11 февраля, 2017 14:12
Приобрели: 1 раз
Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Уақыты: 16.01.17
Математика. 2 – сынып. Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Әріпті және санды өрнектер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру.Әріпті теңдіктерді құру,оқу және жазуымен таныстыру,оларды бір-бірінен ажырата алуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту,есеп шығару білігін тиянақтау.
Тәрбиелілік: Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар .
Оқыту әдісі: түсіндіру,сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Ой қозғау: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қай ай? Аптаның қай күні? Кеше қай күн болды? Ертең қай күн? Бүгін ауа – райы қандай? Күннің көзі не үшін керек? Осындай қыстың бір күні құлын, бота, бұзау, қозы , лақ орманға барыпты. Қайтарында өзеннен өтейік десе мұз жарылып, сыныпты. Қорыққан төлдер маңырап, мөңіреп шулапты. Олардың дауысын естіген қасқыр келіп қалыпты. Осы мезетте оларды іздеп бала да келеді. Бірақ қасқыр балаға төлдердің қайда екенін айтпас бұрын тапсырма беріпті. Сол тапсырманы бірге орындайық па? Ендеше, күніміз ашық болсын деп
«Күннің көзін ашу» ойынын ойнайық.
Қасқырдың 1 – тапсырмасы.
1.«Кім жүйрік?» сайысы. Мақсаты: Шамаларды өрнектеуде оқушылардың есептеу шапшаңдығын дамыту
1 апта5күн= 2апта6күн = 5апта 2күн=
2тәул.4сағ= 3тәул.6сағ = 1тәул.4сағ=
4м4см= 5м6см = 8м4см=
5дм10см= 6дм2см = 8дм6см=
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Дәптерге күнді, көркем жазуды жазу.
Бүгінгі сабақта нені үйренеміз? (санды және әріпті өрнектерді оқуды, санды және әріпті өрнектердің (әріптің мәні берілген жағдай ) мәнін табуды.
Карточкалар беріледі.
10+а мұндағы а=10, 15, 8
24-с мұндағы с=1-, 14, 4.
Тексеруді орындау.
ІV. Жаңа сабақ: Қасқыр риза болып, малдардың қайда екенін айтады.Бала бірінші болып лақты құтқармақшы.
Ол үшін оқулықпен жұмыс. № 1.
Бұл сабақ күрделірек теңдеулермен таныстыруға дайындық сабағы болып табылады. Окушылардың назарын өріптік және сандық өрнектерді оку ережесіне аудару маңызды.
Жаңа материалды қарастыруға дайындық ретінде практикалық жұмыс орындалады. Мұғалім кез келген оқушының қаламсауытын (оның ішінде неше қалам бары белгісіз) алып, оның қасына тағы екі қалам қояды. «Үстелдің үстінде неше қалам жатқанын жазыңдар. Қаламсауыттың ішінде неше калам бар?». Балалар белгісіз санды алдымен бос торкөзбен □, содан кейін х-пен белгілеп, өрнекті жазады.
Тақтада орындау. «Қателеспе!» ойыны. Енді баланың лағын құтқаруға көмектесейік пе?
1.«Кім жүйрік?» сайысы. Мақсаты: Шамаларды өрнектеуде оқушылардың есептеу шапшаңдығын дамыту
42+ 3=45 20+ 45=65 90+ 8=98 5+ 70=75
4+ 41=45 30+ 35=65 80+ 18=98 25+ 50=75
22+2 3=45 12+4 3=65 45+ 53=98 34+ 41=75
№ 2. «Кім зерек?» ойыны.
Бұл жазулар қалай аталады? Бұлар қандай өрнектер деп ойлайсыңдар?
Бұлар – санды және әріпті өрнектер.
78-5 а+d
52-50 c -d
36+2 c+a+d
48+20 b- c
Барлық өрнектердің мәнін табуға бола ма? (Жоқ, тек санды өрнектердің ғана)
Қандай өрнектер санды өрнектер деп аталады?
Әріптердің орнына қандай сан қоюға болады?
Ол сан бізге белгілі ме?-
Математикада бос торкөзге немесе белгісіз санның орнына латын алфавитін жазу қабылданған (тек кіші әріптер).
Әріпті өрнектің мәнін бірден таба алмаймыз.
Енді баланың қозысын құтқаруға көмектесейік пе? Ол үшін № 2 есепті қарайық.
a+(с-b) 40+(56-43) = 53 (35+24)-24= 35
c-(a+b) (80-50)-20= 10 90-(70-30) =50
Осылай, баламен бірге қозысын құтқардық.
Келесі кезекте бұзау тұр екен. Бұзауды құтқару үшін
№ 3есепті шығарайық.
Сатып алынды-55 шар 1- т Ш: 55-(12+20)=23
Қызыл -12 2-т Ш: (55-12)-20=23
Көк-20 3-т Ш: (55-20)-12=23
Қалды -?
Ж:Үрленбеген 23 шар қалды.
Жақсы, баламен бірге бұзауды да құтқардық. Келесі кезекте не тұр? Иә, ботаны құтқарамыз ба?
Ол үшін «Сергіту жаттығуын» жасайық.
«Қол соғу» ойыны.
Қыс мезгіліне байланысты сөздер айтылса, қол соғасыңдар, ал басқадай сөздер айтылса соқпайсыңдар.
(қар, жаңбыр, қалам, мұз, ыстық, боран, көйлек, қағаз, суық, кілем, қырау, гүл, аяз, моншақ, )
Жақсы балалар, енді кезекте не тұр? Бота. Ол үшін № 4есепті орындайық.
Жұптық жұмыс. «Кім шапшаң?» ойыны.
а) Есеп бойынша өрнек құрастыр және жаз:
Бір қабатты — 34үй
Екі қабатты – ?, 20-сы кем үй
Шешуі:(34-20)+34=48
Жауабы: барлығы 48 үй салынды.
ә) Есептің берілуін сандық деректермен толықтыр және шығар:
Салынды – Іқабатты 18 үй
?, 8-сі кем ІІқабатты үй
Шешуі: (18-8)+18=28
Жауабы: барлығы 28 жаңа үй салынды.
Осылайша ботаны да құтқардық. Ендігі кезек ненікі? Құлынды құтқарайық.
Ол үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.
№5 тапсырма. Кестені пайдаланып, өрнектер құрастыр және шығар. Олардың мәнін тап.
Қосынды Айырма
13+22 40-30
33+4 45-5
17+12 50-30
Топтық жұмыс . Карточкалар беріледі.
1 – топ. Әріпті өрнектерді теріп жаз. а + 5 , 7 + 3 , а – 6 ,4 + 3 , 5 – а .
2 – топ. Санды өрнектерді теріп жаз. 7 + 2 , а– 5 , 2 + 0, 5 – а, 3 + 3 .
1-2 – топ. Өрнектердің мәнін тап. 2 + 2 , 4 + 3, 5 – 3 , 9 – 8.
V.Қортынды. Не білдік? Не үйрендік?
№ 6-тапсырма өзіндік жұмысқа арналған, соңынан тексеріледі.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма. №4; ә) 105-бет