Жаңа оқу жылында мектептердегі алғашқы дәріс «Ерлік сабағы» болды

YERMEK SARBASSOV

1 сентября, 2015 13:56

Бүгін, алғаш рет Қазақстан Республикасының барлық мектептері мен колледжерінде Қорғаныс министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп «Ерлік сабақтарын» өткізді. Ол Қазақ хандығының 550 жылдығы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 70жылдығын мерекелеу шеңберінде халықаралық Білім күніне орайластырылды.

«Әскери-патриоттық тәрбиені кешенді жүргізіп, оны мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау және жас ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі күннің талабы болып отыр. Осы орайда, «Ерлік сабақтарын» сапалы ұйымдастыру үшін әдістемелік кешені әзірленді» — деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров.

Республикамыздың мектептері мен колледждерінде «Ерлік сабақтарын» өткізу үшін ҚР Қарулы Күштерінен барлығы 1 300-ден аса әскери қызметші қатысқанын атап өткен жөн.  Сабақтарды өткізуге ҚР ҚК генералдары, офицерлері мен сержанттары, ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшыларының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлерінің қолбасшылары, сондай-ақ әскери бөлім командирлері қатысты. Акция Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды.

Одан басқа, алғашқы қоңырау С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері үшін де соғылды. Осы оқу жылында мектеп 82 оқушыны қабылдады. Осы жылдың жаңалығы бұдан бұрын жасөспірімдер 7 сыныптан бастап қабылданса, енді жаңа ережеге сәйкес «Жас ұланға» жалпы білім беру мектебінің 9 сыныбын бітірген және негізгі орта білім туралы куәлік алған бозбалалар түсе алады.

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля