Тәжірибелік деректерді статистикалық өндеу әдістері

3 февраля, 2017 12:25

  1. Психологиялық зерттеулер деректерін статистика­лық өңдеу әдістерінің жалпы сипаттамасы.
  2. Тәжірибелік деректердің кесте, сызба, гистограм­ма, графикалық көріністері.

 

Психологиялық зерттеулердегі нәтижелерді статис­тикалық өңдеу әдістері — бұл математикалық тәсілдер, формулалар мен әдістер — бұлардың көмегі арқылы сандық көрсеткіштерді, оның жасырын заңдылықтарын айқындай отырып бір жүйеге келтіруге жинақтауға болады. Бұлар тәжірибе нәтижесін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теориялық жинақ- таулар үшін негіздеме береді. Психологияда кеңінен қолданылатын математикалық әдістерге тіркеу, реттеу, межелеу жатады. Статистикалық әдістер көмегі арқы­лы орташа көрсеткіштер анықталады: орташа арифме- тикалық, медиана қатар ортасының көрсеткіші, таратылу дәрежесі, немесе орташа ауытқу, коэффициент.

Мұндай есептеулер жүргізуге тиісті формулалар, салыстырмалы кестелер қолданылады. Осы әдістер арқылы өнделген графика, диаграмма, кесте сандық тәуелділікті көрсетуге мүмкіндік береді (мысалы, топтағы 12 оқушының тізім бойынша алтыншысының бағасы медиана болады, мұнда барлық оқушылар бағалау дәрежесі бойын­ша орналастырылған).

Статистикалық көрсеткіш ретінде алынған орташа мән — тәжірибеде зерттелетін құбылыс, сапа немесе қасиеттің орташа бағалау көрсеткіші. Бұл баға зерттелу тобындағы тұтас даму дәрежесін сипаттайды. Екі неме­се бірнеше таңдауларды тікелей салыстырса, біз адамдар дамуының дәрежесі жөніндегі пікірді ойға аламыз.

Корреляция әдісі — екі тәжірибелік деректер арасындағы байланысты немесе тура кіріптарлықты айқындау әдісі. Бұл, бір құбылыстың екіншіге ықпалын немесе динамика бойынша байланысын көрсетеді. Мұндай әдістердің бірнеше түрлері кездеседі: шенді, қосарлы және көпше.

Сызбалы корреляциялық талдау ауыспалы көрсеткіштер арасындағы олардың абсолютті мәндері бойынша тура байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл байланыстар графикалық түрде тура сызықпен айқындалады, сондықтан сызбалы деп аталады. Шенді корреляция ауыс­палы орындар емес, реттік орындар немесе тендер, қатар арасындағы алатын орындарды анықтайды. Қос корре­ляциялық талдау тек ауыспалылар арасындағы кіріптарлық, ал көптік — көптеген ауыспалылармен бір уақытта көп өлшемді корреляциялық талдау формасының қолданбалы статистикада кең тарағаны деректі талдау.

Зерттеу нәтижелерін кесте, сызба, графика,т.б. ретінде ұсынуға болады.

Кестелер сандық және сапалық деректер тобының тігінен және көлденеңінен орналасуын корсетеді. Кесте­лер атаулары болуы-болмауы мүмкін. Кестелер, егер мәтінде екі-үштен артса, нөмірленеді. Кестелер белгіленген тәртіп бойынша қүрастырылып, ресімделеді. Оларда ескертпелер болуы мүмкін. Кестелердің графикаланған атау­лары бар жалпы және жеке тақырыптары болады.

Жазықтықтағы график екі ауыспалы арасындағы кіріптарлықты бейнелейтін кейбір сызықтарды көрсетеді, ал кеңістіктегі график — бұл үш ауыспалы арасын­дағы кіріптарлық.

Графикалар бөлек нүктелер арқылы немесе үздіксіз сызықты көрсетумен бейнеленеді. Графикалар зерттеу нәтижелерін топтасқан және көрнекі түрде корсете алады, олар кестелерге қарағанда көп әсер қалдырады. Жақсы ойластырылған графикалар көмегі арқылы құбылыстар заңдылықтарын жақсырақ бейнелеуге болады.

Сызбалы графика негізінде кейбір өлшем санындағы өзгерістер беріледі.

Графикалық бейнелеудің тәжірибелік нәтижелерін анықтауда гистограммалар айрықша орын алады. Бұл бағаналы диаграммалар, тігінен орналасқан тікбүрыштардан тұрады, негіздері бір сызықта орналасуы тиіс. Олардың биіктігі зерттелушінің кез келген қасиетінің даму деңгейін, сатысын көрсетеді. Сапалық жиілігін көрсететін сандар гистограмма бағандары ішінде немесе оның үстінде белгіленуі мүмкін. Кейде көрнекілік үшін, егер гистограм­ма үш өлшемдік кеңістікті бейнелесе, оны көлемді қылып суреттейді.

Секторлы диаграмма кейбір жиынтықты көбінесе шеңберді бөлшектерге бөлу арқылы бейнелеу.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

roman

1
Комментарии: 0Публикации: 10Регистрация: 07-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля