13 апреля, 2020 20:30
Приобрели: 4 раз
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Мектепке дейінгі мекеме және отбасының өзара ынтымақтастығы
1.1 Отбасындағы балалар тәрбиесін қалыптастыру 6
1.2 Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының ынтымақтастығының
түрлері 16
- Мектепке дейінгі мекеме мен обасындағы тәрбиені
ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
2.1 Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның бірлігін дамыту 19
2.2 Мектепке дейінгі мекеменің оқу – тәрбие жұмысын бақылау және
басшылық жасау 25
- Балабақшада ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастырудың
маңызы 26
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Зерттеу мақсаты. Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту.
Зерттеу міндеттері:
— Мектепке дейінгі мекеме және отбасының өзара ынтымақтастығын күшейту;
— Отбасындағы балалар тәрбиесін қалыптастыру;
— Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының ынтымақтастығының түрлерін қарастыру;
— Мектепке дейінгі мекеме мен обасындағы тәрбиені ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін қолдану;
— Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның бірлігін дамыту;
— Мектепке дейінгі мекеменің оқу – тәрбие жұмысын бақылау және басшылық жасау;
— Балабақшада ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастыру.
Зерттеудің объектісі. Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық оқыту үрдісі.
Зерттеудің пәні. Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын джан-жақты дамыту.
1 Мектепке дейінгі мекеме және отбасының өзара
ынтымақтастығы
1.1 Отбасындағы балалар тәрбиесін қалыптастыру
Қазіргі елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, өз тілі мен дінінің орнығуы, өркениетті елдер қатарына қосылуына талпыныс жасауы – ел ертеңі болашық ұрпақ тәрбиесіне жауапты қарауды көздейді. Бұл жөнінде «Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасында», «Негізгі мақсат – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойына басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» — деп атап көрсетілді.
Сол себепті нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, кемелденген азамат болып қалыптасқанынша бір мақсатты тәрбие беру үрдісі ұйымдастыру басты міндеттердің бірінен саналып, жұртшылық назарын аударуда. Бұл міндетті жүзеге асыру отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің үлесіне тиеді. өйткені баланың болашақтағы рухани және әлеуметтік дамуының негізі болатын бастапқы құлық-сана, педагогикалық қасиеттері, азаматтық бейнесі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасатыны белгілі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру ісін әрі қарай жетілдіру отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады. Баланы отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу ортақ мақсат- міндеттерге негізделеді, ол – баланың ақыл-ойын дамыту, адамшгершілік қасиеттерге баулу, көркемдік талғамын қалыптастыру, сондай- ақ денсаулығын нығайта отырып, ең негізгісі болашақта мектепке даярлау болып саналады.
Нәресте дүниеге келген күннен бастап, ата-ананың да мойындағы атқара жүгі ауырлай түседі, яғни ата-ана отбасында бала дамуына қолайлы жағдай туғызуы тиіс. Баланың ой-өрісін, жан-жақты тәрбиесін дамытуда балабақшаның ата-анаға тигізер көмегі зор. Басқа да мекемелер сияқты балабақша да белгілі бір бағдарлама негізіне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру мен дамыту мәселесін жоспарлы түрде шешеді, отбасына педагогикалық көмек бере отырып, басшылық етеді. Бала балабақшаға келген күннен бастап тәрбиеші мен ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас орнауы қажет.
Тәрбиеші отбасында бармас бұрын ата-анаға қандай сұрақ қояды, не жөнінде кеңес бередің. Бұл тәрбиешіге ең қажетті, маңызды мәселелерге зер салуға, отбасындағы тәрбиенің өзіндік ерекшеліктеріне аңғаруға, тәжірибе жинауға көмектеседі.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің кең тараған түрі және ең тиімдісі — әңгіме, кеңес өткізу. Мұндай әңгіме ата-ананың өз баласы жайлы белгісі келген сұрағынан туып кетуі де, сондай –ақ тәрбиешінің жоспарлауымен де өрбуі мүмкін. Егер тәрбиеші кейбір келеңсіз істері жөнінде айтар болса, ата-анамен бірге оны талдай отырып, баланың бұл ісіне не әсер етіп жүргенін анықтау нәтижесінде бұдан былай оны болдырмау жолдарын ақылдасқан жөн.
Атан-аналармен өткізілетін әңгіме, кеңес тақырыптарының ауқымы кең. Мысалы: «Балаларды мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттеріне тәрбиелеу», «Тілалғыштыққа тәрбиелеу туралы», «Демалыс күнді қалай ұйымдастыруға болады?», «Ұқыптылық жөнінде», «Қандай кітаптар оқып беруге болады?», «Баланы үйде мектепке даярлау үшін не істеу керек?», «Қиқарлық қайдан шығады?», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «Жалғыз баланы тәрбиелеу туралы не білу керек», «Баланы сыйлау деген не?» деген тағы сол сияқтылар.
Ата-аналар жиналысын өткізу жалпы отбасымен жүргізілетін жұмыстардың іщшіндегі жиі қолданылатын және кең тараған ұжымдық формасының бірі, мұнда ата-аналар педагогикалық және ұйымдастыру мәселерімен жүйелі таныстырады. Мысалы: «Балабақша мен отбасы тәрбиесі міндеттері мен мақсаттар — біртұтас»,«Ата- аналар комитетін сайлау», «Балабақша жұмысының мазмұны», «Меңгерушінің есебі » тағы басқалар. Ата-аналар жиналысында ұйымдастыру ісін талқылаумен қатар, күн тәртібіндегі басты орын балалар тәрбиесіне бөлуге тиіс.
Жалпы жиналыста ата-аналар балабақшаның барлық қызметкерлерімен кездеседі, өзара танысады. Кейбір ата-аналарды жиналыстарда, сөз сөйлеуге тарту артық емес. Мысалы: ата-ана дәрігер болса, оған баланың гигиенасы туралы, мектеп жасына дейінгі баланың денесінің даму ерекшеліктері, бала ауруының алдын алу жөніндегі айтқызуға болады, осының нәтижесінде ортақ іске қызығушылық арта түспесе, кемімейді.
Ата-аналардың педагогикалық білімін тереңдету, педагогикалық насихат жүргізудің ең тиімді түрі кезекшілік, ашық есік күндері мен ашық сабақтар өткізу. Байланыстың мұндай түрі ата-аналарға балабақшаның көрсетуге, тәрбиелеудің балабақшадағы пайдалынатын әдістерін отбасында іске асыруға да болатынын үйретуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ата-ана өз баласының өзін-өзі қалай ұстайтынын байқайды, әрі педагог ата-ана назарын баланың ойында, сабақта, тұрмыстағы балалардың өзара қарым- қатынас сипатына, олардың еңбек пен гигиеналық дағдыларына назар аударып, көргендерін бірге талдайды, балалардың мінезінде кездесіп қалатын кейбір кемшіліктердің себебін іздестіреді. Балабақшадағы арнайы бұрыш ата-анамен байланыстың бірден- бір дәнекері. Мұнда жылжымалы папкалар қойылып, онда педагогикалық тақырыптарға «қысқа» текстер, кеңестер, ата-аналар сұрақтарына жауап, балалардың балабақшадағы және отбасындағы өмірін бейнелейтін фотосуреттер, балалар жұмыстары яғни салған суреттері, жасаған мүсіндері тағы басқалар оқуға арналған педагогикалық және балалар әдебиеттерінің тізімі орналастырылады.
Ата – аналар бұрышында тақырыптық көрмелерде, жылжымалы папкаларда, еңбекте, ойында, көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана үлгісі, отбасылық дәстүрлер тағы сол сияқты мәселелер қамтылып отыруы қажет.
Жас бала – бейне талшыбық.
Адамзат қоғамы жаратылғаннан бастап бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Жас ұрпақ өздерінің абзал ісін алуға апарушы, өміріміздің өркені, жалғасы,болашағымыздың жасампаз күші екенін жақсы білген. Сондықтанда баланың ыстық – суығынада сүйінбейтін – күйінбейтін ата- ана отбасы жоқ. Бүгінгі ұл ертенгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешесінен қарап бой түзеді. Тәлімді тәрбиені үйрену дұрыс жүру, ата- ананың үмітін ақтау ұлмен қыздың бұрышы. Ал ата- ана балаларына үлгілі өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсірулері екі талай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата- анасына, тәрбиешілерге өте електегіш келеді, жақсыныда, жамандыда солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, балада жас кезінде үйреткенді қабылдауға өте бейім. Сондықтан олар бала тәрбиесі нәресте дүниеге келген күннен бастап, адамдық қасиеттер қалыптасқанша үздіксіз жүргізіле береді. Жастайынан берілген тәрбие жемісті болатыны жайында қазақтың дауылпаз, ұлы ақыны І.Жансүгіров: Жаста білген, басқа сінген тәлімі, өзін өлмей сүйніңнен қала алмас, — деп бүлдіршінге жастайынан берілген жемісті екенін айтады. «Ауру қалса да әдет қалмайды», «Не ексең соны орасын» деген мақал осы ойды меңзейді.
Жас балаға өз әке – шешесі қуатты зор күш. Сондықтанда олар болмашы нәрсеге өкпелеп немесе ренжіп қалса «апама айтамын», «әкеме айтамын» деп шағынады. Әке- шешенің аузынан шыққан сөз бала үшін шың, әділ, тіпті заң болып есептелінеді. Бала өте сезімтал, байқағыш, тек одан тәжірибе жеткіліксіз. Сәби бойында «анау не?», «мынау не?» деп табиғи қасиеттің болатыны белгілі. Оларға ерінбей дұрыс жауап беру, түсіндіру, ойын дамыту, тура жолға бағыттау ата-ананың, отбасы мүшелерінің парызы. Балалармен ақылдаса, пікірлесе жұмыс істеуінің тәрбиелік мәні. Зор. Мысалы, бірге қыдыру, бірге кино, театрларға бару, қыдыру, радио- теледидардан берілген хабарларды ортаға салып пікірлесу сияқты жұмыстар сыйластықты, дүниетанымды, көзқарасты тереңдете кеңейте түседі.
Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде жинақталған мол тәжірибесі бар. Бұған жаңа туған нәрестеге арнап жасалатын дәстүрлер «Шілдехана» оның алдында «Құрсақ тойы», «Жарысқазан», «Сүйінші», «ат қою» сияқты салт – дәстүрлер дәлел.
Тәрбиешіге сәбидің өсіп жетілуіндегі жас ерекшелігіне сай кезеңдерді және сол жасқа тән дене психикалық даму ерекшеліктерін жетік білудің маңызы өте зор. Бұл ата-ана, тәрбиеші, мұғалімге оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алуға, олардың ішкі дүниесі мен мінез-құлқының ерекшеліктерін терең түсінуге көмектеседі.
Балалар мектепке балабақшада, отбасынан алған бастапқы тәрбиесімен келеді. Мектепке дейінгі тәрбиенің әрқилылығы балалардың даму деңгейінен бақылып тұрады. әсіресе бірден көзге түсетін нәрсе балабақшада тәрбие алған балалардың таным, өре жағынан үрден келген балалардан аса ерекшелеулігі. Балабақшадаға бармаған балалардың дамудың деңгейі көбіне көп баланың тәрбиесіне және оның таным қабілетінің көзқарасымен анықталады. Кейбір отбасыларында балаларға кітап оқып береді, ертегілер мен әңгімелер айтады, олардың жалпы өсіп – жетілуіне арнайы көңіл бөлінеді. Ал енді біреулерінде баланың денсаулығына кейде әкесі тәрбиесіне, анасы денсаулығына көбірек қамқорлық жасайды, ал қалған рухани тәрбиесі мен жан- дүниесінің өсіп жетілуі оның өз еркіне берілген. Үшінші бір шаңырақта балаларды бақылау, күтіп тәрбиелеу істері тәжірибесі жеткіліксіз, білімі де аз, бала тәрбиелеумен арнайы шұғылдануға ниеті жоқ адамдарға тапсырылады. Мектепке, балабақшаға келген балалардың тіпті де біркелкі емес екендігі де сөзсіз. Сондықтан да бастапқы кезде бүкіл. Оқу – тәрбие процесін біртұтас арнаға салып бағыттау үшін өте көп жұмыс істеуге тура келеді. Осыған байланысты неғұрлым жас болған сайын, сол тәрбиешіден педагогтік білім соғұрлым көп талап етіледі және баланың жасы өскен сайын бұл талап артпайды, қайта кеми түседі деген педагогтік ұлағатты пікір еске түседі. Сөйтіп, бала неғұрлым кіші болған сайын соғұрлым күрделі тәрбие қажет екен. өйткені бастапқы балалаық әсер адамның бүкіл өмір бойына із қалдырады.
Отбасында, балабақщада ата-ана тәрбиесі айтылған, көрсетілген зейін қойып тыңдауына ерекше мән бергені жөн. Ол үшін айтылған әңгіме не ертегіні жүйелі баяндап беруге; әрбір сөзді анық, нақты айтуға дағдыланып, баланың зейінін біржолата меңгеріп алу жақсы сәбилердің тілін дамытуға зор пайдасын тигізеді.
Сондай –ақ неғұрлым ертерек еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән берген жерде оны жан-жақты баулуға қол жеткізу қиынға түспейді. Ескертін нәрсе баланың атқаратын жұмысы оның шама- шарқына сай болуы. Егер жұмыс шамадан асып кетсе, бала тапсырманы орындай алмайды және өзінің күші мен қабілетіне сенімін жоғалтады яғни еңбекке деген қызығу сезімі әлсірейді.
Балалардың істейтін жұмыс түрін тым жеңілдетіп жіберсек ол да орынсыз. Жеңіл еңбектің пайдасы аз, кейде тіпті зиянды, өйткені балалар жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге дағдылануы мүмкін.
Бала тәрбиесі оларға талап қоя білуге де көп байланысты. Кейде талап қояды да, оны орындауға жағдай жасамайды. Мысалы, олар ойыншықтарын, кітаптарын шашпай, жинастырып қояды да оны бөлме ішін ыбырыстырмауды талап етеді де, оның ойнайтын, кітап оқитын орыны көрсетпейді, ауызша әңгіме айтып беруді ұйымдастырмайды. Қазақ бес-жеті жастағыдларды ойын баласы деп та атайды. Бұл жаста баланың белсенділік белгілері көрініп, іс-әркентіне деген қызығушылықтары дами бастайды осы кезеңде оларды әрдайым қолдап, қолпаштап отыру қажет.
Дана халқымыз балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше мән берген:
— баланы бес жасқа дейін мырза патшаңдай көр зекімеуді жұмсамауды меңзеген;
— он бес жастан кейін құрдасындай көр әрбір мәселені балаңмен ақылдаса, кеңесе отырып істеуге нұқсаған деп кеңес берген;
Бала сезімі – нәзік ұшқыр сезім. Онымен тіл тауып сөйлкесу, мінезіне қарай, жас ерекшелігімен санаса отырып қатынас жасау ата-ана, тәрбиешілер және жалпы ересек адамдардың борышы.
«Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Бұл бейнені сөз жасөспірімдердің есейіп үлкен өмірге жолдама алар алдында ата-ананың, тәрбиелеушілердің аялы алақанында, ыстық ықыласын да, қамқорлық құшағында, жанашыр тәрбиесінде болатын туса керек. Өйткені жаңа отырғызған жас кеше те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш боп үлкейгенше мәпелеп күтуді керек етеді. Осы ретте Ыбырай Алтынсариннің «Қисық ағаш» атты әңгімесе ойға оралады.
Балаға өз өскен ортасы, ата-анасы, жалпы ересек адамдардың әсері мол. Егер әке-шешелері, жақын туысқандары, сол секілді көршілері не болса соған баланың көзінше жүз жыртысып, бірін- бірі дөрекі сөзбен тілдеп жатса, мұның бәрі жас жеткішектің санасына жақсы із тастамайтынын айдан анық. Ал кейбір ата-ана бұған көңіл аудармайды. Мысалы: көрші үйдің балаларымен қиянат жасап тұрғанын көре тұра, өзгенін ісін теріс шығарып, ара түсіп, байбалам салатын ата-аналар да кездесіп қалады. Мұндай қамқорлық баланың үнемі өз дегенін ғана жөн деп тұратын қиқар болып өсуіне әкеп соғуы әбден мүмкін. Сол секілді жас жеткіншектердің көзінше үлкендердің орынсыз әзіл- оспақты қалжың әңгімелері де жақсы әдетке, жақсылыққа әкеп соқпайды. Ойын кезінде балалардың ұжымдасып іс-әрекет жасағанының пайдасы зор. Өз құрбыларымен қызыға ойнайды, ой – қиялдары дамып, әділдік, шындыққа үйренеді.
Тіпті тұйық, ынжық балалардың өздері ынтасы оянып, белсенділік белгілерін көрсете бастайды, ал белсенділер одан да белсенді бола бастайды. Ал бала қашан да балалығын көрсетпей тұрмайды, оларға әрдайым ата-ана, тәрбиешілер тарапынан қамқорлық, басшылық ауадау қажета-ақ. Халықтық «Баланы – балалығынан ажыратса, даналығынан да ажыратасың» деген мақалы көп нәрсені аңғартса керек. «Қыз бала «қуыршақ» деп ойнаса, ұл бала «құлыншақ» деп ойнасын» деген ата-бабамыздың қанатты сөзінің астарында көп сыр жатса қажет.
Сәби шыр етіп өмірге келген сәттен – ақ бөбектің рухани жан дүниесінің ірге тасын қалау қарастылған. Ол бала құлағына алғаш ана әлдиі арқылы сіңеді. Яғни бесік жыры бала жүрегіне ана сүтімен даритын рухани уыз. Бесік жырының басты қызметі баланы тыныштандыруды, ұйқыға ұйыту ғана емес, сәби құлағына ана тілінің нәрін, халық музыкасының дыбыс сыңғырын сіңіру. Балаларға арналған халық фольклорының бастау бұлағы да осы бесік жырынан басталады.
Сәбиді суға шомылдыру, аяқ- қолын созып, майлау — сылау әлпештеу сияқты істердің барлығы мақсатсыз атқарылмайды.
Өс, өс балам, өс балам,
Батыр бол балуан білекті,
Батыл бол таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық,
Етті болсын балтырың
Епті боп өс, жарқыным, немесе:
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап.
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің? –
— деп келетін өлең жолдары осындай сәттерде өзіндік балаға жайлы үн, жайлы ырғақпен айтылады. Баланың күн сайын өскен әрбір қадамы нақты адал еңбекке, өнер – білімге баулу, өмірге бейімдеу, отбасы ауыл- аймақтық, Отанның намысын қорғау сияқты ізгі тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндеттер қазіргі мектеп пен тектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеу айналуы тиіс.
Данышпан Абай: «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата- анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан», — деген екен. Баланың деген ыстық ықылас, ата-ананың мейірім, ақыл- кеңесі халықтық тәрбиеде бұрыннан бар нәрсе. Әсіресе, көпті көрген қариялар, көкірегі құйсандық жайсаңдар жас ұрпақты жаңсақ қадамдардан сақтандырып, кемшіліктен қақпалап, жақсылыққа жетелеушілер болады.
Отбасындағы бала тәрбиесіндегі үлкен – тұлға әже мен ана. әжелердің ұстамдылығы,төзімділігі, сабырлылығы, қиыншылық атаулыға қажырлықпен қараулары үнемі үлгі. Олар немерелерін аңыз-әңгімелермен қиыншылық мақал – мәтелдермен таныстырад. Шоқанның Айғаным әжесі, Абайдың Зере, Мұхтардың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер. Ал, көпті көрген көне аналар, ардақты қариялар өз балаларының, немере шөбелерінің ғана тәрбиесі емес, иісі қазақтың ақылшысы, кемеңгерлері ғой.
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балалры өріскел мінез-құлық көрсетсе, өз баласындай көріп тұрысын айтып түзетуге өздерінің міндеттерін санаған. «Қызға қырық үйден тыю», «Ұлың өссе жақсымен ауылдас бол, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген баланың қауым болып тәрбиелеу мақсатында шыққан. Отбасындағы тәрбиеде туыстық қарым- қатынастардың да мәні бар. Үлкен кішіні қамқоршы да, өнеге де, болуы тиіс. Олардың бір-біріне қолғанат сүйеу болуы құпталған. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» немесе «Ағаның үйі – ақ жайлау» дегенді айтады.
Қазақ халқы балалрының тіл ұстартуына, өнер үйренуіне көп көңіл бөлген. Бұл үшін жаңылпаш айту, ән алу, күй шерту сияқты өнер түрлеріне баулиды. Мұның өзі баласының бойындағы талаптарын төз білу байқауларына мүмкіндік береді. Балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындардың да берері мол. «Санамақ» немесе «Жылдам айт» сияқты сияқты тартымды ойындарды үйрету сияқты өнерінде негіз салады деп есептьеледі. Халқымыз «Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Қақарлы сөз қамал бұзхар» деп, сөз өнерін дәріптеп, балаларын уытты да ойлы сөйлей білуге баулыған.
«Адамға үш жұрт бар» дейді халық. Бірі — өлім, екіншісі – кәрілік, үшіншісі – тексіз бала. Біріншісі алмай қоймайды, кәрілік келмей қоймайды, ал баланың тексіз болуы, болмауы –тәрбиеден. Баланы яғни болашағымызды тексіздіктен, оған ана тілін, ел тарихын білмейтін, оған неғұрлым қарайтын, ұлттық тәрбиеден мақұрым қалған. Мәңгүрт етіп жібермеу өз қолымызда.
Ақсақалдар ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен-кішіні сыйлау инабаттылықтың көріністері. Сондықтан ақсақалдар алқасын құрып, оны нағыз тәрбие отауына айналдыру керек. Оның біріншісі мақсаты – жастар арасындағы теріс қылықтарды жою.
Баланың жан- жақты білімді, мәдениетті, саналы адам болып қалыптасуын қамтамасыз ететін отбасы мен білім – тәрбие орындары өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараса егеменді еліміздің көк туын жоғары ұстауға жетуіміз айқын.
Отбасы –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында.
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді.
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық –тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
Айдарбеков Қ.А. «отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде жасөспірімдердің өзіндік санасының диологиялық құрылымдардың дамуы» атты зерттеу жұмысында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын факторларды зерттеуге арналған.
Өткізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жасөспірімдердің дамуы кезіндегі орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогиялық құрылымдары екені туралы болжам өзінің растаулығын алып қойылған. Дәл осы жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңақұрамының талдауы жастағы тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды механизмдерінің деңгейіне жеткізілген.Ішкі жанұяның құндылықтарды өсіп келе жатқан буынға берілуіне,дамуына және сақтандыруға бағытталған,және отбасында белгіленген оның мүшелерінің арасындағы коммуникативтікпен эмоционалдық қарым-қатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін, отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет жасөспірімдерде өзіндік санасының диологиялық құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді.
Педагогикалық ілімдер жүйесіндегі басты орынды таным үрдісі алады. Адамдардың қарым-қатынас жасау кезінде бір-бірін тану мәселелері бойынша ғылыми пікірталасты үйымдастырушы және оның бастамашысы А.А.Бодалев болған еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970,1973 жылдары ленинград қаласында «Адамдарарасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының әлеуметтік-педагогикалық және лингвистикалық сипаттамалары» және «қарым-қатынас теориялық және қолданбалы психология симпозиумдары өткізілді.
Отандық психологтардың көбісі мысалы: Д.Б. Эльконин, Т.В.Драгунова жеткіншектік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді. Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дәлелдей келе, В.В.Давыдов өз пікірін ұсынды: «жеткіншектік кезең адамда қарым-қатынасты құраушы тәртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі».
Ал В.В.Бушельяның пікірі де қызықты мазмұн алады: «жеткіншектік кезең үшін бала-құрдас қатынасы жетекші орын алады,ал ересек бала қатынасы жетекші орын алмайды (1988). Жеткіншектік жастың өзара қарым-қатынас типін қолдай отырып, Я.Л.Коломинский және А.Березовин мынадай пікірін ұсынады: «баланың шағын ортасы негізгші екі әлеуметтік-педагогикалық астарлы жүйе бірлігінен тұрады алғашқысында бұл «ересек бала» қатынасындағы астарлы жүйе, белгілі – бір кезеңде бұл жүйеге «бала-бала» қатынасындағы астарлы жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дәл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік пайда болып, дамуға түрткі алады,ол тұлғааралық қатынастардың негізінде жатыр. (1977)
И.С.Кон құрдастарымен қарым-қатынасқа сілтей отырып, «құрдастарымен қарым-қатынасты» бұлайша түсіндіреді.
-ақпараттардың маңызды каналы;
-бұл ерекше іс-әрекет түрлнрі мен тұлға аралық қатынастар;
-бұл эмоциялық қатынастың ерекше түрі (1980).
Л.Н.Десев (1965) жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша,жеткіншек өз құрдасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В.Петровский сонымен қатар мынаны ескертеді, «жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр әр бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп кезеңіндегідей,тұлға аралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді» (1987).
Жеткіншектердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен сипатталады,қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады. Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыс пен қақтығыстық жағдайлардан шыға білмеуі арасында қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Шалғынбаев Т. «Дезадапциялық мінез-құлықы бар жеткіншектердің жеке тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері және оларды реабилитациялық жұмыста қолдану» атты зерттеу жұмысында.
Ата-аналардың, тәрбиешілердің тәрбие жұмысын жүргізуде бірізділік пен жоспарлықты сақтауы- кішкентай балаға сенімділік, тиянақтылық береді. Егер жақын адамдары балаға барлық жағдайда бірден қарайтын болса, ол өзінен не талап етелетіндігі, нені істеуге болады, ал қандай нәрсеге рұқсат етілмейтінлдігін анық түсінетін халге жетеді. Жалпы бала тәрбиесінде бірізділік сақталған жағдайда баланың өз іс-әрекетіне, тәртібі мен мінез-құлқына жауапкершілігі арта түседі.
Өкініштісі, ата-аналар, әсіресе, жас ата- аналар балада белгілі бір жағымды әдеп-дағдыны жақсы қалыптастыру үшін бала табиғатына орай үзбей ықпал жасап отыру қажеттіліген жете түсінбей, өз сөзінің, іс-әрекетінің нәтижесін дереу сол мезетте –ақ көргісі келеді. Ата-аналар баланы тек қана сөз емес, тұтас алғанда отбасында, үш ішінде қалыптасқан микроклимат, ахуал, ерексектердің мінез-құлық, іс-әрекеттері де тәрбиелейтіндігіне мән бермейді. Баладан жинақты болуды талап ете отырып, әкесі өз заттарын кез- келген жерге қойып, ал шешесі және басқалары киімдерін қалай болса солай тастай салса, не орындықтың басына іле салар болса, сөз бен істің алшақтығы бала психикасына кері әсерін тигізері сөзсіз.
Жүйелі және жинақылық принципі. Принциптің мәні – отбасында жеке тұлғаның дамуына жан – жақты ықпал ету – тәрбиенің мақсат мазмұны, құралдар мен әдіс- тәсілдерінің тұтас жүйесі арқылы жүзеге асады, сонымен қоса педагогикалық принциптің барлық қырлары мен факторларының да әсері мол. Қазіргі кезде бала тек қана отбасы аясында шектеліп қалмай, көп қырлы әлеуметтік, табиғи, мәдени ортаны көріп өсетіні белгілі. Ол сәби шағынын радио тыңдап, теледидар көруді, серуенге шығады, онда алуан түрлі адамдармен араласады және тағы басқалар. Айнала қоршаған орта белгілі бір дәрежеде балаға өз ықпалын тигізбей қоймайды, яғни жағдайлар тәрбиелеу факторына айналады.
Демек, тәрбиенің көп факторлы болуының оң жағы да, теріс жағы да бар. Біздің балаларымыз теледидар көру арқылы көптеген қызықты хабар естиді, ақыл –ойы, сезімдері толығады, бірақ сол теледидар әсерінен олар үшін кісі өлтіру, тонау, қатыгездік, алдау тағы сол сияқты теріс құбылыстар үйреншікті картинаға айналып барады, теледидардағы «жарнамалар» балалардың тілін әртүрлі тілдік штамптармен, күдікті неологизмдермен шұбарлап отыр.
Тәрбиедегі өзара келісімділік принципі. Қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесінің бір ерекшелігі – оның бірнеше адамдардың қатысуымен, отбасы басқа да мүшелері тәрбие ошақтарындағы кәсіби мамандардың балабақша, мектеп, көркем-өнер студиялары, спорт үйірмелері тікелей ықпалымен жүзеге асатындығында. Олардың ешқайсысы да жас баланы жеке бөліп алып тәрбиелей алмайды, сондықтан олар көзделген мақсаттарын, тәрбие жұмысының мазмұнын, оны іске асырудың әдіс- тәсілдері пайдаланатын құралдарды өзара келісіп алмаса болмайды. Олай болмаған жағдайда белгілі мысалдағыдай, бірі әрі тарты, бірі бері тартудың күйін кешуге тура келеді. Тәрбиелеу барысындағы ұсақ-түйек келіспеушіліктің өзі баланы тығырыққа тірейді, мысалы, әжесі немересінің заттарын, ойыншықтарын, киімдерін өзі жинай салса, әкесі баланың өзінен талап етеді. Ерексектер тарапынан жасалған мұндай бір-біріне сасқалақтатып, сенісін жоғалтады.
Отбасындағы тәрбие барысында осы қарастырылған тәрбие принциптерді ескеріп, басшылыққа алу ата- аналаға балалардың танымдық, көркемдік, дене, еңбек қызметтеріне дұрыс басшылық жасап, қалыпты дамуына тиімді ықпал етуге мүмкіндік береді.
Тәрбие арқауы – шығармашылық. Балабақшадағы тәрбие мәселеі жөніндегі әркімнің мәселесі түсінігі әр бөлек екені белгілі. Біреулер тәрбиешінің бойындағы адамдық қасиеттерін, білім деңгейін ең қажеттісі деп біледі, екіншісі біреулер тәрбиені балабақшадағы түрлі ұйымдастыру шаруалармен тығыз байланыстарды, ал үшіншілері онда өткізілетін сабақтардың мән- мазмұнына, шығармашылық ерекшелігіне тоқталып жатады.
Балабақшадағы тәрбие барысына оның материалдық жағынан алғандағы мүмкіншілігі аз әсер етіп отырған жоқ. Ойыншықтары, көрнекті құралдары жетіспей жатқан балабақшаларға ыдыс –аяқтары мардымсыз болып отырғандары да қосылды. Жоқшылықтың көшін ұзартып ара-тұра туындап жататын осындай жетіспеушіліктерді естіген сәтте «қазіргі заманның қиындығының бір көрінісі» ғой деп абыржымауға айналдық. Кейбір балабақшаларда ондай олқылықтардың орнын толтыру үшін ата-аналар балаларымен бірге ыдыс-аяқтарын да әкеліп жатады. Сөйтіп жоқшылықтың бір шеті жамылып қалады. Осы салаға бөлінетін қаржының тым аздығы қазіргі кез келген балабақшаны қиындыққа тіреді. Сондықтан олар өз жағдайларын өздері ойлауда.
Осындай жағдай Ленин ауданындағы балабақшалардың басында да бар. Аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің маманы Людмила Владимировна Фалалеевамен және осы аудандағы №266 «Жұлдызша» балабақшаның әдіскері Алма Оспановамен осы мәселелер төңірігенде әңгіме қозғалды.
Ленин ауданыа қарасты 30 балабақшаның ббесуеі таза қазақ балабақшалары. Бұлар: №27, №30, №139, №106 – шылар.
Балабақшалардың көбі күрделі жөндеуді қажет етсе де, дәл қазір қаржы бөлінбеген. Жыл сайын балабақшаларға түрлі құрал-жабдық, ойыншық алу 100 мың сом бөлініп келген екен.
Ал бұл балабақшада 12 топ бар десек, бар қаржы ары тарт, бері тартпен жетпей жататынын түснуге болады. Л.В.Фалалееваның балабақшадағы тәрбиеші жағдайы туралы айтқан мынадай пікір де орынды: «Қазір балабақшаларда тәрбиеші тек қана өзінің саласы бойынша тәрбие, білім беру мәселесімен айналысса жақсы ғой, оның үстіне өз тобының шаруашлық жайы үстіне оны көп алаңдатады. Қайткенде сабағымның мазмұнын жетілдіріп, ұтымды өткізе аламын деп ойлап жүруге тиіс тәрбиешілер қайтіп ыдыс-аяғымды жеткізсем, қайтіп ойыншық бұрышын толтырсам, көрнекі құралдарды жасап алатын қағаз қайдан тапсам деп санасы санған, ойы онға бөлінген күй кешеді. Демек, балабақшаларда қазір көп нәрсе жетпей жатыр. Олар тығырықтан шығудың жолын өздері қарастыруда.
Ал балабақшадағы екінші бір мәселе: өзінің арнай мамандары жетпей қалады. Қазірдің өзінде тәрбиешілер тапшы. Осының салдарынан бір топқа тәрбиеші, бір күтуші бөлінуі керек болса, байқаған шығарсыздар, әр топта қазір бір тәрбиешілерден ғана бар.
Ал шығармашылық жағдайына келетін болсақ, №30 және №266 – шы балабақшалар омы жағынан ерекше көрініп жүр. Қолда бар жоспар бойынша жүргізіліп қоймай, өткізіліп болған сабақты талап отыруы қажет. Талдағанда бір- екі талдап, оның мазмұнын байытып, жетілдіріп отыруы керек».
«Жұлдызша» балабақшасындағы өткізілетін тәрбие сабақтары жөнінде осы балабақшаның әдіскері Алма Оспановада былай біраз ой тастаған еді: «Біздің №266 балабақшада алты орыс тобы және алты қазақ тобы бар. Менің айтпағым, осы топтарда жүретін тәрбие сабақтары жөнінде. Жақында бір топта өткен сабақты келесі топқа апарып көресеттік. Сондағы балалардың қызыққанын көрсеңіз. Әр топ әр бөлек өмір сүрмей, осылайша аралас-құралас болып, тәжірибе алмасып, бірінің сабағын біріне көрсетіп, бірлесіп талдап жатса, бұл шығармашылық жұмысты дамытудағы табыстың көзі. Осындай ұйымдастыру тәсілдерін әдіскерлер қолға алса деймін».
1.2 Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының
ынтымақтастығының түрлері
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының педагогикалық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше педагогикалық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ).
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды.
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – «отбасы — бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады». «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» — деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, педагогикалық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Отбасында қарым-қатынасты қабылдаудың педагогикалық аспектілері» деп анықтадық.
2 Мектепке дейінгі мекеме мен обасындағы тәрбиені
ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
2.1 Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның бірлігін
дамыту
Қазақтың отбасы, көбінесе, көп балалы болып келеді.Осыған байланысты болса керек, біздің халқымызда «балалы үй — базар» деген ұлағатты сөз де бар.
Көп балалы, барынша тату тұратын отбасының ерексек ұл-қыздары өзінен кейінгілерді тәрбиелеуде жауапкершілігін сезінеді. Мұндай отбасының балалары еңбекшіл, әр түрлі жұмыстарды атқарады. Солардың ішінде көп тарағаны – балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуі мен шаруашылық тұрмыстық жұмыстар өз еркімен жүріп, еңбек етуге дағдыланған отбасының естияр, ересек балалары жасы кішілерін күтеді, оларға көмектеседі. Үлкендеріне еліктей отырып, мектепке дейінгілердің кіші жастағылары да кейбір жұмыстарды өзбетімен атқарады өздері киінеді, тамақтанғанан кейін босаған ыдыстарды жинайды сол сияқты. Отбасының жас балалары бір-біріне көмектесуге, жауапкершілікті сезінуге үйретеді.
Алайда отбасы тәрбиесінде кейбір көңіл аударалық мәселелер де жоқ емес. Мысалы, бір отбасының балалары балабақшаның әр түрлі топтарында тәрбиеленеді. Мұның өзі бірге туған балаларды бірге туған балаларды бір – бірінен алыстата, айыра түсетін тәрізді. Күнбе –күн бір-біріне жасап жүрген қамқорлығынан айырылғандай болады. Сөйтіп, балабақша арасындағы қажет болатын байланыс, қарым-қатынас жоғалғандай, сипат алады.
Бақылау көрсетіп жүргеніндей, кейбір отбасылардың балалары тарапынан бірін-бірі жек көруге дейін барушылық әділетсіздік бой көрсетіп қалады. Ата-аналардың өздері: «Ерлан қарындасына ойыншығын бергісі келмейді, өзі мен қарайлас балалармен ойнағанды қалайды», болмаса «Балаларымыз кейде қағысып қалады, бірін-бірі жылатып та қояды» дегенді айтып жүреді. Осы сияқты, басқа қақтығыстар мен келіспеушіліктерді болдырмаудың жолдары мен әдістері қандай?
Атырау облысындағы Еркінқала ауылындағы «Арай» балабақшасында тәрбиелеуші туысқан балаларды біз бақылап көрдік. Екінші сәбилер тобы ерексектер топтарының балалары арасында «Жаңбыр жауып тұр» деген тақырыпта ұжымдық сурет сабағын ұйымдастырдық. Біздің бақылауымыз мынаны аңғартты. Ересек балалар өздерінің іні-қарындастарына қамқорлық жасап, көмек көрсетуге ұмтылып отырады, талаптанады екен. Үлкендерді кішілеріне суреттерді дұрыс салуды үйретіп, қарандаштарын беріп жатқанын көрдік.Алайда мұндай адамгершілік сезімін мектеп жасындағы бүлдіршіндердің барлығы бірдей білдіріп жатпайтынын аңғарасыз. Мысалы, осы топтардағы туыстас он төрт баланың бесеуі іні-қарындастарына қамқорлық жасап, оларға көңіл бөлуді кішілеріне ескерту жасау, дөрекілік көрсету, тіпті бөпелерін жазалау сияқты әркеттер де кездесті. Ал кіші жастағы мектепте дейінгілер керісінше, үлкендеріне құлақ қоймай, тапсырманы өз беттерімен орындауға кірісіп, өзінің бас тартудың ретін білдіріп жататынын аңғартты.
Мұның өзі, жасөспірімдердің бәрі бірдей үнемі дерлік бірігін іс-әрекет жасауға жұмсалмайтынын көрсетеді. Ата- аналар болса бұған араласпайды, балалар көбіне өз беттерімен жүреді.
Ауылдық жердің балабақшасында әр түрлі жастағы туыстас балаларды бір топқа біріктіріп, олармен тәрбие жұмысын жүргізуге, олармен жағдай бар. Мұндай топтарда қызғылықты ойындар, дәрістер, басқа да уақытты қызықты өткізетін шаралар ұйымдастыруға болар еді. Ата- аналар мен аға ұрпақ әр түрлі шараларға қатысып, балабақшаның тәрбиеленушілері сан-алуан жұмыстарға әрдайым қатысып отырса, дұрыс болар еді.
Біз қазақтың ұлттық мүлік – заттарын, халықтың негізгі мекені болып саналатын киіз үйді пайдалана отырып, «Отбасы» тақырыбына сюжеттірольдік ойын өткіздік. Онда ерексек балалардың жасауына, көмектесуіне назар аудардық, кішкентай бөбектерді пайдалы істерге ынталандыру тәрбиесіне көңіл бөлдік.
Бірге туған балалрды «бесік тойы», «шілдехана», «тұсау кесер» сияқты қазақ халқының ұлттық әдеп –ғұрыптармен таныстыру барысында өткізген сабақ өте қызғылықты да тартымды болды. Ұлттық дәстүрдің үлгілерін толықтай сақтап, балаларды қызықтырып отыру жағы ойластырылды.
Жоғарыда келтірілген әдет- ғұрып, жол- жоралғы, ырым- тыйымдар жүздеген жылдар бойына өмірден жинақталған халықтық нәтижесі дәстүрлі пайым – түсініктердің нәтижесі болып анықталады деп пайымдауға болады.
«Кішкентай Алмаш» деген әңгімелерін тыңдалды, ұлттық «Соқыр теке», «Саусақ санау», «Қол тұзақ» ойындарын, асық ойнауды үйренеді.
Осындай «бірлестіктер» бала топтарының өздері үшін де пайдалы. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалары кішкентайларымен қарым-қатынаста болудың тәжірибеін алып, өзара көмекке келудің, өз қатарына да татулық, достық, қайырымдылық, сыйластық көрсетіп үстінде қақтығыспайтын болады, ойыншықтарымен бөліседі, ойында атқаратын рөлдеріне келіседі, күнделікті өмірде қамқорлық жасайды, сезімталдық танытады.
Халықтық педагогикалық ұтымдылығы. Халқымыздың ұлттық ерекшелігі саналатын үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, бауырмалық, кеңпейілділік қасиеттердің біразынан кейінгі ұрпақтың ажырай бастағаны шындық. Енді заманымыздың қайта түрленуі байланысты жас ұрпақтың бойына осынау қасиетттерімізді қайта сіңіріп өсірсек деген мақсат тәрбие саласы алдындағы міндеті.
Халықтық педагогика отбасындағы тәрбиенің негізі болып саналады. Өйткені адамның жеке басының мінез – құлық қалыптастыру, оның бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ананың тікелей әсерімен жүзеге асады. Ұлы педагог А.С. Макаренконың: «Адам мінезін қалыптастыруда, тәрбиелеуде отбасы қоғамдық роль айтылған» — деген пікірі орынды айтылған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген халықтық даналық сөзі де баланың келешекте қандай адам болмағы, үйдегі тәрбиесіне байланысты. Жұмыс істейтін ата-аналар тұрған жерінде үйдегі ата-әжесі бағады. Тәжірибеде осы ата мен әже қараған сәбилер өз ана тіліне де, ұлттық дәстүрге де жетік болады. Бұдан өмірге тәжірибесі мол ұлттық салт-дәстүрге жетік ата мен әжелер халықтық педагогика негізінде тәрбиеленетін байқауға болады. Мысалы: Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы адамдардың жастайынан ауыз әдебиетін сүйіп өсуіне әсер еткен әжелері мен аталары екенін тарихтан білеміз. «Білмегенді қатарыңнан сұра» — деген халық мәтелі осының айғағы. Жас жеткіншектерге жан-жақты тәрбие беруде халықтың асыл қазынасы мақал – мәтелдің мәні зор. Мысалы: «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» — деп, білімнің өмірдегі мәнін ұғындырса, білімнің шыңына шығу үшін асқан төзімділік, еңбексүйгіштік керек екендігін дәлелдейді. Жаңылпаш айтуда көзделетін мақсат, біріншеден балалардың жүзіне шаттық күлкі әкелсе, екіншіден әр сөзді тез, шебер дәл айтуға, тіл ұстану көзделедің. Әркімге өз мамандығы ұнайтын шығар. әйтпесе оны қалап, таңдап алмайды ғой деп есептеміз. өз басым тәрбиешілік мамандықты педагогикалық процестердегі басты сала деп есептейміз. Неге десеңіз адам баласына тән барлық қасиеттер мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Балабақшада тәрбиешілер сәбилерді сол қасиеттердің жақсы дегеніне педагогикалық тұрғыдан тәрбиелеуге тырысады. Сондықтан тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысының жауапкершіңлігі зор. Қиын болатыны әртүрлі дағдыдағы әр үйдің еркелерінің тілін тауып, ұжымдық тәртіпке үйрету, айтқаныңды ұғындыру, өзіңді ғана емес, бақшаны да жақсы көрсете білу оңай болып па? Ал қызық дейтінім, баланың бал қылығына, тәтті тіліне кез- келгенінен неше алуан тапқыр қылық пен «бала тілі бал» дегендей қызықты да күлдіргі, әрі тауып айтылған сөзін естіп мәз боласың. Солармен сөзін ойнап, баламен бала болу керек. Меніңше осы талаптарды ойдағыдай атқарудың ең басты алғы шарты сәбилерді жақсы көре білу болып саналады.
Ата – баба дәстүрі – асыл мұра. Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие ісі – халыққа білім беру жүйесіндегі бастауыш сатысының бір бөлігі бола отырып, отбасымен тығыз байланыс жасау арқылы мектеп жасына дейінгі салт-дәстүр негізінде тәрбие беруге және оларды мектепке даярлауға міндетті. Соңғы жылдары мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие беру, балабақшаларда оқу- тәрбие жұмысын, ұлттық негізінде ұйымдастыруға баса назар аударылып отыр. Соның бірі Ақсуат аудандағы «Әсем» балабақшасы.
Бақша 140 балаға арналып 1983 жылы пайдалауға берілген. Балабақшада мамандықтарына сай маман тәрбиешілер қызмет атқарады. Балалар жас ерекшеліктеріне қарап 6 топқа бөлінген, әрбір топтарда күнделікті баланың өміріне қажетті мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалған. Қазіргі кезде салт –дәстүрді бала санасына жас кезінен қалыптастыру мақсатында әр топқа қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдарынан жинақталған бұрыштар ұйымдастырылып, «Ата–баба дәстүрі- асыл мұра» деген тақырыпта қабырға газеті ұйымдастырылған. Музыка залында жарты киіз үй тігіліп ата- бабаларымыздың күнділікті сабақтарда ескірген ертегі, аңыз әңгімелерді бала санасында сақтауға арналған қуыршақ театры ұйымдастырылып, аулада балалардың жас ерекшеліктеріне қарай әсемделген әткеншек, құм өрмелеу сатылары, көлеңке қалқандары бар ойын алаңдары және жақсы жабдықталған әдістемелік кабинеттер жұмыс істейді. Методиканың кабинеттің жұмысын балабақшаның озат тәрбиешісі Дина Әбділманова басқарады. Дина 1986 жылы Семейдің Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық училищесінің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі бөлімін бітірген. Ол оқу материалдық жағдай жасау, оқу-тәрбие жұмысын қалыптастырудың оны жақсартудың шешуші шарты екені бәріне белгілі. Бала тәрбиесін талдап деңгейіне сай жақсы жолға қою үшін бүкіл бақша ұжымы мен ата-аналар жұртшылығының біріккен ынта-жігері қажет, әсіресе тәрбиешілердің білімдарлығы мен іскерлігі, қабілеті бұл істің игілікті іске асуына көп үлесін тигізеді дейді Дина Әбділманова.
Балаға тән бір нәрсе естігені мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, сенгіш, еліктегіш, барынша таза, адал, көңілді, білуге, тануға құмартшық келеді. Сонымен қатар қаталдықты, өрескелдікті, қайырымсыздықты, тағы басқа да жағымсыз жайттарды баланың нәзік жаны жаратпайды. Неғұрлым жылы сөйлеп, көңілін аулауды жақсы көретіні де осы қасиетке байланысты. Үнемі зекіп ұрсу, тек бұйрықпен сөйлесу сәбидің мінезіне теріс ықпал етеді. Мұндай әдіс баланы қаталдыққа, дөрекілікке жетелейді. Баланың мінез –құлық жасына дейінгі қалыптасатындықтан, әсіресе, осы кезңде алған тәлімі, өнегесі- оның өмір бойғы моральдық бейнесінің негізі болады. Бұл кезеңдегі сәбилердің зердесіне жақсы өнегелер, құрғақ ақылдан ғөрі, ата-ананың, үйдегі басқа да ересектердің күнделікті әдіті, іс-әрекеті, дағдысы, басқаларға деген құрметі мен қамқорлығы, сөйлеу мәнері, өзін қалай ұстауы көбірек әсер етеді.Өкінішке орай, көп жағдайда ерексектер баланы әлі түсінбейді немесе ойынмен айналысып отыр деп есептеп біреуді жамандау, өсектеу, өтірік, өзара керісіп қалу, басқа да теріс тәрбие беретін нашар әдеттерді көрсетіп алады, өзін ойнытпай қайталайтын еліктегіш жан барын ұмытады. Ерексектер тарапынан сәбиге қойылатын талап та бірдей болғаны жөн. әкесі рұқсат етпеген нәрсеге шешесі келісім беру, немесе сәбидің шешесі біреуінің талабына біреуінің көзінше қарсылық көрсеуі мүлде дұрыс емес. Мысалы, сәбидің ұйқыға жатар мерзімі болғанда теледидар көріп не ойнап жүріп алса, күнделікті уақыт кестесі бұзылады. Оның ұйықтауын жоққа шығарса, бала оны арқаланып алады. Үйде сәбиді тек ата-анасы ғана тәрбиеледі деп есептеу бір жақты ұғым.бала ересектердің бәріне де қарайды, бәріне де електейді. Төрт жасар жасар сәби он үш – он төрт жасар ағасының ұрлап темекі тартқанын көрсе, оны жақсы өнеге деп ұғынып, есі кіре бастағанда ол да қайталайды. Бұл кезеңдегі тәрбиенің тағы бір аса жауапты міндеті — сәбиді мектепке әзірлеу. Еліміздегі жүзеге асырылып жатқан жалпыға бірдей орта білім беру жүйесі мен мектеп бағдарламасына байланысты баланы мектепке әзірлеу мәселесіне бұрынғыдан да зор мән берілуін талап етеді.
Отбасы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері. Жанұя тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымының дамуы барысында жанұя тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күш және педагогикалық даму деңгейін ескеру керетігіне ерекше көңі л бөлген. Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың жанұядағы қарым-қатынасындағы қызмет-әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен жанұя ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.
Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Жанұядағы тәрбиенің субъектілері- ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер Осы элементтерді біріктіретін негіз- іс әрекет.
Ұйымдастырлған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де боламайды. Жанұядағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылғымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу ойын, эстетикалық, т.б.) балаларды араластыру.
Баланың жанұя орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың жанұядағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін; ата-анаың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Ата-ананың тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда жанұя тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, жанұяның әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы. Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері жанұяның тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.Жанұяның бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Жанұя мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім әсерлері негізіндегі бір біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы жанұя өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, жанұяның даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен жанұяларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады. Педагогикалық процестің қызметіндегі іс-әрекеттің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмірлік болашағы анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелілігі оқушының белсенділік дәрежесі.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Жанұядағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен ата-ананың өзнің бұрынғы жанұясынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.
Жвнұяның тәрбиесіне негізгі сипаттама. Жанұядағы бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі- оқушы тәрбиесіндегі жанұя мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара қатынас жанұяның педагогикалық процесігің күйі туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемісті бола алады. Жанұяның педагогикалық процесі күйінің дигностик жүйесін .1 кесте түрінде көруге болады.
Педагогикалық процестің сипаттамалары жанұяның тәрбие мүмкіндіктерінде жатыр. Оларға байланысты жанұядағы педагогикалық процестің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады. (жоғары, орташа, төмен).
1.3 Жоғары деңгей – барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан жанұялар. Ата –ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар.
1.2. Қыз баланың нәзік те қайратты, албырт та алғырт, ширақ та байсалды, сабырлы да тзімді болуына оның күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді. «Қызға қырық үйден тыю» деген қанатты сөз бекерге айтылмаса керек. Халқымыздың қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оның жүрс-тұрыс, іс қимылын, әр басқан қадамын жіті бақылып отырған.
Адамзаттың бәрі де анадан туып, соның бауырында өсіп ер жетеді. «Сүтпен кірген сүйекпен бірге кетеді» дейді халықымыз. Бұл адамға алғашқы тіршілік әрекетінің алуан түрлі тәрбиесі бәрі анасына ауысатыныны және сол анадан алған тәрбиенің баланы өмір бақи сақтан, тұрақты және сол айналатынын көрсетеді.
Қазақстанда әйелдер құқығын жүзеге асыруда мемлекеттік деңгейде жүргізіліп отырған шаралар аз емес. Әйел отбасы мәселесінде мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналады. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына қарай отбасы мен әйелдерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдірудегі нақты іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы 2005 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
Тулған халықымыздың өткен тарихына көз салсақ, отансүйгіштіктің (париотизмнің) керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабалаоымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі, одан бертіндегі ұлт-азаттық көтерілісі, ондағы батырлар бүгінгідей патриотизмге тәрбиелеудің тезінен өтпеген. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Қазақ халықының біртуар ұлы Б. Момышұлының «Бұл менің ошағым-Отанның ошағы, да үйім де болмас еді, менің үйім де, ошағым да Отанымбікі» деген сөзін келіні З. Ахметова отбасы тәрбиесіне қатысты айтып келеді. Ол «тәрбиенің іргетасының қаланатын тұсы- отбасы мен тұрмыс, сондықтан өмірде жастар арасында кездесіп жататын ана тілін ұқпау, салт-дәстүрді білмеу, үлкенді сыйламау сияқты келеңсіздіктердің пайда болуы отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігінен, ата-анаың бала тәрбиесіне мән бермеуінен» дейді
2.2 Мектепке дейінгі мекеменің оқу – тәрбие жұмысын бақылау
және басшылық жасау
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау — әлеуметтік мәні зор. халықтық іс болып табылады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз. мемлекетіміздін білімді, білікгі, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
«Бала тәрбиесі — бесіктен басталады»— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 — 6жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу Мемлекеттік коммуналдық қазыналык кәсіпорынға қарасты алты балабақшаның алдына қойған мақсаты «Білім туралы» занның балабақшаларға арналған жоспарының орындалуын қадағалау.
Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 5 — 6 жастағыларды мектепке дайын.іау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның біртұтас жүйелігінің қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтанда 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-аналар мен ұстазлар қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске асыруда білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп қабырғасын аттаған балаларды байқағанда балабақшамен қамтылған балалар мен балабақшаға бармаған балалар арасындағылардың айырмлшылығы бірден көзге түседі. Балабақшамен қамтылған балалар тәрбнешінің айтуы, нұсқау бойынша жұмыс жасап, іс-әрскетте белсенділік көрсетіп, өз құрдастарының арасында өзін — өзі еркін ұстап, әрі бақылай алатындығы байқалады. Ал үйден келген әр бір баланың педагогикалық дамуына жаңа ұжымға, күн режиміне үйренуінде мектепке леген қызығушылығында икемдік орын алады. Оларды мектеп жағдайына қалыптастыруға педагогтың шеберлігі үлкен роль атқарады.
Балабақшада тәрбиелеу негізінен оқу ойын және еңбекке негізделіп жүргізіледі. Олай болса бала тәрбиесінде ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек және дене тәрбиесі бірін-бірі толықтырып жалғасып жатуы тиіс. Балабақшалар жыл бойы осы бағытты негізге ала отырып, өздерінің алдына мақсат қойып, сол міндеттерді шешу үшін еңбектенеді, яғни балабақша бағдарламаны негізге алып тәрбиенің әр саласында тынымсыз жұмыс істейді. Оқу жылының басынан бастап мектепалды топтарында балаларға білім беруде, суретті әліппе, математика, сауат ашу кітаптары бойынша сабақтар жүргізіледі. Ал білімдерін пысықтау барысында оқу бағдарламасына қосалқы ретінде танграмм, ребус, кроссворд, мақал – мәтел, сөзжұмбақтар кеңінен пайданылады. Жылдан жылға материалдық – техникалық базамыз әдіскерлік құрал жабдықтарымыз молая түсуде.
2.3 Балабақшада ата-аналармен жұмыс жасауды
ұйымдастырудың маңызы
А. А. Сухомлинский балалардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешідер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», — дейді.
Қазіргі балабақшада жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай тәрбиешідер мен балалардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытуда жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы.
Бүгінде балабақшаның ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Балабақшаның ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен топ тәрбиешісі қамтамасыз етеді.
топ тәрбиешісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктерімен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы топ тәрбиешісінің негізгі міндеттері
- Ата-аналармен тұрақты байланыс орнатуондағы мақсат:
— Отбасы мен балабақшаның балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
— Ата-аналар ұжымын құру.
— Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
топ тәрбиешісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметтті атқаруы тиіс.
- Ата-аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
- Ата-аналармен педагогикалық және психоллогиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
- Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
- Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-педагогикалық кеңес беру.
- Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттерін өздері түсінуі тиіс.
топ тәрбиешілерінің, тәрбиешідердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Балалардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы топ тәрбиешілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым қатынасы жайлы түсінік алады.
Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты.
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мената-аналар белсенділері және мектеп басшылары топ тәрбиешілерімен бірдей жауап береді.
Тәрбиешідердің басшылығымен балалар – көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өнер көрсетеді. Бұл топ тәрбиешісі жұмысының ішіндегі ең күрделі кезеңі. Себебі, ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпал етеді. Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде, оған дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, түзетулер және толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туады. Ол сынып жұмысының мақсат міндеттері және оны жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады.
Талдау жұмысының мақсаты- оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді.
Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәлімметтері, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады.
Дегенмен де оқу жылының нәтижесіне кең көлемде талдау жүргізудің өзіндік қиындықтары болады. Ол үшін, ондағы негізгі атқарылған жұмыстарды топтап, соның ішінде басымдық танытатын және жоспарда көрсетілген міндеттергі сай келетін балалар ұжымының оқу-танымдық, тәрбиелік әрекеттерін дерлік тұтастай қамтитын көлемді бөлігін бөліп көрсету қажет. Мұндай талдау жұмыстары негізінен 3 кезеңде атқарылуы мүмкін.
- Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау (Оқу-тәрбие жұмыстары).
- Сынып жұмысындағы кейбір негізгі мәселелерді талдау (Қоғамдық-пайдалы әрекеттері. Мысалы, сыныптағы кезекшілікті ұйымдастыру, жалпы мектеп аралық істерге қатысу, балалардың сыныптағы өзін-өзі басқаруын дамыту т.с.с.).
- Жеке баламен жұмыс нәтижесін талдау.
топ тәрбиешісі оқу жұмысына талдау жұмысын ұйымдастыруда бірнеше қиындықтарға тап болады. Солардың ішінде талдау сызбасы мен оның құрылымын анықтау. Ол көбінесе талдаудың мақсаты және міндеттеріне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты анықталады.
Топ тәрбиешісінің күнделік дәптері – топ тәрбиешісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті буыны. Себебі, топ тәрбиешісінің күнделігі балалыр ұжымының оқу-тәрбие жұмысының орындалуы мен нәтижесіне талдау жүргізу, оған түзетулер енгізіп, бағыт-бағдарын нақтылап отыруды жүйелеп атқаруға мүмкіндік туғызады.
Оқу жылының соңында топ тәрбиешісі мектеп әкімшілігіне сыныпта атқарылған тәрбие әрекеттеріне қатысты кең көлемде есеп жұмыстарын тапсырады. Бұл есебінде ол оқу-тәрбие жұмысына талдау жасап, сынып ұжымының даму дәрежесі мен көңіл-күйін баяндайды.
Қазақ ұлт балабақшада мәселелері кеңінен сөз болған Астанадағы кеңестен кейін ұлттық балабақшалар мәртебесін көтеру әр деңгейде жан-жақты қарастырылып келеді. Соның бірі – тәрбиешідердің ата-аналармен бірлескен жұмысы арқылы ұрпақ тәрбиесі мәселесі.
Ұлттық балабақшалар қызметінің әлемдік тәжірибесіне сүйінсек, қазақ ұлт мектебі бала бақшадан бастап университетке дейінгі аралық үздіксіз білім берудің барлық сатыларын қамтитын, қазақ тілін, дінін, мәдениетін, рухани болмыс-бітімін әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұйымдастыра білетін біртұтас үзіліссіз жүйе. Осы жүйенң бір бөлшегі ретінде көптеген иновациялық балабақшалар аталған талаптар аясында қызмет етуде, білім мазмұны мен стандарттарына, оқыту технологияларына жаңалықтар енгізілуде. Әрине, бұл бүгінгі заман талабы үшін аса қажет.
Ал дәл осы кезеңде қанша иновациялық мектеп болса да ата-аналармен бірлескен жұмыссыз нәтижеге қол жеткізе алуы қиын болар еді. Сондықтан ондай «біржақтылық» болдырмау тек тәрбиешідерден емес, мектеп әкімшілігінен жүйелі жұмысты қажет етеді.
Барлық типтегі балабақшалардегі ата-аналармен жұмыстың кең тараған түрлері жиналыстар, конференциялар, біріккен шаралар өткізу, отбасылық кештер, сайыстар және тағы басқалар. Әрине оған қатысатын тек қана «белсенді» ата-аналар тобы, ол әр сыныптың шамамен 15-20%-і. Қалған 80-85% ата-ана қайда? Олардың өз балалары, мектебі туралы пікірлері қандай? Оларды бүгінгі білім мазмұны, заманға сай бала бойындағы ерекшеліктері, тәрбиешідердің талап деңгейі ойландыра ма?
Міне, осы сұрақтарға жауап іздеуді мектеп әкімшілігі тәрбиешідермен жұмыстан бастады. Өйткені тәрбиеші – баланы оқытушы ғана емес. Оқыту — әр балаға білім алу үшін педагогикалық, педагогикалық мүмкіндіктер туғызу, өзін-өзі дамытуға, тәрбиелеуге жағдай жасау.
Мұның бәрі тәрбиешінен алдындағы баланың білім деңгейін ғана емес, отбасылық жай-күйін, ата-анасының педагогикалық ерекшелігін, баласына көзқарасын терең білуді қажет етеді.
Ата-ана әртұрлі, олардың мектепке көз қарасы дасан алуан, сондықтан бұл педагогикалық-педагогикалық мәселені тек топ тәрбиешінің мойнына іле салу дұрыс емес. Қандай мектеп болсын әлеуметтік институт ретінде бұл «отбасы – бала — мектеп» үшбұрышын шешуге ынталы, бірақ оның да мүмкіндігі шектеулі екенін есепке алмаса болмайды. Сондықтан бүгінгі біздің қолға алғанымыз ата-аналармен әр сыныпта «Отбасылық педагогикалық таным» сабақтарын жүргізу.
Ол үшін, ең алдымен ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көз қарасын білдйретін сынаулар менпсихорефлексиялар жүргізілді. Әрине, кезкелген ата-ана өзі туралы да, баласы туралы жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастады. Өздерін, балаларын, жаңа қырынан көре алатынын байқаған ата-аналар сұранысы жоғарылап та келеді.
Балабақшада ата-аналар мен балалар бірлесіп қатысуымен өткізілген «Қабілетті балалар және олардың ата-аналары педкеңесі тәрбиешінің де, ата-ананың да осы бағыттағы жұмыста терең педагогикалық көмекке қаншалықты зәру екенін көрсетіп, алдағы жұмыстарды нақтылауға көмектеседі. Ата-аналардың бәрі педагог емес, сондықтан баланы күшпен оқытпай, ойлау қабілетін арттыру деңгейіне баға берілді.
10%-санасы
90% — сананың астындағы құбылыс – танымдық үрдісі
екенін біле білмейді.
Осы танымдықүрдісті ашу үшін әсіресе бастауыш сыныпта ойлау, сөйлеу, дерексіздеу, шаттаны, сезіну, әртүрлі дамытатын тапсырмалар арқылы қол жеткізу болатынын, оны мынандай қарапайым мысалдармен дәлелдеп, жаттығулар арқылы көзін жеткіздік.
Мысалы:
а) саусақпен жұмыс;
ә) пианино ойыны, яғни баланың сасақтарының ұшындағы нүктелерді қозғау арқылы ми талшықтарына, түйсіктеріне әсер ету негізінде баланың даму қабілеті күшейеді, жазуға түзеледі. Сабақты дайын күйінде жаттанды күйде алмай кешегіден бүгінге дейінгі, бүгінгіден ертеңге дейінгі жеткізу – біздің мақсатымыз екені ата-аналарға жеткізіледі.
«Мен – баламның көзімен», психотренингті ата-ананың өзін-өзі баласының көмегімен ашу арқылы бірден балаға үлкен талап қоймай, педагогикалық ерекшеліктеріне үлкен мән беру керек екені дәлелденді.
Балалармен жүргізілетін психологиялдық сынаулардың қорытындысы таныстырылып, талданды.
Өзіндік баға жоғары Өзіндік баға орташа Өзіндік баға төмен
Бұл баланың сол кездегі көңіл-күйі өзіндік бағасы (не себепті жоғары, төмен орташа екені түсіндіріледі). Орташа бала сабақты орташа қабылдаса, өзіндік бағасы төмен бала қалай қабылдайды.
Осыдан қорыта келе баланың қабілеті зерттеліп өсу үрдісі менжеке жұмысы нақтыланды.
«Менің баламның мен білмейтін қырлары»… – тақырыбында өткізілген жиналыста «тәрбиеші», «ата-ана», «бала» арасында түрлі жағдаяттар кездесіп отыратындықтан ата-аналарға бірнеше ата-ана рөлінде, тәрбиеші және бала рөліндегі ойларымен бөлісті. Сонымен кесте былай болып шықты.
Тәрбиеші | Ата-ана | Бала |
-баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндіктері,
-ата-анаға талап қою, -балаға талап қою |
-ата-ана мәдениеті,
-ата-ананың жан-жақтылығы, -баласына уақыт бөлуі, -педагогикалық көңіл-күйі, -дүниетанымы, -ойлау қабілетіне әрекеттер, -ата-ананың өзін тәрбиелеуі
|
-тәрбиеші мен ата-анадан өнеге алу |
Бұл кесте бойынша бала тәрбиесіндегі ата-ана басты рөлде екені және ата-ананың бала тәрбиесіне көңілді аз бөлетіндігі мойындалды, жауапкершілікті сезінді.
Ата-ананың өздеріне берілген, мына сынаулар арқылы өздеріне-өздері баға берді.
а) б) = в) г)
Осындай жұмыстар бала тәрбиесіндегі жетекші рөл – ата-ана екеніне көз жеткізеді. Ата-ана жұмысын бұлайша ұйымдастырудан қандай нәтиже алдық?
- Ата-ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиешімен бірге жауап таба білді.
- Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.
Ата-ананың жиналысқа қатысуы және белсенділік деңгейінің өсуі
жиналысқа қатысуы;
- жиналыстағы белсенділігі.
Ата-анамен жұмыстың мектеп үшін маңыздылығы неде?
- Оқу-тәрбие жұмысын ата-анамен бірлескен әрекетінің негізінде
құруды әлдеде одан әрі дамыту.
- Ата-ананың бала тәрбиесінде белсенділігін арттыру.
- Ата-ананы баланың педагогикалық ерекшеліктеріне көңіл күйіне мән беруге бағытттау. Балаларды тәрбиелей отырып қазіргі ата аналар еліміздің болашақ тарихын тәрбиелейді.
Отбасындағы тәрбие мақсатына субъективтік рең беретін нәрсе ол әрбір ата ананың өз баласын қандай етіп өсіргісі келетіндігі жөніндегі түсінігінің болуы. Мұнда баланың жеке ерекшеліктері және білім қабілеттері назарға алынады. Көбінесе, ата аналар жалпы өз өмірлері, алған білімдері барысындағы кездескен кедергілер мен жіберген кемшіліктерін есепке ала отырып, балаларын басқаша тәрбиелеуге күш салады. Тәрбие мақсатында сондай- ақ сол отбасының ұстанатын этикалық, діни, мәдени дәстүрлері де есепке аланады.Отбасы мүшелерінің, сондай –ақ отбасы мен балабақшаның арасындағы тәрбиелеу ұғымындғы керітар пікірлер баланың жалпы дамуымен жүйке психикасының дамуына кері әсерін тигізбей қоймайды. Жекеленген нақты отбасыларындағы тәрбие мақсаттан туындайды.
Осындай жаңа тұрпатта өтілген ата-аналармен жұмыстың нәтижесінде төмендегідей жүйе құрылды.
Ата-аналар жұмысының нәтижелігіне әсер ететін ұйымдастырушылық алғы шарттары
|
|
|
|
Қорытынды
— Мектепке дейінгі мекеме және отбасының өзара ынтымақтастығы қарастырылды;
— Отбасындағы балалар тәрбиесін қалыптастыру жүзеге асырылды;
— Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының ынтымақтастығының түрлерімен таныстырылды;
— Мектепке дейінгі мекеме мен обасындағы тәрбиені ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін қолданылды;
— Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның бірлігі айқындалды;
— Мектепке дейінгі мекеменің оқу – тәрбие жұмысын бақылау және басшылық жасау ұйымдастырылды;
— Балабақшада ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастыру жан-жақты дамыту жолдары іздестірілді.
Отбасы – мектеп жасына дейінгі балалардың қалыптастыру ортасы. Қазақстандағы отбасы саясаты және демография. Отбасындағы тәрбие дәстүрлері. Әр түрлі типті отбасында балалардың жеке басын қалыптастыру. Ата – ана тәрбиесі және олардың міндеттері. Отбасындағы тәрбие принципттері
Тәрбиенің негізіне жататын түпқазық принциптер ерексектердің әртүрлі жағдайлары мен кезеңдеріндегі іс-әрекетінің жүйелі де, тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Тәрбие принциптері тәрбиенің мақсатынан туындап, әлеуметтік құбылыс ретінде мақсатпен астасып отырады. Мәселен тәрбиенің мақсаты – ана –аналардың өз балаларын жетелеп жеткізгісі келетін шың деп есептесек, онда тәрбие принциптері белгілі бір әлеуметтік – педагогикалық жағдайда оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін белгілеуші. Ендеше, тәрбие принциптері – тәрбие жұмысының іс -әрекеттерін педагогикалық тұрғыда сауатты жүргізуге көмектесетін әрі кез келген уақытта, тіпті, барлық жерде басшылыққа алуға қажетті өмірлік қағидалар.
Соңғы кездерде қоғамның демократиялық тұрғыда жаңаруына байланысты тәрбие принциптерінде қайта құрылып, кейбіреулері ішінара жаңа мазмұнымен толықтыруда. Мысалы: балалық әлем жеке құрылыста қарамай, тек ересек өмірге «дайындық базасы» Б.Орлов деген түсінікке сәйкес «субординация» принципі кейін шегерілді.
Бүгінгі таңдағы тәрбие процесінде бұрынғыдай тек ересектер үстемдік жүргізіліп, балалар оны құрметпен тыңдайтын, оның айтқанын бұлжытпай орындайға негізделген монологизм принципі ендігі жерде ересектер мен балалар те құқылы тәрбие субъектісі ретінде танылатын диалогизм принципіне жол ашып отыр. Бұл жерде әр халықтық ұлттық ерекшелігіне сәйкес бұрыннан қалыптасқан тәрбие дағдысына көңіл бөлінуі ескерілді ме, жоқ әлде оған да ғылыми түрде назар аудару қажет сияқты. Соған орай, ата-аналар және де кәсіби мамандар балаларға жоғарыдан төмен қарамай, керісінше тең дәрежеде қарам-қатынас жасауды үйренуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- А.К. Меңжанова. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. — Алматы:
РБК, 1996.
- Б.Б. Баймұратова, М.С. Сәтімбекова, Ф.Н. Жұмабекова, т.б. Балбөбек
бағдарламасы. — Алматы: Шартарап,2000.
- В.С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. — А.:
Мектеп, 1986.
- О. Сатқанов. Балаларды сәндік-қолданбалы
өнерге үйрету әдістемесі. — Алматы: Рауан, 1993.
- С.А. Веретенникова. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен
таныстыру. — Алматы: Мектеп, 1989.
- Бөбектерге байғазы (хрестоматиялық жинақ). -Алматы: Шартарап, 2000.
- Б.Б. Баймұратова, М.Т. Тұрыскелдина, Ф.Н. Жұмабекова. Оқыту және
тәрбиелеу бағдарламасы. — Алматы: Рауан, 1992.
- Типтік оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. — Алматы: Мектеп, 1989
- Н.Л. Татаурова, т.б. Мектепалды бағдарламасы. — Алматы, 2001.
- М.С. Сәтімбекова,Ф.Н. Жұмабекова, т.б. Балабақшада баланы мектепке
дайындау әдістемесі. — Алматы: Шартарап, 2000.
- Ф.Н, Жұмабекова. Қағазбен жұмыс жасау. — Алматы: Шартарап, 2000.
- Атемова. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары. –
Алматы, 2002.
- А.Е. Манкеш. Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбиеберу. -Алматы:
РБК, 1998.
- Ф.Н. Жұмабекова, А.Д. Жұматаева. Балаңыз мектепке дайын ба? –
Алматы: Балалар әдебиеті, 2006.
- Ә.С. Әмірова. Балаларды көркем әдебиет арқылы адамгершілікке
тәрбиелеу. — Алматы: Рауан, 1998.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. — Алматы, 1999.
- Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының
тұжырымдамасы. -Алматы, 1999.
- М. Жұмабаев. Педагогика. — Алматы: Ана тілі, 1992.
- Б.Ы. Мұқанова, Р.К. Төлеубекова. Педагогика -Алматы: Нұрлы-
Әлем, 2003.
- Ж. Әбиев, А. Құдиярова, т.б. Педагогика. — Алматы: Дарын, 2004.
- Ж. Қоянбаев. Педагогика. — Астана, 1998.
- А.К. Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. — Алматы: Рауан,
1992.
- В.И. Ядэшко, Ф.А. Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. — А. Мектеп,
1981.