Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанда SOS балалар ауылының 20 жылдығын атап өтуге қолдау көрсетуді тапсырды

24 января, 2017 17:23

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанда SOS балалар ауылының 20 жылдығын атап өтуге қолдау көрсетуді тапсырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен «Қазақстандағы SOS балалар ауылы» корпоративтік қорына қолдау көрсету мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті. Кеңес жұмысына «Қазақстандағы SOS балалар ауылы» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Серік Сейдуманов, Алматы, Астана және Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Биылғы жылы «Қазақстандағы SOS балалар ауылына» 20 жыл толады. Алғашқы отбасылық балалар үйі 90-шы жылдары құрылды.

Биылдан бастап Теміртау қаласындағы SOS балалар ауылындағы ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетімдерді 100 пайыз қаржыландыру жүзеге асырылуда. Ал, Алматы қаласында балалар ауылын жергілікті бюджеттен қаржыландыру үшін әкімдік оның меншік формасын өзгерту қажет деп санайды.

Бұған дейін SOS балалар ауылындағы ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім балаларды 100 пайыз мемлекет есебінен қаржыландыру мәселесі көтерілген еді. Нәтижесінде 2015 жылы жергілікті атқарушы органдарға 2020 жылға қарай біртіндеп SOS балалар ауылындағы ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім балаларды күтуді толық қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер И. Тасмағамбетов Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысы әкімдіктеріне «Қазақстандағы SOS балалар ауылы» корпоративтік қорының 20 жылдығын өткізу және дайындауға қолдау көрсетуді тапсырды.

Сондай-ақ, 2020 жылға дейін SOS балалар ауылдарындағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды толық мемлекеттік қаржыландыруға кезең-кезеңмен көшіру және тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін атады.

Сонымен қатар, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің отбасыда өмір сүру және тәрбиелену құқығын толық іске асыруға мүмкіндік беретін балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін орналастырудың «баланы қабылдайтын отбасы» жаңа нысанын енгізу, сондай-ақ, балалар ауылдарының нысанын қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталықтары ретінде қайта құруды қарастыру ұсынылды.

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля