18 февраля, 2015 15:59
Қазақстан Республикасында білім беру тақырыбына ең үздік жариялым жасаған авторлар арасында және БАҚ ішінде өткен VI Республикалық «ЗачОт» байқауы қорытындысын жасады!
Конкурсты 2009 жылы Халықаралық Бизнес Академиясы (ХБА), қазіргі Almaty Management University (ALMA University) бастаған болатын, міне, Қазақстан баспасөз клубының қолдауымен 5-ші жыл өткізіліп жатыр (ҚБК).
Конкурстың мақсаты — жұртшылық назарын Қазақстанның білім беру саласына байланысты мәселелерге аудару; халқымызға елімізде және шетелде сапалы білім алу мүмкіндігі жайлы ақпарат беру, сонымен қатар еліміздегі білім беру мәселелерін терең және объективті түрде аша түсу үшін, білім беру тақырыбына жазып жүрген журналистердің кәсібилігін жетілдіру мақсатында БАҚ қызығушылығын арттыру.
Байқауға 45 автордан 262 жұмыс келіп түсті. Байқауға 27 газет, 5 сайт, 3 теле және 2 радио арна, 3 ақпараттық агенттік және 2 журнал қатысты. Әділқазылар алқасы өз жұмысында басшылыққа алған таңдау талаптары ішінде көңіл бөлінгені — жарияланымның өзектілігі және мәні; мәселені көтеруі және оны жан-жақты аша білуі; мазмұндаудағы кәсібилік пен шеберлік; сонымен қатар барлық ұсынылған материалдар БАҚ-та ақысыз жариялануы қажет еді. Авторлардың өздері жіберген материалдардың артықшылығы мол болды. Жүлдегерлердің жартысы бүкіл 2014 жылы масс-медиада жарық көрген еңбектерге мониторинг жасау арқылы анықталды. Баспасөз мониторингін Қазақстанның баспасөз клубы ұсынды.
«ЗачОт-2014» конкурсы әділқазылар алқасы құрамына кіргендер:
- Асылбек Қожахметов, Almaty Management University президенті.
- Асель Караулова, Қазақстан баспасөз клубының президенті;
- Дос Көшім, саясаттанушы, публицист, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
- Ирина Медникова, журналист, «Қазақстандық жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорының бас директоры, ZhasСamp халықаралық жастар (НЕ) конференциясын ұйымдастырушы;
- Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы, журналист, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті;
Барлық ұсынылған еңбектер мен талданымнан алынған ең үздік жұмыстармен танысып, әділқазылар алқасы 20 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Сонымен қатар 5 автор конкурстың арнайы жүлделеріне ие болды.
Сонымен, басылымдар арасында жеңімпаздар атанғандар:
BNews.kz ақпараттық агенттігі — «ЗачОт-2014» жүлдесін «Орыс тілінде білім беру саласының жаңалықтарын жедел жеткізу» номинациясы бойынша.
«ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі «ЗачОт-2014» жүлдесін «Қазақ тілінде білім беру саласының жаңалықтарын жедел жеткізу» номинациясы бойынша;
24.kz телеарнасы «ЗачОт-2014» жүлдесін « Теледидарда білім беру саласының жаңалықтарын жедел жеткізу» номинациясы бойынша;
«Forbes Казахстан» журналы «ЗачОт-2014» жүлдесін «Қазақстан Республикасындағы білім беру саласы бойынша ең үздік аналитикалық материалдары» үшін
Forbes.kz сайты получил «ЗачОт-2014» жүлдесін «Қазақстандағы бизнес-білім беру саласын жедел жеткізе алғаны» номинациясында;
«Бизнес и власть» газеті «ЗачОт-2014» жүлдесін «Қазақстандағы бизнес-білім беру саласы бойынша ең үздік материалдары» бойынша;
Авторлар арасындағы жеңімпаздар:
Светлана Британова, «В рабочий полдень» бағдарламасы, «Радиоточка», «ЗачОт-2014» жүлдесін «ҚР білім беру тақырыбына дайындалған ең үздік аудиоматериал» үшін алды;
Жанар Канафина, «Караван» газеті, «ЗачОт-2014» «Орыс тілінде білім беру саласының өзекті тақырыптарына дайындалған үздік материалы» үшін алды;
Нұрболат Аманжолов, BaikadamBusinessNews сайты, «ЗачОт-2014» «Қазақ тілінде білім беру саласының өзекті тақырыптарына дайындалған үздік материалы» үшін алды;
Назгүл Абжекенова, «Мегаполис» газеті, «ЗачОт-2014» жүлдесін «Орыс тілінде білім беру тақырыбына жазылған ең үздік сұқбаты» үшін алды;
Гүлмира Садықова, «Қазақ үні» газеті, «ЗачОт-2014» жүлдесін «Қазақ тілінде білім беру тақырыбына жазылған ең үздік сұқбаты» үшін алды;
Галина Галкина, «Новое поколение» газеті, «ЗачОт-2014» жүлдесін «Шетелдік білім беру тақырыбына арналған ең үздік материалы» үшін алды;
Ирина Волкова, «Звезда Прииртышья» газеті, Павлодар, «ЗачОт-2014»жүлдесін «Аймақтық БАҚ-та білім беру саласы туралы орыс тілінде жазылған ең үздік материалы» үшін алды;
Мадина Омаркулова, «Білім Шапағаты» газеті, Талдықорған, «ЗачОт-2014» жүлдесін «Аймақтық БАҚ-та білім беру саласы туралы қазақ тілінде жазылған ең үздік материалы» үшін алды;
Михаил Козачков, «Время» газеті, «ЗачОт-2014» жүлдесін « Академиялық адалдық тақырыбына жазылған ең үздік материалы» үшін алды.
Қазақстанның 7 профессоры «Академиялық адалдыдығы үшін» марапатына ие болды
7 профессоров Казахстана были удостоены награды «За Академическую Честность»
Сонымен қатар ғылыми этиканың жоғары деңгейге көтерілуін әрі отандық ғылымымыздың нәтижелілігін, тиімділігін жақтай отырып, ҚР ҒБМ белгілеген талаптарға*** толық сәйкес келетін өткен 2014 жылы ғылыми атақ алған Қазақстан профессорларына арналған жыл сайын беріліп отыратын арнайы «Академиялық адалдығы үшін» жүлдесін белгіледі. «ЗачОт-2014» Республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты кезінде нағыз Профессорлар шеруі ұйымдастырылып, оларға осы құрметті марапаттар тапсырылды.
Alma University белгілеген арнайы номинацияларда жеңімпаз атанған жүлдегерлер өз сыйлықтарын Мектептер мен Жоғары оқу орындары Департаменттері басшылары қолынан алды.
Мәселен, Виктория Роденкова, «Капитал» газеті , «Ректормен ең үздік сұқбат» үшін марапатын сұқбат берген Alma University ректоры Асылбек Қожахметовтің өз қолынан алды.
Сонымен қатар «Капитал» газеті «ЗачОт-2014» жүлдесін « Кәсіпкерлік университеттері туралы ең үздік материалы» үшін алды. Сыйлықты ЖОО кәсіпкерлік пен инновациялар Орталығы директоры Ксения Южанинова тапсырды.
Анастасия Новикова, Forbes.kz сайты, «ЗачОт-2014» жүлдесін «ALMA University инновациялық мұражайы туралы ең үздік материалы» үшін алды. Сыйлықты мұражай директоры Мадина Байбурина тапсырды.
Татьяна Ковалева, 365info.kz порталы, «ЗачОт-2014» жүлдесін «Білім беру саласындағы әлеуметтік тақырыбын қалыптан тыс ерекше түрде ашқаны» үшін алды. Оның «Бақытты мұғалімдер» атты материалының форматы да мазмұны да ерекше деп танылды. Мақалада ақпаратты инграфика, суреттер, кестелер түрінде жеткізу тәсілі қолданылған.
«ЗачОт-2014» байқауының арнайы сыйлықтарының иегерлері:
- kz. сайты. Өзекті тақырыпқа ең көп тақылау тудырған материалы үшін арнайы сыйлықты Alma University Құқық мектебінің директоры Жаннета Калишева тапсырды.
- Вера Ляховская, «Свобода слова» газеті. Медиация тақырыбына арналған ең үздік материалы үшін арнайы сыйлықты Alma University Медиация орталығының жетекшісі Бахыт Жумакаева тапсырды.
- Кенже Татиля, Central Asia Monitor газеті. БАҚ –тан жасалған ең үздік сауал үшін арнайы сыйлықты Alma University-дің Стратегиялық даму мен ғылым проректоры Дания Асанова тапсырды;
- Наталья Можарова, «АиФ-Казахстан» газеті. «Перлы ЕНТ» материалы үшін арнайы сыйлық;
- Александр Ляхов, блогер. Білім беру тақырыбына өзінің жеке блогінде берілген ең үздік хабарламасы (пост) үшін арнайы сыйлық берілді.
Республикалық «ЗачОт» байқауының құрметті дипломымен және арнайы ескерткіш сыйлығымен ең үздік медиа- серіктестік үшін Қазақстандық Баспасөз клубы марапатталды.
Барлық жеңімпаздар дипломдармен және ескерткіш сыйлықтармен, сонымен қатар ALMA University бағалы кәде-сыйлықтарымен марапатталды. 20 жеңімпазға 4G вай-фай роутерлері тапсырылды!
Біздің тобымыз Facebookте:
AlmaU баспасөз қызметі
Нурия Хасанова, жетекші: +7 777 256 90 24, +7 777 551 06 32 Nuriya@iab.kz
Майгүл Қондықазақова, жоба менеджері: +7 777 319 34 48, pr@iab.kz, zachot.iab@gmail.com, +7 727 302 21 51, факс: (727) 302 21 21
Қазақстан, 050060, Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227