Бабыр құдіреті

6 апреля, 2020 23:56

200 тнг В корзину

Мазмұны.

Кіріспе…………………………………………………………………………………………..3

І Тарау Бабыр құдіреті.
1.1 Бабырдың Үндістанда билігін орнатуы……………………………………….5
1.2 Моғол мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты…………………………..9
1.3 Моғол мәдениеті………………………………………………………………………13
Қорытынды………………………………………………………………………………..14
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………….15
Сілтемелер тізімі…………………………………………………………………………16

Кіріспе
Ұлы Моғолдар әулеті XVI – XIХ ғасырларда Үндістанды билеген әулет. Негізін салушы Заһид әд – Дин Мұхамемед Бабыр. Темір әулетінен шыққан әкесі Омар Шейх (1456-95) Әмір Темірге Туажат, анасы Құтлұқ Нигар ханым Жүніс ханның үлкен Нигар ханым Жүніс ханның үлкен қызы Бабыр Ферғананың әмірі болды. Қ.Жалайри Мұхаммед Хайдар Дулати жазбаларына сүйеніп, Ш.Уалиханов “Моғол — Четені моңғолдармен шатастыруға болмайды, олар мұсылман дініндегі түркі тілдес тайпалар десе, профессор В.В. Григорьев моғол – Четені нағыз моңғолдар деуге болмайды” деп жазды.
“Бабырнамада” қазақ еліне тікелей қатысы бар ақын Хасан Әли Жалайри мен Бабырдың бөлесі Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанда әкімшілік жүргізгендігі айтылады. Олар жалғыз емес-ті. Жетісудан, Түркістаннан ондаған түркі тайпаларының сарбаздары Бабыр жасағында сап түзеді. “Жылан жылы – жылыс, жылқы жылы – ұрыс болды, қой жылы зеңгір тоғыс болды” дегеннің кейпі келеді. Ұзақ жылға созылған соғыстар нәтижесі. Үндістанда Ұлы Моғол мемлекетінің салтанат құруымен аяқталды. 1504 ж. Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақ тайпалары Бабырдан Ферғананы тартып алды. Ол өзіне берілген жауынгерлермен оңтүстікке жылжып Кабулды иеленді. 1512 ж. Бабыр әскерлері Самарқандты басып алды. Бірақ келесі жылы жеңіліп, кейін қайтты. Содан кейін Бабыр түркі тайпалары мен ауғандықтарды бастап Үндістан жерін жаулауға кірісті. Ол кезде Үндістан бытыраңқы ел еді.
Оның солтүстік аймақтарында мұсылмандар билеген бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Өзара қырқыстағы билеушілер Бабырға сүйенбек болып, оны көмекке шақырды. Бабыр қолы 1526 ж. Панипат жазығына Ибраһим ІІ -ні, 1527 ж. Раджпуттарды жеңіп, Пенджаб, Лахор, Дели, агро жерлеріне ие болды. Сөйтіп, Бабыр және оның ұрпақтары Ауғанстанның тең жартысын, Үндістанның солтүстік орталық аймақтарын біріктіріп ірі империя құрды. Моғолстаннан шыққандықтан Үндістанда және Еуропада Ұлы Моғолдар деген атпен аталды. Моғол әулеті билеген кезде Үндістан әлемге әйгілі болды.
Сонау орта ғасыр шаң-тозаңынан аршып, тазартып, осы бір замандардың заманында бір туатын ұлы тұлғаны бізге жарқыратып, жақындатып тұрған қай құдірет. Ол кешегі, қазіргі және келешек ұрпақтарға қандай қадір қасиет қалдырады. Кеңістік пен уақыт мұнарында талай жақсылар мен жайсандар ұмытылып кетіп жатқан ы аз ба? Бірақ Бабыр туралы қысқа қайырып айтуға ауыз бармайды. Мемелекет қайраткері қолбасы. Бәрінен де бізге оның терең ойшылдығы мен асқан ақындығы қымбат тарта береді . Ал басқасына тарих таразы. Жер бетіндегі жұмыр басты пендеге не жетпейді? Сонда мәңгі іздегені сорма, бақ па? Мейлі хан бол, мейлі қара бол бір уыс топырақ бұйырғанша алқын –жұлқын арпалысып, жағаласып туа бітті ешкімнің пешенесін жазылмаған шығар.Әлде… тіршіліктің тар жол тайғақ кешуі солайма?
Бүгінге дейін біз білетін он –сегіз ғалам астындағы тіршіліктің тұтқасын ұстап келе жатқан адамзат өзінің ұзақ ғұмырында қаншама «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманды» аңсағанымен, жарқын болашаққа үздіктірген үмітінің көкжиегі алдарқатып, сағымы мен буал-дыр нарына сіңіп кете беріпті. Оның ұзына алқар кедір-бұдыр жолында көздің қанды жасына суарылған шоңайналар шашылып жатыр бей-берекет. Шыр етіп дүниеге келіп ат жалын тартып мінгендер ішінде қадамына гүл біткендер тым-тым аз, некен-саяқ екен. Жалпы, ежелден өркениетті ел қатарына қосылу оңай болған емес. Оның өсуі мен ешуі, шарықтауы ман құлдырауы, гүлденуі мен күйреуі, қалыптасу.ы мен ыдырауы қатар жүрді. Беріне қатал сарапшы тарих ешкімге ешқашан ойыншық болған емес.

200 тнг В корзину

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля