Алтын сақа

14 февраля, 2018 13:22

Тақырыбы: «Алтын сақа»
Мерзімі:
Мақсаты: Оқушылар бойында салт- дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту. Оқушылардың білім деңгейін байқау,өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуға бағыт бағдар беру.
Сайыстың жоспары: Оқушыларды топқа бөлу:
І топ таныстыру
ІІ Жалғасын тап.
ІІІ Сұрақ жауап
VІ Құпия хаттарға жауап беру
V Поэзия минуты
VІ Қорытынды.
Барысы:
І ТОП ТАНЫСТЫРУ.
ІІ ЖАЛҒАСЫН ТАП:
Ойын шарты: мен мақалдың басын айтамын келесі жолды топ мүшелері жалғастырады.
1 топқа. Өз үйім……. (Өлең төсегім)
Батыр туса ел ырысы……(Жаңбыр жауса жер ырысы.)
Асыл тастан шығады………(Өнер жастан шығады.)
2 топқа: Бал тамған тілден……..(У да тамар.)
Білімсіз өмір……..(Сөнген көмір)
Ғылым теңіз……(Білім кеме.)
ІІІ СҰРАҚ ЖАУАП:
1топқа:
1 Жеті атаны ата: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат.
2 Қазақша ай аттарын ата.
3Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен? Күй
4 Қазақстан туының авторы кім? Ш. Ниязбеков
5 Әнді орындайтын адамды кім дейміз? Әнші
6 Үш арсызды ата? Ұйқы, күлкі, тамақ.
2 топқа:
1 Елтаңбамыздың авторын ата: Ш. Уалиханов. Ж. Мәлібеков.
2 Қазақ үйдің бөліктерін ата? Кереге, уық, есік, шаңырақ.
3 Қазақша апта аттарын ата?
4 Мал сүтінен жасалатын қандай тағамдар білесің?
5 Сенің анаңнын ағасы саган кім болады? Нағашы
6 Күй орындайтын адамды кім дейміз? Күйші

VІ ҚҰПИЯ ХАТТАРҒА ЖАУАП:
1топқа: Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе көз айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?

2 топқа. Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады. Және өзінен кішкентай балаларды үнемі ренжітеді. Мен онс қасиеттерін ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтындаршы?

V ПОЭЗИЯ МИНУТЫ.
Отан, отбасы, білім тақырыбтарының біріне бір шумақ өлең шығару.

VІ: ҚОРЫТЫНДЫ: Қазылар алқасы әр топтын ұпайларын санап, женімпаз топты марапаттап, сайысты қорытындылап аяқтайды.

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

kuralai

0
Комментарии: 0Публикации: 3Регистрация: 09-02-2018

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля