.Г.Ананьевтың қолдауымен, 1960-жылдары Ленинград психологиялық мектебінде, зерттеу «психологиялық диагностика» атауын алды.
Психологиялық тестілеудің қолданылатын аясы өте кең: кәсіби бейімделуде, психологиялық кеңес беруде, коррекциялық жұмысты жоспарлағанда және тағы басқа.
Психологиялық тестілеуді ұйымдастыру мен өткізуінде психологияның сай келетін саласында – психологиялық диагностикада қолданылады.
Психологиялық тест стандартты сынақ, оның нәтижесі бойынша сыналушының психофизиологиялық және жеке қасиеттері(қабілет,қасиеттер) анықталады.
Вербалды тест- стандартты сынақ, тілдің қасиетіне байланысты жүргізіледі, яғни мұнда сөйлеу және сөз арқылы зерттеледі.
Стандартты тест- психологиялық тесттің негізгі сұрақтары мен қолдануы өзгермейтін тізімді тест.
Жеке тұлғалық тесттер — психологиялық тесттердің адам мінезін, қабілетін, эмоциясын және т.б. жеке тұлғалық қасиеттерін анықтағанда қолданылады. Жеке тұлғалық тесттер :
- проективті тесттер;
- ситуативті тесттер болып бөлінеді.
Проективті тесттерге:
- Тест Сонди
- Тест Роршах
- Брейнсторм
- Фастрэк
- Сценарио
- Түс психологиясы: Люшердің түстер тесті, Фрилингтің цветоаналитикалық тесті
- Розенцвейнгтің фрустрациялық реакция тесті
- Тақырыптық апперцептивті тесті
- Тест «ҮЙ АҒАШ АДАМ»
- Интелектуалды тесттер — психологиялық тесті, адамның интелектуалды дамуын зерттеуінде қолданылады.
ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды талап етеді . Бүгінгі таңда білім беру жүйесі алдында заманның жоғары технологияларының талаптарына сай келетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандарды даярлаудың міндеттері туралы әсіресе, мектеп жасына дейінгі, білімнің жоғары кәсіби білімге дейінгі білім проблемаларының кең спектрі Білім сапасын тәуелсіз сырттай бағалау, материалдық-техникалық базаға, жоғары оқу орындарына ғылыми-педагогикалық құрамына арналған талаптардың күшеюі қазақстандық жастарға лайықты білім алуға кепілдік береді, білімдік қызмет нарығында арандатушылықты және бұрмалаушылықты болдырмайды деген пікірдеміз
Адамның жан дүниесінің сырын жақсырақ түсіну үшін бүл әдісті аталған әдістермен қосарластыра пайдаланған дұрыс. «Біз, әдетте, адамды жұмыста іс-әрекетіне қарай бағалаймыз, дегенмен, адамды жан-жақты бағалаудың өлшеміне оның отбасындағы, тұрмыстағы, ұжымдағы және одан тыс жерлердегі мінез-құлқы да енуге тиіс» (Д. А. Қонаев).
Психологиядағы тестілерге оқылатын қасиеттердің салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткіштерінің даму дәрежесін көрсететін психо-диагностиканың стандартты әдістемелері жатады. Бірнеше негіздемелер бойынша бөлшектенетін тестілердің көптеген түрлері бар. Пән бойынша тестілер тұлғааралық, тұлғалық, зерделік болып бөлінеді. Қолданылатын тапсырмалар ерекшеліктеріне қарай: тәжірибелік, бейнелік және сөздік.
Тест материалы ерекшеліктеріне қарай: құжатты және техникалық болады.
Бағалау нысанына қарай: процессуалды, жетістік тестілер, жағдай мен қасиет тестілері.
Зерделеу тесттері ойлау дамуының, сонымен бірге қабылдау, зейін, ақыл-ес, тіл дәрежесін бағалауға арналған.
Тұлғалық тестілер адамның қылықтарын айқындайтын тұрақты және жекеленген психодиагностикалық ерекшеліктерімен байланысты. Бүған мінез, мотивация, қызбалық, қабілеттілік, қарқындылық жатады. Тесттер арасында кешенді түрлері де кездеседі (Кэттел), жекеленген тесттер (ниетті, эмоциялық, акцентуациялық).
Тұлғааралық тесттер адам қатынастарын әлеуметтік топтарда бағалауға мүмкіндік береді, мысалы, әлеумет тану, топтың ұжым ретіндегі өлеуметтік-психологиялық өз-өзін аттестациялау тесті.
Тәжірибелік тест тапсырмаларында зерттелуші көрнекі жоспарда орындайтын тапсырмалар мен жаттығулар болады (мысалы, заттармен ойнау).
Бейнелік тапсырмаларға бейнелер, суреттер, сызбалар, елестері бар жаттығулар енеді. Вербальды түрдегі тесттерге сөзбен әрекет ететін тапсырмалары бар тесттер жатады. Олар мысалға ұғым анықтамасын, түрлі сөздердің көлемі мен мазмұнын салыстырмалы түрде келтіретін тапсырмалар.
Қүжатты тесттерде орындалуында зерттелуші тест материалдарын түрлі бланкілер қалпында алады: суреттер, кесте, сызбалар, сұраунамалар.
Аппаратуралық — бұл тест нәтижелерін беру мен өңдеуде түрлі үлгідегі аппаратуралардың қолданылуы (аудио, бейне техника).
Процессуалдық — мүның көмегі арқылы кейбір психологиялық немесе тәртіптік үрдіс зерттеуге түседі және де оған нәтижесінде сапалы және сандың сипаттама беріледі (мысалы, индивидтердің өзара қатынас үрдісі).
Жетістік тест топтарына қолдану қорытындысында кейбір қызметтегі адам жетістігі бағаланатын тесттер енеді (мысалы, таным саласында: ақыл өнімділік, ойлау қисыны, көзқарас тұрақтылығы).
Тесттерге қойылатын талаптар:
- Әлеуметтік мәдени бейімділік (түрлі елдерде әр түрлі қолданылуы);
- Қарастырылу қарапайымдылығы мен тест тапсырмаларының бірмәнділігі.
- Тест тапсырмаларын орындауға берілетін уақыттың шектелуі (2 сағаттан көп емес);
- Берілген тестке арналған тест нормаларының сақталуы (берілген тест бойынша орташа көрсеткіш).
- Тесттердің орындалуын алдымен өзіңе тексеріп көру қажет.
- Тестке берілген нұсқауды түсіндіру.
- Зерттеушілер бір-біріне тәуелсіз түрде, жеке-жеке жұмыс істеулері керек.
- Әр тестке негізделген және тексерілген өңдеу жұмыстары мен нәтижелері түсіндірмелері болуы қажет.
Бурдон тесті. Мақсаты: зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау.
Орындау ережесі: «5 минут ішінде осы кестедегі әріптерді қатар бойынша окып, «с», «к», «ә» әріптерін былай етіп «/с», «/қ», «/ә» сызып таста. Әр бір минут аяқталғанда (оны психолог айтып отырады) келген жеріңе белгі қойып, жүмысыңды одан әрі жалғастыра бер. 5 минут өткеннен соң нәтижесін бағалаймыз». Тапсырманы орындау барысында балаларға қосымша тапсырма берудін және тапсырманы орындау ережесін қайта түсіндірудін қажеті жоқ. Тапсырмаларды орындауға берілген 5 минут уақыт аяқталғаннан соң орындау парақтарды жииап алу керек. Бағалау шкаласы: Әр минутта қарап шыққан әріптер көлемі және қате сызылған әріптер саны анықталады. Қате сызылған әріптер саны қарап шыққан қатар санына болінеді. Осы қатынас қанша көп болса, бала зейіні сонша төмен бағаланады.